Бейсенбі, 21 Тамыз 2025 10:32

Бүгінгі жас - жарқын болашақтың кепілі

Әр заманда өз елінің болашағы үшін қызмет ететін ұлы ақын Абайдай, «Оян, қазақ» деп жырлайтын ұлт жанашыры Міржақыптай азаматтар болары сөзсіз. Тек сол жастардың рухын көтеріп, жігерлендіру, дұрыс жол сілтеу  – көпті көрген ақсақалдардың парызы. Өйткені бүгінгі жас – келер болашақтың көркеюіне үлес қосар алтын діңгек. Жас болса да, еліміздің дамуына өз күштерін салып жүрген жастар аз емес. Заман талабына сай, озық технологияларды меңгеріп, ғылымға тың идеяларды қосып жүрген жас азаматтар – нағыз  мақтанар тұлғалар екені сөзсіз.  12 тамыз Халықаралық жастар күніне орай, Еңбекшіқазақ ауданының жастары үшін Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінің алаңында «Next Jastar» атты  мерекелік іс-шара өткізілді.

 Шараны аудандық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Мерекелік кештің негізгі мақсаты – жастардың мәдени шығармашылық және азаматтық белсенділігін арттыру, бірлік пен патриоттық құндылықтарды дәріптеу. Кеш-те жастар арасында белсенді қызмет етіп жүрген мамандар алғыс хатпен марапатталды.

Іс-шараға аудан жастары, өнерпаздар, еріктілер және жастар ұйымдарының өкілде-рі қатысты. Мерекелік  бағдарламада концерттік нөмірлер, би баттл, ойын-сауық конкурстар, креативті көрмелер ұсынылып, көңілді кеш өз жалғасын тапты.

                                                                                                  

Қымбат ДӘУКЕ. 

Оқылды 380 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаң 16, 2026

Пенсии начали подрастать …

В конце декабря 2025 года по интернету гулял фейк о том, что пенсии января 2026 года…
Қаң 16, 2026

Елі сүйген ұлы тұлға

Қазақ елінің бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылып, іргелі елдердің құрметіне…
Қаң 16, 2026

Жас чемпиондар – мектебіміздің…

Бәйтерек ауылындағы Әл-Фараби атындағы орта мектептің оқушылары спорт саласындағы зор…
Қаң 16, 2026

Технологиялық тәуелсіздікке қадам

2026 жыл Қазақстанның даму тарихында жаңа кезеңнің бастауы ретінде бағалануда. Мемлекет…
Қаң 15, 2026

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Алматы облысының аумақтық сайлау комиссияларына АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «Еңбекшіқазақ»…
Қаң 15, 2026

Мәселелер депутаттар Назарында

Әлеуметтік салалардың жай-күйін жергілікті деңгейде саралап, тұрғындарды толғандырған…
Қаң 09, 2026

Қазақстан Республикасының Президенті…

2026 жылғы 05 қаңтар – Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге…
Қаң 09, 2026

Жоспар жүйелі, мақсат айқын

Жуырда аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Маңызды жиынды аудандық қоғамдық…
Қаң 09, 2026

Үздіктер Марапатталды

Жаңа жыл қарсаңында аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен түрлі салада адал…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет