Бейсенбі, 10 Қазан 2024 11:15

Мұғалім – мәртебелі мамандық

Қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға
Ыбырай Алтынсарин: «Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деген екен. Өткен мұғалімдер күні Шелек ауылының ғана емес, бұрынғы осы ауданның қара шаңырағы «ол кезде 1970 жылға дейін ауылдарда 7 жылдық, орталықта ғана 10 жылдық мектеп» атанған Абай атындағы мектепте кезінде оқушыларға білім берген ұлағатты ұзтаздар ұлықталып, Рақымғали Ибрайымов пен жолдасы Жұмағайша Баташева, Нұрақын Жылысбаев пен жұбайы Несіпжан Нұрахметованың аттарына кабинет беріліп,
ашылу салтанаты болды. «Жақсының өзі өлсе де, аты өлмейді» деген сөздің дәлелі болып, еңбегі мен сәулесі білім ордасына молынан шашылған алтын ұяның кабинетіне парасатты тұлғалардың есімдерінің жазылуы – үлкен мәртебе. Мектеп директоры Сағымбек Бақ-қожа қайта жаңғырған білім ордасына келген қонақтарды қарсы алып, құттықтап, салтанатты жиынды ашты.
Жиынның ашылу салтанатына осы мектепте ұстаздық етіп, зейнетке шыққан ардагер мұғалімдер мен тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан түлектері және ауыл ақсақал-дары шақырылды. Осы құтты қонақтардың ішінен жазушы, Қазақстанның педагогикалық ғылым академиясының ака-демигі, профессор Марат Тоқашбаев, Техника ғылымда-рының докторы, профессор, Ұлттық құндылықтар академия-сының академигі, «Бәйтерек – Келдібек» қоғамдық қорының төрағасы Қажымұхан Арын, Алматы облысының құрметті азаматтары Асқарбек Рихимов, Елеусіз Сұлтанғазиев, ардагер ұстаз Ұмсынай Әбілхайырова сөз сөйлеп, «ұстазды атаңнан да әзіз тұт» демекші, марқұм ұстаздарды, олардың ерен ең-бектерін, өнегелі істерін еске алды.


Мұғалімдік мамандық қа-рапайым болғанымен, ең ұлы істің бірі екені дау тудырмаса керек. Рақымғали Ыбырайым-ұлы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында матиматика және физика мамандығы бойынша білім алып, Малыбай ауылындағы және осы Абай атындағы мектептерде мұғалім, директор, кейін Шелек аудандық оқу бөлімінің инспекторы, меңгерушісі болып қызмет атқарды. Одан кейін «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, аудандық соғыс және еңбек ардагерларі кеңесінің төрағасы болып, қоғамдық жұмыстарға да етене араласты. Еңбегі жоғары бағаланып, КСРО және Қазақстан Республикасының Құрмет грамоталарымен марапатталып, «Халық ағарту ісінің үздік қызметкері» атағы берілді.


Жұбайы Жұмағайша Мұха-метжанқызы да Абай атындағы педагогикалық институтының химия-биология пәні маман-дығын алып, алғашқы еңбек жолын туып-өскен сол кез-дегі Семей облысының Аягөз қаласында бастайды. Белсен-ділігінің арқасында қалалық кеңесінің депутаты болып сайланады. Тұрмысқа шыққан соң Алматы облысы Шелек ауданының Қаратұрық мектеп-интернатында, кейін Шелектегі Абай атындағы орта мектепте өмірінің соңына дейін ұстаздық етеді. «Оқу-ағарту ісінің үздігі» атағын алады.
Кеген ауданының тумасы Нұрақын Өмірәліұлы Түрген ауылындағы рабфактың физика-матиматика мамандығын үздік бітірген соң, Кеген ауда-нындағы Құрметі, Жалағаш оқу орындарында, 1950 жылдан бастап Шелек ауылындағы Абай атындағы мектепте ұс-таздық етті. 47 жылын бала оқытуға арнаған ұлағатты ұстаз 44 ғылым кандидаты, ғылым докторларын тәрбиелеп, еңбегі еленіп, ҚазКСР-ның оқу-ағарту ісінің озық қызметкері, Кеңес Одағының «Отлитчник просвещения» медалімен марапатталды.
Ал жан жолдасы Несіпжан да 7 бала өсіріп, тәрбиелей жүріп, ҚазПИ-дің матиматика факультетін сырттай оқып, 1947 жылдан 1978 жылға дейін ұстаздық қызмет атқарды. Үкімет тарапынан «Қаз КСР оқу-ағарту ісінің үздігі», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталды. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» демекші, бар өмірлерін ұстаз-дыққа арнаған аға буын аға-әпкелердің өнегелі өмір жолдарын еске алынғаннан кейін, оқушылардың шағын концертін тамашалаған қонақ-тар жоғарыда аты аталған ұстаздардың аты берілген кабинеттердің лентасын қиып, олардың суреттері мен өмірбаяндары басылған көр-некілік тақтайшаларды тамашалады. Соңында «Жансая» мейрамханасында марқұм ұс-таздарға арналған ас беріліп, құран бағышталды.
Ия, мұғалім – мәртебелі мамандық. Түрлі мамандық иелерін, не бір айтулы тұл-ғалар мен ел басқарған азаматтарды оқытып, тәрбиелеп шығарған ұлағатты ұстаз-дардың еңбегі ешқашан да ұмытылмайды. Өйткені хакім Абай айтқандай, адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады.

Анарбек БЕРДІБАЕВ.

Оқылды 641 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет