Бейсенбі, 31 Мамыр 2018 10:51

Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Жас жеткіншектердің ойы мен бойын толыстырған тағы бір жыл тәмамдалды. Сол себепті 800-ге жуық оқушының алтын ұясына айналған Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте соңғы қоңырау салтанатты жағдайда соғылды. 40 түлек мектебімен қимай қоштасты. Арасында самбо күресінен Азия чемпионы Гульнаст Нурдунова да бар.

Бала кезінен ер мінез, ширақ қимыл иесі атанған қырмызы қызды Леонид Орлов танып, өзінің қамқорлығына алған.  10 жастағы Гульнаст сол сәттен бастап түрлі турнирлерде топ жарған. Содан сындардан сүрінбеген бойжеткен Монғолия елінде өткен Азия чемпионатының финалынды сол елдің балуанын жеңіп, көк Туымызды көкке көтеріп, Гимнімізді шырқады.

Болашағынан үміт күттіретін чемпионды мектеп бітіруімен арнайы құттықтай барған дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің директоры Абай Сырғабаев сый-сияпатын тапсырды. Леонид Орлов кеудесіне ауданымыздың үздік жаттықтырушысы төсбелгісін тақты. Кейіннен ауыл тұрғындары да «Әлем чемпионы бол» деген ниетпен «алтын қыздарының» мойнына алтын алқа салды. Спорттың дамуына қолдау білдіргені үшін мектеп директоры Майнура Сакаловаға да алғысын жеткізді тұрғындар мен Абай Сырғабаев.

– Болашағымды спортпен байланыстырамын. Қазір спорт және туризм академиясына оқуға тапсырсам деген ниетім бар. Осы мақсатта талмай еңбектенудемін. Ендігі негізгі арманым – 2024 жылы өтетін олимпиадаға дзюдо күресінен қатысу, – дейді жас түлек Гульнаст.

Бүгінде Майнура Төлегенқызының берген мәліметінше,  мектеп түлектерінің ішінен бір «Алтын белгіге», екі үздік аттестатқа үміткер бар. – Ана берген сүтін, ұстаз берген білімін міндет етпейді ғой. Дегенмен осы түлектеріміз үмітімізді ақтап шықса деген тілегім бар» дейді директор. Лайым, солай болсын!

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2924 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет