Бейсенбі, 30 Желтоқсан 2021 11:32

Принимаем

Принимаем шкуры КРС, МРС, шкуры волков, шерсть, старые рога марала.

Телефон: 8 708 200 23 64, 8 777 085 65 60.

Бейсенбі, 30 Желтоқсан 2021 11:30

Требуются

В КГУ «Средняя школа им.В.Терешковой»:

– учитель английского языка с русским языком обучения;

– психолог для классов с казахским языком обучения.

Обращаться: г.Есик, ул. Валиханова, 39.

Тел.: 7 32 50.

Бейсенбі, 30 Желтоқсан 2021 11:27

Требуются

Пекари в пекарню.

Телефон: 8 701 651 59 51,  8 701 244 00 50.

Бейсенбі, 30 Желтоқсан 2021 11:27

Продам дом

2-х этажный, с общей площадью 235 м2, 2015 года постройки из теплоблока, земельный участок 8 соток, в пригороде г.Алматы, по Капчагайской трассе, от черты города 7 км, за строящимся городом-спутником «Гейт сити». Имеется времянка 2-х комнатная, плодоносящий сад.

Адрес: Илийский район, поселок Ынтымак, новостройка, ул.Исахметова.

Тел.: 8 701 713 80 76.

Бейсенбі, 30 Желтоқсан 2021 11:14

Депутаттар марапатталды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында тиісті санитарлық нормаларды сақтай отырып  аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметовтың төрағалығымен VII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының  кезекті ХIV сессиясыөтті.

Сессияның күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші болып ауданның 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін бекіту бойынша сөз алған экономика және бюджеттік  жоспарлау бөлімінің  басшысы Бағлан Мушаева баяндамасынан кейін аудандық мәслихат депуттарының тарапынан бірнеше бағыттарда сын-ескертулер мен ұсыныстар айтылды. Күн тәртібіндегі екінші және үшінші мәселелер «Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының  тұрақты комиссияларын құру және құрамын сайлау туралы», «Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы» аудандық мәслихат аппаратының басшысы Беглан Сатыбалдиев баяндама жасап, шешімдердің жобасымен  таныстырды. Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Сессия отырысынан кейін аудандық мәслихат қызметін ұйымдастыру бойынша 2021 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған жиын өтті. Сонымен қатар, Бекет Төлегенұлы қатысушыларды алдағы жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, мәслихат депутаттарына  арнайы марапаттауларды табыстады. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудағы белсенділігі  үшін  Виталий Вальков  Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен, Гүлмира  Мұхтарова Қазақстан Республикасы  Парламенті Сенаты төрағасының Алғыс хатымен, Бекболат Алтаев Қазақстан  Республикасы  ауыл шаруашылығы министрлігінің Алғыс хатымен, Жамиля Абеуова Қазақстан  Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатымен, Айдар Алсеитов, Эрлан Байшеков, Михаил Гусев Алматы облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен, Аркен  Сайдуллаев,  Ерболат Тукеев Алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ депутаттарға  Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды. 

          

Айгүл СҰЛТАНОВА.

Бейсенбі, 30 Желтоқсан 2021 11:06

Қоғамдық қабылдау өтті

Айдың басында Шелек өңірінде, ал аяғында Есік қаласында қоғамдық қабылдау өткізетін жұмыс кестесіне сай дүйсенбі күні аудан әкімі Әлібек Жақанбаев тұрғындарды қабылдады.

Аудан әкімдігінің барлық бөлім басшылары, әкімнің орынбасарлары төрт көзі түгел отырып, халықтың назын тыңдады. Қабылдауға келгендер арасында ауыл тұрғындарының жанайқайын жеткізген жандар да, жеке мәселесімен келген азаматтар да болды. Мысалы, Шелек өңірінен келген Замзагүл Мамырбаева Қайыпов мектебіне қосымша салынып жатқан жапсарма құрылыстың тарлығын, онда небәрі 15 кабинет болатынын, мектепте асхана мен спортзалдың да жоқтығын айтты. 320 орындыққа шақталған мектепте бүгінде 887 оқушы білім алып жатыр. «300 орынға есептелген жапсарма ғимараттың өзін қосқанда 2-3 жылдан кейін үшауысымды мектепке қайта айналып кетеді», – деген аудан әкімі құзырлы мекеме мамандарымен ақылдасып, жапсарма ғимараттың көлемін кеңейту мәселесін көтеретінін айтты. Сондай-ақ мектеп маңынан спорт алаңын ашуға да аудан басшысы өз уәдесін берді. Замзагүл Мамырбаева көтерген тағы бір мәселе – ауылдық жерлерде дәрігерлердің тұрақтамайтыны. Осы орайда ауылдық округ әкімі Марат Сүгірбековке жергілікті жерден білікті кадр табу тапсырылды. Сондай-ақ иесіз бос тұрған ғимараттарды халық игілігіне қолдану, жер теліміне қатысты сұрақтар, ауылдық жерлерде спорт пен өнер мектептерін ашу, қоғамдық көліктер, жол жүру ақысының артуы сынды мәселелер көтерілді.

Бөлек ауылдық округінің тұрғыны, жақында жүкті жұбайынан айырылған азамат, алты баланың әкесі балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді сұрай келген екен. Әлібек Әскербекұлы жаңа жылға дейін балаларға қажетті киім-кешек алып беріп, бұл азаматтың бастап қойған үй құрылысын көктем шыға толық аяқтап беруге уәде етті.

Қ.МҰРАТҚЫЗЫ.

Өткен 2021 жылдың наурыз айында Еңбекшіқазақ ауданына әкім болып тағайындалған Әлібек Әскербекұлы Жақанбаевқа газетіміздің редакциясы өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері жайында және жаңа 2022 жылға қойылып отырған мақсат-міндеттер туралы сұрақтар қойған еді. Сөз басында Әлібек Әскербекұлы аудан әлеуметтік-экономикалық дамуының үш бағытын:

бірінші бағыт  – өңір  экономикасының тұрақты дамуы;

екінші бағыт – өмір сүру үшін жайлы және қауіпсіз аудан құру;

үшінші бағыт – өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз етуді

айқындай келе әр бағытты салалар бойынша тарқатып берген еді.

2021 жылы ауданның экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің тұрақты өсуі байқалады. Атап айтқанда, биылғы жылы ауданның барлық салалары бойынша 4 563 жұмыс орны ашылды, оның 2 661 тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 4,6%. 11 айдың қортындысы бойынша орташа айлық жалақы 213 157 теңгені құрады.

 

Ауыл шаруашылығы

Еңбекшіқазақ ауданы айтарлықтай өндірістік және экономикалық әлеуеті бар ауыл шаруашылық аймаққа жатады. Ауыл шаруашылығы өндірісінде 9 809 шаруа қожалығы және 396 заңды тұлға жұмыс жасайды, бұдан басқа 54 мыңға жуық ауланың тұрғындары мал және құс өсірумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін үй жағдайында өсірумен айналысады.

2021 жылы ауыл шаруашылық өнімінің көлемі  170 млрд. теңгеге жетті. Ауданда ауыл шаруашылығы мақсатындағы 361,6 мың гектар алқап  бар, оның ішінде егістік – 85 617 гектар, суармалы – 77,6 мың гектар.

2021 жылы дәнді дақылдар алқабы 37 296 гектарды құрады, оның ішінде жүгері  25 012 гектар,  майлы дақылдар 11 049, картоп 6 160, көкөніс алқабы 9 698 гектар.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу кезінде 4 787 гектарда су үнемдеу технологиясы қолданылады. Жеміс-жидек алқабы 9 768 гектар,   жүзім  2 863 гектарды құрайды. Барлығы 19 жеміс және 2 көкөніс сақтау қоймасы бар, жалпы сыйымдылығы 35 360 тонна.

Ағымды жылы  194,1 мың тонна дәнді, 29,1 мың тонна майлы дақылдар, 291,1 мың тонна көкөніс, 54,1 мың тонна  жеміс жиналды.

Ауданда қуаттылығы 4 100 ірі қара малға арналған 6 ірі бордақылау алаңы жұмыс жүргізуде. 600 басқа арналған 21 сүт-тауарлы фермасы бар.

Жыл басынан бері  құны 7,1 млрд.теңге болатын 8 жоба іске асырылды, оның ішінде 2 260 басқа арналған 3 мал бордақылау алаңы, сыйымдылығы 3 600 тонна жеміс сақтайтын қойма іске қосылды, 245 гектар алқапқа  интенсивті бақ отырғызылды. Нәтижесінде 105  тұрақты, 270 маусымдық жұмыс орны құрылды.

Аудандағы өзекті мәселелердің бірі – мал  жаюға арналған жайылым жерлерді анықтап беру. Осы мәселені  шешу мақсатында, 18 488 гектар жайлым, қосымша 22 ауылдық округтің 98 мың гектар жайылымы аудан әкімдігінің қаулыларымен тұрғындарға мал жаю үшін бекітіліп берілді.

2022 жылы өсімдік шаруашылығында 262 гектар алма бағын отырғызу және сыйымдылығы 13 600 тонна жеміс сақтау қоймаларын іске қосу жоспарлануда.

Мал шаруашылығында 320 бас ірі мал сатып алуды, 3 000 басқа арналған 2 бордақылау алаңын, 400 басқа арналған 1 сүт-тауарлы фермасын, сондай-ақ 500 басқа арналған 1 мал сою цехын пайдалануға беру көзделуде.

Бүгінгі күнде  Шелек өңірінде «Наурыз Агро» компаниясымен жылына 50 мың тонна құс етін өндіретін жобалық құны 40 млрд. теңге болатын құс фабрикасының құрылысы бойынша келіссөздер жүргі-зілуде.

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің балық саласын дамытуға ерекше назар аудару қажеттігі туралы атап өтті. «Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы» ағымдағы жылдың сәуір айында бекітілді. Бүгінгі таңда Үкімет қабылдаған бастамалардың арқасында ауданда балық шаруашылығы айтарлықтай сәтті дамуда. Өңірімізде 6 балық шаруашылығы («Рудаков» ШҚ, «MG» ШҚ, «Халық балық» ЖШС, «Амиркулов» ШҚ, «Гидросервис» ЖШС, «Аманат Фиш» ЖШС) 419 тонна тауарлы балық өндірумен айналысады. Өндірілетін балық түрлері: бахтах (форель), бекіре, тұқы (карп), ақ амур, күміс тұқы.

Жеке  кәсіпкер «Елгезеков»  2022-2023 жылдары Балтабай ауылдық округінде 13,2 гектар алқапта жылына 100 тонна  балық өндіретін балық шаруашылығын іске қосуды жоспарлап отыр. Жобалық құны 120 млн. теңге, 6 жұмыс орны ашылады.

Тоқтап қалған шаруашылықты қайта жаңғырту мақсатында «Халық балық» ЖШС 2022-2027 жылдары жалпы аумағы 1050 гектарда, жобалық құны 7,2 млрд.теңге болатын жылына 1000 тонна балық (тұқы, бахтах, бекіре) өндіретін шаруашылық құруды жоспарлап отыр. Жоба бойынша  200 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде.

2022-2024 жылдары «MG» шаруа қожалығы 150 млн. теңгеге өндірісін  3 гектарға кеңейтіп, қосымша 200 тонна балық өсіруді  жоспарлауда. 10 адам жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.

Сонымен қатар, 2023-2025 жылдар аралығында Бартоғай су қоймасының маңында «Synergy CH» ЖШС 113,3 гектарда жылына 400 тонна балық өндіретін балық шаруашылығын іске асыруды, 25 жұмыс орнын ашуды жоспарлауда. Жоба құны 475 млн. теңге.

2022 жылға ауыл шаруашылық өнімі 176,7 млрд. теңгеге артады деп жоспарлануда.

 

Өнеркәсіп

Аудан өнеркәсібінде 125 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 81,  кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу 19, электрмен жабдықтау, газ, бу беру бағытында 3 және сумен жабдықтауда 22 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Ағымдағы жылы өнеркәсіпте 51,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Аудан өнеркәсібінде өңдеуші сала басым, ол жалпы өндірістің 89,4 % алады. Атап айтқанда, сүт өнімдерін өндеуші «Фуд Мастер» компаниясы, «Адал» АӨК АҚ, «Иссык» көкөніс консервілеу зауыты, «Голд Продукт», «Дионис», «Арбаваин» шарап зауыты.

Сонымен қатар, ауданда кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында «Кентас» серіктестігі, «АДСК» асфальт-бетон өндіріуші зауыт, «ДСУ-13» жол-құрылыс кәсіпорны жұмыс атқарады.

Ағымдағы жылы Есік қаласында  «Глобал – Ретаил» серіктестігі жобалық қуаты 7600 тонна сары май және маргарин өндіретін жобалық құны  844 млн. теңгені құрайтын зауытты іске қосты.

Жаңашар округінде «Наниев» шаруа қожалығы жоба құны 270 млн. теңгені құрайтын 4 000 тонна өнім сақтайтын қойма және тәулігіне 24 тонна  соя өңдейтін цехтың құрылысын аяқтап, бүгінгі күні іске қосу рәсімдері жүргізілуде.

Энергетика саласы бойынша ауданда қуаты 13,9 МВт 5 су және қуаты 14 МВт 2 жел электр станциясы жұмыс жүргізуде (Есік өзенінің бойында қуаты 12,5 МВт төрт ГЭС,  Түрген өзенінің бойында 1,4 МВт бір ГЭС және қуаты 14 МВт 2 ЖЭС).

Шелек дәлізінің айналасында жел энергиясының әлеуеті зор. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, жаңартылған энергия көздерін  іске қосу  мақсатында ағымдағы жылы Масақ округінде «ВЭС Нұрлы» серіктестігі құны 1 млрд. 546 млн. теңге болатын, қуаты 4,5 МВт жел электр станциясын іске қосты.

Осы бағытта «Жерұйық Энерго» серіктестігі бүгінгі күні  қуаттылығы 50 МВт жел электр станциясының құрылысын жүргізуде. Жобаның құны 16 млрд. теңге, биылғы жылы 3,3 млрд теңге инвестиция тартылды.

Аудан бойынша энергетика саласында жалпы қуаты 28 МВт құрайтын 7 жоба іске қосылды, онда 57 жұмыс орны құрылды.

Өнеркәсіп өндірісі дамуының оң динамикасын сақтай отырып 2022 жылы  2 500 тонна  жеміс-жидек сақтау және өңдеу цехтарының құрылысы, 2 жел электр станциясының (50 МВт және 10 МВт) және бір суэлектр станциясының  (10 МВт) құрылысын іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 2022 жылға өнеркәсіп өнімінің көлемін 54,3 млрд. теңгеге жеткізу  көзделуде.

 

Инвестиция

2021 жылы ауданға 47 млрд. теңге инвестиция тартылды, нақты көлем ин-дексі 2020 жылға 101 %-ды құрады.

Тартылған инвестициялардың құрылымы бойынша:

– бюджет қаражатының үлесі  21,7 % (9,2 млрд. теңге)

– жеке инвесторлардың қаражат үлесі 78,3 % (33 млрд.теңге).

Әлеуетті инвесторлармен тиісті жұмыстар жүргізу нәтижесінде,  2022 жылы 50,2 млрд. теңгеден астам сомаға 19 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. 363 адам жұмыспен қамтылады.

Ауыл шаруашылығында 13 жобаға 11,2 млрд. теңге инвестиция тартылып,   287 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Өнеркәсіп пен энергетика саласында инвестиция көлемі 29,9 млрд. теңге  болатын 4 жобаны іске асыру көзделуде. 55 адам жұмыспен қамтылады.

Туризм саласында 2 жобаға  611 млн. теңге инвестиция тартылып,  21 адамға қосымша жұмыс орны ашылады.

«Ескене» серіктесігі жол бойындағы сервис (600 млн. теңге 15 жұмыс орны)  және  «Ким» туристік базасының құрылысын жүргізеді (11 млн. теңге, 6 жұмыс орны).

 

Шағын және орта бизнес

Нарықтық экономика мен еркін бәсекенің күш алуы кәсіпкерлікті жандандыруға тікелей байланысты. Мемлекет басшысының  шағын орта бизнеске қолайлы жағдай жасау керектігі туралы үндеуін назарға алып, ауданда бизнеске жан-жақты қолдау көрсетілуде. Шағын және орта бизнесте жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 19 296, оларда  34 873 адам жұмыспен қамтылған.

Жыл басынан бері құны 1,3 млрд. теңгеге 21 орта және шағын жаңа бизнес нысандары ашылып, 72 адам жұмыспен қамтылды (12 сауда нысаны, 5 қызмет көрсету нысандары, 2 мейрамхана, 1 мал бордақылау алаңы, 1  наубайхана).

2021 жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнесте 130 млрд. теңге өнім өндіріліп және қызметтер көрсетілді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 5,8 % -ға артық.  2022 жылы аталған көрсеткіш 136,4 млрд. теңгені құрайды деп  жоспарлануда.

2021 жылдың басынан «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік  бағдарламасы  аясында 73  жобаға 2 млрд. 733 млн. теңге бөлінді.

Оның ішінде:

– Пайыздық  мөлшерлемені  субсидия-лау бағыты бойынша13 жобаға  2 млрд. 470 млн. теңге;

– Ішінара кепілдендіру бағыты бойын-ша 53 жобаға 247,9 млн. теңге;

– Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін ауданымыздан 7 шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 15,5 млн. теңге көлемінде мемлекеттік гранттар берілді.

 

Туризм

Ауданымыздың табиғи ресурстары Іле-Алатауының ландшафттары, таулы көлдер, өзендер, минералды су көздері және басқалары туризмнің дамуына қолайлы жағдай жасайды. Ауданда 20 нысан туризм саласында қызмет етуде. 2021 жылы 37 224 адамға 71,6 млн. теңгенің қызметі көрсетілді.

Түрген шатқалында 1 қонақ үйі, 3 демалыс үйі, 3 сауықтыру лагері халық игілігіне жұмыс істеуде.

Ауданымызда форель өсірумен айна-лысатын «Форель Kz» серіктестігі Іле-Алатау Ұлттық табиғи саябағы аумағында отбасымен демалуға арналған туристік-сауықтыру кешенін ашуды жоспарлап отыр.

2022 жылға 38 мың адамға 73,5 млн. теңгеге қызмет көрсету жоспарлануда.

 

Салықтар

2021 жылы мемлекеттік бюджетке 21,1 млрд. теңгеден астам салық түсті. 2020 жылға өсу қарқыны 8,2 %-ды құрайды.

11 айда шағын, орта бизнестен 6,8 млрд. теңге салық түсті, бұл былтырғы жылға қарағанда 22,4  %-ға артық, шағын орта бизнестен түскен салықтың үлесі жалпы көлемнің 33,9 %-ын құрайды.

2022 жылы экономиканың салаларында (ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте, туризм саласында) 19 жобаны іске асырудың арқасында, кәсіпкерліктің  дамуына қолайлы жағдай жасау, «Бизнестің жол картасы-2025» және «Еңбек»  мемлекеттік бағдарламасы аясында бизнеске қолдау көрсету арқылы, болжам-мен 23,6 млрд. теңгенің салық түсімдері күтіледі, 2021 жылға қарағанда өсім 11,2 %-ды құрайды деп жоспарлануда.  Оның ішінде аудандық бюджетке 7,0 млрд. теңге салық түседі деп болжануда.

 

Құрылыс

2021 жылдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 16,2 млрд. теңгеге жетті. Бүгінгі күнде Есік  қаласындағы екі  60 пәтерлі және Шелек ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы, сонымен қатар осы үш үйдің  инженерлік-коммуникациялық инфрақұры-лымдарын жүргізу және абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

 

Тұрғын үйді пайдалануға беру

Өткен жылы 11 айда 48,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2022 жылы 49,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді жоспарлаймыз,  бұл 2021 жылмен салыстырғанда 4,9 %-ға артық.

Бүгінгі күні ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында 57 жоба іске асырылуда, атап айтсақ:

– «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 3,7 млрд. теңгеге 17 жоба (10 жоба бойынша  құрылыс жүргізілуде, 7 жоба бойынша ЖСҚ әзірленуде). Жобалар 2022 жылға ауыспалы;

Осы бағдарлама шеңберінде ауданда тұрғын үй құрылысына және инфрақұрылымдарды жақсарту бойынша бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Ағымдағы жылы 3 ауылдық округте 349 гектар жерге (Шелек ауылында 237, Ақши ауылында 90  және Алға  ауылында 22 гектар) жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар жасалуда. Жобалар 2022 жылға ауыспалы, 2022  жылға 1,6 млрд. теңге қаражат қарастырылып, бұл жұмыстар жалғасын табады.

2022 жылға Қайназар ауылында 24 гектарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұры-лымдарын жүргізуге 461,5 млн. теңге қарастырылды.

– «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 1,3 млрд. теңгеге 22 жоба  іске асырылуда (1 жоба құрылыс,  21 жоба  сумен кәріз реконструкциялауға ЖСҚ даярлау). 13 жоба бойынша жобалық сметалық құжаттамалар әзірленуде.

– «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 481,2 млн. теңгеге Ұлтарақов ауылының су құбырлары қайта жаңғыртылуда.

– «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында 1,9 млн. теңгеге 1 жоба іске асырылуда.

– «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары шеңберінде 217,8 млн. теңгеге 17 жоба (12 ауылдың  көшелеріне ағымды жөндеу, 2 ауылдың су құбырларына ағымды жөндеу, 2 ауылдың саябағын абаттандыруға және 1 ауылдың көпіріне ағымды жөндеу).

Атқарылып жатқан жұмыстарға  қарамастан,  тұрғын үй мәселесі қазіргі уақытта ең өткір тақырыптардың бірі болып табылады. Аудан бойынша бүгінгі күнге тұрғын үй кезегінде барлығы 3 665 азамат тіркелген. Оның ішінде, 633 көп балалы отбасылар, 924 жетім балалар, 1 191 халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары,  915 бюджеттік сала қызметкерлері, апатты тұрғын үй иелері – 2 отбасы.

Азаматтарды жеке тұрғын үй құры-лысына арналған жер учаскелерімен қамтамасыз ету маңызды  мәселенің бірі, бүгінгі күнге  кезекте 22 227 азамат тұр. Тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында, Есік қаласындағы үш 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына жобалық құжаттар мемлекеттік сараптамаға даярлануда.

Бүгінгі күнде, Өрікті ауылында 12,6 гектарға жеке тұрғын үй құрылысының инженерлік-коммуникациялық желілерін жүргізу үшін жобалық құжаттар әзірленуде.

 

Коммуналдық  шаруашылық

Халықты сапалы ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету – өзекті мәселе. Аудан бойынша коммуналдық сумен жабдықтау жүйелерінің жалпы ұзындығы 911,6 шақырымды құрайды, оның ішінде 185 км коммуналдық меншікте, 726,6 км жеке меншікте. Аудандағы 79 елді мекеннің 71-інде ауыз су құбырлары орталықтандырылған, яғни 89,9 %, ал қалған 8 ауыл орталықтандырылмаған.

2020 жылы басталған  8 ауылды және Есік қаласын ауызсумен қамтамасыз ететін «Еңбекшіқазақ топтық су құбырының»  құрылыс жұмыстары жүргізілуде (жалпы сметалық құны 4,5 млрд.  теңге).  Бүгінгі күнде құрылыс-монтаждық жұмыстарының 90 %-ы аяқталып, 45 шақырымның 44 шақырымы салынды. Игерілген қаражат 3,6 млрд. теңге. Құрылыс жұмыстары осы жылдың мамыр айында аяқталады. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде  105 мың халқы бар 8 елді мекен және Есік қаласы сапалы ауызсумен қамтылатын болады.

Тұрғындарды сапалы ауызсумен қамту мәселесін кезең-кезеңмен шешу мақсатында, ағымды жылы 17 елді мекеннің ауыз су құбырын қайта жаңғырту және құрылысына жобалық құжаттамалар  әзірленуде.

2022 жылы бюджеттен Нұра ауылындағы (жобалық құны 962 млн. теңге) сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуға бастапқы 50 млн. теңге, Балтабай ауылы сумен жабдықтау жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 60 млн. теңге, Саймасай ауылының су ұңғымаларын ағымдағы жөндеуге 50 млн. теңге бөлінеді. Одан бөлек, 2022 жылға қаражат бөлу үшін «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының Жол Картасына енген Қазақстан, Ащыбұлақ ауылдарының сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту жұмысына (жоба құны 1,5 млрд.теңге),  Бірлік, Ақбастау ауылдарында су құбыры желілеріне ағымдағы жөндеу жүргізу үшін 60 млн. теңгеге өтінім облыстық басқармаларға берілді (жобалық құжаттары дайын).

 

Кәріз жүйелері

Ауданның 12 елді мекенінде кәріз жүйелерінің жалпы ұзындығы 196,6 км, оның ішінде коммуналдық меншікте 85 км. Қолданыста 97 км. Тозуы 70 %-ды құрайды.

Ағымдағы жылы Шелек ауылындағы кәріз құбырларын қайта жөндеу жұмыста-рына 900 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде (жоба құны 2,4 млрд. теңге). Құрылысты аяқтауға қосымша 905 млн. теңге қажет, 2022 жылға 259,7 млн.теңге қарастырылды.

5 елді мекенде (Есік қаласы, Түрген, Бәйдібек би, Бәйтерек, Қазақстан) ұзындығы 80 км кәріз жүйелерін қайта жаңарту қажет, 3 елді мекеннің (Есік, Түрген, Бәйдібек би) жобалық құжаттамалары әзірленуде.

2022 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 21 жобаға 227,6 млн. теңге қарастырылуда, оның ішінде 9 ауылды абаттандыру, 5 ауылдың жолдарына ағымдағы жөндеу, 2 көпірге ағымды жөндеу, 4 ауылдың электр жүйелеріне  және 1 ауылдың су құбырына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

 

Абаттандыру

Қазіргі уақытта аудан тұрғындары үшін  қолайлы, өмір сүруге жайлы  ортаны құру – негізгі бағыттардың бірі. 2021 жылы ауданның елді мекендерін абаттандыруға 1,8 млрд.теңге, ал санитарлық тазалауға 242,3 млн.теңге бөлінді. 15 600 ағаш көшеті отырғызылды.

Есік қаласының Марат Ысқақ көшесін,  аудандық мәдениет үйінің, Жәнібек пен Керей хандар ескерткішінің, орталық стадион, Шелек ауылдық округі әкімдігінің аумағын, Шымболатов атындағы саябақты абаттандыру жұмыстары  жүргізілді.

Ауданымыздың орталығы Есік қаласын көркейтуді қолға алып, Есік өзенінің жағалауын (жобалық  құны – 931млн. теңге) абаттандыру жұмыстары басталды. Былтыр құрылыстың 1-кезеңі басталды. Жобаны аяқтауға 2022 жылға 598 млн.теңге бөлуге өтінім берілген болатын, 230,8 млн.теңге бюджеттен бөлінді. Жоба іске асқанда тұрғындар және қала қонақтары  өзен бойында демалып, серуендеуге  қолайлы жағдай туады.

Сонымен қатар 2022 жылыда елді мекендерді абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жалғасын табады, осыған орай:

– Есік қаласын және 25 ауылдық округті абаттандыруға 167 млн.теңге және санитарлық жұмыстарына 160,5 млн.теңге;

– Бартоғай округіне қарасты Бижанов ауылындағы Д.Қонаев атындағы  аллеяны абаттандыруға 49,4 млн теңге;

– Қазақстан ауылының саябағын абаттандыруға 30,3 млнтеңге;

– Шелек  қоғамдық демалыс аймағын абаттандыруға 65,5 млн. теңге қаражат қарастырылды.

Қаланың шырайын сәулеттік жобалар ашады, осыған орай  Есік қаласы және Шелек ауылының көпқабатты үйлерін бірыңғай сәулеттік келбетке келтіруге 2022 жылға 252,9 млн. теңге бөлу үшін бюджеттік сұраныс жасалды.

 

Жарықтандыру

Өткен жылы елді мекендердің көшелерін жарықтандыруға 378,1 млн.теңге бөлінді. 5 елді мекенде (Ащысай, Ащыбұлақ, Бәйтерек, Жаңашаруа, Қызылшарық) жарықтандыру жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттар даярлануда. Бұл бағытта «Сайман» ЖШС мемлекеттік-жеке меншіксерістестік аясында жұмыс жүргізуде.

2022 жылға бюджеттен 7 ауылдың көшелерін жарықтандыруға 171,1 млн. теңге (Қазақстан, Шелек, Достық, Арна, Ащысай, Қаратұрық, Қаракемер) және  3 ауылға (Қаракемер, Сатай, Талдыбұлақ) трансформатор орнатуға 9 млн теңге қарастырылды.

 

Тұрмыстық қалдықтарды жайластыру

Қоршаған ортаны ластанудан қорғау, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу проблемасы да назардан тыс қалмады. Осы орайда «Алатау Тазалық» ЖШС тарапынан Ташкенсаз ауылдық округінде полигон жобасы мемлекеттік сараптамаға өткізіліп, 15 гектар жер телімі бөлінді. Шелек өңірі бойынша инвестор қарастырылуда.

Аудан бойынша қоқыстарды уақытша тастауға 31 жер телімінің мемлекеттік актілері дайындалып, 89,9 гектар жер телімі  жергілікті әкімдіктерге берілді.

 

Газдандыру

Газ құбырларына қосылатын 79 елді мекеннің 65-і газдандыруға жатады,  аула саны – 47313, бүгінгі күнге 9 елді мекен-де газ тарту жұмыстары жүргізілуде, 12301 аула көгілдір отынға қосылды,  яғни 26%-ды құрап отыр.

Бүгінгі күнде жүргізілген газ құбырлары-ның ұзындығы 449,3 шақырымды құрайды. Ауданды газдандырумен «АПЛ констрашн» (Есік, Шелек, Түрген), «Газ трейд сервиз» (Бәйтерек, Ават, Жаңашар), «Спецстройбранд» (Қайназар, Рахат, Азат) мекемелері айналысады.

Ауданда газдандыру 2017 жылдан басталды, алайда бүгінгі күнге дейін газдандыруға бюджеттен қаражат бөлінбеген, тек қана жеке инвесторлар тарапынан жүргізілуде. «ЖетісуОблГаз» мекемесіне және облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасына 23 ауылды газдандыруға ұсыныс берілді (Есік өңірінен 9 ауыл: Таутүрген, Ташкенсаз, Ақши, Балтабай, Бірлік, Бәйдібек би, Қаракемер, Талдыбұлақ, Сатай. Шелек өңірінен 14 ауыл: Қаратұрық, Қайыпов, Қаражота, Қызылшарық, Қорам, Көлді, Лавар, Малыбай, Тауқаратұрық, Достық, Ащысай, Бәйсейіт,  Қазақстан, Ащыбұлақ).

 

Жол инфрақұрылымы

Аудандағы жалпы автомобиль жолдарының ұзындығы 2555 км құрайды,  оның ішінде республикалық маңызы бар автожолдар – 391 км, облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 627,3 км, ал аудандық маңызы бар жолдар – 1330 км және ішкі шаруашылық жолдары – 206,7  км.

2021 жылы барлық санаттағы жолдарды жөндеп, күтіп ұстауға бөлінген қаражат 4,1 млрд. теңгені құрады, оның ішінде аудандық маңызы бар жолдарға 1,2млрд. теңге бөлінді.

Жөндеу жұмыстарымен 610,8 км жол қамтылды. Оның ішінде:

– республикалық маңызы бар автомобиль жолдары – 200,3 км;

– облыстық маңызы бар автомобиль жолдары – 281,6 км;

– аудандық маңызы бар автомобиль жолдары – 128,9 км.

2022 жылға Есік қаласы және ауылдық елді мекендердің  жолдарына орташа жөндеу жүргізуге 282,5 млн.теңге, ағымдағы жөндеуге және қысқы күтіп ұстауға 295,1 млн.теңге қарастырылды. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге (бағдаршамдарды күтіп ұстау, жол белгілерін орнату, жолақтарды жүргізу, стробоскоп орнату) 55,4 млн. теңге бөлінеді.

 

Әлеуметтік қолдау

Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – ауданның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының көрсеткіші. 2021 жылдың 11 айында 3619 отбасына 1,3 млрд. теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек төленді, осы жылға 3430 отбасына 2,5 млрд. теңге төлеу жоспарлануда.

Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының бір жастан алты жасқа дейінгі 4323 балаға 201,9 млн теңгенің кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер мен тұрмыстық химиялық тауарлары берілді, биыл 4548 балаға 332 млн. теңгенің пакеттерін беру көзделуде.

Ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны – 7022, жұмысқа қабілетті 2 162 мүмкіндігі шектеулі азаматтың 144-і жұмысқа орналасты.

Аудан бойынша 1247 аз қамтылған отбасына 48,4 млн. теңге тұрғын үй көмегі берілді, 2022 жылға 1303 отбасына 55,1 млн. теңге төлеу жоспарланды.

Ауылдық жерде жұмыс істейтін 7131 әлеуметтік сала және ветеренария мамандарына отын сатып алуға 105,8 млн. теңге берілді, 2022 жылға 6514 адамға 98,8 млн. теңге төленеді.

2021 жылдың 11 айында 676 мүгедекке 79,7 млн. теңгенің тазалық құралы, 622 мүгедекке 22,3 млн. теңгенің техникалық көмекші құралдары берілді. 2022 жылға 725 мүгедекке 89,5 млн. теңгенің тазалық құралдары және 650 мүгедеке 25,5 млн. теңгенің көмекші құралдары беріледі.

 

Жұмыспен қамту

Ауданда экономикалық белсенді халық саны – 159 700, оның ішінде:

1) Жұмыспен қамтылғандары – 152 400. Жұмыспен қамтылғандар ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың үлесі 28% -ды құрайды.

2) Жұмыссыздар – 7322 адам. Жұмыссыздық деңгейі 4,6-ды % құрады (облыстық көрсекткіш 4,8 %), жастар арасында 3,0 % (облыстық көрсеткіш 3,4 %).

«Еңбек» бағдарламасы аясында 3 бағыт бойынша қызмет көрсетіледі. Өткен жылы 2953 адам бағдарламаға қатысып, оларға 1,1  млрд.теңге бөлінді.

Оның ішінде:

1-бағыт бойынша: қысқа мерзімді қайта даярлау курстарына және кәсіптік даярлауға 535 орын жоспарланып, 559 адам  жіберілді. Жоспар 104,4  %-ға орындалды.

2-бағыт «Бизнес бастау» жобасы бойынша оқуға 280 азаматты жіберу   жос-парланып, толығымен 100% орындалды.

– 115 азаматқа несие беру жоспарланып,  131 азамат 605,7млн.теңге алды.

– мемлекеттік грантты 210 азаматқа беру жоспарланып, 11  айда  187  азамат 109,1 млн.теңгенің грантына ие болды. 2022 жылға 187 адамның  грант алу мүмкіндігі қарасытырылуда.

3-бағыт бойынша:

– әлеуметтік жұмыс орындарына 137 азамат жіберіліп, жоспар 37 %-ға артығымен  орындалды. (2022 жылға жоспар – 72 азамат).

– жастар практикасына 143 азамат жіберіліп, жоспар толығымен орындалды (2022 жылға жоспар – 132 азамат).

– ақылы қоғамдық жұмыстарға 1516  азамат жіберіліп,  жоспар  34,1 %-ға арты-ғымен орындалды  (2022 жылға жоспар – 465 азамат).

2021 жылы 4 575 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 2718 тұрақты.

Осы жылы 4677 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде,  оның ішінде – 2977 тұрақты жұмыс орны.

 

Білім беру

Білім беру саласында қолжетімділікті қамтамасыз ету және білім сапасын арттыру – басты басымдықтардың бірі. Аудан бойынша 86 мектеп бар, оның екеуі жеке меншік.84 мемлекеттік мектептің  66-сы типтік, ал 18-і бейімделген ғимаратта орналасқан. Жалпы оқушы саны – 57285. Ұстаздар саны – 5505, жаңа оқу жылына келген мұғалім саны – 516, 2021 жылы жоғары оқу орнын бітіріп келген жас мамандар саны – 183. Білім сапасы 65,4 %-ды құрайды.

Ауданымызда балабақша саны – 158, оның ішінде, мемлекеттік балабақша – 29, бала саны – 3901,  ал жекеменшік бала-бақша – 129,  бала саны – 12227 құрайды.Балаларды балабақшамен қамту деңгейі – 98,7 %.

Бұл саладағы өзекті мәселенің бірі – үшауысымдық мектептердің санының жылдан жылға артуы. Демографиялық өсім мен көші-қон аудандағы мектептерде оқушыларды оқу орнымен қамтамасыз етуге әсерін тигізуде, ауданда үшауысымда оқитын 5 мектеп бар:

1) Есік қаласындағы Терешкова атындағы 640 орындық мектепте 1967 оқушы;

2) Абылай хан атындағы 540 орындық білім ошағында 1669 оқушы;

3)Ташкенсаз ауылы Абдуллин атындағы 300 орындық мектепте 1000 оқушы;

4) Қазақстан ауылы Қайыпов атындағы 520 орындық мектепте 822 оқушы;

5) Рахат округі 600 орындық №1Рахат орта мектебінде 1519 оқушы білім алады.

Осы мәселені  шешу мақсатында ауданда 1 мектептің және 2 жапсаржайдың құрылысы жүргізілуде. Есік қаласында 1500 орындық мектеп, Ташкенсаз және  Қазақстан ауылында 300 орындық жапсаржай салынуда. Алайда бүгінгі күнде тағы 7 мектептің  үшаусымдыққа ауысу қаупі бар:

  1. Есік қаласы Тоқатаев атындағы ОМ 340 орындық (890 оқушы);
  2. Достық ауылы Бертаева атындағы ОМ 300 орындық (850 оқушы);
  3. Тескенсу ауылы Жамбыл атындағы ОМ 640 орындық (1059 оқушы);
  4. Қаракемер ауылы Орымбетов атындағы ОМ 640 орындық (1442 оқушы);
  5. Қайназар ауылы Уәлиханов атындағы ОМ 420 орындық (938 оқушы);
  6. Бәйдібек би ауылы Островский атындағы ОМ 640 орындық (1400 оқушы);
  7. Түрген ауылы Қонаев атындағы ОМ 640 орындық (1124 оқушы).

Үшаусымды мектептерді жою үшін, жекеменшік қаражат есебінен  «Капитал конструкшн» компаниясымен 2022-2023 жылдар аралығында 3 жаңа мектеп салуға келіссөздер  жүргізілуде. Атап айтсақ, Рахат округінде 1200 орынға (саяжай аумағында), Қаракемер округіндегі Сатай ауылында 600 орындық және Бәйдібек би ауылына 1200 орындық мектептің  құрылысы бойынша.

Бұдан бөлек, әлі де Достық, Тескенсу, Қайназар, Түрген ауылдарында 600 орындық 4 мектеп құрылысының жобалық құжаттарына өтінім берілді.  Сонымен қатар Балтабай округіне қарасты 1569 тұрғыны бар Бірлік аулында мүлдем мектеп жоқ, 270 оқушы көрші ауылға қатынайды. Осы ауылға 450 орындық мектеп құрылысына  өтінім берілді.

Бүгінгі күнде жаңа мектептің құры-лысын қажет ететін 18 бейімделген ғимараттың  мәселесі қалып отыр. Осы мәселені шешу мақсатында Төле би ауылындағы 450 орындық мектептің құрылыс жұмыстары басталды және 3 мектептің құрылысына  жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Олар Ақтоған ауылындағы 180 орындық, Азат ауылындағы 300 орындық, Алмалы ауылындағы 600 орындық мектеп. Бұдан бөлек бейімделген мектептердің  орнына  жаңа 12 мектептің құрылысына  жобалық құжаттарын  әзірлеуге өтінім берілді.

Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға  сәйкес, аудандағы 84 мектептің 25  мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Бүгінгі күні Есік қаласы, Жаңашар, Ащыбұлақ ауылдарындағы 3 мектептің жобалық құжаттары даярлануда.

2022 жылға Есік қаласындағы Абылай хан атындағы орта мектепті, Шелек ауылындағы Абай атындағы орта мектепті, Ащысай ауылындағы Уәлиханов атындағы орта мектепті және 7 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге жобалық құжаттар даярлауға қаражат бөлуге облыстық басқармаларға сұраныс-өтінімдер берілді.

 

Денсаулық сақтау

Ұлт денсаулығы – ел болашағының негізі. Сондықтан да тұрғындардың денсаулығын жақсартуға, қолжетімді медициналық көмекке көп көңіл бөлу қажеттігі туындайды. Ауданда 77 денсаулық мекемесі жұмыс атқарады. Оның ішінде: 3 аурухана, 38 ауылдық дәрігерлік амбулатория, ФАП, МП -28 фельдшерлік-акушерлік пункт пен медициналық пункт. Дәрігерлер саны – 464, орта медқызметкерлер –1719, 635 төсек орын бар. 77 денсаулық сақтау мекеменің 39-ы типтік ғимаратта, 25-і бейімделген, 13 елді мекенде жалданбалы ғимараттарда орналасқан. Бұл мәселелерді шешуге мемлекетпен қатар кәсіпкерлер де атсалысуда. Жеке кәсіпкер Тавабир Чикаев денсаулық сақтау мекемелерінің күй-жағдайына бей-жай қарамай,Төле би ауылында  өз қаражатына аусымына 50 адам қабылдайтын ауылдық дәрігерлік амбулатория салып берді.

Ауданда ескірген және бейімделген ғимараттардың орнына жаңа 34 денсаулық сақтау объектілерінің құрылысы және 20 нысанды күрделі жөндеуден өткізуге облыстық денсаулық басқармасына ұсыныс-өтінімдер берілді. Сонымен қатар медициналық пункттері жоқ 13 ауылдың тізімі облыстық басқармаларға жіберіліп, құрылысқа қаражат бөлуге өтінім берілді.

Қызылжар және Қайназар ауылдарындағы ауылдық дәрігерлік амбулаториялардың күрделі жөндеуіне жобалық құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтуде.

 

Мәдениет және спорт

Ауданда 38 мәдениет нысаны бар. Оның ішінде14 мәдениет үйі, 4 ауылдық клуб, 16 кітапхана, 3 музей, 1 архив және 1 спорт сарайы, 1 спорттық кешен жұмыс істейді.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты мәдениет мекемелерінде 1100 іс-шаралар онлайн форматта ұйымдастырылды. Қызылшарық, Бәйтерек, Қайыпов ауылдарында мәдениет үйлерін салуға, сонымен қатар Қаражота және Бөлек ауылдық мәдениет үйлерін күрделі жөндеуге  жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде.

Ауданда әртүрлі спорт түрінен 883 секция жұмыс істеуде.2021 жылы жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар саны 98 157 адамға жетті, яғни 32,6%. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 1856 бала оқиды.

Өткен жылы саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 140-қа жуық  спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

Ащысай ауылындағы дене шынықтыру кешенінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленуде. Шелек ауылында спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысына қаржы бөлінді (жоба құны – 1 млрд. 838 мың теңге). Есік қаласындағы орталық стадионды абатандыруға 128 млн. теңге  бөлініп, жұмыстар жүгізілуде.

Сонымен қатар бүгінгі күнде 19 ауылда «Стрит Ворк Аут» спорт алаңдарының құрылысы және 15 елді мекенде спорт алаңдарының құрылысы аяқталды.

Есік қаласында «Алтын Бөбек» серік-тестігі жоба құны 1,4 млрд. теңгеге 25 метрлік жабық бассейні бар сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізуде.

 

Қылмыс

2021 жылдың қорытындысы бойынша қылмыс деңгейі 17 % -ға төмендегені байқалады. Оның ішінде ауыр  қылмыс 16,2 %-ға азайған, алайда 17 өте ауыр қылмыс тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3 жағдайға артқан. Осыған  орай, қылмыстың себептерін және оған мүмкіндік тудыратын жағдайларды анықтау жұмыстары қолға алынып, нәтижесінде былтырғы жылмен салыстырғанда :

– адам өлтіру 8,3%-ға (12-ден 11-ге) төмендеген;

– зорлау 45,5%-ға (11-ден 6-ға) төмендеген;

– қарақшылық 66,7 %-ға (3-тен 1-ге) төмендеген;

– тонау 29,4 %-ға  (17-ден 12-ге) төмендеген,

– бұзақылық 63%-ға (41-ден 15-ке)азайды.

Былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы қылмыстылықты ашу  пайызы – 53,6 пайыздан 66,7 пайызға артты.

Аудан бойынша қазіргі күнге жазасын өтеп шыққан 75 азаматтың 9-ы квота бойынша жұмысқа орналасты.  Сонымен қатар пробация есебінде тұрғандар 335 азаматтың 36-сы жұмысқа орналасу мақсатында жұмыспен қамту орталығына  жүгінді. 10 азамат квота  бойынша, 9 адам ақылы қоғамдық жұмысқа,  17 азамат  тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сейсенбі, 28 Желтоқсан 2021 10:34

Еріне қарап елін таны

Ия, ерлер есімі қашанда ел есінде мәңгі сақталады. Отан үшін от кешкендер елінің ертеңі үшін, тәуелсіздігі үшін жандарын пида еткен ерлерді келешек жадында сақтау мақсатында Ауыт Саттаров атындағы орта мектепте «Тәуелсіздік – еркіндігі елімнің» атты есімі ел есінде сақталған ерлерге арналған бұрыштың тұсау кесер қуанышын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен бірге атап өтті.

Бұл жиынға аудан әкімінің, білім бөлімінің өкілдері, Қаратұрық ауылдық округінің әкімі Айбек Ілебаев,  Ащысай, Қаратұрық, Достық ауылдарының ақсақалдар кеңесінің төрағалары, Сайын Өміржанов, Мұхтаржан Мурадилов, Баққожа Қоғамбаев, Саттаровтар әулеті, Ауған соғысының ардагерлері,  сондай-ақ ұйғыр мәдениет орталығының төрайымы Гулинур Бакиева, VІІІ «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы қонақ болып қатысты.

Еліміздің Гимні асқақтата орындалған соң, мектептің 30 дарынды оқушысы «Мен қазақпын» деген рухты әнді шырқады.

Қош келдіңіз ордасына білімнің,

Ұзақ еткей қуаныштың ғұмырын.

Есімдері ұмытылмыс ерлердің,

Ұрпақтары ұлықтасын тұғырын.

Көк байрағым көгімізде желбіреп,

Ынтымақтың асқақтатсын мығымын, – дәлел дегендей құтты қонақтар «Даңқ» және «Саттаров» бұрышының лентасын қиды. Айтыскер ақын Рүстем  Қайыртайұлы сөз сөйлеп, мерекемен құттықтап, өлеңмен жылы лебізін жеткізді. Одан кейін  Г.Бакиева жүрекжарды ыстық лебізін арнады.

Ел тәуелсіздігі мерекесі құрметіне мектептің 30 оқушысы, әртүрлі олимпиадалар мен жарыстардың, байқаулардың, сайыстардың жеңімпаздары республикалық біріңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау салтанатында мектептің мақтанышы «Бейбітшілік әлемі» халықаралық ұстаздар одағының І дәрежелі диплом иегері, өнерлі өрендердің «ART TIME» ІV халықаралық байқаудың І орын иегері және қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойына жүргізушілікке жолдама алған 5 сынып оқушысы Елтай Мұнар көпшілік атынан ант қабылдады. айтыскер ақын Мұнарға өлеңдетіп алғыс-батасын берді. 1 сынып оқушылары тақпақтарын айтып, салтанатты жиын  концертке ұласты. Меркелік кеш 10 сынып оқушысы Жанель Дүйсенбайдың «Қазақстаным, алға!» әнімен аяқталды.

                 Анарбек МӨКІШҰЛЫ

Жаһанды жайлаған пандемияға қарамастан еліміз биылғы жылды үлкен жетістіктермен қорытындылап отыр деуге болады. Жалпы, әлем елдері секілді бізде де биыл пандемиядан кейінгі экономикалық өсімді қалпына келтіруге баса мән берілді. Сонымен қатар жылдың негізгі лейтмотиві ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын лайықты атап өту болды. 16 желтоқсан – әрбір отандасымыз үшін қастерлі мереке, айтулы дата. Мемлекет басшысының жұмыс кестесінде де басымдық негізінен осы екі мәселеге орайластырылды.

 

Басты мақсат – экономикалық өсімді қалпына келтіру

Соңғы екі жылдағы пандемияның «соқ­қысынан» кейін, әлем енді ғана ес жиып, етек-жеңін жинай бастады. Қазақстан түгіл азуын айға білеген алып мемлекеттердің өзі өндірістік, тиісінше, экономикалық дағ­дарыс­­қа тап болды. Биыл жылдың екінші жарты­­сында ғана көптеген елдер тұралап қалған өндіріс орындарын қайта іске қосып, алыс-беріс пен барыс-келіс қайта жандана бастады.

Былтырғыға қарағанда биыл біздің елде де айтарлықтай ілгерілеу байқалды. Осы жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен жалпы 500-ге жуық хаттамалық іс-шара өтті. Оның ішінде шетелдік және өңірлерге жұмыс сапарлары, өткізген түрлі мәжілістер мен отырыстар, халықаралық және республикалық форумдар, шет мемлекет­тер мен үкіметтердің басшыларын қабыл­даулары, кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды аралап көру, еңбек ұжымдары өкілдерімен кездесулер және басқа да шаралар бар. 

Мемлекет басшысының мерзімді басылымдарда 2 мақаласы және 2 сұхбаты жарияланды. Қасым-Жомарт Кемелұлы жыл ішінде өткен түрлі жиындарда 12 бейнеүндеу жасады. Президенттің твиттерінде 350-ге жуық хабарлама жарияланды. Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кез келген іс-шараны мейілінше кең таратып, халыққа ақпараттың толық жетуін қамтамасыз етіп отырады.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев биылдан бастап Қазақстан халқы Ассамблея­сы мен Nur Otan партиясының Төрағасы қыз­метін де қоса атқарады. Бұл екі ұйым­ның да қоғамдағы саяси салмағы жоғары екені мәлім. Енді атқарылған шаруалардың ең маңыз­дысын тарқатып көрейік...

Халықтың әл-ауқатын арттыруға баса мән берілді

Пандемиядан кейінгі елдің экономикасын қайта қалпына кел­ті­ру шаралары аясында Мем­ле­кет басшысы Үкімет пен облыс­тар­дың әкімдеріне азық-түлік пен әлеуметтік маңызы бар тауар­лар­дың, жанар-жағармай мен дәрі-дәрмек бағасының қым­бат­тауына жол бермеуді тапсырды. Қазір осы бағытта ауқымды шаралар қолға алынып, жүзеге асырылып жатыр.

Ал биыл қабылданып, алдағы уақытта елге пайдасы тиетін шешім­дер туралы айтсақ, Президент Жол­дауында келесі жылдың 1 қаң­та­рынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 42500 теңгеден 60 мың теңгеге көбейетінін айтты. Бұл өзгеріс 1 миллионнан астам адамға тіке­лей қатысты десек, жанама түр­де барлық еңбеккерді қамтитыны сөзсіз.

Білім, ғылым, мәдениет, өнер және спорт салалары бойын­ша жаңа басымдықтар мен әдіс­тер бел­­гіленді. Халықтың игі­лі­гі жолында қолға алынған бас­та­ма­лар­дың тиімділігіне, пайда­лы­лығына баса мән берілді. Каран­тин­дік шектеулердің ауырт­па­лық­тарына қарамастан, мемлекет аза­маттар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерін толық орындады деп айтуға негіз бар. Бизнеске жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

Мемлекеттік емес сектордың заң­намалық және институционалдық не­гізін жетілдіруге, азаматтардың бел­сенділігін арттыруға, азаматтық бақылау жүйесін қалыптастыруға бағытталған Азаматтық қоғамды да­мытудың 2025 жылға дейінгі тұ­жырымдамасы бекітілді. Прези­дент­тік жастар кадрлық ре­зервіне 8,6 мың азамат қатысып, көпсатылы ірік­теу­ден 50 үміткер ғана өтті.

1 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің негізі» атты дәстүрлі Жолдауын жариялады. Осы аса маңызды құжат­тың негізінде орта мерзімдегі эк­о­но­микалық саясатымыз ай­қын­далып, 2025 жылға дейінгі даму­дың Ұлттық жоспары мен Мем­лекеттік жоспарлаудың жаңа жү­йе­сі қабылданды. 10 ұлттық жоба бекітілді.

Президент осы бағыттағы тиімді шараларды жүзеге асыру мақ­са­ты­мен отандық және шетелдік инвес­торларды жобаларға тартуға ша­қырды. Еліміздегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін әлеуетті инвесторларға айтар­лық­тай жеңілдіктер жасау жөнінде бастама көтерілді.

Президент ел өңірлерінің әлеу­меттік-экономикалық дамуы­на ерекше мән берді. Отандық кә­сіпорын­дардың бәсекеге қабі­ле­тін арттыру аса маңызды болып отыр. Осы ретте Мемлекет басшысы бірқатар өңірге арнайы жұмыс сапарымен барып, аймақтардың өндірістік және шаруашылық әле­уе­тімен танысты, барымызды саралап, жоғымызды түгендеу үшін келелі кеңестер өткізді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Ал­ма­ты облыстарына сапары барысын­да өңірдегі жаңадан сайланған әкімдермен әңгімелесіп, бірқатар кәсіпорынның жұмысымен танысты, астықты алқаптағы шаруа­лардың жағдайы, ауыл шаруа­шы­лығындағы еңбек өнімділігін арттыру, агросекторды дамыту мә­селелері айтылды, өңірді да­мы­т­­­удың басым бағыттары ай­қын­далды.

Президент Маңғыстау облысы­на сапары барысында туристік клас­терді дамытуға арналған жобалармен танысты. Шығыс Қазақстан об­лысына арнайы барып, Ақтоғай кен байыту кешенінің екінші фаб­рикасын іске қосты. Ақтоғайдағы өн­діріс көзі болашақта еліміздің осы бағыттағы ірі өнеркәсібінің бірі болатыны сөзсіз. Бюджетке
80 млн доллар кіріс кіргізіп отырған кәсіпорында 700 жаңа жұмыс орны ашылған. Қазірдің мұнда 3000-нан астам адам жұмыс істейді. Мемлекет басшысы осындай жаңа жұмыс орын­дарының, нақты жұ­мыс істейтін кә­сіпорындардың ашыл­ға­нын көргісі ке­леді және Ақтоғай кенішінде: «Бұл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына тамаша тарту болды. Мен бұған дейін осындай нақты жобаларды жүзеге асыруға мән беру қажет деген едім. Жаңа кәсіпорын соның айқын дәлелі» деп ризашылығын білдірді.

Жамбыл облысында инвести­ция­лық жобалармен танысып, Био­логиялық қауіпсіздік проб­ле­ма­лары ҒЗИ қызметкерлеріне ар­нал­ған жаңа тұрғын үйлерді, Otarbiopharm иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтика зауытын аралап көрді. Осы кәсіп­орындардың әлеуетін байқады. Қа­ра­ғанды өңіріндегі полиметалл кен байыту фабрикасын іске қосты. Ұлы­тау ауданындағы «Жошы хан» та­рихи-мәдени кешеніне зиярат жасады.

Қасым-Жомарт Кемелұлы қа­ра­ша айында Павлодар облысына барды. Екібастұз қаласындағы теміржол жабдықтарын шығаратын ірі екі кәсіпорынға арнайы ат басын бұрды. Бұл екі кәсіпорын да жер­­гілікті халықты жұмыспен қам­­­­тып, өнімдерін еліміздің ғана емес, шетелдің де нарығына шыға­рып отыр. Мемлекет басшысы әр­­дайым аймақтарды аралағанда өнер­кәсіп орындарының, зауыттар мен фабрикалардың жұмыс істеп тұрғанына көп көңіл бөледі.

Біздің елімізде ірі қалалар мен ауылдар ғана емес, сонымен қатар, моноқалалар да бар. Елдің дамуын­да шағын қалалардың алар орны ерекше.

Бұдан кейін Екібастұзда моноқа­ла­ларды дамыту жөнінде кеңес өткізді. Қазір Қазақстанда 89 қала болса, соның 27-сі моноқала екен. Онда 1,4 млн адам өмір сүріп жатыр. Олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінен бастап, өзге елді ме­кен­дермен байланысы, тіпті ш­е­ка­ралық аудандарда көршілес елдермен қарым-қатынасына дейін аса маңызды.

Бүгінде моноқалалардың экономикасын әртараптандыру және шикізаттық емес секторларда ба­ла­малы өндірістер құру үшін 79 маңызды жоба іске асырылып жа­тыр. Әрбір моноқалада «Биз­нестің жол картасы-2025» бағ­дар­ламасы аясында ақпараттық қызмет көрсететін кәсіпкерлерді қол­дау орталығы жұмыс істейді. 2025 жылға дейін моно және шағын қалалардың инфрақұрылымын да­мы­туға жыл сайын 15 миллиард теңге мөлшерінде қаражат бөлінеді деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек Президент елі­міздегі ең ірі мегаполис Алматы қала­сына жұмыс сапарымен барып, еліміздегі қаржы секторы өкілдерімен жиын өткізді. Бұл алып ша­һардың да өз басына жетерлік эко­номикалық, коммуналдық проб­лемалары бар, сонымен қа­­тар ірі бизнес орталықтары мен кә­сіп­орын­дар шоғырланған қала. Сол се­бепті Алматының ел да­муын­­дағы маңызы да ерекше.

Сонымен қатар республиканың әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру ісі жалғасуда. Наурыз айында Президент Түркістан облысында жаңадан Сауран ауданын құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның әкімшілік орталығы – Шорнақ елді мекені.

Жалпы, биыл Мемлекет басшысы жұмысының тығыздығына, шетелдік сапарларға байланысты еліміздің кейбір өңірлеріне бара алмады. Бірақ сол өңірдің басшыларын қабылдап немесе телефон арқылы байланысып өңірдің жағдайы мен даму перспективалары туралы есеп алып отырды. Яғни өңірлер үнемі Президенттің бақылауында.

Сондай-ақ еліміз бойынша экономиканы әртараптандыруға, маңызды жобаларды жүзеге асы­ру­ға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, аймақтың әлеуметтік-эко­но­­­микалық мәселелерін шешуге, өңірлер арасын­дағы көлік қаты­нас­тарын жан­дан­ды­ру­ға басымдық берілді.

в

Тиімді бастамалар ел игілігіне қызмет етеді

Халқымызда «Кеңесіп пішкен тон келте болмас» деген керемет нақыл бар. Мемлекет басшысының бас­тамасымен осыдан 2 жыл бұ­рын құрылған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі – дәл осы мәтелдің дәлеліндей. Президенттің өзі бір сөзінде, оны өткен тарихымызда болған Ордабасыдағы, Күлтөбедегі, Ұлытаудағы ұлы жиындардың заманауи үлгісіне теңеген бола­тын. Ұлттық кеңес еліміздегі түйт­кілді мәселелерді ортаға салып, талқы­лап, түйіндерді кеңесіп шешетін өте тиімді алаңға айналды. Осы күнге дейін Кеңестің бастамаларын жүзеге асыру үшін 90-нан астам нормативтік-құқықтық акт қабылданды. Оның ішінде заңдар, Президент Жарлықтары мен Үкімет қаулылары, министрліктердің бұйрықтары бар. Бұдан Ұлттық ке­ңес­тің тиімді жұмыс істеп жат­қанын көруге болады. Атап айт­қан­да, осы алаңда көтерілген ұс­таз­­дар мен дәрігерлердің жала­қы­сы өсті; студенттердің, магис­транттар мен докторанттардың стипендиясы көбейді; санитарлық-эпидемиологиялық бақылау ко­ми­теті құрылды; ерекше күтімді қажет ететін балаларға білім беру­дің жаңа ережелері бекітілді; оң­түс­тіктен солтүстікке қоныс аудар­ған азаматтарға берілетін субсидия екі есе ұлғайды; игерілмей жатқан жер теліміне салынатын базалық салық мөлшерлемесі артты; ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдік азаматтар мен заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салынды; осы жылдан бастап жұртқа зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік берілді. Халық жинағының бір бөлігін осы күндері жылжымайтын мүлік сатып алуға, ипотекалық несиені өтеуге және емделуге жұмсап жатыр. Соның арқасында 800 мыңға жуық азамат зейнетақы жинағын өз қажетіне жаратты.

Биыл мамырда «Сайлау туралы» Конституциялық заңға өзгерістер енгізілді. Осыған орай 25 шілдеде Қазақстанда тұңғыш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Жалпы, 864 ауылдық округтің әкімдері алғаш рет тікелей дауыс беру арқылы сайланды. Нәтижесінде, ауыл әкімдерінің құрамы 52 пайызға жаңарды.

Ауыл әкімдерінің сайлауы, ең алдымен, ауыл тұрғындарының мүддесі үшін жасалған игі іс деп ба­ғалауға болады. Ақпарат құ­рал­­­­дарында, әлеуметтік желі­лерде бұл бастаманың тиімді­лі­гі жө­нінде көп жазылды. Жүр­гі­зіл­­ген сауалдамаларға қара­сақ, азамат­тар­дың басым көпшілігі сай­лау­дың оң шешім екенін қол­да­ған. Сондықтан Мемлекет бас­шы­сы­ның ауыл әкімдерін тікелей сайлау тура­лы бастамасын билік пен қоғам қатынасының жаңа әрі тиімді үлгісі болды деп айтуға толық негіз бар. Енді тұрғындар өздерінің мүддесін қорғап, түйткілді мәселелерін нақ­ты шеше алатын азаматқа үміт артады. Халық тұңғыш рет жергі­лік­­ті атқарушы биліктің басшысын тікелей сайлау мүмкіндігіне ие болды.

Халықтың көңілінен шыққан тағы бір жаңалық – «Айтылды-орындалды» бастамасы. Мемлекет бас­шысының Жолдауларында, келелі жиындарда берген тапсыр­ма­ларының орындалғаны жөніндегі мәліметтерді Баспасөз қызметі жа­риялап отырады. Мәселен, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауда­нын­дағы Қалжыр өзеніне қатысты мәселені ерекше атап өткен жөн. Алтын қазушылардың өзенді бей-берекет ластап жатқаны туралы жергілікті тұрғындардың жа­най­қа­йын «Айқын» газетінен оқыған Қасым-Жомарт Кемелұлы елді алаңдатқан осы жағдайға бірден назар аударып, құзырлы органдар мен облыс әкімдігіне түйткілді мәселені шешуді тапсырды. Нәти­же­сінде, заң бұзып, қоршаған орта­ға айтарлықтай зиян келтірген кә­­­сіп­керлерге айыппұл салынды. Олар­­­дың кен өндіруге берілген ли­цен­­зиялары кері қайтарылды.

Сонымен қатар жерді жеке мен­шік­ке немесе жалға беру мәсе­ле­сіне қатысты көпшіліктің көңілін күпті қылған түйткілді мәселе де шешімін тапты. Бұл жағдайдың бәрін көріп-біліп отырған Мемлекет басшысы өзі бастамашы болып, «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар ен­гі­зу туралы» Қазақстан Рес­пуб­­­ли­касының Заңына қол қой­­­­ды. Атал­ған заң бойынша ауыл шаруа­шылығы жерлерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адам­дарға, шетелдік заңды тұлға­лар­ға, халықаралық ұйымдарға және заңда көрсетілген басқа да тұлғаларға жеке меншікке және жал­ға беруге тыйым салынды. Жал­пы, осындай мысалдарды көп­теп келтіре беруге болады.

Президент қазіргідей құбылмалы әрі жаһандық бәсекелестік жағ­дайын­да мемлекеттің мүддесін қор­ғау­ға, алға қойған мақсатқа ұм­тылуға баса мән береді. Оны үнемі айтып та келеді. Бұлай бол­ма­­ған жағдайда көп нәрседен ұтылып қалатынымызды еске салып отырады. Осы ретте, былтыр Президент COVID-19 індетіне қарсы отандық вакцина жасап шы­ғару жөнінде еліміздің білікті меди­цина мамандарына тапсырма берді. Нәтижесінде, Қазақстан ғалымдары QazVac және QazCoVac – P суббірлік вакциналарын жасап шығарды. Бұл халықаралық деңгейде жоғары бағаланып жатыр. Аталған жетістікті еліміздің келешегі үшін, мемлекеттің бәсе­ке­ге қабілеттілігін артырып, өсіп-өркендеуі үшін жасалған маңызды қадам деуге болады. Қазіргі уа­қыт­та қазақстандық вакциналар ДДҰ-ға тіркелу үшін үміткерлер тізіміне енгізілді.

Бүгінде республика бойынша 9 129 мыңнан астам адам екпенің бірінші ком­по­нентін, 8 434 мыңнан астам адам екінші компонентін алды. Бұл жалпы вак­цина алуға тиісті азаматтардың 70 па­­йыздан астамы деген сөз. Сонымен қатар 12 қарашадан бастап 12-17 жас аралығындағы жас­­өспірімдерге екпе салына бас­та­ды. Жақында қайта вакциналау жө­нінде шешім қабылданды.

Сонымен қатар осы жылдан бас­тап Ashyq қосымшасының енгізілуі азаматтардың тыныс-тіршілігі мен бизнес қоғамдастықтың эконо­ми­ка­лық белсенділігін қалыпты жағдайға келтіруде тиімділігін дә­лел­деді. Еліміз осындай цифрлы ше­шімдерді алғашқылардың бірі бо­лып қолдана бастады.

Мемлекеттің кәсіпкерлерге онлайн режімде қолдау көрсетуіне қатысты «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін «Бизнеске арналған үкімет» сервисі іске қосылды.

Ұлттық бірегейлікті қалып­тас­тыру мәселесі де өзекті міндет­тер­дің бірі. Азаматтардың санасын жаңғыртпай елімізде өзгеріс жасау мүмкін емес. Аға буынның бай мәдени мұралары, көрнекті ойшылдар мен тұлғалардың зият­кер­лік, гуманистік жетістіктері – халқымыздың өзіндік ерекшелігі, рухани өзегі және басты діңгегі. Осы ретте жыр алыбы Жамбыл Жа­баев­тың 175 жылдығы респуб­ли­ка көлемінде аталып өтті. Азат­тық жолында жанын аямаған көрнекті Алаш арыстарының бірі Әлихан Бөкейхановтың рөлі мен қосқан үлесі зор. Биыл бірегей тұлғаның 155 жылдығы және басқа да Алаш қайраткерлерінің мерейлі даталары атап өтілді. Елорда төрінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Міржақып Дулатұлы сынды ұлтымыздың ұлы тұлғаларына, сондай-ақ белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәше­нов­ке арналған ескерткіштер бой көтерді. Бұл мемориалдар Тәуел­сіз­дігіміздің 30 жылдығына орай ашылды.

Сонымен қатар ұлттық бірегей­лік­ті қалыптастыру ісінде ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамының орны ерекше. Осы ретте Мемлекет басшысы Наурыз мерекесінің мәні мен маңызын қайта қарап, маз­мұ­нын кеңейтуге, оның тәрбие­лік ма­ңызын, ұлттық-патриоттық сананы қалыптастыру сипаты мен эколо­гиялық мотивін қайта қарауға ша­қыр­ды.

Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы ұсынған барлық бастама ел игілігі үшін қызмет етеді.

Халықаралық қатынастар жандана түсті

Биыл еліміздің сыртқы саяси белсенділігі былтырғыға қара­ған­да едәуір артты. Екіжақты қа­рым-қаты­настар аясында шетелдерге жасалған 10 сапарды, сондай-ақ 20 мем­лекетаралық саммит пен форумды қоса алғанда, Президенттің қа­тысуымен халық­ара­­лық сипат­та­ғы 150-ге жуық іс-шара болып өтті.

Сыртқы саясатта еліміздің ұста­на­тын теңгерімді және конструк­тив­ті бағыты сақталды. Сондай-ақ ұлттық мүддені қорғау, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті сақтау мәселесі басты назарда болды. Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа және 2020-2022 жылдар аралығында Азия­дағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес­ке тө­ра­­ғалық етуде. Бұл еліміз­дің сыртқы саяси бас­тамаларына тың сер­пін береді және жауап­кер­ші­лік жүктейді. Орталық Азия айма­ғындағы елдермен тату көрші­лік қатынастарды нығайту халық­аралық ынтымақтастық бағы­тын­дағы маңызды басымдық болып қала береді. Соның ішінде пан­демия кезінде Қырғызстан мен­ Тәжікстанға және аса ауыр күн­дерді бастан өткеріп жатқан Ауған­станға гуманитарлық көмек көрсе­тіл­ді.

Еліміздің халықаралық бай­л­а­ныс­­тарын нығайтуға бағыт­тал­ған іс-шараларға тоқталып өтетін болсақ, биыл Қырғызстан Президенті елор­да­ға мемлекеттік сапармен келді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан бас­шы­сы Садыр Жапаровпен екі ел ара­сын­дағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мақсатымен келіссөз жүргізді. Келіссөз қорытындысы бойынша Бішкекте Абайға, Нұр-Сұлтан қаласында Манас пен Шың­ғыс Айтматовқа ескерткіш орнаты­ла­тын болды. Бұл бауырлас екі ха­лық­тың ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға тың серпін береді.

Қазақстан Президенті биыл Оңтүстік Корея Республикасы мен Тү­рік­­менстанға мемлекеттік, Тә­жікс­танға, Бельгияға және Швей­ца­рия­ға ресми сапармен барды.

Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапар барысында Президент Мун Чжэ Инмен кездесіп, Пусан қала­сында Қазақстанның Бас консул­ды­ғын ашу жөнінде келісім жасалды. Сондай-ақ 1,7 миллиард доллар болатын 30-дан астам келісімге қол қойылды. Сапардың ең бір көңіл толқытар тұсы, Сеулдегі Кибер уни­верситетінің аумағында Абай бюс­тінің ашылуы деуге болады.

Ал Түрікменстанда экономика, көлік қатынасы, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығы және сауда салалары бойынша ынтымақтастықты дамытуға бағытталған 20 құжатқа қол қойылды. Сапар барысында 2022 жылы Түрікменстанның Қазақстандағы Мәдени күндерін өткі­зу жоспарланды. Сондай-ақ Аш­ғабадта Түрікменстан Прези­ден­тінің ұсынысы бойынша қазақ­тың ұлы ақыны Абай Құнанбай­ұлы­ның мүсіні орнатылатын болды.

Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізіліп, өзара сауда-саттықты 1 миллиард доллардан асыруды көз­дей­тін және қазақ-тәжік қаты­нас­тарын жаңа деңгейге шығаратын екіжақты алты келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шы­сының Бельгияға сапары барысында Король Филип­пен және Премьер-министр Александр Де Кроомен келіссөздер жүргізіліп, сауда-эко­но­микалық ынтымақтастық жө­нін­дегі үкіметаралық комиссия құ­­ру­­ға уағдаластық жасалды. Ал Швей­ца­рия Конфедерациясында осы елдің Президенті Ги Парме­лан­мен келіссөздер өткізіліп, жалпы құны 300 миллион доллардан асатын 6 ком­мерциялық келісімге және 10 ком­мерциялық емес құжат­қа қол қо­йылды.

Бұдан бөлек Қасым-Жомарт То­қаев Ресей Федерациясына, Түркияға және Тәжікстанға жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин Мәс­кеу­де Ауғанстандағы ахуалға байланысты аумақтық қауіпсіздік, сондай-ақ интеграциялық бірлестік аясындағы ынтымақтастық мәселе­ле­рі бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Президенті Ыс­­тан­­бұл­да өткен Түркітілдес мем­­ле­кет­тердің ынтымақтастық кеңе­­сінің VIII саммитіне қатысты. Қасым-Жомарт Кемелұлы Түр­кі­тіл­­дес мем­лекеттердің ынты­мақ­тас­тық кеңе­сін одан әрі дамы­ту­дың перс­­пек­тивалары, ұйым аясын­дағы ын­­ты­мақтастық туралы баяндама жа­сады. Осы жиында көзіміз көрген кө­ңіл толқытар сәтті айтпасқа болмас. Президент сөзінің соңында бауырлас түрік халқына алғыс айта отырып, «Мен бүгін өте ма­ңызды тарихи оқиға туралы атап өткім келеді. Бұл өткен ғасырдың ортасында тағдыр тәлкегімен тау асып, тас басып, арып-ашып Анадолы жеріне келген мыңдаған қазақ отбасын өз бауырым деп құшақ жайып қарсы алған Аднан Мендерес жөнінде болып отыр. Ол өткен ғасырдың елуінші-алпысыншы жылдары, он жыл бойы Түркия Республикасының Премьер-министрі болған көр­нек­ті мемлекет және қоғам қайраткері. Қазақтардың осында орнығуына, кәсіп істеп, тамыр жаюына көп жағдай жасаған бірден-бір тұлға болғаны ақиқат. Осы маңызды жиын өтіп жатқан Демократия және бостандық аралының да Аднан Мендерестің тағдырына тікелей қатысы бар. Мен Қазақстан Республикасының Президенті ретінде қазақ халқының атынан Аднан Мендерестің рухына тағзым етіп, құшағы кең барша түрік халқына шынайы алғысымды айтамын», деп өткен ғасырдың ортасында Түркия мемлекетінің үкімет басшысы болған Аднан Мендересті еске алды. Іле-шала Қазақстан Президентінің осы сөзін Түркияның ғана емес, күллі түркі әлемінің ақпарат құралдары цитата ретінде қайталап беріп жатты. Қазақстан Президентінің жан тебірентерлік сөзінен кейін бірден Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған сөз алып, үлкен алғыс білдірді. Тіпті А.Мендересті өздері бірінші болып еске алмағандарына өкініш білдіріп, аса қатты толқып тұрып, өткен тарихқа тағзым жасалатынын, телеэкран арқылы кө­ріп отырған барша түрік халқын А.Мендерестің және онымен бірге шейіт болған серіктерінің рухына арнап дұға жасауға шақырды.

Міне, аса үлкен мінберде өз ұлтыңа, туған халқыңа қатысты осындай ірі әңгімелер айтылып, бір-біріне шынайы жүрекжарды лебіздерін білдіріп жатқанда жүрегі бар адам толқымай тұрмайды екен. Бұл – көңіл толқытып, көзге жас келтіретін өте нәзік дүние әрі екі ел арасындағы бауырластық бай­ланыс­тарды жоғары деңгейге көте­ре­тін аса маңызды қадам.

Сонымен жылдың басында біз­дің елімізге мемлекеттік сапарды қыр­ғыз ағайындар бастаған болса, екінші көршіміз Өзбекстан Пре­зи­денті Шавкат Мирзиёевтің са­пары биылғы жылдың жоғары дең­гейдегі кездесулерін аяқтады деуге болады. Яғни желтоқсанның ба­сында Өзбекстан Президенті мем­лекеттік сапармен келіп, екі ел Пре­зи­дент­те­рі Одақтастық қаты­нас­тар туралы декларацияға қол қойды.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясы аясында өткен төрт бірдей іс-шараға – Жалпы саяси дебаттарға, БҰҰ-ның Азық-түлік жүйелері жөніндегі саммитіне, COVID-19 пандемиясы жөніндегі жаһандық саммитке және Ядролық қаруды толық жою жолындағы Халықаралық күрес күніне арналған жоғары деңгейдегі пленарлық отырыстарға онлайн режімде қатысты.

Ауғанстанда болған жағдай бүкіл әлемнің назарын аударды. Мемлекет басшысы өзі қатысқан барлық халықаралық саммиттерде, конференциялар мен түрлі форматтардағы жиындарда ауған халқын қазіргі ауыртпалықтарымен бетпе-бет қалдыруға болмайтынына назар аударып, әлемдік қоғам­дас­тықты Ауғанстанға мейлінше қол­дау көрсетуге және ондағы ауыр гуманитарлық жағдайды тү­зеу­ге шақырып келеді. Бұл тұр­ғы­да Қазақстан Ауғанстанға кө­мек көрсету жөніндегі БҰҰ-ның Миссиясын және Ұйымның Ауған­с­тан­дағы басқа да бөлім­шелерін дер кезінде көшіріп алды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ауғанстанға гуманитарлық көмек жеткізу үшін тасымалдау алаңын ұсынуға және біздің елдің де қомақты үлес қосу­ға дайын екенін айтып келеді. Ал­матыда БҰҰ-ның Аймақтық ха­бын құру жөніндегі бастама кө­терілді. Жақында Президенттің тап­сырмасы бойынша Мемлекет басшысының арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Кабул қаласында болып, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі Қазақстанның шешімін жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан астанасы аса жоғары деңгейдегі шетелдік делегацияларды көп қабылдай бас­тады. Жалпы, биыл Президент 80-нен астам халықаралық кездесу өткізіп, келіссөз жүргізді.

Қазақстан барлық бағыт бо­йынша сыртқы саяси аренадағы ықпалдастығын нығайтып келеді. Халықаралық байланыстардың да географиясы кеңейе түсті. Ынты­мақ­тастықтың барлық бағы­ты бо­йын­ша жандануы пандемия­дан ке­йінгі кезеңдегі әлемнің қалып­тасуына ықпал етуге тиіс. Сол кез­де ше­каралар ашылып, саяси, эко­но­микалық, мәдени-гума­ни­тар­лық және халықаралық байланыстар жаңа деңгейге көтеріледі.

Түйін

Естеріңізде болса, Мемлекет басшысы президенттіктің екі тізгін, бір шылбырын қолға алған кезде әділетті қоғам құру туралы айтқан болатын. Осыған дейін Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың бастамасымен атқа­рыл­ған қыруар шаруаны, Тә­уелсіз елдің тарихи көшін шашау шығармастан сабақтастыра отырып, өрлеуді басты мақсат етіп қой­ды. Сабақтастық пен әділдікті қос қанат қылып, өрлеу, яғни, даму жолын жалғастырдық деуге толық негіз бар.

Бұл үш мақсатқа жеткізетін кө­зі­­­міздің ағы мен қарасындай үш қа­­зынамыз аман болсын. Ол Пре­зи­дент айтқан жер, тіл және бере­ке-бірлігіміз.

ХХІ ғасыр білім мен біліктің заманы. Осы елдің болашағы, яғни менің замандастарым бірінші кезекте білімге назар аударып, шынайы бейіл қойғандары абзал. Жаңа ғасырдың жаңа талаптарына сай маман болуға ұмтылу керек. Мемлекет басшысы әр жиын­да, жастармен кездесулерінде, мақалалары мен сұхбаттарында үнемі білімді ұрпақ тәрбиелеу мәселесін айтып келеді. Екі жыл қатарынан жолдауларында сапалы білімге үлкен тарау арнады. Бұл жайдан-жай айтыла салған әңгіме емес. Биылдан бастап тек қана мұғалімдердің жалақысын көтеру үшін алдағы үш жылда мемлекеттік бюджеттен 1,2 трлн теңге жұмсалмақ. Өйткені ұстаз түзелмей ұлттың түзелуі неғайбыл.

Біздің ұлтымыз демографиялық жағынан өсіп келеді. Енді ұлттық сапаны өзгертіп, ұлттық сананы қалыптастырған абзал.

Жуырда елордамызда ел Тәуел­сіз­дігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Бұл өзі пандемияның шектеулерінен кейін өтіп отырған ең алғашқы алқалы жиын болды. Алты Алаштың баласы жиналған осы басқосуда Мемлекет басшысы үлкен мінбер­ден толқып тұрып сөйледі.

«Асқар тау алыстаған сайын асқақ көрінеді. Біздің бабаларымыз қазақтың дербес мемлекет құрып, еркін өмір сүруге құқылы екенін тарих алдында дәлелдеді. Осылайша, мыңжылдықтар тоғысатын тұс­та азаттық туы көгімізде жел­бі­реді. Ұлттың ең ұлы мұраты – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сол сәт­тен бастап Қазақ елінің ұлы көші болашаққа бет түзеді. Халқымыз өз мемлекетін құруға кірісті. Бұл – тарихи әділдіктің орнауы. Мүлдем жаңа геосаяси ахуалда мемлекет құру оңай шаруа емес, нағыз көшбасшының ғана қолынан келетін іс. Ең күрделі, бұлыңғыр кезеңде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай дара тұлға тарих төріне шықты. Анығын айтқанда, Тәуелсіздік шежіресі Елбасының қолымен жазылды», – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Мемлекет басшысы арғы-бергі тарихты қозғай келіп, осы тәуелсіз Қазақстанның жүріп өткен 30 жылын үш кезеңге бөліп саралайды. Сөйтіп төртінші онжылдық қандай болмақ, Жер бедерінде, тарих тақтасында қазақтың алдағы тағдыры не болмақ деген салмақты сауалдарға жа­уап береді. Ал ол жауапта алдағы он­жыл­дықта мемлекет, мемлекеттік аппарат, қала берді, өзін осы тәуелсіз елдің азаматымын деп санайтын әрқайсымыз атқаратын қыруар шаруалар мен міндеттер безбенделген.

Тәуелсіздікке тәу еткен алқалы жиында: «Біздің іс-әрекеттеріміз жемісті болуы үшін ұлт дамуының көк­­жиегін кеңейтіп, мемле­ке­ті­міздің болашағын айқындап алуы­­мыз керек. Бұл ретте өз мүм­кін­діктерімізді шынайы баға­лау, елдің іргелі мүдделерін ескере отырып, барынша праг­ма­тикалық тұр­ғыда әрекет ету маңызды. Аза­маттардың тұрмыс сапасын артыруға қа­тыс­ты алдымызда жаңа міндеттер тұр. Біз «адам мемлекет үшін емес, мемле­кет адам үшін» негіз қалаушы қағидатын берік ұстанатын боламыз», – деді Президент.

Бұл міндеттерді орындау, жоғары нәтижеге қол жеткізу мына сіз бен бізге сын, қадірлі оқырман.

Қазақ елі тәуекел етіп Тәуел­сіз­дік­тің төртінші он жылды­ғы­на аяқ басты. Тарих көшіндегі еліміздің азаттығы баянды болсын!

 

Берік УӘЛИ,

Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы

Дүйсенбі, 27 Желтоқсан 2021 14:15

Национальная идея – мир и согласие

 

В преддверии  празднования 30-летия Независимости Республики Казахстан, в целях реализации основ Национальной идеи «Мәңгілік Ел», в Коктобинской средней школе проведен круглый стол среди учащихся 9-х классов на тему «Мир и согласие начинаются с тебя». На мероприятие, организованное заместителями директора по воспитательной работе Г.Катабасовой, И.Байшегашевой, учителями истории Е.Менжулиной, А.Исмагуловой  были приглашены уважаемые сторожилы села Коктобе А.Сулейменова и Х.Саидова, учителя школы. Целью данного мероприятия являются  воспитание  любви к родной земле,  патриотизма, ува-жения к истории своей страны. Лидер Нации нашего государства Елбасы Нурсултан Назарбаев в своем выступлении отмечал,  что «Мәңгілік Ел  –  это идея, которая открывает завтрашний день, выражает веру в будущее, это символ необратимой и прочной стабильности». Поэтому нашей задачей, как педагогов, является  воспитание в  детях  гражданских и духовных ценностей, осознание того, что все мы, представители разных народов, должны жить в мире и согласии, уважая и чтя культуру, традиции  каждого народа. В конце мероприятия гости выразили огромную благодарность организаторам встречи, обратились к молодежи с призывом сохранять все те ценности, которые незыблемо передаются из поколения в поколение: добрососедство, дружбу, понимание, взаимовыручку. Встреча прошла в дружественной, теплой обстановке, все участники и гости выразили друг другу благодарность за участие в этом памятном мероприятии.

Р.МАХАНОВА,

учитель информатики СШ с.Коктобе.

Соңғы жаңалықтар

Қаз 04, 2024

Как сохранить природу и добывать…

Метод подземно-скважинного выщелачивания (ПСВ) урана считается более экологичным и…
Қаз 04, 2024

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на…

Эксперт: IT-гиганты делают ставку на атомную энергию для обеспечения устойчивости…
Қаз 04, 2024

Қазақстанда өндіріс саласын қалай…

Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескіндіров осы мәселеге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ…
Қаз 04, 2024

Обращение с ОЯТ

От момента принятия решения до начала работы атомной станции пройдет около 10 лет. Это…
Қаз 04, 2024

Депутат оценил риски для экологии…

Почему атомные реакторы поколения III+ безопасны для населения и экологии,…
Қаз 04, 2024

Жас маман АЭС жөнінде: Басқа…

Ядролық энергетика саласындағы жас маман, «Болашақ» бағдарласының түлегі Әсет Махамбетов…
Қаз 04, 2024

Асхат Бекбаев: АЭС салу арқылы…

6 қазанда елімізде АЭС салу мәселесі бойынша референдум өтеді. Осы орайда біз атом…
Қаз 04, 2024

Атом электр станциясын салу – ұзақ…

Бұл Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл тарихындағы ең ірі жобаға айналады. Бүгін мәслихат…
Қаз 04, 2024

Готовят ли в Казахстане специалистов…

Одним из вопросов основных вопросов касательно АЭС сейчас является наличие и подготовка…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет