Сейсенбі, 22 Наурыз 2022 14:09

Великий день нашего единства

Ұлыстың ұлы күні – Великий день народа – именно такое название носит Наурыз, отмечаемый в Казахстане. Наурыз мейрамы с момента своего возрождения в 1988 году стал общенародным праздником единства. Он одинаково близок представителю любого из 130 этносов, для которых Великая Степь  родная земля. Современный Наурыз имеет то же общечеловеческое значение, что и в древности, символизируя  мирное сосуществование всех людей, народов и государств под одним солнцем, на одной планете. В условиях многообразия  национальных культур, языков, истории народов  традиции Наурыза подчеркивают, что все мы, несмотря на расовые, этнические, языковые, религиозные и прочие отличия, происходим от одного корня, существуем на цивилизационной основе с общими для всех признаками.

Но только ли Наурыз для казахстанцев является символом объединения?

Вспомним, что сохранению и укреплению межнационального и межконфессионального мира в нашей стране служат сразу несколько  государственных и национальных праздников: это и День единства народа Казахстана, и День благодарности, и День языков  РК. В дни культуры народов свыше восьмисот региональных этнокультурных центров представляют  свои традиции и обычаи, демонстрируют национальное искусство. Только в Енбекшиказахском районе такие праздники  отмечают восемь этнокультурных центров.

Казахстан стал первой и единственной страной мира, в которой в 1995 году был создан уникальный общественный институт – Ассамблея народа Казахстана. АНК РК служит незаменимым инструментом  государственной национальной политики, основанной на принципах равноправия и свободного развития всех граждан, независимо от их национальной, расовой принадлежности и вероисповедания.

Укреплению межконфессионального мира посвящены  съезды представителей мировых религий. Доминирующие конфессии  – ислам и православие официально отмечают знаковые для них Курбан айт и Рождество  в качестве «красных» дат календаря РК.

Среди народных праздненств  казахстанцам полюбилась и масленица – славянский «наурыз». Добрым обычаем в нашем районе стали всенародные масленичные гулянья. Там даже славяне незаметны – казахи водят хороводы, турки блины пекут, уйгуры плов варят, все вместе чучело масленицы поджигают… В Курбан айт благотворительную помощь мусульмане нередко оказывают бедным соседям, невзирая на вероисповедание. Во время пандемии пакеты и коробки с продуктами и вещами  состоятельные граждане  раздавали нуждающимся семьям, также не взирая на религиозные убеждения и национальности. Что это, как не стремление  укрепить казахстанскую идентичность по принципу  «Мы – единый народ!»

Кстати говоря, казахстанский опыт «взят на вооружение» в Росиии. В Москве уже 15 лет по почину казахстанцев официально отмечается Наурыз как день единства всех национальных автономий и общин российской столицы.

Для всех жителей Казахстана  такое добрососедство и взаимопонимание является чем-то само собой разумеющимся – по другому, казалось бы, и быть не может. Но это не совсем так. Оглянитесь – что творится в странах «развитой демократии». Там и население официально делят на коренное и некоренное, и гражданские права урезают в зависимости от этнического происхождения. Этнические общины даже проживают в разных кварталах, городских районах, сельских регионах, что особенно заметно в США. Несмотря на то, что государственная идеология мирового эталона демократии –  Соединенных Штатов, исповедует принцип «плавильного котла»…

 В Казахстане такое и представить нельзя – на одной улице, в одном многоквартирном доме  живут семьи казахов, турок, греков, корейцев, уйгуров, русских. В основе такого взаимопонимания   лежит добрая воля  исторического, коренного народа Великой Степи – казахов. Казахский народ, обретя в 1991 году суверенное право строить свое государство и  быть полноценным субъектом мировой  политики, признал другие этносы, проживающие на его земле, равными себе, и этот принцип равенства закреплен в Конституции 1995 года. Общая историческая судьба, прописанная в преамбуле Основного Закона,   дала право и другим народам созидать независимую «государственность на исконной казахской земле». В период начала 90-х, когда государственные новообразования Центральной Азии, Прибалтики, Закавказья сотрясались от раздуваемой этнической вражды, ранее «замороженных» национальных противоречий и обид, Казахстан в этом бушующем море был твердыней межнациональной стабильности. И  никакой «переплавки», унификации под копирку не понадобилось, каждый этнос сохраняет национальное своеобразие, культуру и язык, издается многоязычная пресса, работают школы и театры.

И тут напрашивается другое «но». Так ли другие этносы, особенно славянские, и самый крупный из них – русский, отвечают казахскому народу адекватным взаимопониманием и благодарностью? Закрепленная конституционная норма, гласящая, что официально употребляется русский язык, сводится не только к тому, что русским обязаны владеть госслужащие, работающие с населением. Множество печатных, телевизионных и электронных масс-медиа Казахстана имеют русскоязычный контент. Газета «Еңбекшіқазақ», выходящая 30 лет на государственном и русском языках, тому наглядный пример…Русский язык используется  в объявлениях, рекламе, существуют свободно, за счет государства сохраняется, пополняется огромный русскоязычный библиотечный фонд. Школьное воспитание и образование на русском, опять таки финансируемое бюджетом, не испытывает каких-либо ограничений.

Однако прошло уже 30 лет, но знание казахского языка русским населением остается в зачаточном состоянии. Стариков еще можно оправдать – фактически не преподавали казахский и на казахском ни в русскоязычных школах,  ни в технических, как правило,  вузах и сузах, а взрослым трудно освоить чужой язык. Однако за треть века выросло новое поколение русских казахстанцев, также не владеющее государственным языком. К чему это может привести? Подумаем – подавляющее большинство межнациональных конфликтов имеют этнополитическую основу – это четко прослеживается, к примеру,  на Украине. В Казахстане такое не происходит по причине толерантности и великодушия исторического хозяина страны – казахского народа. И мы должны быть благодарны ему за терпение и дружелюбие.

Наверное, это не «праздничная» тема. Но на праздник единства и согласия она как нельзя более актуальна. Язык – не только средство  передачи информации. Это и средство того самого взаимопонимания, которым стоит дорожить, как высшей ценностью. Особенно если это  язык народа, который принял другие этносы как своих сородичей. 

Среди объединяющих ценностей государственный казахский язык – залог политической стабильности, и межэтнической стабильности, и межэтнического согласия. Он представляет тот ценностный базис современного казахстанского общества, в сопряжении с которым только и  возможно распространение и углубление политических и культурных ценностей, консолидация   полиэтнического населения страны, успешное противостояние агрессивной концепции Запада «Разделяй и властвуй».  Пока мы едины – мы непобедимы. И Наурыз, отмечаемый в эпоху глобальных вызовов современности, дает повод напомнить об этом снова.

И.ТУРАНИН.

Сейсенбі, 22 Наурыз 2022 14:06

Самарқанның көк тасында салмақ бар

 

Неше мың жылдан бері қалыптасып, Шығыс халықтарының санасына әбден сіңісті болған түсінік бойынша Әз Наурыз – күн мен түн теңелетін, жер-жаһан қайта түлеп, жан-жануарлар төлдеп, адамның аузы аққа тиетін күн. Міне солай, мына жарық дүниедегі адамзатқа тиесілі, пешенесіне жазылған мерзімнің кезекті жаңа жылы басталады. Қыс бойы ұйқыда жатқан табиғат оянады. Жер анамен бірге адамның ішкі жан дүниесі де қайта түлейді. Бұл күні тіпті Самарқанның көк тасы да ериді. Халық санасына сіңген осынау сөздің астарында теңіздей толқыған терең ой жатқаны анық. Біз ұлыстың ұлы күніне орай «Самарқанның көк тасы» деп қасиетті ұғым  ретінде  қалыптасқан  қастерлі сөздің мәніне үңіліп көруді жөн көрдік.

Самарқанның көк тасы еріген күн. Түркі халықтарының түсінігі бойынша жыл басы наурызбен қатар аталатын осы бір тұрақты сөз орамының мәніне үңіліп көрмес бұрын алдымен көк тас тіркесіне тоқтала кетейік. Қазақ ұғымында көк – тыныштық пен бірліктің, берекенің белгісі. Ол аспанмен, тәңірмен қуатталады. Сондықтан ол мықтылықты, жеңімпаздықты, рухы жоғарылықты, үстемдікті, паңдықты білдіреді. Соған сай көк түрік, көк ту, көк  бөрі, көк төбе, көк сауыт, көк найза, көк сүңгі, көк болат, көк мылтық, көк қаршыға сынды тіркестер бар. Қазақта үлкен кісі баласынан көңілі қалса, «басыма көк тас қоймай-ақ қой» деп, өкпе-ренішін білдіріп жатады. Мұндағы көк тас – жай тас емес, асыл тас, лағыл тас. Ал аталмыш көк тастың  ғылыми атауы – лазурит. Осы сөздердің түп-төркініне үңілген ғалым Нұрдәулет Алдашевтің зерттеуінше, бұл жердегі көк тас лазурит болуы мүмкін. Түсі – қою көк, жылтырлығы – шыныдай лазурит әшекей тас ретінде қолданылған. Тас сөзі монғол-түркі тілдеріне ортақ, ол «мүлдем, әбден, мықты» деген мағынаны білдіреді. Ғалымдардың пайымдауынша, Самарқанның ежелгі атауы «Мараканда» осы қастерлі тас атауына байланысты шыққан. Өйткені парсы тілінде «кан» қазіргі «кен» дегенді білдіреді. Сонда Самарқаныңыз «самаргда» (асыл тас) кеніне сәйкес келеді. «Кан» сөзі кейін «канд», «кент» елді мекен, қала, шаһар деген мағынаға өзгеруі мүмкін деген топшылаулар бар.

– Қалай болғанда да «Самарқанның көк тасы еріген» кезді ата-бабаларымыз «асыл тас», «тас», «көк тас» деген мағыналарынан қабылдай отырып, бұл мезгілді табиғаттың қастерлі де қасиетті күні деп есептеген. «Самарқанның көк тасы» – ұлтымызды рухтандандыратын, Наурыз мейрамының әдемі бір бояуын бойында сақтаған сөз, – деп тұжырым жасайды ғалым.

Ертеде қайтыс болған атақты адамдардың басына Самарқаннан арнайы көк тас алдырып қою дәстүрі болған. Мәселен, Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Абылай ханның түсінде» былай дейді: «...Абылай хан Самарқанға елші жіберді: «Ұрысым, соғысым жоқ, әулиелерді зиярат қыла келдім. Ел ақсақалдары қонаққа келсін» деп. Қоянның көзінен қорқып, жебедей жерге кіріп кете-тұғын сарт сорлы жаман қорқып тұр екен... Қатын-қыздарын, тауық пен бөденелерін тауларға бостырып жіберген екен. Бірін-бірі сыйласып, қонақ болысып, Абылай хан сонда бір көк қасқа айтып сойдырып, басына қойдыратын тас қаздырды дейді. Абылайдың бағына шыққан тасқа таңғалған Самарқан жұрты: «Бұл баяғы Әмір Темірден соң, ешкімге шықпаған тас десіпті». Бүгінгі күні де зират басына белгі үшін көк тас қойылады. Қойылатын тастар гранит және мәрмәр болып екі топқа бөлінеді.

Ахмет Байтұрсынұлы наурыз парсы сөзі екенін айтып, қазақша айтқанда «Жаңа күн» деп түсінік берген. Орта Азия халықтары мен қазақ халқы Наурыз мерекесіне «Самарқанның көк тасы еріген күн» деп өте бейнелі анықтама айтқан.  Халық арасында «Самарқанның көк тасы еріген күн» туралы аңыздар да аз емес. «Самарқанда әйгілі Ақсақ Темірдің тағы бар, Наурызда ханның қаһары жібиді, егер біреу өлім жазасына кесілсе, соған өлім бұйыртпай аман алып қалатын, райынан қайтаратын күн» деген аңыз бар. Белгiлi этнограф-қаламгер Сейіт Кенжеахметовтың жиғантерген, жүйелеген деректерiне сүйенсек, Самарқандағы Ұлықбектің обсерваториясындағы аспан денелерін белгілеген үлкен көк тасқа Ұлыстың ұлы күні күн сәулесі тікелей түскенде әлгі тас бірер сәтке ериді деген аңыз халық арасында тараған.

Наурызда бір-біріне бұрынғы өкпе-реніштері бар адамдар төс қағыстырып, қайта достасады. Егер Ұлыстың ұлы күнінде өкпе-ренішін қия алмаса, «Сен тастан да қаттысың ба, бұл күні Самарқанның көк тасының өзі жібиді ғой» деп наз айтатын болған. Көрнекті қазақ ақыны Исраил Сапарбайдың:

Ішпей-жемей ақынның мас көңілі,

Желіктірді жеңсік ас жас-кəріні.

Тілек бүгін тамады тіл ұшынан,

Жүрек түгіл, көрдің бе,тас та еріді!

Тас та еріді!

Көк тасы Самарқанның!

Қалды адыра салбөксе, самарқау күн.

Көңілімнің көліне аққу қонып,

Алқынады кеудесі

Жанартаудың!, – деп төгілте жырлайтыны бар.

Ата-бабаларымыз үлкен мен кіші арасындағы сыйластықты, кешіріммен қарауды, ұрпаққа өнеге болатындай іс істеуді, даналық пен ұлағаттылықтың үлгісін көрсетуді және салт-дәстүрлерді, әдеп-ғұрыптарды сақтап қалу бағытындағы дәстүрді қай сөзінде де ылғи өнеге етіп қолданған деп есептейміз және жоғарыда айтылған пайымымызға сүйене отырып, «Самарқанның көк тасы», «тәңірлік тасы», «Самарқанның көк тасы еріген кез» деген сөздерді талдау арқылы көне тарихымыздың бір бетін шамамызша зерделегендей болдық. Әлімсақтан келе жатқан «Самарқанның көк тасы еріген кез» ұлт санасында жаратылыс әлемінің түлеуі мен жаңа өмірдің бастауы болып  қала бермек.

Дайындаған Е.АСЫЛ

Дүйсенбі, 21 Наурыз 2022 22:10

Нағыз қазақ осы, міне, танып қой

Қазақ халқының қолөнері қай заманда да өз құндылығын жойған емес. Қолөнер ежелгі дәуірден бастау алып бүгінгі таңға дейін тұрмыста қолданылып келеді. Ұлт мәдениетінің үлкен бөлігі болған бұл салаға елең етпеу мүмкін емес. Қолөнер шеберлері табиғи шикізаттан тіршілікке қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақтар, құрал-саймандар жасап, халық игілігіне ұсынып отырған. Аталған салада ауқымды еңбектер атқарған ҚР мәдениет қайраткері, ауданның танымал туындыгері, 1992 жылы дүниежүзі қазақтарының арасында өткен «Үкілі домбыра» байқауының тұңғыш жеңімпазы, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі шаруашылық бөлімінің жетекшісі –  Балтабай Ыбырайұлының қазақ қолөнерінің дамуына қосқан үлесі орасан зор.

Балтабайдай болса екен, шіркін, адам,

Бойынан қазақ иісі бұрқыраған.

Еңбегіңіз өлмейді еш уақытта,

Болса егер жаны қазақ жұртың аман.

Бойынан қазақылықтың иісі аңқып, ұлттық құндылықтарды насихаттау жолында аянбай тер төгіп жүрген Балтабай Ыбырайұлымен тілдесудің сәті түсті.

– Балтабай аға, сіздің шежірені жақсы білетін қабілетіңізге, талай байқаудан топ жарған жыршы-термешілігіңіз, құсбегі, атбегі секілді сан қырлы өнеріңізге қанықпыз. Ал қолөнермен қашаннан бері айналысып келесіз?

– Мен 1955 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келгенмін. Әкем Ыбырай бәйгеге ат қосқан атбегі және көкпаршы болған. Сонымен қатар ат әбзелдерін, домбыраны, тұрмысқа қажетті басқа да дүниелерді өз қолымен жасайтын өз өңіріне белгілі мықты ұста болған екен. Ол туралы шешеміз көп айтатын. 4 жасымда әкем өмірден озды. Бала әкесінің тәрбиесін көріп, тәлімін алмаса да тегіне тартатынына көзім жетті. 5 сыныпта оқып жүрген кезімде мектеп қабырғасында қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылатын болды. Көр-меге мен алғаш рет өз қолыммен домбыра жасап қатыстым. Сол шақтан бері қолөнерден қол үзген жоқпын. Негізінде, құсбегілікпен, саятшылықпен айналысатын адамдардың басым көпшілігі қажетті құрал-жабдықтарын өздері жасайды, қолөнерге қабілетті болады.

– Қазіргі таңда ұлттық өнер жолында жүрген жастар жөнінде не дейсіз?

– Ұлттық өнермен айналысып жүрген жастарға менің көңілім толады. Жастар жағынан бұл салаға үлкен қызығушылық байқалады. Жалынды жастарымыздың талаптары ерекше. Сондықтан бабадан балаға мирас боп қалған құнды мұраларымыз жаңа тыныс алды. Ұлттық өнеріміздің қарқынды дами беретініне сенім мол.

– Өзіңіз ұлттық өнердің өкілі ретінде жастармен қандай қарым-қатынас орнатқан едіңіз?

– Мен өмірімде домбыра аспабын көп жасадым. Оқуымды аяқтап, Сыр өңірінде жұмыс істедім. Сол шақта жыр-термеге әуес болып жүрген өнерпаздарға, жырауларға бір дастанды толығымен жаттап келген адамға домбыра сыйлаймын деп шарт қойған едім. Қазіргі таңда менен домбыра алған азаматтардың арасында Берік Жүсіпов, Нәзи Қоғашев, Қалабай Сүйінтаев, Оңталап Тоқтыбаев секілді елімізге танымал өнерпаздар бар. Кеңес үкіметінің солақай саясатының салдарынан жыраулық өнер де тоқырап қалған еді. Осылайша елдегі жыраулық өнердің өркен жаюына үлесімді қосқаным үшін қуанамын.

– Әр адамның пір тұтатын немесе ұстаз деп ұлықтайтын тұлғасы болады ғой. Осы орайда, ұсталық өнердің жолында сіз кімді ұстаз деп атар едіңіз?

– Сұрағыңыз орынды. Мен ұсталық өнердің ұстазы – Дәркембай Шоқпарұлы деп есептеймін. Ол кісіге көзінің тірісінде «Сіз ХХ ғасырдың Дәуітісіз» деп айтып жүретінмін. Дәкеңнен үйренгенім, түйгенім өте көп. Дәркембай ағаны қазақ ұсталарының атасы деп білемін. Басқа ұсталар да бұл сөзіммен келісуге тиіс. Ағамыз  – құрсауда қалған ұлттық өнермен қазақты қайта қауыштырған дара тұлға. Бүгінгі таңда ұсталықпен айналысып жүрген қазақтың әрбір азаматы Дәркембайға қарыздар. Ағамыздың адами болмысы, ақындығы, білімі, шеберлігі бөлек еді. Қазақтың ұсталық, зергерлік өнері даму жолында Дәкең болмағанда  қазіргі таңда бұл деңгейге көтерілмес еді. «Әке көрген оқ жонар» демекші, ағамыздың ұлы Дәулет Дәркембайұлы Ақши ауылында Дәркембай Шоқпарұлы атындағы музейге басшылық етіп, шеберханасының жұмысын да абыроймен жалғастырып келеді. Дәркембай ұстаздың сара жолын, ұлттық өнерге сіңірген өлшеусіз еңбегін бір сұхбаттың ауқымына сыйғыза алмасымыз анық.

– Қазіргі таңда қызмет атқарып жүрген Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі қазақтың тарихын кеңінен таныстыратын орын ғой. Ал қазақ десе, ойға жылқы оралатыны белгілі. Музейде халқымыздың атбегілік өнерін дәріптеу қаншалықты жүзеге асып жатыр?

– Музейіміздің 4-залына «Атқа міну мәдениеті» деген атаумен көрме жасап қойдық. Жылқы жайлы барлық мәліметті беруге тырыстық. Сол жерде жасөспірімдер ат әбзелдерімен, жылқының түрлерімен танысады. Себебі біздің ұлттық идеоло-гиямыз, мәдениетіміз барлығы – аттың айналасында жатыр. Атқа мінген бір қазақ 10 адамға татитыны да сондықтан. Кеңес үкіметі  тұсында ұлтымызға небір қастандық жасалып, мал-мүлкін тартып алса да қазақ өлмеген. Себебі ішсең сусын, мінсең көлік, жесең ас болатын киелі жануарымыз бар еді. Соны түсінген империя басшылары жылқыларымызды түбегейлі жоюмен айналысты. Аттан түскен батыр халқымыздың сол сәтте-ақ басынан бақ тайды.

Менің түсінігімде кез келген нәрсе өзінің тегіне қайтады екен. Тәуелсіздігімізді алып, етек-жеңімізді жиғалы ат баптаумен айналысып жатқан қазақтардың саны өсті. Еліміздегі ұлттық спортқа жанашыр жандар бәйгеге ат қосып, азаматтарымыз көкпар тартып, ат спортының қарқынды дамуына үлесін қосуда. Бұл – қазақтың өзінің түпкі тегіне қайта оралуының белгісі.

– Құсбегілік жайлы не айтар едіңіз?

– Бабаларымыздың ақсүйек өнері, қазіргі заманның тілімен айтсақ, спорттың төресі осы – құсбегілік. Музейімізде құсбегілік өнерді дәріптейтін көрмеміз де бар. Музейді тамашалауға келген жастарымыздың ұлттық өнерімізге деген қызығушылықтары өте жоғары.

– Музей маңынан этно-ауыл құрылатыны рас па?

– Иә, алдағы уақытта музейіміздің айналасына этноауыл құрсақ деген үлкен жоспарымыз бар. Болашақта оң шешімін тапса, музейдің айна-ласында көкпар тартатын, бәйге шабатын орындар, қазақ үйлер қойылады. Бұл жобада байырғы қазақ ұлтының тұрмыс-салтынан сыр шертетін барлық дүние қарастырылған.

– Тағы қандай жобаларыңыз бар?

– Бүгінгі таңдағы ауқымды жоспарымыздың бірі – Алтын адамды тапқан қазақтың даңқты археологі Бекен Нұрмұханбетовтің арманын орындау. Ол кісі көзі тірісінде алтын сауыт киген бабамыздың сүйегін байырғы сақтардың салтымен жер қойнына табыстауды қалаған еді. Бұл жұмыстың іске асуы өте күрделі, қаражат жағына да келіп тірелетін тұстары бар. Алайда көп ұзамай жүзеге асыру үшін музей басшылығы жұмыс жасауда.

– Бірлесіп жұмыс атқарып жатқан ұжымыңыз жайында айтсаңыз.

– Музей ұжымының жұмыс қарқыны мен өз қызметіне деген құштарлығына жоғары баға беруге болады. Алдағы уақытта атқаратын шаруаларымыз, жоспарларымыз да өте көп. Тарихымызды таныту жолында аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерімізге дұрыс бағыт беріп, басшылық етіп отырған музей директоры Гүлмира Мұхтарованың еңбегі ерен. Сонымен қатар Еңбекшіқазақ аудандық жұмыспен қамту орталығына да алғысымды білдіремін. Дүниенің түпкір-түпкірінен музейімізге күніне жүздеген адам келеді. Ғимаратымыздың ішін, сыртын таза ұстау өте маңызды. Осы орайда музейіміздің ішкі-сыртқы жұмыстарымен, тазалығымен, шаруашылығымен айналысатын адамдарды икеміне қарай жұмысқа өз таңдауымызбен қабылдап келеміз, олардың ішінде ұсталар, шеберлер де бар.

– Келелі әңгіме өрбітіп, сүбелі сұхбат бергеніңіз үшін рақмет.

Тілдескен

Ринат НАРХАНОВ.

 

Ардақты аудан тұрғындары мен қонақтары!

Дастарқанға ақ толатын, елімізге бақ қонатын бүгінгі арайлы мейрамның мәні – бірлік пен ынтымақта.

Баршаңызды осы ұлағатты мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлыстың ұлы күнінде алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан.

Күн мен түнді теңеген, іргемізді ізгілікке бөлеген Наурыз бүкіл адамзатқа шаттық сыйлайды. Ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді.

Болашаққа сенім артып, өткеніне салауат айтатын көреген халқымыз бұл күнді жыл басы деп білген. Бұлақ көзін ашып, тал еккен, жылағанға жәрдемдескен. Осынау ыстық мейір мен қамқорлық елімізді талай сыннан сүріндірмей алып шықты.

Қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтаған ауданымыз өткен жылды толайым табыспен аяқтады. Биылға жүйелі жоспар құрып, мемлекетімізбен бірге кемелдену жолына түсті.

Әйткенмен, бейбіт елде ғана береке болатынын айтудан жалықпаймыз.

Бұл мерекенің де мәні осында – халықтың ынтымағын бекемдеу.

Ендеше, өмірімізге жасампаздық пен дамудың жаңа лебін әкелген Әз Наурыз құтты болсын!

Мереке елімізге тыныштық, әр отбасына бақ-береке сыйласын!

Сенбі, 19 Наурыз 2022 19:35

Көңіл боздап барады

ЕЛ ЕГЕМЕНДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «ТӘУЕЛСІЗДІК СӨЗІ» СЕРИЯСЫ  БОЙЫНША «АБАЙ» БАСПАСЫНАН ГАЗЕТІМЗДІҢ ТІЛШІСІ ЕРЗАТ АСЫЛДЫҢ «ҚҰЛАҒЫМДА ТҰЯҚТАРДЫҢ ДҮБІРІ» АТТЫ ЖЫР ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРГЕН ЕДІ. ГАЗЕТ РЕДАКЦИЯСЫ АВТОРҒА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС ТІЛЕП, ТАҢДАМАЛЫ ӨЛЕҢДЕРІН ОҚЫРМАН  НАЗАРЫНА ҰСЫНЫП ОТЫР.

Көңіл боздап барады

Оралар деп жолыма анам тұр күн сап,

Көрген түстей ғайып болды мың бір сәт.

Жапандағы жалқы дарақ секілді,

Айналамды құлазимын құм құрсап.

Естілді әне, жасын даусы көк тіле,

Туған жерге төпеп нөсер төкті ме?

Қараша үйді қартаң шешем айналды,

– О, жаратқан, сүт көп бізде, көп, міне.

Айналды анам күркеше үйдің белдеуін,

Шүкір етіп, тәңірінің бергенін,

Ырыс жалар ыдысының ернеуін,

Ырыздығы таусылмағай пенденің...

Қара аспанға қайта туды қалқан Ай,

Тәңірінің аманатын арқалай.

Күбір-күбір әкем оқыр бір аят,

Күмбір-күмбір кеудеде күй тарқамай.

Кейде көңіл көтемедей дүркірер,

Кейде қонбай кететіндей жұртына ел.

Қара жерді басқан іздер білемін,

Қара аспанмен бір күрсінер, бір күлер.

Солай, сірә, көрген түстің аяны

(Қалай тимек тағдырымның таяғы)

Беймезгілсіз бет сыйпасып алады,

Арда әнтек көкке қолын жаяды.

Молаларға көзін салып қояды

Дала меңіреу, желігеді желбилеп,

Мен елітіп қалғып кетем шеркүйге.

Сәтке ғана кірпік іліп ояндым,

Қол соза алмай емендерге ербиген...

Елітеді қиырдағы елсіз маң,

(Мен бір сүрлеу салар ма

екем жолсыздан ).

Міне, тағы көңіл боздап барады,

Жел маядай желіндерін жер сызған.

*****

 

Желтоқсаншының монологі

 Қасиетті Алаш өскен ақ бесік,

Сені отына жағама деп жат нешік...

Заман тұрды рухыңды сат десіп,

Бабам тұрды көз алдымда көк түрік,

Көк аспанға қанатыңды қақ десіп.

Далам тұрды көз алдымда көк мұнар,

Құрығыңды құрдымдарға ат десіп.

Болашағым, бостандығым үшін мен,

Ойқастадым от кешіп.

Толқы – толқы, Арал  – арман,

Каспий – мұң.

Арнаңа мен ағыл-тегіл жас құйдым.

Ертеңім деп ерлігімді тас түйдім.

Өркенім деп өмірімен бас қидым

Қасиетті Алаш өскен арлы өлке,

Болды бізге, өмір тұйық, жол келте.

Құлын даусым шырқырамай қалсын ба?

Тапталғаның табандарға тар келсе.

Есіліме бұрау салып жатқанда,

Есімімді мұнар шалып жатқанда,

Бесігімді жылан шағып жатқанда,

Айтшы, Алатау, айтшы, Алатау, айып па?

Ер ұлдары ерлік үшін жан берсе.

Қарғыс атқыр ниеттерді қар көмсе,

Қыршын жаннан қымбат дедік бостандық,

Бостандық боп, болашақ боп таң келсе.

Жаттың қолыжаға жыртты...

батты ауыр.

(Өртен, жүрек, өзің үшін отқа кір)

Замананың сүркейінен зар жұтқан,

Бесігінде белгісіз үн қарлыққан,

Оны, сірә, қалай етем жатқа құл.

Қара аспанды қақыратып, соқ, дауыл,

Ерлік жырым, ертеңіме қақ дабыл.

****

 

Ақын туған топырақ

(Т.Молдағалиевтің рухына)

«Топырақтан тапқан бақыт мықтырақ». Жұмекен НӘЖІМЕДЕНОВ.

Сыбырлайды, сырғалы түн.

Есті самал-желемік.

Көрем жұлдыз бұлданысын,

Ай аттанып барады әне, батар

тұсқа жөнеліп.

Бұл аспаның зеңгіріне,

Нұр құлады бозарған.

Дәт айтады енді кімге?

Сөнер жұлдыз көз алдан.

Сіңіп кеткен терең көкке,

Айдан алыстым ары...

Тұрам оған елеңдеп мен,

«Екі жұлдыз» сөндірмеген шырағын.

Бар шаттығын тосқан алдан,

Дүние биге теңселсе.

Пенде біткен қосжанардан,

Айырылардай ол сөнсе.

Бір өшпес үн жаңғырардай,

Құлақ түрем,

болам дал...

Оны да ұмыт қалдырардай,

«Мына өмірге күліп келіп,

жылауға да...

үлгірмейтін адамдар».

 

Тау мұнарды, таң қуанды,

Тек мүлгиді атырап,

Мына көктем көзді арбайды,

Суытпаған сезімін.

Бүлік етеді ақын туған топырақ,

Есіне алып өз ұлын.

 

Көктемеде көк қаулаған күндерде,

Көктен моншақ көп саулаған күндерде,

Жүректерді от жаулаған түндерде,

Көздер мен көз қиылысқан сәттерде,

Сағыныштың күйі қысқан сәттерде,

Жасыл баққа құстар қонған мезетте,

Дүние нұрға құштарланған мезетте,

Ақ бұлақтар алқына аққан мезетте,

Жамалын қыз жарқыратқан мезетте,

Күзгі бақтар күңіренген кездерде,

Бал еріндер шырын емген кездерде,

Ертегідей бой көтерсе-ақ қала,

Алматыны қар қымтаған шақта да,

Күнде, айда, маусымда,

Өзен мен көл, тау, шың да,

Жатты бәрі, ұлы ақынның

өлеңінің даусыңда

 

Ажарланар Алатау, Күн қонғанда

желкеге, Ай қонғанда арқаға.

Мөлдірейді түпсіз аспан ал қара.

Сипап өтер сол аспанды

қайтқан құстар қанаты,

Байланғандай көк пенен жер арасы.

Ал қара жер, үнсіз жатыр ой бүгіп,

Сол ғажайып ақын туған өлкеде,

– Бір еңселі ескерткіш жоқ,

– дейді жұрт.

Бір ескерткіш керек шығар,

мрамор мен мәрмәрдан,

Оны сұрап, әуре болман

асығыстау жандардан.

 

Жер бетіне жеткен сәуле шың сүйді.

Оны еске алып орман

желмен сыңсыйды.

Алуан мезгіл сан бояумен кестелеп,

Оны еске алар, жәудір бұлақ,

жас терек.

 

Жас қайыңдар, биле, биле,

Шықтар тұнған жапырақ та, дірілде.

Сені әлдилер күнде, күнде,

Сол қалған ән қайтқан құстар үнін де.

Ақын туған топырақ бұл,

Қалмас жүрек бір құдырет сезінбей.

Зымырайды уақыт, зымырайды уақыт,

«Оның бала кезіндей»...

Зымырайды уақыт, зымырайды уақыт…

жоқ, шет-шегі тоқталар.

Бәрі-бәрі жоғалады

Топырақтан тапқан бақыт тек қалар.

 

Зымырайды уақыт, зымырайды уақыт,

Арғымақтай алқынған...

Шулайды көл, шулайды құс

шарық ұрған,

Ырғайды жел, ырғайды жел

алтын дән.

Мен де егіліп барам енді солқылдап,

Топырақты басып тұрып ол туған...

Ақын туған топырақ бұл....

***** 

 

Түсімде ылғи таулар жүзіп келеді

Бірде «Шетелдегі қазақ балалар» атты бағдарламадан мұхит асып кеткен қазақ баласы журналистпен қызу әңгіме арасында «Түсімде ылғи тауларды көремін» дегені есімде.

Көздерімде көкжиектің тереңі,

Жүрегімде жұлдыздардың өлеңі.

Жан ағатай, мен ғажайып түс көрдім,

Көктеңізде таулар жүзіп келеді.

 

Қарсы жүзсе, дауыл соғар демінен,

Ақша бұлттар әрең асар белінен.

Мұндай алып шыңды, сірә, кім көрген,

Матчасы үлкен нән кемелер көріп ем.

 

Бірақ таулар тоқтамады жағаға,

Үрейленіп шулады ұзақ шағала.

Алыс шеттен ақ орамал бұлғады,

Аппақ қайың айналды да анама.

Күтіп ем ғой күндер санап, айды аңсап,

(Жүрек солай сағынышқа байланса)

Көк тіреген шыңдар кетті алыстап,

Анам құшақ жайғанша...

 

Таулар, сірә, ғайып болды кенеттен?

Дауыл тұрды, нөсер төкті шелектеп.

Мен оларды келе ме деп көп күттім,

Келмеді олар, көк теңізге көп өкпем.

 

Бір елесін қуалаймын аңыздың,

Көкірегімде тербелісі теңіздің.

Қайран құмға бауырымды төседім,

Толқындарға көзден моншақ көп үздім.

 

Аққайыңдар, сағынамын мен оны,

Көз алдымда көк теңіздің тереңі.

Толқындарға қуып келем жармасып,

Түсімде ылғи таулар жүзіп келеді.

Сенбі, 19 Наурыз 2022 19:35

Әз Наурызға ақ бата

Әз Наурызға ақ бата

Ұлыс бақты болсын,

Барыс жыл жақсы болсын!

Қазақ елі шаттансын,

Тәуелсіздігімен мақтансын!

Елге ынтымақ орнасын,

Көкте қыран самғасын!

Абыройлы болып жастарым,

Дәстүрімізді жалғасын!

Атқарылған әр іс берекелі болсын!

Ырыс артып,  мерекелі болсын!

Алқапта егіні жайнасын!

Бақта бұлбұлы сайрасын!

Молшылықтан қазаны қайнасын!

Бала-шаға бақыттан,

Шаттанып, күліп-ойнасын!

Қуанышқа бөлеп жыл сайын,

Әз Наурыз әркез тойлансын!

Әумин!

 

Әбдуәли ЖҰМАХАНОВ,

Сарыбұлақ ауылының ақсақалы, Қаражота ауылдық округі.

Қасиетті қазақ жеріне Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз да сағындырып, сарғайтып жетті, міне! Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Біздіңқасиеттібілімордамыз «Шелек ауылындағы  гимназиясында» да Әз Наурызды мерекелеу өзінше бір ерекшелікпен басталды. Наурыз айы – айлардың сұлтаны десек артық болмас. Себебі тіршіліктің жаңаруы да, көрісу, алғыс айту амалдары да, әлемге тіршілік нұрын сепкен - Ана атаулының мерекесі де осы айға тоғысқан. Осындай қасиетті  айда гимназия директоры Қырықбай Ардақ Мұхаметжанқызының ұйымдастыруымен «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты. мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға ауданымызға белгілі азаматтар ­­–Алматы облысының Құрметті азаматы, 2 мәрте Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаты  Өмірғали Кенжебек,  спортшы, кикбокстен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азияның, Еуропаның 2 дүркін чемпионы Қайыпжанов Елмұрат Мұқашұлы, Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы «Жомарт жүрек» сыйлығының иегері, «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Осан Жангелді Көшімбайұлы, Шелек ауылдық округі әкімі Абдықалиев Сәкен Дәулетқанұлы қатысты.

Аталмыш  іс-шарада гимназиямыздың өнерлі  ұстаздары мен шәкірттері өздерінің  өнерлерін ортаға салып, көрермендердің көңілінен шықты. Сонымен қатар,  концерт барысында 100 домбырадан құрылған «Атамұра» ансамблінің сахна төрінде күмбірлеткен  күйлері мерекенің сәнін аша түсті.

Ұстазды ұлықтау – ұлағатты іс. Ұлттың кемелді жолында бағдаршам болатын ұстаздар қауымын құрметтеу – міндет. Салтанатты шара барысында білім беру саласына еңбегі сіңген, кәсіби шеберлігімен дараланған ұлағатты ұстаздарға гимназия демеушісі Осан Жангелді мырза мұғалімдерді ынталандыру мақсатында бағалы сыйлықтарымен марапаттады. Сонымен бірге спорттық жабдықтар сыйға тартты. Мерекелік шара  қонақтарға жаңа үлгідегі жабдықталған кабинеттерді таныстырумен жалғасты. Волейболдан шебер сыныбы тамашаланып, спорттық жарыс өтті.

«Көреген басшы елді өсіреді» демекші, гимназия директоры  Ардақ Мұхаметжанқызыбілікті де білгірлігі, ұйымдастырушылық қабілеті, кісілік келбетімен әрдайым ұжымның көңілін таба біледі. Адами қасиетті өмірінің темірқазығындай берік ұстанып, қызметіне адал болу  арқылы жарты ғұмырын ұжымының мүддесіне арнаған басшымызға осынау игі шара үшін алғысымыз шексіз. Үнемі  бізге демеушілік көрсетіп, қолдап жүретін жомарт жандарға, бүгінгі қуанышты бөлісіп, ақжарма тілектерін білдірген қадірлі қонақтарға да  айтар алғысымыз көп.

Наурыз – жаңару мен жасарудың басы. Наурыз – береке-бірліктің, теңдіктің, жақсы тілеудің, қайта түлеудің тойы.  Ертеде бұл мейрам елдiң бiрлiгiн сақтап, туған-туысқанның басын қосып, бауырластыққа, татулыққа шақыратын. Ендеше, ақтың молаятын, жарықтың ұзаратын, нұрдың молығатын, тіршіліктің жаңаратын, өмірдің жаңғыратын, пейілдің түзелетін, көңілдің кеңитін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын!
Туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!

 

 Аида Ағыбаева,

                                                        «Шелек ауылындағы гимназия» КММ-сінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бейсенбі, 17 Наурыз 2022 15:55

Жаңа Қазақстан – жаңа белестер

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасады.
Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде бүгінгі жолдаудың мәні айрықша екенін айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мүддеге, халыққа деген адалдығын тағы бір мәрте көрсетті.
Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қарастыруды айтып, бұл тұрғыда отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтарға қарсы тиімді шаралар үлкен рөл атқаратынын, бүгінде азаматтар мен қоғам белсенділері әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату қажеттігін жиі көтеріп жүргендігін, алдында да осындай құқықбұзушылықтарды криминализациялаудың орындылығын анықтауға нұсқау берді. Мемлекет басшысының бүгінгі жолдауы халықтың еңсесін көтеріп, Қазақстанның дамуына үлес қосуға деген құлшынысын оятты.Бұрын жабылып қалған облыстарды қайта құру туралы шешімі халықтың көңілін көтеріп, рухтандырып жіберді. Семейді Абай, Талдықорғанды Жетісу, Жезқазғанды Ұлытау, Алматы облысының орталығына Д. Қонаевтың атын беруді ұсынды. Мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын қолдаймын.

 

Мейрамгуль Қонысбаева, 

Еңбекшіқазақ ауданының А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп директоры,

"Amanat" партиясынан аудандық мәслихат депутаты

Сәрсенбінің сәтінде аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиев жаңа сайланған Көктөбе ауылдық округі мен Есік қаласы әкімдерін таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Өткен жексенбіде Көктөбе мен Есікте әкім сайлауы өтіп, жергілікті тұрғындар саяси науқанға белсене қатысып, өз таңдауларын жасады. Нәтижесінде 90 пайыз дауыс жинаған Берік Саменов айқын басымдықпен жеңіске жетіп, Көктөбе ауылдық округінің әкімі болды. Ал қала тұрғындарының 54,9 пайыз даусын жинаған Асхат Аңсатбаев аудан орталығының әкімі қызметіне кірісті.

Елді мекендердің активіне сайлаудың қорытындысын жариялаған аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Жексембиев жаңа әкімдердің қызметтік куәліктерін табыстады.

Аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуат Байғоджаев, ауданның құрметі азаматы, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов елді мекен басшыларының жұмысына сәттілік тіледі.

Өз кезегінде Берік Саменов пен Асхат Аңсатбаев өздеріне үміт артқан тұрғындардың сенімінен шығатынын айтып, елді мекеннің өркендеуі жолында аянбай тер төгетіндерін жеткізді.

С.НҰРАДИН.

Бейсенбі, 17 Наурыз 2022 09:42

Шағын шаруашылықтарға қолдау қажет

Қазіргі таңда еліміздегі 1,6 мыңнан астам қосалқы шаруашылықтарда 3,5 миллионнан астам адам жұмыс істейді. Олар жылына орта есеппен 2,5 трлн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіріп, еліміздің азық-түлік қорын толықтыруда елеулі үлестерін қосып келеді. Алайда, технологиялық тұрғыдан артта қалған, техникалық жарақтандырудың төмендігі мен түрлі қаржылық қолдаудың аздығынан қосалқы және ұсақ шаруа қожалықтары  қазіргі заманғы сын-тегеуріндерге төтеп бере алмайтындығын байқатты. Күні кеше ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын ел экономикасының тірегіне айналуы керек екендігін айтқан еді. Ал экономистер ол үшін  қосалқы және ұсақ шаруашылықтарды ынталандыру  маңызды деп қарайды.

Талғат Жұмабаев Рахат ауылдық округінде 2016 жылдан бері мал өсірумен және өзге қосалқы шаруашылықпен айналысып келеді. Бүгінде жеке кәсіпкер  ірі қараны 20 басқа жеткізсе, 3 гектар аумаққа алма және таңқурай егеді. Сондай-ақ қосымша үй құстарын бағады. Бүгінде 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер күніне 100 литрдей таза табиғи сүтті өзінің тұрақты тапсырыс берушілеріне жеткізеді. Жеті жылдан бері ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп келе жатқан Талғат Жұмабаев  түрлі қиындықтарға да тап болғандығын жасырмады.

– Өткен жылы шөп бағасы  жылдағыдан қымбат болды. Оның  үстіне егістік басында жұмыс жасайтын техникалардың бағасы да біршама өсті. Мұның барлығы ешқандай мемлекеттен қолдау таппай отырған қосалқы және ұсақ шаруашылықтарды шығынға батырды. Тіпті біздің ауылдағы біраз кәсіпкерлер жұмысын тоқтатты. Бізде тек ірі шаруа қожалықтарына ғана мемлекет көмек көрсетеді. Ал шағын шаруашылықтар үнемі назардан тыс қалып келеді. Еліміз ауыл шаруашылығының тамырына  қан жүгіртеміз десе, қосалқы және ұсақ шаруашылықтарды да назардан тыс қалдырмауы қажет, – дейді кәсіпкер.

Шағын шаруашылығын шалқытып отырған кәсіпкердің толғандыратын түйіткілді мәселелер көп сыңайлы. Соның бірі – жер мәселесі. Бүгінде көп санды шағын шаруашылықтарға жер жетіспейтіні анық. Талғат Жұмабаевтың сөзінше, оның кәсібін дамытуға өзіне тиесілі жер телімінің аздығы да кедергі болыпты. Кәсіпкер көлемді аумақты меншіктеп алған кей жер иелерінің әлі игермей отырғандығын да жасырмады. Әрине, игерілмеген жерлер елге ешқандай экономикалық тиімділік әкелмейді. Сөз арасында кәсіпкер ауыл шаруашылығын дамытуға тер төккендерге тисті жер телімі берілуі керектігін тіліне тиек етті.

Алдағы уақытта кәсіпкер құс шаруашы-лығын дамытуды да жоспарлап отыр. Өткен жылы ол мыңға жуық тауық сатыпты. Талғат Жұмабаев құс етінің еліміздің нарығында жоғары сұранысқа ие екендігін айтады. Ал халықаралық азық-түлік институты Қазақстан мен Қырғызстанды әлем бойынша құс етін көп тұтынатын елдердің қатарына қосыпты. Аталмыш сала мамандары соңғы үш жылда әсіресе қазақ елінің құс етіне тәбеті артып кеткенін алға тартып отыр. Ресми деректерге сүйенсек, Бүгінде Қазақстан құс етінің 70-80 пайызға жуығын импорттаған. Импорттың 70 пайызы АҚШ пен Бразилия елдерінің үлесінде екен. Бұл әрине, ойландыратын көрсеткіш.

– Бұған дейін мемлекеттік субсидиялар мен жеңілдетілген несие алуға талпыныс жасап көрдім. Бірақ қағазбастылық пен өзге де кедергілерге тап болып, мемлекеттік қолдауға қол жеткізе алмадым. Ал жақында аудандық кәсіпкерлер палатасына барып, кәсіптік курс оқуға тіркелдім. Курс  біткен соң жобамды сәтті қорғасам, жеңілдетілген несие беріледі. Қалай десек те, шағын шаруашылықтар мемлекеттік көмекке мұқтаж, – дейді кәсіпкер.

 

Е.АСЫЛ.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет