Жұма, 16 Наурыз 2018 15:10

Табиғаты бөлек тұмаш аға

ТАБИҒАТ АНА БУСАНЫП, БӘЙШЕШЕК БҮР ЖАРЫП, КӨКТЕМ КЕЛГЕН СӘТТЕ ҚАЛЫҢ ҚАЗАҒЫ «ТҰМАШ АҒА» ДЕП ЕРКЕЛЕТКЕН АҚЫН ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ ТЕ ӨМІР ЕСІГІН АШҚАН. КЛАССИК АҚЫН АТАНҒАН ТҰМАШ АҒАМЫЗДЫҢ ҚАЗАҚ ПОЗЗИЯСЫНДА АЛАР ОРНЫ ТЫМ ЕРЕКШЕ. ОЛ БІР СҰХБАТЫНДА «КӨҢІЛІМНЕН ӨЛЕҢНІҢ ОТЫ ӨШКЕН КҮНІ ЖЕР БЕТІНДЕ ЖҮРЕ ҚОЙМАСПЫН. ӨЛЕҢНЕН ӨЗ ОРНЫМДЫ ТАПТЫМ.» – ДЕГЕН ЕКЕН. ХАЛҚЫНЫҢ ЖҮРЕГІНЕ ӨЛЕҢ АРҚЫЛЫ ЖОЛ ТАПҚАН ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВ 2011 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫНДА ӨМІРДЕН ӨТТІ. КӨЗІ ТІРІ БОЛҒАНДА АҚЫН БИЫЛ 20 НАУРЫЗДА 83 ЖАСҚА ТОЛАР ЕДІ

Ақын жастайынан қозы бағып, жетімдіктің тауқыметін көп тартқан күндерін жырға қосуға бейім болған. Бұған дәлел іздесек ақынның «Өзім жайлы сыр», «Топырағың торқа болсын, анашым», «Әкем әлі тірі жүрген сияқты» сынды өлеңдерінің мазмұнына ден қойсақ болағаны. Зор тебіреніс пен сағыныштан туған жырлардан адамгершілік пен мейірімнің асқар шыңын, тағдыр тартысына мойынсынбаған қайсар жандардың сұлбаларын көре аламыз.

Халқының зор ықыласына бөленген лирик ақын кішкене ғана детальдан үлкен философиялық ой туғыза білген. Қай ақынды алып қарасақ та махаббатқа жаны құмар жанды көреміз. Сондай лирик ақындардың сабында Тұмаш ағамыздың көш ілгері тұрғаны баршамызға мәлім. Ол шындықтың ауылын алысқа апармай, алдымен өз сезімдерін, өз махаббат сырларын жүрек үніне бағындырып, қағаз бетіне түсіре білген. Тұманбай ағамыз махаббат тақырыбын құзар шыңына жеткізіп тұрып жырлап, махаббат лирикасына өз қолтаңбасы мен бояуын қалдырған ақын.

Сыршыл ақын тек өлеңмен шектеліп қалмай, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов пен Әсет Бейсеуов сынды талантты сазгерлермен бірге әуезді әндердің өмірге келуіне септігін тигізген. Бірде қазақ вальс королі Шәмші Тұмаш ағаға келіп қыз баланың атынан өлең жазып беруін өтінеді. Ақын қыз баланың ішкі сезімдерін жеткізуге қиналғанымен, біраз уақыт өтпей әннің сөзін Асанәлі Әшімов ауылына кеткенде сағынып жүрген жұбайы Майраның атынан жазып береді. Осылайша, Тұманбай Молдағалиев пен Шәмші Қалдаяқовтың шығармалары үйлесім тауып, «Қыз сағынышы» атты алғашқы туынды жарық көреді. Арадан біраз уақыт өткеннен кейін Шәмші ағамыз Тұманбай Молдағалиевтің жұмыс орнына арнайы табан тіреп: «Өзіңді тосып жүрмін. Дүниеге бір ән келді. Бұл әннің сөздерін тек қана сен жазуың керек. Бұл ән би алаңында айтылатын ойнақы ән болады» деп осы әнге сөз жазып беруін сұрайды. Қашанда жаны адамгершіліктен алыс кетпеген Тұмаш ағамыз аға өтінішін аяқ асты етпей, өлең жазуға кірісіп кетеді. Дайын болған мәтінді сазгерге ұсынғанда, Шәмші атамыз: «Басқа біреуге беріп қоясың» деп мәтін жазылған қағазды лезде қалтасына салып алып, жол жүреді. Бірер күннен кейін Ришат Абдуллиннің орындауындағы «Бақыт құшағында» атты ән дүниеге келеді.

Күндердің күнінде ақын сазгер Нұрғиса Тілендиевтің сырқаттанып жатқанын естіп, қолына көңіл шәйін алып, жағдайын білуге барады. Сонда Тұмаш аға Нұрғиса Тілендиевтен: «Қай жерің ауырып жатыр?» деп сұрағанда, ол «жүрегім» деп тіл қатқан екен. Сол мезетте ақын:

«Қайран менің жүрегім,

жас жүрегім,

Көктем едің, бір кезде

тасқын едің.

Жастық дәурен, жалтақтап

қарайлайсың,

Сені ойлап ұйқым да қашты менің», – деп жалғастырып әкетеді. Тұманбай Молдағалиев-тың сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» атты әнінің шығу тарихы осылай болған екен. Осы ән жарыққа шыққаннан кейін Нұрғиса Тілендиев Тұмаш ағаға «Мен сенің өлеңдеріңе алда әлі талай ән жазатын боламын. Бірақ та, дәл осындай ән қайта шықпайды. Мені ақтық сапарыма осы әнмен шығарып салыңдар,» – деген өтінішін білдіріпті. Бертін келе ақын Сейдолла Бәйтерековпен «Жан досым», Әсет Бейсеуовпен бірлесіп «Шақырады көктем» сынды әуезді әндерді дүниеге әкеледі. Осындай әні мен сөзі астасқан әндерден кейін Тұманбай Молдағалиевті қазақ поэзиясына ғана емес, қазақ музыкасына да өшпес ізін қалдырған ақын деп есептейміз. Бар ғұмырын өлеңмен өрген сыршыл ақын ел жадында жаңғырып қала бермек.

 

Зина ЕРЛЕНОВА.

Оқылды 2539 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 31, 2025

Сыбайлас жемқорлық туралы

Сыбайлас жемқорлық – ол лауазымды тұлғалардың өз қызметін жеке пайдасы үшін пайдаланып,…
Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Күнтiзбе

« Қараша 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет