Сейсенбі, 15 Тамыз 2017 21:20

«Жетісу» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің жетекшісі Есболат Айдабосын: Жас қаламгер, сен қайдасың?

Мені алаңдататыны, үш-тілді, қос қаріпті қоғам. Яғни, әліпби реформасымен бірге жағаласып, үштұғырлы тіл саясаты да қатар келеді елімізде. Бұның әсері қалай болады? Себебі, сөз бен қаріп тілдің қос қанаты іспетті. Егер біздің ана тіліміз қоғамымызда өз деңгейінді биікте тұрғанда қос реформаны да ойланбай іске асыруға болар еді. Бірақ, мемлекеттік тіл мәселесі әлі де күн тәртібінде. Сондықтан үштұғырлы тіл саясатын сәл реформалау керек секілді. Өз отбасымнан мысал айтайын, үлкенім биыл бірінші сыныпқа барды. Қазақы отбасында тәрбиеленгендіктен, ана тілінде емін-еркін сөйлей алады. Сөйтіп, бірінші сыныптан орыс тілінен қатты қиналды. Сыныптастарында да осы мәселе. Амалсыз біз оны мұғалім жалдап, орыс тілін үйретіп жатырмыз. Яғни, бұл саясат орыс тілінің ауқымын кеңейтуге жол ашып отыр.

Рухани жаңғыру бойынша іске асқалы жатқан тағы бір жағымды жаңалық – әлемнің 100 ақыл-ой алыптарының еңбегін қазақшалаймыз және қазақ жазушыларының туындыларын әлемнің алты тіліне аударамыз деді Елбасы. Шынайы қуанып отырмыз. Себебі, бұл қазақ жазушыларының дамуына даңғыл жол ашады. Ал осы жерде аударма болғаннан кейін оның сапасына да ерекше мән беру керек. Себебі, «Абай жолын» аударғанда кейбір шала сауатты аудармашылар Зере әжемізді орысшаға «старуха» деп аударғаны есімізде...

Ендігі бір мәселе, «бүгінгі жас қаламгерлер рухани жаңғыру жобасына қалай атсалысып жатыр?» деген сұрақтан гөрі «олар қайда, не істеп жүр?» Міне, санамды сарсаңға салған осы сауал. Өзімше айтсам, олардың көбі Алматы мен Астанада жүр. Бірақ ол жақта да шекесі шылқығандары шамалы. Көпшілігі тұрмыстың тауқыметімен өгей баланың күйін кешуде. Олардың алды қырыққа келді. Әдебиеттің емес, әлеуметтік қажеттілігін де өтей алмай келеді. Яғни, біздің буын бүгінгі қазақ әдебиетіне әлі ештеңе әкелмеді. Себебі, тау қопаратын шығармашылық қауқары күйкі тіршілікке кетіп жатыр. Сондықтанда менің ұсынысым: Елбасымыздың «Туған жер» бағдарламасының аясында Алматы мен Астанада жүрген қаламгерлерді өздерінің туған өлкелері шақырып, әлеуметтік жағдайын түзесе! Олар емін-еркін шығармашылықпен айналысса, рухани жаңғыруға зор үлес қосар еді. Өйткені, әдебиет тек Алматы мен Астанада жазылмау керек. Аймақтардың да түгенделмей жатқан тарихтары жетерлік. Міне, шығармашылық адамдары материалдық пайда әкелмесе де, әр өңірдің рухани дамуына зор сілкініс тудырар еді.

Оқылды 2185 рет

Соңғы жаңалықтар

Ақп 19, 2026

Рухани тазару айы

2026 жылдың ақпан айында күллі мұсылман адам үшін қасиетті Рамазан айы басталады. Бұл ай…
Ақп 10, 2026

Мұқағалиға арнау

Ақиықтар түлеген мұзбалағы, Хантәңірінің қарапайым қыр қазағы. Поэзияның асқар шыңын…
Ақп 10, 2026

Қазақ поэзиясының Хантәңірі

Сырым да – осы, Жырым да – осы, Алдыңда Байқашы бір, Бықсыдым ба, жандым ба? Махаңдар…
Ақп 07, 2026

Забота о природе как стратегическое…

В Казахстане необходимо на конституционном уровне закрепить поощрение волонтерства. С…
Ақп 07, 2026

Предложение о закреплении в новой…

На очередном заседании Конституционной комиссии заместитель председателя…
Ақп 07, 2026

Жаңа Конституцияның жобасына теңгені…

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын…
Ақп 07, 2026

«Это требование времени» – Нурлыбек…

Необходимость усиления ответственности в сфере экологии и закрепления норм по охране…
Ақп 07, 2026

Нұрлыбек Нәлібаев жаңа Конституция…

Экология саласындағы жауапкершілікті күшейту және қоршаған ортаны қорғау нормаларын…
Ақп 07, 2026

Проект новой Конституции получил…

7 февраля 2026 года в Алматы состоялось экспертное обсуждение на тему «Новая Конституция…

Күнтiзбе

« Сәуір 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет