Сейсенбі, 11 Мамыр 2021 16:49

Ерлік – ұрпаққа өнеге

Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр аталарымыздың майдан даласында жасаған ерліктері – ұрпаққа үлгі. «Бұл жеңіс – Ұлы Отан соғысында, көпұлтты Кеңес әскерінің мызғымас бірлігі мен достығының арқасында жеткен ортақ жеңіс» – деп мектептерде кездесулерге келген ардагерлердің айтқандары ұстаздар мен оқушылардың естерінде қалды. Тыл ардагерлерін, қарттарды ардақтап-құрметтеу – қанымызға сіңген қасиет. Әрі мұндай өнегелі қадамның ұрпақ тәрбиесіне де тигізетін әсері зор.

9 мамыр – ТМД елдерімен бірге біздің мемлекетіміздегі ең маңызды мерекелердің бірі. Елімізге жеңіс әкелген – Ұлы күн. Соғыс ардагерлері майданда көрсеткен батылдық пен батырлықтарының арқасында жеңіске жетті. Тылда күн, түн демей, жеңіс үшін, елдің болашағы үшін қарттар, ана мен балалардың қиындыққа мойымай төккен тері – Қазақстан халқы мен өскелең ұрпағы үшін өміршеңдік символы болып табылады. 

Жыл сайын азайып бара жатқан ардагерлер, қазіргі таңда тіпті санаулысы ғана қалды. Сондықтан  ардагер аталарымызға, тыл ардагерлеріне көзі тірісінде қандай қошемет көрсетсек те көптік етпейді. Аудан, облыс әкімдері Ұлы Жеңістің 76 жылдығына  орай  ардақты ардагерлеріміздің үйлеріне арнайы барып, марапаттарын тапсырып, алғыстарын білдіріп жатыр. Сол жеңістің туын желбіреткен батыр бабалардың ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде, оқ пен оттан аман келген соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлерін мектепке шақырып, жыл сайын ақ батасын алып, кездесу өткіздім. Жастардың бойында жоғары патриоттық сана қалыптастыру мен өз елін, Отанын қорғайтын оқушы жастарды мектепте оқыту, қазіргі заманға сай сауатты, бәсекеге қабілетті, өз елінің шынайы патриоттарын тәрбиелеу – әскери шенді алғашқы әскери дайындық (АӘД) пәні оқытушыларының өзекті және негізгі міндеті болып табылады. Егемендіктің арқасында АӘД пәні 1997 жылдан бастап 10-11сыныптарда қайта оқытыла бастады. Капитан шені бар мені Ащыбұлақ аулындағы интернационалист-жауынгер А.Н.Бубенцов атындағы орта мектебіне директордың әскери патриоттық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары етіп жіберді. АӘД пәнінің оқытушысы тек сабақ берумен шектелмей, мектеп оқушыларына әскери патриоттық тәрбие беруде әртүрлі өткізілетін іс-шаралар, кездесу-жиындардың тәрбиелік маңызы көп. Жеті  Кеңес  Одағының  батыры шыққан ауданда өзім істеген А.Н.Бубенцов атындағы орта мектебінде алдымен сол өңірдегі батыр ақсақалдарды шақырып, батасын алдым. Кеңес Одағының Батыры ұстаздардың ұстазы болған Рақымжан Тоқатаев, «Даңқ» орденінің толық иегері, Қазақстан аулының тұрғыны болған Ыбырайым Қалдыбаев, Алматы қаласының тұрғыны болған, Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагері, Алматы облысының  «Құрметті азаматы» Ү.Нұрғазиев, Қазақстан ауылдық округінің тұрғындары болған ҰОС ардагерлері Қ.Жауғашев, С.Иванов, Ж.Беркімбаев, М.Құрманқұлов, Шелек аулының тұрғыны болған П.Чебененко, Алматы қаласында тұрған Ә.Баймұрзаев алтын уақыттарын бөліп, оқушылармен кездесуге келген еді. Батыр ақсақалдардың соғыс туралы айтқандары мектептегі ұстаздармен сол кезде оқушы болған жастардың әлі күнге есінде.

Ауған соғысына қатысқан генералдар С.Қазақбаев, Р.Миратурдиев бастаған 70-тен аса Ауған соғысының ардагерлері  мектебіміздің жыл сайынғы құрметті қонақтары болды. Қасіретті соғыста  тыл ардагерлері О.Тәкібаева, И.Устьянова, Т.Камальникова, Т.Иванова, С.Бабаева, Д.Хасетов, М.Михайлюкова, Ж.Акпиюмов т.б өз сөздерінде жеңіс үшін аянбай  жұмыс істеген жастық шақтарының қиын кездерін талай рет айтып берді. Балалық шағы жоқтық пен қиындықты, соғысты көріп өскен еңбек ардагерлері  Е.Сапаев, І.Құсайынов, А.Қозыбақов, М.Сабазбеков, Е.Сәдуақасов, Ә.Нәдірбеков  тағы басқа ауыл, аудан, облыс азаматтарымен тәлім-тәрбиесі мол кездесулерді өз уағында А.Н.Бубенцов атындағы мектепте өткізгенімді мектептегі, аудандағы әріптестерім жақсы біледі. Өзім істеген ауыл мектебінде өткізген кездесулерді кейінгі келген жас маман – оқытушылар оқыса үлгі алар деген үмітпен жаздым.

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» дегендей, ҰОС қатысқандар өмірден өтті. Жасы келген ардагерлер, тыл ардагерлері, ақсақалдар үйден ұзап шыға алмайды. Өздерінің қайсарлығы мен батылдықтарының арқасында бүгінгі ұрпаққа жеңіс сыйлаған осындай қарттарымызды қадірлеп, аялай білейік.

 

Әсет АЛЖАНБАЙ, 

ардагер ұстаз, «Ы. Алтынсарин»,

«Білім беру ісінің үздігі», «Еңбек үздігі» медальдарының иегері,

запастағы капитан

Оқылды 1398 рет

Соңғы жаңалықтар

Қар 21, 2024

Наш собственный корреспондент…

С начала 90-х годов прошлого века в областной газете «Огни Алатау» сменилось несколько ее…
Қар 21, 2024

«ЖАҢАРТУ» расширяет возможности…

Проект «ЖАҢАРТУ» («Обновление»), презентация которого состоялась в мае 2024 года,…
Қар 21, 2024

Артық шығын абырой әкелмейді

Елімізде діни рәсімдерді өткізу барысында көптеген қателіктер орын алып жатқанын естіп…
Қар 21, 2024

Кәсіп болмай, нәсіп болмас

Бүгінде балалардың жан-жақты дамуына, кәсіпке деген көзқарасын қалыптастыруға барлық…
Қар 21, 2024

«Атамекен» приглашает к диалогу

Национальная палата предпринимателей «Атамекен» Алматинской области выступила инициатором…
Қар 21, 2024

Бейбіт күн – бірліктің жемісі

Көпұлтты мемлекетіміздің ішкі саясатында ең маңызды дүние – ұлтаралық татулықты сақтау.…
Қар 18, 2024

Внимание, жители г. Есик!

Региональный офис ЮНЕСКО в Алматы совместно с Центром «Содействие устойчивому развитию…
Қар 14, 2024

АФМ проводится расследование в…

Она подозревается в хищении свыше 1,5 млрд тенге, собранных для помощи гражданам,…
Қар 14, 2024

ҚМА еріктілер қозғалысының…

Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд…

Күнтiзбе

« Қараша 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет