Бейсенбі, 05 Қазан 2017 12:58

Өнерде шекара жоқ!

Тарихи бастауын сонау Күлтегін, Тоныкөк, біздер айтып жүрген Орхон Енисей жазуларынан, сына тасқа қашап жазылған Естеміс-Бұмын қағандарға арналған мадақ жырларынан бастау алған жыршылық өнер асыл мұрамыз. Елдің мұң-шерін, арман-мақсатын еш бүкпесіз, ашық айтқан Қорқыт ата, Сыпыра жырау, Кетбұға, Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған, Үмбетей, Бұқар тізбегі бүгін қайда?.. Иә олардың азаткерлік рухы дәуірдің қыспағына бой бермеді, бастары ноқтаға сыймады. Дегенмен ғасырлар бойы тот шалмас алтындай жарқыраған ата дәстүр жалғасын таба алмай отырғандығы бізді алаңдатуда. Осы тұрғыда «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен Асы округінде дөңгелек үстел өтті. Қолдау білдірген аудандық ішкі саясат бөлімі.

Келелі басқосуға ҚР Мәдениет қайраткері, жыршы Балтабай Ыбыраев, дәстүрлі өнерімізді дәріптеп жүрген азамат Алдаберген Шалипов, тарихшы Жұман Сұраншин қатысып отырды. Дөңгелек үстелді аудандық мәслихат депутаты, «Еңбекшіқазақ» газеті редакторының орынбасары Қайнар Жұмағожа жүргізді. Сонымен қатар, педагогтар, ақсақалдар мен жас буын үстел басынан орын алды.

Алғаш боп қор төрағасы кеңейтілген баяндама оқыды. Келелі ой айтып, қатпар тарих қойнындағы жыршылар рөлін де ашып берді Жаңаберген Мұхамедұлы: – Әдебиет тарихында жыршылар орны ерекше. Себебі бүкіл жыраулар поэзиясы болсын, эпостық жырлар болсын — халық ауыз әдебиетінің барлық үлгісі осы жыршылар арқылы жеткен. Олар кейде өз жанынан белгілі бір тарихи оқиғаларды дастан етіп жырлағандықтан, жыраулар деп те аталып жүрген. Жыраулық-жыршылық дәстүр болған өңірдің, сол өнер мектебінің өзіне ғана тән дәстүрлі әуен-мақамдары да болатыны белгілі. Сырдың жыраулық – жыршылық дәстүрі жергілікті атау ретінде Жиенбай, Нартай, Сәрсенбай, Нұртуған ақындардың жыр мектебі болып төрт топқа бөлінеді. Алайда, уақыт өткен сайын, сондай қайталанбас музыкалық туындыларды дүниеге келтірген талант иелері көбіне көлеңкеде қалып, сол мектеп түлектерінен әр кезеңдерде тәрбие алған жырау-жыршылардың бірі болмаса, біріне телініп кететін жағдайлар жиі кездеседі. Өкініштісі де сол, жырау мен жыршылардың қатары күн санап азайып бара жатқандығы. Қазіргі таңда мені «Бай мәдени-музыкалық мұрамыздың бүгінгі қоғамда мәдени-әлеуметтік үлес салмағы бар ма, дәстүрлі орындаушылардың рухани-ағартушылық жетекші факторға айналуының жолдары қандай?» дейтін сұрақ мазалайды. Біз тіл туралы, дін туралы, діл туралы көп айтамыз. Ал бізге жеткен мыңжылдық мәдениет туралы айта бермейміз, – деді.

Кейіннен ашық әңгіме алаңы басталды.

Кешегі хан мен бектердің қасында жүріп тарихты тізбелеп бүгінге жеткізуде жыраулардың еңбегі ерен. Осыны мойындауымыз керек. Ал жырау дегенде біз Қазтуған, Ақтамберді, Үмбетейлерді айтамыз. Әрине ол дұрыс. Әйткенмен бүгінгі таңда да жыраулар арамызда жүр. Тек Жетісу өңірінде кенжелеп дамығаны болмаса. Себеп, көңіл бөлінбеуінде, – деп бастады әңгімесін Балтабай Ыбырайұлы.

«Сыр елі – жыр елі» дейміз. Ата өнеріміз тек Сыр өңіріне ғана тән деген ойды да естиміз. Алайда, өнерде шекара болмайды емес пе?» – деген сұраққа: – Өте дұрыс айтасыз, өнерде шекара жоқ. Қазақстанның төрт бұрышында да өнер тең дамуы тиіс. Себебі, қанымыздағы қасиет бұл. Айталық, Жетісу өңірінде Жамбыл, Кенен, Құлмамбет даңғайыр жырау болған тұлғалар. «Түйенің ізі болса, өзі табылады» емес пе? Сол себепті бұл өңірде жырау болмаған деген жаңсақ пікірден арылуымыз қажет – деп түйіндеді.

Ал Жұман Сұраншин Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының төңірегінде кеңінен әңгімеледі. – Қазір жаһандану процесі жүріп жатыр. Ал сол жаһандануға жұтылып кетпес үшін, халықтық келбетімізден айырылып қалмас үшін бізге ұлттық дәстүрімізді қайта қалыптастыруымыз қажет. Бұны Елбасымыз «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Ұлттық кодымызды сақтауымыз қажет» деп атады. Ал осы ұлттық кодымыздың бірі – жыршылар. Мұнда тұтас еліміздің дәстүрі, жоралғылары, рухы осы өнерімізде жатыр. Ұлттық тәрбие де осында тұнып тұр емес пе?Ата өнеріміз сонау 14 ғасырда Сыпыра жыраудан 20 ғасырға дейін үзілмей жалғасып келді. Тек ХХІ ғасырда ғана тұралап қалғаны болмаса. Мұрын деген жырау «Қырымның қырық батыры» деген жырды 45 күн жырлаған екен. Бұл Қырғыздың атақты «Манас» жырынан да көлемді, – десе,Балтабай Ыбыраев:

Бұл дәстүрімізге орыс орам алған тұста кісен салынды. Себебі, жыраулар адамға рух береді. Сол себепті, ең бірінші кеңес жыршыларымызды бұғаттап, түрлі жаламен түрмеге тоғытты. Оған мысал айтайық, Балқы базардың бір термесінде:

Жігіттіктің екпіні,

Қаптаған қара дауылдай,

Күркіреп жауған көктемгі,

Қара бір нөсер жауындай... – дейді. Алғашқы екі жолын тыңдаған көкірегінде оты бар азаматтар көрпе астында бұғылып жатпасы ақиқат, – деп атап өтті.

Ал Алдаберген Шалипов көнермес дәстүрімізді дамыту үшін үйірмелер ашу керектігін сөзіне арқау етті. – Қазір бұл өнер Арқада ғана қалпын сақтап қалған. Оған бірден-бір себеп, жыршылық мектептер ашылған. Тіпті, әр ауылда үйірмелер бар. Ал қазір ше? Бізде домбыра үйірмесінің өзі жоқтың қасы. Бар болса да, саусақпен санарлық.

«Туғанда дүние есігін ашады

өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп Абай атамыз айтып кеткен ғой. Ал Зотоевич: «Қазақтың даласының өзі ән сап тұрады» деген. Осы қалпымыздан таймайық.

Бәрін айт та, бірін айт,ақын-жырауларға тән суырып-салмалық қасиет турасында, қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың: «…Ата-бабалардың ерлігі туралы жыр-дастандарға дегенде, халықтың сүйіспеншілігінде шек жоқ, соншалықты мол мұраны ауыздан-ауызға, жазбасыз, баспасыз, алып даланың бір шетінен, екінші шетіне жеткізіп, ғасырлар бойы ойда сақтау, олардың (жыраулардың) суырып-салма (импровизаторлық) ғажап қабілетінің көрінісі болса керек» деген тұжырымынан артық бірдеңе айта қою қиын. Дегенмен, ата өнерімізді адастырмай, тура жолға салу, оны дамытып, биік тұғырына тұрақтату – бізге міндет.

Қайнар ЖҰМАҒОЖА.

 

Оқылды 3085 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Өнерде шекара жоқ! Нашақорлық –  қоғам дерті »

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет