Жұма, 11 Ақпан 2022 09:19

Жырға бөлеп жүректі

Қызылжар ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектепте  «Өнерімді еліме арнаймын» деген тақырыпта елімізге белгілі айтыскер ақын, ҚР Журналистер одағының және Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйылығының иегері, ҚР мәдениет қайраткері Серік Қалиевпен кездесу өтті.

 

Кездесуге ауыл ақсақалдары мен ұстаздар қауымы, мектеп оқушылары қатысты. Сөз иесін ардақтаған жас түлектер өлең-жырдан өрім өрген айтыскер ақынға ерекше ықылас танытты. Жыр жүйрігінің шығармашылығына арналған кеште Серік Қалиевтің жүрекжарды өлеңдері  оқылып, ақын сөздеріне жазылған әндер шырқалды. Шығармашылық иесінің өмірінен сыр шертетін түрлі естелік фотолар көрсетілді.

Кездесуде мектеп оқушылары Серік Қалиевтің туған жер мен ұлт рухын ту еткен өлеңдерін оқып, кешті әрлей түсті. Ал ақынға арнау өлең оқыған Гауһар Ардақ, Айбол Жұмағали, Шуақ Ерсін сынды дарынды балалардың жалыны мен арыны көп көңілін толқытты. Сегіз қырлы Серік Қалиев сұлу жырымен қоса, небір сазды сарындарды өмірге әкелгені тағы бар. Әсіресе, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Аңғал досым-ай» әні әуелегенде әр жүректі адамгершілік пен достықтың сыршыл сезімі билеп бара жатты. Сұрақ қойып, өлең оқыған балалардың белсенділігінен-ақ кездесу кешіне мектептің тиянақты дайындалғаны көрініп тұрды.

Сырлы сұхбатқа толы болған әсерлі кеште мектеп оқушылары ақын өмірі мен шығармашылығымен, адами болмысы мен рухани әлемімен жақын таныса алды. Өлең десе ішкен асын жерге қоятын оқушылар ақынның жүрегін жарып шыққан жырларын тыңдап, өлеңдерімен рухани сусындап қайтты. Кеш соңына дейін тапжылмай отырғандығынан-ақ тыңдармандардың қара өлеңге деген махаббатын аңғаруға болады.

Тамаша кештің  соңында оқу ордасының құрметті ұстазы Ысқақ Салманов пен мектеп директоры Айжан Төлеуқызы ақын шығармашылығына табыс тілеп, тілектерін жаудырды. Сонымен қоса, сый-сияпаттарын тапсырып, құрмет көрсетті. Ақын Серік Қалиев өз кезегінде жиналған қауымға ризашылығын білдіріп,

Шомылып көңілдердің көктеміне,

Мен қайттым сапар шегіп өткеніме.

Көктөбенің ел-жұрты жайнай берісін,

Күн кешкен Алатаудың бөктерінде.

Шәкірттер азамат боп еңбек етсін,

Қазақтай бір туатын текті еліне, –

 деп ақ тілегін қара өлеңмен жеткізді.

Е.АСЫЛ.

Мектепті аяқтағаннан кейін сіз Мемлекеттік қызметтің не екенін, мемлекеттік органдар қалай жұмыс істейтінін, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен шектеулер туралы білесіз.

Сізге мемлекеттік басқару туралы теориялық білім ғана емес, сонымен қатар облыстың мемлекеттік органдарында тәжірибеден өтіп, өзін мемлекеттік қызметші ретінде сезінуге мүмкіндігі беріледі.

Сабақтар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының ғимаратында, Талдықорған қаласы, Ақсу көшесі, 2А мекенжайы бойынша өтеді, аталған ғимарат сапалы және тиімді сабақтарды өткізу үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған.

"Жетісу" мектебінің оқытушылар құрамы Академия филиалының үздік оқытушылары мен лекторларынан тұрады.

Сонымен қатар, тәжірибе алмасу үшін «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебіне жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары тартылады.

Естеріңізге сала кетейік, оқыту ақысыз, негізгі сабақтардан үзіліссіз өтеді!

 

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Алматы облысының жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының соңғы курс студенті болу.
  2. Мемлекеттік қызметші болуға ынта білдіру!

 

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Нысан бойынша өтініш;
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Білім беру ұйымынан анықтама.

 

1 лек бойынша құжаттар 2022 жылдың 10 ақпанынан 16 ақпанына дейін қабылданады.

 

Құжаттарды электрондық поштаға жіберу қажет: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жай бойынша: Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 75.

 

Қосымша ақпаратты 8 7282 241161, 241323 телефондары арқылы алуға болады.

Бейсенбі, 10 Ақпан 2022 11:44

Аяулым үздік үштіктің қатарында

Жақында Абу-Даби қаласында аралас жекпе-жектен өткен әлем чемпионатында ауданымыздың жас спортшысы Аяулым Ұлан ел намысын қорғап, жүлделі ІІІ орынмен оралды.

Бәйтерек ауылында тұратын 19 жастағы спортшы бойжеткен байрақты бәсекеде 52 кг салмақ дәрежсінде өнер көрсетіп, үздік үштіктің қатарына енді. Бапкері «Aibyn» жекпе-жек спорт клубының жетекшісі Төлеген Адыкенов.

Жат жерден елге жеңіспен оралған Аяулымды әуежайдан күтіп алған аудан әкімдігінің өкілдері, спорт клубының жауынгерлері мен жақындары құттықтауларын жеткізіп, жетістіктер тіледі.

Өз тілшіміз.

 

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ КОРРУПЦИЯМЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТЕ ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН ЫМЫРАСЫЗ КҮРЕСУ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТАҒЫ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТЫҢ БІРІ ЕКЕНІН АТАП ӨТТІ. ОНЫҢ ПІКІРІНШЕ, ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ОРНАТЫП, НАҒЫЗ ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ҮШІН, ЕҢ АЛДЫМЕН, ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТАМЫРЫНА БАЛТА ШАБУ КЕРЕК.

Президент соңғы жылдары бірқатар маңызды қадам жасалғанына назар аударды. Соттардың сапалы қызмет атқаруы үшін нақты шаралар қабылданды. Кейінгі үш жылда 174 судья жұмыстан шығарылды, я болмаса лауазымы төмендетілді. Жаңадан құрылған әкімшілік соттарға жарты жылдың ішінде 14 мың талап-арыз түскен. Соның тең жартысында сотқа арызданушылар жеңіп шыққан. Қылмыстық процестің үш буынды үлгісі енгізілді. Соның нәтижесінде прокурорлар былтыр үш жарым мыңға жуық адамның қылмыстық процеске негізсіз тартылуына жол берген жоқ. Басқа да бірқатар институционалдық шаралар жүзеге асырылды.

– Жемқорлық әрекеті үшін сотталған азаматтарды шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынды. Соттарға, құқық қорғау қызметкерлеріне, пара бергендерге және делдалдарға қатаң жаза қолданылатын болды. Былтырдан бері жалпыға бірдей салық декларациясын тапсыруды бастадық. Осы және басқа да шаралар айтарлықтай нәтиже беріп, жемқорлық деңгейі төмендеді. Дегенмен, түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ. Мұны ашық айтуымыз керек. Азаматтарымыз әлі де күнделікті өмірде сыбайлас жемқорлық жағдайларымен бетпе-бет келуде, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің тапсырмасы бойынша әзірленген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының жобасын бекітетінін мәлімдеді. Бірақ жұмыстың тиімділігі нақты нәтиже бойынша бағаланады. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру.

Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының жұмысынсыз сыбайлас жемқорлықпен тиімді күрес жүргізу мүлде мүмкін емес деп санайды. Көп жыл бойы олар мәселені терең зерттемей тұрып, пара алушыларды қылмыс үстінде ұстап келді. Әртүрлі адам бір лауазымды атқарып отырып, бірдей мәселелерді шешкені үшін кінәлі деп танылған. Жемқорларды тұрақты түрде ұстап, түрмеге тоғытып отырған. Ал сыбайлас жемқорлықтың белең алуына қатысты себептер мен жағдайлар ешкімді қызықтыра қоймаған. Тек соңғы жылдары ғана осы мәселеге назар аударыла бастағаны байқалады.

– Бұл жерде ауыл шаруашылығындағы субсидияларға байланысты жемқорлық деректердің анықталғанын атап өтуге болады. Кейінгі бес жылда мемлекет аграрилерді қолдау үшін екі триллион теңге бөлді. Осы уақыт ішінде аталған салада 960 қылмыстық іс тіркелген. 450 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұл сала жылдар бойы жемқорлыққа белшеден батуда. Соның кесірінен мемлекет үлкен зиян шекті, азық-түлік қауіпсіздігіне нұқсан келді. Атап айтқанда, жайылымдық жерлерді суландыруға бөлінген 80 миллиард теңгенің тең жартысы мақсатқа сай жұмсалмаған. Былтыр қуаңшылық болған кезде шаруалар жемшөп таппай, мал қырылып қалды. Тіпті, кейбір өңірде шаруаларға субсидия ретінде күн батареясы берілген. Ашығын айтқанда, ауыл тұрғындарына не қажет екеніне ешкім бас қатырмаған. Субсидияны игердік деп есеп беру үшін сол күн батареяларының бағасы еселеп көрсетілген. Мұның бәрі уәкілетті органдардың жауапсыздығынан болған. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдер мұндай былыққа жол бергені үшін жауап беруі керек, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық жүйелер мен деректер базасының жұмысына қатысты мәселелерге арнайы тоқталды. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне мемлекеттік құрылымдар әзірлеген барлық ақпараттық жүйеге тексеру жүргізу тапсырылды. – Олар қандай міндеттер орындайды, оларға кімнің қолы жетімді, қанша қаржы жұмсалды, азаматтар мен мемлекетке одан қандай пайда бар? Цифрландыру жөніндегі жұмыстардың басымдықтары нақты жүйеленуі керек. Мемлекет қызмет түрлерін алуды шынайы түрде жеңілдететін «Электронды үкімет» немесе жүргізушілердің жол жүру тәртібін күшейткен және жол ережелерінің бұзылуын тіркеуде адами факторды алмастырған «Сергек» сияқты жобалар болса, онда жөн. Сонымен қатар, егер цифрландыру деген желеумен бюджеттен қаржы жұмсалып, кейін  ешкімге қажеті жоқ ресурстарға көрсетілген қызмет үшін біреулер миллиондап алатын болса, онда әңгіме басқа, – деді Президент.

Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық бағытын түбегейлі қайта қарауға шақырды, сондай-ақ уәкілетті органдардың алдына бірқатар міндет қойды. Оның пікірінше, кәсіпкерлер мен жұртшылықтың сыбайлас жемқорлық деректері бойынша берген өтініштері негізінде жүйелі жұмыс жүргізу қажет.

– Кеден, құрылыс, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы жем-қорлықпен күресуге баса мән беру керек. Жауапты министрліктер осы бағыттар бойынша жемқорлықты жүйелі негізде жою жөнінде жоспар әзірлеуі қажет. Бұл жоспарды бірінші тоқсанның қорытын-дысы бойынша мұқият пысықтап, ұсынуды тапсырамын. Барлық іс-шараны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен келісу қажет. Құзырлы органдардағы бірінші басшылардың жұмысын жемқорлықпен күрес көрсеткіші арқылы да бағалайтын боламын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент мемлекет белгілейтін бағаларды реттеу кезіндегі жемқорлықты түбегейлі жою мәселесіне ерекше назар аударды.

– Тиісті уәкілетті органдар бағаны белгілеген кезде оның қаншалықты негізді екенін мұқият қарауы керек. Мұның астарында  экономикалық себептен бөлек, біреудің жымысқы әрекеті жатқан жоқ па деген сауал туындайды. Мысалы, отандық өнім өндірушілер теміржол саласын жемқорлық жайлағанын айтып, үнемі шағымданады. Кәсіпкерлер нақты бір нысанға апаратын теміржолды пайдаланғаны үшін төлейтін ақының көлеміне байланысты наразылық білдіруде. Осыған орай, бір уақытта бірнеше өңірден – Қостанай, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Ақмола және Павлодар облыстарынан арыз түскен. Монополист компаниялар бағаны өз бетімен еселеп өсірген. Бұл халық тұтынатын тауарлардың бағасына бірден әсер етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сатып алулар мен квазимемлекеттік сек-тордағы сатып алулардың тұтас жүйесін қайта қарауды тапсырды. Президент мемлекеттік сатып алуларға беделі бар, тиісті техникасы бар, білікті жұмысшылары бар, салықты уақтылы төлейтін өндірушілер қатысуы керек деп есептейді.

– Қазір сыбайлас жемқорлықты нақты жоюдың орнына, процесті бюрократияландыру жүріп жатқанын көріп отырмыз. Тапсырысты орындаушыны таңдауға бірнеше ай кетеді, бірақ бәрібір сапа мен адалдық жетіспейді. Қолданыста бар нормативтік сүзгілерге қарамастан, қандай тендер болсын, оны кім жеңетіні көбіне белгілі болып тұрады. Мәселен, екі жылда «Қазавтожол» техникалық қадағалау қызметі 99 сатып алу конкурсын өткізген. Олардың тең жартысын үлестікке қатысы бары айқын төрт компания жеңіп алған. Ал елімізде аккредитациядан өткен екі мыңнан астам ұйым мен сертификатталған алты мыңнан астам сарапшы бар. Сондықтан халықаралық деңгейдегі компаниялардың мемлекеттік сатып алуларға сирек қатысатынына таңғалуға болмайды, – деді Президент.

Үкіметке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржы мониторингі органдарымен бірлесіп, мемлекет пен квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын реттеу тәсілдерін, соның ішінде осы саладағы мемлекеттік бақылау жүйесін түбегейлі өзгерту тапсырылды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы бақылауды күшейту қажет деп есептейді. Үкімет мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңды түбегейлі жаңарту мәселесін қарастыруға тиіс.

Президент салық және кеден саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою мәселелеріне арнайы тоқталды.

– Қытаймен өзара сауда-саттық туралы екі елдің статистикалық мәліметтері екі түрлі. Олардың арасында миллиардтаған доллар айырмашылық бар. Былтыр бұл көрсеткіш 5,7 миллиард долларға жетті. Мұндай үлкен айырмашылық қалай пайда болғанын ешкім түсіндіріп бере алмайды. Ашығын айтқанда, бұл – контрабанда. Келеңсіздіктің бар екенін кәсіпкерлер де растап отыр. Сауалнамаға қарасақ, шетелмен сауда жасайтын адамдардың 90 пайызы жемқорлықпен бетпе-бет келген. Оның ішінде 45 пайызы кеденшілерге пара беруге мәжбүр болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шығыс Қазақстан облысындағы үш көліктік бақылау бекетін жемқорлық әбден жайлағанын анықтады. Елімізде мұндай 49  бекет бар. Кеден және көліктік бақылау саласындағы парақорлық транзиттік әлеуетімізді толық пайдалануға мүмкіндік бермей отыр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтуге шақырды. Бүкіл қоғамды жемқорлықпен күресуге жұмылдыру қажет. «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттік аппаратта жобалық басқару қағидаттарын енгізуді жалғас-тыру маңызды. Барлық мемлекеттік орган жұмыстың жаңа форматына белсенді кірісіп, оларды іс жүзінде қолдануы керек.

– Жалпы әкімшілік тәсілдерден бас тартып, басқарудың заманауи технологияларына жан-жақты бет бұру қажет. Мемлекеттік қызмет жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік қызметтің іс жүзінде сервистік және тұтынушыға қолайлы болуы үшін мемлекеттік қызмет жүйесін қайта құруы керек, – деді Президент.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі және Сыбайлас жемқорлыққа қар-сы күрес жөніндегі агенттіктің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов қоғамдық бақылауды кеңейтуді және мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етуді ұсынды.

– Кадр мәселесінде адамның моральдық тұрғыдан таза болуы керек екеніне баса мән берілгенін қалаймын. Оның сыбайлас жемқорлыққа қандай да бір қатысы бар деген сыбыс мүлде болмауы қажет. Кейде қарайсың, оқисың: әкімдер әлдебір мемлекеттік сатып алуларды қайталайды, бір қызметтен екінші қызметке ауысады. Мұны жұртшылық ауыр қабылдайды. Барлық мемлекеттік орган және жұртшылық әрдайым бірге күш жұмылдыра отырып, сыбайлас жемқорлықпен күресуге және өскелең ұрпақтың тәрбиесіне атсалысуға тиіс, – деді Марат Бәшімов.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары лауазымды тұлғаларды тағайындаған кезде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қорытын-ды анықтамасын міндетті түрде талап ету қажеттігін айтты.

Жиын барысында Сыбайлас жемқор-лыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов, Кәсіпкерлердің құқық-тарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин сөз сөйледі.

ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ.

Сәрсенбі, 09 Ақпан 2022 12:29

Сыйлаған сұлу өлең халық үшін

Мұқағали – сен жырдың алыбысың,

Сыйлаған сұлу өлең халық үшін.

Сый көрмей-ақ өмірден өткеніңе,

Барады күйіп жүрек, жанып ішім.

 

Топталған талай ақын жарып ішін,

Өлең жазған ерекше дарыны шын!

Мұқағали, жырыңмен сусындасам,

Басылады өлеңге сағынышым.

 

                  Өшпес із

 

Жүрек жырын ақ параққа түсірген,

Жырларынан сезім сырын түсінгем.

Ақиықсың, дара туған ақынсың,

Қалған ақын, сірә, сенің көшірмең.

 

Армандаймын болуды ақын өзіңдей,

Жыр жазамын күнде кешке көз ілмей.

Сіздің әрбір жалындаған жырыңыз,

Бейне, алтын мұрағаттың көзіндей.

Арман Пайзоллаев

Сәрсенбі, 09 Ақпан 2022 12:25

Қара өлеңнің пайғамбары

Қыраны Хантәңірдің тау тұлғалы,

Ұрпағың ұмытпайды артыңдағы.

Ғасырдан ғасырларға жалғасады

Дүлділдер, қара өлеңнің пайғамбары.

 

Қоштасып аққу қазбен тізбектелген,

Шығарып сап, қарсы алып гүл бөктерден.

Құлагері мәреге алдымен кеп,

Шыңы болып өрлейтін жыр-бөктерден.

 

Еске аламын «Сары жайлау», «Күрең күзбен»,

Қоңыр әуен естіліп құла дүзден.

Міне, бүгін ақынның туған күні

Қауышатын ақпанда жылда бізбен.

 

Бойыма жаратушым шабыт беріп,

Жіберген бе мені де жырға теліп.

Қайран ақын атамның досы бопты,

Көз жасыма беремін кейде ерік.

 

Қыранның да жанары толып жасқа,

Мұң шағыпты, Фариза ақын жасқа.

Әр қазақтың бойына жыр боп еніп,

Ізі қалды «Шәлкөде», «Айғайтаста».

 

Көркейіп Нарынқол мен Қарасазың,

Сағынып жүр өзен-көл, аққу- қазың.

Муза бабам рухың қолдай көр деп,

Жанарыма жас толып өлең жаздым.

Ғалия Әкімбекова,

С.Аманжолов атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сәрсенбі, 09 Ақпан 2022 12:17

Мұқағалиға арнау

Хантәңірдің түлеген мұзбалағы.

Өзің ең  қарапайым қыр қазағы.

Поэзияның асқар шыңын бағындырған,

Өн бойында тұнған бір жыр базары.

 

Өлеңнің құдіретін бағындырған,

Жырына сансыз жанды  табындырған.

Кестелі ойларымен өлең төгіп,

Дүниені  жарық нұрға малындарған.

 

Қырықтың бесеуіне келсең-дағы,

Ел-жұртыңның маңдайдағы болдың бағы.

Жүректіңнің  төріне  ұялаған,

Қалдырдың ұрпағыңа мол мұраңды.

 

Туған өлкең ,гүлге оранған Қарасазың,

Қасиетті құт-мекен болды тағың.

Үндескен жүрегіңмен елің-жұртың,

Өлеңің өмірдегі өшпес сарын.

 

Шоқтығың биік ,пір тұтар ақындығың,

Асқақтап тұр,қадірлеп халқың бүгін.

Жырыңмен сусындап, өлеңіңмен қуаттанған,

Үш бақытыменен шығарған түзу түтін.

 

Қазақтың қара өлеңі-құдіретім,

Алмас қылыш секілді тілдіретін.

Қай қырынан келсе де баға жетпес,

Сөз сұлтанын қашанда идіретін.

 

Емелхан Қайыпова

Алматы облысында 12 жастан бастап тұрғындарды короновирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 8 ақпандағы жағдайы бойынша облыста бірінші компонентпен 1 040 007 адам егілді, оның ішінде 12 жастан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер – 70 116, жүкті әйелдер – 3541 және лактация кезеңіндегі әйелдер – 12 162. Сондай-ақ, 171 360 адам ревакцинация курсынан өтті.
Облыста коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жүргізуге 318 егу кабинеті енгізілді, 76 жылжымалы пункт жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта облыста"Пфайзер" компаниясының "Комирнати", "Sinopharm Vero Cell", "Qaz Covid-in", "Гам-КОВИД-ВАК ("Спутник V") қолданылуда.
Вакцинацияға рұқсат алу үшін өзіңіздің учаскелік дәрігеріңізге, тіркелген жеріңіз бойынша жүгіну немесе порталда электрондық өтінімді жіберу арқылы алдын ала жазылу қажет eGov.kz немесе eGov mobile қосымшасында. Жасөспірімдерге вакцинация ата-анасының немесе заңды өкілдерінің ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі.
Вакцинация-пандемияны тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі! Вакцинация - өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

«JETISÝ MEDIA» КММ.

Сейсенбі, 08 Ақпан 2022 09:25

Мамандық таңдау – маңызды шешім

Жақында аудандық жастар ресурстық орталығы  мен  Қ.Сәтпаев атындағы орта мектептің  ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында мамандық таңдау тақырыбында дөңгелек үстел  өтті.

Отырысқа «Қазақ психологиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, арт терапевт, психолог-практик Жеңісгүл Хабаева, «ADM» өнер-спорт орталығының жетекшісі, жас кәсіпкер Мәди Оңласын, аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мәди Бердібаев, мобилограф Сартай Жұмабаев қатысты. Оқушыларға мамандық таңдаудың әдістері мен мамандыққа деген қызығушылықты арттыру мақсатында сөз қозғап, өз ойларын ортаға  салып, ақыл-кеңестерімен бөлісті. Мамандық таңдауда қателеспеу қажеттігі айтылды.

Аружан ОРАЗОВА.

Сейсенбі, 08 Ақпан 2022 09:21

Дебат көшбасшылыққа жетелейді

Мектептің тәрбие саласындағы дебат қозғалысы –  нағыз  пікірсайыс алаңы. Білім алушының бойына асыл қасиеттерді дарыту, өзіндік пікір білдіру мен оңтайлы шешім шығара білуі қоғамның өзекті мәселелерін танып-білуге себеп болады. Оны ерте жастан үйрену болашақ тұлға болып өсуіне ықпал етеді. Осыған  орай, дебат қозғалысының жетекшілері, мен  сынып жетекшілері бірігіп тәжірибемізді мектепішілік пікірсайыстарда, аудандық жарыс алаңдарында көрсетуге бел будық.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында өткен өңірлік сайыста оқушыларымыз Айгерім, Асылхан,  Зейнаб Исрафил және Ақмаржан Омархан белсенділік танытып, келесі айналымға өтті. Дебатқа жаңартылған білім мазмұны бойынша эссе жазып үйренген оқушыларымыз енді жазбаша емес, ауызша өзіндік пікір білдіруде тапқырлық танытып, орамды сөз сөйлеу шеберліктерін көрсете білді. Бастама жаман емес. Болашақта осындай білімді, білгір балаларымызға септігін тигізіп жатқан дебат қозғалысының жұмысын ары қарай дамыту жүйелі жалғаса бермек.

 Абдулжан АЗНАБАКИЕВ.

И.Саттаров атындағы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет