Жұма, 14 Шілде 2023 10:21

Ауыл шаруашылығына айрықша көңіл бөліну керек

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ СҰЛТАН ДҮЙСЕМБИНОВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН АУДАНЫМЫЗҒА КЕЛІП, ӨҢІРІМІЗДІҢ ТУРИЗМ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов пен облыстық  мәслихат төрағасы Талғат Байеділовті аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименов қарсы алып, Іле-Алатауы  ұлттық табиғи паркінің аумағындағы Есік көлін көрсетті. Мұндағы мақсат – стратегиялық маңызы бар нысанның жұмысымен танысу әрі мұндағы қордаланған мәселені шешу жолын қарастыру. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Бименовтің сөзінше, Есік көлі аудан орталығымен оған жақын орналасқан елді мекендерде тұратын 100 мыңнан астам тұрғынды ауызсумен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, 5500 гектар егістік алқабына тіршілік нәрін осы көлден алады. Қазіргі таңда суды тоқтататын құрылғылар ескіріп, жаңартуды қажет етеді. Бұл мәселе бойынша Сенат депутаты тиісті шаралар қабылдау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ бүгінде көлді сенімгерлік басқаруға алған су электр станциясы көл суын үйлесімсіз пайдалануда. Бұл көлдегі судың жаз айына дейін тиісті мөлшерде жиналуына кері әсер етеді. Нәтижесінде, тұрғындар тіршілік нәрінен таршылық көруі мүмкін. Сұлтан Мырзабекұлы суды тоқтататын құрылғыларды жаңалауға мүмкіндік беретін жаңа жоба дайындау керектігін, ол үшін жергілікті әкімдік пен экология және табиғи ресурстар министрлігі нақты жұмыс жоспарын пысықтау  қажет екендігін айтты.

Ауданымызда тау туризмін дамыту үшін зор мүмкіндіктер бар. Мысалы, Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің тау кластері. Осыған орай, Есік көлінің аумағында биодәретханаларды, жеке гигиена пунктерін, қоқыс жинағыш-тар мен қоқыс жәшіктерін, көрнекі ақпараттық стендтер мен нұсқаулық-тар орнату, телефон және интернет мәселесін пысықтау, сондай-ақ турис-тердің демалыс объектілерін абаттан-дыру жұмыстары жүргізілуде.

1963 жылғы 7 шілдеде болған жой-қын тасқыннан кейін бұл жерде селден қорғайтын бөгеттер салынып, Есік көлі демалыс аймағы емес, селден қорғай-тын бөгет ретінде қалыптасты.

Дегенмен, табиғатты тамашалауға мұнда ел ішіндегі алыс-жақын қала-лардан ғана емес, шетелден де ағылып жатқан адамдар көп. Осы орайда олардың қауіпсізідігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін тиісті инфрақұры-лымның қажет екені сөзсіз. Әрі көл мен табиғатқа деген елдің үлкен қызы-ғушылығын жоғалтып алмай, бұл сұра-нысты туризмді дамытуға пайдалану керек-ақ. Бұл қадам өз кезегінде, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, аудан экономикасының өркендеуіне  оң әсерін тигізетіні анық. Есік көлінде туризмді дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан Сенат депутаты тиісті мәселердің оң шешім табуына ықпал ететіндігін жеткізді.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов барған келесі нысан – «Unifruit» ЖШС. Компания там-шылатып суару жүйесі бойынша 100 гектар алқапқа бау-бақша өсіреді.Кәсіпорынға мемлекет тарапынан  субсидия да берілген. Аталған кәсіп түрімен «Unifruit» ЖШС 2016 жылдан бастап айналысады. Жеміс-жидек көшетінің өзі шет ел асып келген. Атап айтсақ, голден рейндерс, гала, фуджи, гренни смит, ред иона принц, ред делишес сынды көшеттер Италиядан арнайы жеткізілген. Айта кетейік, бү-гінде өндіріс көлемі жылына 5 000 тонна өнімді құрайды. Орта Азиядағы бетон діңгек шығаратын жалғыз зауыт та «Unifruit» ЖШС-іне тиселі. Бетон діңгектер алма мен жүзімнің өнім көлемін арттыруға зор мүмкіндік береді. Бұл діңгектер тірек қызметін атқарып, жас көшеттердің жерсінуіне және ойдағыдай жетілуіне ықпал етеді. Өндіріс италиялық тәжірибеге сүйене отырып қолға алынған.  Зауыт жылына 30 мың дана бетон діңгек шығаруға қауқарлы. Серіктестік басшысы өз өнімімен таныстырып, толыққанды жұ-мыс істеу үшін сенаторға газ мәселесін шешіп беруге көмек көрсетуді өтінді. Кәсіпорын көгілдір отынмен қамтылса, еңбек өнімділігі арта түспек. Бұл сөз жоқ ауыл әлеуетін арттыратыны шындық. «Unifruit» ЖШС-і қызметкерлерінің тілегін тыңдаған Сұлтан Мырзабекұлы өтінішті тиісті органдарға жеткізуге  уәде берді.

Мемлекеттің қолдауына ие болған шаруашылықтың бірі – «FROSCO» ЖШС. Бұл мекеме Аграрлық несие кор-порациясы арқылы 2,1 млрд теңге несие алып, көкөніс пен жеміс-жидектерді өңдеп, кейін дайын өнімді тоңазытатын кешен салды. Шаруашылық басшысы Ерік Мұсағұлов мұндай кешен елімізде бұрын-соңды салынбағанын айтады.

– Бұл жобаны 2018 жылы қолға алдық. Бұл­ жерде ең маңыздысы тоңа-зытқыш жабдықтарын орнату, қазір соны орнатып жатырмыз. Ондағы темпера-тура 25 градус болады. Автоматты  жүйе толық іске қосылғаннан кейін  көкөніс пен жидектерді мұздататын боламыз. Өнімділігі сағатына үш тоннаға дейін жетеді, яғни бір айда 800-1000 тоннаға дейін өнім өңдей аламыз, – дейді Е.Мұсағұлов.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сәуірдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңейтілген кеңесте соңғы 15 жылда азық-түлік бағасының бұрын-соңды болмаған өсімі байқалғанын атап өткен болатын. Ал маусым айы-ның ортасындағы Мәжілістің Үкімет сағатында көкөніс импортын алмастыру мәселелері талқыланды. Депутаттар импортты алмастыру, жеміс-көкөніс өнімдерін өңдеу және сақтау бойынша түйіткілді мәселелерді қозғап, құзырлы мемлекеттік орган өкілдеріне сауал-дарын қойды. Бұл мәселе жүйелі ше-шім табуы үшін жергілікті әкімдіктер жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін  және сақтайтын кәсіпорындардың  ашылуына баса назар аударуы тиіс. Еңбекшіқазақ ауданындағы жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін және сақ-тайтын кәсіпорындардың мүмкіндігі  бізді сүйіндірді. Бұл бағытта әлі де  ауқымды жұмыстар атқарылу қажет.Өйткені, осы бағытта аудан әлеуетін арттырудың маңыздылығы зор», – деді  ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтан Дүйсембинов.

Сапар қорытындысы бойынша  Сенат депутаты Еңбекшіқазақ ауданы-ның шаруашылығы қарқынды дамып келе жатқандығын атап өтті.

Е.АСЫЛ.

 

Оқылды 1072 рет

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 11, 2025

Мемлекеттік қызметке ашық жол:…

Мемлекеттік қызмет — ел дамуы мен тұрақтылығының тірегі, азаматтардың әл-ауқатын…
Қырқ 11, 2025

Бошкулов Айдар Багашарович, …

В послании Главы государства этого года обозначены как глобальные вызовы времени, так и…
Қырқ 10, 2025

Оқушылардың ата-аналарына арналған…

Жаңа оқу жылы – әр оқушы мен ата-ана үшін жауапты әрі ерекше кезең. Бұл уақыт баланың…
Қырқ 10, 2025

Жіті респираторлық вирустық инфекция…

ЖРВИ/тұмау- ол жіті жұқпалы, инкубациялық мерзімі қысқа, тыныс алу жолдарының қабынуымен…
Қырқ 10, 2025

Оба:жұғу жолдары, алдын алу шаралары.

Оба аса жұқпалы, карантинді инфекциялар тобына жататын ауру. Инфекцияның жабайы…
Қырқ 10, 2025

Мектеп жиһазына қойылатын санитарлық…

Мектеп жиһазы оқу процесін ұйымдастырудың негізгі элементі болып табылады.…
Қырқ 10, 2025

Компьютердің көру қабілетіне әсері

Қазіргі уақытта компьютерлер, планшеттер, смартфондар және басқа гаджеттер ақпарат алу…
Қырқ 09, 2025

Алматы облысының қатысуымен …

Алматы облысының қатысуымен Мәскеуде бизнес-форумИнвестициялар, цифрлық технологиялар…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2025 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет