Сейсенбі, 18 Қаңтар 2022 14:15

Тыныштық күзетінде кірпік қақпай...

 «Қасіретті қаңтар» деген атпен ел тарихына өшпес таңба түсті. Аңғал халықтың бейбіт шеруін арамза баскесерлер өз мақсатына пайдаланып, Тәуелсіздік тұғырын теңселтіп, елдің тыныштығын, жердің бүтіндігін бұзбақ болды. Жансыздар жымысқы бұл әрекетін жылдар бойы жоспарлап, жан-жақты дайындалғанын, басқа емес нағыз жендет, кәнігі қанышер екенін олардың әр әрекеті көрсетіп-ақ тұрды. Мұздай қаруланған топ әлеуметтік-стратегиялық нысандарға, күштік құрылымға – әскерилер мен полицияға лап қойып, нағыз жауыздық көрсетті. Жарақаттанған және мерт болған баскесерлерін алаңдардан ғана емес, шабуыл жасап, уақытша ұстау изоляторы, ауруханалар мен мәйітханалардан да әкетуге тырысты. Соңында із қалдырмау – нағыз террористерге тән әрекет. Бұдан бөлек, қарапайым халықтың мүлкіне зиян келтіріп, талан-таражға түсіргені аздай, азаматтарға оқ атып, талай жанды жақындарынан айырып, зар жылатты. Бұл бассыздық ел егемендігіне зиян келтіріп, ауқымын кеңейтіп кетпеуі үшін қиын-қыстау кезеңде террористерге алдыңғы шепте қарсы тұрған әр әскери үлкен құрметке ие. Олардың арасында антына адал, сертіне берік Ұлттық ұлан қызметкерлері мен сарбаздары да бар. Ұлттық ұланның Қаракемер ауылында орналасқан 6654 әскери бөліміне арнайы барып, әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімшесінің бастығы, подполковник Омар Қуанышбаевпен шағын сұхбат құрдық.

– 4 қаңтарда түнгі сағат 22:00-де Ұлттық Ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Жақсылықовтың бұйрығын алған соң әскери бөлімнің командирі, подполковник Жандос Қасымов жеке құрамды бастап өзіміздің әскери техникаларымызбен Алматы қаласына оқиға орнына жедел жетті. Алматы қаласына барар жолда әскерилерге ешқандай шабуыл жасалған жоқ. Айта кету керек, шеру бастапқыда бейбіт басталғандықтан, еш қару-жарақсыз бардық. Қолымызда тек қалқан болды. Ұлттық ұлан ережелеріне сәйкес, біздің міндетіміз – қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау және террористерге қарсы тұру. Осыған байланысты біз оларға тек қарсы тұрдық, шеруге шыққандарға ешқандай күш қолданған жоқпыз. Алайда алаңға жиналғандардың басым бөлігі әскерилерге шабуыл жасап, күш көрсетті.

– 6654 әскери бөлімінің неше қызметкері жарақат алды?

– Біздің әскери қызметшілердің 27-сі жарақат алып, бүгінде олардың 11-і ауруханада емделіп жатыр. Жарақаты жеңіл үш сарбаз осында – біздің лазаретте емін жалғастыруда.

– Оқтан жарақат алғандар бар ма?

– Жоқ. Қол, мұрын сүйектері сынғандар, аяқ жарақаттары, бас жарақаттары, негізінен.

– Дәл қазіргі уақытта Ұлттық ұлан әскерилері Алматы қаласында қандай қызмет атқарып жатыр?

– Бүгінде біздің қызметкерлердің негізгі міндеті – коменданттық сағат кезінде, яғни кешкі 23:00 мен 07:00 аралығында қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау.

– Алматыға 4 қаңтарда кеткен әскерилер бүгінге дейін алмастырылды ма?

– Жоқ, ондағы қызмет аяқталған соң әскери бөлімге бәрі бірге келеді. Біздің тарапымыздан оларға бар жағдай жасалып жатыр.

– Олардың арасында әскерге күзгі шақырылымда келгендер бар ма? Болса, олар мұндай қиын жағдайға дайын ба?

– Жоқ, күзгі шақырылымда келген жас сарбаздар әскери бөлімде. Дегенмен, әскер сапына қосылған екі айдың ішінде олар жан-жақты әскери білім алып, қызмет етуге толықтай: жауынгерлік тұрғыдан да, психологиялық жағынан да дайын.

– Психология демекші, әскерилердің арасында ақыл-есін жоғалтқандар жайлы да жаңалықтардан айтылды.

– Қарапайым тұрғындарға әскери киім кигеннің бәрі бірдей көрінер, бірақ біз – әскерилер оларды ажырата аламыз. Ақтөбедегі қақтығыс кезінде «Приказ есть – приказ» деп қасқайып тұрған Ұлттық ұлан сарбазын көрген боларсыз. Әскерде қару ату, қорғанумен қатар сарбаздарға әскери психолог арнайы психология сабақтарын өтіп, қандай жағдайда жауынгер өзін қалай ұстауы керек және қандай әрекет жасауы қажет дегенді жан-жақты үйретеді. Алаңға шыққан шерушілер спирттік өнімдер мен есірткі заттарын қолданғаны, сондай-ақ террористік топтың қарулы болғаны белгілі. Осыған қарамастан әскерилер оларға қарсы тұрып, олардың заңсыз әрекеттерін тоқтатуға тырысты. Өкінішке қарай, әскер қатарындағы жас сарбаздар мерт болды. Адам өмірі мен денсаулығынан артық ештеңе жоқ. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жауынгерлерден айырылып қалумыз, әрине, жанға батады. Отан үшін жанын берген батырлардың рухына тағзым етіп, қаза болған әскерилерді 10 қаңтар – жалпыұлттық аза тұту күнінде әскери бөлімде бірминуттық үнсіздікпен еске алдық. Олардың есімі барлық қазақстандықтың есінде мәңгі қалады деп сенемін.

 

ОЛАР «ЗОМБИ» СИЯҚТЫ, ӨТЕ ЖАУЫЗ

Алаңдағы жаппай қақтығыс кезінде жарақат алған үш сарбаз бүгінде 6654 әскери бөлімінің ауруханасында емін жалғастырып жатыр. Жарақаты жеңіл болғандықтан оларды осында ауыстырыпты. Жауынгерлердің жағдайын сұрап, Алматыдағы қанды оқиғадан көзімен көрген көріністі сипаттап беруді өтінген едік.

 

Нұрсұлтан Қалдыбекұлы, қатардағы жауынгер:

Біз ұйқыға жатқалы жатқанда дабыл берілді. Жедел жиналып, Алматы қаласына бардық. Қалалық әкімдік ғимаратының алдына тұрып, қоғамдық қауіпсіздікті сақтауымыз керек-тін. Қолымызда тек қалқан бар. «Халыққа күш қолдануға болмайды» деген бұйрық алғанбыз. Бірақ шеруге шыққандар өте қатыгез болды. Олардың қолдарында таяқ, қатты темірлер мен тас болды. Кейбірінде қару да бар. Алаңда бір көліктің сондағыларға кірпіш, тас таратып жүргенін көрдім. Енді бір көліктер әскерилерге қарай қатты жылдамдықпен жүріп, басып өтуге тырысты. Әскерилерге қарай көзді ашытатын гранаталар лақтырды.

Әскерге Шымкент қаласынан келдім. Жасым 20-да. Оң қолым сынды, жабық бас ми жарақатын алдым. Кетіп бара жатқанымда орта жастағы бір адам аяғымнан тартып құлатты. Сол кезде 7-8 адам жиналып текпілеп, ұра бастады. Ол жерден шығарып алған командирім жедел жәрдем көлігіне отырғызып, Алматы қаласының Жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына түстім. Қазір лазареттемін, жағдайым жақсы.

 

 

Әлихан Еділжанұлы, қатардағы жауынгер:

Бастапқыда әскери киімімізді шешіп, шерушілердің қатарына қосылуға шақырғандар көп болды. 5 қаңтарда таңға жуық шерушілер полициямен келіссөзге келіп, алаңдағылар үйлеріне қайтатын болған. Бірақ аяқ астынан олардың саны бірнеше еселеп өсіп кетті. Әрі олар «зомби» сияқты, өте жауыз, көздері жанып тұрғандай көрінді. Арасында спирттік сусындар ішкен мастар да болды. Бәрін қиратып, өртеп, жойып, әскерилерге күш қолданды. Қолдарында не болса, сонымен ұрып жатты. Мен алған соққыдан есімді жоғалтып, ауруханаға түстім.

Әскерге Шымкент қаласынан келдім. Жасым 20-да. Алған жарақатым – аяғымның сіңірі созылған, жабық бас ми жарақаты. Қазір жағдайым жақсы.

 

 

Сергей Брылевский, қатардағы жауынгер:

Алаңда тек жастар ғана емес, орта жастан асқандар да, тіпті алғашқы күні әйел адамдар да болды. Негізінен, 20-30 жас аралығындағы жас жігіттер жүрді. Сондай-ақ алаңға шыққанның бәрін «террорист» деуге болмайды. Олар – бастапқыда бейбіт шеруге шыққан бейбіт халық. Бейбіт халық әскерилерге көмек көрсетіп, лаңкестерді заңсыз әрекеттерін тоқтатуға шақырып жүрді. Мысалы, мені ұрып-соғып жатқандарды екі жас жігіт тоқтатып, олардың арасынан алып шықты. Жолдың келесі бетінде тұрған әскерилерге барып едім, ондағылар бірден жедел жәрдем көлігіне салып жіберді. Солай жабық бас ми жарақатымен ауруханаға түстім. Бүгінде жағдайым жақсы.

Әскерге Петропавл қаласынан келдім. Жасым 21-де. 

 

Түйінсөз: Ел тыныштығын күзетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аянып қалмаған, азаматтық, әрі әскери борышын басқадан биік қоятын Ұлттық ұлан әскери қызметшілері мен жауынгерлері жарақаттарына қарамастан қайта қызметтеріне оралуға асық. Өз өміріне емес, ел қауіпсіздігіне көбірек алаңдайтын айбарлы азаматтарымыз аман болсын!

 

Дайындаған

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

 

 

Кто имеет право останавливать на улице граждан и проводить их досмотр в период режима ЧП? Может ли сотрудник полиции требовать для досмотра телефон гражданина? В этих вопросах разбирался Zakon.kz.
Как следует из ответа Комитета административной полиции МВД РК, по закону «О чрезвычайном положении» лица, нарушившие правила комендантского часа, задерживаются полицией или военными патрулями до окончания комендантского часа, а не имеющие при себе документов – до установления их личности, но не более чем на 48 часов. Задержанные лица и находящиеся при них вещи и транспортные средства могут быть подвергнуты досмотру.
В целом при введении чрезвычайного положения предусматриваются такие меры и временные ограничения, как проверка документов, удостоверяющих личность, личный досмотр, досмотр находящихся при задержанных лицах вещей и транспортных средств.
Как пояснил адвокат Алматинской областной коллегии адвокатов Александр Лисиченко, останавливать людей, проверять их документы, производить досмотр в период чрезвычайного положения могут и полицейские, и военнослужащие, и сотрудники Национальной гвардии.
Это предусмотрено профильными законами, регламентирующими деятельность всех структур. В период чрезвычайного положения все эти лица наделены правом проводить досмотр граждан, остановленных на улице. Как показывает практика, патрули, которые у нас занимаются охраной общественного порядка во время ЧП, состоят из представителей органов внутренних дел, либо военнослужащих, либо Национальной гвардии.
По словам адвоката, досмотр граждан проводится на том основании, если сотрудник, производящий досмотр, усматривает в человеке какие-либо признаки совершения им правонарушения, либо признаки нарушения чрезвычайного положения, комендантского часа и прочее. Всех подряд останавливать и досматривать без каких-либо обоснованных на то подозрений –  незаконно.
В МВД объяснили, что в период чрезвычайного положения комендант местности своими приказами и распоряжениями  вводит ограничения для жителей, чтобы не покидали на установленный срок место своего постоянного пребывания. Нарушители этого требования, не являющиеся жителями данной местности, выдворяются за ее пределы за их счет. Нарушение правил и запретов влечет административную или уголовную ответственность. Поэтому лица, нарушившие установленный режим, могут быть задержаны и доставлены в органы полиции в законодательном порядке.
Дополнительными поводами задержания человека в период чрезвычайного положения могут послужить нарушение комендантского часа, нарушение положений и ограничений, введенных в связи с чрезвычайным положением. К примеру, если у человека визуально определяются какие-то признаки совершения преступления: наличие огнестрельного или холодного оружия или на его одежде видны следы крови или какие-то повреждения и так далее, то в таких случаях можно останавливать, задерживать. Задержать таких граждан и доставить в правоохранительные органы могут как представители полиции, так и внутренних войск, Национальной гвардии и Комитета национальной безопасности.
Доставить человека в органы внутренних дел можно только тогда, когда есть основания полагать, что он совершил какое-либо правонарушение –административное или уголовное.
Как говорят в МВД, по закону частная жизнь граждан, личная и семейная тайна находятся под охраной закона. Каждый имеет право на тайну личных вкладов и сбережений, переписки, телефонных переговоров, почтовых, телеграфных и иных сообщений.
Обыск и выемка могут быть произведены при досудебном расследовании по мотивированному постановлению с санкции следственного судьи.
Но в исключительных случаях, когда имеется реальное опасение, что подлежащий изъятию объект может быть использован в преступных и других незаконных целях, выемка может быть произведена без санкции следственного судьи, по постановлению лица, осуществляющего досудебное расследование, но в последующем эти материалы должны быть направлены следственному судье в суточный срок. Если это было сделано незаконно, то результаты выемки не могут быть допущены в качестве доказательств по делу.
Этот вопрос несколько сложный с правовой точки зрения. Осмотр мобильного телефона и его содержимого должен быть произведен только с санкции следственного суда либо с согласия лица. Сотрудник, который производит досмотр, не имеет права требовать, он имеет право просить. Если гражданин отказывается, сотрудник принимает решение. А забирать телефон и принудительно его досматривать он не может, иначе это уже выемка. А выемка мобильного телефона должна быть произведена только с санкции следственного суда.
Имеются правовые моменты, на которые нужно обращать внимание. Вопрос выемки мобильного телефона лежит в плоскости досудебного расследования по конкретному уголовному делу. Но в режиме чрезвычайного положения никакого конкретного уголовного дела в отношении  лица, у которого производят досмотр, не расследуют. То есть действия проводятся, скорее, административного законодательства.
Поэтому в условиях режима ЧП сотрудник, которому лицо отказало в предоставлении мобильного телефона для осмотра, имеет право при наличии других оснований: допустим, если в машине имеются какие-то другие изъятые вещи, документы, свидетельствующие, что это правонарушитель, не изымая этот мобильный телефон, доставить лицо в органы внутренних дел для проведения дальнейшей проверки и решения вопроса об изъятии у него мобильного телефона в установленном законом порядке.
Если человек считает, что действия сотрудника полиции неправомерны, он имеет право не показывать ему свой мобильный телефон. Но если действия сотрудника явно правомерны и гражданин при этом сопротивляется действиям сотрудников, то в его действиях уже будут признаки правонарушения – оказание сопротивления сотруднику власти.
Основанием для досмотра сотового телефона гражданина могут послужить сведения, которые бы свидетельствовали о том, что гражданин занимается рассылкой каких-то сообщений, призывающих к массовым беспорядкам, к совершению противоправных действий и так далее. А что именно об этом может свидетельствовать, это уже от конкретной ситуации зависит. Например, при осмотре машины в ней обнаруживается оружие, которое по внешним признакам было похищено из какого-либо оружейного магазина. Соответственно, нужно проверить, с кем он связывался. Может быть, он это оружие вез для того, чтобы передать кому-то. В данном случае это является основанием для проверки мобильного телефона.
Если гражданин не предоставляет мобильный телефон, сотрудники имеют право задержать его и доставить для дальнейшего разбирательства в органы внутренних дел. При чрезвычайном положении – в  комендатуру.

Сейсенбі, 18 Қаңтар 2022 10:06

КҮШІМІЗ БІРЛІКТЕ

 

Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты кейбір жұмыс орындары бірнеше күнге жұмысын тоқтатты. Соның салдарынан Алматыға қатынап жұмыс істейтін, күнделікті нәпақасын күнделікті тауып отырған азаматтар арасында азық-түлік алуға жағдайы жоқ отбасылар анықталып отыр.

Ауданымызда көмекке мұқтаж мұндай отбасылары барын білген соң Nur Otan партиясының облыстық мәслихат депутаты Ерік Абитов, «Jas Otan» жастар қанаты және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиал басшысы Бақытгүл Дүйсебековамен бірлесе отырып, 40 отбасына азық-түлік себеттерін таратып, көмек көрсетті. «Осы орайда бізге қол ұшын созған Есік қаласындағы «Байқоңыр», сонымен қатар «Әсел», «Шынар» азық-түлік көтерме-бөлшек сауда дүкендеріне алғыс айтамыз. Жасаған жақсылықтарыңыз еселеп қайтсын!», – дейді Ерік Әзілжанұлы.


Қ.МҰРАТҚЫЗЫ

Қымбатты жетісулықтар! Қаңтардың алғашқы күндері бәрімізге оңай тиген жоқ. Қиын кезеңді бастан өткіздік. Осындай сын сағатта сабыр сақтап, бірлігі мен тұтастығын көрсете білген сіздерге алғыс білдіремін. Өкінішке қарай, бұзақылардың кесірінен қаншама әулет қасіретке ұшырады?! Қайтыс болғандардың отбасына тағы да көңіл айтамын.

Бұл ретте жазықсыз қаза тапқандардың отбасылары мемлекеттің қолдауынсыз қалмайтынын атап өткім келеді.

Әскерилер мен полиция қызметкерлерінің отбасына 5 млн.теңгеден біржолғы материалдық көмек беріледі. Балаларының оқу ақысы, тұрғын үй және басқа да мәселелерін шешеміз. Орта және ауыр жарақат алғандарға да 1 млн.теңге көлемінде көмек  көрсетеміз.

Қоғамдық қауіпсіздікті қорғап, бұзақыларға тосқауыл болған халық жасақтары мен ауыл тұрғындарына рахмет айтамын.

Қазіргі кезде облыс аумағында жағдай тұрақты. Барлық мекемелер қалыпты жұмысына көшті. Халыққа қажетті азық-түлік пен жанар-жағармай қоры жеткілікті.

Сауда орындары мен базарлар, банктер мен халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр.

Арнайы комиссия қираған ғимараттар мен мүліктің, тоналған бизнес нысандарының нақты шығынын анықтады.Алдын ала есептеу бойынша шығын көлемі 16млрд. теңге шамасында.Қысқа мерзім ішінде бүлінген ғимараттар қалпына келтірілетін болады.

Құрметті облыс тұрғындары!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елге төнген қауіпті халқымыз қайыспай көтере білгенін атап көрсетті. Мәжіліс отырысында Үкіметке жаңа экономикалық саясат қалыптастыруды мықтап қолға алуды тапсырды. Күрделенген теңсіздік мәселесіне баса назар аударды. Шешілмеген өзекті проблемалар біздің облыста да аз емес.

Олардың қатарында:

– тұрғын үй мен жер учаскелерін бөлу;

– саяжай тұрғындарының проблемалары;

– суармалы және жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі;

– жалақының төмендігі;

– жұмыссыздық деңгейінің өсуі;

– ауызсу мен электр жарығының тапшылығы, жолдарды жөндеу;

– табиғи газбен қамту және газға қосылу құнын қолжетімді ету;

– үшауысымды және апатты мектептерді жөнге келтіру, интернет желісінің сапасын жақсарту;

– ауылдарда мәдени, спорттық нысандардың аздығы және тағы басқа мәселелерді айтуға болады.

Аудан, қалалардың экономикалық дамуында да алшақтық бар. Мәселен, Алматы қаласының маңындағы аудандар мен Талдықорған өңірін салыстыруға келмейді. Бұл тұрғындардың күнкөріс деңгейінен де айқын байқалады. Бір ғана қарапайым мысал, Іле мен Ақсу аудандарының экономикалық жағдайы жер мен көктей.

Мұндай диспропорцияны болдырмауымыз керек. Аймақтар тең дамуы тиіс. Ол үшін барлық аудандар бойынша облыста бірыңғай экономикалық бағдарлама дайындалуда.

Басты мақсатымыз – кенжелеп қалған өңірлерде индустриалдық аймақтар құру, инвестиция тарту. Жаңа кәсіпорындар салу арқылы жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнестің өрісін кеңейту.Бұл –халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге, кіріс деңгейін арттыруға ықпал етеді деп ойлаймын.

Облыс тұрғындарының сексен пайызы ауылдық жерде тұрады. Оларды тұрақты жұмыспен және жалақымен қамтамасыз етуіміз керек.

Мемлекет басшысының негізгі талабы – ашықтық, әділдік және қолжетімділік. Осы принцип негізінде «Қорғас» және «Нұр жолы» кеден бекеттерінің жұмысы реттеліп, бюджет түсімі артады. Қазір онда ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр.

Облыста 57 мың адам тұрғын үй кезегінде тұр. Олардың басым бөлігі – тұрмысы төмен топтың өкілдері. Сондықтан, тұрғын үй салу көлемін арттыруымыз қажет. Бұл жергілікті басқару органдарының басты бағыты болуы тиіс.

Осының бәрін іске асыру үшін бізге ең алдымен бірлік пен бейбітшілік керек. Онсыз өңірге инвесторларды тарту қиын. Әлеуметтік-саяси жағдайы тұрақсыз жерге ешбір кәсіпкер қаражатын салмайды. Қоғамдық тұрақтылықты сақтауға әр азамат мүдделі болуы керек.

Кейбір жергілікті әкімдердің тұрғындармен байланысы ешбір сын көтермейді. Тәртіпсіздікке қатысқан жастардың іс-әрекеті бірқатар ауылдық округ, аудан, қала әкімдері жұмысының салғырттығын көрсетті.

Қаланы қиратып-тонаған, сауда орындарын талан-таражға салған, бұзақылық жасағандар аспаннан түскен жоқ. Басым көпшілігі өзіміздің ортамызда, ауылда өскен 20 мен 30-дың арасындағы жастар.

Мен 4 қаңтарда алаңда митингіге жиналған қауыммен кездесуге шыққанымда талай нәрсеге көз жеткіздім. Жастардың тәрбиесінде қандай кемшілік жібердік деген ой мені қатты мазалады. Мұның бірнеше себептерін көріп отырмын.

Бірінші, отбасындағы адамгершілік-рухани тәрбиенің жетіспеушілігі деп ойлаймын. Жасы үлкенге құрмет көрсету, сөз тыңдау, ақ пен қараны, дос пен дұшпанды ажырата білу бала жастан қалыптасуы керек. Әкесіндей адамға қол көтеру, тас ату, ордасын ойрандап, шаңырағын ортасына түсіру – халқымызға жат қылық.

Екінші, мектептегі тәрбие беру жүйесі. «Отан үшін отқа түс, күймейсің», – деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, патриоттық ең алдымен адамға, қоршаған ортаға, қоғамның мүлкіне жанашырлықпен қараудан басталады.

Мемлекет мүлкі – халықтың қазынасы. Ол бюджет түсімінен құралады. Залалды қалпына келтіруге жұмсалатын қаржы – сіз бен біздің ақшамыз. Сол сомаға ондаған мектеп немесе сонша мәдени-спорттық нысан салуға және жүздеген шақырым жол жөндеуге болар еді.

Үшіншіден, жергілікті билік пен қоғам өкілдері жол берген кемшіліктерін саралап, тиісті қорытынды жасауы керек.

Президент тергеу шараларын жүргізу барысында азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеу керектігін айтты. Әрине, құқық қорғау органдары нақты қылмыскерлерді жауапқа тартады.

Бірақ ниеті таза, наразылығын бейбіт түрде білдіруге шыққан жастармен түсіндіру жұмысын жүргізуіміз керек. Оған ел-жұртына қадірменді ақсақалдарымыз, сөз тізгінін ұстаған азаматтарымыз, ардақты аналарымыз, ой-өрісі кемел жастарымыз тікелей атсалысуы қажет.

Халқымызда «Балам дейтін елі болмаса, елім дейтін бала қайдан шығады?» деген сөз бар. Наразылыққа шыққан жастардың отбасы жағдайы қандай, кәсіби білімі бар ма, жұмыс істей ме? Осының бәрін жергілікті әкімдіктер үйлестіріп отыруы тиіс еді.

Ендігі жерде оларға көмек беру мәселесін терең қарауымыз керек.

Алдағы уақытта тиісті аудандарға қатысты нақты шешім қабылдайтын боламын.

Бізге көпшіліктен қашпайтын, елмен қоян-қолтық жұмыс жасайтын әкімдер керек. Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты мақсаты да осы.

Бұл орайда аудан, қалалардағы Қоғамдық кеңестердің құрамын 100 пайыз өзгертуіміз қажет. Оған халықтың сөзін сөйлейтін, көппен жұмыс істей алатын қайраткерлер баруы керек деп ойлаймын.

Жетісу жерінде өсіп-өркендеуге барлық мүмкіндік бар. Халық саны да жыл сайын артып келеді. Осыған сәйкес экономикамызды тұрақты дамытуға күш саламыз.

Халқымызда «Өткенге салауат, ертеңге аманат» деген аталы сөз бар. Болашағымыз жарқын болуы үшін әркім өз отбасында, бала тәрбиесінде, жұмыс орнында және қоғамдық ортада жауапкершілігін арттыруы керек.

Құрметті жерлестер! Арандатушылардың және шетелден ақпарат таратып отырған жауапсыз адамдардың сөзіне ермей, ел ішінде тұрақтылық пен тыныштық сақтауларыңызды сұраймын. Барлығымыз бірігіп елімізді өркендетуге атсалысайық. Ел бақыты – бірлікте. Ынтымақты болайық, қадірлі ағайын!

 

Қанат БОЗЫМБАЕВ,

Алматы облысының әкімі

Қазақтың бір тауар азаматы, Кеңес Одағының батыры, Отан соғысының даңқты жауынгері Бауыржан Момышұлы: «Ешкімде батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» - деген. Расында да бала тал бесікте ата-анасының тәлімін алып, есейе келе өскен ортаның тәрбиесін бойына сіңіреді.

Мұнда ер азаматқа берілетін тәлімде өзгешелеу. Олардың басты міндеті - Отан алдындағы борышын адал атқарып, елінің амандығын сақтауға бағытталады. Анасынан ерте айрылған Ұлан Мырзабек ата, әжесінің тәрбиесінде болады. Қапшағай қаласында 2000 жылы дүниге келген жас «Орта мектеп-гимназия мектепке дейінгі шағын орталығында» білім алып, кейін Астананың «Жас Ұлан» республикалық мектебіне ауысып, оқуын жалғастырады. Одан Петропав қаласының Ішкі істер министрлігінің университетін тәмамдайды. Қазіргі кезде ол - Ақтөбенің ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 6655-әсери бөлімінің лейтенанты.

Ұлан Мырзабай әжесінің сөзіне қарағанда, жастайынан ожет, тік мінезді, айтқанынан қайтпайтын, қайсар болатын дейді. Осы қайтпас мінез сол күні, яғни Ақтөбеде басталған жаппай тәртіпсіздікте де көрініс тапқан. Сол күні көпшілік ішінде дүблең ұйымдастырып, халықтың мазасын алушылардың бірі келіп, өздерінің қатарына қосылуын, билікке қарсы шығуға үгіттеушілерге қаймықпай «Антыма адалмын» деген сөзі, барша қазақтың жүрегін тебірентіп, патриоттың сезімге жетелегені анық. Осылай ерлік көрсеткен жігіттің әркеті, салмақты сөзі еліміздің қорғаны болатын нағыз Ер азаматтарының барын, оның ізін жалғастырар кейінгі ұрпаққа үлгі болғаны, әсіресе жерлестерінің мақтанышы болғаны да сөзсіз. Қазіргі заманның батыры атанған Ұланның шаңырағына Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары Берік Фатықұлы арнайы барып, әжесімен әдемі әңгіме жүргізіп, батыр балаға мықты білім мен өнегелі тәрбие берген қарт анаға өңір басшысының алғысын жеткізіп, гүл шоқтарын ұсынып өз ризашылығын да жеткізді. Ел мен халықтың басына күн туған уақытта өз борышын аброймен атқарып, ата-анасы мен әже-атасының сенімін ақтап, бүкіл Қазақстанға мақтан тұтар Ұландай жалындаған жастарымыз, арқасүйер азаматтарымыз көп болсын. Қашанда еліміз тыныш, жұртымыз аман болғай!

Также в регионе продолжается вакцинация населения с 12 лет.

Так, по  состоянию на 17 января текущего года в области первым компонентом привито 961 478 человек, из них подростки с 12 по 17 лет – 41 685, беременные – 3102 и женщины в период лактации – 8237. Вторым компонентом привито 868 084 человек, из них подростки с 12 по 17 лет – 15 538, беременные – 1204 и женщины в период лактации - 2985.

Кеше Алматы облысындағы Панфилов ауданының әкімі Т.Өмірәлиев бейбіт шерудің соңын жаппай тәртіпсіздікке айналдырған бүлікшілердің қолынан қаза тапқан ҰҚК Шекара академиясының 2 курс курсанты Жайық Әділқанның ата-анасына ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жарлығымен жеткен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін тапсырды.

Еңбекші ауылының мәдениет үйінде өткен шараға курсанттың ата-ана, туған-туыстарымен бірге ауылдастары қатысты. Сондай-ақ, жиынға аудан әкімімен бірге ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары подполковник Б.Бұзаушиев, ҚР ҰҚК Шекара академиясының, шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық ұйымының өкілдері қатысты. 

Шара жауынгерлік міндетті орындау кезінде қаза болған курсант Жайық Угулханұлын бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Осыдан кейін мәңгі батыр шекарашыларымыздың сапын толықтырған ұланның ата-анасына ІІІ дәрежелі «Айбын» орденін тапсырған аудан әкімі   Жайықтың ерлігі туралы айта келе, осындай ержүрек жауынгер үшін алғыс білдірді.  

Шекарашылар атынан сөз алған подполковник Берік Бұзаушиев шекара аймағында туып, шекарашыларға қарап бой түзеген курсанттың, стратегиялық маңызды нысандарды қорғаудағы шекарашылардың ерлігі туралы айтты.

«Осындайда Ұлы Отан соғысы жылдарында маршал Г.Жуковтың: «Шекарашылардың батылдығы туралы тек қана айтарым: мен әрқашан майдан шебінде шекара әскерлері қорғаныста тұрса немесе шабуылдап жатса өзімді жайлы сезінемін», - деген сөздері еске түсіп, қойылған тапсырмаларды орындауда қандай да қиындықтарға қарамайтын жасыл күнқағарлы Отан қорғаушыларға деген сенімділік күшейе түседі», - деген шекара басқармасы бастығының орынбасары подполковник Б.Бұзаушиев шекарашылар атынан Жайықтың ата-ана, туғандарына көңіл айтып, Угулхан ағамызға Шекара қызметінің 30 жылдығына орай жарық көрген «Мемлекеттік шекара» кітабын сыйға тартты. Бұл кітап Тәуелсіз еліміздің Жайық секілді шекарашыларының ерлігі, Отан қорғау жолында жандарын қиған батырларымыз туралы сыр шертеді.

Қарындасының ағасы туралы егіле айтқан сөздері жиналған қауымды еріксіз тебірентіп, көздеріне жас алғызды. Курсанттың әкесі  шекарашының жасаған ерлігі үшін марапаттаған Қазақстан Республикасының Президентіне өз алғыстарын жеткізді.

Жайық Шекара академиясына оқуға түскенге дейін өзінің Отан алдындағы азаматтық борышын Тәуелсіз еліміздің қасиетті шекарасында өтеген. Сосын да шекараның ыстығы мен суығын өз басынан өткеріп, саналы ғұмырын ел шебін қорғауға арнауды шешкен Жайықтың жасын өмірі қиылғанымен, ол батырларымыздың қатарын толықтырды. 

Өйткені, курсант бейбіт тұрғындардың тыныштығын бұзған бүлікшілерден еліміздің стратегиялық маңызы бар нысандарын табандылық қорғады.

С.ҚАЛЫМОВ,

ҰҚК Шекара қызметінің подполковнигі  

  

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 11 қаңтарда өткен отырысында: «Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқашан жол бермеуіміз қажет. Сондықтан, еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру – алдымызда тұрған өте маңызды міндет» - деп атап өткен болатын.

Сондай-ақ, Президент жаңа Үкіметке саяси, әлеуметтік-экономикалық салалардағы және ұлттық қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету жөніндегі өзекті мәселелерді шешу үшін нақты міндеттер жүктеді. Сонымен қатар Президент әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мемлекет пен халық арасындағы тең диалог арқылы мүмкін болатынын бірнеше рет атап өткен еді.

Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөзі бар. Расында, бүгінде халқымыз басынан ауыр кезеңді өткеруде. Осындай сын сағатта қиындыққа қайыспай, белімізді бекем буып, береке-бірлігімізден айрылмай,  бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті бізді барша әлемге танытатын елдік болмысымыздың кепілі екендігіне назар аударуымыз қажет. Соданда болар, дана халқымызда «Бақыт - бірлікте, байлық - еңбекте» деген өнегелі сөз бар.Сондықтан еліміздің болашағы, яғни келер ұрпақтың баянды ғұмыр кешуі үшін біздер талмай еңбек етуіміз қажет. Бұл орайда ел ішіндегі жарастығымыз, татулығымыз да алдағы жетістіктердің бастауы болмақ. Сонда ғана біз тәуелсіздігімізді сақтап, кемел болашақтан үміттенеміз.

Халық қазір билікке сенім артып, нақты нәтижелерді, бағдарлы жұмыстарды, ортақ диалог пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді күтіп отыр. Оның ішінде ең негізгі мәселе – елдегі тұрақтылықты сақтау.

Біз сол сенім үдесінен шығып, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел мүддесін қорғау мақсатында қабылдаған шешімдеріне қолдау көрсетуіміз керек. Осы тұрғыда Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының VІІ шақырылым депутттары, соның ішінде ??? ???? партиясының белсенділері осы мақсаттарда қоғамдық бастамада түрлі бағыттарда мүмкіндігі келгенше көмек көрсетуді жалғастыруда және Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша жергілікті атқарушы органдармен бір кісідей болып жүктелген міндеттемелер бойынша жұмыстарды жүзеге асыруға дайын.

Сөз соңында, халқымыздың босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу түтету – елдік міндет, бағымыздың жанбағы Мәңгілік еліміз, ортақ Отаныз – Қазақстанды бейбітшіліктің бесігі етіп, барымызды бағалай білуімізге байланысты екендігін атап өткім келеді. Біз «мың өліп, мың тірілген» ұлтпыз. Рухы күшті, рухы мықты халықпыз. Тар жол тайғақ кешу кезеңдердің барлығында да осы рухымыз жасымады. Қайсарлық, күш- қайратымыз қайралып, қиындықтарға төзіп, табандылық жасап, жаудан тайсалмайтын мінез көрсеттік. Дәл осы тұста  Тәуелсіздік пен егемендік екінің біріне беріле бермейтін бақ екендігін баршаңыз жақсы білесіздер.Тәуелсіздік – ең алдымен халқымыздың бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтқандай, тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді.

Сондықтан Тәуелсіздіктің арқасында жеткен әрбір құндылықтың қадірін жете түсінуіміз керек. Тәуелсіздікті көзіміздің қарашығындай сақтап, қадірін білуіміз керек.

Бұл халқымыз үшін өте жауапты кезең екендігі сөзсіз. Ендігі міндет – ел тілегіне құлақ асып, батыл қадамдарға бастайтын реформаларды жасауға шешім қабылдаған Мемлекет басшысына қолдау көрсету.

Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Мұны ел іргесін шайқалтпай, береке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асыруымыз керек.

Алдағы ортақ мақсатқа жетудегі ұйымшылыдығымыз, бірлігіміз арта берсін. Баршаңызға амандық тілеймін, қиындықты бірге еңсерейік.

 

Бекет Төлегенұлы АХМЕТОВ,

«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихаттың VII шақырылым депутаты, аудандық мәслихат хатшысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Александр Сергеевич Данилов Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі.

Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған.

Сондай-ақ жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды. 2020 жылдың шілде айынан бастап Stopfake.kz жобасының жетекшісі болды.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет