Жексенбі, 18 Маусым 2017 18:01

Кәсібіңе бас иемін

Маусымның үшінші жексенбісі – Медицина қызметкерлерінің күні 

Ауданның бас дәрігері Болат БАЛАҚОЙШИЕВ:

Қоғамның басты байлығын бақылау – міндетіміз

 

Осы жыл басынан бері ауданымыздағы денсаулық сақтау саласына мемлекеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл бірінші байлық сақшыларына жасалған қамқорлық емес пе. Яки,  өңіріміздегі 83 емдеу мекемесі, ондағы 300 дәрігер, 1242 орта буынды және 552 кіші буынды медицина қызметкерлері мемлекет қамқорлығында деген сөз. Олардың міндеті  – ауданымыздың 300 мыңға жуық тұрғынына сапалы қызмет көрсету. Төл мерекелері қарсаңында ауданның бас дәрігері Болат Балақойшиевпен сұхбаттасқан едік...

– Құрметті Болат Рысбайұлы, мемлекет қамқорлығын жоғарыда атап өттік. Аудан дәрігерлерінің қамқорлыққа қайтарымы қалай?

– Иә, осы жылдың 5 айында ауданның денсаулық сақтау саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес аудан тұрғындарын скринингтік тексеру жұмыстары жалғасуда. Осы тәсілмен бүгінгі таңда қан тамырлар ауруына 11911 адам қаралып, ішінен 330 науқас, қант диабетіне 12173 адамның 37-сі, көкірек безі ісік ауруына 2128 әйелдің 54-і, глаукома ауруына 13192 адам қаралып, оның 5-еуінің науқас екені анықталды. Бүгінгі күні осы бағдарламаға байланысты сапалы және қолжетімді тегін медициналық көмек көрсету мақсатында шалғай ауылдарда жылжымалы медициналық кешен жұмыс жасауда. Бұл кешеннің құрамында жоғарғы білікті дәрігерлер: терапевт, көз дәрігері, лор, хирург, узи дәрігері, стоматолог, гинеколог, ЭКГ, көз қысымын өлшейтін қондырғы, УЗИ, рентген қондырғылары аудан тұрғындарына қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда 15 ауылды аралап, шамамен 7000-ға жуық адам скринигтік тексеруден өтті. Осы ретте қатерлі ісіктен өлім көрсеткіші 5 айдың қорытындысы бойынша 40,2-ден 30,7-ге азайып отырғанын мақтанышпен атауға болады.

– Бүгінде материалдық-техника-лық базаларыңыздың жағдайы нендей?

– Материалдық базаны жақсартуда біраз жұмыстар жүргізілуде. Атап айтатын болсақ, 160 млн 200 мың теңгеге Алмалы ауылында күніне 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория және 67 млн 700 мың теңгеге Алға ауылында күніне 20 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстары аяқталуда. Аталған ғимараттар ағымдағы жылдың 3 тоқсанында іске қосылады деп жоспарлануда. Бүгінде  274 млн 600 мың теңгеге медициналық құрал-жабдықтар мен саймандар алдық.

– Бұл тұрғыда түйткілдер де бар шығар?

– Әрине, жұмыс бар жерде мәселелер де болады. Кейбір елді-мекендерде амбулаториялар немесе фельдшерлік пункттер ғимаратының жоқтығынан түйткілдер орын алуда. Айталық, Төле би, Достық, Ақбастау, Жаңашар, Балтабай және Нұрлы ауылдарына дәрігерлік амбулаториялар, Сазы, Сатай, Көкпек, Екпінді, Ақжар, Шалқар, Лавар, Торғайбаз, Сартау, Қайрат, Таутүрген, Казатком, Амангелді және Майское ауылдарына фельдшерлік пункт ғимараттары керек. Сонымен қатар, Есік қаласының саяжайына болашақта дәрігерлік амбулатория салу да қажет.

– Алдағы уақытта қай елді-мекендерге амбулаториялар салынуы бірінші кезекте тұр?

– 2020 жылға дейін Қорам, Жаңашар, Көктөбе, Ащысай, Достық, Ақбастау, Қызылшарық және Балтабай ауылдарына күніне 50 адам қабылдайтын жаңа дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына облыстық денсаулық сақтау басқармасына тапсырыс бердік. Бұйыртса, шешімі табылады деген үміттеміз.

– Мамандар тапшылығы сезіліп отырғанын білеміз. Алайда, шешімі қандай болмақ?

– Иә, өз кәсібін тыңғылықты білетін білікті мамандар қай кезде де тапшы болған. Сондықтан жас мамандарды жұмысқа тарту мақсатында Алматы қаласында Қазақ ұлттық медицина университетінде жуырда өткен «Бос орын жәрмеңкесі» жиынында шамамен 26 жас маман біздің ауданда жұмыс істеуге ниет білдірді. Оның 5-еуіне қазіргі таңда медицина университетімен орталық аурухана арасында жұмысқа орналастыру келісім-шартына қол қойылып, тиісті құжаттары әзірленуде

– Әр сәби баянды болашағымыздың жарқын жалғасы. Бұл ретте Сіздердің яғни, аудан дәрігерлерінің жауапкершілігі атанға артарлық жүк екені айқын ғой?

– Иә, шарана жатырға біткен күннен бастап оның дамуына, аман-есен жарық дүниеге келуіне ең бірінші ана, екіншіден дәрігерлер жауапты. Осы ретте туу көрсеткіші 2016 жылдың 5 айымен салыстырғанда 2167-ден 2391-ге немесе 9,3% көбейіп отыр. Ана өлімі тіркелмеді.

– Кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында әріптестеріңізге лебізіңіз...

– Тоқтаған жүректі қайта соқтырып, үміт сәулесін сыйлайтын жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Әрдайым сенім биігінен көрініп, емделушілеріңіздің ақ алғысын арқалап жүріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын!

– Әңгімеңізге рахмет! Мерейлі мерекелеріңізбен, Ақ халатты Абзал жандар!

Әңгімелескен

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

Оқылды 2353 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Кәсібіңе бас иемін Кәсібіңе бас иемін »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет