Дүйсенбі, 20 Желтоқсан 2021 19:59

Ұлы дала ұрпақтарына аманат

Еліміздің келешегі, тірегі де – жастар. Осы жастарымыздың денсаулығы мықты, жан-жақты білімді болуы үшін мектептің үлесі өте зор. Алдарына жасөспірімдерді дұрыс тәрбиелеу жолында үлкен мақсат қойған О.Жандосов атындағы орта мектепте шағын футбол алаңы ашылды.

Салтанатты жиында Көктөбе ауылдық округі әкімінің орынбасары Берік Саменов  пен мектеп директоры Айжан Джамешева көпшілікті мерекемен құттықтады. Мектебіміздің оқушыларына арналған шағын футбол алаңының лентасын ардагер ұстаз Ануар Жолдасбаев пен Бақытбай Абдрахманов қиып, ақ батасын берді. Ауылдың ақ жаулықты әжелері бұл қуанышқа шашуларын шашып, жасөспірімдерге ізгі тілектерін білдірді.

Мектеп оқушыларының жүздері бал-бұл жайнап, су жаңа алаңда футбол ойнады. Келген қонақтар мектептің акт залында 7 «Б» сынып оқушылары және сынып жетекшісі Асыл Берікбаева, педагог-ұйымдастырушы  Дидар Қанатұлы, музыка пәнінің мұғалімі Қарлыға Оңалбаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – Ұлы дала ұрпақтарына аманат» атты концерттік бағдарлама тамашалады.

А.БУЛАШЕВА,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Дүйсенбі, 20 Желтоқсан 2021 19:59

«Тәуелсіздік» деп соғады жүрегіміз

Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмір тарихын шолсақ, биыл ел Тәуелсіздігіне 30 жыл толды. Осы орайда Еңбекшіқазақ ауданы Рахат орта мектебінде оқушылар мен ұстаздардың ұйымдастыруымен «Үлгілі сынып сағаты» өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған салтанатты мерекеге 7 Ә, 7 Б сыныптары мен сынып жетекшілері – Айсара Манапова мен Айгүл Молдасанова ерекше дайындалғаны көрініп тұрды. Мерекелік кеште оқушыларға егеменді елін, ұлан-ғайыр жерін қорғаған  кешегі батырлардың, желтоқсанның жаңғырығы болғаны – Ербол мен Қайраттардың ерлігі жайлы кеңінен айтылып, балалардың рухын асқақтатар патриоттық өлеңдер оқылды. Қанағат Ерасыл «Сайра, Бұлбұлым», Бақбергенұлы Бекзат «Батырлар ұраны», Дәулетбекова Жансая «Мен – қазақтың қызымын» әндерін орындап, кеш қонақтарына керемет көңіл күй сыйлады. Сондай-ақ оқушылардың батырлар өмірінен қойған көріністері де көптің көңілінен шықты.

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары болсын деген ұранмен оқушылар концерттік бағдарламаны өте әдемі де, әсерлі тәмәмдады.

 

                                                                                           Айгерім Берікқызы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында: «Осыдан 35 жыл бұрын қазақ жастары Кеңес одағының өктемдігіне қарсы шықты. 1986 жылғы наразылық шеруі халқымыздың бостандыққа ұмтылысын көрсетті. Тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары – Желтоқсан қаһармандарының өшпес ерлігі біздің мемлекеттілік тарихымызға мәңгі жазылды» деп жазды.

Qasym-Jomart Toqayev
@TokayevKZ

 

Бейсенбі, 16 Желтоқсан 2021 12:51

Аудан мақтаныштарын құттықтаймыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар түрлі деңгейдегі орден, төсбелгілермен марапатталды. Олардың арасында біздің жерлестеріміз де бар. Аудан мақтаныштарының тізімін ұсынып, марапаттарымен құттықтаймыз! Алар асуларыңыз биік болсын!

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының

мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 

  1. Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін мыналар наградталсын:

 

«Парасат» орденіне

Смаилов Серік Жолдасбекұлы – «Адал» АҚ бас директоры.

 

«Құрмет» орденіне

Садықов Жақыпжан Мұсақұлұлы – «Ақмарал» ЖШС директоры.

 

ІІІ дәрежелі Еңбек даңқы орденіне

Гормашов Сергей Николаевич – «ДСУ-13» АҚ механизаторы.

 

«Ерен еңбегі үшін» медаліне

Алдажаров Талғат Саинұлы – «Саин» ШҚ төрағасы;

Смағұлов Әділжан Мұхаметжанұлы – «Еңбекшіқазақ ауданының құрылыс бөлімі» ММ басшысы.

 

«Шапағат» медаліне

Қожабеков Ерақын Тұрғанбекұлы – ШЖҚ «Шелек ауылдық «Орталық ауруханасы» МКК хирургия бөлімінің меңгерушісі;

Отынбекова Гүлмира Байділдәқызы – ШЖҚ «Еңбекшіқазақ көпсалалы ауданаралық ауруханасы» МКК директорының орынбасары;

Шляхов Андрей Степанович – «Сказка живой природы» жануарларға көмек көрсету-оңалту орталығының директоры.

 

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына

Рахымбаев Эрик Сүлейманұлы – Қаражота ауылдық округінің әкімі.

 

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.ТОҚАЕВ.

Бейсенбі, 16 Желтоқсан 2021 12:33

Тәуелсіздікпен бір толқында

Еліміздің егемендік алып, тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғанына 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздікке жету жолында қанша қиыншылықты бастан өткізсек те, болашаққа бел буып, даму жолында келеміз. Әлемдегі дамыған 30 ел арасынан 30 жыл ішінде ойып орын алатын мемлекет болу – жұмылған жұдырықтай бірлігіміз бен рухани байлығымыздың шексіздігі.

Тәуелсіздік алған уақыттан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басқаруымен Қарулы Күштер мен басқа да тиісті органдар елдің ішкі тыныштығына баса назар аудара бастады. Олардың бірі – Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 10 қаңтардағы Жарлығымен алғашқы болып құрылған Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскері еді. «Ең бірінші өзге емес, өзіңнен баста» демекші, осылайша 30 жыл бұрын өзге емес, өз еліміздің ішкі тыныштығын қадағалаудан бастадық.

Біздің құқықтық тәртіп әскеріміздің 5 жылдығы қарсаңында Елбасымыз: «...Ішкі әскеріміз маңызды міндеттерді атқарды, еліміздің ішкі тәртібін қамтамасыз етіп, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға үлкен үлес қосып келеді» деп атап өткен болатын.

Жылдар өте келе, еліміздің экономикасы өркендеп, халқының саны артып, қарқынды дами бастады. Ұлт қауіпсіздігін заман талаптарына сай қамтамасыз ету үшін әскери құрылымдар мен тиісті органдарда біршама өзгерістер орын алды. 2014 жылдың 21 сәуірінде Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығына сәйкес ІІМ Ішкі әскері – Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы аталып, құрамына өңірлік қолбасшылықтар мен Әскери Институт және Бас қолбасшылыққа тікелей бағынатын әскери бөлімдер еніп, қайта құрылды. Аталған жаңару мемлекеттік маңызды обьектілер мен елді мекендердегі құқықтық тәртіпті күзетуде барлық әскери бөлімдерге жаңа серпін мен бағыт-бағдар берді. Бұл ретте тікелей бағыныстағы 6654 әскери бөлімінің де жауынгерлік тапсырмалары қайта қаралып, Алматы облысының Есік және Талғар қалаларында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бұйырылды. Елдің ішкі тыныштығын сақтау – маңызды істің бірі. Осы орайда азаматтардың қауіпсіздігі, қоғам кұндылықтары, мем-лекет тұрақтылығы мен тыныштығын қауіп-қатерден қорғауды басты міндеті санайтын Ұлттық ұлан сарбаздары қарапайым халыққа қолдау мен демеу беруге аянбай күш салып келеді. Сондай-ақ қаншама ұлды тәрбиелеп, ұлтына адал жастардың патриоттық сезімдерін ұлғайтуда да аянып қалған емес. Сондықтан да Ұлттық Ұланның қатарында қызмет ету – көптеген жастар үшін үлкен құрмет.

Қазіргі уақытта Тәуелсіздік пен Ұлттық Ұлан – егіз ұғым. Тәуелсіздік деген бақытқа жете алмай жүрген қаншама ел бар?! Ал біз – көк аспанда желбіреген көк байрағы бар тәуелсіз елміз. Бізге берілген аса қымбат байлық – тәуелсіздікті бағалап, мәңгілік ету – әр сарбаз, әр азаматтың парызы.

 

Жандос Касымов,

ҚР Ұлттық ұлан

6654 әскери бөлім командирі,

подполковник.

Бейсенбі, 16 Желтоқсан 2021 12:21

Тәуелсіздікке тарту

Орда бұзар отыз жыл Тәуелсіздік алғалы,

Орда бұзар отыз жыл басыма бақ қонғалы.

Тарту етіп тәуелсіздік жолына

Әр бір ақын  жырын  ұзақ  толғады.

 

Орда бұзар отыз жыл Тәуелсіздік алғалы,

Арай шашты мәңгілігім таңдағы.

Бостандыққа қолы жетіп халқымның,

Бодандықтан құтылып, орындалды арманы.

 

Алдыменен тілім келді оралып,

Кетіп еді жат қолына  тоналып,

Ұлттық ішкі құдіреті ғана емес,

Өз тіліңді қадір тұтқын қолға алып.

 

Рухтанып, қайта оралды дәстүрім,

Таппайтындай енді тағат еш тыным.

Мен елім бар әлемге танылып,

Аспаныма шұғыласын шашты күн.

 

Менің елім – Мәңгілік ел мұратым,

Отанымның бет-беделі  қуатым.

Елім аман, жұртым тыныш болса егер,

Халқым  осы нұрлы жолын құратын.

 

Деп тілеймін баршамызға амандық,

Болсын бізге келген жаңа заман құт.

Тілім менен дінімізді сақтасақ,

Үйірілмейді басымызға жамандық.

Бәле-жала, апаттардан сақтасын,

Тірлігімді басқа жұрттар мақтасын.

Мәңгілік ел, күш-қуаты мықты боп,

Қақсын ұрпақ ғасырлардың қақпасын.

Емелхан ҚАЙЫПОВА,

Алтын алқалы Батыр ана.

Сарыбұлақ ауылы.

Бейсенбі, 16 Желтоқсан 2021 11:49

Тұғыры берік тәуелсіздік тартуы

 

«Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі – қазақ халқының сан ғасыр бойғы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр». Иә, Елбасының бұл сөзінен ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен ұлтарақтай жер үшін жан берісіп, жан алысқан бабалардың батырлығын, қазақ халқы үшін қылышынан қан тамған үкіметке қарсы тұрған Алаш арыстарының ерлігін, ызғарлы желтоқсанның ызғарына тоңбаған қазақ жастарының қайсарлығын көреміз. Осындай сан ғасырлық күрестен кейін еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, егемен ел атанды. Етек-жеңімізді жиып, әлемнің алпауыттары санасатын іргелі мемлекетке айналдық. 30 жылда қайта жаңғырып, дамудың даңғыл жолына түстік. Мемлекетті дамытуға бағытталған шаралар әлі күнге жүйелі жалғасын тауып келеді. Осы аптада Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесі қарсаңында Шелек ауылындағы саябақ абаттандырылып, пайдалануға берілді. Есік қаласында Қазақ хандығының іргетасын қалаған Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші қайта жаңғырып, биіктігі 36 метрлік Ту тұғыры ашылды.

«Қазір Қазақстан мүлде жаңа дәуірге қадам басты. Соған сәйкес қоғамдық өмірдің барлық саласы түбегейлі өзгеруде. Біз Отанымыз және барлық азаматымыз үшін жауапкершілікті сезінуіміз қажет. Болашағы бар ауылдарды дамытуға баса назар аудару керек. Басты мақсат – олардың өңірлік стандарттар жүйесіне сай болуын қамтамасыз ету». Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бұл тапсырмасы жүзеге асып, Шелек ауылы тұрғындарының қуанышы еселенді. Қайта жаңғырған А.Шымболатов атындағы саябақтың ашылуына аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев, аудан әкімінің орынбасары Алтай Досымбаев арнайы барды.

Айбек Дүйсембекұлы жиылған көпшілікті мерекемен құттықтады.

– Бүгін айымыз оңынан туып, тәңір тілекті берген күн. Ендеше азаттығымыздың алтын қазығы, берекеміздің бастауы болған Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік жылдарында ғасырға бергісіз мүмкіндіктерге жол ашылды. Елдің еңсесі көтеріліп, рухы жаңғырды, ауқымды істер атқарылды. Соның бір дәлелі – бүгінгі А.Шымболатов атындағы саябақтың абаттандырылуы – деді А.Бидаев. Кейіннен Алматы облысының, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы Елеусіз Сұлтанғазиев саябаққа есімі берілген Ахметжан Шымболатовтың өмірі мен ел мүддесі үшін еткен еңбегін атап өтті. Райымбек және Еңбекшіқазақ аудандарының құрметті азаматы, округтегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әбілбек Айтақынов жасалып жатқан игі істердің барлығы тәуелсіздіктің жемісі екенін айтып, бұл қастерлі ұғымды бағалау қажеттігін жеткізді.

Ауыл тұрғындары мен құрметті қонақтар жаңа кейіпке енген саябақты аралап, А.Шымболатовтың ескерткішіне, Ұлы Отан соғысының, Ауған соғысының ардагерлеріне, Желтоқсан оқиғасы қатысушыларының, Семей полигоны мен Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқан ардагерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, бабалар рухына тағзым етті.

Саябаққа 1996 жылы ауылдың тумасы, комсомол қызметкері, революционер Ахметжан Шымболатовтың есімі берілген. Осы күнге дейін жөндеу көрмеген орталық саябаққа биыл бюджеттен 391 млн теңге қаржы бөлініп, 2,8 гектар саябақ қайта жаңғырды. Саябақта енді шағын футбол, баскетбол, стритбол, балалар ойын алаңдары мен мерекелік сахна тұрғындар игілігі үшін жұмыс істейді.

Түстен кейін аудан орталығында Т.Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінің жанынан бой көтерген Ту тұғырының ашылу салтанаты өтті. Қаракемер ауылындағы 6654 әскери бөлімі оркестрінің сүйемелдеуімен, сарбаздар мемлекеттік Туды тұғырына қондырып, Гимн орындалды. Айбек Бидаев елдің рухын асқақтатып, жастардың бойында патриоттық сезімді арттыратын жобаның ашылуымен құттықтады. Аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары «Көк Тудың желбірегені» әнін орындап, салтанатты шараның көркін қыздырды.

Аталған жобаға бюджеттен 11 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын «Премиум строй 2020» ЖШС жүргізген.

Мерекелік шара Есік қаласының орталығында жалғасын тапты. Абай мен Алматы көшелерінің қиылысында орналасқан Қазақ хандығының алғашқы хандары Керей мен Жәнібектің ескерткіші қайта жаңғырып, айналасы абаттандырылды. Монументтің ашылу салтанатына қатысқан Айбек Дүйсембекұлы ескерткіш – ұлтымыздың құндылығы екенін ерекше атап өтті:

– Тәуелсіздік атауы Жәнібек пен Керей хандардың есімдерімен үндесіп жатыр. Керей мен Жәнібек хандар осыдан бес ғасыр бұрын азаттыққа ұмтылып, Шу өзенінің бойында дербес хандықтың туын көтерді. Сол дербестіктің жалғасы – тәуелсіз Қазақстан. Осынау азат таңда ел іргесін қалаған Керей мен Жәнібек хандарымыздың рухына құрмет көрсету – ұрпақ парызы. 2010 жылдары салынған бұл тақтайша 51 млн теңгеге қайта жаңғыртылып, айналасы абаттандырылды. Алғашқы хандардың ескерткішін қайта жаңғырту арқылы жас буын өткеніне үңіліп, тәуелсіздік қадірін білуі тиіс. Сонда ғана ұрпақтар сабақтастығы жалғасын тауып, егемендік дәуірін аспандата бермек – деді Айбек Бидаев.

Айта кетейік, осыдан 10 шақты жыл бұрын сол кездегі аудандық мәслихат хатшысы Әділбай Талқамбаевтың бастамасымен Керей мен Жәнібек хандарға арналған ескеткіш-тақтайша ашылған болатын. Қайта жаңғырған ескерткіштің ашылу салтанатында марқұмның жұбайы, ардагер ұстаз Айша Сүлейменова осындай мәдени мұралардың қайта жаңғырып жатқанына дән риза екенін жеткізіп, осы жолда еңбек етіп жүрген азаматтарға алғысын айтты. Шара соңында қонақтар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, хандардың рухына тағзым жасады.

Ескерткіштің құрылысы мен айналасын абаттандыруға бюджеттен 51 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Мердігер мекеме – «Ас Сапа Құрылыс» ЖШС. Ескерткіш жобасының авторы – сәулетші, дизайнер, Алматы облысы дизайнерлер одағының төрағасы Құрманғазы Қадыров.

– Жаңа ескерткіштің мағыналық мазмұны тереңде. Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі – шаңырақ. Ескерткіш осы құндылықтармен ұштастыра отырып жасалды. Иілген қос уықтың ортасындағы шаңырақта Керей мен Жәнібек хандар бейнеленді. Бұл – елдігіміздің уығын қадап, шаңырағын көтерген хандарға деген құрметтің белгісі – дейді Құрманғазы Қадыров.

Сардарбек НҰРАДИН.

 

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!

Бұл мереке баршамыз үшін қастерлі де қадірлі. Себебі, Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.

Осыдан 30 жыл бұрын саналы түрде еңсемізді тіктеп, ұлттық болмысымызды сақтау арқылы азаттық таңдауын жасадық. Әйткенмен,  түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылыстарында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Тағдыр талайында сан сүріндік, сан құладық, сонда да ақ сәулесін шашқан арманымыздан адаспадық.

1986 жылы еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған жанкешті ерліктер жасады. Бұл бостандыққа басқан қарышты қадам болды. Енді сол ерлік жемісі бүгінгі Тәуелсіз еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда.

Әрине, 30 жыл – тарих таразысында аз уақыт шығар, әйткенмен, орда бұзар жасқа жеткен егемен еліміз осы мерзім ішінде асқаралы асу, биік белестерді бағындырып үлгерді. Осынау ұлан-ғайыр өлкеміз дербестік жолында сан қилы кезеңдерден өтті. Сын сағатында сынбай, жетістікке масаттанбай, бірлікте ұйымдаса білудің нәтижесінде биік белестерді бірге бағындырдық. Маңыздысы, шекарамызды шегендеп, алты құрлыққа Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бабалар жолымен үндесіп жатқан ұлттық құндылықтарымызды тұғырына қайта қондырып, қазақстандықтардың өмірі мен оның бостандықтарына, еркіндігі мен дамуына Ата заңмен кепілдік берілді. Бүгінде мемлекеттік саясат – әрбір ел азаматының игілігі үшін жұмыс атқаруда.

Іргелі ауданымызда да Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай. Аграрлы саланың ауқымы артып, экономикамыз еселеп өсіп келеді. Тартылған инвестиция көлемі де көңіл қуантарлық.

Бұл жетістіктердің астарында мыңжылдықтар мұраты – Тәуелсіздік дәуірі жатыр. Біз мұндай жеңістерге Елбасымыздың, Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының сарабдал саясаты мен еліміздің бірлік туының астына біріге алғандығының арқасында жеттік. Қай тарихты парақтасақ та, біз қашанда алауыздыққа қарсы тұра білген елміз. «Үдеудің сыры – бірлікте. Жүдеудің сыры – алауыздықта» деп Елбасымыз атағандай, осы жолдан айнымасақ, алар асуларымыз әлі алда.

Енді жер асты кенге, жер үсті төлге толған осынау ұлан-ғайыр өлкенің бүгінгі иесі де біз, киесі де біз: Қазақстан дейтін Тәуелсіз мемлекет. Демек, ТӘУЕЛСІЗДІК дейтін қастеріміздің қадірін қашырмай, көздің қарашығындай сақтай білу – ортақ мақсат.

Сәрсенбі, 15 Желтоқсан 2021 16:50

Состоявшееся государство

Вот и подходит к завершению 30-й год новейшей истории Казахстана. «За эти годы Казахстан прошел нелегкий путь, на который у других государств уходили столетия. Это стало возможным благодаря поддержке нашего народа. Без этого мы не смогли бы создать сегодняшний Казахстан… Мы прошли тернистый путь, и нашей наградой стала жизнь в благополучном и процветающем государстве, где во главу угла поставлены мир, стабильность и наше единство», – сказал  Елбасы Нурсултан Назарбаев.

Эти слова Первого Президента РК, не раз в своих Посланиях говорившего о глобальной смене эпох, современных вызовах нашему молодому государству, подтверждают тот очевидный факт, что выпавший на долю казахстанцев экзамен на самостоятельность они прошли с честью.

За столь кратчайший исторический период Казахстан состоялся как страна-лидер Центральноазиатского региона, входящее в самые авторитетные международные организации, чьи позиции по политическим и экономическим вопросам  принимаются во внимание ведущими мировыми державами. Казахстан имеет опыт успешного председательствования в таких крупных международных организациях, как ОБСЕ, ОИС, ЕАЭС, ШОС, СНГ, ОДКБ, СВМДА.

Казахстан сегодня –  унитарная суверенная республика с развитыми государственными и общественными институтами, конкурентоспособной экономикой, интегрированной в мировую экономическую систему. Внутриполитический курс руководства на межэтническую и межконфессиональную стабильность, соблюдение конституционных прав и свобод,  обеспечил устойчивое социально-экономическое развитие, создание основы демократии – гражданского общества.

В стране реализуется ряд стратегически важных инфраструктурных проектов, которые позволят совершить новый экономический прорыв – программа «Нұрлы жол», проекты Западный Китай – Западная Европа, Транскаспийский международный транспортный маршрут.  За годы Независимости в страну на постоянное место жительства переселилось свыше миллиона кандасов из ближнего и дальнего зарубежья.

Хронология  2012-2016 г.г. – тому непреложное свидетельство.

В 2012 году:  

– 1 декабря впервые был отмечен новый праздник – День Первого Президента Республики Казахстан.

– 14 декабря принята «Стратегия «Казахстан-2050»: Новый политический курс состоявшегося государства».

В 2013 году:

– 5 сентября – Казахстан впервые принял участие в саммите G20 в Санкт-Петербурге.

– В октябре была принята новая политическая доктрина партии «Нұр Отан». Доктрина определяет миссию «Нұр Отан» в ХХІ веке и ее роль в обеспечении эффективной реализации Стратегии «Казахстан-2050».

– Пенсионная реформа. Все пенсионные накопительные фонды были объединены в один государственный АО «Единый накопительный пенсионный фонд».

– В Астане состоялось открытие ультрасовременного государственного театра оперы и балета Astana Opera, к проекту строительства  которого были привлечены специалисты из 33 стран мира.

– Запуск нефтедобычи на месторождении Кашаган. 

В 2014 году:

– В октябре подписан Договор о создании Евразийского экономического союза в составе Белоруссии, Казахстана и РФ. В документе отражены все базовые аспекты, присущие международным организациям, зафиксированы принципы суверенного равенства государств, тер-риториальной целостности, а также уважения особенностей политического устройства государств-членов союза.

– 11 ноября Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев объявил о новой экономической политике Казахстана “Нұрлы жол”. Главой государства были озвучены семь основных направлений будущей программы.

– Создана национальная авиакомпания Air Kazakhstan. 

В 2015 году:

– С 1 января начал действовать Евразийский экономический союз (ЕАЭС), ставший преемником Таможенного союза, созданного в 2010 году Россией, Бела-русью и Казахстаном. 

– Принят План нации «100 конкретных шагов» для реализации Пяти институциональных реформ.

– Казахстан вступил во Всемирную торговую организацию.

В 2016 году Казахстан отметил 25-летие восстановленного суверенитета множеством эпохальных событий:

– 14 февраля Ассамблея народа Казахстана выдвинула инициативу о досрочных президентских выборах. 25 февраля Нурсултан Назарбаев подписал указ о назначении внеочередных выборов Президента Республики Казахстан на 26 апреля 2015 года.

– В  марте казахстанцы голосовали на внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента РК. Это были седьмые в истории Казахстана парламентские выборы. Шесть политических партий соревновались за право быть представленными в Парламенте, однако прошли всего три: «Нұр Отан» (82,15 %), Демократическая партия Казахстана «Ақ жол» (7,18 %), Коммунистическая народная партия Казахстана (7,14 %).

– Созданы новые ведомства – Министерства оборонной и аэрокосмической промышленности, по делам религий и гражданского общества, информации и коммуникаций.

– Земельная реформа. Президент  РК Нурсултан Назарбаев объявил мораторий на ряд норм Земельного кодекса. А именно – на продление сроков аренды сельскохозяйственных земель иностранцам с 10 до 25 лет.

– Возвращение из РФ головы Кейки батыра (Нурмагамбета Кокембаева), сподвижника Амангельды Иманова, убитого карательным отрядом чекистов в 1923 году, стало еще одним важным событием для Казах-стана. Венгерскими специалистами по лицевым костям черепа был восстановлен облик этого видного вождя Тургайского восстания 1916 года. В честь 125-летия со дня рождения Кейки батыра ему был установлен бюст в г.Аркалыке.

– В список Всемирного культурного наследия ЮНЕСКО внесены  уникальные отечественные памятники – мавзолей Ходжа Ахмеда Яссауи, археологический комплекс «Тамгалы», объект при-родного наследия «Сары Арка».

– Победы на лет-них Олимпийских и Паралимпийских играх 2016 года. Всего казах-станскими спортсменами было завоевано 17 меда-лей. Золото – 3 медали. Серебро – 5 медалей. Бронза – 9 медалей.

Чем запомнился год 25-летия Независимости в  Енбекшиказахском районе?

Началась реализация Плана нации «100 шагов», «Дорожная карта бизнеса-2020», «Агробизнес-2020», «Программа занятости-2020». В  историко-культурном плане состоялись мероприятия, посвященные 100-летию Каркаринского восстания в Семиречье, 30-летию Желтоксана на Новой площади в Алматы в 1986 году, 70-летию со дня рождения выдающегося мастера прикладного казахского творчества уста Даркембая Шокпарулы. Среди местных  событий новшеством стало начало газификации Енбекшиказахского района. Широко ве-лось строительство школ, коммуникаций под ИЖС. ТОО «Сункар» провело масштабную реконструкцию  Есикского городского парка имени Жамбыла Жабаева. Сдаточными объектами стали новые школы в  с.Байтерек, Азат, Шелек и  в г.Есике, детсады в с.Шелек, с.Ташкенсаз, с.Достык, пристройка к школе в с.Ават.   Была подготовлена ПСД на строительство детсадов в с.Тургень, Байдибек би, Есике, Кайназаре, Тескенсу, Байтереке, Авате, школ в с.Актоган, Казатком, Орикты.

Не обошлось и без необратимых потерь. В этом году ушли из жизни главный археолог района, участник раскопок «Золотого человека» в 1969-70 годах Бекен ата Нурмухамбетов и видный деятель казахской культуры,  дирижер оркестра казахских народных инструментов Есикского гуманитарно-экономического колледжа Турлыгазы Шаяхметулы. «Под занавес» года коллектив редакции простился с ветераном газеты, «кара наром» казахстанской журналистики, отдавшем работе в прессе 40 лет жизни,   Баянды Закировым…

 

Хроника нашего издания в 2016 году:

 № 16 от  15 апреля 2016 г.: 

«Трудовые отношения – по новому Кодексу»

« 1 января 2016 года в соответствии с Планом Нации «100 конкретных шагов по реализации 5 институциональных реформ» наряду с Гражданским, Административным, Уголовным кодексами был принят и Трудовой кодекс РК… К разработке норм ТК РК были привлечены эксперты, руководители республиканских и отраслевых профсоюзов, представители Национальной палаты предпринимателей, Международной организации труда…Он призван сформировать новый тип трудовых отношений с более высокой ответственностью работников и работодателей, с развитым социальным партнерством и коллективными отношениями в сфере труда».

№ 23 от  3 июня 2016 г.:

«Сельхозугодья – только для казахстанцев»

«…в обществе возникли опасения, что через приобретение доли собственности в казахстанских юридических лицах, путем скупки земельных участков или заключения фиктивных браков с казахстанскими гражданами  львиная доля сельскохозяйственных земель   окажется в руках иностранных компаний, банков  и частных лиц. А казахстанского фермера ждет  участь поденщика …

В связи с этим  Указом Президента РК от 6 мая 2016 года № 248 года объявлен до 31 декабря 2016 года мораторий на применение норм земельного законодательства в Земельном кодексе, введенных Законом РК от 2 ноября 2015 г. Также наложен мораторий на предоставление права временного землепользования на условиях аренды земель сельхозназначения иностранцам (как частным, так и юридическим лицам), лицам без гражданства, юридическим лицам, в уставном капитале которых доля иностранцев составляет более 50 процентов; на предоставление физическим и юридическим лицам права частной собственности на земли сельхозназначения, находящиеся в государственной собственности. 

Правительству Республики Казахстан поручено образовать комиссию по земель-ной реформе, которая будет собирать предложения казахстанцев по правовым нормам Земельного кодекса, проводить в регионах встречи с населением по земельным вопросам».

 

 № 24 от 10 июня 2016 г.:

«Зеленый, чистый, освещенный»

«В центральном городском парке г.Есика начались работы по благо-устройству. На выделенные из бюджета 135 млн тенге их ведет подрядчик ТОО «Сункар»… По проекту планирется проложить 5 тыс. кв.м асфальта и 7 тыс. кв. м брусчатки, 692 метра  арычной трубы…парк будет освещен 64 фонарями и 17 большими светильниками…установят 44 скамейки, построят детские площадки, летнюю сцену, танцевальную площадку и 8 беседок… Радовать глаз на входе будет парадная арка…»

 

№ 48 от  25 ноября  2016 г.:

«Газификация на старте»

«Одиннадцатое ноября можно назвать стартовым днем газификации района, которая начнется с райцентра... аким г.Есика Бауыржан Бименов пригласил в районный дом культуры членов местного самоуправления,  председателей КСК, квартальных, уличных, домовых комитетов, руководителей городских и тургенских учреждений и предприятий на встречу с инвестором проекта газификации – ТОО «АПЛ-Констракшн», проектировщиками и строителями-подрядчиками.

В ходе встречи заместитель директора ТОО «АПЛ-Констракшн» Дамир Дусипов, директор подрядчика – строительно-мон-тажной фирмы ТОО «Зенит-ТВК» Ермахан Молдабеков и директор проектной организации ТОО «ТС-Group» Руслан Камардин рассказали о сроках выполнен-ия проекта, условиях подключения пред-приятий и частного сектора к газовой сети.

В данное время ТОО «Зенит-ТВК» приступил к монтажу трубопровода на г.Есик и с.Тургень, который берет начало от автоматической газораспределительной станции (АГРС) возле с.Маловодное. От распределительного пункта на северной окраине с.Тургень будут сделаны отводы на другие села Есикского региона».

 

№ 49 от 1 декабря  2016 г.:

«Развитие – по генпланам»

«17 ноября 2016 года…состоялись очередные общественные слушания по генеральным планам населенных пунктов района… В каждай генплан вошли планы современной территории сел, варианты их территориального развития, функциональное и градостроительное зонирование… Грамотная, скрупулезная, с высокой культурой исполнения  работа архитекторов и инженеров ТОО «ПИ «Казгипроград-1» получила одобрение руководства района, акимов сельких округов,  местных сообществ…»

 

№ 51 от 16 декабря  2016 г.:

«Желтоксану – 30 лет. По праву памяти»

«...и нынешним, и будущим поколениям не следует    забывать о той странице истории, которую Первый Президент РК, Лидер нации Н.А.Назарбаев назвал «предвестником независимости» – о событиях декабре 1986 года, запечатлен-ных  в народной памяти как Желтоксан.

Общественное признание декабрьских выступлений молодежи, как первого шага на пути к  независимости, в год 20-летия Желтоксана получило отражение в открытии символичного памятника «Тәуелсіздік таңы» 18 сентября 2006 года в городе Алматы.

Нынешний 2016-й  –   30-я годовщина Желтоксана… Одну из самых емких политических оценок  Желтоксана дал Нурсултан Абишевич Назарбаев…: «Эти события явились началом новой эпохи.  Желтоксан не был выступлением одного народа против другого, а стал первым выражением протеста миллионов людей, устремленных к свободе, против гнета тоталитарной системы. Во всем бывшем Союзе эти события явились первым демократическим порывом пробуждающихся наций».

И.ТУРАНИН.

 

Сәрсенбі, 15 Желтоқсан 2021 16:26

Еңсесі биік елімнің

Егемендігімізді алып, еркін ел атанған, еңсемізді тіктеп, тәуелсіздігімізді жариялаған 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні – елдің ең ұлық мерекесі. Әр қазақтың айбынын асқақтатып, мерейін үстем ететін ерекше күн. Ата-бабамыздың қанымен, жанымен, аналарымыздың зарымен жеткен, ғасырлар бойы арыстардың арманы болған азаттықтың ақ таңы – бүгінгі ұрпаққа бұйырған баға жетпес бақ. Тарихта таңбаланған қайғы-қасірет пен нәубеттен ада, береке-бірлігі бар елде, ұлан-ғайыр бай жерде ертеңгі күнге үлкен сеніммен өмір сүріп жатуымыз – Тәуелсіздіктің жемісі, һәм жеңісі. Азаттығымызды жариялаған 30 жыл ішінде әлемдік, мемлекеттік деңгейде, өңірлер мен жекелеген аудандарда ел мен жер үшін, бүгінгі күн мен ертеңгі болашақ үшін үлкен жұмыс атқарылды. Азаттықтың 30 жылдық тарихында елдегі, Еңбекшіқазақ ауданындағы биік белестер мен жетістіктер жайы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесіне орай ауданымызда өткен салтанатты жиында жұртшылыққа тағы бір мәрте паш етілді.

Тұманбай Молдағалиев атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен Тәуелсіздік мерекесіне дайындықтың ерекше болғаны есік алдынан-ақ байқалды. Дәлізге қаз-қатар тізілген тақталарда Тәуелсіз Қазақстанның 30 жылы бөлек-бөлек беріле отырып, оның әрқайсысында еліміздің әр жылдары жеткен жетістіктері тізбеленген. Жиынға жеткен жұртшылық, кешегінің көзін көрген қарттар, тәуелсіздік жылдары ауданымыз ғана емес, ел үшін еңбек еткен жандар тарихтың ақтаңдақтарын ақтарған тақталардағы көрініске қарап, кеше мен бүгінді салыстыра ой қозғап жатты. Әрине, үлкен жетістік кішкентай қадамдардан тұратыны секілді, Тәуелсіздік жылдары еліміздің еңсесін тіктеп, дамудың даңғыл жолына түсуіне әр аудан, әр өңір өте үлкен үлес қосты. Соның ішінде бүгінде республика бойынша халық саны ең көп, 300 мыңнан астам тұрғыны бар Еңбекшіқазақ ауданының қосқан үлесі де орасан. Салтанатты жиынды ашып, аудан тұрғындары мен қонақтарын бүгінгі ұлық мейраммен құттықтаған аудан әкімінің бірінші орынбасары Айбек Бидаев Тәуелсіздік жылдарының жетістіктеріне тоқтала отырып, ауданымыздағы 30 жылдық тарихты да тізбелеп өтті. Халықтың әлеуметтік жағдайы, ауданның экономикасы, ішкі саясат пен мәдениет, спорттағы жетістіктерді санамалап, жылдан-жылға жаңарып, жаңғырып келе жатқан Еңбекшіқазақ ауданының ертеңгі күнгі жоспарларымен де таныстырды. Жоғарыда айтып өткеніміздей, аудан экономикасы мен әлеуетінің, спорты мен мәдениетінің артуына, мұндағы бейбітшілік пен тұрақтылықты дамытуға, тыныштық пен қоғам қауіпсіздігін сақтауға өз үлесін қосып, еңбегі сіңген бүгінде еңбектің зейнетін көріп отырған зейнеткерлер, ардагерлер, әр сала мамандары, мемлекеттік қызметкерлер марапатталып, мерекелік төсбелгі, Алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты жиын концерттік бағдарламамен ұласып, елдің рухын асқақтатар, мәртебесін көтеріп, көңілін жадыратар жақсы ән, тәтті күймен жалғасты. Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын, ағайын!

 

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет