Үлкенін құрметтеп, ананы қадірлеп, қызын төрге отырғызған, жетімін бағып, жесірін жалғызсыратпаған ата-баба аманатын, әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін заңға теңеген қазақ егемендіктің туын да жоғары ұстауы керек. Ұлт тағдыры сынға түскен сәтте көзі ашық азаматтар әрдайым көш бастаған.
Қазақстан Республикасы Консти-туциясының 89-бабында елімізде жергі- лікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қамтамасыз ететін жергілікті өзін-өзі басқару таны-латындығы белгіленген. Жастарды басқару ісіне араластырып, тәжірибе жинауға, ұрпақтар сабақтастығына жол ашып, жаңа қоғамды құратын әрбір жастың адами ұстанымы, сөздері түзу, тұрақты мінезі, көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегінде үміт оты, ертеңге деген сенім, мәдени өресі, рухани болмысы, экономикалық, құқықтық сауаты болуына жұмыс атқару болып табылады. Бұл халықтың демократиялық, саяси мәдениеті қалыптасып, оның экономикалық ахуалы жақсарумен бір-ге, жергілікті өзін-өзін басқару жүйе-сі де белгілі дәрежеде дамуын талап етеді.
Жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысан болып отырған кезде отырмыз. Әр ұрпақтың қоғамда өз жүгі бар. Елді дамыған, өркениетті елге айналдыру жолында әр жүректе патриот шырағын жағуға бағыттап, жанған оттың шоғын сөндірмей, ата дәстүрін абыроймен жалғастыру – жастардың қасиетті борышы. Әр ауылда игі істері-мен үлгі боларлық, жастарды жақсы-лыққа жетелейтін аға ұрпақ өкілдері болған, бар. Солардың бірі Нұрғазин Түнқатар 1919 жылы 1 маусымда Алматы облысы Кеген ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Шелек ауылында орта мектепті аяқтаған. Алматы қаласында рабфакультетін, Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану және химия факультетін 1941 жылы бітіріп, жолдамамен Талдықорған облысы Ақсу ауданында ұстаздық қызметін бастаған.
Түнқатар Нұрғазин 1941-1943 жыл-дары екінші дүниежүзілік соғыста 62 гвардиялық атқыштар дивизия-сында Сталинград, Украина майдандарында взвод командирі, неміс басқыншыларынан Украина, Молдавия, Румыния жерлерін, Венгрияда астанасы Будапешт, Ясы, Фиест қалаларын азат етуге қатысқан. Майданда көрсеткен ерлік істері үшін «Қызыл жұлдыз», 1 дәрежелі «Ұлы Отан соғысы» орден-дерімен, көптеген медальдармен мара-патталған.
1943 жылы желтоқсан айында со-ғыста қатты жараланып, оң қолынан айырылып, елге аман-есен оралып, бейбіт өмірде жас ұрпаққа білім беріп оқытып, тәрбиелеуге 43 жыл бойы ұстаз, мектеп директорының орынбасары, мектеп басшысы қызметтерін абыроймен атқарған.
Білім беру жүйесінің басқару органдарынан мектепке жіберілген бақылау, емтихандарға даярлық барысында ұсынылған есеп жұмыстарының дұрыс шешімдері Түнқатар Нұрғазиннің тіке-лей араласуымен нәтижесін тауып отырған.
Ұстаз Нұрғазин әр шәкіртінің білім деңгейін өте жақсы білген. 1955 жылы мектеп бітірген 14 жеткіншектің ішінде отбасы жағдайы төмен оқушының үйіне барып, анасына: «балаңды оқуға жібер, ол міндетті түрде оқуға түседі» – деп зор сеніммен қолында жиған әжептәуір өз қаражатын (ешқандай туыстығы жоқ шәкіртіне) киім алуға апарып берген екен. Сол жылы 14 түлектің 1-еуі ғана (Түнқатар мұғалім жорамалдаған) жоғарғы оқу орнына түскен екен.
Білім саласындағы Нұрғазин Түн-қатар мұғалім еңбектері жоғары баға-ланып, 1965 жылы «Қазақ ССР-інің халық ағарту ісінің озық қызметкері» белгісімен, Қазақ ССРі оқу министрінің Құрмет грамотасымен марапаттал- ған. 1967 жылы «Қазақ ССР інің еңбек сіңірген мектеп мұғалімі» атағы беріл-ген. 1967 жылдан «Октябрь революция-сы» ордені иегері.
Ол бірнеше шақырылымда Шелек селолық Кеңесінің депутаты болып, Шелек ауылы соғыс және еңбек ардагерлері Кеңесі жұмысына белсене араласқан. Жастарды елін, ана тілін сүюге, туған жерін қорғауға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге, адал еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеуге, ынтымақ-бірлікті сақтауға көп мән берген. Ұстаз Нұрғазин Түнқатардан біліммен сусындаған, тәрбиесін алған мыңдаған шәкірттері жылы лебізбен ұстаздарын еске алады. Ел экономи-касының барлық саласында ерен еңбектерімен танылған, ел құрметіне бөленген адамдар көптеп саналады. Олардың ішінде академиктер, ғылым докторлары К.Үшбаев, М.Омарова, А.Абдрахманов, М.Садырова, Я.Рахма-туллин, М.Тоқашбаев, Қ.Арынов, М.Демеуова, ақындар Р.Өтегенов, К.Алпысбаев, режиссер Т.Теменов, құ-рылысшы Ж.Қағазбаев бар.
1990 жылы 12 мамырда Нұрғазин Түнғатар дүниеден озған.
Соғыс және еңбек ардагері, еңбегі сіңген қадірлі ұстаз Нұрғазин Түнғатар есімімен бүгінде Шелек ауылының бір көшесі аталады.
2025 жылы Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толады. Атырауда өткен ұлттық құрылтайда Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне әрқашан құрмет көрсетілетінін айтқан еді. Соғыс ардагерлерінің басым көпшілігі өмірден кетсе де, олардың ұрпақтары бар, со-ғысты басынан кешірген халықтың ұжымдық зердесі бар. Тарихи зерде бар болса, жеңіс тойын тойлау жалғаса береді.
Халқымыз ұяда көргенін ілген баланы жасынан бұлақтай мөлдір, таза болып өмір сүруге, «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі де өнерлі, иманды да инабатты, ар-ожданы жоғары, намысқой етіп тәрбиелеп келді. Салт-дәстүр, наным-сенім, әдет-ғұрып жора-жосын, үлгі-өнеге арқылы адамгершілік қағи-даларды бала орындауға және білуге міндетті болды. Жаны, жүрегі таза, адал ұрпақ ақиқатты ардақ тұтады, шыншылдықты сүйеді Адалдық рухани тазалықтан туындайды. Шынайы отаншыл адам мемлекеттік тілді құрметтейді, мәдениетін жалғас-тырады, жаңғыртады. Баланы жақсы мен жаманды айыра білетін етіп тәрбиелеу, заңға, тәртіпке, қоғам нормасына бағына біл деп үйрету – ең парасатты іс.
Шелек ауылы ардагерлер және аналар кеңесі, мектеп ұжымдары жас ұрпақтарымызды патриоттық сезімде тәрбиелеуге үлкен мән беруде.
Қай уақытта болсын ерлік ұмы-тылмауы әрі құрметтелуі тиіс. Өткен шағымыз, тарихымыз, ата-бабала-рымыздың өмір жолы ерлік істерге толы.
Шелек гимназиясы ұжымы ардагер-лердің ел қорғаудағы ерліктерін, бейбіт замандағы қоғамды дамытудағы ерен еңбектерін бағалап, олармен мақтанып және үлгі тұтуды азаматтық парыз, биік міндет санап, түрлі іс-шаралар өтуде.
«Аманат» партиясы бастауыш ұйымы, кәсіподақ комитеті, жастар қанаты ынталы топ құрып, қол жинап, гимназия ұжымы мектептің ата-аналар комитетімен бірігіп, жалпы жиналыс өткізіп, білім ордасына ардагер ұстаз Түнғатар Нұрғазиннің есімін беру туралы Шелек ауылы ардагерлер Кеңесі мен Шелек ауылдық округі өзін-өзі басқару қауымдастығына ұсыныс жеткізіп, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі басшылығына хабарлады.
Бүгінгі күнде білім ордасына ардагер ұстаздың есімін беру республика көлемінде шешімін табатын мәселеге айналғаны белгілі.
Шелек гимназиясының ұжымы, мек-тептің ата-аналар кеңесі мүшелерімен бірігіп өткізген жалпы жиналысының ұсынысын Шелек ауылдық округі өзін-өзі басқару қауымдастығы отырысында қарап, Шелек ауылдық округі әкімі аудан басшысына, Еңбекшіқазақ ауданы мәслихатына, Алматы облыстық мәслихатына, жергілікті билік органдары республикалық ономастика комиссиясынан ұсынысты қолдап, оң шешім шығаруларын сұрайды.
Иә, бұл мәселені Шелек ауылдық округінің қауымдастығы мүшесі ретінде толық қолдаймыз және ол оң шешімін табады деген үміттеміз.
Нұрлан ЕРДӘУЛЕТҰЛЫ,
Журналистер одағының мүшесі,
Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы.