Бейсенбі, 10 Наурыз 2022 10:57

Мәслихат марапаты

Дана халқымыз «Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербейді» демекші, бүгінгі бар тіршілік, жарық дүние, бақытты өмір әйел-ананың аялы алақанында. Қазіргі қоғамымызда әйелдер тек отбасының береке-бірлігін ойлап қана қоймай, мемлекетіміздің өркендеуіне және саяси-әлеуметтік, мәдени мәселелеріне белсене араласып келеді. Осы орайда аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов пен аудандық мәслихаттың депутаттары қыз-келіншектерді құттықтады.

Әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен сымбаттылықтың жаршысындай болған мерейлі мерекемен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген нәзік жандыларды құттықтай отырып, аудан әкімінің Алғыс хаты мен арнайы мерекелік сыйлықтарды табыстады.

Сондай-ақ, мереке қарсаңында Бекет Төлегенұлы аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымымен кездесу өткізді. Шараға басқарма басшысы М.Азербаев пен Есік қаласы әкімінің орынбасары М.Қосжанов қатысты.

Кездесу барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен «Nur Otan» («Аманат») партиясының кезектен тыс съезінде қаралған мәселелерге тоқталып, жаңа атауға ие болған партиясының алдағы жоспарлары мен бағыт-бағдарларына, соның ішінде сайлауалды бағдарламаны орындауға бағытталған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VII шақырылымының жұмысына қысқаша тоқталып өтті. Сонымен қатар, мәслихат атынан ұжымның жұмысына табыс тілей отырып, мерекелік Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табыстады.

Өз тілшіміз.

Бейсенбі, 10 Наурыз 2022 10:13

Бақ пен берекенің бастауы

 

Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиев өңіріміздің  қоғамдық-саяси, мәдени дамуына үлес қосқан ардагер аналардың  шаңырағына арнайы барып құттықтады.

Қуат Елеусізұлы Түрген, Қаракемер, Шелек ауылдық округтерінде тұратын  Қания Аюбаева, Көкен Өтегенова, Тамара Махпирова, Алмагүл Орынбетова сынды аналардың отбасына атбасын бұрып, ақ жаулықты аналарды мерекемен құттықтап, арнайы сый-сияпат табыстады. Ұзақ жылдар түрлі салада өнімді еңбек еткен зейнеткерлер жаңа тағайындалған өңір басшысының қызметіне зор табыс тілеп, ыстық ықыластарын білдірді. Бұл ретте аудан әкімі:

– Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген. Бүгінгі мерейлі мереке күндерінде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, – деп, ақ тілегін жеткізді.

Е.АСЫЛ.

Сәрсенбі, 09 Наурыз 2022 15:04

Көпсалалы кәсіптегі көпбалалы ана

Қазақтың даңқты қолбасшысы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: «Біздің жерімізде еркек – діңгек, әйел – гүл. Діңгек – жапырақсыз, гүлсіз, қазақша айтқанда «қу бас» деген сөз. Әйел – құнарлы топырақ, онда адамзат дәні өсіп, жетіледі. Біз – сол дәннің жемісіміз. Әйелсіз адамзат «жемісі» ешқашанда болмайды» деген. Рас, қыз баласы – әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және дархан көңілдің көрінісі. Әйел заты өзінің табиғатынан-ақ кішіпейілдіктің, жоғары адамгершіліктің және мейірімнің айнасы. Сондықтан ол бүкіл қоғамның арқауы ретінде келісім мен тұрақтылықтың нығаюына ықпал етеді. Қазіргі қоғамда әйел тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ол – өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Осындай ізгі қасиеттер бойынан табылатын Бәйтерек ауылының тұрғыны Жазира Отарбаева бүгінде асыл жар, 8 баланың ардақты анасы және қабілетті кәсіпкер.

Сұлулық пен мейірімділіктің символы болған қыз-келіншектердің төл мейрамы қарсаңында өмірі мен кәсібін бала тәрбиесіне арнаған Жазира Жеңісбайқызымен жүздесіп, мерекемен құттықтаған едік.

Жолдасы Азамат Құдайбергеновпен 2 ұл 6 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы ана 1986 жылы дүниеге келген. Орта мектепті Түрген ауылында тәмамдаған.

– Түрген ауылындағы Қазақ орта мектебін бітірдім. 18 жасымда тұрмысқа шығып, үлкен өмірге қадам бастым. Алматыдағы Д.Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алдым, – дейді Жазира Отарбаева.

Қазақта «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» деген даналық бар. Бүгінде өмірлік серігімен балаларына саналы тәрбие берумен қатар, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздарын тәрбиелеп, ауданымыздың балаларын сапалы біліммен сусындатып отыр. 2017 жылы «Нұр жолы» балабақшасының іргетасын қалаған кәсіпкер кейіннен «Мейірімді періште» балабақшасын, 2019 жылы «Мейірімді періште» мектеп-гимназиясын, спорт-өнер мектебін және биыл «Мед-Фараби» медициналық оңалту орталығын ашқан. Қазіргі таңда мемлекетпен бірлескен серіктестік нәтижесінде балаларды өнер мен білімге, спортқа баулуда. Қазіргі уақытта мектеп гимназиясында 600 бала білім алады. Балабақшаларда 190 бүлдіршін тәрбиеленеді. Жақында ғана ашылған медициналық оңалту орталығы 120 адамға арналған, оның ішінде 40 орын күндізгі стационар.

«Ер – елдің иесі, әйел – үйдің киесі» дегендей, отбасындағы береке-бірліктің ұйытқысы – ана екені даусыз. Осыншама мекемелерді басқара жүріп, әрдайым өз балаларының жанынан табылатын Жазира Жеңісбайқызы жұмыстан тыс уақытта ұл-қыздарының қасында болады.

– «Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» деген Мұхтар Әуезовтің жақсы сөзі бар. Расында, бала тәрбиесі – өте нәзік дүние, оған асқан жауапкершілікпен қарау керек. Сондықтан жұмыстан кейінгі уақытымды және демалыс күндерін отбасымның жанында өткізуге тырысамын. Балаларымның үлкені 17 жасқа толады, ал кенжем 1 жаста. Бір-біріне қамқор болып, өсіп жатыр, – деген көпбалалы ана жас отбасыларға өзінің кеңесін берді.

– Бала – өмірдің мәні. Қалай асыраймын, қалай бағып-қағамын деген сұрақ мазаламауы тиіс. «Қой егіз тапса, бір түп жусан артық шығады» деген жақсы сөз бар. Алла бала берсе, несібесімен береді. Сондай-ақ мемлекетіміз көпбалалы аналарға барынша қолдау көрсетіп, мүмкіндігінше жағдай жасауда. Одан бөлек, еңбек етемін деп ниеттенген азаматтарға мемлекет тарапынан үлкен мүмкіндік берілуде. Кәсіп ашамын десеңіз, тегін оқытады, құжаттарды рәсімдеуге жәрдемдеседі және қаржылай көмек те қарастырады. Оның сыртында жеңілдетілген несие тағы бар. Мемлекет көрсеткен осындай қамқорлықтың арқасында бүгінде кәсібімізді дөңгелетіп отырмыз, – дейді кәсіпкер ана.

 

 

С.НҰРАДИН.

Сәрсенбі, 09 Наурыз 2022 15:04

Аруларға құрмет көрсетілді

8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің мерекелік салтанатты жиыны өтті.

Көктем күніндей құлпырған арулар, асыл жар мен ақжаулықты әжелер керемет көңіл күймен концертке ауданымыздың әр түпкірінен жиналды. Аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиевтің атынан әкімнің бірінші орынбасары Айбек Бидаев қоғам өміріндегі әйелдер қауымының алар орнын ерекше атай отырып, «Отбасының ұйытқысы ғана емес, бүкіл елдің тұтқасы болып отырған нәзік жандылар, сіздерге алғысымыз шексіз! Мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және әйел бақытын тілеймін. Тәуелсіз еліміздің гүлденуі жолында абыройлы еңбек ете беріңіздер!», – деп алғысын айтты. Сонымен қатар ұрпақ тәрбиелеп отырған көпбалалы аналар, «Алтын» мен «Күміс» алқа иегерлері, денсаулық пен білім саласында, спорт пен мәдениетте, азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерінде және өзге де салаларда ерлермен қатар еңбек етіп, ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, әлеуметтің әлеуетін көтеруге атсалысып жүрген жаны нәзік қыз-келіншектер қауымына мерекелік Алғыс хаттар мен Грамоталар табыстады.

Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласып, әуезді ән мен тәтті күйден шашу шашылды.

 

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ.

ӨТКЕН АПТАДА «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ XXII КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІ ӨТТІ, ОНДА ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫ Қ.ТОҚАЕВ ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТЕКШІ САЯСИ ҰЙЫМЫН ОДАН ӘРІ ЖАҢҒЫРТУДЫҢ НАҚТЫ БАҒЫТТАРЫН ҰСЫНДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР ПАРТИЯНЫҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК БЕРДІ.

«AMANAT партиясы – әділеттілік, халық бірлігі, үздіксіз алға жылжу партиясы, халықтың пікірі мен ұмтылысын тыңдайтын және азаматтарымыздың мүддесі үшін әрекет ететін партия», – болу керек деді Мемлекет басшысы. Партияның жаңа атауы «қасиетті парыз» деген мағананы білдіреді, біздің мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігімізді сақтау үшін өткен және болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілігімізді айкындайды, бұл ретте партия өз жұмысында бюрократияның, формализмнің және қағазбастылықтың кез келген формасынан арылу маңызды. Бастамалар тек жоғарыдан, орталықтан түспеуі керек. Азаматтардың шұғыл қажеттіліктері туралы алдын ала білетін бастауыш партия ұйымдары аудан тұрғындар мен тиімді кері байланыс орнатуға, туындаған мәселелерге жедел ден қоюға үлкен мүмкіндіктер берілді.

Съездің шешімі бойынша партияның жұмысындағы екпін орталықтан жергілікті деңгейге – өңірлік филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарына ауыстырылуы тиіс. Партия сайлаушылармен жұмыс істеу, азаматтардың мәселелерін білу, олардың мүдделерін білдіру және қорғау маңызды. «AMANAT» халық пен атқарушы билік арасындағы көпір болуы керек.

 

Бағдат РАХИМОВ,

аудандық мәслихат депутаты,

«AMANAT» партиясының  фракция мүшесі, филиал консультанты.

Сәрсенбі, 09 Наурыз 2022 15:03

Таланттар жәрмеңкесі өтті

Қ.Сәтпаев атындағы орта мектепте «Таланттар жәрмеңкесі-2022» атты фестивалі биыл 7 рет аталып өтті. Мерекелік іс-шараға осы мектептің ұстаздары мен оқушылары, Ресейдің Алматы қаласындағы елшілігінен Татьяна  Барышникова мен ғылыми жоба бөлімінің басшысы Тамара Зубкова, Талғар қаласының №8 мектеп оқушылары мен Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері  қатысты.

Фестиваль шымылдығы Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттерінен құрылған ұлт-аспаптар оркестірінің орындауындағы «Әлқисса» күйімен түрілді. Ары қарай мектеп директоры Бекнұр Мұқашев сөз алып, жәрмеңкеге қатысушы қонақтар мен мектеп оқушыларын фестивальдің ашылуымен құттықтап, сәттілік тіледі. Кеш мерекелік концертпен жалғасты.

Концерттік бағдарламадан кейін «Таланттар жәрмеңкесі-2022» атты фестиваль жалғасын тапты. Аталған фестивальде оқушылар «Жас ғалым», «Ғылыми жоба», «Жас ақын», «Жас суретші», «Жас тілші», «Спорт шебері», «Шебер қолдар», «Ғылым», «Жас актер», «Ән-вокал» «Дефиле шоу» «Домбырашылар», «Робототехника», «Мәнерлеп оқу»  номинациялары бойынша сынға түсті. Шара соңында Татьяна Барышникова жас таланттар дайындауда жалықпай еңбек етіп жүрген ұстаздарға, мектеп директорына, ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, мектеп басшысын Алғыс хатпен, жас таланттарды дипломмен марапаттады.

– Мұндай жобалардың көптеп ұйымдастырылғаны бізді қуантады. Бүгінде жас таланттар өздерінің біліктілігін шыңдауға ұмтылады және осы жолда еңбек етеді. Осындай жобалар жастардың арманына қанат бітіріп, өзін жаңа қырынан көрсетуге мүмкіндік береді. Бүгінгі жоба арқылы өзіміз секілді жас талант иелерімен тәжірибе алмастық және көптеген көздің жауын алатын қолөнер туындыларымен таныстық. Алдағы уақытта бұл игі шара жүйелі жалғасын табарына сенім мол – дейді қатысушылар. Сонымен қатар, фестиваль қатысушылары ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

А.КӘДІРБАЙҚЫЗЫ.

Середина «нулевых» запомнилась интереснейшим феноменом: в районе прошел настоящий бум формирования неправительственных организаций, которые  на гранты международного  Фонда «Евразия» в Центральной Азии» (ФЕЦА), а также  районного отдела политики реализовали проекты в самых разных направлениях общественной деятельности: в сферах образования, экологического просвещения,  поддержки граждан с ограниченными возможностями, молодежи, развития спорта и т.д.  Была создана районная Сеть НПО, в которую вошли свыше 30 организаций.

В 2007 году с участием районного акимата, районного отдела внутренней политики, ФЕЦА и компании «Филип Моррис Казахстан», бизнес-структур был учрежден Фонд местных сообществ (ФМС)  – самая крупная неправительственная организация района. Задачей Фонда является обеспечение взаимодействия трех секторов: государства, местных сообществ и бизнеса в продвижении государственной социальной политики, поддержка гражданских инициатив в сельских регионах. 

За вклад в социально-экономическое развитие села ФМС  удостоен  премии Министерства по делам религий и гражданского общества РК, награжден дипломом НПП «Атамекен» в номинации «Лучшее базовое хозяйство». На конкурсе в Лондоне ФМС был признан лучшим социальным проектом среди стран мира.

С первых дней повседневной деятельностью ФМС руководит Бахыткуль ЕЛЬЧИБАЕВА. Преподаватель казахского языка,  бывший заместитель директора по учебной части СШ имени Д.Конаева, в 2007 году она стала лучшей в конкурсе на занятие вакансии исполнительного директора Фонда. Под ее руководством Фонд из скромного НПО, в штате которого было два-три сотрудника, стал организацией, действующей на территории всего Казахстана. Постоянный штат ФМС составляют 10 менеджеров-координаторов, реализующих в сельских регионах Кахахстана  проекты на гранты  международных и отечественных доноров, таких как Глобальный экологический фонд, НПП «Атамекен», посольство США в РК. 

Бахыткуль Казезбаевна рассказывает:  

– В течение 15 лет  ФМС под управлением попечительского и учредительского советов аккумулирует средства доноров, сотрудничает с казахстанскими и зарубежными физическими и юридическими лицами, является  инвестором собственных программ и проектов развития местных сообществ. За минувшее время в сотрудничестве с государством, бизнесом, общественными организациями реализованы 60 масштабных проектов на сотни миллионов тенге по повышению  гражданской активности местных сообществ, защите социально-уязвимых слоев населения, содействию роста сельского предпринимательства. 

Миссия ФМС – улучшение  жизни сельчан.  По многолетней  программе «Развитие сельских регионов»  жители из числа безработных, малообеспеченных, самозанятых получают помощь в организации фермерского хозяйства, индивидуального предпринимательства. В селе Шелек открыт Агробизнес-центр для фермеров и индивидуальных предпринимателей, где на постоянной и бесплатной основе организованы курсы по агротехнике выращивания овощей, маркетингу компьютерной и бухгалтерской грамотности. Жители села получают бесплатный доступ к информации, государственным программам по содействию и поддержке малого и среднего бизнеса в сельских регионах. Гордость ФМС – успешно действующий СПК «Шелек фермерлері» по совместному выращиванию и сбыту сельхозпродукции, освоению новых агротехнологий, в который входит 35 фермеров Шелекского региона под руководством председателя СПК Марата Мансурова.

Действуют и другие программы: «Развитие местных сообществ» предусматривает привлечение и обучение лидеров местного сообщества, поддержку общественных инициатив в решении социальных проблем. «Поддержка молодёжных инициатив» направлена на создание условий для реализации социально-значимых инициатив молодёжи. «Поддержка и защита прав социально-уязвимых слоёв населения» привлекает внимание общественности к проблемам инвалидов, детей с особыми потребностями, рабочих-мигрантов.

Новая программа ФМС «Действие громче тысячи слов», реализуемая при участии посольства США – освоение «зеленых технологий», еще на стадии отбора конкурсных проектов.

Социальные проекты ОФ «Фонд местных сообществ» хорошо известны в Казахстане и за его пределами. В данное время мы все больше внимания обращаем на помощь сельским женщинам-предпринимательницам, многодетным семьям, матерям-одиночкам. С 2019 года при участии ООН в депрессивных селах Алматинской и Акмолинской областей в период пандемии действует проект «Школа успеха сельских женщин». Многодетные матери, девочки-подростки получили 60 ноутбуков для обучения на дому.

В Агробизнес-центре с.Шелек  в данной Школе обучение бизнесу прошли 38 женщин. Они получили гранты на приобрете-ние оборудования для сушки овощей, присоединились к СПК «Шелек фермерлері» для совместного сбыта овощной продукции,  открыли ИП в с.Таусугур, Шелек  и Ащысай. 

С уверенностью могу сказать, что мы достигли своей цели. Женщины начинают свой бизнес, присоединяются к  делу супругов, помогают родителям. Мы – сотрудники Фонда, наши партнеры, члены местных сообществ стали большой и дружной семьёй. Выражаю искреннюю признательность и благодарность всем сотрудникам и партнёрам ФМС. Хочу пожелать всем здоровья, экономической стабильности и достижения поставленных целей!

И.ТУРАНИН.

Бүгінде қоғамның қам-қарекеті әр азаматтың қолайлы ғұмыр кешуі жолына бағыт алғанын аңғару қиын емес. Демек замана сұранысының   қажеттілігін өтеу – жергілікті билік өкілдерінің негізгі міндеті. Өткен жылға өкпе жоқ. Сан-салада серпіліс байқалып, өңірдің шырайы кірді. Қалай десек те, әлеуметтік өзгеріс пен өмірдің жаңаруын дәстүр сабақтастығы мен аға буынның төккен терінен бөліп қарауға болмайды. Бүгінде аудан ардагерлерінің ауыл-аймақтың жайын күйттеп, мәселенің шешілу жолдарына араласуы қуантады.

Өткен аптада аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиев ардагерлермен кездесті. Ең әуелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілеулес Ұзақов жаңа тағайындалған аудан әкімін қызметімен құттықтап, ел тізгінін ұстаған азаматтың жұмысына табыс тіледі. Кездесуде өзге ардагерлер де  қоғамның жаңаруы мен жаңғыруы, өңірдің өркендеуі мен береке-бірілігіне қатысты салиқалы ойларын ортаға  салды.

– Қоғамның қаншалықты өркениетті, қаншалықты зиялы екендігі ардагерлерге деген құрметпен өлшенген. Аға ұрпақтың өнегесі, ақылы қоғамға қай уақытта да қажет. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан ауданымызда ардагерлер қауымы жастарға  қашан да жол  сілтеп, бағыт-бағдар беруден еш жалықпасына сенемін», – деді аудан әкімі.

Е.АСЫЛ

Нарықта жоғары сұранысқа ие саланың бірі – сұлулық индустриясы. Сәт сайын жаңалықпен толысып, күннен-күнге қарқын алып келе жатқан салада қазақстандықтардың да өз үлесі бар. Әсіресе, соңғы жылдары көп жанның, оның ішінде, негізінен, жастардың кәсіп бастап, кәсіпкер атануына себепші болып отырған да осы – сұлулық индустриясы. Аталған салада ауданымызда кәсібін дөңгелетіп жүрген, өз ісінің шебері – косметолог-дәрігер Айдана Кебекбаевамен кездесіп, кәсібі жайлы әңгіме өрбіттік.

Әр адам, әсіресе, жаны нәзік қыз-келіншектер қауымы сұлулыққа құмар ғой. Жан сұлулығымен қатар тән сұлулығына да ерекше көңіл бөліп, әрдайым әдемі болып жүруге талпынамыз. Айдананың да сұлулық салонын ашып, бүгінгі кәсібін бастауына осы бір талпыныс себепші болыпты. «Кішкентайымнан әдемілікке құштар болдым. Сәннен қалмай, келістіріп киініп, сыртқы келбетіме көңіл бөлгенді жақсы көрдім. Студент кезімде тырнақ бояу мен жасауды өз бетімше үйреніп, Есік қаласында алғашқылардың бірі болып тырнақ жасап жүрдім» деген кейіпкеріміз жоғары оқу орнында заңгер мамандығын игеріп, сол салада бірнеше жыл қызмет еткен. Кейін медициналық білім алып, ауруханада жұмыс істеген. «Бірақ жүрегімнің қалауы – сұлулық саласы болды. Сондағы атмосфера мен онда болатын барлық процесс ұнайтын. Ауруханада жұмыс істеп жүргенімде бет әрлеу, қас-кірпікке перманентті макияж жасау сынды бірнеше курс оқып, қатты қызығып жүрдім. Кейін декретке шығып, бала күтімімен үйде отырғанда ойымдағыны қолға алуға, қосымша іспен айналысуға мүмкіндік туды. Әрі бұл жоғары сұранысқа ие сала екенін де ескердім. Осылайша 6 жыл бұрын қас-кірпікке перманентті макияж жасау қызметімен сұлулық саласында өз ісімді бастап кеттім. Медициналық білімім барын айттым, соны жетілдіріп, курстарға қатысып, біліктілігімді арттырып, бүгінде косметолог-инъекционист, дерматолог дәрігер ретінде қызмет ұсынамын. Ал болашақта пластикалық хирург болу үшін оқуымды, ізденуімді ары қарай жалғастыра бермекпін», – дейді Айдана.

Іздену мен оқу демекші, кейіпкеріміздің көптеген курсқа қатысып, өз ісінің мықты-майталмандарынан білім алып, білікілігін арттырып отыратынын шағын бөлменің қабырғасында тізіліп тұрған сертификаттардан да байқадық. «Сұлулық саласы бір орында тұрған жоқ. Күннен-күнге жаңа тренд пайда болады. Соған сай сұраныс та кешегіден бөлек. Сұранысқа сай қызмет ұсыну үшін үнемі біліктілікті арттырып, жаңаны үйреніп отыру керек. Одан бөлек тек бір қызметпен шектелуге тағы болмайды. Қазір адамдардың уақыты жоқ. Мысалы, қас жасату үшін бір маманға, кірпік жапсыру үшін екіншісіне бару қосымша уақытты талап етеді. Оның орнына бар процедураны бір жерден жасатып кету ыңғайлы. Сондықтан сұлулық саласында сұранысқа сай болу үшін бесаспап болу да маңызды» деген Айдана бүгінде тұтынушыларына косметология мен эстетикалық медицина саласының бірқатар қызметтерін ұсынады. Ұсынатын қызметінің көптігіне қарай кейіпкеріміздің клиенттері де көп. Тіпті басқа қалалардан, шетелден келетіндер де бар екен. Оның сырын Айдана: «Біріншіден, әрине, біліктілігіме көз жеткізген клиенттерім шетелде, өзге қалада жүрсе де, бос уақытымды күтіп, маған жазылады. Ал, екіншіден, мендегі қызмет бағасы үлкен қалаларға қарағанда әлдеқайда арзан» деп түсіндірді.

«Сұлулық саласында нәпақамды табамын» деушілерге Айдана білгенімен бөлісіп, арнайы курс ұйымдастырады. Оның сабақтарын да сырттан, шетелден келіп оқыған шәкірттері бар. Қаршадай қазақ қызының мұндай жетістіктеріне іштей қуанып қайттым.      

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ.

 

Последние два года из-за пандемии коронавируса следствием стало сокращение работников по найму и сокращение заработной платы. Наиболее сильно пострадал рынок труда в сфере малого и среднего бизнеса. Предприниматели, особенно в сфере обслуживания, торговли и общепита, ссылаясь на карантинные ограничения, падение покупательской способности населения, задолженности по кредитам и коммунальным платежам, сокращают рабочие места, экономят на оплате труда, подвергают дискриминации оставшихся работников, увеличивая трудовую нагрузку и занижая реальную стоимость работ. В данных обстоятельствах только государство способно обеспечить социальную защиту граждан, гарантируя соблюдение конституционного права человека на труд.

«Казахстан – социальное государство. Всесторонняя помощь гражданам, оказавшимися в трудной ситуации, – один из наших приоритетов»  – подчеркивает в Послании Президент РК Касым-Жомарт Токаев. Госпрограмма развития продуктивной занятости и массового предпринимательства на 2017-2021 годы «Еңбек» предназначена для   комплексного регулирования рынка труда, ключевыми факторами которого являются создание рабочих мест, сохранение и повышение заработной платы с учетом роста потребительских цен и инфляции.  Сегодня можно подвести итоги последнего года ее реализации и перспективы дальнейшего развития государственной политики  поддержки рынка труда.  Об этом наше интервью с руководителем районного Центра занятости населения Досжаном Сейдахметовым.

– Досжан Кайратович, по  информации Министерства труда и социальной защиты населения согласно программе «Еңбек» намечено к минимуму свести непродуктивную занятость, уровень безработицы не должен превышать 4,8%. Как работают механизмы вовлечения населения в рынок труда?

–  В данное время государство является работодателем последней инстанции, поддерживая рост занятости и улучшение условий  трудоустройства.  С начала 2021 года в Центр занятости населения Енбекшиказахского района обратилось 8965 человек, тогда как  план составлял 4250 человек, 950 человек получили социальные выплаты по потере работы. Состоят на учете в качестве безработных 2543 человека, из  них 1548 человек направлены на общественные работы, 137 человек направлены на социальные рабочие места, 143 выпускника сузов и вузов – на молодежную практику. По государственным программам и частным инициативам, реализуемым в районе, было запланировано создать 4445 новых рабочих мест, из них 2474 постоянных и 1971 временных. С начала 2021 года создано 4735 рабочих мест (106,5%), из них 2723 постоянных (110%) и 2012 временных (101,7%).

По общему плану трудоустройства на постоянные рабочие места, согласно вакансиям работодателей, предполагалось трудоустроить 3412 человек, с нача-ла 2021 года года на свободные вакансии трудоустроено 6337 человек или 185,7%.

– Как решаются проблемы  безработицы с помощью программ повы-шения квалификации, льготного кредитования и молодежного трудоустройства, по привлечению к сезон-ным и инфраструктурным работам?  

– По программе «Еңбек» Центр занятости населения  района  реализует три направления.

По первому направлению «Обеспечение участников техническим и про-фессиональным образованием и кратко-срочным профессиональным обучением» – на краткосрочные курсы в прошлом году было запланировано направить 360 человек С начала 2021 года на переподготовку кадров направлено 384 человека, из них в Талгарский колледж агробизнеса и менеджмента –  6 человек, Талдыкорганский политехнический кол-ледж – 25 человек, ИП «Гламур учебный центр» – 102 человека, Алматинский областной колледж инновационных тех-нологий в сфере сервиса и питания  –  161 человек, Институт современных технологий и дистанционного обучения – 90 человек. На сегодняшний день обучение завершили 384 человека, на постоянные рабочие места трудоустроен 361 человек.

По второму направлению «Развитие массового предпринимательства в сельской местности» в рамках проекта «Бастау Бизнес» было направлено на обучение основам предпринимательства 280 участников. За год  микрокредиты на развитие бизнеса получил  131 человек на сумму 631,1 млн тенге  или 119,1% от  планового показателя. Государственные безвозмездные гранты в размере 200 месячных расчетных показателей полу-чили  210 человек, в том числе из малообепеченных и многодетных семей, на сумму  122 млн 514 тысяч тенге.

По третьему направлению программы «Развитие рынка труда через содействие занятости населения и мобильность трудовых ресурсов» на общественные работы направлено 1548 безработных граждан района или 136% от планового показателя, выделено из бюджета и освоено 695 млн. 205 тыс. тенге. Прохождение общественных работ завершили 1548 безработных, трудоустроено на по-стоянные места 1102 человека или 71,1%.

На  социальные рабочие места в 2021 году по заявкам работодателей района направлено 137 человек или 137,0%, вы-делено и освоено 17 млн. 413 тыс. тенге бюджетных средств. На постоянные рабо-чие места приняты 124 человека или 90,5%.

 – Во главе угла стоит трудоустройство молодежи. Насколько эффективно оно осуществляется?

С начала 2021 года в Центр занятости населения из числа молодежи в возрасте от 16 до 29 лет обратились  1882  жителя района, в том числе 1700 из сельской местности. На постоянную работу трудоустроены 1515 человек, на временную – 472. Из числа временно трудоустроенных 27 человек получили направления на социальные рабочие места, на молодежную практику 143, на оплачиваемые общественные работы  302. В соответствии с потребностью работодателей на краткосрочные курсы по переподготовке кадров из числа моло-дежи направлено 143 человека, 48 чело-век прошли обучение основам предпринимательства по проекту «Бастау Бизнес», 16 человек получили микрокредиты на развитие бизнеса, 38 человек получили государственные гранты на общую сумму 22 млн. 169 тыс. тенге.

На прохождение молодежной практики в 2021 году направлены 143 выпускника средних специальных и высших учебных заведений  или  100% от плана. На финансирование практики выделено и освоено 50 144,0 млн тенге. На сегодняшний день прохождение практики завершили 143 выпускника, из них трудоустроены на постоянные рабочие места 132  или 92,3%.

– Какие меры поддержки молодежной занятости введены дополнительно?

Дополнительно к молодежной практике с 2020 года внедрены два новых инструмента: проекты «Первое рабочее место» и «Контракт поколений».  Проект «Первое рабочее место» позволит гражданам в возрасте не старше 29 лет, в том числе категории NEET (не учащиеся, не работающие и не повышающие квалификацию), не имеющим опыта работы, выпускникам организаций образования, трудоспособным инвалидам, трудоустроиться на первое рабочее место. Проект «Контракт поколений» предусматривает трудоустройство с последующей заменой действующего работника, достигшего пенсионного возраста.

По пилотному проекту "Первое рабочее место" в настоящее время  направление на работу  получили 10 человек, 7 человек трудоустроены на постоянные рабочие места. В рамках проекта "Контракт поколений" трудоустроены 5 человек.

– Трудоустройство людей с ограниченными возможностями, освободившихся из мест лишения свободы является предусмотренной законом мерой социальной защиты и  адаптации. Насколько эффективно она применяется?

 – На сегодняшний день количество лиц с ограниченными возможностями в районе составляет 7022 человека, из них 2162 человек сохранили  трудоспособность. В Центр занятости населения с начала 2021 года обратилось 187 человек, из них 54 человека направлены на общественные работы, 3 человека на социальные рабочие места, 2 человека на молодежную практику, 7 человек на краткосрочные курсы, 36 человек  на обучение основам предпринимательства по проекту «Бастау Бизнес». Безвозмездные гранты получили  9 человек, микрокредиты – 2 человека, трудоустроены по квоте 65 человек,  также 60 человек трудоустроены на постоянные рабочие места вне квоты.

Из мест лишения свободы в прошлом году освобождено 75 человек. В Центр занятости обратились 10 человек, из них трудоустроены на постоянные рабочие места по квоте 10 человек. На учете в службе пробации по району на сегодняшний день состоят 335 человек, из них в Центр занятости населения обратилось  36 человек,  трудоустроены на постоянные рабочие места 17 человек, еще 9 человек трудоустроены по квоте, направлено на общественные работы 9 человек.

– Успешно ли идет «цифровизация» занятости?         

– Согласно Дорожной карте по цифровизации социально-трудовой сферы Центром занятости населения проведены информационно-разъясни-тельные работы среди населения по  функционированию  электронной биржи труда. Информация  по трудоустройству, регистрации и размещению резюме на портале для граждан трудоспособного возраста, в том числе выпускников ТиПО и ВУЗов размещена в СМИ, социальных сетях, на сайте акима района. Проведены круглые столы с работодателями по поиску и подбору персонала, размещению вакансий на портале. Отработаны вопросы с сельскими округами по размещению объявления на сайте Enbek.kz в зоне самообслуживания. Данная мера даст возможность получить работу на разных этапах трудовой жизни, а также увеличит заинтересованность работодателей в подборе персонала.

 

 

Подготовил

И.ТУРАНИН.

 

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет