Бөлектіктер Ұлыстың Ұлы күнін Әймен ауылында жоғары деңгейде атап өтті. Думанды той Әймен орта мектебінен бастау алды. Сахна төрінде талантты оқушылар ән салып, би билеп, театрланған қойылымдар көрсетіп, бар өнерлерін ортаға салып жұршылықтың қошеметіне бөленді. Әсіресе, қыс айындағы жаңа жыл мен наурыз айындағы жаңа жыл болып айтысқан Жасұлан Дүйсембі мен Асхат Мейрамханның өнерлері көрермендерді тәнті етті.
Ұлыстың ұлы күні – әз-наурыз мерекесі аудандық кітапханада ерекше форматта өтті. Кітапха-нашылардың ұйымдастыруындағы шараға ауданның құрметті азаматы, жазушы, ақын Шаяхмет Құсайынұлы, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Нұрғиса Алишев қатысты.
«Қазіргі жас буын өзара сөйлесуден қалды. Тестке қарап телміріп, жаттаумен уақытын өткізеді». Дәл осылай шулаған еді осы күнге дейін ҰБТ жөнінде әңгіме қозғала қалса ата-аналар. Енді тестің жөні бір бөлек, қорытынды аттестациялаудың жөні бір бөлек. Яғни биылғы түлектерді жаңа сын күтіп тұр: аттестат алу үшін қорытынды аттестациядан өтеді, білімін жетілдіріп, жоғарғы оқуға тапсыру үшін ҰБТ-ға жүгінеді. Бұл төңірегінде жақында Райымбек Батыр атындағы орта мектептің акт залында кеңінен әңгіме болды. Оған аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Айжан Тортаева, аудандық ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының директоры Қарлыға Қасымова және 20-дан астам мектеп түлектерінің ата-аналары қатысты. Сонымен кезегімен әңгіменің ауанын айтайық...
Наурыз – көктемнің алғашқы айы. Жаныңды жадыратып, көңілдегі кірбіңді сейілтетін, ағайындардың арасында азды-көпті реніші болса кешірісіп, татуласуға бетбұрыс жасайтын, сөйтіп, 22 наурыздағы жаңа жылды баршаның жылы қабақпен, шуақты күндерді мол үміт-пен қарсы алатын мерекелі де берекелі ай. Бұл айдың сонымен қатар Жапарұлы Әбдіхалық атамыздың әулеті үшін тағы бір ерекшелігі бар. 8 наурыз – Әлиасқарқызы Күлбала анамыздың туылған күні болса, 10 наурыз асқар таудай әкеміз болған Сәрсен Әбдіха-лықұлының дүние есігін ашқан күні. Өкінішке қарай, екеуі де бүгінде бұл өмірде жоқ. Анамыз осыдан тура он үш жыл бұрын өмірден озса, әкеміздің бақилыққа кеткеніне үшінші жылға аяқ басты. Егер тірі болса дәл осы күндері анамыз 90 жасқа,әкеміз 95-ке келер еді-ау.
Сущность любой ярмарки – представить лучший товар на всеобщее обозрение. Как говорится, чем богаты, тем и рады. А какое богатство у школы? Разумеется, таланты и способности ее учеников! В СШ имени Каныша Сатпаева есть и артисты, и поэты, и художники, и исследователи глубин науки. Все это было продемонстрировано на ежегодной школьной «Таланттар жәрменкесі» – «Ярмарке талантов». В 2017 году участвовать в ней пожелали более 400 ребят. Три месяца строгая комиссия во главе с учителем русского языка и литературы Дамирой Амаровой отбирала лучшие рисунки, прикладные изделия, научные работы, творческие номера. И второго марта школьному коллективу и родителям были представлены результаты долгого и напряженного кастинга: большая выставка картин и рисунков, предметов декоративно-прикладного искусства, гала-концерт юных исполнителей танцев и песен. Грамоты и благодарности в своих номинациях также получили авторы стихов и прозы, юные ученые, выступающие с исследовательскими проектами на конференциях Малой академии наук, фотографы, корреспонденты.
Открывая мероприятие, директор школы Бибигуль Букаева сказала:
Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында Ават ауылдық округінің мәдениет үйінде «Super Kelin» атты келіндер арасында сайыс өтті. Шара мақсаты – келіндерді ұлттық тәрбиеге баулу, келіндерінің инабаттылығы, шеберлігі, адалдығы мен қонақжайлығын насихаттап, салт-дәстүрді дәріптеу.
«Әйел деген әдемі ғой әдемі,
Әдемілік бізге көптік етпейді» – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлаған әйелдер қауымының төл мерекесі қарсаңында ауданымызда түрлі саланың дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандылар мен ардагер ана-әжелеріміз ақ дастарханның төрінде бас қосты. Аудан әкімі Бинәлі Ысқақ Көктөбе ауылындағы «Alatau Holl» мейрамханасында өткен «Ол менің асыл анам» атты кеш барысында барша әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Жақында аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметовтың төрағалығымен аудандық депутаттардың тұрақты комиссияларының біріккен отырысы өтті. Биылғы жылғы мұндағы басты өзгешелік – тұрақты үш комиссия емес, оның саны төртке жетті. Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды: экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің 2017-2018 жылдарға жоспарлаған жұмыстары туралы, депутаттық сауалда көрсетілген мәселелерді орындау мақсатындағы аудандық ветеринария бөлімінің атқарған жұмыстары туралы есебі, биотермиялық мал қорымдарын күтіп ұстау деңгейі мен тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі, ауыл шаруашылығы ет-сүт өнімдерінің қозғалысын қадағалау, үшінші, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының 2017-2018 жылдарға жоспарлаған жұмыстары туралы есебі, төртінші, 2017-2018 жылдарға ауданның инфрақұрылымын дамыту мақсатында құрылыс саласына бөлінген қаражаттың бағыттарын, қала мен ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу және абаттандыру туралы мәселелерді қарастыру, бесінші, 2016-2017 оқу жылындағы аудандық білім бөлімінің жұмысының қорытындылары мен көрсеткіштері туралы есебі және 2017-2018 жылдарға негізделген саланы дамытуға бағытталған іс-шаралары туралы.
Жақында Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде Алматы облысы кәсіпкерлер палатасының Еңбекшіқазақ аудандық филиалының 2016 жылғы атқарылған жұмыстарының есебі берілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Алтай Досумбаев, прокуратура қызметкерлері және ауданымыздағы кәсіпкерлер қатысты.
Əлемді өзгерістердің өкпек желі өбіп тұрған сəтте, оған қарсы қорған құру – əбестік. Керісінше, желкен тұрғызу керек. Көреген Көшбасшымыздың осы ойы сəт санап маңыздылығын көрсетуде. Оң бағытқа бастаған қадамын жүйелі Жол- дауларымен, берері мол бағдарламаларымен, түрлі сындарда қалқан боп қарсы тұрар стратегияларымен нықтап басып келеді. Нəтижесін көріп те, біліп те жүрміз. Осы ретте дəстүрлі биылғы Жолдауы тағы бір жарқын келешекке даңғыл жол ашты. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бəсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы бағыт-бағдарымызды талдау, түсіндіру мақсатында жиын өтті аудандық əкімдіктің мəжіліс залында. Аудан əкімі орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, облыстық, аудандық мəслихат депутаттары, ауыл əкімдері ақсақалдар алқасы, əйелдер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері мен белсенді жастар бас қосқан жиында аудан басшысы Бинəлі Ысқақ кеңейтілген баяндама оқыды. Отырысты аудандық мəслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізіп отырды.