Дүйсенбі, 13 Желтоқсан 2021 17:23

Мен және менің мамандығым

Жақында «Көктөбе орта мектебінде» 9 сынып оқушылары арасында «Менің болашақ мамандығым» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараны мектептің тәрбие ісінің меңгерушілерімен бірге 9 сыныптар арасында ұйымдастырдық. Дөңгелек үстелге аудандық ІІБ-нің тергеу маманы Меруерт Нурбаева мен «Салық төлеушілердің ақпаратын қабылдау және өңдеу және салық тіркеу орталығы» бөлімнің жетекші маманы Тұрар Шайки  қонаққа келіп, бітіруші түлектермен өзара ой бөлісті. Кездесу барысында мектеп психологі Б.Қарақойшиева тренинг өткізіді. Оқушылар қонақтардың ақыл-кеңестерін тыңдай отырып, көкейінде жүрген сұрақтарына жауап ала білді. Шара соңында қонақтарға Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай арнайы кітаптар сыйға тартып, оқушылар шығармашылық өнерлерін көрсетті.   

         Жанар Бесимбаева

9 «ә» сынып жетекшісі

Дүйсенбі, 13 Желтоқсан 2021 12:08

Академ-демалысты қалай алады?

Қазақстанда жоғарғы оқу орындарының, кәсіптік училище мен колледждердің студенттері дәлелді себептермен 6 айдан 3 жылға дейін академиялық демалыс ала алады.

Әдетте академ-демалыс ұзақ уақыт емделу қажет болғанда, бала күтіміне байланысты немесе әскерге шақырылғанда сұралады. Бұл қызметті студент өзі оқитын оқу орнында ғана емес, ХҚО арқылы да рәсімдеуге болатынын көп адамдар біле бермейді.

ХҚО-ға жүгінгенде өзімен бірге жеке куәлік, өтініш және студенттің демалыс алу себебін растайтын медициналық комиссияның қорытындысы, әскерге шақыру қағазы немесе баланың туу туралы куәлігі секілді құжаттар керек.

Қызмет тегін және 2 жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

 

****


Как студентам взять академический отпуск в Казахстане?

Студенты вузов, профессиональных училищ и колледжей при определенных обстоятельствах может оформить академический отпуск сроком от 6 месяцев до 3 лет. Чаще всего такой отпуск берут при рождении ребенка, длительного лечения или призыва на военную службу.

Обычно такая услуга оформляется в учебном заведении, где числится студент. Но мало кто знает, что оформить "академ" можно и через ЦОН.

При обращении в ЦОН при себе нужно иметь удостоверение личности, заявление и документ, подтверждающий причину, по которой студент берет отпуск.

Это может быть заключение медицинской комиссии, повестка о призыве на военную службу или свидетельство о рождении ребенка.

Услуга бесплатная и оказывается в течение 2 рабочих дней.

 

Отдел Енбекшиказахского района

Филиала РГП ЦОН по Алматинской области

Талдықорған қаласына қараша айының ортасында 16-дан 37 аптаға дейінгі жүктілік кезінде, жасөспірімдер мен босанғаннан кейінгі 42 күннен бастап бала емізетін аналар үшін 46 800 доза мөлшерінде Комирнати (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы әкелінді.
Бүгінгі күні Комирнати вакцинасының бірінші компонентін 8290 жасөспірім алды, сондай-ақ лактация кезеңіндегі 1439 ана мен жүктілік кезінде 550 әйел вакцина алып үлгерді.
Ал, ревакцинациялауға келер болсақ, 22 қарашадан басталған егу жұмыстары өз нәтижесін беруде. Қазіргі кезде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялаудың үшінші кезеңінен 5926 адам өтті, оның ішінде 1432 адам өз бетінше тексерілді, 483 педагог, 60 жастан асқан 191 адам, күш құрылымдарының 85 сондай-ақ, 3561 медицина қызметкері ревкцинациялау курсынан өтіп үлгерді.
Алматы облысы бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін алғандар саны – 880 820. Екінші компонентінті 802 811 тұрғын салдырған.
Айта кетейік, өткен тәулікте Алматы облысында 30 адам КВИ жұқтырғаны анықталды. Соның ішінде Талдықорған қаласында-5, Алакөл және Жамбыл аудандарында -4, Қапшағай қаласында – 3, Панфилов, Сарқан, Талғар және Ұйғыр аудандарында - 2, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Кербұлақ және Көксу аудандарында 1 жағдайдан тіркелді.

9-желтоқсандағы ресми мәліметтер, өңірде 593 адам стационарлық ем қабылдап жатқандығын көрсетуде. Жалпы аймақ ауруханаларындағы төсек-орындар саны 1790-ды құрайды. Оның жүктемесі 33,1 %-дық көрсеткішті құрап отыр.

Халқының бабын тауып, барын берген атқамінерлер, «Бесінші аймақ» тәуелсіз ақпараттық порталының нұсқасы бойынша, лайықты марапаттарына ие болды. Бүгін облыс орталығындағы «Журналистер үйінде» бұқараның базыналы мәселесінің күрмеуін шешіп, түйінін тарқатып жүрген үздік әкімдер тұғырдан табылды.

Еңбегімен ер атанып жүрген әкімдер арасындағы аламан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде жүзеге асты. Ғаламторы ғаламат, желісі жүйрік қоғамда, басшылар арасындағы басты бәсекеде қатысушылардың әлеуметтік желідегі белсенділігі мен тұрғындардың сауалына жылдам жауап беруіне басым назар аударылды.
«Бесінші аймақ» ақпараттық сайтының директоры Анвар Алдашевтің айтуынша, дәл осы ауыл әкімдері мемлекет пен қоғамның коммуникациясында алдыңғы қатарда тұр. Қос тарап «тонның ішкі бауындай» болып біртұтас дамуы, ел дамуының негізгі тетігі болып табылады.
«Бүгін біз байқау жеңімпаздарын ғана емес, мемлекет саясатын ең жақсы түрде жүзеге асыратын табысты басқарушыларды да марапаттаймыз. Жалпы, сәуір айынан бастап дауыс беруге 250 мыңнан астам интернет желісін пайдаланушылар қатысты, бұл бүкіл облыс халқының 10% - дан астамын құрады», - деп бөлісті Анвар Алдашев.
Әлеуметтік желідегі дауыс беру нәтежиелері бойынша, елінің бағын жандыру арқылы өзіде бақытқа кенелген жандар жеңімпаздар қатарынан табылды. Атқарған жұмыстары ел көңілінен шыққан билік иелері бір дегенде бірнеше марапатты қанжығаларына байлады. Солардың бірі, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Рахат ауылдық округінің әкімі Қуат Ақшабаев. Ол «Үздік сумен жабдықтау әкімі», «Электрлендіру бойынша үздік әкім», «Халықпен жұмыс жүргізу жөніндегі үздік әкім» деген үш бірдей аталымда топ жарды.
Ал, «Ауылдық елді мекенді жарықтандыру бойынша үздік әкім» және «Аудан тазалығы мен қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша үздік әкім» номинациясының иесі Еңбекшіқазақ ауданының, Қаратүрік ауылдық округінің әкімі Айбек Ілебай атанды.
Сонымен қатар, «Алматы облысының үздік аудан әкімінің аппараты» номинациясында Көксу ауданы жеңіске жетті.
Саясаттың сұрмергендерінің арасында өтен сайыста, «Алматы облысының әлеуметтік желідегі үздік ауыл әкімі -2021» атағы мен 1-дәрежелі диплом Мәулен Базалиевқа бұйырды. Ол Көксу ауданы, Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.
Ендігіде, әкімдердің рейтингтері республикалық, облыс және ауданішілік болып бөлінетінін болады. Алдағы уақытта әрбір адам AKIMY.KZ жаңа мобильді қосымшасында ақ жағалылардың жұмысының сапасын бағалауға мүмкіндік алады.

Жұма, 10 Желтоқсан 2021 12:19

Дөңгелек үстел өтті

Жуырда «Көктөбе» орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тәрбие ісі меңгерушілерінің ұйымдастыруымен тарих пәнінің мұғалімі Ғазиза Қырбасова 9 сынып оқушылары арасында «Мәңгілік ел идеясы – бірлікке бастар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Шараға Көктөбе орта мектебінің ардагер ұстазы Айша Сүлейменова, ауыл ақсақалы Ағапаша Дуллаев, мектеп директоры Айжан Талқамбаева және ұстаздар қатысты. Дөңгелек үстел мақсаты – «Қазақстан-2050» стратегиясының мақсатын түсіндіру арқылы Мәңгілік ел  идеясының маңызын насихаттау. Жиынға Елбасымыздың қанатты сөздері мен өз ойларын ашық айтып, ой бөліскен оқушылар белсене қатысты. Мектебіміздің 9-сынып оқушылары Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, егемендікке жету жолы туралы ауыл ақсақалдарынан тарихи мәліметтер, әсерлі, ой саларлық ақыл-кеңестер мен көптеген мағлұматтар алды. Оқушылар еліміздің патриоты болып, болашақта еліміздің өркендеуі жолында еңбек етуге уәде берді.

Роза МАХАНОВА,

 Көктөбе орта мектебінің мұғалімі.

Жұма, 10 Желтоқсан 2021 12:15

Тайға таңба басқандай

«Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласында еліміздің Тәуелсіздік алған 30 жылында атқарған жұмыстарды баяндаған Елбасы қазақ елі тарихына бірқатар шолу жасады. «Адамды қандай қиындықтан да аман алып шығатын құдірет еңбек екенін мен сәби кезімнен-ақ сезіндім. Кейінгі жастарға үнемі: «Еңбек ет, отбасыңды асыра, еліңе қызмет қыл: өзің де табысты болып, Отаныңның да қуаты артады» – деп ақылымен бөлісті.

Тәуелсіздікке қол жеткізіп, ең негізгісі оны сақтап қалу, ынтымақ пен ұлтаралық татулықты, бірлікті, ел тыныштығы мен қатар өсіп өркендеу, экономиканы ары қарай дамуды жүзеге асыру оңай емес екендігін тілге тиек еткен Елбасы, «Тәуелсіздікті жариялау оңай емес, оны бүкіл әлемге мойындату одан да қиын еді. Мен Қазақстан тәуелсіздігінің осындай биік деңгейде мойындалуын да алдын ала ойластырып қойған едім» деген сөздері көреген стратег екендігінің дәлелі деп білеміз.

Мақаланы, «Халықтан кім асырып айтқан?! «Диірменнің тасындай дөңгеленген дүние» бір орнында тұрмайтыны белгілі. Президент ауысады, бірақ Тәуелсіздік мәңгілік болуы керек. Әр қазақстандық алдағы уақытта оның тұғырын нықтап, еңсесін тіктеп, абыройын асыруға қызмет етуге тиіс» деген сөздермен қорытындылаған Елбасы, қазақстандықтардың рухын қайрап, бұдан да биік асуларға жету үшін және Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында тынбай еңбек етуге шақырды. 

 

Қуат Байғоджаев,

«Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты.
Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

 

****

Глава государства Касым-Жомарт Токаев прислушался к многочисленным обращениям граждан относительно решения об увеличении пороговых значений пенсионных накоплений.
Значения будут увеличены в результате повышения со следующего года минимальной заработной платы. Как известно, основная задача пенсионной системы – обеспечить необходимый достаточный доход гражданам после выхода на пенсию. В этой связи решение об увеличении порога пенсионных накоплений – шаг в правильном направлении.
Вместе с тем, для поддержки граждан, которые не успели использовать свои сверхнормативные накопления, Президент поручил Правительству продлить сроки действия прежних порогов достаточности до 1 апреля 2022 года.

Ұлттық банк кредит рақымшылығы жарияланғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Кешеден бері әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде «Қазақстанда халықтың несиесі кешіріледі», «Ипотекаға рақымшылық жасалады» деген сарында ақпарат тарап, жұртты дүрліктіріп еді. Осы жайында ҚР Ұлттық банк ресми сайтында: «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақстан Ұлттық банкі азаматтар мен БАҚ өкілдерін тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырады» деген мәлімдеме жасады.

Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Қазақстан Ұлттық банкінің байланыс орталығына хабарласуға болады.

 

mezet

Бейсенбі, 09 Желтоқсан 2021 14:28

Жемқорлық күдігімен ұсталғандар

Биыл елімізде 1,5 мыңнан астам жемқорлық қылмысы тіркеліп, 1280 адам әшкереленген. Бұл туралы ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты.

«Биыл 11 айдың қорытындысы бойынша елімізде 1576 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Ең көбі 3 мегополисте тіркеліп отыр, олар - Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қаласы. Сондай-ақ Түркістан, ШҚО және Жамбыл облыстары да бар. Ал жемқорлық жиі жасалатын салаларға келсек, ол алдымен ауыл шаруашылығы, білім, тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік қамтамасыз ету және денсаулық сақтау. Сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен 1280 адам әшкереленді, оның 159-ы-әртүрлі деңгейдегі басшылар», - деді Марат Ахметжанов.

Агенттік төрағасының мәліметінше, биыл бір вице-министр, 13 әкім және оның орынбасарлары, 4 судья мен 28 облыстық басқарма басшысы жемқорлықпен ұсталды.

«Мемлекет бюджетіне келтірілген 20 млрд теңгеден астам залал өтелді. Бірақ бұл құрғақ сандар шынайы жағдайды көрсетпейді. Биыл жемқорлық ісі өткен жылға қарағанда 34 пайызға азайып отыр. Оның өзіндік себептері бар. Біз бүгінде сыбайлас жемқорлықпен күресте үшбуынды жұмыс жүйесіне көштік. Қазір сыбайлас жемқорлық ісі бойынша күдіктіге қатысты барлық процесуалды шешімдер прокурордың келісімінсіз заңды күшіне енбейді. Тергеудің алғашқы кезеңінен бастап, іс жабылғанша бірнеше сүзгіден өтеді», - дейді ол.

 

mezet

Биылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізілген Ұлттық халық санағының алғашқы нәтижелері белгілі болды.

Президент қабылдауында болған

Премьер-Министр Асқар Маминнің мәліметі бойынша қазақстандықтардың жалпы саны – 19 169 550 адам. Отандастарымыздың 48,71 пайызы – ерлер, 51,29 пайызы – әйелдер.

Қазақстан халқының орта жасы – 31,94 жас деп көрсетілген. Жалпы халықтың 33,97 пайызы – 17 жасқа дейінгі балалар, 19,72 пайызы – 14-28 жас аралығындағы жастар. Еліміздегі қазақтардың үлесі – 70,18 пайызға жеткен.

Халықтың 59,05 пайызы, яғни 11 320 410 адам еңбекке жарамды деп танылған.

 

mezet

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет