Сейсенбі, 11 Ақпан 2020 14:39

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні

БҰҰ шешімімен 2016 жылдың 11 ақпанынан бастап Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күні (International Day of Women and Girls in Science) атап өтіліп келеді. Басты мақсаты – ғылым мен білім саласындағы гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту.

Дүниежүзілік науқастар күні

Алғаш рет 1993 жылы атап өтілді. Бұл ерекше күнді белгілеу бастамасы Рим папасы Иоанн Павел Екіншіге тиесілі.

Халықаралық Қауіпсіз интернет күні

Жылдың екінші айының екінші аптасының екінші күні аталып өтеді. Мереке 2004 жылы Еуропа комиссиясының «Қауіпсіз интернет» бағдарламасы аясында бекітілді. Оның мақсаты – онлайн технологияларды, барлық әлемде, әсіресе балалар мен жастар арасында қауіпсіз әрі сауатты қолдануды насихаттау.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1976 жылы Петропавлда №5 орта мектепте Совет Одағының батыры, Қазақстанда жасақталған 316-атқыштар дивизиясының командирі Иван Васильевич Панфилов мұражайы құрылды.

Экспонаттардың бір бөлігі тікелей генерал Панфиловқа арналса, бір бөлігі 316-атқыштар дивизиясы (кейіннен 8-гвардиялық) мен Мәскеу түбіндегі панфиловшылар әскерінің ерлігіне арналған. Дивизия Қазақстанда жасақталған, негізінен Алматы және Фрунзе (қазіргі Бішкек) тұрғындарынан құрылған.

Экспонаттар арасында – панфиловшылар дивизиясында соғысқан солтүстікқазақстандық жерлестердің ардагерлік куәліктері, сол жылдардағы газет қиындылары, майданнан келген үшбу хаттар, азық-түлік карточкалары бар.

1992 жылы Мәскеуде Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративті Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы ноталар алмасу рәсімі өтті.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Кеңес Одағының Маршалы И.С Конев атындағы Алматыдағы жоғары әскери училищесі Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери академиясы болып өзгертілді.

2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетінде академик Манаш Қозыбаев атындағы дәрісхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті. М.Қозыбаев (1931-2002) - сан ғасырлық мұрағат құжаттарын көп зерттеп, Кеңес заманында бұрмаланып келген қазақ тарихын дамытуға елеулі үлес қосқан ғалым. Ол саяси қуғын-сүргін кезінде құрбан болған қазақ зиялыларын ақтау туралы бірінші болып мәселе көтеріп, Парламенттегі ақтау комиссиясын басқарды. Көрнекті ғалымның мыңнан астам зерттеу еңбектерінің біразы Қытай, АҚШ, Түркия, Корея, Иран елдерінде аударылып, кітап болып шықты. ҚР Үкіметінің қаулысымен еліміздегі бірқатар білім ордаларына ғалымның есімі берілді.

2009 жылы «Самұрық-Қазына»Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ құрылымында республикалық бюджет есебінен медициналық техникаларды сатып алуды ұйымдастыратын «СҚ-Фармация» компаниясы құрылды.

2011 жылы қазақстандық БАҚ саласында Үйлестіру кеңесі құрылды. Ол қоғамдық қатынастар мен БАҚ заңнамасын жетілдірумен айналысады, БАҚ үшін сараптамалық-ұсынымдық ұсыныстар мен тұжырымдар әзірлейді, ұлттық ақпараттық кеңістіктің жай-күйін зерттейді.

2015 жылы Алматыда бастапқы медициналық-саниттарлық көмек бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының әлемдегі алғашқы кеңсесі салтанатты түрде ашылды.

2016 жылы Қазақстанда баланың құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін жетілдіру және БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы Конвенциясына қатысушы ретінде Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін орындау мақсатында Қазақстандағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институты құрылды. Оның негізгі мақсаты – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірлесіп, олардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру.

2016 жылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылып шығатын «Орталықазиялық өнертану журналының» алғашқы нөмірі жарыққа шықты. Басылым Қазақстанға ғана емес, ТМД және шет елдерге таралады.

Журналдың негізгі мақсаты – өнер саласындағы қазақстандық ғалымдарды еуропалық деңгейге шығару, олардың жұмыстарына сілтеме санын көбейтіп, рейтингтерін арттыру.

2017 жылы Қазақстанда «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығы тағайындалды. «Тұмар» Ұлттық телевизиялық сыйлығын ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі еліміздің ең сапалы және өзекті өнімін анықтау арқылы қазақстандық сапалы телевидениені дамыту, ілгері жылжыту, телевизиялық өнім жасаушы талантты кәсіби мамандарды қолдау мақсатында бекіткен еді.

Дереккөз: inform.kz

Оқылды 3051 рет

Соңғы жаңалықтар

Мам 06, 2025

Қытай, Ресей және Италия –…

2024 жылы Қазақстан сыртқы экономикалық қарым-қатынасы тұрақты өсуіп, дәстүрлі…
Мам 06, 2025

Правовое просвещение студентов

В рамках реализации концепции «Закон и Порядок» состоялась встреча прокурора города…
Мам 06, 2025

Студенттерге құқықтық білім беру

«Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласының прокуроры Ерлан…
Мам 06, 2025

Қазақстан Нью-Йорктегі БҰҰ форумында…

2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде…
Мам 06, 2025

Казахстан значительно улучшил…

Международный рейтинг открытости официальной статистики Open Data Inventory (ODIN)…
Мам 06, 2025

76,4% населения страны доверяют…

Согласно результатам опроса, проведенного по заказу Казахстанского института…
Мам 05, 2025

1 мамырдан бастап жедел медициналық…

Жаңа өзгеріс ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі №32 бұйрығына сәйкес,…
Мам 05, 2025

Алматы облысында…

2025 жыл – Ішкі істер министрлігі «Профилактика жылы» деп жариялады. Мемлекет басшысы…
Мам 05, 2025

Биылғы құрылыс маусымы аясында…

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес биылғы құрылыс маусымы аясында13 мың шақырым жол…

Күнтiзбе

« Мамыр 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет