Сәрсенбі, 08 Желтоқсан 2021 14:18

Бас құндылығымыз – Тәуелсіздік

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласын жариялады.
«Мен отыз жыл бойы халқымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қайраңға қалдырмай, әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне, дүниедегі ең дамыған 40 елдің қатарына қостым. Осы жылдар ішінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптасты. Жаңа елордамыз салынды. Ең үлкен табысым да, ең үлкен бақытым да осы деп санаймын» деп ел көшбасшысы өзінің Елбасы жұмысының бастау алған сәтінен бастап өткерген қиындыққа толы болған елі мен жері үшін жеткен жетістіктеріне тоқталып, қолдау көрсеткен халықтың үкілеген үмітін абыроймен атқарып жатқандығын айта өтті.
Қасиетті де бас құндылығымыз Тәуелсіздік жылдарында халықтың әлеуметі мен ел экономикасының өсуі, қазіргі таңдағы әр салада жеткен жетістігіміз орта бұзар 30 жылдық Тәуелсіз ел, мемлекет үшін зор жеңіс.
Осы жылдары Елбасының бастамасымен жастарымыз жаһандық жаңа трендтердің қатарында болуы олардың заманынан қалмай білім алулары үшін «Болашақ» бағдарламасы жүзеге асырылды. Қазіргі таңда осы жоба нәтижесінде 15 мыңнан астам жастар өзге ірі мемлекеттерде білім алып, елімізге қызмет ететін мамандарға да Тұңғыш Президент өзінің «үмітімді ақтайды деп сенемін» деген сенімін білдірді.
Мен өз Отанымның патриоты ретінде, еліміздің одан әрі өркендеп, көркейюі ең алдымен халықтың бірлігінде, ынтымағында деп есептеймін.
Тәуелсіздікте бақыт сияқты бағалағанның қолынан кетпейді. Бақытымызды бағалай білейік.

 

Айжан ӘБІТ, 

жастар ресурстық орталығының маманы, 

аудандық мәслихат депутаты

Сәрсенбі, 08 Желтоқсан 2021 13:44

Алтын адамның атамекені

Қазақ қоғамында ықылым заманнан бабалар мұрасын, салт-санасын, әдеби туындылары мен дәстүрлі өнерін білу, сақтау, ұрпақ бойына сіңіру аса маңызды ұстанымдардың бірі деп санаған. Ал бүгінгі  жаһандану заманында еліміздің тарихы мен айбарын халыққа танытып, тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы жоспарлар мен істерді ел ішіне жеткізу маңызды да жауапты міндеттің бірі болып отыр. Осы орайда халқымыздың ғасырлардан тамыр тартатын өткенін, яғни, отандастарымызға, кейінгі ұрпаққа таратуда музейлердің маңызы зор.

Музей – ғылыми, мәдени-тарихи орталық. Музейлер – бірнеше дәуірдің тарихын, этнографиясын, тарихи тұлғаларын, өнерін жинақы түрде ұрпақтан ұрпаққа жалғап отыратын институт. Бүгінде Есік археологиялық өлкетану музейі де өңірдің өткенінен сыр шертіп, халықтың қазынасын байытып, аудан руханиятына өзіндік үлес қосып келеді. Есік археологиялық өлкетану музейінің шаңырақ көтеруі тәуелсіздік жылдарымен тұспа-тұс келді. Ең әуелі Есік қаласында 1992 жылы  белгілі археолог Бекмұханбет Нұрмұханбетовтің ұйымдастыруымен орталық дәріханада  «Археология» деген үлкен бөлме ашылды. Аталған бөлмеге Б.Нұрмұханбетовтің қазба жұмыстарынан шыққан жәдігерлері және «Алтын адам» макеті қойылды. Ондағы мақсат қала, аудан тұрғындарына сақ дәуіріндегі тарихымызды жеткізу, насихаттау болатын. 1992 жылы 13 тамызда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Алтын адамның атамекені Есік қаласына арнайы іс-сапарымен келді. Сол сапарында Елбасымыз алтын адам шыққан жерді көзбен  көрді. Сонымен қоса Тұңғыш приздентіміз  «Халқымыздың көне тарихын келер ұрпаққа жеткізуге, қызмет істеп жүрген отандастарыма зор рақмет!» – деп ізгі тілегін жазып қалдырған еді. Сөйтіп, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен, Алматы облысының әкімі А. Есімовтің шешімімен 1993 жылдың шілде айында Алматы облыстық Есік археологиялық өлкетану музейі  құрылды.  Иманмұхаммед Бағжанов музейдің алғашқы директоры болып  тағайындалды.

Тұғыры биік тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тұсауын кескен Есік археологиялық өлкетану музейінде қазір жылжымалы археологиялық бұйымдар және жылжымайтын археологиялық мұралар қоры жасақталған. Музей облысымыздың археологиялық ескерткіштерін ғылыми зерттеу, насихаттау және археологиялық қазбалардан табылған көне заман мұраларын сақтау мен зерттеу бағытында жұмыс істейді.

Жалпы музейдегі жылжымалы археологиялық бұйымдар, уақыт өлшемі тұрғысынан, адамзат қоғамының ежелгі дәуірінен бастап, кейінгі орта ғасырға дейінгі аралықтағы даму жолын заттай деректер арқылы көрсетеді. Музейде қазақ жерін мекендеген тайпалар мен халықтардың мәдени даму деңгейі, олардың бүкіләлемдік өркениет қазынасына қосқан үлесі туралы мағлұматтар беретін көптеген ескерткіштер сақталған. Олар тұрмысқа қолданылуы тұрғысынан – еңбек құралдары, қару-жарақтар, әрқилы әшекейлер, діни ғұрыптар, қажеттілігіне ұсталатындар және қазан-ошақ төңірегіндегі бұйымдар мен сауда-саттық баламалары. Бұл дүниелердің заттық сипаттары – тас, қола, темір, жез, күміс, қыш, әрқилы органикалық қоспалар т.б. қамтиды. Музей холл, өлкетану, археология, Алтын адам жерлеу жорасы залы сынды төрт залдан тұрады. Ондағы жалпы экспонаттар саны – 1130-дан асады. Өлке тарихын таныту жолында талмай еңбектеніп келе жатқан музей ұжымы талай биік белестерді де бағыныдыра білді. Айталық, 2019 жылы Есік археологиялық өлкетану музейі Алматы облысындағы ең үздік музей болып бағаланды.

Есік археологиялық өлкетану музейін тама-шалағандар өлкенің өткеніне сапар шегіп, бағзы  бабаларымыздың өркениетін зердесіне тоқып қайтатыны сөзсіз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылғандай, туған өлкеміздің тарихын кеңінен таныту мақсатында музейіміз  өз қызметін жаңа талаптар тұрғысынан атқаруға күш салып келді.

Индира ҚОЖАҒҰЛОВА,

Есік археологиялық өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері.

Сәрсенбі, 08 Желтоқсан 2021 12:55

Көрме өтті

А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің мәжіліс залында «Мәңгілік Ел» ассоциациясының «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» атты онкүндігінің жоспары негізінде мектебімізде 7 желтоқсан күні «Есік өлкетану мұражайының жәдігерлері» тақырыбында көрме өтті.
Көрменің мақсаты – қазіргі заман талабына сай оқушылардың білімін жан-жақты жетілдіру арқылы бай тарихымызды және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 30 жылда жүріп өткен жолын оқушылар арасында насихаттау. Сондай-ақ тәуелсіздіктің символы болған  «Алтын адам» және өлкенің терең тарихын кеңінен таныстыру. Көрмені тарих пәнінің мұғалімдері – Ж.А.Жунусова, А.У.Нурбаева, Р.С.Алимжанова, С.М.Тулебаевтар ұйымдастырды. 1-11 оқушылары мен мектеп ұстаздары қатысқан көрме жоғары деңгейде өтіп, балалар ғана емес, мұғалімдер де мол мағлұмат алды. 

 

А.У.Нұрбаева,

"Мәңгілік Ел" ассоциациясының жетекшісі  

«Собака бывает кусачей только от жизни собачьей» – эта трогательная песенка вполне отражает ситуацию с беспризорными домашними животными. Оставленные без присмотра, выброшенные на улицу, а то и вовсе одичавшие бродячие собаки (порой и кошки)  способны изрядно испортить жизнь любому из нас. Укусы, распространение  зоонозных инфекций, агрессивное поведение  собачьих стай в период гона – далеко не полный перечень социального вреда от беспризорных животных,  вынужденных сосуществовать с людьми в общей инфраструктуре городов и сел. 

Вместе с тем гуманное отношение к таким, без вины виноватым «беспризорникам» –  требование, обязательное для законодательства развитых стран, в клуб которых стремится войти (и уже входящий по многим параметрам)  Казахстан. В государствах Евросоюза права кошек и собак защищены Конвенцией по защите животных от жестокого обращения, там высока   законодательная и социальная ответственность владельцев, введено лицензирование, чипирование четвероногих питомцев.

В нашей стране пока нет отдельного закона, защищающего права братьев меньших. Однако, согласно  законодательной базе Казахстана, животные, как объекты права собственности, защищаются положениями статей 6 и 26 Конституции РК о праве собственности. Правообладателями, вместе с тем несущими обязанности в отношении домашних (и диких) животных, являются либо граждане, либо государство. Законодательство РК о животных включает акты разного уровня. Уголовный кодекс  Республики Казахстан от 3 июля 2014 года содержит статью 316 «Жестокое обращение с животными». Согласно статье 316 УК РК, правонарушителю, за жестокое обращение с животными, повлекшее их гибель или увечье, если это деяние совершено из хулиганских побуждений или с применением садистских методов, или в присутствии малолетних. грозит штраф до 120 МРП, 120 часов общественных работ либо арест до 30 суток. Кодекс Республики Казахстан «Об административных правонарушениях» включает ст. 408 «Нарушение правил содержания и выгула собак и кошек, правил отлова и уничтожения бродячих собак и кошек». Кодекс РК «О здоровье народа и системе здравоохранения» регламентирует  госсанэпидемконтроль и надзор за состоянием домашних, сельскохозяйственных и диких животных.

Постановлением правительства РК от 24 сентября 2021 года № 671 на рассмотрение Мажилиса Парламента внесен законопроект «Об ответственном обращении с животными». В нем предусмотрен запрет пропаганды жестокого обращения с животными, устанавливаются обязанности их владельцев по содержанию, учету, перевозке, разведению, умерщвлению животных, вводится  общественный контроль за уходом и содержанием. Инициаторами разработки законопроекта выступили казахстанские зоозащитные организации.

На сегодняшний день главным регулятором нормативно-правовых отношений к животным является Закон Республики Казахстан «О ветеринарии» от 10 июля 2002 года. В рамках Закона решением Алматинского областного маслихата  от 31 июля 2019 года № 51-257 утверждены «Правила содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в Алматинской области»,  имеющие значение обязательного к исполнению подзаконного акта.

В соответствии с данным Законом и Правилами, утвержденными маслихатом Алматинской области, при районной ветеринарной станции создана служба по отлову бродячих животных, которой руководит ветеринарный врач Арман АБИЛЬДАЕВ. Специалист с большим опытом, имеющий, кроме зооветеринарного, также высшее экономическое образование, Арман Надырбекулы  знает все тонкости этой нелегкой работы, сопряженной не только с животными, но, прежде всего, с людьми: хозяевами животных, зоозащитниками, местным населением. Общественное мнение не всегда настроено в пользу  отлова, а тем более уничтожения безнадзорных собак и кошек. «Гуманные» (но ни за что не несущие ответственности) сограждане  нередко создают  в соцсетях атмосферу недоброжелательства к «собаколовам», обвиняя их в  жестокости и бесчеловечности. Службе по отлову приходится также отвечать на претензии зоозащитных организаций, разъяснять необходимость принимаемых мер по отлову и уничтожению бродячих животных, выполняя требования Закона, прежде всего обеспечивающего охрану здоровья и безопасности людей.

– Арман Надырбекулы, сегодня выпал редкий случай напрямую, без инстаграмма, пообщаться с Вами, чтобы узнать подробности о работе возглавляемой Вами службы по отлову бродячих животных. На  основании  какого законодательства она создана?

–  Согласно статье 10 Закона РК «О ветеринарии», в целях реализации государственной политики в сфере ветеринарии, на  местные органы власти возложена организация отлова и уничтожение бродячих собак и кошек. Служба отлова таких животных создана при районной ветеринарной станции в рамках данного Закона.

– Что входит в обязанности службы  и как она функционирует?

– В штат службы по отлову  входят три сотрудника, не считая руководителя. Ежедневно, кроме суббот и воскресений, согласно годовому графику, они выезжают на спецтранспорте  в округа, где и производят отлов, погрузку животных, в основном собак, с последующим размещением в вольерах при ветеринарной станции. В течение трех дней из бюджета оплачивается их содержание, обследование, кормление в сумме трех с половиной тысяч тенге на животное. Собак и кошек могут забрать хозяева, волонтеры из зоозащитных организаций, частные лица. По истечении  данного срока животные подлежат безболезненному умерщвлению специальными препаратами.

– Сколько собак служба отловила в текущем году?

– За 11 месяцев  было отловлено и размещено в вольерах 2860 собак. Из них 1550  собак переданы зоозащитникам, еще 41 собака возвращена владельцам. Остальные уничтожены и захоронены в спецмогильниках.

– Так ли необходимы отлов и уничтожение животных? Чем обоснованы данные меры?

–   Такие меры принимаются прежде всего для охраны здоровья людей. Приведу статистику за 2001 год. К последним числам ноября с начала года в Енбекшиказахском районе в больницы с укусами обратились 207 человек, в том числе 87 детей до 14 лет. В Есике  были покусаны 42 человека, в Рахате – 30 человек, в Байтереке – 19 человек и т.п. Если не производить отлов, то таких случаев будет намного больше.

– Однако, судя по статданным, большинство пострадавших: 78 детей и 104, взрослых укушены не бродячими, а  в основном «домашними» псами …

– По «Правилам содержания и выгула собак и кошек, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек в Алматинской области», бродячие собаки и кошки – те, у которых невозможно установить владельца или  которые находятся без надзора в общественных местах – на улицах, в парках, дворовых территориях. Именно таких мы и отлавливаем. По требованию Правил владелец собаки должен закреплять на ней ошейник с  указанием клички, породы, адресом и телефонами.

Напомню, что за нарушение настоящих Правил владельцы собак и кошек несут ответственность в соответствии со статьей 408 Кодекса РК "Об административных правонарушениях" в виде штрафа. В текущем году по данной статье на владельцев беспризорных животных нами  были наложены штрафы на общую сумму 102952 тенге, вынесены предупреждения.

Хочу заметить, что особую угрозу и для людей, и для животных представляют даже не беспризорные, а одичавшие собаки. Они сбиваются в стаи за пределами населенных пунктов, нападают на домашний скот, уничтожают природную фауну – диких птиц и зверей. При случае не щадят и людей, могут стаей напасть на наиболее беспомощных – детей и пожилых. Приобретая «дикие» повадки, они вместе с тем  обладают опытом общения с людьми, очень осторожны и не подпускают к себе. Как ветеринарный врач, я ратую за разрешение уничтожать таких особей путем отстрела, потому что обычными средствами отлова – петлями, их изловить уже невозможно. Это и опасно для самих сотрудников бригады.

– Зоозащитники обычно апеллируют к нарушению принципов гуманности, рассматривая от-лов и умерщвление бродячих животных как акты жестокости и бесчеловечности…

– Давайте исходить из реальной обстановки. Статья 25 Закона РК «О ветеринарии» во главу угла ставит охрану здоровья населения от болезней, общих для животных и человека. Люди живут с бродячими животными в общей инфраструктуре. Как следствие, нередки не только укусы – есть риск распространения паразитарных и инфекционных болезней, включая тяжелейшие, как бешенство. Вопреки расхожему мнению о «безжалостных собаколовах»,  в нашей службе трудятся обычные люди, имеющие семьи, не меньше остальных любящие кошек и собак. Нередко они во время отлова рискуют здоровьем, подвергаются укусам агрессивных животных. Одному нашему сотруднику собака откусила палец.  Общество должно быть  благодарно таким согражданам за «черную» работу, связанную с опасностью и травматизмом.

– Согласитесь – гуманное отношение к животным  прежде всего необходимо для психического здоровья и социального благополучия самих людей. Как достичь желаемого?

Никто не мешает  любому жителю взять из нашего питомника больное, истощенное животное, вылечить и выходить его за свой счет. Но такие факты чрезвычайно редки.  Волонтеры из частных приютов для животных, зоозащитники тоже предпочитают забирать более менее здоровых собак и кошек, с которыми минимум хлопот…

Как законодатель, я бы усилил ответственность хозяев за содержание животных на уровне национального Закона. Сейчас по  Гражданскому кодексу РК  они приравнены к вещам. Собственник имеет право безнаказанно отказаться от права собственности, по своей воле устраниться от владения животным, т.е. выбросить его на улицу или сдать в отлов. Если хозяева не лечат своих питомцев, предоставляя им медленно умирать в мучениях, такое поведение не квалифицируется, как жестокое. Думаю, в безответственности перед Законом и коренится  душевный нигилизм по отношению к животным. 

– Что Вы предпринимаете для  ознакомления общественности с проблемами содержания, отлова и уничтожения бродячих собак и кошек?

– Статья 10 Закона РК «О ветеринарии» предписывает организацию и проведение просветительской работы среди населения. В инстаграмме с начала 2021 года открыт наш аккаунт @enbekshiqazaq.vetstancia, на котором размещена вся информация об отловленных животных, о проводимых ветеринарных мероприятиях. Эффект налицо: если в 2020 году усыпляли до 80 процентов собак, то сейчас усыпляем меньше, чем наполовину. Любой желающий может связаться с нами, посетить питомник ветстанции, спасти кошку или собаку, забрав ее себе. Ветеринары помогут выбрать неагрессивное, социально адаптированное животное, дадут консультацию по его лечению и содержанию.

 

Подготовил И.ТУРАНИН

Сәрсенбі, 08 Желтоқсан 2021 10:31

Бақытын тапқан еңбектен

 

ҰСТАЗДАР КҮНІ ЖАҚЫНДАҒАН САЙЫН ТҰЛА БОЙЫН ШАТТЫҚ КЕРНЕП, ҚУАНЫШТЫ СЕЗІМГЕ БӨЛЕНІП, НЕГЕ ЕКЕНІН ЕРЕКШЕ ТОЛҚИТЫН. ОЙЫ ОН ТАРАМ БОЛЫП, ӨТКЕН ӨМІР ЖОЛДАРЫНЫҢ КЕЙБІР СУРЕТТЕРІ КӨЗ АЛДЫНАН ТІЗБЕКТЕЛІП ӨТКЕНДЕЙ БОЛАДЫ. ӘКЕСІ МҰХАМЕТЖАН МЕН АНАСЫ ДАМИРА ЕГДЕ ТАРТА БАСТАҒАН ШАҚТАРЫ ДА, ӘЛІ ЕСІНДЕ, ҚАТАР ЖАЙҒАСА ҚАЛЫП ӨЗДЕРІНІҢ ЖАСТЫҚ ШАҚТАРЫН НЕМЕСЕ ҰЛ-ҚЫЗДАРЫНЫҢ БАЛА КЕЗІНДЕГІ КЕЙБІР ҚЫЛЫҚТАРЫН ЕСКЕ АЛЫП МӘЗ-МЕЙРАМ БОЛЫП РАХАТТАНАТЫН. ОСЫНДАЙ ЖАҒДАЙ ӨЗ БАСЫНА КЕЛЕ БАСТАҒАНДАЙ. СОНАУ ШЫРАЙЛЫ ШЫҒЫСТЫҢ ҮРЖАРЫ, МЕКТЕПТЕ, ОДАН СОҢ ИНСТИТУТ ҚАБЫРҒАСЫНДА ӨТКІЗГЕН ҚЫЗЫҚТЫ ДА ҚАЙТАЛАНБАС ЫСТЫҚ КҮНДЕРІ БӘРІ-БӘРІ ЕСІНЕ ТҮСЕДІ. ТОЛҒАНАДЫ.

«ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ, ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ» ДЕМЕКШІ, ОРЫС ТІЛІНЕ ДЕ АНА ТІЛІМЕН ҚАТАР ЖҮЙРІК БОЛДЫ. СӨЗ САЙЫСЫНДА ЕШКІМГЕ ЕСЕСІН ЖІБЕРЕ ҚОЙМАЙТЫН. МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ АЙТҚАНЫН ТЕЗ ҚАҒЫП АЛАТЫН. ЕЛГЕЗЕК. БАЛАЛАРҒА ЖАҚЫН. КІШІ СЫНЫПТЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА ҮНЕМІ ҚАМҚОР БОЛЫП ЖҮРЕТІН. ОҚУДА ҮЗДІК, ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТА ЖҮРІП, МЕКТЕПТІ «АЛТЫН БЕЛГІМЕН» БІТІРДІ. ОҚИТЫН ИНСТИТУТЫН ДА ТАҢДАП ҚОЙҒАН-ДЫ. ОСЫ ШЕШІМІН ҮЙ ІШІНЕ АЙТА БЕРГЕНІНДЕ ОНЫҢ ОЙЫН, НЕ АЙТҚАЛЫ ЖАТҚАНЫН АҢҒАРҒАН ОҚЫҒАН-ТОҚЫҒАНЫ КӨП ӘКЕСІ «БӘРІМІЗ МҰҒАЛІМНІҢ АЛДЫНАН ӨТТІК. ТҮСІНСЕҢ, ҚЫЗЫМ, БҰЛ МАМАНДЫҚ ӨМІРЛІК КӘСІБІҢ ДЕ, НӘСІБІҢ ДЕ БОЛАДЫ. БАЙҚАЙМЫН, ҰСТАЗ БОЛУҒА СЕНІҢ ЫҢҒАЙЫҢ, БЕЙІМІҢ БАР СЕКІЛДІ» ДЕП АТАЛЫ СӨЗІН АЙТТЫ. БЕСІКТЕН АЛҒАН ТӘРБИЕСІ СОЛАЙ, ҮЛКЕННІҢ АЙТҚАНЫ – ЗАҢ, ӘРІ АҚЫЛ. АТА-АНАСЫНЫҢ АҚ БАТАСЫН АЛЫП, ҚАЗАҚТЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГТІК ИНСТИТУТЫНЫҢ ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНЕ ОҚУҒА ОСЫЛАЙ ТҮСТІ.

Ойын хатшы қыздың сөзі бөліп кетті:

– Апай, сізге құттықтау хат келді, міне, – деп ол сырты әдемі өрнектелген конвертті үстелге қойып кетті. Шәкірттерінің бірінен екен. Жылма жыл осындай құттықтаулар келіп жатады «Ұмытпайды. Бұған да шүкір», – деп іштей риза болып қалады. Мұғалім болғалы бері алдынан қаншама шәкірт түлеп ұшып, жолдама алды десеңізші! Көпшілігі бүгінгі күндері еліміздің экономикасын нығайтып, мәдениетін гүлдендіру үшін жемісті қызметтер атқарып жүр. Білім күнінде, тағы басқа мерекелерде сынып-сынып болып жиналып келіп мұғалімдеріне гүл шоқтарын сыйлап құрмет көрсетіп жатқаны. Осындай қуанышты сәттер жан-тәніңді елжіретеді, мұндай тәтті, ләззатты сезімге бөлену өзге мамандық иелерінің пешенесіне жазылмаған-ау, сірә. Мұғалімнің инемен құдық қазғандай еңбегіне, болаттай мықты шыдамына, қайтпас жігеріне тәнті боласың. Мектепке тарыдай болып келіп, таудай болып өсіп, азамат деген биік атаққа ие болып шыққан кешегі «тентектерін» көргенде көп жылдар бойы қиналғанын да, шаршағанын да, сабаққа дайындалып өткізген ұйқысыз түндерін де, балалардың у-шуымен өткен мазасыз күндерін де ұмытқандай болады.

Есік қайта ашылды.

– Апай, шараны бастайтын уақыт болып қалды, – деген оқу тәрбие орынбасары Ботаның сөзі ойын тағы бөліп кетті. Гимназияның әр тоқсанға, әр аптаға арналған тақырыптық жоспары бар. Бүгінгі шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір тармағына арналған. №1 мектептің ашылғанына 4 жыл,ал гимназия мәртебесін алғанына 1 жылдан сәл асса да көп жұмыстар атқарылған. Мұнда рухы мықты, өз жерінің тұлғалы ұлтшыл азамат болып өсуі үшін ата-баба дәстүрімен, ұлттық рухани қазына байлығымен тәрбиелеуге баса көңіл бөлінген. Басшы да, ұжым мүшелері де қазақ үнін, әуенін, сөзін ұрпақтың жүрегіне оқу орнының табалдырығын  аттаған күннен бастап сіңіру өміріне өзек болар өзгешеліктің бір белгісі екенін жақсы түсінеді. Ұлтшыл дегеніміз ешкімді, тіліне, дініне, түсіне, ұлтына қарап бөлмейтін, өз ана тілін сүйетін туған жердің табиғатын, оның сүйем жерін анасындай қадірлейтін, көзінің қарашығындай сақтайтын шынайы патриотизм. Ал патриоттық сана – қандай ұлт болмасын оның рухани құдіреті болып табылады. Халқымыздың мәдени байлығы атадан балаға мұра болып келе жатқан тамылжыған әні, құйқылжыған күйі,көркем әдебиеті, саф алтындай поэзиясы, бай фольклоры басқада құндылықтарын бала бойына дарыту, оны үйретуді мақсат етіп қойған. Міне, осыны жақсы түсінген гимназия ұжымы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қабілетті балаларды, іріктеп олардың қатарынан 113 домбырашы, 10 қобызшы, сырнайшысы бар оркестр, би және 15 вокалдық топ, ұлдардың хорын ұйымдастырып берісі аудан, арысы республикалық көлемде болып жатқан байқауларға қатысып, танымал болып келеді. Бұл да оқу орны үшін зор жетістік емес пе?!

– Құрметті ұстаздар, оқушылар! Жақында Елордамызда халықаралық «Алаш» байқауы өткенін оған біздің 7 сынып оқушымыз Ақжан Тұрлықожа қатынасқанын білесіздер. Ол «Көркем сөз» номинациясында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың бірнеше шығармасын нақышына келтіріп оқып, жеңімпаз атанды, 1-орынды иеленді. Ұстазы, әрі ақылшысы Аида Ағыбаева екеуі байқау алқасының шешімімен Құрмет грамотасымен марапатталды. Құтты болсын! Жеңімпаз өнерпаздарымыздың қатары көбейе берсін – деп грамоталарын табыстады.

– Сәл тыныштық!  Гимназиямыздың  өнер ордасына айналуына балаларымыздың талабын ұштап, талантын ашуға ықпал жасаған басшымыз Ардақ Мұхаметжанқызы да байқау алқасының марапатына ие болғанын хабарлаймын, – деді кешті жүргізуші. Бұдан соң сахна төрі өнерпаздардың иелігіне берілді. Шара әнімен, күйімен, сәнімен жалғасын тауып жатты.

Ардақ жас кезінен-ақ өз уақытын бағалап өсті. Мән-маңызы жоқ шаралардан, ырду-дырдуы көп сауық-сайран кештерінен қашқақтайтын. Сабақтан соң не бөлмесінде, не кітапханаға барып кітапқа шұқшиып білімін толықтыратын. Комсомол ұйымының хатшысы болғандықтан институт пен Совет ауданындағы шараларды ұйымдастыруға атсалысып, бір тыным таппайтын. Үнемі еңбектеніп іздену үстінде жүретін. Тәрбиенің анасы – еңбек, оқу, іздену, үйрену екенін ол жақсы ұғынды. Сондықтан болар осы бір қасиеттер бойынан табылып, талмас талабының арқасында Лениндік степендиаттар қатарынан көрінді. Мұндай дәрежеге жету әр студент үшін мәртебе еді.

Институт Алматы қаласының №15 орыс мектебімен тығыз байланыста болып, оған шефтік көмек көрсететін. Ал студенттер осы мектепте тәжірибеден өтетін. Жаңа жылдан соң факультет деканы  Ардақты кабинетіне шақырып:

– Қызым, оқуың жақсы. Қоғамдық жүктемең де бар екенін білемін. Сонда да таңдауым саған түсіп отыр. №15 мектепте тарих пәнінен мұғалім жетіспей жатыр. Сен барып сабақ беріп көр. Үйренесің. Болашағың үшін керек одан өкінбейсің, – деп айтқан қадірлі ұстазының пікіріне құлақ асты. Екінші курстан бастап институтта оқуын жалғастыра жүріп сол мектепте тарих пәнінен дәріс берді. Үлкен сынақтан өтті. Бой түзеді. Есейді. «Қазір ойласам, деканғалым ұстазымның жасаған әкелік қамқорлығы екен-ау», – деп түйіндеді іштей. Бұл оқиға оқушылармен, әріптестерімен қандай қарым-қатынаста болу қажет екендігіне жол көрсеткен бағдаршамдай болды.

Институт бітіргенде деканы да, тарих кафедрасының жетекшілері де «Институтта қал. Сабақ бер. Аспирантураға түсіп, оқы. Оған қабілетің жетеді» – деген-ді. Ол ұсынысқа қарамай жолдама алып, бір топ құрбыларымен бірге Алматы облысының Шелек ауылында жаңадан ашылған қазіргі Ә.Молдағұлова атындағы мектепке жол тартты. Топырағы құнарлы, суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты көркем  жер жәннаты – Жетісудың шырайлы бай аймағы Шелекке келгеніне, осында қоныстанғанына өзі дән риза. Қасиетті өлкенің ең басты байлығы адамдарын айтсаңызшы, ешкімді бөтенсіп жатсынбайды, кең пейілімен құшағын жаяды бауырмал ел. Шырайлы өлкеден өзінің махаббатын, өмірлік қосағын, шынайы бақытын Бақыт деген қазақтың қарапайым азаматына кездесіп, жүрегін сеніп тапсырды. Ол жігіт те кең пейілді, пайым-парасаты мол, құқық қорғау саласының қызметкері болып шықты. Бүгін олар Шелек ауылындағы елге қадірлі, жұртқа сыйлы өнегелі отбасының бірі. Өсіп,өніп келеді «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», дегендей ұл-қыздары Жанат, Сара, Әмірландары да мектепті үздік бітіріп, тиісті қызметін атқарып жүр. Отбасылы болып, немере сыйлады. Немерелерінің тәй-тәй басқан әр қадамы, «ата-апа» деген сыбызғы үніндей шыққан сөздері бойларына қуат беріп, қуанышқа бөлейді.

1981 жылы сол кездегі жаңадан ашылған Киров атындағы орыс орта мектебі де жас педагогтарды құшақ жая қарсы алған-ды. Мұғалім жетіспейді. Әрбірі өз мамандықтарына сәйкес сағатын алып құлшына іске кірісті. Ардаққа қаладағы мектепте жұмыс істеп одан жинақтаған тәжірибесі көп септігін тигізді. Оқу процесіне батыл араласты. Сапа көрсеткіші де жақсы болды. Қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүрді. Мұның барлығын байқап жүрген мектеп директоры тәжірибесі мол ұстаз Д.П.Кабанов Ардақтың іскерлігімен талабын ескеріп, жарты жыл өтпей оны директордың оқу-тәрбие орынбасары етіп тағайындады. Мектепті тексеруге келген аудандық оқу бөлімінің инспекторлары да жас маманның алғашқы қадамдарына риза көңіл таныта бастады. Көп өтпей-ақ Ардақ аудандық оқу бөлімінің ұйғарымымен Абай атындағы орта мектепке директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне, ал 1995 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы, 2004 жылдан Т.Кенжебаев атындағы, 2017 жылдан №1 орта мектеп директоры қызметтерін жемісті атқарып келеді.

№1 орта мектеп салынып біткенде оның болашақ бағыт-бағдары және тағайындалатын болашақ басшылары турасында талай кандидаттардың аты аталып, ұсыныстар айтылған еді. Біршама талқылаудан кейін таңдау тағы да Ардақ Мұхаметжанқызына түсті. Көрсетілген сенімге селкеу түсірмеу Ардақтың өң бойына қалыптасқан қасиет. Басшылық тізгінін ұстаған алғашқы күннен-ақ оқу процесін жетілдірудің жаңа үлгідегі жоспар бағдарын жасап, білімді, тәжірибелі әрі жас мамандарды жұмысқа іріктеп қабылдауға көңіл бөлді. Бүгінгі күні осы гимназияда қызмет атқарып жатқан 25 тей ұстаз өзінің кешегі шәкірттері. Шелек мектептерінің түлектері Ардақтың жас мұғалімдерді қабылдағанына күмәнмен қарайтындарына айтары: «Барлығымыз осындай жастардан өстік. Жастар – жаңашылдық иесі. Оларға көмектессек, талай биіктерді бағындырамыз», – деп қысқа қайыратын. Сол үміті, сенімі ақталып келеді. Мәселен, химия пәнінен дәріс беретін жас ұстаз Бота Үмбетова «Жыл мұғалімі» атағына ие болса, Ғалым Ерланұлы және басқаларының қол жеткізген жетістіктері бір төбе. Ал Салтанат Әбілдақызы музыка пәнінен дәріс беріп, шәкірттерін өнерге баулып жүрген білікті маман.

Қазір бүкіл әлемде технологиядамып жатқан заманда білім беру саласында да көштен қалуға болмайды. Оны Президентіміз Қ.Тоқаев та сан мәрте айтып келеді. Мұғалім мәртебесі жайлы заң қабылданды. Оқу орындары жаңа құрал-жабдықпен жабдықталуда. Ардақ бастаған ұжым да жаңашылдыққа ұмтылып, көшті бастады. Олар облысымызда алғашқылардың бірі болып цифрлы кітапхана ашты. Мектеп бағдарламасындағы 100 әдеби кітапты цифрландырды. Бұл жұмысқа да Ернұр Ғарыш сияқты шәкіртінің көмегі мен және Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетпен тығыз байланыс жасау нәтижесінде қол жеткізілді.

Ардақ 15 жылдан бері «Қазығұрт» үкіметтік емес ұйымына жетекшілік жасап келеді. Италияға Милан институтының шақыруымен барғанда цифрландыру тәжрибесін осындағы гимназия-институт бірлестігінен көріп оны өз гимназиясында іске асыруға байлам жасаған еді. Ол мақсаты да орындалды. Айтпақшы, «Қазы-ғұрт» қоғамдық ұйымы осы жылдар ішінде 30 ға жуық жобаны жүзеге асырды. Масақ, Қаражота, Шелек ауылдарынан 70-тей аз қамтылған отбасына қайырымдылық көмегін көрсетті. 10 отбасына шағын бизнеспен айналысуына қол ұшын берді. Шелекте жаңа мешіт ашылғанда соны басқару алқасының құрамына сайланды. Ғимараттың айналасын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына қатынасты.

Ардақтың студенттік шақта жүрегінде лапылдаған жастық отының қызуы әлі басыла қоймаған. Қайратын қайрап, жігерін жанып, тың идеялар ұсынып, ұжымды оны орындауға жұмылдырып жатқаны. Жаңашылдық қашан да табыс кепілі ғой. Гимназия өткен оқу жылында оқу үлгерім сапасы бойынша ауданда бірінші орынға шықса, 8 түлегі «Алтын белгі» иегері болды, 11-сыныптың 43 оқушысы үздік аттестат алды. Бұл жетістік – тынымсыз ізденудің, ерінбей еңбек етудің жемісі.

Бірге жүрген әріптестері, құрбылары, таныстары – барлығы Ардақ осыншама жұмыстың барлығына қалай үлгереді деп таң қалады. Ұжымды, қоғамдық ұйымды басқару, мектептегі оқу процесін жетілдіру, сол сияқты «Аз санды ұлт әйелдері және кәсіпкерлік» кітабын, республикалық ғылыми-әдістемелік журналына мақала жазуға және көптеген авторлық бағдарламаларды жазып оны насихаттау, іске асыру сияқты жұмыстары тағы бар. Бұған қоса бітпейтін, таусылмайтын үйішілік тіршілікті айтсаңызшы. Қазақтың «Әйелдің қырық жаны бар» деуі бекер емес-ау. Жұмыс шаш етектен. Сүйікті жары Бақыт қашан болмасын оған сүйеу, демеу, түсінігі кең көргені мол азамат. Құдай қосқан жарына, отбасының ұйытқысы балаларының ардақты анасына қашан болсын қолдау көрсетіп жүргені. Азаматтық қалпын үнемі биік ұстап бөтен мінез танытпайды. Отбасында тату-тәтті ахуал орнықса, ынтымақтастықпен бірлік орнаса, осындай үлгі-өнеге көріп тәрбиеленген бала иманды, әдепті болып өспей ме?! Барын бағаласа, қанағатшыл болса бақ құсы да сол шаңыраққа қонақтайды.

Білгір де басшы еңбегі лайықты бағаланып келеді. Білім саласының қызметкері үшін ең жоғары марапат болып саналатын Ы.Алтынсарин төсбелгісін иеленді. «Халық мұғалімі», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» сияқты атақтарға ие болды. Е.Бекмұханов атындағы екінші республикалық тарих олимпиадасында №1 мектеп «Үздік ұжымы» номинациясымен марапатталды. 2020 жылы Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына орай Қазақстан тарихынан «Зейін» республикалық олимпиадасына Ардақтың өзі 1 орынды жеңіп алды. Оның сыртында қоғамдық салада атқарған қызметі үшін төрт мәрте ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. Еңбектің еленгені деген осы ғой, басқа да марапаттары баршылық.

Ардақ басшы да, ұстаз да болғандықтан жұмысқа  әр күн сайын ерте келіп, үйіне кеш қайтады. Бүгінгі атқарған ісі бір басына жетерлік болса да, өзі іздеп келген ата-анамен сөйлесіп баласының домбыра тартуға және басқа да өнер түрімен айналысуға қабілеті, талабы бар екенін айтты. Бос уақытында мектепте ашылған ән-күй үйірмелеріне қатынасуға мүмкіндік жасауды өтінді. Бұдан соң пән жетекшілерімен жоспарланған семинарды өткізіп, оларға тапсырмалар берді.

Сағатына қараса уақыт та зымырап біраз жерге барып қалыпты. Қыстың кеші тез түседі. Көше шамдарының жарығы түн қараңғылығын білдірер емес. Күндізгі қарбаластан соң бойын жинақтап,әр қадамын ширақ басып, жадыраған өңмен, шат көңілмен үйіне қайтып бара жатыр.Аспанда жымыңдаған жұлдыздар бақытын еңбектен тапқан, Шелектің ардақты қызы атанған Ардақты қол бұлғап шығарып салып тұрғандай.

 

Әбілбек АЙТАҚЫНОВ,

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Сейсенбі, 07 Желтоқсан 2021 15:10

Книга вместо интернета!

Сегодня  интернет заполнил и заменил собой все интеллектуальное  поле. Но книга всегда была главным средством передачи знаний, мудрости и опыта предыдущих поколений.

Подрастающее поколение не интересуется книгами. Возможно, это веяние времени и сформировавшийся спрос на такой типаж. Но давайте подумаем, куда нас это может привести.

В  первую очередь, к деградации общественного сознания, если уже не привело. Сильно снизился  нравственный порог по отношению к таким понятиям как  совесть, честь, сострадание и многое другое. На данный момент даже госслужащие, люди со средним образованием и школьники говорят прямо в лицо: зачем нужны библиотеки, зачем нужна книга? 

На первый план вышло поклонение  «золотому тельцу», материальному благополучию. Истинные знания заменил ЕНТ,  отучивший учащихся думать, излагать  свои мысли, иметь свое мнение, вырабатывать критерии оценки явлений и событий. До глубины души больно за такое непонимание. 

Как преодолеть сложившийся нигилизм?  Необходимо самообразование, оно заложено в книгах, которые несут культурную информацию, призванную воспитать высоконравственного человека. Хочется обратиться ко  всем думающим людям: читайте книги и вы поймете, каким самым простым способом можно очистить мысли от негатива, понять смысл жизни и успокоить свои души.

Надо читать великого Абая, Шакарима, чтобы  познавать и свою жизнь, именно познавать а не прожигать. Что  рядовые обыватели, не историки, ни культурологи, знают и помнят о деятельности великих сынов Великой Степи Шокана Уалиханова, Сакена Сейфуллина, Беимбета Майлина, Ильяса  Жансугурова и многих других, стоявших у истоков нашей государственности? Что сегодня знает обыватель о жизненном пути таких классиков казахской литературы как Ильяс Есенберлин,  Абдижамал  Нурпеисов, Мухтар Ауэзов, Габит Мусрепов, Габиден Мустафин, Хамза Есенжанов, Мукагали Макатаев, Туманбай Молдагалиев? О наших современниках Олжасе Сулейменове, Акселеу Сейдимбеке, Мухтаре Шаханове?  Знакомы ли они с творчеством таких писателей как Лев Толстой, Александр Пушкин, Федор Достоевский, Антон Чехов, Уильям Шекспир, Александр Дюма, Марк Твен? Их произведения должны составлять интеллектуальный  багаж мало-мальски образованного и просвещенного человека. Ведь  уроки человеческих отношений, любовь к Родине, к близким людям, согражданам наиболее полно запечатлены в мировой и отечественной классике. Патриотизм, смелость, мудрость и многие другие качества полноценной личности, так необходимые сейчас, в эпоху дурных манер и поступков, невозможно приобрести в социальных сетях.

Возможно, рассуждать так слишком категорично. Однако обстоятельства, в которых работают последние очаги общественной культуры  –  библиотеки, наводят на такие мысли. Нам, библиотекарям, дорог каждый думающий, неравнодушный читатель, мы готовы бороться за него, помогать ему в освоении  литературного наследия казахских и зарубежных авторов. Просвещение и воспитание начинается с библиотечных полок, с книг, которые необходимо читать, чтобы развиваться.

Работая  в районной библиотеке, я стала лучше  различать людей читающих и не читающих. Разница налицо. Знание книг лучше всего демонстрирует уровень внутренней и даже внешней культуры, умение рассуждать, богатство словарного запаса. Книга была и будет неиссякаемым источником гуманистической мысли, передаваемой от века к веку, сохраняя и поддерживая преемственность поколений и духовный потенциал нации.

«Образованные люди – основа стабильности государства. Они мыслят и чувствуют глобально, отмечая и анализируя  мировые процессы, потому не допустят разлома человеческих ценностей… Нужно поощрять их умственный и физический труд, цель которого не обогащение и прирост капитала, а интеллектуальный прорыв, развитие общенациональной патриотической идеи».

Эти слова Первого Президента РК Елбасы Нурсултана Назарбаева должны служить  бесспорным  напутствием молодому поколению, а также напоминанием поколениям старшим: о долге каждого гражданина  страны за ее развитие и процветание. О долге, который поможет выполнить дружба с Книгой – кладезем высокой   духовности и казахстанского патриотизма. 

Зинахан БОШУГУЛОВА,

директор центральной районной библиотеки.

Сейсенбі, 07 Желтоқсан 2021 15:06

Жас ақындар мүшайрасы

Көктөбе  орта мектебінде «Алаштану, тәуелсіздік және поэзия» атты аймақтық  жас ақындар мүшайрасы өтті.

Поэзия және оны дәріптеу арқылы «Ұлт ұстазы» атанған Ахмет Байтұрсыновтың баға жетпес мұрасын жан-жақты насихаттау, Алаш арысының  өмір тарихын білуге, Отанын сүюге баулу, оқушылардың шығармашылық белсенділігі мен қызығушылығын дамыту мақсатында ұйымдастырылған жыр додасына 9 мектептен 10 оқушы қатысты. Мүшәйра ережесі бойынша 10 қатысушы тақырыпқа сай жазған өлеңдерін  оқып, сұрақтарға жауап берді.Жас ақындардың өнерін арнайы әділқазылар алқасы бағалады. Мүшайра қорытындысы бойынша  ІІІ орынға  Рахат №1 орта  мектеп оқушысы Н.Әбдіхамит, Р.Тоқатаев атындағы орта мектептің оқушысы С.Көптілеу және  Бөлек батыр атындағы орта мектеп оқушысы Б.Нұрлан   лайық деп танылды. ІІ орынды О.Жандосов атындағы орта мектеп оқушысы Ш.Ерсін мен Көктөбе орта мектебінің оқушысы А.Төленбай  иеленді. Ал Райымбек батыр  атындағы орта  мектептің 9 сынып оқушысы А.Елтайдың шығармалары үздік деп танылып, І орынды қанжығалады.

Е.АСЫЛ

Сейсенбі, 07 Желтоқсан 2021 14:59

Ғалымдар бас қосты

Жақында  «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дәстүрлі ІІ Есік оқулары «Еуразия далалық белдеуіндегі мемлекеттіліктің пайда болуы мен дамуы: алғышарттары, кезеңдері, салдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға Бельгия, Ресей, Түркия, Қытай, Қырғызстанның жетекші ғылыми-зерттеу, музейлік және білім беру мекемелерінің, ғылыми қауымдастықтардың атынан 50-ге жуық ғалым мен зерттеуші қатысты.

Конференцияны ашқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Райылқызы қазіргі таңда музей-қорықта жүзеге асып жатқан ғылыми жұмыстарға тоқталды.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, ҚХР Шәнси провинциясы Археология институтының Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің жетекшілері мен ғалымдары құттықтау жолдап, А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д. А.Н.Гаркавец «Руническая надпись на малой иссыкской чаше» тақырыбында баяндама оқып, б.з.д. V-IV ғғ. Есік қорғанынан табылған күміс тостағандағы түркі руникалық жазба туралы кең мағлұмат берді. Шығыстанушы ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Тұран-Иран» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.д., профессор И.А.Жеменей «Сақ тарихы жазба деректер мен зерттеу еңбектерде» тақырыбында өзекті баяндама жасады. Сондай-ақ Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Шығыстану кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Т.Зекенұлы «Шығыс Тянь-Шаньдағы сақтардың тарихи-мәдени мұралары» атты баяндамасында ежелгі қытай деректеріне сүйене отырып, б.з.д. ІІ ғасыр бастап Іле аңғарын мекендеген сақ, юэчжи, үйсін этностарының аралас қоныстанғанын, үйсіндер сақтардың мұрагері әрі жалғасы екенін көрсетіп берді. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Археология, этнология және музеология кафедрасының профессоры м.а., т.ғ.к. Т.Е.Картаева «Музейлік этноархеологиялық экспедициялар және археологиялық ескерткіштерге этнографиялық интерпретация жасау әдістері» тақырыбында баяндама оқып, презентация жасады.

Конференцияға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушылары мен профессорлары, «Иран-Тұран» зерттеу орталығының директоры, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының археологтары және Түркияның Анкара қаласындағы Хажетепе университетінің профессоры, Ататүрік принциптері институтының директоры  Мехмет Дервиш Клынчкая, сондай-ақ Анкара Хажы Байрам Вели университеті, Түрік халық білімі бөлімінің доценті, PhD Туна Иылдыз, Анкара университетінің ғылыми қызметкері, PhD Серхан Чынар қатарлы ғалымдар қатысты.

Конференцияға онлайн-оффлайн түрде жалпы 27 ғалым баяндама жасады. Баяндамашылар ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы далалық Еуразияның әлеуметтік және саяси тарихы, Еуразияның археологиялық мұрасының өзекті мәселелерін, Ұлы даланың тарихи-мәдени мұра объектілерін зерттеу, сақтау, пайдалану және дәріптеу мәселелерін қарастырып, тәжірибелерімен бөлісті. Қазақстан аумағындағы мемлекеттілік тарихы мәселелері саласындағы зерттеулерді жалғастыра беру қажеттілігі аталып өтті.

Жиын соңында «Есік» музей-қорығының директоры Гүлмира Райылқызы қортынды сөз сөйлеп, конференция қарарын оқыды.

Конференция материалдары ғылыми жинақ түрінде жарық көреді.

Жазира ҚҰРБАНӘЛІ,     

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бөлім жетекшісі.

Сейсенбі, 07 Желтоқсан 2021 14:45

Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы

Аудан аумағындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасылық құндықтарды насихаттау мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтіп жатыр. Акция аясында осы аптада Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінде жастармен кездесу болды.

Жиынға қатысқан аудан полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Райгүл Рашидқызы баяндама жасап, жастарды бұл заң бұзушылыққа немқұрайды қарамауға шақырды.

– Қазір көптеген қыз-келіншектер отбасында орын алатын зорлық-зомбылықты жасырып өмір сүруде. «Ұят» деген желеумен қорлыққа төзіп жүре береді. Бұлай болмауы тиіс, 102 немесе 150 сенім телефонына хабарласса, мамандар қол ұшын созады. Отбасында қиындық көрген қыз-келіншектер ауданымыздағы немесе Алматы қаласындағы дағдарыс орталығына орналастырылады. Орталықта 6 айға дейін тұрып, психолог мамандардан кеңес алып, мамандық меңгеруге мүмкіндік жасалған, – дейді полиция қызметкері.

Ауданымыздағы дағдарыс орталығының жетекшісі Ұрқыз Илиева отбасындағы зорлық-зомбылықтың құрбаны тек әйелдер ғана емес, ерлер де зардап шегетінін айтты. Сондықтан сенім телефоны барлығына бірдей қызмет көрсетіп, ақпараттар құпия болатынын айтты.

Шара барысында колледж студенттері зорлық-зомбылыққа қарсы дайындаған плакаттарын жұртшылық назарына ұсынып, өздерінің ой-пікірлерін жеткізді. Жиын соңында жастар зорлық-зомбылыққа қарсы екендерін айтты.                                                             

С.НҰРАДИН.

Сейсенбі, 07 Желтоқсан 2021 14:42

Еске алу турнирі өтті

Ақши ауылдық округіндегі Бөлек батыр атындығы орта мектепте волейболдан спорт ардагері Нұрлан Көрпетаевты еске алу турнирі өтті.

Марқұмның үзеңгілес серіктері ұйымдастырған додаға 50 жастан  асқан ардагерлерден құралған  Жаркент пен Есік  қаласы, Шонжы ауданы, Шелек пен Ақши ауылдарынан 5 команда қатысты. Айбынды Әнұранмен басталған  ашылу салтанатында Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі, спорт ардагері, волейболдан спорт шебері В.Бондаренков кубок табыстап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бәсеке барысында қарсыластарына дес бермеген Жаркент қомандасы жеңімпаз атанды. Ал Шонжы ауданының спортшылары күміс жүлдені еншілесе, үшінші орынды Ақши ауылының  «Бірлес»командасы иеленді.

– Нұрлан Көрпетаев ауданымыздың ішкі істер саласында түрлі лауазымды қызметтер атқарды. Сонымен қоса, ол спортты да жанындай жақсы көретін. Көзі тірісінде ауданымызда көптеген волейбол командаларын жасақ-тап, олардың облыстық додаларда топ жаруына тер төкті. Бүгінгі жарысқа марқұмның жақын достары қатысты. Біз аталған жарысты ұйымдастыруға қолдау көрсеткен аудандық спорт бөлімінің басшысы Ерболат Сарабековке, Ақши ауылдық округінің әкімі Сабыржан Айтбаевқа  және мектеп директоры Гүлмира Жанпейісоваға айрықша алғыс айтамыз, – дейді жарыс ұйымдастырушысы Серік Ысқақов.

Е.АСЫЛ

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет