Жұма, 25 Қыркүйек 2020 16:40

Чимангул Махаметқызы АМИЛОВАНЫҢ Nur Otan партиясының праймериз науқанына ұсынған БАҒДАРЛАМАСЫ

Мен, Амилова Чимангул Махаметқызы, өзімнің туып өскен жерім, еңбекжолымды бастаған және осы уақытқа дейін қызмет етіп келе жатқан Еңбекшіқазақ ауданының дамып, өркендеуіне үлес қосу мақсатында «Праймериз-2020»-ға қатысып отырмын.

Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Н.Назарбаев және Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың ел дамуының негізгі бағыттарын, идеяларын қолдай отырып, туған жерімнің, халқымның бақуатты өмір суруіне атсалысуға арналған  бағдарламамды ұсынып отырмын:

  • Жастарды қолдау – жаңа әлеуметтік саясаттың негізі

-        Әр аумақта тұрғылықты жастарды жұмыспен қамтуды қолдау;

-        Жастардың бос уақытында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағыттау мақсатында, тұрғылықты жерлерде спорт секцияларын ашуға қолдау көрсету;

  • Білімді жастар – Ел болашағы

-        Білім беру саласында «Цифрлық бағдарламаны» жүзеге асыру мақсатында, ауылдық жерлерде интернет желісінің қолданылуының қолжетімділігін қамтамасыз етуге қолдау көрсету;

-        Жастарды жұмысшы мамандықтарды игеруде кәсіптік бағдар беруді дамыту және өз кәсібін ашуға қолдау көрсету.

  • Ұлттар арасындағы татулық пен келісім – бірлік пен береке бастауы

-        Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру бағытында жұмыстарды жүргізуде бастамашы болу;

-        Жас ұрпақты тәрбиелеуде жалпыұлттық құндылықтарға баулу және отбасы тәрбиесіне қолдау көрсету.

  • Экологиялық мәдениет – денсаулық кепілі

-        Тұрғылықты жерлерді абаттандыру және табиғатты аялау мақсатында жүргізілетін жұмыстарда бастамашы болу;

-        Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда адам денсаулығын сақтау шараларын дамытуға қолдау көрсету.

«Nur Otan» партиясының мүшелері!

Еліміздің көшбасшы партиясының кандидаттарына дауыс беруге шақырамыз! Өз таңдауларыңызды жасаңыздар!

 

Өмірбаяны

1964 жылы Қаратұрық ауылында дүниеге келген. 1981 жылы мектепті бітіріп, Абай атындағы ҚазПИ-ді 1986 жылы аяқтап, аудан мектептерінде еңбек жолын бастады.  Осы ауданда қызмет еткен мектептерінде жалпы педагогикалық өтілі34 жыл. Оның 22 жылында мектеп директорының оқу-тәрбие, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2005 жылы Абай атындағы ҚазПУ аспирантурасына түсіп, 2008 жылы педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми атағын алды.

Қазіргі таңда 2018 жылдан бастап А.Саттаров атындағы орта мектеп директоры.

Оқылды 1022 рет

Соңғы жаңалықтар

Желт 29, 2025

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына…

Сыбайлас жемқорлық – қазіргі қоғамның дамуына кедергі келтіретін мәселелердің бірі. Ол…
Желт 26, 2025

Бірлік бар жерде

Елдегі этносаралық келісім мен бірлікті нығайту – мызғымас мемлекет тірегінің кепілі. Осы…
Желт 26, 2025

Тәуелсіз елдің ұландары ән шырқады

Тәуелсіздік күніне орай «Біз – тәуелсіз елдің ұланымыз!» атты патриоттық әндер байқауы…
Желт 26, 2025

Он был духовным наставником сельчан

В текущем году в с.Ават происходили и радостные, и печальные события. Одно из наиболее…
Желт 26, 2025

Жазушы мұрасы – ұлт қазынасы

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Достық» үйінде Қазақстан Жазушылар одағы…
Желт 26, 2025

Дарынды оқушыларымыз жеңіс тұғырында

Қазақстанның дарынды оқушылары «UCMAS International Competition 2025 & World Cup…
Желт 26, 2025

Ұлы халықтың ұлы Абайы

Биыл қазақ елі данышпан, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын жоғары деңгейде атап…
Желт 26, 2025

Білім сапасы – ел болашағының кепілі

Қазіргі жаһандану дәуірінде кез келген мемлекеттің дамуы ең алдымен білім сапасымен…
Желт 26, 2025

Ұлттық құндылықтар дәріптелді

Ішкі саясат бөлімінің бастамасымен жастар арасында патриоттық тәрбие мен отбасылық…

Күнтiзбе

« Қаңтар 2026 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет