Бейсенбі, 03 Наурыз 2022 10:18

Ардагерге арналған турнир өтті

Жақында Шелек ауылдық округінде Ауған соғысының ардагері Бақыткелді Баясовты еске  алуға арналған дзюдо күрісінен 2010-2011 жылы туған өспірімдер арасында   облыстық турнир өтті.

Аталған спорттық шараға ауданық №2 спорт мектебінің директоры, даңқты жекпе-жек шебері Елмұрат Қайыпжанов, аудан және облыстың құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев, өзге де спорт шеберлері мен Ауған соғысының ардагерлері қатысты. Спорт додасында Алматы және Жаркент қаласынан, Кеген мен Райымбек ауданынан  сондай-ақ, ауданымызға қарасты ауылдық округтерден 100-ге жуық жас спортшы төрт салмақ дәрежесінде боз кілемде белдесті. Командалық есепте Есік қаласы 1-орынды, Жаркент қаласы 2-орынды алып, Шелек ауылдық округі үздік үштікті түйіндеді. Жарыс соңында жеңімпаздарға медальдар, естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

 

Өз тілшіміз.

Бейсенбі, 03 Наурыз 2022 10:10

Өзекті мәселелер депутат назарында

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанна Телпекбаева  ауданымызға ат басын бұрып, жеке жұмыс кестесі бойынша жергілікті тұрғындармен қоғамдық қабылдау өткізіді. Өңірдегі атқарушы билік пен түрлі сала еңбеккерлерімен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысты.

Мәжіліс депутатын аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаты Ерік Абитов, аудандық мәслихат депутаттары Бағдат Рахимов пен Айжан Әбіт қарсы алды. Ең әуелі халық қалаулысы Балтабай ауылында  былтыр сайланған ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Еркін форматта өткен кездесуде ауыл әкімдері көптеген өзекті мәселелердің тиегін ағытты. Ауыл атқамінерлерінің сөзінше, бүгінде ондағы елдімекендердің өркендеуін жебеу үшін мем-лекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару бойынша қолданыстағы заңға  өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

– Қазіргі округ әкімдерінің қолы қысқа. Өйткені қолында қаржысы жоқ. Басқаруындағы ауылдар дотацияда отыр. Бұрын ауылдық округтер ақшаны аудандық бюджеттен алатын. Қазір әр ауылдың шамалы болса да өзінің дербес бюджеті бар. Бірақ бір жағына тартсаң, екінші жағына жетпейді. Ауылдық елді мекендердің басым бөлігінде инфрақұрылым дамымаған, тауар өндіруші ірі кәсіпорындар жоқ. Сондықтан бюджет те мардымсыз.Алда атқарушы билік органдар тарапынан ауыл бюджетін молайтатын қадамдар жасалуы қажет, – дейді Қазақстан ауылдық округінің әкімі Марат Сүгірбеков. Мұнан өзге де жайлымдық жер, сапалы ауызсу, жаңа әлеуметтік нысандар салу сынды округ әкімдері айтқан түрлі түйіткілдерді тыңдаған Жанна Тілеубекқызы көтерілген мәселелерді шешу мақсатында депутаттық сауал жолданатынын айтты.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанна Телпекбаева жұмыс сапарын Шелек өңірінде жалғастырды. Шелек ауылындағы аудандық аурухананың басшысы, облыстық мәслихат депутаты Гүлнар Құраметова мәжілісменге аурухана жұмысын таныстырды. Аурухана басшысының сөзінше, аталған емхананың тәулігіне 300 адам қабылдауға толық мүмкіндігі  бар. Сонымен қоса, лаборатория, тіс дәрігері, жансақтау, таңу және балалар бөлімі түгелдей заманауи құралдармен жабдықталған. Емхана ұжымымен кездескен Жанна  Тілеубекқызы дәрігерлердің жалақысы мен құқықтық мәртебесін көтеру, жас мамандарға жағдай жасау, емхана бөлімдерін заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету сынды өзекті мәселерлерді талқыға салды.

Ауданымыз ауыл шаруашылығы саласын дамыту үшін зор мүмкіндіктерге ие. Ел экономикасын көтеруде осынау артықшылықты молынан пайдалануға болады. Ол үшін  аграрлық сектор мен соның негізінде өнеркәсіпті дамытуды қолға алу керек. Бұл өз кезегінде отандық өнімнің артуына, импортты азайтып, тіпті экспортқа жол ашуға мүмкіндік береді. Әрине, мұнда отандық өндірушілерге қолдау көрсету мен оларға барынша қолайлы жағдай жасаудың маңызы ерекше. Алайда бұл саланы қарқынды дамытуға тұсау болатын түйіткілдер де аз емес. Мәжіліс депутаты Жанна Телпекбаева бұл саланы да назардан тыс қалдырмады. Шелек өңіріндегі шаруа қожалық иелері және ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілермен, аудандық жергілікті қауымдастықтар қоры өкілдерімен жолыққан Жанна Тілеубекқызы аталған саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Қазіргі таңда іс жүзінде тауар өндірушілер бірнеше себептерге байланысты әлеуетті нарыққа қол жеткізе алмай отыр. Өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы сенімсіздік пен тұрақсыз қатынастарды реттеу маңызды. Шелектегі ауыл шарушылық тауарын  өндірушілер жергілікті билік делдалсыз суда жасауға мүмкіндік  жаратса деген ойларын ортаға салды. Сала өкілдері суару жүйесін оңтайландыру, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ары қарай несиелеуді жебеу және тиімді субсидиялау сынды мәселелерді талқыға салды. Ал Мәжіліс депутаты Жанна Телпекбаева бұл өзекті мәселелерді Үкімет назарына ұсынатындығын жеткізді.

Жанна Тілеубекқызы Шелек өңіріндегі іссапардың алғашқы күнін әкімдік ғимаратында өткен қоғамдық қабылдаумен түйіндеді. Қабылдауда болған тұрғындар көпбалалы аналар, аз қамтылған отбасылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ерекше қажеттіліктері бар азаматтар әлеуметтік көмек, денсаулық сақтау, тұрғын үй кезегі, несие, жер телімі, жұмысқа орналасу бойынша мәселелерді көтерді. Мәжіліс депутаты қозғалған әр мәселеге байланысты тиісті мекемелерге хабарласып, алдағы уақытта оң шешімін табуға атсалысатынын жеткізді. Және басқа да сұрақтар бойынша заң аясында кеңестер берілетіндігін айтты.

 

***

Ауданымызға арнайы келген Жанна Телпекбаева сапарының екінші күнін Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде жастармен кездесуден бастады. Студенттермен және колледж оқытушыларымен жүздескен мәжіліс депутаты бүгінгі таңда мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп жатқан қолдауларды айтып, бағдарламаларды түсіндіріп өтті. Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев, облыстық мәслихат депутаты Ерік Абитов және аудандық мәслихат депутаттары Бағдат Рахимов, Айжан Әбіт қатысты.

Жастарға арналан мемлекеттік бағдарламалар туралы баяндама жасаған Жанна Тілеубекқызы бүгінгі таңда өнер және спорт секциялары жастар мен жасөспірімдер үшін тегін жұмыс істеп жатқандығын айтты. Десек те, бұл тақырып бойынша ауылдық жерлерде мәселелер туындап отыр. Осылай деген студенттер ауылда ғимараттар талапқа сай келмегендіктен, өнер мен спорт секцияларын ашу қиындық туғызып отырғанын айтты. Заңда ауылдық квота қарастырылмағандықтан, қаржының барлығын аудан орталығы мен оған жақын орналасқан елді мекендер алып кетеді. Бүгінде қалаларда бірнеше секция жұмыс жасаса, кейбір шалғай ауылдарда мүлдем ашылмаған. Бұл мәселе облыс әкімімімен және құзырлы мекемелермен талқыланатынын айтты Жанна Тілеубекқызы.

Жиында жастар аудан аумағында жүзуді үйрететін және осы спорт түрімен айналысатындарға арналған бассейн жоқ екенін жеткізді. Бұл сұраққа жауап берген Қуат Байғоджаев Есік қаласында Райымбек батыр атындағы орта мектепте және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатта бассейн бар екенін айтты және біріншісі жұмыс істемей тұрғанын да жасырмады. Десек те, аталған олықылықтың орнын толтыру мақсатында аудан орталығында жеке кәсіпкердің демеушілігімен 500 млн теңгеден астам қаржыға стадион маңында жабық бассейн кешені бой көтеруде. Алдағы уақытта тұрғындар игілігі үшін жұмыс жасайтын болады.

Кездесу барысында студенттермен қатар оқытушылар да өздерінің сауалдарын қойып, мәжіліс депутатынан кеңес алды. Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясы мен жергілікті атқарушы органдар өкілдеріне де сұрақтар қойылды.

Мәжіліс депутаты Қырбалтабай ауылында білім беру және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен әлеуметтік мәселелерді талқылады. Жаңашар және Саймасай ауылында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдады және қордаланған мәселелерді шешуге атсалысатынын айтты.

Е.АСЫЛ, С.НҰРАДИН.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезінде заң бұзу фактілерін болдырмау үшін бүкіл процесс орталықтандырылған форматқа ауыстырылады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов ведомствоның кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты.

Серік Шәпкеновтің мәліметі бойынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша 198,4 мың отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл 2020 жылдың көрсеткішінен 7,4% жоғары.

«Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан 517,2 мың балаға кепілдік берілген әлеуметтік топтама берілді. Оның ішінде 259,4 мың мектеп жасына дейінгі бала, 257,8 мың мектеп жасындағы бала бар. Кепілдік берілген әлеуметтік топтама төлеуге 20,5 млрд теңге қарастырылған.

АӘК алушылар санының өсуіне байланысты 2021 жылы министрлік қызметкерлері АӘК тағайындауға көшпелі мониторинг жүргізді. Оның қорытындысы бойынша жекелеген өңірлерде заң бұзу фактілер анықталды. Бұл көмек алушылардың өсуіне әкелді. Мысалы, Шымкентте 2021 жылдың қорытындысы бойынша АӘК алушылар санының өсуі 28,5% болды», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, мұндай фактілер қайталанбауы керек.

«Ол үшін биыл төлемдерді АӘК тетігінің ашықтығын қамтамасыз ететін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы орталықтандыру жұмыстары басталды», – деді Серік Шәпкенов.

Сәрсенбі, 02 Наурыз 2022 11:18

АМАНАТ – АДАМГЕРШІЛІКТІҢ ШЫҢЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Nur Otan» (Аманат) партиясының кезектен тыс ХХІІ съезінде Алғыс айту күнімен құттықтай отырып, «Бұл – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Біз осындай ынтымақтың арқасында қаңтардағы қиын-қыстау күндерде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық. Сын сағатта бірлігін сақтай білген барша отандастарымызға зор ризашылық білдіремін. Ұйымды жаңғырту туралы алқалы жиынның дәл бүгін өтуінің символдық мәні бар» деп атап өтті.

Мемлекет басшысы партияның келешегі жөнінде айта келіп, оның бұған дейін атқарған жұмысын ұмытуға болмайтынына, өз ісіне берілген партия белсенділерінің қажырлы еңбегіне құрметпен қарау керек екеніне тоқталды. Партия жиынының күн тәртібінде аза маңызды мәселелер қаралып, жаңа мақсат-міндеттер айқындалды. Сонымен қатар саяси ұйымның атауын Аманат деп өзгерту ұсынылды.

Бұл жайлы «Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де  айрықша мәні бар киелі ұғым.  Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне, осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады. «Аманат» ата-бабаларымыздың келешек ұрпаққа қалдырған өсиеті деген ұғымды білдіреді. «Аманат» сөзінің мағынасы терең, халқымыздың тарихы мен мәдениетінде ерекше орын алады. Ол бабаларымыз өсиет еткен тәуелсіздіктің мәңгі арман-мұраты, қуатты мемлекеттіліктің және жалпыұлттық тұтастықтың, кең-байтақ Отанымыздың құндылығы ретінде сипатталады. Біз осы баға жетпес мұрамызды сақтап, нығайтуға тиіспіз. Бұл – біздің аға буын мен өскелең ұрпақ алдындағы қастерлі борышымыз. Сондықтан мен партиямызды ресми түрде Аманат деп атауды толық қолдаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Расында да, «аманат» сөзінің астары тереңде жатыр. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін келістірген халқымыз ежелден ұрпағын әділдікке, адалдыққа, жауапкершілікке шақырып, құлағына «біреудің ақысын жеме», «ешкімнің ала жібін аттама», «аманатқа қиянат жасама» деп құйып отырған. Ар-ожданды биік қойып, адалдыққа ұмтылып, имандылықты бойына сіңірген ізгілердің ізін жалғастыру үшін имандылықтан, баба тәлімінен үлгі алудың маңызы зор. Сол сияқты мұсылман әлемінің сардар сахабасы Әбубәкір Сыдық «Аманат – адамгершіліктің шыңы» деген екен. Бұл – адамдар арасындағы жағымды сипаттың бірі. Дәл осы қағидатты ұстанған партиямыздың мүшелері өзіне жүктелген  істі  «ардың ісі» деп сезініп, берілген «аманатқа қиянат жасамаса», әділдікті ұстаса, болашақтағы мақсат-міндеттерімізді сапалы орындап, жемқорлықтың жібі үзіліп, «қаңтар қасіретіндегідей» қарапайым халық зиянға ұшырамасы анық.

Сонымен бірге Президент көтерген Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың қызметін жандандыру қажеттілігіде ең өзекті мәселелердің бірі екендігі сөзсіз. Депутаттық фракциялар диалог алаңдарын ұйымдастыру міндетін өздеріне алып,  олардың жұмыс қорытындысы бойынша нақты нәтижеге қол жеткізуі керек. Бұл – аса маңызды міндет.

Осы тұста, ендігі бізге керегі ынтымақты-ырысты, берекелі-бірлікті, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған, татулық туын ұстаған, басынан бағы ұшпаған еліміздегі тыныштықты, жеріміздегі ырыс-құтты сақтайтын, түсінісіп жарасатын терезесі тең, керегесі кең «Мәңгілік еліміздің» болашағына бағытталған ортақ ісімізде «аманатымызға» берік болу! «Төртеу түгел болса төбедегі келері» хақ.     

         Бекет АХМЕТОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаты, мәслихат хатшысы

«Nur Otan» партиясының атауын өзгертуі заман талабынан туындап отырған мәселе. Оған партия мүшесі ретінде қолдау көрсеттік. Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс ХХІ съезде саяси ұйымның жаңа формацияға ауысатынын жеткізген болатын. Содан бері бір ай өтті. Осы уақыт ішінде көпшіліктің жаңаруды, жаңғыруды қалайтын жүргізілген сауалнамалар мен сұхбаттардан байқадық.

Ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабаларымыздың ұғымында «Аманат» сөз үлкен мағынаға ие. Әлімсақтан келе жатқан елді, жерді, ұлттық құндылықтарды болашақ ұрпаққа бүтін жеткізудің жолы тек аманат арқылы жүзеге асады. Сол себепті, партияның жаңа атауында символикалық мағына жатыр дей аламыз. Сондықтан алдағы күндері атқарылатын жұмыстар жаңа серпінмен, тың қарқынмен жүзеге асырылады деп сенемін.

Оның үстіне партияның сайлауалды бағдарламасында межеленген міндеттерді адал атқару, құрғақ сөзден гөрі нақты іспен дәлелдеу көзделген. Сол арқылы халықпен тығыз қарым-қатынас орнату қажеттігі бүгінгі жиында ескерусіз қалмады. Партия фракциясының жанынан құрылған 14 республикалық кеңес жергілікті жұртшылық пен билік арасында алтын көпір қызметін атқаруы тиістігі міндеттелді. Мұның бәрі мерзімінде айтылған міндеттер деп білеміз. Сол үшін партия мүшелері бір кісідей жұмылып, елдің игілігіне қызмет етуге әрқашан дайын.

Алматы облысындағы ең іргелі аймақтың бірі саналатын Еңбекшіқазақ ауданында 9 мыңнан астам партия мүшесі бар. Солардың бәріне бүгінгі жиынның маңызын бүгін-ертең жеткізіп, жергілікті халықпен байланыс орнатуға кірісуіміз керек. Себебі, ашықтықты, жариялылықты негізге алатын «Жаңа Қазақстан» құрудың маңыздылығын елге түсіндіру аса қажет.

Халқымыз аманатқа қиянат жасаудан тыйғандығын ескерсек,енді азаматтардың әлеуметтік теңсіздігі жойылып, әділеттілік орнайтын кезең келгендігін байқау аса қиын емес.

Қуат БАЙҚОЖАЕВ,

Еңбекшіқазақ аудандық партия филиалы

төрағасының бірінші орынбасары

 

Құрметті партияластар!

Ең алдымен, баршаңызды бүгінгі Алғыс айту күнімен құттықтаймын!

Бұл – өзара тілектестікті, жанашырлықты, қамқорлықты дәріптейтін мейрам. Біз осындай ынтымақтың арқасында қаңтардағы қиын-қыстау күндерде мемлекеттігіміз бен тұтастығымызды қорғап қалдық. Сын сағатта бірлігін сақтай білген барша отандастарымызға зор ризашылық білдіремін. Ұйымды жаңғырту туралы алқалы жиынның дәл бүгін өтуінің символдық мәні бар.

Бірінші наурыз – партияның құрылған күні. 23 жыл бұрын еліміздегі ең басты саяси ұйымның негізі қаланды. Партия халықты ортақ мақсатқа жұмылдырды. Қоғамға пайдалы көптеген бастамалар көтеріп, сайлаушылардың қолдауына ие болды. 

Созданная Первым Президентом Нурсултаном Абишевичем Назарбаевым партия «Nur Otan» сыграла важную роль в государственном строительстве.

Она объединила вокруг себя наше общество для реализации задач по укреплению потенциала Казахстана как ведущего государства Центральной Азии.

Говоря о будущем партии, мы не должны забывать о ее реальных заслугах в прошлом. Это значит, что мы должны с благодарностью помнить труд всех преданных делу партии активистов.

Но время не стоит на месте, появляются новые задачи, требующие своего решения. Мы обязаны реагировать на новые политические и экономические реалии. В противном случае – застой со всеми его последствиями.

Қазір бүкіл әлемдегі ахуал өзгеріп жатыр. Жаңа құндылықтармен қатар күрделі сын-қатерлер пайда болуда. Осындай аумалы-төкпелі уақытта еліміз дамудың келесі кезеңіне қадам басты. Біз «Жаңа Қазақстанды» құруға кірістік. Бұл – өте ауқымды міндет. Тіпті, болашақтағы тағдырымызды шешетін аса маңызды жұмыс деуге болады. Оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін жаңа мақсат-міндеттерімізді айқындап алуымыз қажет.

Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Партияны жаңғырту.   

Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда, партияның өзгеруі – заңдылық. Бұл – уақыт талабы. Осыған орай жаңа ғана айтылғандай, саяси ұйымның атауын Аманат деп өзгерту ұсынылды. Жасыратын ештеңе жоқ, мен де бұл мәселеге байланысты пікірталасқа қатыстым. Бірнеше ұсыныс болды, соның ішінен Аманат деген атауға тоқтадық.  Бұл – еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де  айрықша мәні бар киелі ұғым. 

Егемендігіміз, елдігіміз бен бірлігіміз, кең байтақ жеріміз – бізге бабалардан жеткен аманат. Осы қастерлі құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, болашаққа мирас етуіміз керек. Мемлекеттілік дәстүр жалғастығы, ұрпақ сабақтастығы дегеніміз – міне осы. Халқымыз ешқашан аманатқа қиянат жасамаған. Партия бұл қағидатты берік ұстанады. 

В переводе слово «аманат» означает «завет предков» и «наказ будущим поколениям».

Аманат – глубокое понятие, обладающее особым символизмом в истории и культуре нашего народа.

Оно олицетворяет немеркнущие идеалы Независимости, ценности сильной государственности и общенационального единства, бескрайние просторы нашей Родины, которые завещали нам предки.

Мы должны сохранить и укрепить это бесценное наследие. В этом заключается наш священный долг перед прошлыми и будущими поколениями.

Сондықтан мен партиямызды ресми түрде Аманат деп атауды толық қолдаймын.

Уважаемые делегаты съезда!

Вступая в должность Председателя партии, я изложил собственное видение по ее кардинальной перезагрузке.

За прошедший месяц проведена большая аналитическая работа, которая показала, что в деятельности партии необходимы серьезные изменения. И полумерами здесь не обойтись.

Ребрендинг партии – это не только и не столько ее переименование, смена вывески. В первую очередь, нужно перестроить всю партийную работу.

Поддерживаю высказанные сегодня предложения по трансформации партии.

Вместе с тем хотел бы обозначить еще ряд приоритетных задач.

ПЕРВОЕ. Децентрализация и повышение эффективности партийного аппарата.

В работе партийного аппарата явно стали проявляться худшие качества бюрократии. Сетевые графики, отчеты и формальные мероприятия отодвинули на второй план «живую» работу с избирателями. Энтузиасты с «горящими» глазами были вынуждены, надо об этом прямо сказать, уступить место апатичным функционерам.

Поэтому нужно полностью пересмотреть методы взаимодействия центрального аппарата с филиалами и первичными организациями. Следует решительно отказаться от бюрократии и бумаготворчества. Региональные филиалы и первички могут и должны самостоятельно работать с избирателями.

Центральному аппарату необходимо покончить с практикой директивного и «ручного» управления. Его задача – задавать общий партийный вектор, обеспечивать методическую и идеологическую поддержку, обучать кадры, анализировать системные проблемы. Партии нужна новая культура взаимоотношений, основанная, прежде всего, на доверии и сотрудничестве.

ВТОРОЕ. Следует активизировать деятельность фракций в Мажилисе и маслихатах.

При партии действует большое количество всевозможных советов и комиссий. На них «по кругу» обсуждаются одни и те же вопросы, но конкретные решения принимаются редко.

Поэтому депутатские фракции должны взять на себя организацию диалоговых площадок и по итогам их работы добиваться видимых результатов. Желательно перенести фокус общественных дискуссий из социальных сетей и городских площадей в стены Парламента и маслихатов. Это очень важная задача.

Фракции должны использовать не только инструмент депутатских запросов, но и возможности парламентских и общественных слушаний, публичных дебатов. Если потребуется, нужно поднимать вопрос доверия к конкретным членам Правительства и акимам.

Рейтинг депутатов партии всех уровней должен базироваться не на заготовленных отчетах, а на реальных делах, решениях проблем граждан. За всеми избирательными округами необходимо закрепить кураторов из числа депутатов фракций, чтобы расширить зону их ответственности.

Недавно наши депутаты Мажилиса вернулись из поездок по регионам. Я наблюдал за этой работой ,и надо сказать, что в их работе стал появляться новый стиль, новое содержание. Это уже видно. Стало меньше формальных заседаний, больше прямых контактов с избирателями. Депутаты стали погружаться в реальные проблемы граждан на местах. Такой подход необходимо всячески укреплять и развивать.

ТРЕТЬЕ. Продвижение интересов граждан и открытость партии.

Это крайне важная задача. Партия должна быть реально действующим связующим звеном между властью и обществом, на деле отстаивать интересы своих избирателей.

В первую очередь нужно выполнить обещания, высказанные в электоральный период.

Другое дело, партия не должна увлекаться популизмом, обещать невыполнимое. А затем «бить по голове» Премьер-министра и членов его кабинета, требуя нужные цифры. Так рождается скепсис и недоверие людей к партии со всеми крайне негативными последствиями. Все это вместе называется очковтирательством, которое прямым образом сказывается на социальном самочувствии людей и внутриполитической стабильности.

Такое положение дел, тем более в условиях геополитической турбулентности, для нас абсолютно неприемлемо.

Важно усилить обратную связь с избирателями, и для этого надо задействовать весь потенциал общественных приемных. На предыдущем съезде я давал поручение активизировать их работу, но должного эффекта пока не наблюдается.

Общественные приемные партии должны стать местами притяжения для граждан, которые могли бы приходить туда не только с жалобами, но и с конкретными идеями по развитию страны.

Хочу подчеркнуть, что в своей работе по дальнейшей модернизации страны я рассчитываю и на предложения партийцев. Поэтому полагаю целесообразным запустить республиканскую акцию по сбору идей и предложений, которая позволит каждому гражданину Казахстана поучаствовать в формировании актуальной общенациональной повестки.

Нужно также чаще проводить выездные приемы граждан, встречаться с жителями отдаленных сел, открывать общественные приемные на базе крупных первичных партийных организаций, быть гораздо более активными в социальных сетях.

По всей стране действуют около 4,5 тысячи первичек, и они должны играть особую роль во взаимодействии с избирателями. Все они обязаны работать непосредственно с людьми. Поэтому, думаю, следует поддержать идею о направлении части членских взносов на развитие первичных партийных организаций. Важно выстроить более тесное сотрудничество с неправительственным сектором, особенно в сфере противодействия коррупции.

В целом партия должна принимать самое активное участие в жизни общества, оперативно реагировать на события, открыто, ясно, убедительно разъяснять свою позицию по актуальным вопросам.

ЧЕТВЕРТОЕ. Здесь речь идет о расширении инструментария внутрипартийных выборов и активном участии в выборах акимов.

На прошедших выборах в Мажилис и маслихаты впервые была апробирована модель внутрипартийных выборов. В ходе праймериз в партию пришли активные люди, появилась внутрипартийная конкуренция. Это правильное развитие событий.

При этом важно и далее выявлять, продвигать людей, пользующихся доверием однопартийцев. Другими словами, нужна кадровая селекция. Праймериз должны стать внутрипартийным социальным лифтом для эффективных профессионалов, желающих внести свой вклад в развитие страны.

В прошлом году в Казахстане впервые была внедрена прямая выборность акимов сел. Это подтолкнуло партию активнее работать на местах.

На сегодняшний день по всей стране уже избраны главы более 900 сельских округов. Большинство из них – наши партийцы. До конца текущего года выборы пройдут еще в 293 округах. А в скором времени мы перейдем к прямой выборности районных акимов. Об этом я скажу в своем Послании.

Я думаю, с выборами районных акимов нам задерживаться не стоит. Нужно ускорять этот процесс. Поэтому наша партия не имеет права сбавлять обороты. Задача – активно участвовать в этих избирательных кампаниях, выдвигая достойных кандидатов, пользующихся поддержкой у граждан.

ПЯТОЕ. Подготовка политических кадров.

Наша партия должна стать кузницей кадров, готовить современных политиков и государственников, умеющих работать с избирателями. Сегодня подготовка политических менеджеров у нас, откровенно говоря, хромает.

Политические руководители в современных условиях должны разговаривать с людьми разных профессий, с молодежью, с журналистами, со всеми, кто представляет народ. И таких людей у нас немало. Единственная проблема – это отсутствие социального лифта. Мы не даем дорогу молодым, способным кадрам. И это наш большой недостаток.

При этом в структуре партии функционирует Академия политического менеджмента. Следует значительно усилить ее работу. Нужно перейти от разовых семинаров и тренингов к полноценным программам подготовки депутатов, акимов, министров и других партийных выдвиженцев. На системной основе следует проводить выездные тренинги для обучения партийного актива на местах.

*  *  *

Все высказанные мною задачи предстоит выполнить в максимально сжатые сроки. Чтобы повысить доверие избирателей, партии, нужно отойти от прежних формальных методов работы.

Мен 16 наурызда саяси реформалардың жаңа бағдарламасын ұсынамын. Қазір партиялар арасында бәсеке күшейе түсуде. Осы орайда біз партиямыздың басты саяси күш ретіндегі рөлін сақтауымыз қажет. Бұл – өте маңызды міндет. Басқаша айтқанда, ұйым әрдайым ел мүддесін қорғайтын нағыз халықтық партия болып қалуы керек. 

Мы видим, что наше общество вступило в период активной трансформации, происходит кристаллизация новых ценностей, более разнообразной становится палитра взглядов и воззрений.

Поэтому широкий запрос граждан на изменения и реформы в стране, новые задачи, стоящие перед государством, глобальные и региональные вызовы требуют срочного и системного обновления партии. Времени на раскачку нет.

Дамудың жаңа кезеңінде партияға жаңа тұғырнама қажет. Бірақ, негізгі құндылықтарымыз өзгермеуге тиіс. Орталық аппаратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзірлеуді тапсырамын. Оны партия ішінде мұқият талқылап,  келесі съезде бекітеміз.

Партия «Аманат» – это центристская партия здравого смысла, партия справедливости, партия народного единства, партия неуклонного движения вперед, партия, которая слышит мнения, чаяния народа и действует во имя интересов наших граждан.

Все сказанное приобретает особое значение на фоне событий, происходящих вокруг Украины. Наша позиция должна исходить из критической необходимости обеспечения безопасности, суверенитета и территориальной целостности нашего государства.

Как страна, принявшая у себя саммит ОБСЕ в 2010 году, мы настаиваем на принципе неделимости евразийской безопасности. Об этом я заявил в ходе визита в Москву 10 февраля. Принцип неделимости и общности безопасности предполагает взаимное понимание на основе взаимного доверия. К сожалению, этого не произошло. Минские соглашения остались на бумаге, что привело к военным действиям на территории Украины.

Геополитическая ситуация беспрецедентным образом обострилась, и сейчас впору говорить о необратимости этой тенденции. Поэтому мы призываем оба государства к нахождению общего языка за столом переговоров, к достижению договоренности и согласия. Другого пути нет. Худой мир лучше доброй ссоры. Без мира не будет развития.

Казахстан, со своей стороны, готов оказать всяческое содействие, включая посреднические услуги, если они, конечно, понадобятся.

Я провел серию рабочих совещаний в Совете Безопасности, поставил конкретные задачи перед Правительством по обеспечению устойчивого социально-экономического развития страны в условиях беспрецедентного обострения санкционного противостояния.

Наша экономика должна быть готова к отражению санкционных вызовов, чтобы обеспечить бесперебойное функционирование в кризисной ситуации. Думаю, мы все вместе преодолеем грядущие трудности и вызовы. Их сложность нельзя преуменьшать, но и преувеличивать тоже нельзя.

Осы орайда, партия өз жұмысын жандандырып, ұйымның рөлін күшейте түскені жөн. 

Жылдар бойы үнсіз болған, саясатпен айналысып жүрген кейбір адамдар қазіргі «жылымықты» пайдаланып, әлеуметтік желіге жаппай шыға бастады. Олар ақпараттық кеңістікті жайлап алды деуге болады. Неше түрлі қауесеттер, жалған ақпарат тарап жатыр. Мұндай ахуал елді адастыруы мүмкін. Ашығын айтсақ, біздің жоспарларымызды, қолға алып жатқан іс-шараларымызды көпшілік біле бермейді. Партия белсенділері заманауи ақпарат құралдарын пайдаланып, саясатымызды жұртқа жан-жақты түсіндіруі қажет.

Мен үшін ең басты құндылық – Қазақстанның Тәуелсіздігі. Мемлекет басшысы ретінде еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Жауапкершілік жүгі қаншама ауыр болса да, одан еш қаймықпаймын.

        

Құрметті партия мүшелері!

Бүгін партиямыздың бағыт-бағдарын айқындадық. Енді білек сыбана жұмыс істеуіміз керек. Халық нақты өзгерістерді күтіп отыр.

Партия атына заты сай болуға тиіс. Ел бірлігін нығайтып, Жаңа Қазақстанды құру – бәрімізге ортақ міндет. Осы міндетті абыроймен атқарсақ, болашағымыз да баянды болмақ. Партияның әрбір мүшесі бұл жауапкершілікті терең сезініп, аянбай еңбек етеді деп сенемін.

«Береке басы – бірлік» екенін әрдайым есте сақтайық! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Партиямыздың жаңа атауы құтты болсын!

 

Сейсенбі, 01 Наурыз 2022 15:19

Заман талабына сай

Уақыт бір орында тұрмайды. Сәт сайын жаңарып жатқан уақытта көштен кейін қалмай, заман талабы мен халық сұранысын ескеру және соған орай икемделудің маңызы мол. Бұл – алға жылжудың, жаңалыққа ұмтылудың жолы. Бүгін  «Nur Otan» партиясының кезектен тыс 22-Съезі өтіп, мұнда да болашаққа батыл қадам жасалды.

Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың партияны модернизациялау бойынша берген тапсырмасы аясында дайындалған бағдарлама 28 қаңтарда өткен Съезде талқыланып, Съезд делегаттары бірауыздан мақұлдады. Партияны қайта құру – елдегі жаңғырып-жаңарып жатқан барлық саяси институттар сынды «Жаңа Қазақстанды» құру жолында жасалынуы тиіс істің бірі екені сөзсіз.

Партияның қайта құру бағдарламасын дайындай отырып, партия өз қызметінің барлық бағытын – құрылымын, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың жұмысын, халықпен кері байланысты, жастар саясатын, партиялық бақылауды, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруды, ішкі партиялық тәртіпті, азаматтық қоғам институттарымен жұмысты өзгертуге мүдделі. Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша нақты тәсілдер, құралдар мен жобалар ұсынылған. Ең бастысы, «Жаңа Қазақстанды» құруда билік, партия мен азаматтық қоғам арасындағы жан-жақты диалогтің жаңа мәдениетін қалыптастыруға ден қойып, халықпен жұмысты жандандыру, кері байланысты күшейту, халық үнін ести білетін билік құру.

Осы орайда Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының Төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошановтың партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсынысына Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев та, Съезд делегаттары да қолдау білдірді. Осыған орай Съезд шешімімен партияның Жарғысына тиісті өзгерістер енгізіліп, жаңа атауы мен белгісі бекітілді.

Жалпы, қазақ халқы үшін «аманат» деген сөздің орны бөлек, мағынасы да терең. «Аманатқа қиянат қылма» дейтін қазақ үшін «AMANAT» партиясы да халықтың мұрасын, мемлекеттің мүддесін қорғап, келер ұрпаққа аманаттайтын болады деп сенемін. Сондықтан да «Жаңа Қазақстанды» құруда партияны модернизациялаудың заман талабына сай жасалған батыл қадам екенін айтқанымыз жөн деп білемін.

Ерік АБИТОВ,

Алматы облыстық мәслихат депутаты

Сейсенбі, 01 Наурыз 2022 11:46

Зовем Казахстан нашей Родиной...

 

Выражение благодарности – важная составная традиций казахского народа. Такие обряды и обычаи милосердия, отзывчивости  и взаимопомощи как «сатып алу», «неке қию», «қол ұстатар», «асар», «cүйінші» и многие другие тысячелетиями служили в степи для установления сердечных межличностных отношений и добрососедства.   День благодарности, установленный указом Первого Президента Республики №173 от 14 января 2016 года в день основания Ассамблеи народа Казахстана  – 1 марта,  стал неотъемлемой традицией всех этносов нашей многонациональной республики. В первый день весны представители всех народов могут   поблагодарить, в первую очередь казахский народ и  друг друга за толерантность, межконфессиональный и межнациональный мир и согласие, сплочение на основе общенациональной идеи "Мәңгілік Ел".

«Волны» массовой миграции: столыпинская реформа начала ХХ века, индустриализация 30-х, освоение целинных земель «занесли» в Казахстан свыше пяти миллионов человек, главным образом переселенцев из России, Украины, Белоруссии. Для них просторы Великой Степи стали второй, а для большинства их потомков  на сегодняшний день – единственной Родиной. То же могут сказать о себе  и представители этносов, оказавшихся в Казахстане в результате самой трагической миграционной «вол-ны» – сталинской депортации 30-40-х годов прошлого столетия. Сотни тысяч насильно вывезенных из родных мест поляков, корейцев, немцев, греков, турок, курдов, вайнахов, беженцев от военно-го лихолетья, нашли кров и место за дастарханом в  едва сумевших выжить в период голодомора и коллективизации казахских семьях, вдобавок, лишенных своих кормильцев-мужчин, воюющих на фронтах Великой Отечественной.

То тяжелое время, согретое сердеч-ным теплом и гостеприимством коренного народа Казахстана, навсегда вреза-лось в память старшего поколения жертв депортации, бывших тогда еще маленькими детьми. Один из самых уважаемых представителей общины турок-ахыска нашего района, аксакал  Агапаша Дулаев, не может без слез вспоминать многомесячный зимний путь 1944-го. В промерзших насквозь эшелонах, в ноябре, из пяти районов исторического проживания турок-ахыска в Грузии, их повезли неведомо куда.  Едва одетые, голодные женщины, старики и дети, сотнями и тысячами умирали в дороге от холода и истощения, когда их сыновья, мужья и отцы с оружием в руках  защищали советскую Родину ...

Та же судьба постигла и семью Дулаевых. Отец Агапаши  и  два его дяди – братья отца, младшему из которых было всего 18 лет, погибли на фронте. А он, тогда пятилетний ребенок, с  братьями, сестрами, матерью и дедом сумели живыми добраться до места  высылки в с.Совет нынешнего Коктобинского округа Енбекшиказахского района. Казахская семья Тембаевых приняла их под свое крыло. Впервые за много месяцев за казахским дастарханом дети наелись досыта. «С тех пор больше мы не голодали»,  – вспоминает турецкий аксакал.

 Как бы трудно ни было, у лишенной корней, обреченной на выживание  семьи появилась надежда на будущее. Дед Карим, проживший 124 года, стал отцом для детей его погибшего сына, вырастил и воспитал их достойными людьми. И дети и взрослые  день и ночь трудились  в поле, в 1947 году смогли купить  корову, построить небольшой, но собственный саманный дом, обзавестись домашним хозяйством на  приусадебным участке. Без отрыва, можно сказать, от работы в полеводческой бригаде колхоза «Молотов», преобразованного в 1957 году в  совхоз «Коктобинский»,  дети учились в местной  школе. Десятилетку Агапаше удалось закончить в Есике, в будущей школе-интернате имени А.Малькеева, до которой из села приходилось добираться пешком, преодолевая три горных речки. Хотел учиться и далее, но не мог оставить без помощи большую семью, для которой была дорога каждая пара трудовых рук. Так на всю жизнь остался Агапаша Дулаев в совхозе, трудился  помощником бригадира, водителем, неизменно добиваясь успеха трудолюбием и упорством. В 1972 году он стал рекордсменом по вывозке урожая винограда на винзавод, как передовика-водителя, его показывали по казахстанскому телевидению. Прекрасный садовод-агроном, Агапаша всю жизнь занимался самообразованием. Совхозные  виноградники, для которых он когда-то в Узбекистане заготавливал чубуки лучших винных и столовых  сортов,   по сей день служат людям. На за-служенный отдых аксакал  вышел в 64 года, с полувековым трудовым стажем. Вместе с супругой Азиз ханым они прожили в мире и согласии 50 лет, вырастили шестерых детей,  род Дулаевых продолжают 17 внуков и 12 правнуков.

Агапаша Дулаев, которому сейчас далеко за 80, и сейчас не сидит без дела.   На полученном после приватизации совхоза на земельный пай участке основал крестьянское хозяйство,  высадил молодой сад. Несколько лет назад занялся малым бизнесом, построил в с.Коктобе кафе «Алатау холл».   В составе совета старейшин Агапаша Дулаев  постоянно посещает школу с.Коктобе, помогая учителям поддерживать дисциплину и успеваемость методами на-родной педагогики. Его слово имеет большой вес, и не одному озорнику, «трудновоспитуемому», помогл выбрать правильную жизненную дорогу.  Одно-сельчане любой национальности, нуждаю-щиеся в помощи, не уходят от аксакала Агапаши без поддержки.      

Села Коктобинского и других окру-гов стали отчим домом не только для  многочисленного  рода Дулаевых, но и для других турецких семей. Турки-ахыска – исконные земледельцы, среди них  немало замечательных садоводов и виноградарей, вложивших в советский период весомую лепту в развитие плодоводства и виноградарства совхоза «Коктобинский», других крупных хозяйств «плодового пояса» в с.Каракемер, Тургень, Байдибек би, Рахат. В том, что и в наше время  яблоки и виноград Жетысу пользуются заслуженной славой и  большим спросом, большая заслуга депортированных сюда турок-ахыска.

Один из самых активных  этнокультурных центров Енбекшиказахского района – филиал ОО «Республиканский турецкий этнокультурный центр», объединяет турецкую общину, компактно проживаю-щую в городе Есике, в Шелекском, Тургенском, Коктобинском, Рахатском и других сельских округах. Совместно с ОО «Республиканский турецкий этнокультурный центр» филиал оказывает финансовую помощь в проведении конкурсов по знанию государственного языка, фестивалей культуры, открытии на спонсорской основе спортивных секций,  факультативному изучению родного языка. На праздниках турецкий ЭКЦ района демонстрирует бережно собираемые предметы быта предков, национальные костюмы, образцы национальной кухни, с искусством турецкого танца знакомит ансамбль «Картал». Ежегодно всвященный месяц Рамазан этнокультурный центр  распределяет мясо и другие продукты для малоимущих и многодетных семей всех национальностей, проживающих в сельских округах. Первый вариант памятника основателям Казахского ханства Керею и Жанибеку в г.Есике был установлен также с помощью республи-канского турецкого ЭКЦ. Турция была первым государством, признавшим суверенитет Казахстана. Связи родственных казахского и турецкого народов  крепнут со временем. Турецкий город Тарсус является побратимом г.Есика, в этой  акции народной дипломатии принимали представители районного турецкого ЭКЦ.

– Турки-ахыска выжили  и сохранили себя как народ благодаря гостеприимству  казахского народа, – говорит аксакал Агапаша Дулаев. Старшее поколение передает молодым память о помощи, оказанной в тяжелые времена, и старается максимально способствовать сохранению и укреплению мира и согласия в Казахстане, который стал Родиной не только для турецкого, но и других  народов под единым казахским шаныраком.

 

И.ТУРАНИН.

Сейсенбі, 01 Наурыз 2022 11:36

Қамқорлықты ұмытуға болмайды

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған  бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстанға қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына деген терең тағзымның белгісі.

Сол қиын-қыстау кездерді көрген көнекөздер өмірден өткенімен жас ұрпақ өзге этностарға құшағын жайып, қонақжайлық танытқан алаш елінің қамқорлығын әлі де ұмытпаған. Индира Османова Қарасай ауылындағы Абай атындағы орта мек-тептің  9 сыныбында қазақ тілінде білім алады.

– Менің ұлтым күрд болғанымен, жаным – қазақ. Біз отбасымызбен қазақ тілінде сөйлейміз. Қазақтың салт-дәстүрін құрметтейміз, қазақ дәстүрлерін ұстанамыз. Отбасымызбен әр мерекені қазақша тойлаймыз. Менің бар байлығым – қазақ тілі деп айта аламын. Өйткені күрд халқы қиын-қыстау кезеңдерде өздерінің қолтықтарынан сүйеп, барын алдына тосып, қолдау көрсеткен қазақ халқына қарыздар. Сондай мейірімділіктің арқасында осы күнге жетіп отырмыз. Сондықтан қазақ халқының бізге жасаған жақсылығының қайтарымы ретінде оның жерін, тілін қорғап өтемін, – дейді ол.

Индира қазақ сыныбында оқып, қазақтың тілін меңгергендіктен қазақтың ақын-жазушыларының шығармаларын оқып, халқымыздың болмысын, салт-дәстүрін туыстары мен достарына насихаттайды. Мектеп қабырғасындағы жас шәкірт қазақты болмысынан адал, арамдықтан ада, жаны да, қаны да таза, ешкімді бөліп-жармайтын, алысты жақындататын, аразды татуластыратын, баршаның баласын жат деп жатырқамай, бауырына басатын керемет данышпан халық деп түсінеді.

– «Алғыс» деген сөздің мәні ерекше. Қуғын-сүргіннің құрбаны болған халықтарға жартысын жарып берген, бүтінін  бөліп берген, бауырына басқан қазақ халқына алғысым шексіз. Сол заманда бізге пана да, ана да болған қазақ халқы-ның арқасында біз уайым-қайғысыз бақытты өмір сүріп жатырмыз, қашан да қамқорлықты ұмытуға болмайды – дейді Индира Османова.

Е.АСЫЛ.

    Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мереке – ортақ тарихымызға көрсетілген зор құрметтің көрінісі. Тәуелсіз қазақ жеріне, мейірбан алаш жұртына деген ризашылықтың белгісі.

Азаттық жылдарында ел бірлігін нығайта отырып, татулық пен келісімнің бірегей үлгісін қалыптастырдық. Тәуелсіздік тағдыры таразы басында тұрған «Қаңтар қасіретінде» бірлігімізді берік сақтап, сын сағатынан сүрінбей өттік.

Бүгінде ынтымақтастық сияқты берік құндылықтар елімізді біріктіруші күшке айналып, болашаққа деген нық сенім мен жауапкершілік арта түсті.

Қазіргі таңда «Жаңа Қазақстан» жаңғырту бағдарламасы аясында халықтың әл-ауқатын арттыру үшін кешенді шара-лар қабылдануда. Бүгіні жарқын, келешегі кемел Еңбекшіқазақ ауданында да биылға атқарылар игі істер мол.

Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік ел бірлігін нығайту болып табылады.

Баршаңызды Алғыс айту күнімен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақ-береке, бейбіт өмір және мол табыстар тілеймін!

 

Қуат Елеусізұлы Сұлтанғазиев,

Еңбекшіқазақ ауданының әкімі

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет