Жұма, 25 Қыркүйек 2020 15:59

Nur Otan партиясының праймериз науқанына үміткер НАДЫРБАЕВ Серік Дүйсебайұлы

Өмірбаяны

Мен Надырбаев Серик Дюсебайұлы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Алға ауылында 1968 жылдың 5 қарашасында көпбалалы отбасында дүниеге келдім. Білімім жоғары: 1984 жылы Алға ауылындағы орта мектепті тәмамдап, осы жылы Есік қаласындағы педагогика училищесіне оқуға түсіп, 1987 жылы тәмамдадым. 1987-1989 жылдар аралығында Отан алдындағы борышымды өтеп әскер қатарында қызмет еттім. 2001-2004 жылдар аралығында Қазақтың спорт және туризм академиясында оқып, жоғарғы білім алдым. Сондай-ақ, 2014-2017 жылдары аралығында Д.А. Қонаев атындағы көлік және құқық Гуманитарлық Университетінде білім алып, экономика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алдым.

Алғашқы еңбек жолым Еңбекшіқазақ ауданы Алға орта мектебінің мұғалімі болып басталды. Алға орта мектебінің директоры, аудандық білім бөлімінің әдіскері, 2015 жылдан бері аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болып қызмет атқарамын.

 Отбасым бар, екі баланың әкесімін.

Менің сайлау алдындағы бағдарламам:

  • Мұғалімдердің денсаулығының мықты, жайдары көңіл-күйі басты назарда болу керек деп санаймын. Осыған байланысты жаз мерзімінде ұстаздар мен олардың балаларын сауықтыру, шипажайлық-курорттық емдеу басты мәселе болып табылады. Әрине, бұл жұмыс бар, бірақ мен осындай демалыс жолдамаларының артуын басты назарға қойсам деймін, әрі жолдаманың құны қалта көтеретін, емі талапқа сай мекемеде сауықтыруды қадағалаймын.
  • Мұғалім мамандығының абыройын көтеру – лайықты еңбекақымен қамтамасыз ету. Ұстаздықтың қыр-сырын өз басымнан өткізгендіктен «білемін» деп толық айта аламын. Педагогтерді материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету – бұл мемлекет алдындағы басты міндет. Олай болса, осы мәселенің жылдам шешілуіне барынша атсалысамын
  • Ұстаздардың «Рухани жаңғыру» рухани-адамгершілік тәрбиесі негізінде жасалған бағдарлама шеңберінде шеберлігін арттыру мақсатында бүгінгі күнгі жағдайды ескере отырып, сандық форматта түрлі кәсіби байқаулар ұйымдастыруды ұсынамын. Бұл педагогтердің мотивациясын арттырып, шығармашылықтарын шыңдап, қазақстандық қоғамда ұстаз мәртебесін дамытады деп сенемін.
  • Саламатты ұрпақ тәрбиелеу үшін дене шынықтыру мен спортқа, спорт алаңдары мен денсаулық үнемдеуші мәдениетке баса назар аудару керек. Сол мақсатта балалар мен үлкендерге арналған аула клубтары мен ақысыз спорт секцияларын қайта жандандыруды қолға алуды ұсынамын.
  • Мектепке жас мамандардың келуі, олардың сол жерде тұрақталып қалуы – бүгінгі күннің басты мәселесі. Осыған байланысты, мен жас мамандарға қолдау көрсетіп, баспаналы болуына атсалысамын.
  • Еліміздің демографиясының көтерілгеніне қарай бала саны көбейді. Бұл әрине, қуаныш. Осыған орай сол балаларға арналған балабақшалар мен мектептердің көптеп салынуын қадағалағым келеді.
  • Ұстаз еңбегі, ең алдымен, ой еңбегі болғандықтан «Мұғалімді зейнетке ерте шығаруды» ұсынамын, онымен бірге қызмет еткен жылдарына байланысты белгілі бір пайыз мөлшерінде зейнетақысына үстеме қосылғанын қалар едім.
  • Мұғалім мәртебесін көтеріп, мектептегі негізгі міндетінен тыс жұмысқа жегуге тосқауыл қоюды қадағалаймын.

Аудандық мәслихатқа депутаттыққа кандидат ретінде, өз сайлаушыларыма осы мәселелердің барлығының орындалуына бар күшімді саламын деп уәде беремін.

Ауданымыздың әл-ауқатын көтеріп, одан әрі өсіп-өркендеуі үшін бар күш-жігерімді арнаймын. Менің сайлауалды бағдарламамды қолдап, маған дауыс беріңіздер.

Оқылды 1458 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет