Бейсенбі, 07 Шілде 2016 15:04

«Елдің сәні келеді, жайлауы шалқар мал болса»

Бүгін Асы жайлауының төрінде дүбірлі той. Кезінде Шопандар слеті деп аталған жиын қазірде қанатын кеңге жайып, мал шаруашылығының дамуына жол ашатын келелі кеңес алаңына айналды. Ондағы мақсат – көрікті аймағымыздың көркіне көз жүгірту емес, ауыл шаруашылығын дамытудың тетіктерін түгендеу. Осы орайда аудан әкімі Бинәлі ЫСҚАҚТЫҢ қабылдауында болған едік. Әдемі әңгіме жапырағы қамқадай, топырағы торқадай ауданымыздың малшаруашылығы

саласы аясында өрбіді...


– Құрметті Бинәлі Әбдіқапасұлы, «Жерге еткен жақсылық жерде қалмас». Осыдан бірер жыл бұрын өткен шопандар слеті аудандағы ауылшаруашылығын дамыту бойынша кеңейтілген конференция негізінде өрбігенін білеміз. Биылғы жылғы слеттен не күтесіз?

– Оныңыз рас, 2014 жылы шопандар слеті кеңейтілген конференция негізінде өтті. Елімізге белгілі ғалымдар сөз сөйледі, жаңа инновациялық жобаларымен таныстырды. Бұл өз кезегінде аудандағы шаруашылық иелерінің заманауи үлгіде жұмыс жүргізуіне жол ашты. Шындығында, бабалар мұрасымен жеткен, ауданымыздың кең даласында, таудың саясында, жайлауымыздың төсінде бас қосар бұл сәттің маңызы зор. Бұл күн –Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында «Шідертінің шөбі бал, Өлеңтінің суы бал» төр жайлауымызда жас төл алынып, бойдақ мал қарақұйрық болып, жылқы түлеп, қара тіл болғанда түйенің өркеш қомы толығып, ауылшаруашылықтың жағдайын жақсартуға қам жасаған ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің абыройын асыратын күн. Ал бұл өз кезегінде малшы қауымның жұмысын жеңілдетеді әрі еңбегінің өнбегін мол алуға серпін береді. Бұл – бір. Екіншіден, «Жайлауы жақсының әр бұтасының түбі бір кесек ет» – демекші, жыл сайын өткізіліп келе жатқан Асы тойы аудан тұрғындарының берекесі мен ырысына айналды. Дана халқымыз «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке жеткізер» деп айтқандай, елдік пен бірліктің туын көтеріп, халқымыздың бақ-дәулетін асырған, ата-баба аманаты мен дәстүрін берік ұстанып, осы бағытта талмай еңбек етіп жүрген мал шаруашылығы еңбеккерлерін айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын!

– Елбасының белгілеп берген Ұлт жоспары ұлы мұраттарға бастайтын басты қадамдар. 60-61 қадамдарында белгіленгендей ет, сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тартуды міндет еткен. Бұл өз кезегінде шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттауға жол ашу. Бұл бағыттар бойынша ауданда қандай жұмыстар атқарылуда?

– Шындығы сол, Ұлт Жоспары Қазақ елін Мәңгілікке апаратын нақты қадамдар. Ал өзіңіз атаған 60-61 қадамдары ауылшаруашылығы өнімдерін өзімізде өндіруді және аграрлы саланы дамытуға инвесторлар тартуды міндет еткен. Осы орайда осы жылдың 1 маусымына дейін ауданымызда ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі 13 млрд. 714 млн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 105 пайызды құрады. Оның ішінде мал шаруашылығы 10 млрд. 765 млн. теңге немесе 110,2                             пайыз. Өндірілген сүт көлемі 54798 тонна, жұмыртқа 19 млн. 299 мың дана, мал мен құс етін өндіру 7550 тоннаға жетті.

Сонымен қатар, аталған бағыт бойынша инвесторлар тарту да өз деңгейінде орындалуда. Ашығын айтсақ, 2015 жылы ауданда АО АӨК «Адал»-да 1396 бас сауынды сиырға арналған мегаферма құрылысы аяқталып, іске қосылды. Жалпы құрылыс жұмыстарына жұмсалған қаражат көлемі 2,3 млрд теңгені құрайды. Қырбалтабай селолық округі бойынша «Есік жеміс-көкөніс өңдеу зауыты» көкөніс өнімдерінің өндіріс қуаттылығын 600 тонна томат және 300 тоннаға арттырып, қазіргі таңда томат пастасын, жеміс өнімдерін өндіруде.

Биылғы жылы құны 360 млн теңге болатын «Жолтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 160 ірі қара мал басына арналған тауарлы сүт фермасы  құрылысы басталды. Сонымен қатар Масақ ауылдық округінде «Нұрлы Құс» ЖШС 3800 тонна бройлерлық құс етін өндіретін, жобалық құндылығы 1804,0 млн.теңге құс фабрикасын іске қосуды   жоспарлауда.

– Азық-түлікке деген сұраныс жыл сайын арта беретінін Мемлекет басшысы атап өтті. өзіңіз де мал етінің экспортталуы аясында межелі міндеттерді жүктеп отырғаныңызды білеміз. Экспорттық әлеуетіміз қандай?

– Иә, Елбасымыз Н.Назарбаев Тәуелсіз еліміздің шамшырағына айналған «Қазақстан-2050» стратегиясында біздің әлемдік деңгейдегі мал шаруашылығы жемшөп базасын құру үшін үлкен әлеуетке ие екендігімізге тоқтала отырып: «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерге малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретіндігін, болашақ – аграрлық секторда, әсіресе, шағын және орта бизнес түріндегі жаңа өңдеу кәсіпорындары желісін құруда» – деп атап өткен болатын. Осы бағыттарды оңды бағдарлау – біздің міндетіміз. Осы орайда ауданымызда ілгерілеушілік бар. Қазіргі таңда «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру» жобасын іске асыру іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 1600 басқа арналған мал бордақылау алаңдары бар. Оның ішінде АӨК «Адал» – қуаттылығы  400 ірі қара мал, 400 бас бордақылауда тұр. ЖШС «АгроМеркур» – қуаттылығы  800 ірі қара мал бордақылау алаңында 700 бас бордақылауда тұрса, «СВХ» шаруа қожалығында 390 бас бордақылануда. Ал бұл қожалық алаңы 400 ірі қара малды бордақылауға жетеді. Қорыта айтсақ, аудан бойынша бордақылау алаңдарының жалпы сыйымдылығы 1600 бас.

– Жаңа инновациялардан именбеу де ата-кәсіпті дамытудың  алғышарты. Өзіңіз де ауыл шаруашылығына ең алдымен жаңа технологияларды енгізу жайын жиі айтып отырасыз. Ауданда бұл жұмыс жолға қойылған шығар?

– Әрине, баршаңыз білесіздер, біз индустриялық-аграрлық елміз. Біздің ел экономикасының екі басым бағыты бар. Бұл – индустриялық және аграрлық салалар. Ауыл шаруашылығы қашанда ел экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың бірі болған, солай болып қала береді. ал оны одан әрмен жетілдіру үшін жаңа технологияларды түгендеу – замана талабы. Осы межеден мүдірмей шығу мақсатында былтырдың өзінде 199 млн теңгеге 50 дана ауылшаруашылығына қажетті түрлі техникалар сатып алынды. Бұл жұмыс алдағы уақыттарда да үздіксіз жалғасады.

– Аграрлық саланы дамыту мақсатында Елбасымыздың «Агробизнес-2020» бағдарламасының нәтижесі көңіл қуантады. Ондағы шаруашылықтарды қолдаудың бір бағыты – субсидия беру. Яғни, қайтарымсыз қаражат. Аталған бағыттағы жұмыстар ауданымызда оң нәтижесін көрсеткен болар...

2015 жылы «Агробизнес-2020» бағдарламасы бойынша ауданның ауылшаруашылық құрылымдарына қолдау көрсету мақсатында 1412,5 млн.теңге көлемінде бюджеттік қаржы бөлінді. Ал республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы өсімдік және өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру үшін барлығы 677,4 млн. теңге субсидия бөлініп, 100 пайыз игерілді. Мал шаруашылығы саласы бойынша 2015 жылдың ішінде барлығы 526,0 млн. теңге субсидия берілді. Қолдаудың нәтижесінде шаруашылықта ілгерілеушілік бар. «Ауыл көркі  – мал, өзен көркі – тал» – демекші, ауданымыздағы мал басы мен егін шаруашылығы жыл санап дамып келеді. Ірі қара мал саны 2016 жылдың 1 маусымындағы есеп бойынша 97 мыңнан асып жығылса, оның ішінде сиыр 39,9 мың бас, мал патшасы жылқы 18,8 мың бас, берекеміз болып отырған қой мен ешкі 338 мың бас, көштің көркіне айналған түйе 85 бас, шошқа 5,4 мың бас, құс саны 1679,1-ді құрады.

– Ауылшаруашылығын дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалар қай дәрежеде орындалуда?

– 2011-2015 жылдар аралығында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы арқылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» және «Ырыс» бағдарламалары бойынша 1176 бас ірі қара мал сатып алынды. Биылғы жылғы соңғы 5 айдың қорытындысына көз жүгіртсек, фермерлік шаруашылық құру үшін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 3 шаруа қожалығы 24 млн 840 мың теңгеге 154 бас аналық, «Алтын асық» бағдарламасы негізінде 2 шаруа қожалығы 10 млн теңгеге 154 қой, «Құлан» бағдарламасы аясында 2 шаруа қожалығы 20 млн 740 мың теңге көлемінде несие алып, оған 63 бас жылқы сатып алып, шаруашылық тетігін түгендеуде.

Жоспар бойынша «Сыбаға» бағдарламасы негізінен 300 бас аналық алуды көздесек, бүгінде бұл меженің 51,3 пайызы жүзеге асырылды. Сол секілді «Алтын асық» бағдарламасын 46 пайызға, «Құлан» бағдарламасын 63 пайызға сәтті орындадық.

– Тобықтай сөздің түйіні болсын, Асы төріндегі тойға ақ тілегіңіз...

– Базар жырау кешегі күні былай жырламап па еді: «Елдің сәні келеді, Өрісі жайылым кең болса. екі жағы малға жай, жайлауы шалқар көл болса…». Осы ретте, бабалар заманынан жайлау – төрт түлік малға отты өріс болумен қатар ауыл адамдарының арқа-басын кеңге салып, той тойлайтын, бірін-бірі сыбағаға шақырып, бие байлап, қымыз мұрындыққа барысатын мекені. Осы асыл мекенімізде ары қарайда жұдырықтай жұмыла, тiлек пен ниеттi ортақтастыра өмiр сүрiп, еңбек етіп, ауданымыздың дамуына үлесімізді қоса берейік!

Биылғы қазақтың абыройын асырып, мерейін тасытқан – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұтас келіп, ақ түйенің қарны жарылған той тағы да құтты болсын! Жан саны, мал саны жылдан-жылға арта берсін!

– Әңгімеңізге рахмет!

 

 

Сұхбатты жүргізген

Қайнар ЖҰМАҒОЖА. 

Оқылды 3197 рет

Соңғы жаңалықтар

Сәу 25, 2024

Ел бірлігі – ел теңдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының…
Сәу 25, 2024

Савелий КАРАСАВИДИ, председатель…

На ХХХІІІ сессии Ассамблеи народа Казахстана Президент РК Касым-Жомарт Токаев отметил,…
Сәу 25, 2024

Мызғымас бірлік – алынбас қамал

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы…
Сәу 22, 2024

НЕДЕЛЬНЫЙ МАРШ ЧИСТОТЫ

Свыше 75 тысяч жителей Алматинской области приняли участие в марше чистоты «Киелі мекен»,…
Сәу 22, 2024

Қоғамды түзеуді өзімізден бастайық

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел азаматтарын «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы…
Сәу 22, 2024

Экологиялық мәдениетті артыруымыз…

Қоғамды жаппай тазалыққа шақыру өте өзекті мәселе деп есептеймін. Біз ұстаздар…
Сәу 19, 2024

Жастарды жат ағымдардан сақтау –…

Дін саласы – қоғамдағы күрделі әрі нәзік дүние. Сондықтан дін айналасындағы мәселелер де…
Сәу 19, 2024

Мәһір маңызды ма?

Соңғы кездері әлеуметтік желіде жастар арасындағы мұсылмандық неке қию рәсімінде…
Сәу 19, 2024

Науқан жалғасуда

Тазалық – саулық кепілі. Иә, тәнімізді һәм жанымызды таза ұстаумен қатар, өзіміз өмір…

Күнтiзбе

« Сәуір 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет