Сейсенбі, 22 Наурыз 2022 14:06

Самарқанның көк тасында салмақ бар

 

Неше мың жылдан бері қалыптасып, Шығыс халықтарының санасына әбден сіңісті болған түсінік бойынша Әз Наурыз – күн мен түн теңелетін, жер-жаһан қайта түлеп, жан-жануарлар төлдеп, адамның аузы аққа тиетін күн. Міне солай, мына жарық дүниедегі адамзатқа тиесілі, пешенесіне жазылған мерзімнің кезекті жаңа жылы басталады. Қыс бойы ұйқыда жатқан табиғат оянады. Жер анамен бірге адамның ішкі жан дүниесі де қайта түлейді. Бұл күні тіпті Самарқанның көк тасы да ериді. Халық санасына сіңген осынау сөздің астарында теңіздей толқыған терең ой жатқаны анық. Біз ұлыстың ұлы күніне орай «Самарқанның көк тасы» деп қасиетті ұғым  ретінде  қалыптасқан  қастерлі сөздің мәніне үңіліп көруді жөн көрдік.

Самарқанның көк тасы еріген күн. Түркі халықтарының түсінігі бойынша жыл басы наурызбен қатар аталатын осы бір тұрақты сөз орамының мәніне үңіліп көрмес бұрын алдымен көк тас тіркесіне тоқтала кетейік. Қазақ ұғымында көк – тыныштық пен бірліктің, берекенің белгісі. Ол аспанмен, тәңірмен қуатталады. Сондықтан ол мықтылықты, жеңімпаздықты, рухы жоғарылықты, үстемдікті, паңдықты білдіреді. Соған сай көк түрік, көк ту, көк  бөрі, көк төбе, көк сауыт, көк найза, көк сүңгі, көк болат, көк мылтық, көк қаршыға сынды тіркестер бар. Қазақта үлкен кісі баласынан көңілі қалса, «басыма көк тас қоймай-ақ қой» деп, өкпе-ренішін білдіріп жатады. Мұндағы көк тас – жай тас емес, асыл тас, лағыл тас. Ал аталмыш көк тастың  ғылыми атауы – лазурит. Осы сөздердің түп-төркініне үңілген ғалым Нұрдәулет Алдашевтің зерттеуінше, бұл жердегі көк тас лазурит болуы мүмкін. Түсі – қою көк, жылтырлығы – шыныдай лазурит әшекей тас ретінде қолданылған. Тас сөзі монғол-түркі тілдеріне ортақ, ол «мүлдем, әбден, мықты» деген мағынаны білдіреді. Ғалымдардың пайымдауынша, Самарқанның ежелгі атауы «Мараканда» осы қастерлі тас атауына байланысты шыққан. Өйткені парсы тілінде «кан» қазіргі «кен» дегенді білдіреді. Сонда Самарқаныңыз «самаргда» (асыл тас) кеніне сәйкес келеді. «Кан» сөзі кейін «канд», «кент» елді мекен, қала, шаһар деген мағынаға өзгеруі мүмкін деген топшылаулар бар.

– Қалай болғанда да «Самарқанның көк тасы еріген» кезді ата-бабаларымыз «асыл тас», «тас», «көк тас» деген мағыналарынан қабылдай отырып, бұл мезгілді табиғаттың қастерлі де қасиетті күні деп есептеген. «Самарқанның көк тасы» – ұлтымызды рухтандандыратын, Наурыз мейрамының әдемі бір бояуын бойында сақтаған сөз, – деп тұжырым жасайды ғалым.

Ертеде қайтыс болған атақты адамдардың басына Самарқаннан арнайы көк тас алдырып қою дәстүрі болған. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Абылай ханның түсінде» былай дейді: «...Абылай хан Самарқанға елші жіберді: «Ұрысым, соғысым жоқ, әулиелерді зиярат қыла келдім. Ел ақсақалдары қонаққа келсін» деп. Қоянның көзінен қорқып, жебедей жерге кіріп кете-тұғын сарт сорлы жаман қорқып тұр екен... Қатын-қыздарын, тауық пен бөденелерін тауларға бостырып жіберген екен. Бірін-бірі сыйласып, қонақ болысып, Абылай хан сонда бір көк қасқа айтып сойдырып, басына қойдыратын тас қаздырды дейді. Абылайдың бағына шыққан тасқа таңғалған Самарқан жұрты: «Бұл баяғы Әмір Темірден соң, ешкімге шықпаған тас десіпті». Бүгінгі күні де зират басына белгі үшін көк тас қойылады. Қойылатын тастар гранит және мәрмәр болып екі топқа бөлінеді.

Ахмет Байтұрсынұлы наурыз парсы сөзі екенін айтып, қазақша айтқанда «Жаңа күн» деп түсінік берген. Орта Азия халықтары мен қазақ халқы Наурыз мерекесіне «Самарқанның көк тасы еріген күн» деп өте бейнелі анықтама айтқан.  Халық арасында «Самарқанның көк тасы еріген күн» туралы аңыздар да аз емес. «Самарқанда әйгілі Ақсақ Темірдің тағы бар, Наурызда ханның қаһары жібиді, егер біреу өлім жазасына кесілсе, соған өлім бұйыртпай аман алып қалатын, райынан қайтаратын күн» деген аңыз бар. Белгiлi этнограф-қаламгер Сейіт Кенжеахметовтың жиғантерген, жүйелеген деректерiне сүйенсек, Самарқандағы Ұлықбектің обсерваториясындағы аспан денелерін белгілеген үлкен көк тасқа Ұлыстың ұлы күні күн сәулесі тікелей түскенде әлгі тас бірер сәтке ериді деген аңыз халық арасында тараған.

Наурызда бір-біріне бұрынғы өкпе-реніштері бар адамдар төс қағыстырып, қайта достасады. Егер Ұлыстың ұлы күнінде өкпе-ренішін қия алмаса, «Сен тастан да қаттысың ба, бұл күні Самарқанның көк тасының өзі жібиді ғой» деп наз айтатын болған. Көрнекті қазақ ақыны Исраил Сапарбайдың:

Ішпей-жемей ақынның мас көңілі,

Желіктірді жеңсік ас жас-кəріні.

Тілек бүгін тамады тіл ұшынан,

Жүрек түгіл, көрдің бе,тас та еріді!

Тас та еріді!

Көк тасы Самарқанның!

Қалды адыра салбөксе, самарқау күн.

Көңілімнің көліне аққу қонып,

Алқынады кеудесі

Жанартаудың!, – деп төгілте жырлайтыны бар.

Ата-бабаларымыз үлкен мен кіші арасындағы сыйластықты, кешіріммен қарауды, ұрпаққа өнеге болатындай іс істеуді, даналық пен ұлағаттылықтың үлгісін көрсетуді және салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрыптарды сақтап қалу бағытындағы дәстүрді қай сөзінде де ылғи өнеге етіп қолданған деп есептейміз және жоғарыда айтылған пайымымызға сүйене отырып, «Самарқанның көк тасы», «тәңірлік тасы», «Самарқанның көк тасы еріген кез» деген сөздерді талдау арқылы көне тарихымыздың бір бетін шамамызша зерделегендей болдық. Әлімсақтан келе жатқан «Самарқанның көк тасы еріген кез» ұлт санасында жаратылыс әлемінің түлеуі мен жаңа өмірдің бастауы болып  қала бермек.

Дайындаған Е.АСЫЛ

Оқылды 18174 рет

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет