Сейсенбі, 11 Мамыр 2021 12:29

Ерліктің ескерткішіне айналған есімдер

Табиғаты таңғажайып Таутүрген даласында  сұлулықтың сырымен қоса, ерліктің өшпес жырына айналған  тарихтың ізі жатыр. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Таутүрген ауылынан 128 адам елін қорғауға  аттанса, 65 адам  Ұлы  Отан соғысынан аман-есен еліне оралды. Майданда  атой салған ардагерлерміз соғыстан кейін де ел өміріне араласып, аянбай тер төкті.

Бүгінде  ауылымыздағы орталық  көшелердің біріне Әбілда Бөркеевтың  есімі  берілген. Әбілда Бөркеев  ел басына күн туған кезде бар күш жігерін аямай, табандылықпен еңбек етіп, өз қалтасынан танк жасауға 100 мың сом ақша берген. Осылайша, соғыс жылдарында нағыз жомарттық үлгісін көрсеткен жан.

 

Ауылымыздан соғысқа қатысқан арадагеріміздің бірі Әбдіхани Жайлаубаев ерліктің ескерткішіне мәңгілікке есімін қалдырды. Өйткені батыр бабамыздың Рейхстаг қабырғасына «А.Жайлаубаев, Алматы» деп аты-жөнін жазған. Соғыстан  оралған соң Әбдіхани Жайлаубаев агроном қызметін атқара жүріп, ең алғаш алма бағын отырғызды. Бүгінде ардагер атамыздың ізін жалғаған   бағбандар  ауыл аумағын  жасыл бақпен   жайқалтып келеді. 

Ұлы отан соғысының ардагері,  ұлағатты ұстаз Сәрсен Әбдіхалықовтың  өмірі жас ұрпаққа мәңгі өнеге. Сәрсен Әбдіхалықов Ұлы Отан соғысына алғашқы күннен қатысқан. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеуде Қызыл алаңда  Ұлы Жеңіс парадына қатысып,  додан мотоциклмен шеруден өткен жалғыз қазақ десек те болады. Соғыстан кейін Сәрсен Әбдіхалықов  Таутүрген сегіз жылдық мектебінде 40 жылға жуық еңбек етіп, оның өсіп-өркендеуіне мол үлес қосты. Қатардағы мұғалімнен мектеп директоры қызметіне дейін өскен.  Соның ішінде жиырма бес жылдай уақыт мектеп директоры қызметін абыройлы да жемісті атқарды. Ауданның Құрметті азаматы, Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздігі атанды. Таутүрген мектебіне іскерлікпен басшылық жасап, онда оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтерді.

Туған елін қорғаудың үлгісін көрсеткен ардақты жанның бірі Халық Сегізбаев. Ардагер  Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін орден, медальдармен мара-патталған. Ол 1962 жылдан бастап колхоздың қойын бағып,100 саулықтан 180 бас қозы алғаны үшін Москваға делегат болып қатысып, «Москвич – 412» жеңіл машинасын тегін сыйға алғаны да әлі күнге  ел есінде. Мұнан  өзге  Халық  Қашағанов  Ұлы Отан соғысы кезінде «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталса, бейбіт өмірде ерен еңбектің үлгісін көрсеткен. Қазір ауылымызда Халық Қашағанов  атындағы көше бар. Сондай-ақ Ысқақ Нұрғазин атаның ел басына күн туған кезде көптеген медаль мен ордендермен марапатталғаны ел жадында. Биылғы Ұлы жеңістің 76 жылдығына орай батыр бабалармымыздың рухына тағзым етеміз. Олардың ерліктің ескеркішіндей болған есімдері мәңгі өшпейді.

 

Г.АНАРҚҰЛОВА,

Таутүрген негізгі орта мектебі директорының

тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары

Оқылды 919 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Их имена – на все времена Ерлік – ұрпаққа өнеге »

Соңғы жаңалықтар

Қаз 23, 2025

Выставка, посвященная Жетысу

В историко-краеведческом музее имени М.Тынышпаева в г.Есике к Дню Республики организована…
Қаз 23, 2025

Мемлекеттік тіл – ортақ құндылық

Қандастар – бұл тарихи себептермен әр кезеңде Қазақстаннан тыс жерлерге қоныс аударып,…
Қаз 23, 2025

От возрождения – к дальнейшему…

Три десятилетия тому назад, 25 октября 1990 года постановлением Верховного Совета КазССР…
Қаз 23, 2025

Кітап оқу – өркениет кепілі

Қоғамның нағыз рухани құндылықтан ажырап, алақандай смартфонға бар уақытын сарп етіп…
Қаз 23, 2025

Құрметті мамандық

Рухани-мәдени байлығымызды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші кітапхана болса, сол байлықты өз…
Қаз 23, 2025

Әлеуметтік сала – ізгіліктің алтын…

Қоғамның дамуы мен тұрақтылығы тек экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, адамдардың…
Қаз 23, 2025

Ұлттық өркендеу жолы

XXI ғасыр – цифрлық революция заманы. Бүгінде әлемдегі барлық салалар цифрлық…
Қаз 23, 2025

Әйнекті жууға арналған сұйықтықты…

Таза әйнек — үйдің, автокөліктің де ажары. Дегенмен, әйнекті жууға арналған сұйықтықты…
Қаз 23, 2025

Диспенсерге арналған пластик…

Қазіргі таңда кеңселер мен ұйымдарда, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда диспенсерге арналған…

Күнтiзбе

« Қазан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет