Бейсенбі, 21 Тамыз 2025 10:39

Ауданымыз газет атымен аталған

«Ұрыстан кейін шаршап, қалжыраған солдаттар дем алмастан қала ішінде жарылған бомба мен снарядтардан шыққан өртті сөндірумен болды. Осы кезде өртеніп жатқан бір үлкен үйден шырылдаған жас баланың дауысы шықты. Үлкен жүрек иесі, балажан Аманғали Сегізбаев өз басына төніп тұрған қауіп-қатерге қарамастан өртеніп жатқан үйдің ішіне кіріп кетті де, көк түтінге булығып, тұншығып жатқан екі жасар неміс қызын от-жалынның арасынан алып шықты. Бала деген кім? Ол – нәресте, ол – сәби. Ол достың да, дұшпанның да кім екенін білмейді, әлгі неміс қызы да сондай нәрестелердің бірі еді. Ол бейтаныс жауынгердің, Аманғалидің қойнына тығылып, мойнынан мықтап құшақтап алды. Аманғали оны қолына алып, екінші бір жауынгерге берді де:

– Бір қауіпсіз жерге апарып, аман сақтаңдар, – деп тапсырды. Ауыр ұрыс-тардан, әрі өрт сөндіруден шаршап-шалдыққан жауынгерлер жайғасып дем ала бастады. Осы кезде Аманғали өзінің жауынгер жолдасынан: «Жаңағы баланың жайы қалай?» деп сұрады. Бірақ ол жауап беріп үлгермеді. Қал-тарыста тығылып тұрып оқ атқан қор-қақ та зұлым жаудың оғы Аманғали Сегізбаевтың үлкен жүрегінің соғуын тоқтатты, оның тамаша өмірін үзіп кетті» –  деп жазады жазушы Бүркіт Ысқақов «От ортасынан оралмағандар» атты кітабында. Осы жолдарды оқып отырып, кеудесін жау оғына тосып, немістің сәби қызын құтқарып қалған көріністі көзге елестеткенде, Берлин қаласының Трептов паркінде орнатылған «Памят-ник воину освободителю» деген кеңес жауынгерінің скульптурасын осы Аман-ғали Сегізбаевтың тұлғасынан тұрғыз-ған ба дерсің!

Ал Бүркіт Ысқақов жазушының жазған Аманғали Сегізбаевтың соғыс-қа дейінгі бейбіт өмір жолы біздің Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданымен қалай қиылысты? – деген сұраққа келсек, 1928 жылы астаналық аумақта жаңадан құрылып жатқан ауданның басқару жүйесін, әсіресе ақпараттың идеологиялық салаларын құруға, шефтік көмекке өте тәжірибелі жазушы-журналист, бүгінгі «Егемен Қазақстанның» «атасы», ол кездегі «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты қызметкері – Аманғали Сегізбаевты аттандырған екен ауданның алғашқы орталығы – Қаракемер ауылына. Арасы-на екі жыл салып ұйымдастырыл-ған жаңа ауданның жаңа баспасөзін – «Үлгілі колхоз» газетін құрып, оны басуға Одақ орталығынан қарапайым баспахана құрал-жабдықтарын ал-дыртқан да осы Аманғали Сегізбаев екенін бірнеше мәрте газет беттерінде жариялап, оқырмандарымызға ұсынған болатынбыз. Сондықтан да ғасырға жуық уақыт шығып келе жатқан «Ең-бекшіқазақ» газетінің әр жылғы шығар-машылық ұжымдары жауынгер-журналист, көптеген кітап авторы, ауданымыздың атын еліміздің бас газетінің атымен атауға атсалысқан, газеттің алғашқы нөмірлерін дайындап, таралымдауға көмектескен Аманғали Сегізбаевты пір тұтады. Ер есімі ел есінде!

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

ҚР Құрметті журналисі.

 

Оқылды 325 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 04, 2025

Сыбайлас жемқорлық түсінігі және…

Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің тұрақты дамуына, қоғамдық қатынастардың ашықтығы мен…
Желт 04, 2025

Пиротехникалық бұйымдардың…

Пиротехникалық бұйымдарды (фейерверктер, отшашулар, жарық беру және дыбыстық эффектілер…
Желт 04, 2025

Неліктен ұнды фортификациялау маңызды

Халықтың денсаулығы мен тамақтану сапасын жақсарту – мемлекеттік саясаттың стратегиялық…
Желт 04, 2025

Стоматологиялық ауруханаішілік…

Ауруханаішілік инфекцияларды әртүрлі микроорганизмдер тудыруы мүмкін. Оның ішінде…
Желт 04, 2025

«1 желтоқсан - АИТВ инфекциясына…

АИТВ - бұл адам ағзасының жасушаларына енетін және оны түрлі инфекциялардан қорғайтын…
Қар 26, 2025

Күймен өрілген ғұмыр

Нұра ауылында қазақ күй өнерінің көрнекті өкілі, Жетісу өңірінің күйшісі Омархан…
Қар 26, 2025

Бір тіл – бір әлем

Әр адам өзінің өмір жолын немен байланыстыратыны тек өз еркінде. Алдына мақсат қойып,…
Қар 26, 2025

Чемпиондық рух

 Саламатты өмір салты - адамның басты байлығы – денсаулықты күтуге, дұрыс өмір сүруге…
Қар 24, 2025

Ауыз су сапасына қойылатын талаптар

 Адам өмірінің басты тіршілік көзі — су. Су адам ағзасының шамамен 60–70%-ын құрайды және…

Күнтiзбе

« Желтоқсан 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет