Бейсенбі, 28 Шілде 2016 15:26

Бостандық үшін Күрескендер

1916 жылы  Жаркент уезінде  барлығы 30 болыстық басқарылымдар/ Волостное управление/  болған.   Оның  ішінде 14-болысы Албандар,  6-болысы Суандар,  10-ата басқа, аралас аталардан құрылған.

Ал Верный уезінде 3 болыс Албан атаның балалары болды. Соның ішінде Түргеннен бері,  Далашыққа дейінгі жердегі елдің басын құрап, патша үкіметі   Қызылбөрік болысы деп құрылым жасапты.

 

1916 жылғы Патша ағзамның «Қол астындағы Бұратана халықтардан соғыстың қосалқы қара жұмысына, елден жігіт жинау туралы» – деген 25 июнь жарлығы шығады.  Бұрын соңды болмаған бұл хабар елдің төбесінен жай түскендей әсер етті. Әр жерлерден наразы көпшіліктің қарсылықтары естіліп жатты. Патша жарлығын таныстыруға келген уез басшылары да  қақтығысқа душар болады. Верный уезі бастығының көмекшісі Хлыновский мырза мен 12 айдауылдарымен Асыдағы Жамбас жайлауында отырған 3 август күні болыс ауылына келеді. Ауылға келісімен үлкен шу шығарады.

– Әскерге алынатын жігіттердің тізімі әлі жасалынбапты – деп одан бетер елдің апшысын қуырады. Алдына келген елдің беделді адамдарына қамшы үйіреді. Дереу тізім жасауды бұйырып, болысқа зіркілдейді. Осы қысымға  ыза болған жұртшылық жан-жаққа хабар жібереді. Тосыннан келген, ауылды ұлардай шулатқан әскерлерді көріп назаланған топ жан-жақтан қаруларын алып, ауыл шетіндегі үлкен сайға жинала бастайды. Бұрын мұндай қорлықты көрмеген жігіттер: «Қайтсек те өліспей беріспейміз» – дегенге бекінеді. Арасы үш-төрт сағат ішінде 200 ден аса жігіттер жиналады. Оның көпшілігінде бердеңке аңшы мылтықтары бар, қаруы жоқтар сойыл-шоқпарлармен қаруланған айбарлы жасақ орталарындағы  жасы 35 жасқа келген Шағаман Ыбырай – деген,   кезінде барымташы болған,  ерлігімен ел аузындағы батырды жасақ басшысы етіп сайлайды.  Сонымен бұлар ауылды қоршап алады. Бұл жасақ басшылары үйге еніп, келісім жасасуға ниеттенеді.  Қабыке болыс орыс шенділерінен райы-нан қайтуын,  бала беруге халықтың қарсы екенін жоғары жаққа айтып баруын сұрайды. Оларды менсінбеген кердеңдеген Хлыновскийді, Ыбырай батыр секіріп барып, жағынан бір ұрып жібереді. Осы кезде жасақ сарбаздары солдаттарға жабыла кетеді.  Жаңа  басталған тізім жыртылып отқа тасталынды. Қарулы қарсылық көрсеткен бір орыс солдатын өлтіріп, төрт-бесеуін жарақаттайды. Қалғандарының қаруын тартып алып, өздерін жаяу қуып жібереді. 

Айбарлы деген солдаттар қару жарағынан,  атынан айырылып,  жаяу жалпылап төменге қарай қашып кетеді. Осы оқиға әкімшілік орындарда әйгілі болған «Қызылборикское дело» атпен ашылған тарихи дерек топтамасы ретінде  қалды. Үріккен елмен бірге, үкіметпен ат құйрығын кесіскен болыс  Кабыке де елдің амандығын ойлап, елді ұйымдастырып Қарқараға қарай ығысады.  Олай болмағанда  орыс әскерімен қақтығыстың болатыны айдан анық еді. Торыайғыр тауынан өткеннен кейін,  сол жерге қарулы 40 жігіт Шағаман Слаңғожа батырдың басшылығымен солдаттарға тосқауыл болады.  Осы Жер бүгінде  Қырық жігіттің шаты деп аталып тарихта қалды.

Алда қасиетті Қарқара жері  мұнартады. Үдере көшкен көші соған беттеп барады. Ығысқан ел   Қарқарада  тұрақтай алмай, ары  Қытайға кетеді. Өйткені бұл жерлерде де қарулы қақтығыстар болып жатты. Жол бойы ел қорғаған ер жігіттердің қайратымен,  түрлі қақтығыстарға, тонауларға төтеп беріп  жан сақтады. Ығысқан шұбатылған көш, шұбырынды ел, алдарында айдаған малы бар. Ашық жазықпен емес, сай-саламен, көбіне тау сағалай жүреді. Көбіне күндіз тығылып, түнде жолға шығады. Қытай жеріне үріккен ел үш бағытпен жүрген. Біреулері Хантәңірі баурайын ала Текесті бойлай жүрсе, енді бір тобы Шалкөде жайлауын ала Түзкөл Қаратау арқылы, енді бір топ Үйсін /Кетпен/ тауындағы Жонданның жота жолдары арқылы өткен. Тағы бір қиыны Шекара бойындағы қытай шеріктері еді. Шекара күзететін шеріктер екі ұлттан тұратын Бірі Кетпен/ Үйсін тауы мен Тянь-Шань тауы аралығында қалмақтар болса, екіншісі Сібе соландар/ манжур тектес халық/  Олар Кетпен тауы мен Қорғас аралығын күзетті. Сібе соландар қалмақтарға қарағанда тектілеу, азға қанағат еткен халық екен. Олар қазақтарға көп жақсылық жасаған. өткізуге көмектесіпті. Ал ата жау қалмақтар қазақтарға айтулы кедергілер жасап, көп жерлерде  шекараларда қарулы қақтығыстарға барған.

Елден ауып барғандар, ол жақта бұрыннан тұратын Қызайлар, Суандар,  Албан атаның кейбір аталарын пана тұтты. Арада бір жыл өткен соң, 1917 жылы  «Патша үкіметі құлады, ел тынышталыпты, жағдай түзеліп, ел өзі-өзіне келіп жатыр екен» – деген ұзын құлақ хабарлар шығады. 1918 жылы көктемінде Қытай елінен туыстарының басын жинақтаған Қабыке көші де, Асы жайлауына  қайтып  оралады.

1920 жылы Совет үкіметінің облыстық басшылығы,  «1916 жылы патша үкіметіне  қарсы шыққан революционер, әрі білімді іскер адам» – деп, Қабыкені кеңес болысына сайлайды. Осы қызметті 1925 жылға дейін істейді. Одан ары денсаулығы сыр беріп, ел билігінен босайды. 1929 жылғы жаз ортасында Асы жайлауында Қабыке ата қайтыс болады. 1929 жылы болыстың тұқымы, байдың тұқымы – деп Кабыкенің ұрпақтарын, баласы Қалиақпар ата бастаған барлығы 41 адамды  ұстайды.  Қалиақпар атаның нұсқауымен, әр-әр жерде қолайлы мүмкіндіктерді пайдаланып, ұсталған адамдар сытылып қалып отырады. Осы адамдардан кейін оны ғана тірі қалған еді. Әйелі Салиханы Қаракемерде тастап кетеді. Ол жерден жақын аталас Ұзақ деген кісі Сарытау арқылы Суықтоғайға туыстарына өткізіп жібереді. Бұл жерде де көп тұрақтамай Бәли, Бөде ағалары арқылы қызы Тұрарды алып, Тоғызбұлақтағы төркінін паналапты.  Қалиақпар атаны Алматы қаласына апарып, тергеуге алады. Ақырында үштіктің сотымен бай-құлақ  деп танылып, Сібірге  10 жылға айдауға жіберіледі.

Ол жер Алтай өлкесі секілді екен. Өйткені жергілікті жерде қазақтар көп, лагерь бастығы да қазақ болыпты. Тұтқындарды  лагерден ертемен шығарып,  орман ішіне апарып, күні бойы қарағай дайындатқызады. Тұтқындардың дұрыс тамақтанбаған-дығы мен жұмыс ауырлығынан жағдай-лары қиындап, аурудан  адамдар жиі  өледі. Өлгендерді жарға апарып, терең орға құлатып, итеріп тастайды. Кейін оншақты болған соң, беттерін топырақпен бірақ жауып, көміп  отырады.

Осындай қиындығы мол бір күні, бір тұтқын сыбырлап, «Іштеріңде дем салуды білетін,   молда барма?» – деп төңірегіне ақырын сыбырлап,  сауал салып жүреді. Оны құлағы шалған Қалиақпар ата, ақырын сыбырлай

– Оны не қыласың, айтқанымен білсе, атып тастайтын шығар?

– Жоқ, атудан аман. Ауырған балаға,  бір  дем салатын кісі керек болып тұр.

– Онда мен білемін. Мен діни оқыған, білімі бар адаммын.

– Онда менің артымнан ілесіңіз, – деп орман ішінен соқпақ жолмен  ілестіре шетке алып шығады. Күзетші солдаттар көрсе де, ештеңе демейді. Қалиақпар атаны артынан ілестірген адам,  бір қауым жер жүрген соң, ақырында орман шетіндегі бір ауылға ертіп келеді. Шеткі қоршауы биік, көк қақпалы бір үйге  кіреді.  Ол үйде күтіп, бір отбасы мүшелері тұрады. Осы үйдің иесі тікелей Түрме бастығы екен. Кішкене баласы қатты ауырып, естен танып құлапты. Жақын жерде дәрігер ештеңе істей алмай, «дем салғыз» – деп түрме бастығына кеңес беріпті. Осы ауырған баласына медет бола ма – деп дем салатын адам іздеген екен.

   Жағдайды түсінген Қалиақпар ата, – Мен екі ай болды жуынған емеспін, үстім таза емес, тазалануға мүмкіндік  жасаңдар – депті. Бастық тез арада монша жаққызып, атаны оған түсіріп, жаңа киімдер беріпті. Ескі киімдерді өртеткізіпті. Киімді өртер кезде оның қалтасындағы кішкене Құран кітапты Қалиақпар ата алып қалған еді.

«Бисмиллахир рахмони рахим»-деп Құранды ашып, лайықты деген сүрелерді оқып отырып, балаға үшкіріп дем салыпты. Дем салған соң, бала аздап оңалып, басын көтеріпті. 3 күннен соң езу тартып күліпті. Бір жетіден соң тұрып,  жүріп  оңалып  кетеді. Қалиақпар атаға әбден разы болған түрме бастығы ол кісіні үйіне алып қалыпты. Бос уақытында оны-мұны үй жұмыстарын істеткізеді. Осылай арада екі айдай уақыт өтеді.  Жағдайы түзеліп, әжептәуір жақсарып қалады. Сонда да үкімет заңынан қорқып, шыдай алмай Кабыке ата, бастығына айтыпты.

– Бастық мен орныма барайын, мені іздеп жатқан шығар – десе,

– Сізге мен тұрғанда ешкім тиісе алмайды. Жақсылыққа жақсылық – деген, сіздің жақсылығыңызды ұмыта алмаймын. Мен сіздің қағазыңызды жөндеп жазып берем.  Мен сізді аман-есен еліңізге қайтарам. Тек бір қолайлы уақытқа дейін осы үйде жүре тұрыңыз.

   Күн жылынып,  сәті бір келген кезде,  жылы киімдерін түгендеп, ақша, жолға азық салынған бір, темірлер салынған екінші рюкзакты беріпті.

– Өзенмен үш күн жүріп, кемемен шыққан соң қамыс арасына барып мына дорбадағы темірлерді ағаштан саптап алғын. Мына қағаздар құжатың. Елге барған соң, бірақ ашарсың, Бірақ сақтық үшін, жолда оны ешкімге көрсетпе –деп бүктелініп салынған қағазды төс қалтасына салып береді.

Осылайша тұтқында 1,5 жыл уақытын өткізіп, 1931 жылы  елге қайтады. Параходтан түскен соң, қамыс арасына барып ашса,  айбалта, пышақ,  балық шаншитын жеңіл шағын   найза  екен. Бәрін ыңғайлы ағаштан саптап алып жолға шығады. Көп ұзамай бір өгізін мініп, екінші өгізін жетекке алған бір қазақ жігітіне кезігеді. Оған консерві ет, нан беріп,  екінші өгізге мінгесіп бірге Іле өзеніне келеді. Осы жерде өгіз иесінің бойын қорқыныш билеп, «Көпір тексерісінен, өзің бірдеңе ғып өткін. Мен сен үшін жауапталып кетемін» – деп, тастап кетеді. Көпір салушы жұмыскердің бәріне жолығып: «Бауырым, бәріміз қазақпыз ғой, құжатым жоқ, алыстан келемін. Тамаққа консерв, нан беремін. Мені байқатпай мына көпірден ары өткізіп жібер – деп көмек сұрайды. Қалиақпар атаға өзінің сыртқы киімін кигізіп, қалын нөпірмен ертіп кетеді. Осылай амалдап жұмысшы бейнесінде көпірден өтеді. Ел жағалап Жалқамыс деген  поселкесіне келсе, ауыл түгел өртеніп кетіпті. Ұзақ жол жүріп, ел-елді аралап  Сарытауға келгенде, бір өгіз тауып мініп Алғабасқа келеді. «Жалғыз балам Төлеуді тауып алайын», – деп Қытайға баруға жолға шығады. Шекарадан қанша көрінбей өтсем, – деп талаптанғанымен Нарынқолдың Сүмбесі тұсында шекарашылармен қақтығысқа ұрынады. Асудағы  атыс кезінде тау басынан тастан тасты паналып, көп ұзап кетеді. Шың басына ашыққа шыққан сәтте оқ тиеді. Бірақ жеңілдеу  жараланған ол, өтірік өлген адам секілді терең жыраға түсіп, жатып қалады. ГПУ-дің солдаттары жақындауға, ара қашықтық алыс болған соң өлді-деп  кетіп қалады. Кеш түсе шекарадан ары өткен соң ашық алаңда қалмақтың үйі кезігеді. Қалмаққа қазақшалап «Тамақ пісіріп жейік, қазаныңды бер» – десе түсінбей, қуалап айғайлайды. Осы кезде бір қазақ атпен келіп қалып, жағдайды тез бағамдап,  ертіп кетеді. Үйіне апарып, демалдырып, ары қарайға жөн сілтейді. Ел-елден Мәңке ақалақшыны сұрастырып жүріп,  көп ұзамай  осы елде мұғалім болып жүрген баласы Төлеуді тауып алып, кездеседі. Осы кезде жас сәби өмірге келеді. «Енді бас-аяғымыз құралсын» – деп балаға Құралбай – деп ат қояды.

Бұл жерде де, молдалық жасап,  елге дем салып, құран оқыпты. Әр кезде алыстан ат жіберіп, шақырып ем жасатыпты. Емшілігінде алмас, кепірешпен  емдеген екен. Еңбегіне қарай елдер түрлі мал беріпті. Ел-жұртты түрлі аурулардан емдей жүріп, өзі де жұқпалы дертті бойына жұқтырып Қытай жерінде қайтыс болады.

Болат Сәрсенбай.

Оқылды 3426 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Ерлік кездейсоқ болмайды Бостандық үшін Күрескендер »

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет