Сейсенбі, 17 Қыркүйек 2024 16:20

Халықтық штаб Алматы облысының жастарына АЭС салу мәселесін түсіндірді

Алматы облыстық Халықтық штабы Есік қалалық гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты – жастарға атом электр станциясы салу туралы ақпарат беру және энергетика саласындағы қазіргі жағдайды талқылау болды.

Өңірлік Халықтық штаб мүшесі Бағдат Рахимов АЭС салудың елдің энергетикалық саласына ықпалы туралы баяндады.

«Қазіргі таңда еліміздегі электр энергиясының шамамен 70%-ы көмірден алынады. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2035 жылға қарай Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 152,4 миллиард кВт/сағатқа жетуі мүмкін, ал қолданыстағы станциялар бұл қажеттілікті толық қамтамасыз ете алмауы ықтимал. Бұл жағдай еліміз үшін қосымша энергетикалық шешімдерді қарастыру қажеттілігін туғызады», – деді Бағдат Рахимов.

Кездесуде АЭС құрылысының технологиялық ерекшеліктері мен қауіпсіздік шаралары талқыланды. Халықаралық стандарттарға сай III және III+ буын реакторларының қолданылуы, олардың қауіпсіздік жүйелері және апаттардың алдын алуға арналған технологиялары туралы түсіндірілді. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, реакторлардың жұмыс принциптері және қауіпсіздік талаптары жан-жақты қаралды.

Халықтық штабтың тағы бір мүшесі Гүлнар Құраметова АЭС салу жобасының экономикалық және әлеуметтік әсерлері туралы ой бөлісті.

«АЭС салу жобасы еліміздің энергетика саласына жаңа технологияларды енгізуді талап етеді және бұл жобаның елдің энергетикалық балансына әсері маңызды болмақ. 6 қазан күні өтетін Республикалық референдумда бұл мәселе қоғамның назарына ұсынылады», – деп атап өтті Гүлнар Құраметова.

Кездесу соңында студенттер мен оқытушылар АЭС құрылысына қатысты сұрақтарын қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Жастар энергетика саласындағы өзекті мәселелерді талқылап, АЭС салудың әлеуетті әсерлерін түсінді.

Оқылды 285 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет