Заң – бәрімізге ортақ, ал оның дұрыс орындалуын қадағалау – прокуратураның құзырында. Осыған орай, прокурорлардың кәсіптік мерекесі қарсаңында аудандық заң қадағалаушыларының осы жылғы атқарған жұмыстарын оқырман назарына ұсынғанды жөн санадық.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ұйымдастырушылық және тәжірбиелік шараларды іске асыру бойынша Қорам ауылдық округінің әкімі аппаратында жоспар жасалынған. Жоспар бойынша мектептің жоғарғы сынып оқушылары мен округ тұрғындарының қатысуымен семинар-кеңес, «Дөңгелек стөл» форматында жиындар өтіп тұрады.
Аудан әкімі аппараты ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының орындалуы жолында облыстық, аудандық әкімдіктер тарапынан қабылданған директивалық құжаттарды және «Қазақстан Респбликасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар аймақтық жоспарын бекіту туралы Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы №449 қаулысын басшылыққа ала отырып жұмыс жасауда.
Жақында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық министрлігінің «Ұлттық аграрлық ғылыми білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ғылыми ұйымдарының ғалымдары агробизнес өкілдерімен және әкімдік қызметкерлерімен кездесу өткізді. Жиынға акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Асқар Наметов, «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС директоры Серік Кененбаев, «Қазақ мал шаруашылығы және азықтандыру ҒЗИ» ЖШС директоры Әбдірақман Омбаев, Қазақ ұлттық аграрлық университеті ректорының кеңесшісі Бөрібай Жексембин, аудан әкімі Бинәлі Ысқақ, Ұйғыр ауданының әкімі Алимжан Тохтасунов, Алматы өңіріне қарасты тоғыз ауданның әкім орынбасарлары мен бөлім басшылары, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Жиынды аудан басшысы Бинәлі Әбдіқапасұлы жүргізіп отырды.
Тәуелсіздік ақ таңының атқанына биыл ширек ғасыр толды. Бабалар аңсаған күнге жету біз үшін оңай болған жоқ. Сондықтан, егемендіктің 25 жылдығы аясында елімізде түрлі шаралар ұйымдастырылып, халқымыз қадір тұтқан Тәуелсіздік мерекесі тойлануда. Осы игі іс жақында ауданымызда жалғасын тапты. Облыс әкімдігі және облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды 25 іс-шара» аясында «Жетісу керуені» атты акция өткізілді.
Әлбетте, «тәртіпке бағынған құл болмайды». Сол секілді Ата-Заңды ардақтаған азамат жатқа күлкі, дұшпанға күң болмайды. Мұны ұғыну үшін ауыз толтырып айтарлықтай ақыл да қажет емес. Тек түйсікпен түсінсе болғаны. Осы ретте алғанын бермей, көрсе де көрмей жүрген борышкерлердің қытымыр қылықтары дөңгелек үстел басында сөз болды. Аудандық соттың ұйымдастыруымен өткен шараға Алматы облыстық сотының судьялары Арыстанбек Стыбаев, Фархад Абдуллин, Талғар аудандық сотының судьясы Нұрлан Шаймерденов, Іле аудандық сотының судьясы Айжан Устенова және Еңбекшіқазақ аудандық соты судьясының міндетін атқарушы Айдар Омаров қатысты. Аудандық прокуратура, жеке сот орындаушылары, қорғаушылар Есік қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залынан орын алды. Дөңгелек үстелді Фархад Фазылжанұлы жүргізіп отырды.
Одиннадцатое ноября можно назвать стартовым днем газификации района, которая начнется с райцентра и Тургенского сельского округа. В этот день аким г.Есика Бауыржан Бименов пригласил в районный дом культуры членов местного самоуправления, председателей КСК, квартальных, уличных, домовых комитетов, руководителей городских и тургенских учреждений и предприятий на встречу с инвестором проекта газификации – ТОО «АПЛ-Констракшн», проектировщиками и строителями-подрядчиками.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Райымбек батыр атындағы орта мектептің конференцзалында «Табысты мемлекет – табысты ел» тақырыбында конференция өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Елім-ай» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асқан шараға аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Талқамбаев, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Х.Ахметжанов, қор төрағасы Ж.Мұхамедов, мектеп директоры Ә.Түбекбаев және округтердің белсенді ақсақалдары мен жастар қатысты. Жиынды аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Исламов жүргізіп отырды.
Өткен аптада ауданымызға республикалық-облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келіп, аграрлық ауданның келешегі кемел екендігіне көз жеткізді. Атап айтқанда, республикалық «Қазақ радиосы», «Қазақстан Zaman», «Президент және халық» газеттері мен облыстық «Жетісу» мен «Огни Алатау», Талдықорған қалалық «Талдықорған» газеттері және жергілікті басылымдар ауданымыздың болашағынбарлайтын жиындарға қатысып, әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарын аралады.
Генеральная прокуратура РК 26 октября 2016 года выступила инициатором республиканской акции «Казахстан без насилия в семье», которая продлится до 26 мая 2017 года. К ее проведению подключились местные органы исполнительной власти, правоохранительные органы, учреждения образования, здравоохранения, службы социальной защиты, неправительственные учреждения. Цель акции – согласно Концепции гендерного равенства, принятой в Казахстане, поставить заслон бытовому насилию, защитить права женщин и детей, оказать социальную и правовую помощь членам неблагополучных семей. В национальной традиции казахов никогда не одобрялось рукоприкладство, психологическое, экономическое давление на слабых членов семей. Народная мудрость гласит, что избитая, униженная женщина никогда не родит батыра.