Бейсенбі, 10 Қазан 2024 11:13

Елге арнаған еңбек еш кетпейді

9 қазан – пошташылардың кәсіби мерекесі екені белгілі. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінде атап өтілетін халықаралық күндердің бірі. Ежелден келе жатқан, тарихы тереңдегі мамандық иелерінің адам өміріндегі маңызы зор екені анық. Осы орайда аудандық поштаға жаңадан басшы болып тағайындалған Гулинур Сулаймановамен тілдестік.
– Құрметті Гулинур Тур-линқызы, өзіңіздің бұрыннан пошта торабында қызмет атқарып келе жатқаныңызды жақсы білеміз. Дегенмен де, жақында үлкен жауапты қызметке тағайындалдыңыз, өзіңізді оқырман қауым үшін қысқа-ша таныстырып өт-сеңіз.
– Мен қызметтік жолымды 1991 жылы Шелек ауданында пошта байланыс торабынан бастаған едім. 1997 жылы екі аудан біріккенде қызметімді Есік қаласында жалғастырдым. Бұл жерде аға нұсқаушы, жазылым бойынша нұсқаушы, бас касса мен бухгалтериясында қызметттер атқарып, кейін орынбасар болдым. 7 тамызда аудан-дық пошта байланыс торабына басшы болып тағайындалдым.
– Пошта – адамзат өміріндегі маңызы зор, тарихы терең сала екені белгілі. Бүгінгі таңдағы қыз-меттеріңіздің ауқымы жөнінде айтып өтсеңіз.
– Пошта да қазір екінші деңгейлі банк қатарына жатады. Бізде өте көп операциялар бар. Зейнетақы, жәрдемақы, жалақы, газет-журналға жазылымнан бөлек бізде «агенттік қызметтер» деген бар. Бұл қызметпен елге банктің несие беру жөніндегі жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік қызмет түрін де көрсетіп келеміз, яғни азаматтар жеке басына қатысты анықтамаларды бізден ала алады. Қазпошта қызметкерлері осындай көптеген қызмет түрлерін көрсетіп, уақыт өткен сайын жан-жақты дамып келеді.
– Өзіңіз басшылық етіп отырған пошта саласында аудан көлемінде қанша адам жұмыс жасап жатыр?
– Негізінде аудан бойынша қазіргі таңда 160 адам жұмыспен қамтылған, оның жетеуі бала тәрбиесіне байланысты демалыста, бір азаматымыз әскерде.
– Қазіргі дамыған заманда бар-лық салада цифрландыру қолға алынғаны белгілі. Пошта саласында аталған дүние қалай жүзеге асуда?
– Сұрағыңыз орынды. Біздің са-ламызда цифрландыру жақсы дамып келеді. Бүкіл ауылдардағы мекеме-леріміз де тек қана компьютермен қызмет атқарып жатыр. Бұрынғыдай қолмен, қалам-қағазбен жұмыс жасалмайды десек те болады. Сондай-ақ, барлық төлемдер онлайн қабылданады. Ұялы телефоныңызбен Post.kz қосымшасы арқылы Kaspi.kz қосымшалары секілді төлемдер мен аударымдарды, өзге де қызметтерді қолдана аласыз.
– Екінші деңгейлі банк қатарын-дамыз деп қалдыңыз. Поштаның қызметін атқаратын банктер де пайда болып жатқанын байқаймыз. Осы орайда бәсекелестік артып келе ме?
– Ойыңызды түсіндім. Негізінде поштаның атқаратын қызметін жасайтын бірде-бір банк жоқ бүгінде. Яғни поштаның қызметімен бәсекелесіп жатқан ұйымның жоқ екенін сеніммен айта аламын. Біз керісінше банктердің де қызметін атқарып жатырмыз. Қаржы-лық қызмет пен агенттік қызметті олардан алдық. Бұрынғы кезде біз жеткізу, газет-журналдарға жазылу қыз-меттерін көрсетсек, бүгінде жоғарыда айтқанымдай көптеген қызмет түрлерін қамтып келеміз.
– Келесі сұрақтың біз үшін ма-ңыздылығы жоғары. Қазіргі таңда халықтың газеттерге жазылу қар-қыны қалай болып жатыр?
– Газеттерге жазылу жұмыстарын біздің қызметкерлеріміз жылда науқан сайын жақсы деңгейде атқаруға тырысады. Ауылдық жерлердегі пошташыларымыз үйме-үй кіріп агитациялық жұмыстар жүргізеді. Бірақ та елді мекендерден қолдау болмай жатқанын жасыра алмаймыз.
– Демек газет-журналдарға деген сұраныс, жазылу төмендеп келе ме?
– Иә, әрбір адамның қолында смартфоны болғандықтан болар, газеттерге жазылу қарқыны жылдан-жылға азайып бара жатыр. Дегенмен әлеуметтік желілердегі ақпараттардың арасында ақ-қарасы анықталмаған жалған ақпараттар да көп екені белгілі. Ақпараттың зерттеліп, анықтығын қалайтын жандар үшін газеттер өз маңызын жойған жоқ. Газет өз биігінде қала береді деп есептеймін.


Сұхбаттасқан
Ринат
НАРХАНОВ.

Оқылды 650 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Жас туристер слеті Мұғалім – мәртебелі мамандық »

Соңғы жаңалықтар

Ақп 05, 2026

Необходимо четко обозначить в…

Национальная валюта должна быть защищена на конституционном уровне. Об этом на восьмом…
Ақп 05, 2026

Ұлттық Банктің рөлін Конституцияда…

Ұлттық валюта Конституцияда қорғалуға тиіс. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов…
Ақп 05, 2026

Женское крыло AMANAT участвует в…

В Центральном аппарате партии AMANAT состоялся круглый стол на тему «Взгляд женщин на…
Ақп 05, 2026

Қазақстан Халық партиясы өңірлерде…

Ел тұрғындары арасында Конституцияның жаңа жобасын талқылау жалғасып жатыр. Бұл үдеріске…
Ақп 05, 2026

Светское образование в Казахстане:…

В Конституции Казахстана собираются усилить защиту светского образования. Об этом во…
Ақп 05, 2026

Ел болашағын айқындайтын маңызды…

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа…
Ақп 05, 2026

Көшедегі ірі қараның басы –…

Жуырда редакцияға қала маңындағы «Тау самалы» демалыс орнының қожайыны Мейрам деген…
Ақп 05, 2026

Батырға құрмет

Қазақ тарихындағы заңғар тұлғалардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Даңқты қолбасшының қас…
Ақп 05, 2026

Белгілі заңгер Жаңа Конституция…

Конституциялық комиссияның VIII отырысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік…

Күнтiзбе

« Ақпан 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет