Жұма, 01 Сәуір 2022 09:54

Дін мен ғылым — егіз ұғым

Қазақ халқының ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен Ислам діні екені белгілі. Қасиетті рамазан айының қарсаңында ислам діні қазақ халқына қандай үлес қосты және қазақ халқының ислам дініне бергені жөнінде ҚМДБ негізін қалаушы, тұңғыш төрағасы, тәуелсіз еліміздің ата дініне қайта оралуына өлшеусіз үлес қосқан хазірет Рәтбек қажы НЫСАНБАЙҰЛЫМЕН өткізілген сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

– Ассалаумағалейкүм Рәтбек аға, сізге қояр алғашқы сауалымыз, Кеңес одағы кезінде дінге деген көзқарастың жақсы болмағаны анық. Сол сәттерде тәуелсіздігін алмаған елдің діни дербестікке қол жеткізу, діни басқарманы ашу идеясы қалай басталды?

– Биссимилахир рахмани рахим, ол уақытты бәріңіз біліп отырсыздар. Қазақ халқына діни басқарманы әкелу 1990 жылдың 12 қаңтарында жүзеге асты, жұма күні ҚМДБ және Орта Азия діни басқармасынан тікелей бөлініп алынды. Бұған себеп әуелі Алла, екінші мен, үшіншіден Кремль дер едім. Менің Қазақстанға діни басқарманы әкелген уақытымда Кремльді Горбачев, Қазақстанды Колбин басқаратын. Бұл екі кісінің қазақ халқына деген көзқарасының қандай болғаны мәлім. Сондай жанып тұрған жалынның ішінен Қазақстанға діни басқарманы әкелу оңай болған жоқ. Бұл жерде Кремль менің еңбегімді бағалағанына мен әлі күнге дейін ризамын.

Мен 1975 жылы Ливия университетінің «Шариғат және халықаралық заң» факультетін араб және ағылшын тілінде докторлық деңгейде оқып келдім. Отанға келгенде еліміз бойынша 25-ақ мешіт бар еді. Мешіті жоқ облыстар да бар болатын. Осыдан ақ діннің жағдайы мүшкіл болға-нын аңғарамыз. Сол жылдардағы қажырлы еңбегіміздің нәтижесінде мешіттер көбейіп, мұсылмандығымыз күшейді.

– Шәкірттеріңіз жайлы айтып өтсеңіз.

– Дінге қызмет еткелі мыңға жуық шәкірт тәрбиелеппін. 300 азаматты іріктеп, Египет, Түркия, Пәкістән мемлекеттеріне арнайы білім алуға жіберген едім. 600 жігітке Қазақстанда оқуға мүмкіндік жасадық. Қазіргі таңда Қазақстанды айтпағанда Моңғолияның мүфтиі, Алтай аймағының өкіл басшысы, Омскінің өкіл имамы - менің шәкірттерім. Еңбегімнің жемісі сол деп білемін. Мен шәкірттеріме ризамын, олармен мақтанамын, Алла тек жақсылығын арнасын.

– Тарихқа жүгінсек ислам дінінің алғашқы құран аяты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) 611 жылы түскені аян. VII-VIII ғасырда қазақ жеріне ислам діні тарала бастады. Осы кезең қалай қалыптасты, қалай таралды және ислам діні қазақ халқына не берді?

– Ислам дінінің қазақ жеріне қай уақытта келгені жөнінде сан түрлі пікір бар. Негізінде біздің жерімізге ең бірінші 670 жылдары Укаша Исада деген адам келген, қабірі Түркістан өңірінде. Әскерінің саны аз болғандықтан жеңіліп қаза табады. Одан кейін Құтайбати ибн Муслим Самарқанды басып алған соң 10 күнде Түркістанға келеді. 3 жылда Қытайға жетті, яғни 718 жылы. 760-770 жылдар аралығында Ибраһим Бахили келіп, қазіргі Жамбыл облысын мекен еткен халықтардың барлығын ислам дініне кіргізеді.

ІХ ғасырдың соңы мен Х ғасырдың басында Қарахандар келді. Олар шығыс Түркістаннан Қара теңізге дейінгі түркі халықтарына ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Сол замандардан бері Ислам діні қазақ халқының ажырамас бөлігі болып келеді.

Қазақ халқы Ислам әлеміне Арыстан Баб, Қожа Ахмет Ясауи, Әл-Фараби, Бируни, Ақсақ Темір сынды небір алып, ұлы тұлғаларды сыйлады. Бейбарыс бабамыздың өзі Мысырдағы мұсылман әлемін сақтап қалған ерен тұлға екені дүниеге белгілі. Демек біздің халқымыз арабтардан келген дінді қабылдап қана қоймай, оның әлемге мәшһүр болуына өлшеусіз үлес қосты.

– Хазірет, бір сұхбатыңызда айтқан едіңіз, араб елдерінің бірінде үлкен халықаралық конференцияда осы тақырыпта  баяндама жасадым деп. Сол кезде мұсылман елдерінің басшылары бар, бүкіл сарапшылары бар қазіргі айтқан танымдық сұхбатыңызда да бабаларымыздың батырылғын, ғылымға, білімге, мәдениетке қосқан үлестерін естіп-білдік. Енді, мына ғарыш саласының өзінде мұсылман әлемінде тұңғыш болып қасиетті кітабіміз – Құранды ғарышқа алып шыққан қазақ халқы ғана екен. Осы жөнінде қысқаша айтып өтсеңіз?

– Бұл конференция болардан сегіз ай бұрын маған «Негізгі төрт баяндамашының бірі боласыз, қазірден бастап баяндамаңызды жібере беріңіз» деген хат келді. Египеттің Александрия қаласында өтетін бұл халықаралық конференцияға «Ислам қазаққа не берді, қазақ исламға қандай үлес қосты?» деген тақырыпта баяндама жаздым. Жазғанда қазақ даласынан адамзат ғылымы мен өркениетіне үздік үлес қосқан Әл-Фараби сынды бабаларымыздың шыққандығын айттым. Ол 122 мемлекеттің дін министрлері, муфтилер мен әлемдік ғалымдар қатысқан өте жоғары деңгейдегі конференция болатын. Сонда мен жаңағылардың бәрін айтып сөйлегенде, олар: «Аллаху Акбар!», «Аллаху Акбар!» - деп шуылдады. Бұл конференция Абай бабамыздың 150 жылдығына тұспа-тұс келді. Сондықтан ғұлама Абайдың 150 жылдық мерейтойына бара алмай, сол конференцияға кеттім. Жасаған баяндама өте жоғары бағаланды. Сонда бір мүфти: «Хазірет, тағы бір Александрияның қамалын салдырған Қайтпай деген бабаңыз қалып кетті. Қазір музейден суретін алып беремін», – деді. Сол конференция аяқталған соң әлгі мүфти Қайтпай бабамыздың суретін маған сыйлады. Ол сурет менде әлі күнге дейін сақтаулы тұр. Міне, солай өздері мойындап таң қалды. Қазақ халқы бұрын сондай болса, қазір қандай деп отырған боларсыздар. Біз діни ілімді де, дүниетанымдық ілімді де тең дамытқан халық екенімізді айттым. Мұсылман әлемінде ең көп халық – арабтар, онан кейін – түріктер. Бірақ оларда бірде-бір ғарышкер жоқ екендігін жеткіздім. Ал аз ғана қазақ ішінен екі ғарышкердің шыққандығын, соның бірі Талғат Мұсабаевтың қасиетті кітабіміз – Құранды түскен жеріне жеткізбесе де, ғарышқа алып ұшқандығын айттым. Олар тағы да: «Аллаху Акбар!» – деп шулады. Міне, солай әлемді талай таңғалдырған сәттеріміз болды. 1985 жылы Алжирде өткен халықаралық конференцияға қатыстым. Аталған коференцияға 118  мемлекеттің дін министрлері, мүфтилер мен әлемдік ғалымдар қатысты. Басында біздің жазғанымызды қабылдамады. Өйткені «Қазіргі заманда мұсылмандар қалай өмір сүріп жатыр?», «Мұсылман жастарының болашағы қандай?» деген екі тақырыпты негізге алу керек болды. Кейін екі күн тыңдап, үшінші күні қайта баяндама жазып, өзіммен бірге оқыған Марокко ғылымдар академиясының президентіне грамматикалық құрылымын қаратып, арнайы комиссияға тапсырдым. Сөйтіп, сол конференцияда баяндама жасау мүмкіндігіне ие болдым. Сонымен «Дін мен ілім – егіз» тақырыбында баяндама жасадым. Сол тұста коммунистік елден  барған біз үшін мұндай сөз айту оңай ма? Әрине, әуелі ислам діні оқуға, білім мен ілімге басатайды.  Бірден сен намаз оқы демейді, алдымен өзіңді келтіріп ал дейді. Біздің ислам ғалымдары дүниені тітіреткен кезде өзгелердің ұйықтап жатқандығын айттым. Мысалы, математиканы жазған Әл-Хорезми – мұсылман, астрономияны жазған Ұлықбек – мұсылман. Сол үшін қазір исламға күмән келтіру – қателік. Ислам діні өмірде ерінбей еңбек етуге шақырады. Ол туралы қасиетті Құранда: «Сен тек еңбек етумен жетілесің», – деп айтылады. Сонымен бірге арабтарда «Аспаннан саған алтын да, күміс те жаумайды. Еңбек етіп күніңді көр» деген сөз бар. Сондықтан біздің жастармыздың артта қалуы мүмкін емес, алайда тоқырау кезеңінде тұрмыз. Бірақ сол тоқыраудан шығып, қайтадан гүлденуге қадам басатынымызды айттым. Баяндамам аяқталған соң дін министрі оң жағымнан, Алжир университетінің ректоры сол жағымнан қолтықтап сахнадан түсірді. Жиналысқа қатысқандар тағы да: «Аллаху Акбар!», «Аллаху Акбар!» – деп қошемет көрсетті. Содан кейінгі әлемдік жиналыстардың бәрінде олар менен бұрын орындарына отырмайтын болды. 80-нен астам мемлекетке ресми шақыртумен бардым. Шетелде өткен конференциялар, арнайы кездесулерде лекция оқыдым. 30-дан астам мемлекеттің патшасы арнайы қабылдады. Азия мен Еуропаның көптеген елінде арнайы шақыртумен қызмет сапарында болдым. Құдайға шүкір, қазақ халқының ілімге берілген халық екенді-гінде ешқандай күмәнім жоқ.

– Бүгінде бірі білсе, бірі білмейтін, көп қозғала бермейтін тақырыптардың бірі ислам әлеміне қазақ халқының қосқан үлесі. Бүгінде осы игі дәстүрді қайта жаңғырту мен оны жастар арасында қайталаудың алғышарттары қандай деп ойлайсыз?

– Мұның алғышарты қазақ жастары дін мен ғылымды қатар алып жүруі қажет. Әрине, намазды дұрыс оқып үйренгеннен кейін, өзге ғылымның жолын оқып кете беруге де болады. Дегенмен қай саланың маманы болсақ та, дін мен руханияттан ұзақтамауымыз қажет. Біз иманды болсақ, ешкімге ақымызды бермейміз, ешкімге алданбаймыз, әлемге әйгілі елге айналуға ешқандай күмәнім жоқ. Біз қазіргі жас ұрпақтың материалистік, атеисттік бағытына  басымдық беріп, идеологиялық жағына мән бермей келеміз. Біз барлығына бірдей қарауымыз, барлығын бірдей түсіндіруіміз қажет. Сол себепті дін мен білімді құстың қос қанатындай көру керек. Мәселен, қазір ислам діні жайлы жағымсыз ақпараттар жетерлік. Ол – дұрыс емес. Ал шындығында ислам діні тарихтан бері біреуге жамандық жасаған емес. Ислам сондай әділетті дін болған. Ал қазір табиғаттың заңдылығына қарсы жұмыс істеп жатқан күштер бар. Сондықтан біз еліміздегі жастарды жақсы жолмен тәрбиелеуге міндеттіміз. Жас ұрпақ өзіміздің ділімізді, тілімізді, еліміз бен жерімізді қорғайтын болуы керек. Қалай десек те отансүйгіштіктің түп тамыры да сол ілім мен білімде, руханиятта жатыр.

– Студиямызға келіп, осындай керемет танымдық әңгімеңізбен бөліскеніңізге алғыс білдіреміз. Қазақ  еліне, қазақ жеріне ақ  бата берсеңіз...

– Біздің еліміз, ата-бабамыз ақ пейіл, ақ сүтпен өскен халық, жүрегіміз де ақ, көңіліміз де ақ халықпыз. Сондықтан сол ақтыққа барып,  әлемді сол ақпен жақ-сылайтын елге айналайық!

– Әумин! Рахмет, хазірет!

Тілдескен: Тимур НҮСІПХАНҰЛЫ.

Жетісу телеарнасының «Бүгінгі дін» бағдарламасынан ықшамдалып алынды.

Жұма, 01 Сәуір 2022 09:49

Әсері бөлек әз Наурыз

АУДАНЫМЫЗДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ. АУДАНДЫҚ Т.МОЛДАҒАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ АЛАҢЫ ЕРЕКШЕ БЕЗЕНДІРІЛІП, АҚБОЗ  ҮЙЛЕР ТІГІЛДІ.

Соңғы екі жылда індетке байланысты карантиндік шектеу шаралары сақталып, айтулы мейрамымыз тойланбай келгені белгілі. Алайда бұл жолы қалыптасқан дәстүрден жаңылмаған Есік жұртшылығы мәдениет үйінің алаңын мерекелік думанға толтырды. Береке бастауы болған мейрамға асыға келген ағайын бірі-бірімен көрісіп, қуана жүздесті. Мерекені аудан өнерпаздары театрландырылған қойылымдармен қыздырып, әсем әндермен әрледі. Молшылық пен тоқшылық тойына жиналған жұртшылықты аудан әкімі Қуат Елеусізов құттықтады. Аудан әкімі және оның орынбасарларымен бірге аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесі, аудандық қоғамдық кеңесінің төрағалары мен мүшелері мерекеге орай тігілген киіз үйлерді аралап, тұрғындарға жылы лебіздерін арнады. Мерекенің  дәмінен ауыз тиген жұртшылық әз Наурыздың әсеріне бөленіп, ұлттық спорт түрлерінен бақтарын сынап көрді. Атап айтсақ, палуандар белдесіп, жастар арқан тартты, асық ойнап, қол күрестірді. Бозбалалар мен бойжеткендер алтыбақан тепті. Жайнаған жүздерден жақсылықтың лебі  ескендігін аңғардық.

Е. АСЫЛ.

Всем известно, что с 2018 года на основании постановления акима Алматинской области ГККП «Городская станция скорой и неотложной медицинской помощи г.Талдыкорган» реорганизована в ГКП на ПХВ «Областная станция скорой и неотложной помощи» управления здравоохранения Алматинской области. В состав областной станции СМП вошли все районные отделения скорой помощи, а так же отделение санитарной авиации. Сегодня мы узнаем, как изменилась работа за эти 4 года.
По словам директора станции скорой и неотложной медицинской помощи Савелия Пак, в централизованности скорой помощи есть свои плюсы.
- Во-первых, один из плюсов - слаженность и единый формат работы. Во-вторых, целевое использование транспорта. В-третьих, единый алгоритм оказания медицинской помощи, единое оснащение медикаментами. Не нужно думать, что если диспетчер сидит за 200 километров от пациента, то отработает хуже чем диспетчер, сидящий рядом. Централизация позволила решить ряд важных проблем, а именно создать единые диспетчерские службы , исключить нецелевое использование санитарного автотранспорта, улучшить своевременность доезда и оказания медицинской помощи, а также исключить задержки при оказании помощи в приграничных к районам зонам, - подчеркнул Савелий Геннадьевич.
Стоит отметить, всего в сутки в среднем работают от 15 до 17 столов диспетчеров по приему вызовов и 6 столов эвакуаторов. Также есть столы старших врачей и старших эвакуаторов. Диспетчера, приняв вызов, в течение 1-2 минут определяют личные данные, состояние пациента, категорию срочности, место жительства. Затем этот вызов передается в зал эвакуации, где по карте определяется ближайшая свободная машина. С момента, когда был прием вызова и дальнейшие действия по доезду и отслеживанию маршрута, будет вести эвакуатор. За каждым диспетчером эвакуатором закреплено по 3-4 района. Именно он решает, необходимо отправить врачебную или фельдшерскую бригаду. Контролирует работу всех эвакуаторов – старший эвакуатор.
В диспетчерскую службу в смену заступает три врача. Все сложные вызова переключаются на них. К примеру, произошло крупное ДТП. Что можно сделать до приезда скорой, а чего лучше не делать подскажет врач. Он остается на связи до прибытия бригады. При этом координирует действия едущей на помощь бригады.


Внедрена система «Комек-103», автоматически вызова поступают на пульт «103», по принятию вызова согласно категории срочности на вызов отправляется ближайшая бригада скорой помощи, которая контролируется в онлайн режиме. Так же необходимо отметить, что с 2021 г во всех санитарных автомашинах скорой медицинской помощи установлен видеорегистратор с GPS навигацией.
С помощью видеорегистратора можно получить полную информацию о транспортном средстве для систем мониторинга с помощью GPS- трекеров. Такие датчики предназначены для фиксирования параметров кареты скорой помощи, с целью получать детальные сведения о пробеге, скорости движения и состояния главных узлов автомобиля.
- Все вызовы на номер «103» были разделены на четыре категории: первые три - это скорая помощь (речь идет об острых состояниях), четвертая категория - неотложная помощь (случаи обострения хронических заболеваний), которую теперь должны обслуживать врачи поликлиник. Решение о том, какая именно помощь нужна, в каждом конкретном случае принимает дежурный врач. Обслуживание последней категории «скорая» передает поликлиникам. Такое разделение не отвлекает от оказания своевременной экстренной помощи тем, кто действительно в ней нуждается. Но если поликлиника не успевает обслужить всех пациентов, то мы всегда наготове помочь, - сказал Савелий Геннадьевич.
Напомним, в 2020 г населению круглосуточную медицинскую помощь оказывала 121 бригада скорой. Но в конце 2020 г на условиях финансового лизинга получено 150 санитарных автомашин оснащенными 100% медицинским оборудованием. С каждым годом увеличивается количество автомашин и формируются новые бригады СМП.
У большинства приехавших к вам сотрудников 103 за плечами сотни спасенных жизней. И ОЧЕНЬ тяжелая работа – бригады сутками не покидают машин, работают без возможности нормально поесть и отдохнуть.

Бейсенбі, 31 Наурыз 2022 12:12

Ораза ұстау — парыз

Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын!

Ассаламуалейкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһ!

Қадірменді жамағат, құрметті бауырлар, баршаңызға Рамазан айы  берекелі болсып, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын!

Ораза араб тілінде الصوم деп аталады. Мағынасы тыйылу дегенді білдіреді. Яғни, ішіп жеуден ғана емес, рұқсатсыз нәрселерге қараудан, жаман нәрселерді естуден және бос сөз айтудан тыйылу.

Бұл турасында Мәуләна Руми р.ғ:

«Құлағыңды саңырау тұт,

Көзіңді соқыр тұт,

Тілңіңді мылқау тұт,

Құдайдың сырын көрмесең маған күл» – деген.

Орынсыз затты көруден, естуден және тілін өсектен тыйған адамның ғана оразасы толық болмақ.

Ораза ұстау арқылы адам өз нәпсісін тыйып, Хақ Тағаланың разылығына бөленеді. Нәпсіні тәрбиелеуді Алла Тағала өзі бізге мейірім шапағат қылып үйретеді. Ең әуелде нәпсіні жаратып: «Ей нәпсі! Мен кіммін, Сен кімсің? Осыны білесің бе?» деп, сұрайды. Сонда нәпсі: «Сен – сенсің, мен – менмін» деп жауап береді. Алла Тағала нәпсіні 1000 жыл тозаққа салады, 1000 жыл суыққа қатырады. Нәпсі қасарысып: «Сен – сесің, мен – менмін» деп Жаратушысын мойындамайды. Содан кейін нәр татқызбай аштыққа қойғанда ғана: «Сен менің Раббымсың, мен сенің құлыңмын», деп Тәрбие етуші Иесін мойындайды.

Адам баласы нәпсісін тәрбиелемегендіктен өзін өзгелерден жоғары санап, тәкәппар болады. Сондықтан, Ораза адам баласына парыз етілді. Ол туралы Алла Тағала Құрани Кәрімде былай дейді:

«Уа, иман келтіргендер! Сендерге өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді, бәлкім сақтанарсыңдар»

(Бақара сүресі, 183-аят.)

Басқа пайғамбарлардың қауымына да оразаны бұйырған. Бірақ біздің  Пайғамбарымыздың с.ғ.с үмметіне айрықша рамазан айында ораза ұстауды бұйырған. Жоғарыдағы аятта айтқандай  «нәпсілеріңе тиым салсаңдар барлық шариғаттың үкімдері оңай болады» – деді.

Пайғамбарымыз с.ғ.с сахабалары рамазан қанша күн деп сұрағанда, «29 және 30 күн болады, ай көріп ауыз бекітіп, ай көріп оразаларыңды ашыңдар» – деген.

Тағы бір хадисінде Пайғамбарымыз с.ғ.с : «Кімде кім рамазан айының кіргеніне ерекше қуанса, Алла Тағала ол адамның денесін тозаққа харам қылады» – деді.

Абу Һурайрадан риуаят болған хадисінде Пайғамбарымыз с.ғ.с: «кімде кім мықты иманмен, Алланың разылығын үміт етіп, рамазан айында ораза ұстаса, Алла Тағала ол адамның өткен күнәларын кешіріп, рахметіне бөлеп екі дүниеде бақытты қылады» – дейді.

Ораза – бұл сыр құлшылық. Неліктен сыр құлшылық деп атаймыз? Өйткені өзге құлшылықты орындағанда іс қимылмен көрсетіп жасаймыз. Мысалға, намаз оқысақ, қажыға барсақ, зекет берсек басқа адамдар куә болады. Ал ораза ұстаған адамның ауызы берік пе, әлде ашық па, оны ораза ұстаушы және Алла ғана біледі.

Абу Һурайрадан р.ғ риуаят болған хадисінде Пайғамбарымыз с.ғ.с былай дейді:

«Алла Тағала: «Адам баласының оразадан басқа барлық амалы өзі үшін, ал ораза тұту Мен үшін, оның әзір-сауабын өзім беремін», –  деді», деген.

Дүниеде Алланың разылығы үшін ғана сыр қылып ораза ұстаған адамды Ұлық Құлсүйгіш Алла Тағала жәннатына, тіпті періштелеріне де білдірмей құпия түрде кіргізеді.

Алла Тағаланың бүкіл жер бетіндегі сахарадағы құмның, теңіздердегі судың тамшысының санын білетін есепші періш-телері бар. Сол періштелеріне Алла Тағала Хабибінің с.ғ.с үмметінің рамазан айында бір күн ұстаған оразасының сауабын есептеп беруді әмір етеді. Сонда періштелері сауабының санына жете алмай шарасыз болады. Сонда Алла Тағала періштелеріне: «мәңгі есептесеңдер де санына жете алмайсыңдар, ораза ұстаушының сауабын өзім ғана білемін» – дейді.

30 күн оразада ашығудың дәмін сезген адам баласы бұл дүниеде тарығып жүрген жандардың жағдайын да терең ұғынып,  сезіне алады,  деген ғұламалар.

Құрметті, оқырман қауым! Алла Тағала айтады: «Менің разылығымды талап қылыңдар, талап қылсаңдар разылығыма жетесіңдер. Егер мені талап қылмай басқа нәрселерді талап қылып, іздейтін болсаңдар, мені мүлдем таппайсыңдар» – деп. Алла Тағаланың разылығын талап етіп, ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын.

 

Сапархан ТӨРЕҚҰЛОВ,

ауданның бас имамы. 

 

Осы аптада облыс әкімі Қанат Бозымбаев іссапармен ауданымызда болып, бірқатар мекемелерді аралады. Облыс басшысы алдымен Есік қаласының маңындағы Есік тарихи-мәдени қорық-музейіне ат басын бұрып, тарихи жәдігерлермен танысты.

Музей директоры Гүлмира Мұхтарова сонау сақ дәуірінен сыр шертетін мұражай залдарын көрсетіп, жәдігерлердің тарихымен таныстырды. Мекеме басшысының айтуынша, 2010 жылы ашылған музейге «Алтын адам» табылған орынды көру үшін әлемнің түпкір-түпкірінен туристер арнайы келеді.

Тарихи орынның жұмысына оң бағасын берген Қанат Алдабергенұлы Есік шатқалында орналасқан Есік көліне көтерілді. Мұндағы мақсат – стратегиялық маңызы бар нысанның жұмысымен танысу әрі мұндағы қордаланған мәселені шешу. Аудан әкімі Қуат Сұлтанғазиевтің сөзінше, Есік көлі аудан орталығы мен жақын орналасқан елді мекендерде тұратын 100 мыңнан астам тұрғынды ауызсумен қаматамасыз етуде. Сонымен қатар, 5500 гектар егістік алқабына тіршілік нәрін осы көлден алады. Қазіргі таңда суды тоқтататын құрылғылар ескіріп, жаңартуды қажет етеді. Бұл мәселе бойынша облыс басшысы тиісті шаралар қабылдау қажеттігін ескертті. Сондай-ақ бүгінде көлді сенімгерлік басқаруға алған су электр станциясы суды өзіне алуда. Бұл көлдегі судың жаз айына дейін тиісті мөлшерде жиналуына кері әсер етеді. Нәтижесінде, тұрғында тіршілік нәрінен таршылық көруі мүмкін. Қанат Бозымбаев су деңгейі көтерілгенше электр станциясына су жібермеуді тапсырып, бірінші кезекте қарапайым тұрғындар мен шаруаларды қамтамасыз ету керектігін айтты.

Облыс әкімі ауданымызда жүзеге асып жатқан ірі жобаның құрылысын көріп қайтты. Еңбекшіқазақ топтық су құбыры аудан орталығы мен жақын орналасқан 8 елді мекеннің тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етеді. Жобалық құны 4,5 млрд теңге болатын құрылыстың 90 пайызы аяқталған. 49 шақырым су құбыры жүргізілген. Құрылыс аяқталып, 2 су жинау қоймасы іске қосылса Есік қаласының маңындағы саяжайларға баратын судың деңгейі көтеріледі.

Қосымша 8 елді мекеннің ішкі су құбырларын жаңарту үшін жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаражат бөлінген. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында екі жобаға бюджеттік өтінім берілген.                     

С.НҰРАДИН.

В результате шквального ветра зарегистрировано 66 фактов срыва кровель зданий, падение деревьев, обрывов линии электропроводов и порча 3 единиц автотранспорта. Об этом стало известно в ходе брифинга на информационной площадке Jetisy’ Media.

Напомним, что 29 марта 2022 года после штормового предупреждения на территории области зафиксированы факты проявления природной стихии в виде шквального ветра с порывами от 15 до 30 м/с.

Отмечается, что есть один пострадавший - житель Енбекшиказахского района. На момент начала ветра, мужчина занимался починкой кровель, после чего сорвался и получил сильное сотрясение, сейчас в реанимации, состояние средне-тяжелое.

Также, произошли аварийные отключения электроэнергии в 83 населённых пунктах, на данное время в 76 населённых пунктах подача электроэнергии восстановлена. В остальных 7 подача электроэнергии будет восстановлена в течение дня.

На вопрос об органах ответственных за нанесённый ущерб, ответил
Начальник управления предупреждения чрезвычайных ситуаций, Подполковник гражданской защиты Мурат Сыдыков.

«За квартирные дома ответственность несёт государственный бюджет, за автомашины страховые компании, а за частные дома и машины без страхования ответственность несёт сам собственник».

Раннее сообщалось, что обходом пострадавших объектов занимается аким города Талдыкорган Асет Масабаев.

Во время брифинга также говорили о прохождении паводкового периода и подготовке к селе-оползнеопасному периоду.

 

Сөйлеу тілі арқылы дыбыстарды қабылдау, талдау мен жинақтау қабілеті бес жасқа дейінгі аралықта жеткілікті деңгейде қалыптасып болуы керек. Бірақ есту мен интеллектінің бұзылуы кезінде тілдің барлық компоненттері, яғни фонетика, лексика, грамматиканы игеруде кемшіліктер болуы мүмкін.

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы – есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей дамыған балалардың мағыналық жеке қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әртүрлі күрделі тіл кемшіліктері.. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы алалия, афазия, ринолалия, дизартрия сияқты күрделі сөйлеу патологиялардың түрлерінде де байқалады .

Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының  тарихына үңіле кетсек, алғаш рет жалпы сөйлеу тілінің дамымауын ХХ ғасырдың 50-60 жылдары Р.Е.Левина және Ресей дефектологиялық ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлер ұжымы (Н.А.Никашина, Г.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Г.И.Жаренкова және т.б.) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді жан-жақты зерттеудің қорытындысы нәтижесінде ғылыми тұрғыдан негіздеді.

Жалпы сөйлеу тілінің құрылымын, оның себептерін, бірінші және екінші кемшіліктердің сәйкестігін дұрыс түсіну балаларды арнайы мекемелерге бағыттауда, кемшілікті түзету тәсілдерін дұрыс, әрі тиімді таңдай білу маңыздылық танытады. Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы кезінде дыбыстарды дұрыс айтпау, фонемаларды қабылдаудың бұзылуы, сөздік қордың артта қалуы, сөздің грамматикалық құрылымының бұзылуы байқалады.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың ана тілін меңгеруі ұзаққа созылады, балалардың лексикалық мағынадағы сөздерді игеруі нақты емес. Көбінесе сөз мағыналарын өзара кең түрде ауыстырады, абстрактілі лексиканы меңгеру кезінде қателер кездеседі.

Мәселен Н.С.Жукованың зерттеулерінде тіл дизонтогенезі кезіндегі сөздердің морфологиялық түсініксіздігі көрсетіледі. Онда өзара грамматикалық байланыстағы сөздердің байланысы көрінбейді. Грамматикалық мағынасы жағынан дұрыс және бұрыс құрастырылған сөйлемдер ұзақ уақыт бойы сөздік қорда сақталып қалады.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың тілінің дамуы біркелкі және баяу өтеді. Соның салдарынан сөйлеу жүйесінің әртүрлі қатарлары қалыптаспай қалады. Тіл дамуының баяулауы, сөздік қорды меңгеруінің қиындықтары және грамматикалық құрылыстарын қабылдауы баланың үлкендермен және құрдастарымен сөйлесуіне шектеу жасап, тілдік қарым-қатынасқа түсуге бөгет жасайды.

Р.Е.Левина жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың тіл кемшілігінің біркелкі еместігін зерттей келе, жалпы сөйлеу тілі дамымауының үш деңгейін белгіледі.

ЖСТД-ның 1-деңгейінде толық немесе жартылай қарым-қатынас сөйлеу құралдарының болмауымен сипатталады. Сөздік қоры дыбыстық және дыбысқа ұқсас комплекстерден тұрады, бірақ олар қоршаған адамдарға түсініксіз болғандықтан түрлі қол қимылдарымен сүйемелденіп отырады. Мұндай балаларды кейде «тілсіз балалар» деп атайды.

Бұл деңгейдегі балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді: былдырап сөйлейді жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздер мен күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырап мүлдем түсініксіз етіп, үзіп-үзіп айтады, сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі тұрақсыз, құбылмалы келеді. Сөздік қоры шамадан тыс шектелген бұндай балалар заттардың және әр қимыл іс-әрекеттердің сыртқы түрлеріне немесе олардың шығатын дыбыстарының ұқсастығына қарап, өздерінің былдырлаған тілімен  барлығына бір сөзбен ат қойып алып түсіндіреді .

ЖСТД-ның 2-деңгейінде тіл мүмкіндіктерінің біршама өскені байқалады. Тіл дамуының екінші деңгейі әдебиеттерде «жалпы қолданбалы тілдің басы» деп аталады. Оның айырмашылығы баланың тілінде екі-үш, төрт сөзді фразаның пайда болуы мүмкін. Сөздерде сөз тіркесін және фразаны жасай отырып, бала әртүрлі сөз тәсілдерін қолданады және оңай бұза да алады. Балалардың өзіндік тілінде кейде жай шылаулар мен олардың былдырлаған нұсқалары кездеседі. Екінші деңгейдегі бала шылауды дұрыс қолданбай, сөйлем мүшелерін дұрыс құрастырмайды. Алдыңғы деңгейге қарағанда сөздік қоры тек сандық жағынан ғана емес, сапалық жағынан да жақсарады: зат есім, етістік, сын есімнің саны кеңейіп, үстеу мен сан есімдер пайда болады. Бірақ сөз туындатушы операциялардың жеткіліксіздігі етістік, сын есім, зат есімдер жалғауларын дұрыс қолданбауға әкеледі. Жалпылама ұғымдар, синоним мен антонимдер жүйелерінің қалыптасуы қиынға түседі. Екінші деңгейдегі балалардың сөзі дыбыстарды айтқанда сөздердің буын бұзылуына қарай түсініксіз болып келеді. Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша әңгімелеуі қарапайым, әрі қысқа болғанымен, грамматикалық құрылымы мен сөз тізбегі біршама дұрыс. Буындар мен дыбыстардың орнын ауыстыру, ұқсас буындардың алмастырылуы, қатарласып келген дауыссыз дыбыстардың қысқартылуы салдарынан сөз құрамындағы дыбыстардың орналасу заңдылықтары бұзылады .

ЖСТД-ның 3-деңгейінде кең түрдегі фразалық тілмен, бірақ сонымен қатар кейбір тілдің лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-фонематикалық дамымауымен сипатталады. Бұл деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар кеңейтілген сөз туындаушы модельдер арқылы жаңа сөздер жасап, оны түсіне алады. Дегенмен бала сөздегі туындаушы негізді дұрыс таңдауда қиналады (үйші – үй салушы адам), адекватты емес аффиксальді элементтерді пайдаланады. Сонымен қатар қайталанатын ұғымдарды, абстрактілік және дерексіз сөздерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді нақты түсінбейді және дұрыс қолданбайды. Балалардың сөйлеу әрекетіне даму мүмкіндіктеріне детальды талдау жасауда сөздер мен күрделі буынды құрылымға фразаларды айту кезінде қиындықтардың болатынын дәлелдейді. Дыбысты айту мүмкіндігінің жақсаруында да дыбыстардың дифференциациясын шығарудың жеткіліксіздігі байқалады. Бала өмірден алған тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс заттардың атын, түсін, сапасын және бөлігін айтып беруге бұрынғыдай қиналмайды. Олар өзі, үй-іші, достары және айналасында болып жатқан тіршілік туралы қысқа  түрде әңгімелеп бере алады. Алайда, сөйлеу тілін мұқият жан-жақты тексерген кезде тілге қатысты жүйенің (лексиканың, грамматиканың, фонетиканың) бір бөлігінің толық дамымауын айқындайтын көріністі көруге болады. Бала ауызекі сөйлескенде өзінің тілі келмейтін қиын сөздерді, нақышты сөз тіркесін айтпауға тырысады. Егер сондай балалардың алдарына шарт қойса, онда сөздің және грамматикалық категориялардың қандайын болса да міндетті түрде пайдаланады да, сөйлеу тілінің дамуындағы кемшіліктер айтарлықтай анық көрінеді. Бала сөзді емін-еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамыған құрдастарына қарағанда, өздігінше сөйлем құрау кезінде үлкен қиындық көреді. Әдеттегідей қиыстыру мен меңгеру қателерінен шығатын аграмматизмдерді дұрыс құрастырылған сөйлемнен де кездестіруге болады. Бұл қателер тұрақты сипат бермейді: грамматикалық категориялардың әртүрлі жағдайлары дұрыс та, бұрыс та қолданылуы мүмкін.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған қазақ тілді балалардың дыбыс айтуын тексеру барысында көбінесе ызың, ысқырық, сонор дыбыстарының жиі бұзылатыны байқалады. Қазақ тіліне тән дыбыстардың ішінде ң, қ, ұ, ү фонемаларын алмастыру, шатастыру жиі кездеседі. Сонымен қатар балалардың фонематикалық қабылдау деңгейі өте төмен екені, ал дыбыстық талдау дағдыларының қалыптаспағаны анықталды .

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды тексеру сөйлеу тілін тексерудің жалпы қағидаларын ескере отырып жүргізіледі (кешенді, жан-жақтылық, жүйелілік, динамикалық т.б.)

Сөйлеу тілін тексеру үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – бағдарлау. Логопед бұл кезеңде баланың құжаттарымен танысады, ата-анасымен әңгіме барысында анамнез жинақтайды.

Екінші кезеңде логопед баланың сөйлеу тілінің барлық компоненттерін тексеріп сөйлеу тілінің қорытындысын анықтайды.

Үшінші кезеңде баланы оқу процесінде бақылау арқылы ақаулықтың байқалуын, өзгерістерін анықтайды. Тексерудің мазмұны және оны ұйымдастыру баланың сөйлеу деңгейіне байланысты болады

Жалпы сөйлеу тілі дамымауының І деңгейіндегі балаларды тексеру барысында сөз түсінігі, белсенді сөз қоры, сөйлеуге еліктеуі, екі сөзді біріктіріп айту мүмкіншілігі, артикуляциялық аппараттың қалпы анықталады. Сонымен қатар төмендегідей іс-әрекетін бақылау қажет: ойыншықпен іс-әрекетін; түрі, түсі, көлемі бірдей заттарды көріп сәйкестендіру; бөлшектерден бүтін құрау (кесілген суреттерден). Тексеруге қажетті құралдар: ойыншықтар, заттар, түрі, түсі әр түрлі пішіндер, балаға таныс тақырыптар (ойыншықтар, жануарлар т.б.) бойынша жеке, мазмұнды суреттер. Көрнекі құралдарды іріктеуде баланың жас ерекшеліктерін және нақты мүмкіншіліктерін ескеру қажет.

І деңгейдегі балаларды тексеру барысында баланың затты атауына (дыбыстармен, былдыр сөзбен, еліктеуіш сөзбен аф-аф, му-му, т.б.); олардың тұрақтылығына (затты атағанда тұрақты бір дыбыспен немесе былдыр сөзбен атай ма, әлде әртүрлі ме); санына (белсенді сөз қорында ондай дыбыс жиынтығы, былдыр сөздер қанша); буындарды, сөздерге еліктеу, оларды қайталау мүмкіндігіне, буындық құрамына көңіл бөлу керек.

ІІ деңгейдегі балаларды тексеру барысында сөз түсінігі, сөйлем көлемі және оның грамматикалық құрылымы, сөз өзгерту мүмкіндіктері, сөздің буындық құрамы, дыбыс айтуы, сөз қоры, артикуляциялық аппараттың қалпы анықталады. Қосымша сөзсіз іс-әрекеттері де тексеріледі. Сөз түсінігінің қалыптасу деңгейін анықтау үшін сөзді, сөзбен берілген нұсқауларды, сөйлемді, мәтінді қолданады. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын тексеру барысында сөзжасам, сөзөзгерту, сөйлем құрау дағдылары анықталады. Бұл тапсырмаларды орындаудағы қиыншылықтарды, қателерді сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағының жетілмеуінің белгісі деп қарастыруға болады.

ІІІ деңгейдегі балалардың сөз бөлшектерінің (жалғау, жұрнақ) мағынасын түсінуі; қолданатын сөйлемнің түрлері мен мөлшері; ілеспелі сурет бойынша әңгіме құрау білігі; сөз өзгертуі; мағынасы қарама-қарсы сөздерді табуы; күрделі сөздердің буындық құрамының сақталуы; сөздің дыбыстық құрамын талдауы; дыбыс айтуы, артикуляциялық аппараттың жағдайы және баланың жалпы даму деңгейі (санауы, кеңістікті бағдарлауы, логикалық ойлауы, т.б.) тексеріледі.

 

Айсұлу Кази,

педагог-логопед 

«№14 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ

 

 

 

 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-сі (әрі қарай – Департамент) хабарлайды, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығымен бекітілген, авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарының (әрі қарай – Қағида) 1-бөлімінің 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес,  үздіксіз энергиямен жабдықтау объектілері (бұдан әрі – ҮЭО) – «Оларды ажыратып тастау адамдардың өліміне, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуы мүмкін, технологиялық себептеріне байланысты үздіксіз энергиямен жабдықтауды қажет ететін жеке және заңды жеке тұлғалардың шаруашылық инфрақұрылым объектілері».

Қағиданың 3-тармағына сәйкес, олар үшiн авариялық бронның шамасы белгiленетiн үздiксiз энергиямен жабдықтау объектiлерiнiң тiзбесiне мыналар кiреді: 1) мемлекеттің қауiпсiздігін қамтамасыз ететiн объектiлер; 2) теле-радиокоммуникациялар; 3) сумен жабдықтау, кәрiз және жылумен жабдықтау кәсiпорындары; 4) емдеу мекемелерi; 5) олардың ұсталуы бюджетте көзделген өртке қарсы қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін объектілер;  6) титан және магний электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері; 7) әуе қозғалысына қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн аэронавигациялық ұйым объектiлерi; 8) құс фабрикаларының объектілері.

Қағиданың 4-тармағына сәйкес, YЭО тізбесіне қосу шарты объектінің сыртқы электрмен жабдықтау схемасы сенімділік дәрежесі бойынша электрмен жабдықтауы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілетін Заңның 5 бабы 19) тармақшасына сәйкес, электр қондырғыларын орнату қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі болып табылады.

Қағиданың 6-тармағына сәйкес, YЭО объектiлерiнiң тiзбесiне енгізiлген әрбiр объекті үшiн энергиямен жабдықтаушы және (немесе) энергия беруші ұйымдар YЭО өкiлімен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 75 бұйрығымен белгіленген электрмен жабдықтаудың авариялық және технологиялық броны актісін жасау жөніндегі нұсқаулықтарғы сәйкес авариялық бронның актiсiн жасайды. Авариялық бронның актiсi электр энергетикасы саласында жетекші уәкілетті органға және жергiлiктi атқарушы органға жiберiледi. Авариялық бронның актісi энергиямен жабдықтау шартына және электр энергиясын беру шартына мiндетті қосымша болып табылады.

Жоғарыда атап кеткенге байланысты, авариялық және технологиялық броньді толық көлемде қамтамасыз етпеген жағдайда, тиісті объектіге электр энергиясын шектеу өңірлерде адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруге, тіршілікті қамтамасыз ету объектілері жұмысының бұзылуына, апаттық экологиялық, әлеуметтік немесе экономикалық зардаптарға апарып соғуына мүмкіндік бермеу мақсатында, сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңде авариялық бронның актiсi тұсынан энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен бірге YЭО өкілдерімен Қағида талаптарын орындау қажеттілігі туралы назарға алу үшін Департамент жеткізеді.

 

 Е.Ә. Нармұратов, 

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің

Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ басшысы

 

 

Айлардың сұлтаны – Рамазан ағымдағы жылы 2 сәуірде басталады. ҚМДБ мен Өзбекстан, Қырғыстан мұсылмандары діни басқармасымен кеңесіп, Рамазан айы 2 сәуірден басталады деген ортақ шешімге келген. Бұл туралы «Jetisy Media» алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Данағұлов мәлімдеді.
Биылғы рамазан 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Сондықтан «хақтан хабар түскен айда» ораза ұстау уақыты тура 30 күнді құрамақ. Сонымен қатар, ең қасиетті түн-Қадір түні 27 сәуірден 28 сәуірге қараған күнге сәйкес келуде.
Айта кетеу керек, пітір садақаның мөлшері Қазақстан бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды.
Сондай-ақ, спикер еліміздегі әрбір алла үйінде тарауық намазы оқылатын болады деп айтып өтті. Естеріңізде болса, карантин шараларына байланысты мешіттерде жамағат болып жиналуға рұқсат етілмеген болатын. Алғашқы тарауық намазы барлық өңірдегі мешіттерде 1 сәуір күні кешке оқылады.
«Бұл айда «Рамазан қоржыны», «Шарапатты Рамазан», «Рамазан тәттісі» сынды көптеген қайырымдылық шаралары ұйымдастырылады. Шара аясында көпбалалы отбасыларға азық-түлік себеттері мен бүлдіршіндергі түрлі тәтті таратылады деп жоспарланған»,-деп қорытынтылады Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша бас имамы Алмас Данағұлов.

 

JETISÝ MEDIA

 2022 жылды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Балалар жылы деп жариялады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры«Сүйікті бала» арнайы жобасының аясында балаларға медициналық көмекті қаржыландыру туралы ақпарат беруді жалғастыруда.

 

Аурулардың алдын алу үшін

Қазіргі медицинада аурудың алдын-алу маңызды болып табылады. Біздің елімізде балалардың денсаулығына ерекше назар бөлінеді және дені сау ұлт қалыптастыруға қажетті іс-шаралар жүзеге асырылады. Соның ішінде, біріншіден, отбасын жоспарлау бойынша кешенді шаралар қарастырылған. Екіншіден, жүкті әйелдердің пренатальды скринингі 3 рет жүргізіледі, бұл ұрықтың патологиясы мен кемшіліктерді уақтылы анықтауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, перзентханада жаңа туған нәрестеге неонаталдық скрининг жүргізіледі. Бұдан басқа, педиатриялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес балалардың аурушаңдығының, мүгедектігінің және өлім-жітімінің алдын алу, төмендету бойынша шаралар көзделген.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры хабарлағандай, ағымдағы жылы МӘМС жүйесінде скринингтер мен профилактикалық тексерулерді жүргізуге 39,7 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде аудиологиялық скринингке – 5,1 млрд теңге, 5 жасқа дейінгі балаларды профилактикалық тексеруге – шамамен 11,7 млрд теңге, мектеп медицинасы шеңберінде профилактикалық тексеруге – 22,9 млрд-тан астам теңге.

Балалар жеңілдікті санаттардың біріне кіретінін, сондықтан олар үшін 18 жасқа дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын мемлекет төлейтінін еске салды. Осылайша, барлық балалар автоматты түрде сақтандырылған және МӘМС жүйесінде қажетті медициналық көмекке құқылы» - деп атап кетті Алматы облысы филиалының директоры Н. Отарғалиев.

Балаларға қандай тексерулер жүргізіледі?

Жаңа туған нәрестелерге, ерте жастағы және 6 жасқа дейінгі балаларға аудиологиялық скрининг жүргізіледі. Бұл баланың есту қабілетінің бұзылуын анықтауға мүмкіндік беретін жаппай стандартталған тексеру. Ол екі кезеңде жүзеге асырылады. Біріншісі – бала өмірінің алғашқы үш күнінде тікелей перзентханада. Екіншісі – өз емханасындағы баланы дамыту кабинеттеріндегі белгілі бір жастағы балаларға жүргізіледі. Бұл жағдайда учаскелік медбике ата-аналармен байланысып, белгіленген мерзімде скринингтен өтуге шақырады.

Балалардың есту қабілетінің бұзылуы анықталған жағдайда мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу бойынша шаралар қабылданады. Егер құлақ мүкістігі немесе кереңдік қаупі туындаса, онда баланы одан әрі тереңдетіп тексеру үшін сурдологиялық кабинеттерге, сондай-ақ тексеру және түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жібереді.

Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының он сегіз жасқа толмаған оқушылары профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтеді. Оны білім беру ұйымына бару арқылы емхана мамандары жүргізеді. Егер мектепке дейінгі жастағы бала балабақшаға бармаса, онда ол бекітілген емханасында алдын ала тексеруден өтеді.

Профилактикалық қарап-тексеру дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды.

Дәрігерге дейінгі кезеңде дененің өсуі мен салмағын анықтау, бас пен кеуде қуысының көлемін өлшеу (3 жасқа дейін), физикалық және психоәлеуметтік дамуды бағалау, қан қысымын өлшеу (7 жастан бастап), көру және есту өткірлігін анықтау, ЭКГ өткізу және т. б.

Екінші кезеңде теріні және бас терісін, шырышты қабықтарды тексеру, қалқанша без аймағын тексеру және пальпациялау, кеуде, омыртқа, аяқ-қолдарды тексеру, тыныс алу, ас қорыту және т. б. тексеру жүргізіледі.Патологиялық өзгерістер анықталған кезде баланы бейінді маманға қосымша тексеруге жібереді.

Мамандандырылған кезеңді бейінді мамандықтардың дәрігерлері жүргізеді.

 

Егер сізде медициналық көмектің сапасы мен уақтылы көрсетілуі бойынша сұрақтар туындаса, сіз емхананың Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне немесе өзіңізге ыңғайлы келесі байланыс арналары бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіне аласыз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Goldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет