Бейсенбі, 19 Мамыр 2016 15:23

Өзін-өзі тану – өмірді тану

Жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде «Бөбек» ҰҒПББСО және аталмыш колледж ұжымының ұйымдастыруымен «Білім беру ұйымдарының тұтас педагогикалық үдерісіндегі өзін-өзі танудың метапәндік рөлі» тақырыбында республикалық әдістемелік семинар өтті. Оған Алматы облыстық білім басқармасының және аудандық білім бөлімінің басшылары, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстары мен Алматы және Астана қаласы пилоттық мекемелерінің педагог қызметкерлері қатысты.

 

Түс ауа бастаған семинар жұмысының шымылдығы үлгілі сабақтар презентациясымен ашылды. Онда үлгілі сабақ ретінде бірнеше ұстаздардың сабақ өту тәсілі көпке ұсынылды. Нәтижесінде, өтілген сабақтардың кем-кетігі мен жетістіктеріне «Бөбек» қорының мамандары талдау жасады. Кейіннен педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Рысбаева колледждің оқу залында шеберлік сыныбын өткізді.  Семинар қорытындысы ретінде мәжіліс залында колледж презентациясы көпшілік назарына ұсынылды. Онда «Ақиқатты іздеу жолында» сахналық қойылым қойылып (суретте), колледж директоры баяндама оқыды.

«Адамға рақымшылық не керек? Адамшылықтың негізгі тірегі – рақымшылық, мейірім емес пе? Ендеше, рақымсыз, мейірім таратпай қалай өмір сүруге мүмкін?» деген екен хакім Шәкәрім. Иә, компьютерленген қоғамда адамнан адамшылық, адамгершілік, пендеден парасаттылық кетіп бара жатқан сыңайлы. Өйтпесе, шақалағын терезеден лақтыра ма? Тар құрсағына сыйған тіршілік иесін дәретханаға тастай ма?  Әжесінің ажалы немереден бола ма? Кезінде Лекки: «Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама қарсы ағыстар бар. бір ағыс – қаталдыққа жетелесе, екінші мейірімге талпынады» деген екен. Бүгінгі қоғамда бірінші ағыс басымдық алған сыңайлы. Ата-тегімізде жоқ тұрпайы әдеттерге әуестенудің түр-түрін көріп, біліп, естіп жүрміз. Міне, бүгінгі жан сыздатып, қабырғаға батқан келелі мәселелер төңірегінде алғаш сөз алған колледж директоры Гүлнар Сағатқызы бар түйткілдің түйіні рухани-адамгершілік тәрбие беру деп санайды:

– Иә, адамгершілік тәрбиесінің маңызы білім беру мекемелерінің күн тәртібінен ешқашан түскен емес. Оған Аристотельдің: «Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек» деген сөзі дәлел. Бала өзінің қадірін өзі білуге, өзін сыйлауға, өзгелердің талқы-талдауына тәуелді болмауға, өзін-өзі жетілдіруге, рухани өмірде және қоршаған өмір жағдайларында өзінің бағыт-бағдарының болуына, өз бетінше шешім қабылдай алуына және өз сөзі мен әрекеттері үшін жауапкершілікті сезіне білуге тәрбиелеуде «Өзін-өзі тану» пәнінің маңызы зор. Өйткені,өзіне өзі сенген адам, қиындықты да, уақытты да жеңе алады.

Иә, тарихы 14 жылға бет бұрған бұл пән бүгінде әр мектептерде оқытылып жатыр. Мұндағы негізгі ерекшелік – ұлттық тәрбие тамырынан ажырамау. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, айналасына қамқорлықпен қарау, мейірімді болу – бәр-бәрі ұлттық тәрбиеміздің ұтымды тұстары емес пе? Жоба авторы Сара Алпысқызы Назарбаева мәңгілік сұраққа жауап іздей отырып: «Мен сенімдімін, рухани кәусар бұлаққа барар жолды іздеу – әркімнің міндетінің ішіндегі міндеті немесе оны – адам туралы білім ордасына апарар жол деп атаңыз» деп жазған. Ал Гүлнар Сағатқызы баяндамасының желісінде жеке тұлғаға рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбие беру сапасын көтеру үшін 7 түрлі мәселенің аражігін ажыратты:

– Бірінші, пәндердің стандарттары мен оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын, патриоттық және зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруға әсер ететін компоненттерді енгізу, екінші, мектептегі оқу әдебиетінде рухани-адамгершілік құндылықтарды, патриоттық қасиеттерді қалыптастыруға және шығармашыл, ой қабілеті зор, рухани бай жеке тұлғаны дамытуға бағытталған материалдар болуы, үшінші, бастауыш білім берудің оқу жоспарында рухани-адамгершілік құндылықтар мен оқушылардың физикалық қасиеттерін қалыптастыратын пәндерді оқып-үйретуге оқу жүктемесінің 50%-ға жуығын бөлу, төртінші, оқушылардың тәрбиелілігінің негізгі кезеңдері мен көрсеткіштерінің жүзеге асырылуы стандарттар мен оқу бағдарламаларында көрсетілген күтілетін нәтижелерде көрсетілуі, бесінші, тәрбиелеу үдерісі тиімділігін және жеке тұлғаның тәрбиелілік деңгейін бағалау критерийлерін әзірлеу, алтыншы, балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беруде отбасы, бала-бақша, мектеп арасында тығыз байланыс орнату, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру және бірлесе отырып тәрбие жұмыстарын жүргізу жүйесін жетілдіру және жетінші, дарынды, талантты балаларды анықтау, оларды қолдау, барлық сыныптарда сыныптан және сабақтан тыс уақыттарда кәсіпке бағдарлау жұмыстарын жүргізу қажет.

Әрі бұл пән тыңғылықты әрі жоғары дәрежеде оқытылған жағдайда берер жемісін былай деп таразылады колледж директоры:

– ата-анасын сыйлайды, Отанын сүйеді, мәдениет пен тарихты біледі және дамытады;

Ел бірлігін сақтайды, толерантты және халықтар достығын нығайтады;

Еңбекті сүйеді, денсаулығын нығайтады және қоршаған ортаны қорғайды;

Қазақ және шетел тілдерін игерген;

Бәсекеге қабілетті, зияткерлік  тұрғыда дамыған және білімді.

Сондай-ақ, колледж директоры рухани-адамгершілік құндылықтарға Жапония, Оңтүстік Корея және Финляндия елдері бастауыш мектептерінің оқу                                жоспарларында уақыттың 50 пайызға жуығы бөлінетіндігін ерекше атап өтті.

Кейіннен «Алматы облысы бойынша тәрбие мен адамгершілік білім беру серіктестерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі құрылғанын, оған әрбір ұстаз мүше бола алатынын жеткізді. Оның мән-маңызы мен қоғамдағы орнын жан-жақты түсіндірді.

Семинар соңы емін-еркін пікір алаңына ұласты. Онда әдістемелік ұсыныстар айтылды.

Айтып өтейік, республикалық семинарға бірер күн алды осы колледж қабырғасында «Ойы, сөзі, ісі бір кемел адам тәрбиелеу» тақырыбында аймақтық семинар өткен болатын. Оның да ұйытқысы – аталмыш білім ордасы ұжымы. Аудан мектептерінің директорлары, балабақша меңгерушілері, ата-аналар комитетінің төрағалары қатысқан аймақтық семинар да өз дәрежесінде өткен. Әсіресе, елдің, жердің қадір-қасиетін ұғындыратын колледж көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы жоғары бағаланып, ерекше ықыласқа бөленген-ді.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА. 

Оқылды 4009 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Өзін-өзі тану – өмірді тану «Қазақ жастары» – чемпион »

Соңғы жаңалықтар

Сәу 30, 2025

Стартовал первый день IV…

8-9 апреля 2025 года Высшая школа экономики и бизнеса Казахского национального…
Сәу 28, 2025

Әлемдік қант алыбы Қазақстанға келеді

Алматы облысында әлемдік қант өнеркәсібінің көшбасшыларының бірі – Al Khaleej Sugar…
Сәу 28, 2025

Сахарный гигант из ОАЭ приходит в…

В Алматинской области может появиться завод одного из мировых лидеров сахарной…
Сәу 25, 2025

Алматы облысында өрт қауіпсіздігін…

Бүгінгі таңда орман шаруашылығы мекемелерінің 10,6 гектар аумағында 2 орман өрті…
Сәу 25, 2025

«Кибернадзор» жүйесі арқылы 520…

Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық…
Сәу 23, 2025

Қазақстандықтардың басым бөлігі…

Мемлекет басшысының бастамасымен биыл (2025 ж.) Қазақстанда алғаш рет Ұлттық кітап күні…
Сәу 23, 2025

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың…

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе…
Сәу 23, 2025

Былтыр Атырауда өткен Ұлттық…

Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет