Жексенбі, 15 Қазан 2017 19:14

Оқырмандар негізі – жастар

Кітапхана – рухани байлықтың кені, болашақ бәсекеге қабілетті жандардың сүйікті орны. Қандай заман, қай қоғамда болмасын білімнің көзі, дамудың кілті болып келген кітап білектің емес, білімнің күшіне сенген осы уақытта, әсіресе, жастарға керек. Білімді, сауатты, ел тұтқасы болар  азаматтарды өсіремін деген ел жастарын алдымен кітап оқуға баулиды.

Аудан әкімінің аудандық кітапханасынан бүгінгі күні  жас-кәріге қажетті барлық кітаптарды  табуға болады. Кітап қоры көркем әдебиет пен салалық әдебиетті қосқанда 52 мыңнан астам. 1936 жылы ашылған кітапхана бір ғасырға жуық уақыттан бері халықтың рухани сұранысын қанағаттандырып,  бірнеше буынды әлем классикасымен, ұлт әдебиетімен тәрбиеледі. Ауданымызда аудандық кітапханадан бө-лек, 15 ауылдық кітапхана бар. Бұрындары   кітаптарды оқыр-мандардың сұранысына қарай, кітапханашылар алдыратын. Қазіргі уақытта мемлекеттік тапсырыспен келеді. Кітапханада  өзіміздің көркем әдебиеттер, шет ел классиктерінің аудармалары, салалық әдебиеттер, психоло-гиялық кітаптар, балалар әдебиеті, бір сөзбен айтқанда кітаптың барлық  түрлері бар.  Шетел әдебиетінің бұрынғы  аудармалары, өзіміздің ХІХ-ХХ ғасырдағы жазушыларымыздың шығармаларының жаңа басылымдары көптеп кездеседі.

Бүгінгі күні кітапсүйер қауым-ның арасында кең танымалы – «Мәдени мұра» бағдарламасы арқылы басылған кітаптар.  Кітапханаға «Бабалар сөзінің» 100 томы түгел келіпті. Бір данамен келгенімен, халық ауыз әдебиетінің барлық үлгілері, батырлар жырлары, лирикалық дастандар, басқа да ұлттық нәрдің көзі болып саналатын шығармалар қамтылған жүз томдық аудан тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып отыр. Кітапханашылардың айтуынша, «Бабалар сөзін» оқитын жастардың қарасы көп. Сонымен қатар, қолына қалам ұстаған жас ақын-жазушылардың шығармалары да мемлекеттік бағдарламамен басылып, кітапханаларға таратылуда. Аудандық кітапханадағы кітап сөрелерінен  бүгінде жас, орта буын оқырмандар арасында кең танылған Бейбіт Сарыбайдың әзіл әңгімелерін, Назира Берда-лының өлеңдерін көзіміз шалды.

Кітапханашы Күлия Саурықова:

– Алдыңғы жылы өзіміз интернет арқылы тапсырыс беріп, 100 кітап алдық. Олардың бәрі оқырмандар сұрайтын кітаптар. Кітапханамызда  бес жарым мыңдай оқырманымыз бар.  Олардың басым көпшілігі мектеп оқушылары мен студенттер. Кітапханаға жастар көп келеді. Содан соң зейнеткерлер, әртүрлі сала мамандары, бәрі де кітап оқиды. Кеңес кезінен бері бізден үзбей кітап алып келе жатқан ардагер оқырмандарымыз да бар. Біз олардың сұранысын қанағаттандыруға барынша тырысамыз. Бір өкініштісі, қазіргі күні аса танымал болған Қалқаман Сарин, Ақберен Елгезек, Ерлан Жүніс тәрізді ақындарымыздың кітаптары бізге жетпейді. Оқырмандар көбіне осындай «хит» ақын-жазушылардың кітаптарын оқығысы келеді. Олардың шығармаларын неліктен мем-лекеттік тапсырыспен бастырмайтыны түсініксіз. Сондай-ақ, оқырмандар ХХІ ғасырда сәнге айналған өзін-өзі дамытуға арналған психологиялық кітап-тарды сұрайды. Шет елдерде кең танымал болып, бүгінде біздің елімізге де жеткен бестселлер кітаптар қазақшаға аударылып, кітапханаларға таратылса,  біз үшін де, оқыр-мандарымыз үшін де жақсы болар еді, – дейді.

Кітапханашының айтуынша, «жастар кітап оқымайды» деген – бекер сөз.

– Балаларды кітапқа баулитын мұғалімдер көп. Бастауыш сыныптың оқушылары жаз айларында бізге келіп, ертегілерді, басқа да балалар әдебиетінің үлгілерін сұрайды. Өзімізде жоқ кітап болса, интернеттен тауып беруге тырысамыз. Сөйтсек, балалар: «Бізге апай кәдімгі кітапты алып оқыңдар деген еді» деп жауап береді. Осы балаларға қарап, «балалар ғаламторға байланып қалды, кітап оқымайды» деген пікірлердің бәрі жалаң сөз-ау деп ойлаймын. Колледж студенттері де үйлеріне кітаптарды алып кетіп немесе оқу залында отырып оқиды. Осындай жастарға қарап, еліміздің болашағы жарқын екеніне кәміл сенуге болады, – дейді кітапханашы апай.

Өкініштісі, оқу залының тарлығы іс-шараларды өткізгенде едәуір ыңғайсыздық туғызады. Көрермендер тар залға сыймай, бейнематериалдар көрсететін теледидар, компьютерді қоятын орын болмайды. Емтихан кездерінде, басқа да кітапханаға оқырмандар көп келетін уақыттарда оқу залында оларға орын жетпей жатады. Бұдан бөлек, өткен ғасырдың орта шенінде іргесі қаланған, кеңес дәуірінде аурухана болған ескі ғимараттың бөлмелері бірінің үстінен біріне кіретін лабиринт сияқты. Мәселен, директордың кабинетіне бару үшін абономент бөлімінен, әдіскерлер кабинетінен, одан соң бухгалтериядан өту керек. Бір қызметкер ғана сыйғандай аядай кабинетте үш адам жұмыс істеп отыр. Үйге кітап берілетін абономент бөлімінде қазақша әдебиеттер қоры орналасқан. Ондағы кітап қоятын стилаждардың ара қашықтығы нормаға сәйкес келмейді. Аралары кемінде 55 см болуы тиіс стилаждар 25-30 см қашықтықта орналасқан. Ондай тар қуыста тұрып, әсіресе, төменгі қатарлардағы кітаптарды қарау, табу қиын. Әліпби бойынша орналасуы тиіс бірқатар әдебиеттерді стилаждарға сыймағандықтан  жоғарыға, бірінің үстіне бірін жинай салған. Кітапханашылардың айтуынша, мұнда кітап өңдеу бөліміне арналған бөлме де, қызметкер де жоқ. Кітаптың мүлік нөмірін, бақылау парағын, шифрын желімдеу жұмыстарын мамандар оқу залында отырып жасайды. 

 Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы арқылы еліміздің даму бағыты ұлттық, рухани құндылықтармен тығыз байланысты болмағын, болашақ – білімді, бәсекеге қабілетті жастардың қолында екенін көрсетіп берді. Демек, рухани байлықтың ордасы болған кітапханаларға да мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, аудандық кітапхана ғимараты заман талабына қарай  жөнделіп, кеңейе, көркейе түседі деген сенім мол. Ғимараттың осындай ыңғайсыздығына қарамай мұнда оқырмандардың көптеп келуі кітапханашылар жұмысының нәтижесі дер едік. Аудандық кітапхананың директоры Салтанат Мамажанова, әдіскер Гүлнәр Жұмашқызы, кітапханашылар – Сәниям Азизова,  Күлия Саурықова, Галина Свининникова, Гүлдана Сәрсенбаева,  Айша Бүгенебаева, Ләззат Талиповалардың және барлық ауылдық кітапханалардағы кітапханашылардың халықтың рухани сұранысын өтеу мақсатындағы  еңбектері зор.                                  

Нұрбану  КАМАЛ.

Оқылды 2553 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Оқырмандар негізі – жастар Оқырмандар негізі – жастар »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 28, 2024

АЭС – объективті қажеттілік

АЭС — электр энергиясын экологиялық таза жолмен өндірудің бір түрі. Ядролық энергия…
Қырқ 27, 2024

о проведении республиканского…

г.Қонаев – 2024 год 1. Общие положения 1.1. Настоящее положение определяет порядок…
Қырқ 27, 2024

Республикалық конкурс өткізу туралы …

Қонаев қаласы – 2024 жыл 1. Жалпы ережелер 1.1. Осы ереже «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…
Қырқ 27, 2024

Сарапшы: Қоғамдық мәселелерге…

Ел тұрғындарының энергетика саласындағы мәселелерге қатысты пікірі қалыптасып, саяси…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау штабының өкілдері…

Атом электр станциясын салуды қолдау жөніндегі Халық штабының өкілдері ақтөбеліктермен…
Қырқ 27, 2024

Члены Народного штаба за…

В регионе продолжилась работа Народного штаба за строительство АЭС. Депутаты, эксперты и…
Қырқ 27, 2024

АЭС-тен көмірқышқыл газы да, күл де…

ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза…
Қырқ 27, 2024

Халықтық штаб: Атом электр…

Ақылбек Күрішбаев АЭС экологиялық таза энергияның сенімді көзі ретінде маңызды рөл…
Қырқ 27, 2024

АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық…

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың жұмысы бүгін Ақтөбе облысында жалғасты.…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет