Бейсенбі, 17 Наурыз 2016 15:54

Балаға айтуға болмайтын 10 сөз

Психологтар баланың жасына қарамастан, оларға ауыр тиетін сөздер тізімін жариялады. Әлі тілі шықпаған баланың өзі сіздің жеткізу мәнеріңізге қарай оның мағынасын өзінше түсінеді екен...

 

1. Сенің қолыңнан түк келмейді, әкел, өзім жасаймын!

Мамандардың айтуынша, бұл баланы алдын-ала сәтсіздікке байлайды. Ол өзін ақылсыз және икемсіз сезінеді. Алдағы уақытта үлкендер тағы ұрсады деп жаңа бастама алудан қорқады.

2. Ұста, тек тынышталшы!

Кей ата-ана бірнеше сағаттық «берші, алып берші» деген ыңылдауды көтере алмайды. Бірақ, ақыр соңында баланың сұрағанын беруге келіскенде, ата-ана өздері байқамастан, баланы ыңылдап, жылаумен сұрағанына қол жеткізуге болатынына, ал анасының «жоғына» мән бермеуге жаман үйретеді.

3. Тағы да мұндайды байқасам, таяқ жейсің!

Қалыптасқан дағдыға сай, барлығы осы құр қоқан-лоқымен шектеледі. Не әкесі, не анасы жазаны жүзеге асырмайды, ал бала босқа қорқақ болып өседі. Мұндай сөздер баланы ренжітіп, түсініспеушілік туғызады. Өз сәбиіңізді қорқытпаңыз. Бала белгілі жағдайда нені күтуге болатынын анық білуі керек. Ал үлкендердің кенеттен кеюі еш нәтиже бермейді.

4. Мен саған дереу доғар дедім!

Баламен бұлай дөрекі сөйлесуге болмайды. Ол сіздің балаңыз. Егер байқамай ашуыңызды көрсетсеңіз, кешірім сұраңыз. Бала өзін еш құқықсыз сезініп, ренжиді. Сондықтан, «доғарудың» орнына қарсы шығып, кішкентайлары жылап, жасөспірімдері үнсіз жайына кетіп, тұйықталып қалады. Қысқасы, қалай болғанда да, бұл сөз қалауыңызға жеткізбейді.

5. Сен мынаны түсінуге тиіссің!

Бала мұндай ақыл айтуды түсінбейді. Сондықтан сізді тыңдамайды, ойын басқаға ауыстырады. Егер бала сол сәтте ренжулі, ашулы болса онда мүлдем қабылдамайды. Оның да адам екенін, белгілі бір уайымы, ойлап жүрген өз мәселелері бар екенін ұмытпаңыз, сондықтан сіздің ең дұрыс деген ақылыңызды да сол сәтте түсіне алмайды.

6. Балалар (қыздар) бұлай жасамайды.

Мұндайды жиі қайталайтын ата-ана балада белгілі-бір стереотип қалыптастырады. Кейін ересек өмірінде өз сезімін, іс-әрекетін лайықсыз деп ойлайды. Үнемі бір нәрсеге көңілі толмай, кінәлайды.

7. Бекерге уайым-қайғыға салынба!

Мүмкін, балаңыз үшін бұл бекер нәрсе емес шығар. Өзіңіздің балалық шағыңызды еске түсіріңіз. Иә, балаңыз машинасыз қалғаны үшін немесе шаршылардан жасалған үйшігі бұзылғаны үшін ашуланып, ренжуі мүмкін. Оның кішкентай өмірінде машина мен үйшік ең маңызды нәрсе болар! Баланың мәселелеріне селқостығыңызды көрсете отырып, сіз оның сенімін жоғалтып ала аласыз және болашақта өз балаңыздың күрделі мәселелері туралы білмей қалуыңыз мүмкін.

8. Менің денсаулы-ғымды ойлашы!

Аналар бұл сөзді балаларына жиі айтады. Бірақ, айтыла берген сөздің қадірі кетіп, шынында жағдайыңыз нашарласа, бала сіздің сөзіңізді әдетінше қабылдамайды. Ол анасының бұл сөзін тек оның тентек болмауы үшін айтып отыр деп ойлайды.

9. Жоқ, біз мұны сатып алмаймыз! Ақша жоқ немесе қымбат!

Балаға бәрін қатар сатып алуға болмайтынын түсіндіру қиын. Бірақ сіздің мұндай сөзіңізден егер ата-анасында ақша болса, дүкенді толығымен сатып алуға болады деген мағына шығады! Бала бұл сөзді дәл солай түсінеді. Одан да «мұндай ойыншық сенде бар», «көп тәтті жеген – зиян» деген дұрыс болар. Иә, түсіндіру әрқашан қиын. Бастысы, бала бұл нәрсені ата-анасының не үшін алып бермегенін білуі керек.

10. Жұрттың баласы...

...Құдай мені не үшін жазғырады екен, салақ, ынжық, иттің баласы, оңбаған және тағы басқалар. Мұндай сөздерді балаға айтуға болмайды. Бұл баланың өзін бағалауын түсіреді, расымен сол атауларға сәйкестене бастайды.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. Расында солай екен. Баланы тек дүниеге әкеліп, бар қажеттіліктерін алып беріп, киіндіріп, ішіндірген аздық етеді. Ата-ананың балаға берер басты нәрсесі – тәрбие. Ол оның өмірлік азығы. Тіпті, аузыңнан шыққан әр сөз баланың қалыптасуына не оң, не теріс әсерін міндетті түрде тигізеді. Құрметті оқырман, ата-аналар, жоғарыда аталған психологтар пікіріне қаншалықты қосыласыздар? Әлде бала тәрбиелеуде өзіндік ұстанымыңыз бар ма? Болса, бөлісе отырыңыз! Бала тәрбиесін қоғам болып қолға алайық!

Баспаға әзірлеген Алмагүл НҰҒМАН.

Оқылды 3734 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Абайлаңыз, алаяқ! Балаға айтуға болмайтын 10 сөз »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет