Жемқорлық – қоғам дерті. Қазіргі таңда аталған дертпен күрес кешенді жүргізілуде. Осы орайда, «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері онлайн форматта жиын өткізді. Шараға бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысты. Қоғамдық кеңес төрағасы Айдарбек Дауытқұлов ел болашағына балта шабатын жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты. – Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен күресу үшін барымызды салуымыз керек. Қазіргі жасалып жатқан реформалар, салалардың басым бөлігі және көрсетілетін мемлекеттік қызметті цифрландыру жұмыстары – жемқорлықты жоюға бағытталған. Біз…
Бүгін «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында «Қазақстан – бірлік пен береке бесігі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде бас қосты этно-мәдени бірлестік өкілдері мен кәсіпкерлер. Мақсат – аудандағы түрлі ұлт өкілдері арасындағы татулықты нығайту. Жиын барысында «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі, аудандық мәслихат депутаты, күрд этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Надо Надыров бірлік түбі – береке екендігін айтып, баяндама жасады. Сонымен қатар, кәсіпкерлер мен этно-мәдени бірлестік өкілдері өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты. С.НҰРАДИН
Жұма, 30 Қазан 2020 10:32

Жолдау дамуға жол ашады

Бүгін аудандық мәслихат депутаты Гүлсара Егенбаева «Есік Сәулет» ЖШС-нің ұжымымен кездесіп, Президент Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын түсіндірді. – Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында 30 жылда ел экономикасының іргетасы берік қаланып, әлем сахнасынан ойып тұрып орнымызды алдық. Әлемнің алпауыттары санасатын мемлекетке айналдық, абырой-беделге ие болдық. Алдағы уақытта да осындай жүйелі жұмыстарды жалғастырып, жаңа реформаларды жүзеге асыруымыз керек. Сонда ғана қазіргідей дағдарыс жағдайында экономикамыз тұраламай, халықтың әлеуеті арта түспек. Осындай жетістіктерге жету жолдары Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында айтылған…
Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік экономикалық ынтымақтастық – 2020 Халықаралық форумында бейне үндеу жасады. «COVID-19-дан кейінгі жаһандық өзгерістер және солтүстік экономикалық ынтымақтастықтың келешегі» тақырыбындағы шара бүгін Сеул қаласында басталды. Бұл туралы ресми Ақорда хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Мун Чжэ Ин бастамашы болған және соңғы үш жылдың ішінде өзінің өзектілігі мен өміршеңдігін дәлелдеген «Жаңа Солтүстік саясат» стратегиясын жоғары бағалап, Оңтүстік Корея басшысының өркендеген, өзара байланысы мығым және тұрақты Еуразия құру көреген идеясын құптады. Қазақстан Президентінің пікірінше, қазіргідей әлем коронавирус пандемиясының теңдессіз…
Сәрсенбі, 28 Қазан 2020 16:38

Кедергісіз келешек

Мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық орындарда кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасап, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуін қаматамасыз ету және жұмыспен қамту – мемлекеттің негізгі мақсаты. Осы бағытта тағдыр тауқіметін тартқан жандарға демеу болатын «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы талқыланды азаматтық қоғам мүшелерімен. Мәслихат депутаттары Гүлмира Мұхтаров мен Гүлсара Егенбаева партиялық жобаның мақсатын түсіндіріп, мүгедек жандарға жағдай жасауда үлкен рөл атқаратындығын айтты. Осы уақытқа дейін мемлекет меншігіндегі нысандардың барлығы дерлік мүгедектердің жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасап, ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін пандустарды жаңартқан…
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әмірғалиев Азамат Халимеденұлы Қазақстан Республикасы әділет вице-министрі болып тағайындалды. Азамат Әмірғалиев 1976 жылы Алматы қаласында туған. 1998 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын, 2018 жылы Инновациялық Еуразия университетін және МВА Халықаралық бизнес мектебін бітірген. 1998 жылдан 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 2006-2009 жылдары — ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама бөлімінің меңгерушісінің орынбасары. 2009-2011 жылдары — «Альянс Банк» АҚ корпоративтік хатшысы. 2011-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасы аппаратының басшысы, …

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет