Дүйсенбі, 24 Қаңтар 2022 11:09

Татулық тұғыры теңселмесін!

 

Тәуелсіздік – ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтқандай, тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттік іргетасын қалаумен шектелмейді. Сондықтан Тәуелсіздіктің арқасында жеткен әрбір құндылықтың қадірін жете түсінуіміз керек.

«Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет. Өкінішке қарай, бүгінде халық арасында осы оқиғаға байланысты түрлі қарама-қайшы, шындыққа жанаспайтын жалған ақпараттар тарап кеткенін көріп отырмыз. Мұның, әрине, бірнеше себептері бар: кейбір азаматтарымыз ахуалды егжей-тегжей білмей тұрып, қате пікірде болса, кейбірі әдейі ақпаратты бұрмалап, жағдайды одан бетер ушықтырады. Бірақ, бізге керегі – тек ақиқат қана. Сол себепті, оқиғаларды мұқият зерттей отырып, айтарым: жыл басынан бері орын алған бар-лық жағдайлар – бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені – өздерінің қатігез пиғылдарын іске асыру болғаны айдан анық» – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Қаралы қаңтарда бүлікшілердің азық-түлік пен жанармайдың бағасының түсуі немесе қарапайым қазақстандықтардың әл-ауқаты емес, мемлекеттік бүтіндікті бүлдіруге деген қадам екендігін анық ұқтық.

Қаншама құқық қорғау қызметкерлері мен бейбіт тұрғындардың өмірін қиған, мемлекеттік мүліктерді бүлдіріп, кәсіпкерлерге үлкен шығын әкелген қиын-қыстау күндер – бұл бүгінгі сәт, ертеңгі тарих болмақ.

Бейбіт замансыз күніміздің қараң, бар байлығымыз – егемендігіміз екендігін тағы бір нақтылап бергендей.

Президент Қ.Тоқаев мәжіліс отырысында жасаған баяндамасында біраз өзгерістер енгізілетіндігін баяндады. Мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту мақсатында бірқатар тапсырмалар берді.

«...Еліміздің қауіпсіздігін нығайту және қауіп-қатердің алдын алу үшін шұғыл шараларды жүзеге асыру қажет. Біз сарбаздарды, әскери техника мен қару-жарақты қажетті жерге жедел жеткізу үшін әскерикөлік авиациясы паркін толықтыру ісін қолға аламыз. Мемлекеттік шекараны нығайтуымыз керек. Көші-қон, соның ішінде ішкі көші-қон саласын тәртіпке келтіретін кез келді. Қару-жарақ айналымын мұқият тексеріп, оны заң тұрғысынан реттеу қажет. Шұғыл түрде қираған ғимараттар мен арнаулы техниканы жөндеп, бейнебақылау жүйесін іске қосып, құқық қорғау органдарының қызметін қалпына келтіру керек» – деді Мемлекет басшысы.

Елдегі дүрбелеңнен соң Мемлекет басшысы халықтың тілегін ескере отырып, мәжіліс отырысында тың жоспарларымен бөлісіп, жаңа үкіметке нақты тапсырмалар берді. Президенттің қаралы күндердегі үндеуі елімізде үлкен өзгерістер болатындығын аңғартты. Бұл маңызды өзгерістер еліміздің дамуы мен өркендеуі жолындағы серпіліс. Мемлекет басшысы айтқандай «Бұл Қазақстанның жаңа даму кезеңі». Шын мәнісінде патриоттық сезім деген бос сөздер мен ұран емес. Осы сын сағатта біз, жастар, ел Президентінің айналасына топтасып, біртұтас болуға тиіспіз.

Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,

Бірлікті ойлау үшін тірлік керек – деп, қара қылды қақ жарған Төле би бабамыз бекер айтпаса керек. Арандатушылыққа ермей, татулық тұғырын теңселтпей, береке-бірлікте ғұмыр кешейік!

 

Айжан ӘБІТ,

Еңбекшіқазақ ауданының жастар ресурстық орталығының маманы, аудандық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» бағыты бойынша қоғамдық кеңестің төрайымы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде елімізде қалыптасқан ахуалды талқылап, халық игілігі үшін билік пен бизнестің өзара ықпалдастығына қатысты жолдарды айқындау қажет екенін айтты. Президенттің пайымдауынша, бүгінде біздің алдымызда бүкіл қоғамдық тыныс-тіршілікті түбегейлі трансформациялау міндеті тұр. Мұның стратегиялық мәні бар.

– Қағаз жүзіндегі әлеуметтік-экономикалық мәселе мен оның қазіргі шынайы жағдайының арасындағы алшақтық сын көтермейді. Сондықтан шұғыл түрде экономикалық саясатты қайта қарау жұмысына бірлесе кірісу керек. Таза, ашық және әділ іс-әрекеттердің жаңа тәртібін анықтаған жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, аз ғана элиталық топтар ықпалының артуы және халықтың басым бөлігінің табысының азаюы қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндірді. Бұл қоғамның экономикалық, әлеуметтік, содан кейін саяси бөлінуіне әкеп соқтыруы мүмкін.

– Ұлттық табыстың әділ бөлінуі бойынша  теңгерімсіздік пен проблеманың бар екені айдан анық. Халықаралық сарапшылар (KPMG, 2019 жыл) Қазақстан байлығының жартысы 162 адамның ғана қолында екенін растап отыр. Осы ретте халықтың жартысының айлық табысы 50 мың теңгеден аспайды. Бұл – жылына 1300 доллардан сәл ғана асады деген сөз. Мұндай ақшамен өмір сүру мүмкін емес. Бұлай жіктелу мен теңсіздіктің қауіпті екенін айтқан болатынмын. Жағдайды дереу өзгерту керек, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес-қауымдастықты осыдан сабақ алып, Жаңа Қазақстанның негізі болуға тиісті жаңа экономикалық  саясатты қалыптастыру үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Президенттің сөйлеген сөзінде мынадай маңызды қағидаттар айтылды:

–  әділ бәсекелестік;

–  қабылданатын шешімдердің ашықтығы;

–  мемлекеттік саясаттың болжамдылығы;

–  бизнестің салықтық тазалығы;

–  кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігі.

Мемлекет басшысы кәсіпкерлерді патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге, капитал, тәжірибе, басқарушылар тобы мен нарықты дәл пайымдау сияқты ресурстарды экономиканы қайта құруға жұмсауға шақырды.

–Бүгінгі сөз болып отырған реформа «тартып алуды және қайта бөлуді» көздемейтінін тағы да қайталап айтамын. Бұл ақымақтық және жауапсыздық болар еді. Міндет – сіздерді, ұлттық буржуазияны еліміздің әлеуметтік-экономикалық моделін трансформациялау үдерісіне белсене атсалысуға тарту. Өндіріске инвестиция салу, сапалы жұмыс орындарын ашу және экспорттық әлеуетті арттыру бағытындағы игі істерге жауап ретінде мемлекет жеке меншікті қорғау бойынша кепілдікті арттыруға, тұрақтылық пен мемлекеттік реттеудің болжамдылығын қамтамасыз етуге, бәсекелестікті әкімшілік ресурстардың араласуынан, жемқорлық пен фаворитизмнен қорғауға дайын, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Жаңа экономикалық бағытының негізін қалайтын басты қағидаттарға жан-жақты тоқталды.

Оның пікірінше, бірінші – жеке меншікке қол сұқпау. Бұл мәселеде ашық әрі әділ сот кепіл болуы тиіс.

– Сот жүйесін жаңғырту – маңызды мәселе. Біз тиісті шараларды, соның ішінде заңнамалық тұрғыдағы шараларды қабылдадық. Соттарға құқықтың әртүрлі салаларынан, оның ішінде корпоративтік сектордан жаңа мамандар тартылуда. Осының негізінде Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі жаңа сот алқасы құрылды. Сот ісіне мықты корпоративтік заңгерлер мен адвокаттардың тартылуы, әсіресе, өңірлерде инвесторлар мен бизнесмендердің мүдделерін сапалы қорғауын мейлінше қамтамасыз етеді. Жоғарғы Сот кеңесін және Жоғарғы Соттан судьялар корпусын жаңарту жұмысын белсенді жүргізуді сұраймын, – деді Мемлекет басшысы.

 

Жаңа экономикалық бағыттың екінші бөлігі – инвестициялық климат. Президент мемлекеттің барлық инвестициялық міндеттемелерді мінсіз орындайтынын тағы да мәлімдеді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы бизнесмендерді қаржысын өз елімізге салуға шақырды.

– Егер, Сіздер, болашақтарыңызды Қазақстанмен байланыстыратын болсаңыздар, онда қаражаттарыңызды өз елімізге салыңыздар. Бұл – Сіздердің Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершіліктеріңіз. «Мұнда табыс табамыз, ал басқа жерде жұмсаймыз» деген қағидатқа жол берілмейді. Сондықтан жұмыс екі бағытта жүргізіледі: капиталды елге қайтарғаны үшін ынталандыру және қаражаттың офшорларға кетуіне жол бермейтін тосқауылдар қою, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент атаған үшінші қағидат – шынайы бәсеке.

– Мұнда, ең алдымен, қолдан жасалған монополияларға талдау жасау қажет. Операторлардың, әсіресе, жеке операторлардың қызметі мүлдем тоқтатылады. Естеріңізде болса, бұрын «өтеп алушы» деген термин болатын. Жеке компаниялар тиісті төлем арқылы мемлекеттің бірқатар экономикалық функцияларын орындауды сатып алатын. Бұл жақсылыққа апармады. Үкіметке мұндай қызметке заңды түрде тыйым салуды тапсырамын. Барлық орындар бәсекеге ашық болуы тиіс. Нарықтарда қолдан жасалған көптеген делдалдық тізбектерді жою қажет. Бұл қордаланып қалған мәселені ешкімнің шешуге құлқы жоқ. Экономиканы деолигополизация бойынша қатаң саясат қажет, – деді Мемлекет басшысы.

Одан бөлек ірі кәсіпорындардың салық төлеу және есеп беру мәселелерін ретке келтіру қажеттігі туралы айтылды.

- Ірі компаниялардың салық төлеуі – күрделі мәселе. Қолымызда түрлі себептерді сылтауратып, салықты толық төлеуден жалтарып отырған алпауыттар жөнінде арнаулы органдар ұсынған мәліметтер бар. Премьер-Министрге осы мәселені түбегейлі шешуді және қазынаны тиесілі қаражатпен қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Президент.  

Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді салық саясаты туралы айта келіп, 2020 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірісі 34,6 млрд доллар (14,6 трлн теңге) болғанын және бұл ІЖӨ-нің 20 пайызы екенін атап өтті.

— Аса маңызды мемлекеттік міндеттерді шешу үшін бұл жеткіліксіз. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше елдерде мемлекеттік бюджеттің кірісі 40-50 пайызға дейін жетеді. Тіпті, біздің жақын көршілеріміздің өзінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Мәселен, Украинада — 31%,  Ресейде — 35,4%,  Қырғызстанда — 31%. Соңғы 10 жылда елдің ІЖӨ-дегі салықтың үлесі 9,9 пайыздан, 7,3 пайызға дейін төмендеп кеткен. Міне, сол себепті Ұлттық қордан бөлінетін трансфер де тым көбейіп кеткен. 2019 жылдан 2021 жылға дейін 12 трлн теңге,  яғни 30 млрд долларға жуық қаржы жұмсалған, — деді Мемлекет басшысы. 

Осы жағдай аса маңызды шешімдер қабылдауды талап етіп отыр.

– Бізге жаңа салық саясаты қажет. Ол астыртын қитұрқы әрекеттерге жол бермейтін, бизнеске де, Үкіметке де ашық, түсінікті саясат болуы керек, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев атаған тағы бір маңызды мәселе – сатып алуларды реформалау.

– Мемлекеттік сатып алулар – өте үлкен экономикалық ресурс. Оны дұрыс пайдалану керек. Бізде бұл үлкен проблема. Сатып алуларды бәсекесіз жолмен алып жүргендердің үлесі әлі де басым. «Самұрық-Қазына» қорының компанияларындағы сатып алуларды ерекше назарға алу керек. Сатып алулар саласындағы сыбайластық, жасырын өткізу және бағаны жоғары қою мәселелерімен шұғыл түрде айналысу керек. Бір ай уақыт беремін. Егер шешімі табылмаса, өте қатаң шаралар қолданылады. Менің «Платон менің досым, бірақ, ақиқат қымбат» деген қағиданы берік ұстанатыныма көздеріңіз жеткен болар, – деді Президент.

Мемлекет басшысы жүктеген алтыншы міндет – мемлекеттің экономикаға араласуын төмендету.

– Квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша түбегейлі шаралар қабылдау керек. Бүгінгі таңда бұл 6,5 мың ұйым деген сөз. Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласуына негіз болатын жағдайларды азайту мәселесін қайта қарау керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент «Самұрық-Қазына» қорын реформалаудың перспективасына баса мән берді.

– Қазір Қор – өте үлкен құрылым. Жабықтық, «саяси маңызы бар адамдарды» тағайындау, сатып алулардың тиімсіздігі, еңбек қатынастарындағы дау-дамай, ауқымды жобалардың аяқсыз қалуы және тиімсіздігі, компанияны ұстап тұру шығындары  – бұлардың бәрі қоғамның наразылығын тудырып отырған мәселелер. Күні бүгінге дейін мұнайхимия саласын қалыптастыра алмадық. Кеңес дәуірінде салынған зауыттарды қайта жөндеумен келеміз. Директорлар Кеңесі рөлі мен тәуелсіз директорлардың қатысуы көп жағдайда ештеңе шешпейді. Қорды түбегейлі реформалау міндетін жүктеймін. Бұл мәселе бойынша Алмасадам Сәтқалиевпен сөйлестім. Егер ол жүктелген міндетті атқара алмаса, өзі де, Қор да бірге кетеді, – деді Мемлекет басшысы.

Жаңа экономикалық саясаттың жетінші элементі – әкімшілік кедергілерді азайту.

– Былтыр прокуратура органдары кәсіпкерлердің 2,5 мыңнан астам шағымын қарады. Бәрі де қылмыстық қудалау органдарындағы лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттерімен және шешімдерімен келіспеу туралы шағымдар. Оның 1 мыңнан астамы қанағаттандырылды. Кәсіпкерлер (негізінен) полиция қызметкерлеріне, Экономикалық тергеу қызметіне, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, Ұлттық қауіпсіздік қызметкерлеріне шағымданған, – деді Мемлекет басшысы.

Бас прокуратураға осындай заң бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтап, кінәлі адамдардың іс-әрекеттеріне принципті түрде баға беру тапсырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, мемлекеттік органдар мен бизнес арасындағы диалог билік пен бизнес арасындағы консенсусты қамтамасыз етуге тиіс екеніне тоқталды.

– Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құрып жатырмыз. Біздің кездесуіміз бизнестің үнін билік естиді, салалық және құрылымдық саясатта барлық конструктивті ұсыныстар ескеріледі дегенді білдіреді, – деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкімет жанынан Отандық кәсіпкерлер кеңесін құруды тапсырды. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық реформалардың әрбір бағыты бойынша бизнес өкілдерінің қатысуымен жобалық топтар құру қажеттігін айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорын құру туралы бастамасын қолдап, қаржы аударған бизнес өкілдеріне алғыс айтты.

– Мұның бюджет қоры емес, Қазақстан халқының қоры екенін тағы да қайталап айтамын. Сондықтан оның жұмысы ұзақ бюрократиялық рәсімдерсіз атқарылуы тиіс және батыл шешімдер қабылдануы керек. Көмек нақты, шұғыл және атаулы болуға тиіс. Ірі компаниялардың бәрі жыл сайын табыс салығының Үкімет белгілеген бөлігін пайдалы әрі қайырымдылық істермен айналысатын Қорға аударып тұрады. Бизнес-қоғамдастық бұл бастаманы шынайы түрде қолдайды және жобаларды жүзеге асыруда Қорға көмектеседі деп үміттенемін, – деді Президент. 

Кездесу барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев, Eurasian Resources Group компаниясы иелерінің бірі Александр Машкевич, «Фридом Финанс» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Турлов, «Алтын Қыран» компаниялар тобының құрылтайшысы Исламбек Салжанов және басқалар сөз сөйледі.

 

akorda.kz

Жұма, 21 Қаңтар 2022 14:31

Сырқат саны артты

Елде эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлап, КВИ жұқтырғандар саны артты. Алматы облысы «қызыл» аймақта тұр. Осыған байланысты аудандағы ахуалды Еңбекшіқазақ аудандық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Миржан Азербаевтан сұрап білдік.

 

– Еңбекшіқазақ ауданындағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталсаңыз, КВИ жұқтырғандар саны өсіп жатыр ма? Емделгендер мен ем алып жатқандар қанша?

– Коронавирустық инфекция пандемиясы басталғалы ауданда инфекцияны жұқтырған 5548 адам тіркелген, оның жазылып шыққандары – 5482, ем алып жатқандары – 41 адам. КВИ жұқтырған 1367 науқаста жұқпаның симптомсыз түрі болса, 4181 науқаста симптомды түрі тіркелді. Науқастардың жас ерекшелігіне тоқталсақ, 14 жасқа дейінгі балалар саны – 542, 15-17 жастағылары – 347, 18-29 жастағылары – 843, 30-39 жас аралығындағылар – 972, 40-49 жас аралығындағылар – 856, 50-59 жас  – 871 және 1117 жағдайда 60 жастан асқан тұрғындар ауруға шалдыққан. Науқастанғандардың 2808-і – әйелдер, 2740-ы – ерлер. Сырқаттанғандар көптеп тіркелген елді мекендер: Есік қаласы (1002 жағдай) мен Шелек ауылы  (747 жағдай) болды. Бұл екі өңірде де халық саны көп.

Өткен 2021 жылдың 13 қаңтарына дейін КВИ жұқтырған 737 адам тіркелсе, 2022 жылдың осы күніне дейін науқастар саны 5548-ге жетіп, жұқтырушылар 7,5 есеге өскені байқалып отыр. Сол сияқты 2021 жылғы қаңтардың 1-і мен 13-і аралығында ауданда 28 жағдай КВИ тіркелсе, 2022 жылдың 1-13 қаңтар аралығында 41 жағдай тіркелген. Осы келтірілген сандарға сүйенсек, бүгінгі күнге сырқаттанушы санының артқанын көруге болады.

Жұқпаның берілу көзін анықтау барысында жүргізілген эпидемиологиялық тексерулер кезінде (науқастарды сұрастыру) науқастардың адамдар көп шоғырланған орындарға: сауда үйлері, базар т.б., отбасылық шараларға: той, ас, туған күн т.б. барғандығы анықталады. Сондықтан қазіргі уақытта той-томалаққа баруды қоя тұрған дұрыс болар еді.

– Жаңа оқу жылы басталғалы ауданда неше оқушы, неше мұғалімнен КВИ анық-талды?

– 2021-2022 жаңа оқу жылы оффлайн жағдайда басталғалы 319 оқушы КВИ жұқтырғандығы анықталды. Бұл сан барлық сырқаттанғандардың 5,7 пайызын құрайды. Ауырған мұғалімдер саны – 30. Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес КВИ анықталған оқушының тек сыныбы бойынша қарым-қатынаста болғандар үй карантиніне оқшаулануда. Коронавирустық инфекция сырқаттанушылығы тіркелуі бойынша онлайн оқуға көшкен сынып-мектептер жоқ. 

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 14 қаңтар күнгі «Алматы облысының аумағында карантиндік шараларды күшейту туралы» №1 қаулысына сәйкес, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру объектілерінде оқытуды ұйымдастыруда қамтамасыз етілуі қажет бірқатар талаптар айтылды. Олар:

– 600 ден астам оқушылар оқитын мектептер – қашықтықтан оқыту форматы;

– ЖОО-ы, арнайы орта білім беру объектілері – аралас оқыту форматы: барлық дәрістер онлайн, практикалық, зертханалық сабақтар ыңғайластырылған кесте бойынша, семинарлық сабақтар – штаттық режимде;

– мектепке дейінгі білім беру ата аналардың (заңды өкілдердің) жазбаша келісімімен оқытудың – штаттық форматы;

– қосымша білім беру ұйымдарында жеке сабақтар – штаттық режимде, топтық 10 адамға дейін, балалар/ересектерге арналған түзету (коррекциялық) орталықтарында – жеке және топтық сабақтар 10 адамға дейін – штаттық режимде. Қазір білім беру объектілерінде осы талаптар сақталуы тиіс.

– Бүгінде ауданда қанша тұрғын вакцина алды, ревакцина жасатқандар қанша? Оның ішінде балалар, жүкті әйелдер, бала емізетіндер мен қарттардың үлесі қандай?

– Коронавирустық инфекцияға қарсы егу науқаны басталғалы ауданның 127  мың 857 тұрғыны вакцинаның 1-компонентін қабылдаса, 120 мың 087 адам 2 компонентті қабылдаған. Ревакцинацияны 5266 адам жасатты.

Еліміздің аумағында 2021 жылдың қараша айынан 12-18 жас аралығындағы балалар, жүктіліктің 16-37 апта мерзіміндегі әйелдер мен босанғаннан кейін 42 күн өткен әйелдерді «Пфайзер» компаниясының Комирнати вакцинасымен егу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге 12-18 жас аралығындағы 3468 балаға вакцинаның 1-компоненті жасалса, 2-компонентін 1033 бала салдырды. Жүкті әйелдердің 526-сы  1-компонентін қабылдаса, 2-компонентті 144 әйел алған. Босанғаннан кейін 42 күн өткен, бала емізетін 1211 әйел вакцинаның 1-компонентін, 222 әйел  2  компонентті толық алды.

– Қазіргі уақытта «Омикронның» жылдам таралып жатқаны белгілі. Коронавирустың бұл түрі туралы жан-жақты айтып өтсеңіз, халық нені білуі керек?

– «Омикрон» – коронавирус ауруын тудыратын SARS-COV-2 вирусының жаңа штаммы. Штамм басқалардан көптеген мутациялармен ерекшеленеді. Ол алғаш рет 2021 жылдың бірінші жартысында Оңтүстік Африкада анықталды. Гонконг университетінің медицина факультетінің ғалымдары зерттеу жүргізіп, жаңа «омикрон» штаммы бастапқы және алдыңғы штамдарға қарағанда 70 есе тез өсетінін анықтады. Демек, ол жылдам жұғады. «Омикрон» белгілері: жоғары температура, әлсіздік, жөтел, гиперамнезия, яғни есте сақтау қабілетінің бұзылуы, субфебрильді қызба, миалгия, яғни бұлшық еттің ауруы, интоксикацияның жалпы белгілері.

Вирустан қорғанудың бірден-бір жолы – вакцинация және коронавирустық инфекцияның алдын алудың барлық сақтық шараларын қатаң ұстану. Атап айтсақ: адамдар көп жиналатын орындарға бармау, ұжымдық және отбасылық шараларды өткізбеу және бармау, қоғамдық орындарда бетперде кию, қолды анитсептиктермен тазалау, жылы киініп, ағзаны мұздатып алмау. Тұрғындар осы айтылғандарды қатаң сақтаса екен.

– Аудандағы дәріханаларда қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?

– Бүгінгі күнге ауданның медициналық ұйымдарында қажетті дәрі-дәрмектердің кемінде екі айлық қоры жасалған. Дәріханаларда дәрілік заттардың жетіспеушілігі байқалмайды.

– Аудан тұрғындарына айтарыңыз...

– Құрметті аудан тұрғындары, бүгінде елімізде коронавирустық инфекция салдарынан эпидемиологиялық жағдай орнықсыз болып отырғаны өздеріңізге мәлім. Оның ішінде «омикрон» штаммының пайда болуы мен таралуы жағдайды одан әрі қиындатары анық. Сондықтан сіздерден сұрайтынымыз – жоғарыда айтылған сақтық шараларын қатаң сақтап, коронавирустық инфекцияға қарсы вацинаны қабылдап, туыстарыңыз бен жеке бастарыңыздың амандығына көңіл бөлу.

 

Сұхбаттасқан

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ.  

 

В сложный для страны период Президент РК Касым-Жомарт Токаев на заседании Парламента РК заострил вопрос обеспечения благополучия и качества жизни казахстанских граждан. В основе данного тезиса лежат проблемы снижения материального неравенства, соответствия роста доходов всех групп населения росту экономики страны. Президент особо подчеркнул положение работников бюджетной сферы, в том числе учителей, которые менее всего защищены от инфляции.

Падает престиж профессии учителя, из-за дефицита кадров снижаются требования к их квалификации, что негативно отражается на качестве обучения, соответствия знаний выпускников школ требованиям образовательных программ колледжей и вузов.    

Мне, как руководителю профсоюзной организации учителей, важен вывод Президента о создании дополнительных источников увеличения бюджета, следовательно  повышения жизненного уровня работников системы образования. Увеличение заработной платы по мере роста возможностей бюджета – важнейшая мера социальной защиты учителей, которая позволит им спокойно и плодотворно трудиться, воспитывая и обучая будущие поколения для успешной адаптации в современном обществе.

Серик НАДЫРБАЕВ,

председатель районного филиала ОО «Локальный профессиональный союз работников образовательных организаций Алматинской области».

 

Бүгінгі күні Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойылған міндет көп. Соның бірі – ауыл шаруашылық өндірісін тұрақты дамыту, әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған өнімдер өндірісін ұлғайту, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 2022 жылы осы саладағы еңбек өнімділігін 2,5 есе арттыру. Агроөнеркәсіп аудан эконмикасының да қозғаушы күші саналады. Күні кеше ғана  ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын ел экономикасының тірегіне айналуы керек екендігін айтты. Мемлекет басшысының бұл бастамасы аталған саланың  дамуына тыңнан серпін беретіні анық.
Мен Дастан Баулықов, Ақши ауылдық округінде 2016 жылдан бері мал өсірумен айналысып келемін.Алты  жылғы  берекелі еңбектің арқасында бүгінде шаруа қожалығындағы қой санын 900 тұяққа, ірі қараны 300 басқа жеткіздім. Әрине, өз ісімді  өркендетуге мемлекеттік қолдау мол мүмкіндік берді. Ал ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығын жаңаша бағытта өркендету бастамасын барынша қолдаймын. Елімізде ауыл шаруашылығы дамып келе жатыр, болашақта көп реформалар бізді күтүде, оның ішінде аталған салаға қатысты мемлекеттен берілетін түрлі субсидияларға өзгерістер енгізіліп, зор  қолдаулар жасалады деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығына қатысты бұрыннан келе жатқан өзекті проблемалар бар. Соның бірі – ірі қара және ұсақ малды асылдандыру, ұрықтандыру мәселесі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл түйінге арнайы тоқталып өтті. Яғни мал тұқымын асылдандыруға берілетін субсидия ашық әрі әділ түрде берілуі керектігін жіті айтты. Біз ашықтықты қамтамасыз етуіміз керек. Әрине үкіметтің қолдауынсыз ауыл шаруашылығының өркендеу мүмкін емес. Сондықтан осы өзгерістер жаңа дем береді.

Елімізде өсімдік және мал шаруашылығын дамыту, ауыл шаруашылығында кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу бойынша несиелеу бағдарламары мен аталған саланың тамырына қан жүгірту үшін субсидияландыру түрлері қабылданған болатын. Енді осы бағдарламаларды жетілдіріп, түрлі өзгерістер енгізу қажет. Қазіргі кезде ірі және орта шаруашылықтарға мемлекеттің көмегі қол жетімді ал одан кіші шаруашылықтарға және үй шаруашылығына да көңіл бөлу қажет. Өйткені ауылда өз үйінде малын бағып отырған жандар көп, оларға субсидиялар қолжетімді болса, бір жағынан ауыл тұрғындарының тұрмыстық деңгейіне ықпал етсе, енді  бір жағынан ауыл шаруашылығына да оң әсерін тигізбек. Мысалы, былтыр  ауыл шаруашылығын субсидиялауға 72 млрд теңге қаражат бөлінген, бірақ оны көбінесе ірі шаруашылық қожалық иелеріне берілген. Әрине, осы орайда ұсақ шаруашылықтар да назардан тыс қалмауы керек.

«Мемлекет басшысы үндеуінде «соңғы жылдары елімізде қуаңшылық болды, болжам бойынша биыл да ахуал күрделене түсуі мүмкін», деді. Сала мамандары да елдегі жауын-шашын мен қардың түсу мөлшерін қадағалап, осы ойға келіп отыр. Суармалы су аздығы, жайылымның тозуы сынды табиғи факторлар  ауыл шаруашылығының дамуына тұсау салып отыр. Алда бұл мәселелер зерттеліп, оң шешімін табады деген ойдамын. Меніңше Мемлекет басшысы берген  тапсырмалар жүйелі атқарылса, еліміздің ауыл шаруашылық саласы бәсекеге қабілетті бола түсетіндігіне сенімдімін.

 

Дастан БАУЛЫҚОВ,

«Агро Дос» шаруақожалығының иесі.

На утро 21 января зарегистрировано 467 случаев заражения коронавирусной инфекцией, из них 67 детей до 14 лет, 39 школьников и 7 учителей.

Заболеваемость КВИ в разрезе регионов области: Алакольский-8, Балхашский-18, Енбекшиказахский-26, Ескельдинский-13, Жамбылский-24, Илийский-11, Карасайский-69, Каратальский-14, Кегенский-4, Кербулакский-18, Коксуский-10, Панфиловский -14, Райымекский-3, Талгарский-69, Уйгурский-32, г.Талдыкорган-104, г.Текели-16, г.Капшагай-14.

С начала пандемии в области зарегистрировано 61 220 лабораторно подтвержденных случаев КВИ, из них с симптомами 46 175. Темп прироста КВИ при сравнении последних двух недель увеличился с 0,1% до 0,6%.

 

JETISÝ MEDIA

Бейсенбі, 20 Қаңтар 2022 15:16

Жауынгерлерді жігерлендіріп

Қаңтар қақтығысында елдің тыныштығы мен қауіпсіздігін күзетуде Қаракемер ауылында орналасқан Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімі де сырт қалған жоқ.

Антына адал ұландықтар: әскери қызметшілер мен сарбаздар түгелдей дерлік Алматы қаласындағы қанды қақтығысты тоқтатуға барын салды. Өкінішке қарай, олардың арасында жаппай тәртіпсіздік кезінде шерушілер мен лаңкестердің қолынан жарақаттанғандары да бар. Бүгінде жарақаты жеңіл жауынгерлер 6654 әскери бөлімінің ауруханасында – лазаретте жатыр.

Кеше ол сарбаздардың хал-жағдайын білу үшін әскери бөлімге Қаракемер ауылдық округінің әкімі Д.Ахметов пен ауыл ақсақалдары арнайы барды. Елі мен жерінің тыныштығы, тұрақтылығы үшін аянбайтын ұландық жас сарбаздарға халық атынан алғысын айтып, ауылдың үлкендері ақ баталарын берді. Сондай-ақ шағын сый-сияпатын жасап, жауынгерлерді жігерлендіріп қоюды да ұмытпады.

 

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

Алматы облысында коронавирустық инфекцияның өсу қарғыны 0,6%-ға жетіп отыр. Ауру ең көп тіркелген аймақ - Алакөл, Жамбыл, Қарасай, Кербұлақ, Райымбек, Сарқан, Талғар және Кеген аудандары.
Соңғы тәулікте өңірде 432 адамның індетке шалдыққаны тіркелді. Өкініштісі, соның ішінде 14 жасқа дейінгі 40 баладан аталған дерт анықталды. Сондай-ақ, 20 оқушы, 3 студент, 8 ұстаз бен күш құрылымдарының 4 қызметкері вирус жұқтырған.
Әлі де КВИ-ға қарсы екпе салу жұмыстары жалғасын табуда. 20 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы облысында бірінші компонентпен 974 327 адам егілді. Екпенің екінші бөлігін 878 484 тұрғын салдырды.
Сонымен қатар, 95 017 адам "Qaz Covid-in", "Sinopharm Vero Cell" вакцинасымен ревакцинация курсынан өтті және 1172-і "Пфайзер" компаниясының "Комирнати"вакцинасымен ревакцинацияланды.

 

JETISÝ MEDIA

 

...Шел 1974 год. Я работал  журналистом в редакции районной газеты, на местном радио. Редактором тогда был Кыдырбек ага Нусубалиев из Нарынкола, земляк великого современного поэта Мукагали Макатаева. И жена моя родом оттуда. Кыдырбек ага с особой теплотой называл меня Муканом, «смягчая»  имя Мурат. Тому была причина: я постоянно дежурил по номеру, даже выполнял роль рассыльного, поскольку был самым молодым в коллективе, и Кыдырбек ага старался по-отечески поддержать молодого сотрудника.

Наша семья, состоящая из двух человек, первые годы супружеской жизни квартировала в с.Коктобе, во времянке по ул.Октябрьской. Квартира  состояла из двух больших комнат с несколькими окнами на восток и на юг, ее обогревала печь в три оборота. В комнатах было солнечно, тепло и очень уютно. Дверь времянки выходила на дощатую веранду, которая соединяла времянку с домом хозяев, а посреди веранды был очаг с большим казаном. Семья наших хозяев была интернациональной,  дружной и веселой.  Глава семьи Турган – уйгур, а его жена Айша – казашка, выросшая в детдоме.

Оба супруга были глухонемыми. Турган ака потерял слух и речь в подростковом возрасте из-за падения на камень. Айша, выпускница детдома, была «отпущена на волю» со справкой, содержавшей лишь сведения, что она «по национальности казашка, такого-то года рождения». Судьба свела их в середине 60-х. Турган ака, довольно здоровый дядька, работал в стройцехе совхоза. Айша трудилась рабочей виноградарской бригады. Мать Тургана ака, Танигуль апа,  жила с ними,  воспитывала племянника Малика и двух собственных внуков Тайыра и Саутжана.

К богатству супруги не стремились, все хозяйство составляла корова, десяток кур,  да огород в 20 соток давал неплохой урожай овощей и картофеля. Но семейный дастархан, по тогдашним меркам, всегда был полон  благодаря стараниям  домовитой  Танигуль апа. Ей, вдове фронтовика, тогда было около 70 лет, она в одиночку воспитала дочь и сына. Мастерица на все руки, Танигуль апа пользовалась славой искусного повара высочайшего класса. Сельчане  почти ежедневно приглашали ее готовить плов на свадьбы и поминки, и, конечно же, домой она возвращалась с большим свертком, в котором находились и мясо, и плов, и различные сладости. К слову, моя супруга Гуля у нее научилась варить такой плов с кислым или сладким изюмом, который просто таял во рту.

Дома бабушка Танигуль всегда готовила большой казан лапши-кеспе или лагмана, а поспевала тыква – и вкуснейшие манты. Турган ака и Айша с утра до ночи пропадали на работе. В те годы все сельчане почти круглые сутки «крутились» на совхозных полях и фермах, и на бабушке с рассвета до заката лежало все домоводство, воспитание внуков, плюс сельчанам  было неудобно отказать, когда приглашали помочь.

Но, как бы то ни было,  в доме «вечно» кипел самовар, а усталых работников всегда ждал горячий вкусный ужин. 

Несмотря на нужду, народ жил по-родственному. Старшее поколение, прошедшее огонь и воду, пережившее голод и холод военных лет, всегда приходило друг другу на помощь и учило тому молодежь. Помогали и дома строить, и доставать топливо на зиму, делились продуктами. В те годы не было местных угольных баз, и водители привозили уголь  лишь изредка, по случаю, да и то в основном своим. Топить печь и разжигать очаг приходилось ветками, стружками из стройцеха, обрезками виноградной лозы, тратя  массу  времени, чтобы запасти их в достаточном количестве.

Скажу откровенно: в конце «застойного» правления одряхлевшего вождя (земля ему пухом) с продуктами питания стало  плохо, в особенности с  мукой и мясом по госцене. Приходилось «доставать» дефицит из-под прилавка, по знакомству, или как тогда говорили – по блату. Признаюсь, я сам, будучи сотрудником местного радио,  по субботам ездил за маслом и колбасой в Алма-Ату (ныне Алматы), где в буфетах партшколы или обкома партии,  благодаря удостоверению Союза журналистов за подписью председателя Союза, редактора газеты «Правда» Афанасьева, удавалось что-то купить. Это удостоверение храню на память о том времени, хотя с первых дней независимости состою в Союзе журналистов Республики Казахстан и являюсь ветераном казахстанской прессы.

Были тяжелые ситуации и в нашей молодой семье, только приобретавшей опыт самостоятельной жизни. Сын-первенец умер в годовалом возрасте: по мнению стариков, из-за сглаза. Дочь Галия была уже вторым ребенком. По советскому законодательству мать после рождения ребенка уже через год обязана была выходить на работу, несмотря на отсутствие детсадов и яслей, особенно в сельской местности. Жена Гуля работала в школе пионервожатой, и лишь урывками прибегала домой покормить новорожденную дочь.

В такой ситуации к нам на помощь, несмотря на мучившую ее астму, пришли теща Астанай, и конечно же, Танигуль апа. Они поочередно «сидели» с маленькой Галией. Нянчились с ней и жены соседей, двоюродная сестра Кульшаруан, другие дальние и ближние родственницы, жена бригадира виноградарской бригады, библиотекарь школьной библиотеки Ашимхан тате. Так что наша дочь росла, несмотря на занятость родителей, окруженная заботой и вниманием.

Я целыми днями находился в редакции районки. В день выпуска газеты, которая выходила три раза в неделю, там же и ночевал, в рабочем кабинете. С приходом уборщицы – женщины с не особенно мягким характером, приходилось срочно вставать с импровизированного ложа из табуреток и стульев. Дождавшись, пока откроется небольшая столовая для работников соседнего с редакцией предприятия электросетей, наскоро перекусывал вчерашними пирожками и возвращался на рабочее место.

Несбыточной мечтой для меня было приобретение телевизора. Стоил он дорого, не по моей зарплате. Да и не было телевизоров свободно в продаже. Однажды, сидя в раздумьях, я не заметил, что редактор стоит возле моего письменного стола. «О чем задумался?» – спросил он. Встав из-за стола, я автоматически выпалил: «Ага, не могу достать телевизор!» Он ответил: «Понятно...» А утром вызвал к себе. Переживая, что в газете прошла ошибка, я зашел в редакторский кабинет, поздоровался, стою смирно. «Мукан, – говорит редактор,  – иди в райпотребсоюз, найди мою жену в плановом отделе, она сама скажет». «Что скажет?», – переспросил я. «Иди, потом узнаешь». В райпотребсоюзе встретившая меня жена редактора Сара поинтересовалась, какую я получаю зарплату. Узнав, что всего 60 рублей, задумалась: «Маловато. Но  постараюсь тебе помочь. Вот бланки, иди в свою бухгалтерию и оформи кредит на покупку телевизора». Так у нас появился долгожданный телевизор «Рекорд», который без единой поломки прослужил 16 лет. В Коктобе мы смотрели передачи все вместе, двумя семьями...    

Возможно, у читателя возникает вопрос: о чем хочет в этой статье сказать этот писака? О чем он толкует?  Я хочу подчеркнуть порядочность людей того времени, их бескорыстие, человечность. Благодаря помощи, казалось бы, совсем посторонних лиц, при отсутствии собственной жилплощади, нужде даже в предметах первой необходимости, молодые семьи заводили детей, успешно вставали на ноги. Многого не хватало, из-за повального дефицита приходилось хорошие вещи покупать у торгашей-спекулянтов. Тогда их услугами хотя и пользовались, но общественное мнение их презирало, в отличие от спекулянтов нынешних, именующих себя бизнесменами. Теперь заниматься перепродажей, получая прибыль от надбавки цен перестало быть постыдным занятием. Но когда обществом управляют деньги, происходит беда: брат обманывает брата, соседи по улице не знают друг друга, не говоря уже о жильцах квартир в городских многоэтажках.

Потребительские нравы и прагматичная мораль, в основе которых купля-продажа, получение выгоды, уничтожает родственные связи, лишает друзей. Из-за денег теряется честность, порядочность в отношении к друг другу. Это рано или поздно приводит общество к печальному исходу, разрушая его единство. Если мы хотим увидеть будущие поколения  патриотами своей страны, элементарно  порядочными и добрыми людьми, надо взять из прошлого все лучшее, сделать  ценностями современ-ного дня. 

 

Мурат НАКАТАЕВ,

член Союза журналистов Республики Казахстан.

Бейсенбі, 20 Қаңтар 2022 10:58

Бақыт – бірлікте, байлық – еңбекте

 

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 11 қаңтарда өткен отырысында: «Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет» – деп атап өткен болатын. Сондай-ақ, Президент жаңа Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеді. Президент әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мемлекет пен халық арасындағы тең диалог арқылы мүмкін болатынын бірнеше рет атап өткен еді.

Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөзі бар. Расында, бүгінде халқымыз басынан ауыр кезеңді өткеруде. Осындай сын сағатта қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айырылмай, бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті бізді барша әлемге танытатын елдік болмысымыздың кепілі екендігіне назар аударуымыз қажет. Дана халқымызда «Бақыт – бірлікте, байлық – еңбекте» деген өнегелі сөз бар. Сондықтан еліміздің болашағы, яғни келер ұрпақтың баянды ғұмыр кешуі үшін біздер талмай еңбек етуіміз қажет. Бұл орайда ел ішіндегі жарастығымыз, татулығымыз да алдағы жетістіктердің бастауы болмақ. Сонда ғана біз жеңіске жетіп, тәуелсіздігімізді сақтап, кемел болашақтан үміттенеміз.

Бұл турасында Мемлекет басшысы «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат» мақаласында ашып айтты. «Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз. Кез келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Мысалы, тұрғындардың тұрмысын жақсарта түспесек, еліміздің жетістіктері мен халықаралық табыстарын мақтан ету артық. Азаматтарымыз экономикалық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. Біз халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен қатар, барлық азаматтардың мүддесін бірдей қорғаймыз. Менің ұғымымдағы әділетті мемлекет дегеніміз – осы» – деді Қ.Тоқаев.

Халық қазір билікке сенім артып, нақты нәтижелерді, бағдарлы жұмыстарды, ортақ диалог пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күтіп отыр. Оның ішінде ең негізгі мәселе – елдегі тұрақтылықты сақтау.

Біз сол сенім үдесінен шығып, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел мүддесін қорғау мақсатында қабылдаған шешімдеріне қолдау көрсетуіміз керек. Осы тұрғыда Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының VІІ шақырылым депутттары, соның ішінде «Nur Otan» партиясының белсенділері осы мақсаттарда қоғамдық бастамада түрлі бағыттарда мүмкіндігі келгенше көмек көрсетуді жалғастыруда және Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жүктелген міндеттемелер бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға дайын.

Халқымыздың босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік міндет, бағымыздың жанбағы Мәңгілік еліміз, ортақ Отанымыз – Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі етіп, барымызды бағалай білуімізге байланысты. Біз «мың өліп, мың тірілген» ұлтпыз, рухы мықты халықпыз. Тар жол тайғақ кешу кезеңдердің барлығында да осы рухымыз жасымады. Күш-қайратымыз қайралып, қиындықтарға төзіп, табандылық жасап, жаудан тайсалмайтын мінез көрсеттік. Дәл осы тұста Тәуелсіздік пен егемендік екінің біріне беріле бермейтін бақ екендігін баршаңыз жақсы білесіздер. Тәуелсіздік – ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтқандай, тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Сондықтан Тәуелсіздіктің арқасында жеткен әрбір құндылықтың қадірін жете түсінуіміз қажет. Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, қадірін білуіміз керек. Бұл халқымыз үшін өте жауапты кезең екендігі сөзсіз. Ендігі міндет – ел тілегіне құлақ асып, батыл қадамдарға бастайтын реформаларды жасауға шешім қабылдаған Мемлекет басшысына қолдау көрсету.

Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Мұны ел іргесін шайқалтпай, береке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асыруымыз керек.

Алдағы ортақ мақсатқа жетудегі ұйымшылдығымыз, бірлігіміз арта берсін. Баршаңызға амандық тілеймін, қиындықты бірге еңсерейік.

 

Бекет АХМЕТОВ,

«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаты, аудандық мәслихат хатшысы.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет