Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 21:16

Белгілі тележүргізуші, Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры Бейсен Құранбек: Тамырымыз тереңдемей, елдігіміз кемелденбейді

Жақында Асан Омаров деген абайтанушымен бірге қазақтың рухани дамуының алтын діңгегі болған Абайдың, Құнанбай атамыздың жатқан жеріне барып, зиярат етіп қайттым. Сонда сұрадым: «Осы Абай атамыздың ұрпағы бар ма?» – деп. Бұл Сіздерді де алаңдататын шығар. Хантәңірдің мұзбалағы Мұқағали «Абай – Гималай» деп айтпақшы, рухани Гималайымыз болған Абайдан бүгінде бір ғана Данияр деген ұрпақ қалыпты. Оның өзі 45-тің шамасындағы азамат. Әйелі орыс, үш қызы бар... Міне, қазіргі қазақ қоғамының нағыз бейнесі! Иә, ұлы адамның тұқымын құрту үшін ұлы даламызда қаншама солақай саясат жүргізілді. Патшалық ресей қыспаққа алды, репрессияға ұшыратты, атом қаруын жарды... Мұның бәрі қазақтың қаймақтарын қағып алудың қағидаты еді. Міне, енді біз дәл Данияр іспеттіміз. Қазақша дұрыс білмейміз, өз тамырымызды ұмыттық. Енді не істеуіміз керек?!. Ең бірінші тамырымызды тереңге жіберуіміз міндет. Өйткені, сыртымыз жылтырағанмен, тамырымыз құрттаса, үп еткен желге төтеп бере алмасымыз анық. Біз тұрғызып жатқан қазіргі қоғамымызда құлаған бәйтеректер қаншама... Президенттен кейінгі ең үлкен қызмет саналған Премьер-министрлер, талайдың арманы болған Министрлер, әкімдер замана сілкінісінен сұлап жатыр. Бұлардың әрбірі бір бәйтерек емей немене? Мұның бәрі – тамырдан ажырағаннан.

Тамыр дегеніміз не? Ол – ататек. Қазір бәріміз баланы қалай тәрбиелейміз? Бірінші – оқы, білім ал, екінші денсаулығың мықты болсын деп спорт секцияларына береміз. Үшінші – өнерлі бол деп үйірмелерге жаздырамыз. Әрине, заманына қарай тіл меңгеруіне мүмкіндік туғызамыз. Дұрыс. Алайда... тамырынан ажыраған ұрпақ жасанды жол іздейді яғни, басқа жақтан нәр алады. Ол болмау үшін ататегін ең бірінші балаға үйрету керек. Ол жеті атаны ғана жаттап ал деген сөз емес. Олар қандай адам болды, еліне, жеріне қандай еңбегі сіңді? Қысқасы, жеті атаңның жүріп өткен жолын таны деген сөз бұл. Екінші – ана тілін үйрету керек әр ұрпаққа. Ал ана тілін білмеген ұрпақ әдебиетінен, мәдениетінен де мақұрым қалады. Сөйтіп, тамырымыздан ажыраймыз. Үшінші – салт-дәстүрді сақтау. Оған мысал десеңіз айтайын, жапон елі қазір ең үздік дамыған мемлекет. Ал барып көрсеңіз, баяғыша татамиде жатады, алтын қасық берсеңіз де, ағаш таяқшаларымен ас ішеді. Яғни, бабаларының салт-дәстүрін әлі күнге жалғап келеді. Ал бізде ше? Тұрмыстық дәстүрді былай қойғанның өзінде төл мәдениетіміз күйдің тілін түсінетін қазақ қалмады-ау, шамасы. Төртінші – иман. Бүгінгі қоғамда иманды былай қойсақ, діннен қорқатын жағдайға жеттік. Осындай нәрселердің кесірінен тамырымыздан ажырадық. Дәл осылай жалғаса беретін болса, елдің де, жердің де қажеті болмайды бізге. Қорықсақ, осыдан қорқайық, ағайын!. Енді не істеу керек? Бір ғана жол: құндылықтарды қалпына келтіру. Рухани жаңғырудың мақсаты да осы!

Мен сенемін, Даниярдан арыстай ұл туады, ол ататегін қуады, елдің, жердің қамын ойлайды. Сол жуан, ұлы тұқымды жоғалтпай, ұрпағын жалғайды! Бәріміз де осыған сенейік!

 

Оқылды 1748 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Сәуір 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет