Отбасы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Алғаш дүние есігін ашқанымызда қым-қиғаш өмірдің салқынын сездірмей, аялы алақан мен мейірімді жүректің шуағына бөлейтін де осы жер. Осында қабырғамыз қатайып, буынымыз бекиді. Ата-анамыздың қамқорлығы мен тәрбиесінің арқасында өмірдің қатал заңына қарсы тұрудың да қыр-сырын меңгереміз. Әйтеуір, отбасының тыныштығы мен жарасымы алдағы өміріміздің көрсеткіші іспеттес. Отбасы балғын балалық шағымызда еркелігімізді көтеріп, барша қауіп пен қатерден қорғайтын, оның үстіне бар жағдайымызды жасайтын…