Елдіктің жеті тұғыры

Құрметті отандастар!

Біз Тəуелсіздіктің отыз жылдығын айтулы жетістіктермен қарсы алып отырмыз.

Қуатты елге айналып, бірлігі бекем қоғам құрдық.

Сындарлы саясат жүргізіп, əлеуеті зор нарықтық экономикалық жүйе қалыптастырдық.

Ең бастысы, бабаларымыз ғасырлар бойы аңсап өткен Тəуелсіздікке қол жеткізіп, елдігіміз қайта жаңғырды.

Əлем картасында Қазақстан деген егемен елдің ойып тұрып орын алуы үшін аянбай еңбек еттік.

Ендігі кезекте осы жетістігімізді еселеп арттыру ел ынтымағы мен тұтастығына байланысты.

Отыз жылда 9,5 миллионнан астам сəби дүниеге келді.

Олардың алдыңғы шебі орда бұзар отызға толып отыр.

Бұл – көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жаңа буын. Мемлекеттілікті сақтап, Қазақстанды «Мəңгілік Ел» ету осы ұрпаққа жүктелетін тарихи миссия деп санаймын.

Осы орайда жаңа дəуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынамын.

Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар.

БІРІНШІ. Тəуелсіздік – кез келген азамат үшін ең қастерлі құндылық.

Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – əрбір қазақстандықтың міндеті.

Жер жүзінде өз алдына дербестігі жоқ қанша ұлт пен ұлыстың барын ескерсек, еселі еңбекке арналған отыз жыл ұлт тарихында алтын əріппен жазылары анық.

Əлемде көлемі жағынан 9-орын алатын байтақ атырапты еншілеу Жаратқанның халқымызға берген баға жетпес несібесі деп білеміз.

Қазақтың барша арман-мақсатының орындалуы тек Тəуелсіз мемлекет, дербес ұлт жағдайында ғана мүмкін екенін ұмытпауымыз керек.

Тəуелсіздікті нығайту – экономиканы нығайту.

Бұл барша халықтың еңбегімен келеді.

Сондықтан жас ұрпақ ел игілігі үшін əрдайым еңбек етуге дайын болуы қажет.

ЕКІНШІ. Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры.

Этникалық əр алуандық – біртұтас ұлт ретінде қалыптасқан халқымыздың артықшылығы.

Бүгінде бірлік пен этносаралық татулықты сақтау жолында отыз жыл бойы жүргізген сындарлы саясаттың жемісін көріп отырмыз.

Бір шаңырақтың астында тату-тəтті ғұмыр кешіп, татулық пен сыйластықты қамтамасыз етуде Қазақстан халқы Ассамблеясының əлеуеті зор.

Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеу – əр азаматтың парызы.

Бірлігімізді арттырып, ынтымағымызды күшейтсек қана елдігіміз нығайып, егемендігіміз баянды болады.

ҮШІНШІ. Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы.

Жерден қасиетті ешнəрсе жоқ.

Қазақ үшін ел мен жер – тұтас ұғым.

Тарихымыздағы соғыс атаулының бəрі ел мен жерді қорғау үшін болған.

Біз Тəуелсіздікті жариялай салысымен шекарамызды құжат жүзінде бекітіп алуға күш жұмсадық.

Адамзат тарихында, тіпті қазіргі кезеңде де даулы территорияның соғысқа, қан төгіске алып келгенін көріп отырмыз (Таулы Қарабақ, Қырым, Грузия жəне т.б.).

Мен өскелең ұрпақты осындай қауіптен сақтап қалу үшін барымды салдым.

Енді ата-баба аманатына адал болып, ұланғайыр жерімізді қорғау, оны болашақ ұрпаққа мирас ету – біздің ортақ борышымыз.

ТӨРТІНШІ. Отбасы мен салт-дəстүр – қоғамның алтын діңгегі.

Отанға деген сүйіспеншілік – өз отбасыңа, ауыл-аймағыңа, еліңе деген махаббат пен жанашырлықтан басталады.

Отбасы – ұрпақ тəрбиесінің ұстаханасы, қоғамдық қатынастардың бастауы саналатын бірегей институт.

Жаһандану үдерісі тұрмысымыз бен салт-санамызға өзгеріс əкелгенмен, ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтардан бас тартуға болмайды.

Қай кезеңде де біз үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуді дəріптейтін ата дəстүрімізді берік ұстануымыз қажет.

Отбасы институты əлсіреп, салт-дəстүріміз ұмытылса, ел болып қалуымыз екі талай.

Сол үшін дəстүрдің озығын алып, тозығын тастап, елдік болмыстың өзегін сақтай білуіміз керек.

Сонда ғана саналы ұрпақ тəрбиелейміз.

БЕСІНШІ. Ұлттық мəдениет – халықтың рухани тірегі.

Біз – тамыры тереңнен бастау алатын ұлы көшпенділердің ұрпағымыз.

Болмысы ерекше, рухани-мəдени мұраларға бай халықпыз.

Қазіргі таңда жаһандық бəсекеге қабілетті болу үшін бірегей ұлттық мінез, асқақ рух керек.

Мұндай қасиеттер тарихты білу, мəдени құндылықтарды тану арқылы келеді.

Өркениетті отыз елдің қатарына қосылуда материалдық құндылықтармен қатар, рухани байлықтың маңызы зор.

Сол үшін мəдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білген абзал.

Басқа халықтарды тек өнер құдіретімен, ғылыми ізденіспен ғана мойындата аламыз.

АЛТЫНШЫ. Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті.

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деп дана Абай айтқандай, біз тек өз біліміміз бен күшімізге сенуіміз керек.

Елімізде талантты əрі дарынды, алғыр да өжет жастар жетерлік.

Əлемнің алпауыт компанияларында жұмыс істейтін, халықаралық деңгейде ғылыми жаңалық ашқан, түрлі салада еңбегімен танылып жүрген жалынды жастарды көргенде ерекше қуанамын.

Бұл – біздің үмітіміздің ақталғаны.

Мен жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру туралы идеямда оның бес принципін – эволюциялық даму, ортақ жауапкершілік, өзара серіктестік, ынталандыру мен кəсібилікке ұмтылуды атап көрсеттім.

Онсыз кез келген қоғам көштің соңында қалуы мүмкін.

Ендеше табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде.

Адал еңбек қана адамды мұратына жеткізеді.

Осыны жастардың санасына сіңіру қажет.

ЖЕТІНШІ. Прагматизм – бəсекеге қабілетті болудың кепілі.

Біз қолда бар ресурс пен мүмкіндікті пайдалануға, нəтижелі жұмыс атқаруға жəне көздеген мақсатқа тиімді қолжеткізуге тырысуымыз керек.

Қазір елімізде жастардың өзін өзі дамытуына, білімін жетілдіріп, сүйікті ісімен айналысуына мүмкіндік мол.

Сондықтан прагматизм принциптері бойынша барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға талпынған жөн.

Осылайша біз Тəуелсіздігімізді баянды етіп, ел тұтастығын сақтап, отбасылық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт мəдениетін насихаттап, терең білім мен адал еңбекке ден қойған жасампаз ел боламыз.

ЕЛДІКТІҢ ЖЕТІ ТҰҒЫРЫ ДЕГЕНІМІЗ – ОСЫ!

 

Ардақты ағайын!

Алдағы 30 жыл – елдігімізді нығайтудың жаңа кезеңі болары хақ.

Ол əр азамат ұлтымыздың болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, оны толық сезіне білген кезде жүзеге асады.

Елдің ең ірі саяси партиясы ретінде Nur Otan осы бағытта атқарылар істердің алдыңғы шебінде болуы керек.

Осындай игі жұмыстың басы-қасында жүру – билеуші партияның ұзақ мерзімді көшбасшылығының кепілі.

Ендігі кезекте осы мерейлі күнге жеткізген, ырысымызды арттырған Жаратқанға шүкіршілік етіп, ертеңге сенімді қадам басу қажет.

Рухымызды қайрап, еңсемізді тіктеп, бұдан да биік асуларға жету үшін жəне Тəуелсіз Қазақстанның жарқын болашағы жолында тынбай жұмыс істеуге тиіспіз!

Біз кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, жеңіске бірге жетеміз!

Тəуелсіздігіміздің отыз жылдық белесі құтты болсын!

Біз біргеміз!

Сәрсенбі, 24 Қараша 2021 13:29

COVID-19: Аудандағы ахуал

Бір аптада (18.11 – 24.11.2021 аралығында) Еңбекшіқазақ ауданында ПТР сынама арқылы 15 адамнан коронавирус анықталды. Олар:

 

Есік – 5

Шелек – 3

Малыбай – 3

Ащысай – 2

Байсейіт – 1

Жанашар ­­­­– 1.

 

Тіркелген науқастардың әлеуметтік-кәсіби мәртебесі төмендегідей:

8 науқас – жұмыссыз

6 науқас – зейнеткер

1 науқас – студент.

 

Мәлімет Еңбекшіқазақ аудандық санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасынан алынды.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.

«Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылсын», - делінген ҚР Президентінің Жарлығы мәтінінде.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1993 жылы «Эдем ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде экономист болып бастаған.

1994-1997 жылдары Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.

1997 жылы «Алмаз және Компания» компаниясының экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің басшысы.

1997-1998 жылдары «Мұнай тасымалдау жөніндегі «ҚазТрансОйл» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті.

1998-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің мұнай және газ департаментінің басшысы.

2000-2001 аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті болған.

2001-2007 жылдар аралығында «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті.

2007-2009 жылдар аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі «Самұрық» холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, «KEGOC» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы.

2009-2013 жылдар аралығында Жамбыл облысының әкімі.

2013-2016 жылдар аралығында Павлодар облысының әкімі.

2016-2019 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

2019 жылдың 18 желтоқсанында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалған.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында жас ұрпаққа үндеу жолдады.

«Осы орайда жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынамын. Бұл – отыз жылдық белесті елмен бірге өткерген Елбасы ретіндегі менің жас ұрпаққа жолдар үндеуім деп қабылдаңыздар», - деген Нұрсұлтан Назарбаев «жеті тұғыр» деп атаған ұғымдарға жеке-жеке тоқталды. Олар:

 

 

 

На утро 24 ноября зарегистрировано 28 новых случаев заражения коронавирусной инфекцией, темп прироста остаётся стабильным - 0,1%.

Заболеваемость КВИ в разрезе регионов области: Аксуский-1, Алакольский-1, Енбекшиказахский-1, Илийский-2, Карасайский-1, Коксуский-1, Панфиловский-5, Уйгурский-4, г.Талдыкорган-6, г.Капшагай-6.

Превышение областного показателя заболеваемости отмечается в городах Талдыкорган, Текели, а также в Каратальском, Коксуском, Балхашском, Ескельдинском, Уйгурском, Талгарском, Панфиловском районах.

Напоминаем, что в Алматинской области с начала пандемии зарегистрировано 57058 лабораторно подтвержденных случаев КВИ, из них с симптомами 42605.

 

КГУ «JETISÝ MEDIA»

 



24 қарашадағы мәлімет бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның I компонентімен 8 661 498 адам, компонентімен 7 986 343 адам егілді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.

Вакцинаның екі компонентін толық салдырған тұрғындар саны бойынша алдыңғы орында Алматы қаласы тұр – 972 507. Одан кейін Түркістан облысы (960 241 адам), Шығыс Қазақстан облысы (867 993 адам), Алматы облысы (775 464 адам), Шымкент қаласы (537 052 адам) тұр.

Сейсенбі, 23 Қараша 2021 16:28

Берекелі күз

Жуырда Есік қаласындағы «Луина» бөбекжай балабақшасында «Берекелі күз» атты ертеңгілік өтті.

Берекелі мезгілді суреттейтін мереке барысында бүлдіршіндер көкөністер мен жеміс-жидектердің кейіпіне еніп, көңіл көтерді. Күз туралы өлеңдерін оқып, ән шырқады. Балалардың ата-аналарымен бірлесе жасаған қолөнер туындылары балабақшаның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланып, жеңімпаздар анықталып, ертеңгілік барысында марапатталды.

Сонымен қатар, «Өрлеу» республикалық байқауына қатысып, жүлделі орын алған бүлдіршіндерге марапаттары табысталды.

Фарида ЖАНАТОВА,

балабақша тәрбиешісі

Сейсенбі, 23 Қараша 2021 16:26

Интеллектуалдық сайыс өтті

Қызылжар ауылындағы О.Жандосов атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ұлы ұстаз, ақын, педогог-жазушы, қоғам қайраткері Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты интеллектуалдық сайыс өтті.

6-сынып арасында  өткізілген бұл  сайыста  оқушылар  ұлт ұстазының өлеңдерін жатқа  айтып,  әңгімелерінің желісі бойынша  қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұлы педогогтің өмірі мен шығармашылығы туралы  білімдерін жан-жақты көрсетті.  Сайыс нәтижесі бойынша оқушылар әртүрлі сыйлықтар мен марапаттарға ие болды. Атап айтсақ, бас жүлдені 6 «Г» сынып оқушысы Ерасыл Тұрсынәлі иеленсе, 1 орынды Диана Қайпбай, ал 2 және 3 орындарды  Інжу Жеңісәлі мен Балнұр Диханбайқызы өзара бөлісті. Жарыс соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсел Булашева оқушыларға ұлы педагогтің шығармаларын насихаттап, сәттілік тіледі.   

Қаракөз  САТЫМБАЕВА,

қазақ тілі мен  әдебиеті  пәнінің мұғалімі. 

 

Елордада Тұңғыш президент  –  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес барысында мемлекеттік бағдардың сабақтастығы мен тұрақтылығына негіз болатын партияның ұзақ мерзімді көшбасшылығын қамтамасыз ету маңызды екеніне назар аударылды. Сондай-ақ партияны ел Президенті басқарып, оның саясаты мен стратегиясын өзі айқындап отыруы қажет екені атап көрсетілді.

Еліміздегі жетекші саяси партия – Nur Otan-ның ауқымды мəселелер қаралған Саяси кеңесінің отырысы бейнеконференция байланысы режімінде ұйымдастырылды. Алқалы жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Премьер Министр мен Үкімет мүшелері, Nur Otan партиясының Саяси кеңесі мен Бюро мүшелері, Парламент Мəжілісіндегі жəне мəслихаттардағы партия фракциясының депутаттары, өңір басшылары, Jas Otan жастар қанатының көшбасшылары қатысты.

Кеңейтілген отырыста Елбасы жастарға арнап үндеу жасап, «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды.

 

mezet

 

Сейсенбі, 23 Қараша 2021 16:24

Ұлт ұстазының ұлағаты

Жақында Көктөбе орта мектебінде ел Тәуелсіздігі мен ұлт тарихын ұлықтау мақсатында көрнекті мемлекет қайраткері, Алаш арысы, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, ұлт ұстазына арналған «Ахмет Байтұрсынов және Тәуелсіздік» атты тағылымды  кеш өтті.

Кеште мектеп оқушылары Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Әсіресе, Ахмет Байтұрсынұлының 1913-1918 жылдар аралығында «Қазақ» газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік тарихи қызмет атқарғаны, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтеріп, елді прогресске, өнербілімге үндегені кеңінен баяндалды. Сонымен қоса А.Байтұрсынұлының «Анама хат», «Қазақ қалпы», «Маса», «Досыма хат», «Ақын ініме» сынды өлеңдерін  жас  шәкірттер жатқа оқыды.

Ахметтiң ғылыми-шығармашылық жұмысын негiзiнен үш салаға бөлiп қарауға болады. Олар ағартушы, ғалым, тiлтану, әдебиеттанудың алғашқы iргесiн қалаушы, ақындық, аудармашылық қырлары. Оқушылар шығармашылық кеште ұлт ұстазының  «Қырық мысал» атты жинағындағы түрлі өмір шындығы жайлы әңгімеледі. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Шығармашылық кешті қорытындылған мектеп директоры Айжан Талқанбаева:

– Ұлт ұстазы жастарға ұсынған адамгершілік жолы адалдық және ғылымды игеру жолын ұстану үшін адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп, түзете білуге шақырады. Бұл мектеп үшін аса маңызды құндылық саналмақ. Тәуелсіздікті зерделу тұғыры биік тұлғаларға тағзым етуден басаталады, – деді.

Е.АСЫЛ.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет