Дүйсенбі, 30 Тамыз 2021 22:20

Ана тілдің мәртебесі Ата Заңда айқындалған

Атақты философ Конфуцийдың «Егер де маған ел басқару мүмкіндігі туса, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін  қолға алар едім» дегені бар. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір  бірлігі болмайды және идеология дұрыс жүргізілмейді. Идеология дұрыс жүргізілмей, ортақ түсіністік  таппаған елде бірлік болмайды. Сондықтан бәрінен де бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап  тұрған тіл мәселесі маңызды екені баршаға  аян.

1995  жылы  30 тамызда  республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Ал, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы тілдердің Республикада қызметінің құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды зерделеу мен дамытуға жағдай туғызудағы міндеттерін белгіледі. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тiл – қазақ тiлi. (Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабының 1-тармағы, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңының 4-бабы). Мемлекеттік  тіл болып табы-латын қазақ тілі – мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң-шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде Конституциялық жолмен баянды етілуінен келіп шығатыны, қазақ тілі Қазақстан мемлекеттілігін айқындайтын факторлардың бірі болып табылады, оның егемендігін рәміздейді және Қазақстан халқының бірлігін білдіретін Республиканың конституциялық-құқықтық мәртебесінің элементі ретінде қаралады.

Мемлекеттік тілдің жоғары саяси-құқықтық мәртебесі оның жария-құқық саласында қызмет етуінің басымдылығы Конституцияда баян  етіліп, заңдарда белгіленуі мүмкіндігімен расталады: Республика Президенті мен Парламент палата төрағаларының мемлекеттік тілді міндетті түрде еркін меңгеруі; мемлекеттік рәміздерде тек қана қазақ тілінің пайдаланылуы; мемлекеттік органдардың мөрлері мен мөртаңбаларындағы атауларының, мемлекеттің егемендігің айқындайтын мемлекеттік белгілердің (шекара бағандарында,  кеден атрибуттарында және т.б.) қазақ тілінде жазылуы; мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық актілері мен өзге де ресми құжаттарының мәтіндерін қағазда және өзге де тасымалдауыштарда орналастырғанда, мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми тұлғалары көпшілік алдында сөз сөйлегенде; мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми бланкілері мен басылымдарында; ұлттық валютада және өзге де мемлекеттік бағалы қағаз-дарда; Республика азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарда, мемлекет атынан берілетін өзге де құжаттарда, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметімен байланысты өзге де салаларда қазақ тіліне  басымдылық беріледі. Мемлекет мемлекеттік тілге, оның дамуына,  мемлекеттік-құқықтық реттеу саласын ғана емес, қоғамдық қатынастардың басқа да барлық салаларын қамтып, қолданылуына қамқорлық жасауға тиіс. Конституцияның 7-бабының 3-тармағын негізге ала отырып, заңнамада қазақ тілінің дамуына жағдай жасалуы  керек.

Бұл қаулыдан көріп отырғанымыздай мемлекеттік тіл – қазақ тілі, ал қазақ тілімен тең қолданылатын орыс тілінің мемлекеттік тіл мәртебесі жоқ. Бірақ бұл норма іс жүзінде  қолданылмайды. Мемлекеттік тілге қатысты менсінбеушілік халық ара-сында көптеп   кездеседі. Мемлекеттік тілді қорлап сөйлейтін адамдар көп және олар ешқандай жазаға тартылып жатқан жоқ. «Қазақ тілі маған керек емес, қазақ тілсіз өмір сүре аламын» деген менсінбеушілік жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін, құқықтық реттеу үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керек дейтіндер бар. Мәселен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қыл-мыстар тарауының 64-1-бабында Мемлекеттік тілді қорлауға бағытталған қасақана іс-әрекеттер, егер осы әрекеттер көпшілік алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалса, мың айлық есептік көрсеткіштен бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына жіберіледі.

Қазіргі таңда адамдар жетістікке жету үшін кемінде үш тіл білуі керек. Ең бірінші кезекте адам толықтай өзінің ана сүтімен берілген ана тілін жеткілікті білуге міндетті. Екіншіден, өзінің тұрып жатқан елінің мемлекеттік тілін, үшіншіден, егер де тұлға адамзат дамуынан артта қалғысы келмесе халықаралық қарым-қатынас тілін білуге ұмтылуы керек.

 

Дайындаған Ерзат АСЫЛ

Оқылды 793 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 10, 2025

Көкжөтелдің қаупі

Көкжөтел – ол ұстама түрдегі ұзақ жөтелмен өтетін, тыныс алу жолдары, қан тамыры мен…
Желт 10, 2025

Жаңа туған кездегі профилактикалық…

Профилактикалық екпелер - инфекциялық аурулардың алдын-алу және…
Желт 10, 2025

Балаларға жаңа жылдық тәттілерді…

Мереке (туған күн, жаңа жыл т.б.) қарсаңында балаларға арнап тәттілер мен сый-жиынтықтар…
Желт 10, 2025

Моншалар мен сауналарға қойылатын…

Қоғамдық монша, сауналарға барған кезде ол орындардың санитариялық жағдайына ерекше…
Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет