Жұма, 24 Желтоқсан 2021 14:04

Аудан тұрғындарына хабарландыру

Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы № 333-VІ ҚРЗ Заңының 2 таруының бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібінің 2 тармағына сәйкес жергілікті атқарушы органға бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарлама немесе келісуді алу туралы өтініш беру керектігі айтылған және жоғарыда аталған заңының 10 бабындағы 1 тармағындағы көрсетілген пикеттеу, жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушы жергілікті атқарушы органға өткізілетін күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қағаз жеткізгіште немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында беру керек.
Сонымен қатар 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 68-200 Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының шешімінің негізінде Еңбекшіқазақ ауданында  бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар қарастырылған.
Осыған орай наразылық білдіріп, рұқсат етілмеген бейбіт жиналыстар ұйымдастырып, Заңсыз әрекет жасамауға шақырамыз.

 

Еңбекшіқазақ аудандық прокуратурасы

___________

 

Объявление жителям района!
В соответствии с пунктом 2 Порядка организации и проведения мирных собраний главы 2 Закона Республики Казахстан «О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан» от 25 мая 2020 года № 333-VІ ЗРК в местный исполнительный орган необходимо подать уведомление о проведении мирных собраний или заявление о получении согласования и провести пикетирование, собрание, указанное в пункте 1 статьи 10 вышеназванного закона, уведомление о проведении мирных собраний в форме митинга должно быть передано в местный исполнительный орган в срок не позднее пяти рабочих дней до даты проведения на бумажном носителе или в форме электронного документа, удостоверенного посредством электронной цифровой подписи.
Кроме того, на основании решения Енбекшиказахского районного маслихата от 28 сентября 2020 года № 68-200 в Енбекшиказахском районе предусмотрены специальные места для организации и проведения мирных собраний.
В связи с этим призываем  не устраивать несанкционированные мирные собрания и не совершать противоправных действий.

 

Прокуратура Енбекшиказахского района

Жұма, 24 Желтоқсан 2021 11:46

Салауатты өмір салтын ұстан!

Адамның ең үлкен байлығы – денсаулық. Ал денсаулық кепілі – салауатты өмір салты. Сондықтан да басты байлығымыздан айырылып қалмау үшін салауатты өмір салтын кішкентайымыздан ұстанғанымыз абзал.

Осы қағиданы ескере отырып, Көктөбе орта мектебінің 8 сыныптары арасында «Салауатты өмір салты» атты байқау өткіздім. Оқушылар сыныптарымен екі топқа бөлініп, байқауға тыңғылықты қатысты. Тақырыпқа сай түрлі тапсырмалар беріліп, ойындар ойнатылды. Адам денсаулығының қаншалық маңызды екенін, зиянды әдеттерден аулақ болу, жеке бас гигиенасын сақтау, тазалыққа көңіл бөлу, дұрыс тамақтану, дәрумендер, спортпен шұғылдану сынды салауатты өмір салтын ұстанудың негізгі ережелері жайлы жан-жақты айтылып, оқушылар да өз ойларымен бөлісті. Байқауға белсене қатысқан «Дәрумендер» тобы, яғни 8 «А» сынып оқушылары мектеп директоры А.Талқамбаеваның мақтау қағазымен марапатталды. Жарысқа төрелік жасаған мектеп кітапханашысы Баян Жатканбаева мен мұғалімдер:  Бағдат Кожалимова, Жанар Бесимбаева, Бекназ Қарақойшиева балалардың дайындығы мен жалпы байқаудың өту барысына оң бағасын беріп, баршамызды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

 

Айсулув Алимбетова,

биология пәнінің мұғалімі

 

 

Жұма, 24 Желтоқсан 2021 11:17

Спорт – денсаулық кепілі

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Асы ауылдық кругінің Асысаға ауылында ауыл жастарының бастамасымен, әкім аппаратының қолдауымен волейболдан аймақтық жарыс өтті. Барлығы 11 команда қатысып, ойын тартысты болды. Нәтижесінде Ащысай ауылының командасы I орынды иеленді. Қаражота ауылының командасы II орын, Толқын ауылының командасы III орынға ие болды.  Жеңімпаз командалар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталды.

 

Қ.ӘЛТАЙ,

спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушы.

 

Когда в далеком 1999 году воспитанники секции Ялкунжана Садыкова по рукопашному бою стали чемпионами области им дали такое громкое прозвище «есикских самураев». И не напрасно. Далее последовали победы «рукопашников» из Есика в чемпионатах Республики Казахстан, первенствах Азии и Европы. В настоящее время  создана и успешно действует федерация по универсальному бою Алматинской области, которую возглавляет ветеран данного вида спорта, тренер и организатор Ялкунжан Садыков. В октябре  2021 года года  бойцы федерации унибоя Алматинской области добились самых высоких результатов на республиканской арене. На чемпионате Казахстана они завоевали две золотых, две серебряных и три бронзовых медали. А в декабре 2021 года два бойца федерации удостоились званий чемпионов Азии, еще четверо стали призёрами  чемпионата Узбекистана в  г. Ташкенте. Но самого потрясающего успеха казахстанские рукопашники  добились на чемпионате мира по унибою среди детей, юно-шей, молодых мужчин и женщин, состоявшемся 8  – 12 декабря в турецком городе Анталья. Сборная команда Казахстана в составе 49 спортсменов  оспаривала титулы чемпионов мира в поединках с 400 соперниками из  32-х стран мира. Наши  мастера унибоя вошли в число лучших из лучших. Удостоились званий чемпионов мира  Муратулы Айболат,  Дамира Дуйсенбаева, Алмат Тенизбаев, Равхат Зерипов,  Расул Турганданов, Алияр Камирдинов, Ильхам Гаппаров, Муталип Ширин,  Серик Бекзатхан,  Фарух Муталипов,  Изимжан Муталипов,  Курванжан  Садыков, Нурамет Сраждинов.  Они стали обладателями  золотых медалей. Благодаря  высочайшей физической и волевой подготовке  членов сборной на мировом чемпионате 13 раз первым поднимался флаг нашего государства и  звучал гимн Республики Казахстан.

Говорит президент областной фе-дерации  унибоя  Ялкунжан Садыков:                    

– Свою победу мы посвящаем 30-летию Независимости нашей Родины. Видимо, Ангелы услышали меня, и помогли исполнить наши мечты, достигнуть такого уровня, какой лет 20 тому назад казался нереальным. Я бы хотел немного остановиться на значении универсального  боя – это военизированный многопрофильный вид спорта, где изначально надо преодолеть сложную полосу препятствий, уметь стрелять по цели из пистолета и метать спортивные ножи. Кульминация многоборья – два раунда боя с соперником, где используются приёмы бокса, каратэ и борьбы. Участникам контактного поединка необходимо проявлять максимум силы духа и мужества: баллы оцениваются только за акцентированные удары ногами, руками и амплитудные броски с применением болевых и удушающих приёмов.  Реалии таковы, что для спортсменов возможность продемонстрировать бойцовские качества и пополнить копилку спортивных достижений зависит от финансирования поездок на соревнования.  Пользуясь случаем, я бы хотел выразить свою благодарность начальнику управления спорта Алматинской области Нурбахыту Молдахметовичу Тенизбаеву. Он пошел нам навстречу и  выделил средства федерации унибоя для участия в соревнованиях. Я искренне рад, что мы оправдали доверие областного управления спорта. Так же я хотел бы поблагодарить наших спонсоров в лице главы крестьянского хозяйства  Алымжана Садыкова из села Амангельды и частного предпринимателя Тлека Бавдинова, жителя с.Кайрат Талгарского района, которые показали, что они являются настоящими патриотами спорта и оказали финансовую поддержку федерации универсального боя.

И.ВИКТОРОВ

Жұма, 24 Желтоқсан 2021 10:47

Ұлағатты ұстаз

Ұстаз болу әркімнің  қолынан келе бермейді. Тарыдай  болып  мектеп  табалдырығын аттаған бір-бір үйдің еркесі болып табылатын балаларымыздың  еркелігін  көтеретін де,  білім  нәрін сусындататын да, сүйіспеншілікке баурап өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де – ұстаз. «Адамның  адамшылығы – жақсы ұстаздан» деп хакім Абай айтқандай, мақаламыз Көктөбе орта мектебінің ұлағатты ұстазы Абикенова Кульмира Мырқасымқызы жайлы болмақ.

Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға. Кульмира  Мырқасымқызы 38 жыл еңбек өтілі бар ардагер ұстаз. Кульмира апайдың білімімен сусындаған балаларымыз биыл бастауышпен қоштасып, 5-сыныпқа қадам басты. Өзінің тәжірибесі мен білімі, қабілетінің арқасында Мерей Есімбек, Аянат Бақытжан, Нұрлан Ербол, Даяна Оңғарова, Аружан Ауесхан, Абылай Рыспеков, Меруерт Даниял, Інжу Хасенбай сынды 8 оқу озатын, Аружан Нұрғайым, Румина Тұяқбай, Айдал Қуралбай, Мирас Смағұл, Санжар Хамза, Карина Жиенбаева, Дидар Мейіржанұлы сынды оқу екпінділерін тәрбиеледі. Оқушылар  мектеп бойынша үлгерімі жағынан жоғарғы көрсеткішке қол жеткізді.

Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Тәуелсіз ел атанып, тіліміздің мәртебесі артып, елдің  болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі үшін өнегелі ұстаз Кульмира Абике-новаға алғысымыз  шексіз.  5 «Ә» сынып ата-аналарының  атынан ұлағатты ұстазға зор денсаулық, еңбегіне табыс тілейміз.

Зауре АБДИГАНИЕВА.

Бейсенбі, 23 Желтоқсан 2021 17:30

Пәндік онкүндіктің орны бөлек

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың математика мен физика пәндерінен  біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде.

Себебі математикалық білімі мықты, компьютерлік сауатты жоғары, әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту, оны дамытудың барлық мәселелерін шешетін дайын, әрі керемет әдістеме болуы мүмкін емес. Оқушылардың бойында  білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше  іздену, жаңашылдыққа ұмтылу  қасиеттерін тәрбиелеу сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.

Осындай жұмыстың маңызды бір бағыты – пәндік онкүндік. 2021 жылдың 23.11-05.12 күндері аралығында «Д.А.Қонаев атындағы орта мектеп» КММ-де математика, информатика және физика пәндер онкүндігі өтті. Онкүндіктің мақсаты: Мұғалімдердің педагогогикалық және  кәсіби шеберлігін, құзырлылығын және сабақ беру әдістемесін үздіксіз жетілдіру арқылы оқушылардың сапалы білім алуына, шығармашылық деңгейінің жоғары сатыға жетуіне ықпал ету.

Қазіргі кезде сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын, білім алушылардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кең, әрі терең ойлауға қабілетті болуын талап етеді.Сондықтан мектебімізде өткен онкүндік барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті. Соның ішінде интеллектуалды сайыстар, кештер, қабырға газеті сайысы, олимпиадалар, сыныптан тыс іс-шаралар оқушылардың математика, физика және информатика пәндеріне  қызығушыылығын одан әрі арттыра түсті. Атап айтар болсақ, математика пәнінен – «Логикалық есептер сайысы» 5-7 сыныптар, физика пәні мұғалі Ж.Буданова 11 сыныптар арасында «Что? Где? Когда?» ойнын өткізсе, жас маман Б.Кабдиева «XI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысын ұйымдастырды. 9-10 сыныптар арасында «Математикалқ дода», жас мамандар арасында «Миф және Спорт» атты байқаулар өтті. Іс-шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика  мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын  көрсетіп, қосымша білім де алды.

Жоғарыда аталған іс-шараларды өткізуде «Ұстаздың еңбегі шығармашылықтан тұрады» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, әр оқушы қазақ елін дамытушы, әлемдегі дамыған елдермен тепе-теңдікке жетуге ат салушы тұлға екенін ашып, бағыттады. Онкүндік барысында  «Жанашырлыққа жан риза» деген ұстанымды жалау етіп, мектебіміздің директоры Р.Ахметованың ұйымдасыруымен математика, физика және информатика пәндері бірлестігінің мұғалімдері 11 сынып оқушыларымен бірге Есік қаласында орналасқан отбасылық үлгідегі «Есеновтер» балалар үйіне арнайы келіп, балалардың жағдайымен танысып, сыйлықтарын табыстады. Ұстаздардың қайырымдылық ісі мектебіміздегі ерекше білімді қажет ететін оқушыларға жаңа жылдық сыйлық жасаумен жалғасын тапты. Қорыта келе айтарым, ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері және қоғам, халық өзінің үміті, болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Ұстаз әрі ғалым, әрі шешен, әрі көшбасшы бола білсе ғана алдында отырған шәкірті білімді, болашақта ел тұтқасын берік ұстар азамат болады. Осындай ұстаздары бар Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев мектебінің оқушылары  келешекте ел қамын күйттейтін, қайырымды бо­луға барынша тырысатын ұлағатты ұрпақ болып ер жетері даусыз.

 

Г.Абдуманап,

Д.Қонаев атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі

Бейсенбі, 23 Желтоқсан 2021 17:30

Үздік кәсіподақ көшбасшысы анықталды

«Алматы облысы білім беру мекемелер  қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік  одағы» қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық комитеті филиалының жылдық жоспарына сәйкес «Білім берудегі үздік кәсіподақ көшбасшысы» аудандық  байқауы  өтті.

Байқаудың негізгі мақсаты – Еңбекшіқазақ ауданы білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының шығармашылықпен жұмыс жасайтын төрағаларын анықтау, қазіргі заманғы жағдайларда кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау тәжірибесін таратып, кәсіподақ ұйымдары жетекшілерінің беделін көтеру, ұйымның ұжымдық шартында бекітілген қосымша әлеуметтік кепілдіктер деңгейі, оның орындалуын бақылау, ұжымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге қатысу және еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, құқықтық көмек көрсету, ұйымда келісу комиссиясының болуы және педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау болды.

Аталған байқау алдын-ала белгіленген ережемен жүргізілді. Бірінші кезеңде  байқауға қатысу-шы комиссияға негізгі жұмыс бағыттары бойынша «Портфолио» түріндегі кәсіподақ жетекшісі мен кәсіподақ ұйымының қызметі туралы материалдар ұсынды. Екінші кезеңде байқауға қатысушылар еңбек заңнамасы бойынша тестілеуден өтті. Байқау  барысында  ереже  талаптары қатаң сақталды. Шара соңында әр  кезеңнің жалпы  ұпайлары  қосылып, қорытынды  балдары  шығарылды. Қазылар алқасының  шешіміне сәйкес,  І орынды көп жылдан бері кәсіподақ төрайымы қызметін абыроймен атқарып жүрген Екпінді негізгі орта  мектебінің  кәсіподақ төрайымы Ольга Умурзакова иеленді. Сайланғанына аз уақыт болса да, тапқырлығын көрсеткен Ш.Уәлиханов  атындағы орта мектебінің кәсіподақ төрайымы Мирхан Искакова II орынды және Р.Тоқатаев атындағы орта  мектебінің кәсіподақ төрағасы Ерғалым Өміржан III орынды еншіледі. Байқау соңында жүлделі орын алған барлық қатысушыларға мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар табысталды.

Кәсіподақ қай уақытта да еңбек адамымен бірге. Сондықтан кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғаудағы, еңбек заңдылықтарының орындалуын бақылаудағы ауқымды жұмыс жүйелі жалғаса бермек.

Анар КУЛЕНОВА,

«Алматы облысы білім беру мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік  одағы»

қоғамдық бірлестігінің Еңбекшіқазақ аудандық комитеті филиалының заңгері.

Бейсенбі, 23 Желтоқсан 2021 17:02

Ел аманаты ерекше назарда

 

Тәуелсіздіктің орда бұзар деп жас жігітке айтатын отыз жылында өтпелі кезеңнен бергі уақыттан бері басынан өткеріп, білім беру жүйесін тікелей басқарған әкімнің орынбасары қызметін атқарып, ішкі саясат, білім, мәдениет, өнер, спорт, салаларын бағыттап бағдарлау деген күрделі жұмыстарды ойдағыдай орындаған Бекет Төлегенұлы Ахметов бүгінгі күндері тұрғындардың сайланбалы органы аудандық мәслихаттың хатшысы лауазымында. Төмендегі мақалаТәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында дайындалған.    

«Тәуелсіздік – Қазақ үшін ғажап құт, ғажап құтқа жүрмейді енді мазақ түк. Бөрі мінез Бабалардың арманы – айналайын, алтын қанат – Азаттық!» демекші, біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік. Тәуелсіздікпен бірге еліміз Мәңгілік мұраттарға қол жеткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы айтпақшы: «Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін көрсететін маңызды белес».

Бүгінгі таңда Алаш жұртының асқақ айбары мен ұлы дала аманатын арқалаған қазақ ұлтының ұлы тұғыры – «Мәңгілік еліміз» үшін азаттықтың арайлы таңынан бері тәу етер киемізге айналған Тәуелсіздіктің жаңа жылнамасы, егемен-дігіміздің төртінші онжылдығына қадам басудамыз.

Көш-керуенін жарқын болашаққа бағыттаған еліміздің 30 жылдық жетістіктерінің тарихи жолына жасампаздық істер мен ізденістер арқау болса, бүгінгі тынысына да сондай екпінді леп тән. Осынау ел тарихындағы айрықша маңызды кезең аралығында біз тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ тұтас  халыққа айналдық.  «Ынтымақты елдің – ырысы мол» дейді дана халқымыз. Расында да,  біз өзіміздің бірлігіміздің арқасында алдымызға қойған мақсат-міндеттерді іске асырып, айқын көзқарас, нақты ұстанымның арқасында мемлекетіміздің тұғырын нығайтып, елдігімізді бекемдеп,  жүз жылға бергісіз жолды артта қалдырдық.

Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары еліміздің  даму бағытын айқындайтын, қоғамдық қатынастарды нығайтатын сан салалы  реформаларды жүзеге асырды. Кезең-кезеңімен жүргізілген тұрақты саясаттың арқасында біз бүгінгі белеске көтерілдік. Қуатты елге айналып отырған Қазақстан азаматтары үшін аспанымыз ашық, көк байрағымыз асқақ болғаннан артық мәртебе жоқ.

Еліміз жүріп өткен даңғыл жолдың, осы бір жетістіктерінің негізінде сан алуан айшықты қолтаңбалар жатыр. Осы күнге дейін мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі жолында қаншама игілікті жұмыстар атқарылды. Алға қойған жоспарларымыз да ұшан теңіз. Сондықтан да ел дамуының әрбір кезеңінде айқын мақсат қойып, оған жетудің нақты жолдарын белгілеп,  оны орындауға жұдырықтай жұмылу –  баршамыз үшін ортақ міндет.

Осы бір тұста жергілікті өкілді органдар – мәслихаттардың өзіндік орны мен қосқан сүбелі үлесі бар екендігі сөзсіз. Бұл мерзім аралығында облыстық, аудандық мәслихат депутаттары жергілікті жерлерде тұрғындар үшін маңызды біраз істің басын қайырып, елдің мұң-мұқтажын тыңдап, экономикалық-әлеуметік мәселелерді шешуге ат салысуда.

Өздеріңіз білетіндей, Еңбекшіқазақ – Алматы облысындағы ірі аудан. Қойнауы – құт, елі – жайсаң  бұл  өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жалпы облыстың ғарыштап алға басуына сенімді үлес қосуда. Шымын тартсаң – шырыны, түгін тартсаң – түбіті шығатын ырысты жерде бүгінгі күні заман талабына сай кешенді ауыл шаруашылық, өндірістік кәсіпорындар, шағын және орта  бизнес салалары нәтижелі жұмыс істеуде.

Сондай-ақ қазіргі таңда билікке деген сенімділіктің деңгейі нақты нәтижелермен тікелей байланыстырылатыны баршамызға аян. Сондықтан да халқымыздың келешегі үшін қажет жүкті жұмыла көтерсе ғана жеңіл болады. Осыған орай, аудан әкімі Әлібек Әскербекұлымен бірлесе отырып, аудандық атқарушы органдар мен мәслихат аудан игілігіне бағытталған ортақ жұмысымызда жаңа міндеттер және зор мақсаттар қойдық. Осы асулар мен белестерді ерекше қарқынмен жоспарлы түрде бағындырып келеміз.

Өздеріңізге белгілі, 2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтті.  Науқан қорытындысы бойынша жалпы дауыс беру нәтижесінде 3 саяси партия қажетті ең төменгі шекті 7 пайызды еңсерді:  «Nur Otan» партиясы 84,57%, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 7,83%, Қазақстан Халық партиясы 7,43%. Осылайша, «Nur Otan» партиясынан 21 адам, «Ауыл» және Қазақстан Халық партияларынан 2 адамнан мүшелер партиялық тізім бойынша ұсынылып, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының VІІ шақырылымының депутаты атанды. Депутаттық құрам 84 %-ға жаңарды.

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VІІ шақырылымының депутаты атанған 25 азамат өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін ілкімді істердің тамырына бойлап, сыбана еңбек еткеніне де, міне, бір жылға жуық уақыт өтті.

Халықтың қалаулысы болу аса жоғары жауапкершілік екенін біз жақсы түсінеміз. Сондықтан бүгінгі VІІ шақырылым мәслихатының барлық бағдарлы қызметі тұрғындардың сенімін ақтап,  халық пен билік арасындағы «алтын көпір» деген атқа лайықты болуға бағытталып отыр.

Осы аралықтағы үзіліссіз жүргізілген жұмыстардың арқасында, бізге берілген барлық мүмкіндіктерді қажетінше ұтымды пайдалана отырып, мәслихат жұмысының сапасын жақсартуға бағытталған оңды өзгерістер, жаңа бағыттар мен тиімді әдістерді қолдану есебінен бірқатар игі нәтижелерге қол жетізе алдық. Қазіргі таңда  мәслихаттың, мәслихат аппаратының және мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын барынша ықпалды түрде атқаруға басты көңіл бөлі-нуде. Аудандық мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялар бөлінген бюджет қаражаттарының тиімді және мақсатты жұмсалуы бойынша бақылау жұмыстарын күшейтуде.

Сайлауалды бағдарламаның орындалуын барынша қамтамасыз ету үшін «Еңбекшіқазақ ауданының 2021-2025 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасы: жол картасы» әзірленіп, мәслихатпен бекітілді. Соның нәтижесінде аудан дамуының негізгі бағыттарын айқындауға,  осы мерзім ішінде алға қойған міндеттерді сенімді орындаумен қатар, оның сапасына да айрықша көңіл бөлінген. 

Сондықтан сайлауалды бағдарламаны іске асырудың жол картасындағы көзделген индикаторлар көрсеткіштерін толық және нәтижелі орындауға бағыттауға баса назар аударылуда.

Бұдан бөлек, әрбір депутат өзінің депутаттық қызметінің барысы туралы сайлаушыларына хабарлап қана қоймай, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы жалпы қоғамды ақпараттандыруда белсенділік танытуда. Мәслихат депутаттары негізінен халықпен тікелей байланыста болатындығын ескерсек, олардың жұмысының барынша ашық әрі қолжетімді болуы өзара сенімділік үлгілерін қалыптастыруға жол ашып, қоғаммен тығыз байланыстыратындығы сөзсіз.

Әрбір мәслихат депутаты Есік қаласы мен ауылдық округтерге бекітіліп, қызметінің белсенділігін анықтау мақсатында рейтингтік карта дайындады. Сонымен бірге арнайы ақпараттық әдістеме әзірленіп, оларды өз қызметіне пайдалануына жағдай жасалуда.

Сессия – мәслихат қызметінің негізгі нысаны. Бұл тұрғыдан ағымдағы жылы аудандық мәслихат өз өкілеттілігінің шеңберінде 12 сессия отырысын өткізіп, аудан бюджетінің қалыптасуы мен атқарылуы, ауданымыздың саяси, экономикалық-әлеуметтік, мәдени дамуына негізделген тиісті салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы есептерді, басқа әртүрлі маңызды мәселелерді қарастыра отырып, 60 шешім қабылдады. Бұдан бөлек, жалпыға бірдей маңызы бар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты мәслихат тарапынан қабылданған 17 нормативтік-құқықтық акт қолданыста. Оларға үнемі талдау жасалып отырады.

Сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерінің іске асыруына және бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін мәслихатта 4 тұрақты комиссия құрылған. Комиссия отырыстарында жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігі мен олардың деңгейін анықтауға бағытталған есептері сараланып, ол жөнінде мониторинг жүргізіледі. Бүгінгі таңда тұрақты комиссиялардың жалпы 10 отырысы өтіп, онда аудан тұрғындарының тарапынан түскен сұраныстарға сәйкес өзекті мәселелер қарастырылып, қаулылар қабылданды. Сонымен қатар аудан әкімдігінің ғимаратында да депутаттық қызметті іске асыруға арналған «депутат бөлмесі» ашылды. Онда мәслихат депутаты азаматтарды онлайн немесе офлайн қабылдауды, депутаттық қызметіне қатысты жұмыстарды жүргізе алады.

Бұдан бөлек аудандық мәслихат аппаратының жанынан арнайы тұрақты жұмыс тобы құрылды. Ол жыл бойы елді мекендерге шығып, тұрғындармен «ашық  алаң» үлгісіндегі кездесулер өткізіп, түйіткілді  мәселелерді анықтап, оған талдау жасайды. Есепті кезеңде бекітілген кестеге сәйкес 4 шығу жұмыстары ұйымдастырылып, аудандағы 80 елді мекен толықтай қамтылып, 150-ден астам кездесу өтті, қорытындысында 300-ден астам мәселе қозғалды.

Тұрғындар тарапынан түскен маңызды ұсыныс пен талап-тілектер бойынша тиісті мекемелерге 24 сауал жолданды. Аудандық сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі жол картасы  22 көрсеткіш пен 318 іс-шарадан тұрады. 2021 жылы аталған бағдарламаның негізгі 7 бағыты аясында 82 іс-шараға қол жеткізу жоспарланған, бұл жалпы көрсеткіштің 18,9%-ын құрайды. Мысалы, энергетикалық қауіпсіздік және жаңартылатын энергия көздерін  іске қосу  жолында  Масақ округінде «ВЭС Нұрлы» серіктестігі құны 1 млрд.546 млн.тенге болатын, қуаты 4,5 мегаватт жел электростанциясын іске қосты. Осы бағытта «Жерұйық Энерго» серіктестігі бүгінгі күні қуаттылығы 50 мегаватт жел электр станциясының құрылысын жүргізуде. Жыл басынан бері 8 жоба іске асырылды, оның ішінде 2260 басқа арналған 3 мал бордақылау алаңы, сыйымдылығы 3600 тонна жеміс сақтайтын қойма іске қосылды, 245 га алқапқа  интенсивті бақ отырғызылды. Нәтижесінде 105  тұрақты, 270 маусымды жұмыс орны құрылды. Жалпы, 2021 жылдың 11 айында 4607 жұмыс орны, оның ішінде 2709 тұрақты жұмыс орны құрылған болатын.

«Бизнестің жол картасы», «Еңбек» бағдарламалары шеңберінде және «Даму» Қорының кәсіпкерлікті қолдауға бөлінген 3,3 млрд. теңге, шағын орта бизнестегі  көрсеткіштердің өсуіне үлкен әсерін тигізді.

Жыл басынан «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы  аясында 73  жобаға - 2 млрд.733 млн. теңге бөлінсе, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 15 жоба 4517,0 млн.теңге өткен.

Есік  қаласындағы  60 пәтерлік  2 тұрғын үй  және Шелек ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйлердің  құрылысы, Шелек ауылыныңа 237 га және Ақши ауылының 90 га жер учаскесіне жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдары жүргізілуде. 

Дегенмен де, әр  кезең,  кез  келген сәт  өзінің  тарихи  жүгі мен  әлеуметтік  аманатын  арқалай  келетіні белгілі. Баршамыз үшін коронавирус пандемиясы мен жаһандық экономикалық дағдарыс елеулі сынақ болды. Дегенмен, тұрғындар бізге қашанда зор сенім артады. Сондықтан да жаһандық дағдарыс кезінде ел аманатына ерекше көңіл бөлуіміз керек. Алты алаштың дарасы Ахмет Байтұрсынұлы «Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға күш керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек!» деген еді. Сондықтан да алдағы жылдар біздің өңіріміз, жалпы бүкіл әлем жұртшылығы мен еліміз үшін үлкен өзгерістер жылы болмақ. Еліміздің дамуы мен халқымыздың амандығы – бағытты, жүйелі әрі табанды шараларға және біздің тұрақтылығымыздың тұғыры бірлігімізге байланысты. Олай болса, елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы, һәм дара Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай! Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын! Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы құтты болсын!

 

Бекет АХМЕТОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат хатшысы

Бейсенбі, 23 Желтоқсан 2021 15:53

Бірлік бар жерде тірлік бар

Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес этносаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Наталья Дементьева мен Вакиль Набиев Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде кездесу өткізді.   

Кездесуге жастар, қоғамдық пікір жетекшілері, қоғамдық келісім кеңестерінің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелері, бiлiм беру, үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері, белсенді блогерлер, діни қызметкерлер қатысты. Жиынды «Nur Otan» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев жүргізді.

Алғашқы болып баяндама жасаған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов аудандағы этносаралық қатынастарды нығайту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

– Ауданымыздағы 300 мыңнан астам тұрғын еліміздің ертеңі, жарқын болашағы үшін бас қосып, елдік пен бірліктің туын көтеріп, халқымыздың бақ-дәулетін асырып келеді. Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстанның даму негізі бірлікте – деді М.Исламов.

Бөлім басшысының айтуынша, ағымдағы жылы аудан әкімдігіне әртүрлі наразылық акцияларын өткізу бойынша арыздар  түспеген. Ауданның ішкі қоғамдық-саяси жағдайы тұрақты. Мемлекеттің тұтастығын сақтаудағы негізгі тұтқалардың бірі – этносаралық татулық, өзара келісім, ынтымақ пен бірлік ішкі саясаттағы басты бағыт ретінде қарастырылған. Осы орайда, Еңбекшіқазақ ауданындағы этносаралық татулық пен тұрақтылыққа өз үлесін қосып жүрген 5 этно мәдени бірлестік (ұйғыр, славян, грек, шешен-ингуш, түрік) пен 3 клуб (күрд, кәріс, татар) қызмет атқаруда. Ауданымыздағы 25 ауылдық округ пен Есік қаласында 302 мың 300 адам тұрады. Статистикалық деректер бойынша ауданда 54 ұлт пен ұлыс өкілі бар. Оның 60 пайызға жуығы қазақтар болса, қалғаны түрлі ұлт өкілдері. Бірнеше этностар тұратын елді мекендерде шиеленіс ошағының туындау ықтималдығының деңгейі үнемі жергілікті атқарушы органдардың тарапынан қатаң бақылауда.

Кездесуде сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Наталья Дементьевамен Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Вакиль Набиев 30 жылда жеткен жетістіктерге қысқаша шолу жасап, осыншама еңбектің ұйытқысы болған Елбасының ерен еңбегіне тоқталды. Қысқа уақыт ішінде еліміз бағындырған белестерді тебірене толғаған Наталья Дементьева мемлекеттік тілде баяндама жасады.

– Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл. Бұл мерзім адам өмірімен есептегенде де, тарихи тұрғыдан алып қарағанда да көп уақыт емес. Бірақ осы қысқа мерзім ішінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген Қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды.

Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономика-мыз нарықтық жолға түсті. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Бірақ та тәуелсіздіктің алғашқы жылдары беделді халықаралық сарапшылар және саясаттанушылар Қазақстанның этностық және діни қақтығыстар салдарынан ыдырап кетуі мүмкін деген болжамдар айтқан. Алайда, бұл пессимистік болжамдар орындалған жоқ. Көпэтносты Қазақстан үшін тұрақтылықты, этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізудің негізгі міндеті болды. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың саяси ерік-жігері халықтың бірлігін қамтамасыз етуге бағытталды. Бұл саясаттың өмірде іске асырылуы қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделінде көрініс тауып, халықаралық тұрғыдан мойындалды. Еліміздің басты заңы – ҚР Конституциясында этносаралық және конфессияаралық қатынастар туралы норма бар, онда: «Біз, Қазақстан халқы» деген сөзбен басталып, бұл әуел бастан-ақ елдің барлық азаматтарының ортақ идеясын білдіру үшін жазылған. Ата Заңның 1-бабында барлық азаматтардың, олардың ұлтының қандай екеніне қарамастан құқықтары және бостандықтарының теңдігі бекітілген. Осылайша біздің еліміз әу бастан-ақ мәдениеттердің, тілдердің, халық дәстүрлерінің алуын түрлілігі мойындала отырып, азаматтық қоғам құру жолын таңдады – деген Наталья Григорьевна жиылған көпшілікті мерекемен құттықтады.

Алматы облысы ішкі саясат басқармасы этносаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің бас маманы Әбілқайыр Әбенұлы көпшілікті мерекемен құттықтады. Ұлтаралық татулықты насихаттау мақсатында ел аралап жүрген халық қалаулылары осы бағытта талмай еңбек етіп жүрген аудандық этно-мәдени орталық жетекшілері мен мүшелері Надо Надыров, Савели Карасавиди, Зоя Магомадова, Нурбуви Насырованы Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Алғыс хатпен марапаттады.

Сардарбек НҰРАДИН.

Сәрсенбі, 22 Желтоқсан 2021 12:16

Ел бақытын тербеткен – Тәуелсіздік

Жақында Көктөбе орта мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойына арналған мерекелік кеш өтті. Кешті мектеп директоры Айжан Талқанбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Агатаева, Гаухар Катабасова мен география, тарих пәнінің мұғалімі Айнагуль Шыныбаева ұйымдастырып, аудан желтоқсаншыларын қонаққа шақырды.

Мерекелік шара  шымылдығы желтоқсан құрбандарын еске алу – үнсіздік жарялаумен және мемлекетіміздің Гимнімен ашылды. Шараға қатысқан Жандос Жұмадинов, Жанат Атабаев, Ұлбосын Сейітказиева, Жұпар Жұмадилова сынды желтоқсаншылар бастан өткен оқиғаларымен бөлісіп, оқушыларға тілек-алғыстарын айтты. Жанға жара салатын  естіліктер ақтарылған кештің соңы көңілді концертке ұласты. Желтоқсаншыларды марапаттау сәті Т.Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде  жалғасты, Тұрсынхан Рыскулова, Раушан Искакова, Айгул Умтилдаева, Сапаргул Ботантаева, Әлия Бүрлібаева, Жамила Арыстанбекова, Бибігуль Қашқынбаева, Елдос Мамадилов, Жұпар Қуанышқалиева, Марал Сырымбаева, Альжан Суюнчалиев, Ұлан Далабаев, Жұмақадыр Алиев, Асем Шорманова, Марал Срымбаева,  алғыс  хатқа  ие  болды. Тоталитарлық  кеңес одағының  іргетасын шайқалтқан желтоқсан көтерілісіне қатысқан Ұлболсын Сейітказиева мен бірнеше желтоқсаншыға Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған мерекелік  медаль  табысталды.  Егемендік үшін  күрескен   ел азаматтары   қашанда  ел есінде  қалатыны сөзсіз.

 

                        Айгүл  КӘДІРБАЙҚЫЗЫ.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет