Мәңгі мызғымастай болып көрінген Кеңес Одағының іргесі сөгіліп, бұрынғы одақтас республикалар тәуелсіздік алып, дербестікке бет қойған кезеңде біздің еліміз де ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың асқақ арманы болған, осы жолда қаны мен жанын аямай күрескен халқымыз тоталитарлық орталық құрсауынан құтылып елімізді, мемлекеттігімізді құру жолына түскен еді. Қалыптасып қалған шаруашылық салаларды бір орталыққа бағынып, өндірісті жүргізуге ыңғайланған жүйені жойып, нарықтық яғни бәсекелестікке, экономика либералдық, яғни еркін сұранысқа бағытталуы тиіс болатын. Шешім дұрыс, өйткені әлемдегі дамыған елдер осы жүйеде, нарықтық жүйеде дамып келе жатыр…