Дүйсенбі, 29 Мамыр 2023 20:32

Қазақ әліппесінің атасы

Алаш алыптарының ең биігінде тұрған, қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы ғалым, Ыбырай Алтынсариннен кейінгі еңбегі ерекше ағартушы педагог, қазақ баспасөз білімінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, дарынды ақын, аудармашы, әдебиет сыншысы әрі ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысы, Торғай ауданында Сарытүбек деген жерде дүниеге келген. Ахмет он үш жасқа келгенде әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас ояз начальнигі полковник Яковлевтің озбыр қылығына шыдамай оны атынан аударып түсіріп, сабап, қасындағы нөкерлерін қамшымен ұрып, ауылынан қуып…
Әлемдегі классикалық музыка мектебі әртүрлі және мол. Батыс Еуропа музыкасында Гайдн, Моцарт, Бетховен бастаған Вена классиктері болса, орыс классикасында Глинка, Чайковский, Прокофьев, Шостаковичке дейін жалғасып келеді. Ал, қазақ музыкасында профессионалдық классикалық музыка Мұқан Төлебаевтан басталады. Өйткені Мұқан Төлебаев ұлттық музыкадағы профессионалдық жанрдың баршасын жаңалығымен жасаушы болды. Әрине, оның түпкі тамыры халықтың ән-күйі, жыр тармағы, терме, желдірме, айтыс өнерімен тамырлас жатады. Бұлардың қай-қайсысы болсын қазірге дейін республикалардың жер-жеріндегі көркемөнерпаздар репертуарынан берік орын алып келеді. Өйткені, бұл әндер – тақырыптық ауқымы зор,…
Тіршілікке жан бітірген жазғытұрыммен жағаласа келген кішкентай құсқа – Наурызек деп ат қойып, осы мейрамда мейманына ұсынатын асын – Наурыз көже атайтын, бұл күні ықылас сұрап, қол жайған жұртқа айтылатын тілекті – Наурыз батасы деп айшықтайтын, тіпті осы Жаңа жыл мерекесінде орындалатын ән-жырды – Наурыз жыры деп әспеттейтін қазақтан басқа қай халық бар? Қазақ әдебеиетінде де Наурыз туралы жырлардың алар орны айрықша. Өйткені Ұлыстың ұлы күні ұлтымыз өмір-салтының ажырамас бөлігіне айналғаны ақиқат. Ертеден келе жатқан тұрмыс-салт жырларының бір түрі –…
Бейсенбі, 09 Ақпан 2023 09:36

Есіңе мені алғайсың...

Мұқағали Мақатаевты қазақ халқының тіліне шынайы мұрагерлік етіп, тіл байлығын өзінің жүрегінен тулап шыққан туындылары арқылы толықтырып, ұлт поэзиясының патшалығын жауһар сөздерімен жарқыратып, құндылықтарымен құлпыртып әрлеген әз ақын десек әсте артық болмас! Алматы облысы «ТІЛ» оқу-әдістемелік орталығы және аудандық филиал қызметкерлері мен этнос өкілдерінен құралған тыңдаушылары да қазақтың нарқасқа ақынының жүрегінен үзіліп түскен жырларын жатқа оқиды. Ақын өмірінің бұралаң бұлтарыстары көп жолын жүрегімен сезінеді. Күллі халық әр сөзі зерлі де зиялы мұзбалақ ақынның жылдағы туған күнін атап өтіп, ерекше ілтипатпен…
Бейсенбі, 09 Ақпан 2023 09:34

Уақыттан озған жыр

Мұқағали өлеңдері – ұлттық поэзияның жаңа бір белеске көтерілгендігін, жаппай жаңа ағымға ойысқан заманда қазақтың қара өлеңінің шынайы қасиеттерінің қадірі артып, бұрынғыдан да толысып, кемелдене түскендігінің куәсі. Ол қазақ өлеңінің ұлттық бояуы мен рухын ұстанды, оны түрлендіре байытты, сөйтіп қалың қазақ оқырмандарының жүрегіне жол ашты. Сонымен қатар ақын қазақ лирикасын ХХ ғасыр әдебиетінің озық үлгілерімен құнарландырды. Мұқағали сыршыл ыстық лирикасымен өз оқушыларының жүрегіне жол тапты, оларды жақсы жырдың ләззатына қандырып, өзінің болмысымен адамзатқа ортақ ақиқатты жырлап, қалың оқырманның жан жүрегін…
Дүйсенбі, 26 Қыркүйек 2022 14:37

Ұлылар үндестігі

Аумалы-төкпелі дәуірде туып, ұлт үшін топтаса білген кешегі зиялылар шоғырының шыңында, сөз жоқ, өзі ғалым, ақын, аудармашы, ұлы педагог, қазақ әліпбиінің алғашқы реформаторы Алаштың Ахаңы – Ахмет Байтұрсынұлы тұрды. Биыл, Мұхтар Әуезовтің тілімен айтсақ, «мағынасы үлкен уақиға», «ой ойлаған қазақ баласының жүрегіне жылы тиетін қуанышты істің бірі», «әркімнің қалғыған сезімін оятып, өткен күндерін есіне түсіретін көп істің ішіндегі ірісі» – Ахаңның 150 жылдық мерейтойы. Сондай-ақ, Ахаңның зор тұлғасы мен сан қырлы таланытына тағзым еткен М.Әуезовтің туғанына да 125 жыл толды.…

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Наурыз 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет