Дүйсенбі, 20 Ақпан 2023 16:14

Алматы облысында Алғыс айту күніне арналған эссе байқауы өтті

Бүгін Алматы облысында «Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» тақырыбында мектеп оқушылары арасында облыстық эссе байқауы өтті. Алғаш рет ұйымдастырылған шығармашылық сайыс Алғыс айту күніне арналған «Рақмет саған, Qazaqstan!» атты онкүндік аясында өткізіліп отыр.

Байқауға облыстағы барлық білім беру мекемелерінің 8-9 сыныптарының мыңға жуық оқушысы қатысып, тақырыпқа орай өз ойларын жеткізді.

Байқауды Алматы облысы Этносаралық қатынастарды дамыту бөлімі – Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Жандар Асан ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

«Алғыс айту күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі. Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Сіздердің шығармашылық байқауға қатысуға ниет білдіріп, ынта-ықылас танытқандарыңыздың өзі көп нәрсені білдіреді.  Ізгі істерге негізделген қоғам қалыптастыру жолындағы қадамдарыңызға сәттілік тілейміз», – деп атап өтті Жандар Асан.

«Алғыс айту күнінің басты идеясы не?» эссе байқауының мақсаты – мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, Қазақстан халқының бірлігін, достығын нығайту және жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, Алғыс айту күнінің маңыздылығын түсіндіру. Сондай-ақ білім алушылардың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту да байқау міндеттерінің бірі.

Сайыста жазылған жұмыстар арнайы комиссияның қарауына ұсынылып, бірнеше критерий бойынша бағаланады. Жеңімпаздардың есімдері 2 наурызда анықталады.

Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, үздік шығармалар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.

Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының баспасөз қызметі.

Оқылды 909 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет