Бейсенбі, 12 Желтоқсан 2024 17:12

Арман асуында

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 33 жылдығына, Қазақстан Жазушылар одағының 90 жылдығына және  шығармашылық ізденісінің 40 жылдығына орай ұйғыр халқының көрнекті ақыны Иминжан Тоқтяровтың (Иман- Ғайип) поэзия кеші Шелек мәдениет үйінде аталып өтті.

 

Аудан және Шелек ауылдық округі әкімдігінің ұйымдасты-руымен өткізілген бұл кештің иесі «Құрмет» орденінің, «Мә-дениет саласының үздігі» төс-белгісінің иегері, Қазақстан Журналистер одағының мүше-сі, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы, белгілі ақын, журналист, аудармашы Иминжан Исмайилұлы 1987 жылдан бастап, бұрынғы Шелек аудандық «Еңбек туы – Әмгәк туғи» газетінде еңбек жолын басаған еді. Сол кезден-ақ  ол  ұйғырдың танымал ақыны Абдумежит Дөләтовты ұстаз тұтып, өлең жазып, көзге түсті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің түлегі болған ол республикалық «Уйғур авази» газетінде қызмет етті. Ақын болуды армандаған Иминжан сол асуды бағындыра білді. Қырық жылдық шығармашылық ізде-нісінің, бойындағы титтей талантын таудай талабымен ұштастыра білуінің арқасында еліне танымал ақын атанды.

Ақынның «Жүрәк тәвригән-дә», «Варислар нахшиси», «Мән сени сеғинғанда», «Долана», «Миң сәвдалар чүшсиму башқа», «Тумарим», жазушы Авут Мәсимовпен бірігіп «Өмүр дастан», «Күзги бағлар»  атты жыр жинақтарынан басқа «Асқақ арман» және «Әй,  әй, заман» атты екі томдық топтамалар жинағы жарық көрді. Сонымен қатар ұйғырдың танымал композиторы, «Дәрвишилар» тобының жетекшісі Дилмурат Баһаровпен бірге  әндерге жаз-ған 200-ден аса мәтіндері жұрт арасында шарықтап шырқалып жүр.

Иминжан – аудармашы ретінде де танылған жан. Оның Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың, қазақтың танымал ақындары Қадыр Мырзалиевтің, Бақыт Беделханның, Қалқаман Сарин-нің, тағы басқа ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ Франц Кафа атындағы халықаралық сыйлығының лауреаты, қазақ руханиятының аса көрнекті өкілі, белгілі ақын Шөмішбай Сариевтің «Дүниені жалт қаратсам деп едім» деген өлеңдер жинағын аударып, ұйғыр халқының назарын өзіне жалт қаратты. Осындай ерен еңбегінің арқасында ел құр-метіне бөленді.

Кеш жүргізушісі Қуддус  Ғожамияров атындағы ұйғыр музыкалық-комедия театрының жүргізушісі Абдуманап Махмутжан ақынның өмірбаянымен таныстырған соң, белгілі бір себеппен кешке келе алмаған Ш.Сариевтің жары Жұмагүлдің Иминжанға арнаған құттықтау бейне сөзіне назар аудартты. Одан кейін ұйғыр балалар жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының кеңесшісі Авут Мәсимов төраға Мереке Күл-кеновтың атынан құттықтап, иығына шапан жапты және «Сәуле – Қуяш» әдебиет қорының ақшалай сыйлығын тапсырды. Облыстың және ауданның құрметті азаматтары Елеусіз Сұлтанғазиев, Иминжан Юнусов, ауылдық окург ақсақалдар-алқасының төрағасы Әбілбек Айтақынов, журналист, ақын, аудармашы Анарбек Бердібаев жерлестеріне жылы лебіздерін білдірді. Ақынның 60 жылдық мерейтойына орай жазылған Авут Мәсимовтың мақаласын және ақынның бір топ өлеңдерін республикалық «Қазақ әде-биеті» газетіне қазақша «сөй-летіп», жариялаған Анарбек Мөкішұлына алғысын айтып, шапан жапты.

Республикалық ұйғыр эт-номәдени орталығының Алматы қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қазақстан және Ресей Федерациясы медицина универ-ситетінің профессоры, Алматы қалалық №5 аурухананың бөлім меңгерушісі әрі ақынға әрқашан да қолдау көрсетіп жүрген жерлесі Әбәйдул-лам Жаппаров пен Алматы облыстық ұйғыр этномәдени орталығының төрағасы, Қазақ-стан халқы Ассамблеясының облыс бойынша филиал мүшесі Әркинжан Жумаев, сондай-ақ ауылдастары құрметті, ардагер  ұстаз Турсунбүви Барзамов пен Байсейіт ауылдық ұйғыр этномәдени орталығының төрайымы Гоһарбуби Розахунова, тағы басқалар  ақынды құттықтап, сый-құрметтерін  көрсетті.

Ұйғыр театрының әртістері концерттік бағдарламасын көпшілік назарына ұсынды. Танымал актері Парһат Даутов Абай Құнанбаевтың кейпіне енді. А.Розыбакиев атындағы мектептің оқушылары ақынның өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқыды. Кеш соңында «Сәуле – Қуяш» әдебиет қоры Иминжан Тохтияровтың редакторлық етуімен басылған бірнеше ұйғыр ақын-жазушылардың жа-ңа кітаптарының тұсаукесері болып, ол кітаптар кешке келген қонақтар мен А.Розыбакиев, Т.Кенжебаев, И.Тайыров атындағы мектептердің кітап-ханасына табыс етілді. Кешті қорытындылап, ақынның өзі сөз сөйлеп, өлеңнен шашу шашты. Кеш ақ дастархан басында жалғасын тапты.

 

Анарбек  МӨКІШҰЛЫ.

 

Оқылды 475 рет
Осы категориядағы басқа материалдар: « Желтоқсаншылармен жүздесті Мой Независимый КАЗАХСТАН »

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…
Қырқ 09, 2025

Бизнес форум с участием Алматинской…

Бизнес-форум с участием Алматинской области в МосквеИнвестиции, цифровые технологии и…
Қырқ 09, 2025

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция…

Мемлекет басшысы Үкіметке инвестиция тарту жүйесін түгел жаңғырту жөніндегі нақты…
Қырқ 09, 2025

Президент: Қазақстан міндетті түрде…

Президент: «Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы керек» «Қазақстан – әлем…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет