Жұма, 28 Ақпан 2020 11:33

«One step» – үздік

Жақында Алматы облысының білім басқармасы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы мектеп директорлары арасында мастер класс өткізді. Ондағы мақсат –  «Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі» бағдарламасын іске асыру, білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп басшыларының кәсіби дамуын жетілдіру.

Шарада аудан намысын «One step» белсенді тобы қорғады. Құрамында Б.Букаева (Рахат №1 орта мектебінің директоры), М.Сакалова (Т.Рысқұлов атындағы мектеп директоры), Н.Жумадилов (Қазақстан орта мектебінің директоры), А.Нуркасымова (О.Мухаммади атындағы орта мектеп директоры) секілді білікті, тәжірибелі басшылар бар құрам шеберлік сағаттарын жоғары дәрежеде орындады. Нәтижесінде жүлделі І орынды иеленді.

Әлбетте, жеңістің соңында табанды еңбек пен тұрақты қолдау тұратыны заңдылық. Осы ретте, Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Аманованың еңбегі ерен. Бұл – ауданымыздағы инновациялық-педагогикалық тәжірибелерді жинақтаудың, зерттеу-жобалау әрекеттерін насихаттаудың, мектеп басшылары мен аудандық білім бөлімі арасындағы кәсіби байланыстың нәтижесі.

«Білікті маман – ел тірегі» демекші,  кәсіби құзыреттілігі жоғары мектеп басшыларының жетістігін көре отырып, білім саласындағы  жас мамандардың өз кәсібіне деген қызығушылығы, ізденушілігі артып, жаңашылдықтан жатырқамай толағай табыстарға жететініне бек сенеміз.

М.ЕДІЛ,

Рахат №1 орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сәрсенбі, 26 Ақпан 2020 10:02

Ел бірлігін жырлаған жыр алыбы

28 ақпан – Жамбылдың туған күні

Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып, халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Сәкен Сейфуллин

 

Ел тарихында халқымыздың рухани тұғырын көтеруді мұрат еткен екі тұлға бар. Олардың бірі Абай болса, екіншісі – Жамбыл Жабаев. Екеуі де ел еңсесі биік болса деген мұратын жырына арқау етті.

«Жамбыл - менің жай атым, халық - менің шын атым» деп жырлаған Жамбыл Жабаев өз өмірі мен өнерінде адамгершілік құндылықтарды, мейірімді жырлауға арналған ақын екенін аңғаруға болады. Атақ-абыройы қазақ-қырғызға түгел тарап, шығармашылық бақытына ерте бөленген ақын. Оның туындылары әлем халықтарының 50-ге жуық тілдеріне аударылып, тек қазақ қана емес, әлем ғалымдарының зерттеу нысанына айналды.

Қазақтың Гомері атанған ақынның «Ел бірлігін сақтаған татулықты айт» деп жырлаған туындыларынан бүгінгі бейбіт тірлік пен берекелі өмірін көреміз. Жамбыл шығармаларының негізгі идеясы бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның қарышты қадамдарымен, жасампаз істерімен үндесіп келеді. Дәлірек айтсақ, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыр алыбы Жамбылды қазақтың дәстүрлі әдебиетінің аса дарынды өкілі дей келе, Жамбылдың жырларын өзі ұсынған «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық патриоттық идеясымен тамырласып, мазмұндасып жатыр деген болатын.

Бүгінде көптеген елді мекендер мен даңғылдар, көшелер Жамбыл есімімен аталса, тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің өзге де көптеген мемлекеттерінде бар. Мысалы, Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы байырғы Лештуков бұрылысы мен Липецк қаласындағы бұрылысқа Жамбылдың аты берілген. Ижевскіде көше бұрылысы мен көшеге қарасаң, Жамбылдың аты көзге шоқтай басылып тұрады. Волгоград, Иркутск, Кемеров, Қорған, Нижний Новгород, Новосибирь, Хабаровск қаласынан да көруге болады және Украинаның астанасы мен Ужгород қаласынан да Жамбыл атындағы көшелерді көре аласың. 2002 жылы Санкт-Петербургтегі жыр алыбы Жамбыл Жабаев атындағы бұрылысқа 4 метрлік қола ескерткіш орнатылды. Бұл Қазақстанның Санкт-Петербург қаласының 300 жылдығына жасаған сыйы болатын.

Бүгінде, міне, аудан тұрғындары Жамбыл Жабаевтың есімі ел есінде қалсын деп бір ауыздан қолдау көрсетіп, Есік қаласында орналасқан саябақты

«Жамбыл атындағы Жастар саябағы» деп атап, атын алтын әріппен кіре беріс маңдайына жазып қалдырды. Бұл саябақ бүгінгі күнде аудан жастарының бас қосып, демалыстарын көңілді өткізетін орталық саябақ болып есептеледі.

Жамбыл руханияты – халық өмірі. Ауданымызда 209 көше тарихи тұлғалардың атымен аталған көшелер болса, оның ішінде 19 көше жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың атымен аталып отыр.

Ақын бірде өзін жүз жасаған терекке теңеп: «Менің тамырларым – туған халқым, бұтақтарым – жырларым, жапырақтарым – ұлдарым мен қыздарым. Мен бар болғаны жүз жылдық терекпін, қартайғанда тапқан жарық күнімді, халқымның бақытын, ұлдарым мен қыздарымның бақытын жырлаймын. Қазақ жерінің ұлдары мен қыздары нағыз керемет істер істейді» деп жазған болатын кезінде.

Бүгінгі таңда, ақынның арманы орындалып, қазақ халқы еңсесі биік ел болып, тәуелсіздіктің туын жыр етті.

Салтанат Беспаева,

Мәдениет және тілдерді

дамыту бөлімінің басшысы

 

Сәрсенбі, 26 Ақпан 2020 08:46

Абайды оқы, ерінбе!

Жақында Абай Құнанбайұлының туылғанына 175 жыл толуына орай Қаракемер ауылындағы «Аружан» балабақшасының тәрбиеленушілері арасында «Асыл сөзді іздесең – Абайды оқы, ерінбе» атты байқау өтті.

Жас ұрпақтың бойына Абай Құнанбайұлының өлеңдері арқылы өнеге дарыту, жас күнінен бүлдіршіндерді иманға, білімге, әдеп пен әсемпаз болуға тәрбиелеу мақсатында аталған іс-шара балабақша ұжымының ұйымдастыруымен аса жоғары деңгейде өтті. Бесіктен Абайдың ғажап әлеміне бой ұсынған жастың келешекте кең ойлы, мейірімді әрі әділет жолын қуатын қайсар боларын ұқтырғандай байқау. «Ақбота» орта тобының тәрбиеленушісі үш жастағы Жанель Сейсенбай Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін әсерлі оқып бірауыздан бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға «Балауса» атты ересектер тобынан Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңін мәнерлеп оқып Жасмин Ғабитбек ие болды. «Жұлдыз» мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушісі Ақнұр Нұрғожа «Абайдың бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол» өлеңі арқылы бүлдіршіндерді Абай тілімен ақыл мен парасатқа үндеп тұрғандай әсер қалдырып, үшінші орынды иеленді. Әділ қазылар алқасы Қаракемер ауылдық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі Ерқуат Оңашхан, Қаракемер ауылдық әкімдігінің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Данагүл Мырзабай, «Аружан» балабақшасының меңгерушісі  Сәуле Серікқызы және балабақша психологы Бибіжамал Таванова бүлдіршіндердің өнеріне әділ төрелік жасап, артынан байқау жеңімпаздарына сыйлықтар мен мақтау қағаздарын табыс етті. Сондай-ақ, балабақша тәрбиешілері де іс-шарадан шет қалған жоқ. Олар Абайдың өлеңдерін әсерлі оқып, әндерін де шырқады. «Күз» өлеңін нақышына келтіре оқыған Айман Серікқызы, «Өлсем орным қара жер сыз болмайма?» өлеңімен көрерменге ой салған Зағипа Үркінбаева, «Әсемпаз болма әрнеге» деп Абайша сөйлеген Райхан Төлепбергенова, «Есіңде ме жас күнің?» өлеңімен көңілді күй сыйлаған Айгүл Сейтқалиева және өзге де ұстаздар байқаудың сәнін ашып, мәнін кіргізді. Олар да әділ қазылар алқасы тарапынан сыйлықтар алды, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Әділет САРЫБАЙ

Сейсенбі, 25 Ақпан 2020 10:03

Мен өмірді жырлау үшін келгенмін

Аламан бәйгеге оза шауып, өлең-жырда тұяғына шаң жұқтырмаған, санаулы ғұмырында артына мол мұра қалдырған, сыршыл, ойшыл, шыншыл, «Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби-сазды кеш өтті жуырда Балтабай орта мектебінде.

Тәрбиелік мағынасы жоғары мерекелік кеш мың бұрала аққудың бейнесін сомдаған аққудай сұлу қыздарымыз Қымбат Карсакбаева мен Жанна Мыңбаеваның «Аққу» биімен шара шымылдығы түрілді. Одан әрі ақынның «Арыз жазып кетейін» атты өлеңін Дастан Аяпов нақышына келтіре, әдемі әуен сүйемелімен жырлады. Иә, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да, өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын Мұқағалидың жілігін шағып, майын ішкен қара өлеңдерінен әдеби-монтаж ұйымдастырылды. Мұзбалақ ақынның «Менің анкетам», «Махаббат диалогы» өлеңдері театрландырылды. Онда Серік Тоқтар мен Мұрагер Нұрдариға қойылымды үздік орындап, кеш қонақтарының ыстық ықыласына қанық болды. Ал, «Үш бақытым», «Отаным, саған айтамын!», «Қарасаз», «Поэзия», «Шеше, сен бақыттысың...», «Жоқ, дәрігер», «Ғашықпын», «Қара өлең» атты туындыларын Жексенбай Ернұр, Серік Әкежан, Шабарбек Мақпал, Нұр Ұлдана, Джумағали Ахатали, Әбдібек Мерей, Сейтқазы Ания, Ерзат Шұғыла тебіреніспен орындап, көрермен жүрегіне жол салды. Мұқағали сөзіне жазылған «Шәлкөде» әнін  5-6 сыныптардан құралған хор тамаша қоңыр дауыспен әуелетті. Сонымен қатар, Нұрғожа Эльнара да Абай мен Мұқағали аталарына арнап жазған жүрекжарды қауырсын жырын,жылы лебізін паш етті.

Айта кету керек, Г.Е.Нургазиева, И.С.Агыбаева, З.Т.Далдабаева, Н.Р.Ауғанбаева, А.У.Омаржанова, А.Н.Адилова, М.К. Алимходжаева шараның сапалы өтуіне ұйытқы болды.

Әсерлі  кеш көрермендері ұйымдастырушыларға риясыз алғыстарын білдіріп, естелік суретке түсіп тарқасты.

 

Индира АГЫБАЕВА,

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сейсенбі, 25 Ақпан 2020 09:26

ҰБТ-2020: Сіз білуге тиіс өзгеріс

2019 жылдан бастап жоғарғы оқу орындарына түсу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу жылына төрт рет өткізіліп келе жатқаны айқын. Яғни, мектеп бітірушілер ақылы негізде оқуға түсу үшін қаңтар, наурыз, маусым және тамыз айларында ҰБТ тапсыра алады. Талап төртеуінде де бірдей. Бірақ, мемлекеттік грант конкурсына тек маусым айындағы нәтижемен ғана қатыса алады. Әрбір мектеп бітіруші  барлық тестілеуге қатысуға құқылы. Бірнеше рет тапсыру – мектеп бітірушілердің теориялық және психологиялық шыңдалуына, ҰБТ тапсыру ережесін меңгеруіне әсері мол.

Биылғы оқу жылында да елімізде қаңтар айының 15-20 аралығыннда ҰБТ өтті. Есік қаласының Райымбек атындағы мектеп ғимаратында орналасқан ҰБТӨП-де Еңбекшіқазақ және Талғар аудандарының 2123 түлегі өтініш беріп, 2107-сі тестілеуге қатысты. Биылғы жылғы басты өзгеріс – ҰБТ тапсырушыдан тексеру барысында аудиторияға ұялы телефон, шпаргалка және т.б табылса, бірден акт толтырылып, тестілеуге кіргізілмейді.

Қаңтардағы ҰБТ нәтижесінде ең жоғары балл – 116, ең төмен балл – 8 болды. Орташа балл-55,7.

Енді наурыз айында болатын ҰБТ-ға өтініш қабылдау екі түрлі тәсілмен жүзеге асырылады. Біріншісі, оқушы өтінішті (құжаттарымен бірге) ҰБТӨП арқылы береді. Екінші, оқушы  цифрлық профилін құра отырып, сайт арқылы онлайн тәртіпте өтініш береді. Онлайн тіркелу оқушыда жеке басын куәландыратын куәлігі немесе паспорты бар болған жағдайда және тек қана ата-анасының (немесе қамқоршысының) келісімімен жүзеге асырылады (жасы 18-ге толмағандар үшін).

Ақылы негізде өтетін наурыздағы тестілеуде төлемақы түбіртегінде тестіленушінің ЖСН-ы көрсетілуі міндетті. Сол секілді ол түбіртек міндетті түрде ҰБТӨП-ке хат ретінде тапсырылуы қажет. Тестілеу құны – 2242 теңге.

Ескеретін жайт, ҰБТ-да алған балдары сертификат бланкісіне шығарылмайды. ҰБТ нәтижесін тестілеу ведомсынан немесе www.testcenter сайтынан (ЖСН және ТЖК-сы арқылы) көруге болады. Жалпы ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранты Конкурсына қатысу үшін ҰБТ балдары ЖОО-лармен Орталықтың базасынан жүктеледі.

ҰБТ-ға қатысу үшін төлемді Қазақстан Республикасының барлық екінші деңгейлі банк кассалары мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ терминалдары, «Kaspi.kz» мобильді қосымшасы арқылы төменде көрсетілген реквизит бойынша жасауға болады:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

010011 Нұр-Сұлтан қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX     КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

ҰБТӨП арқылы тіркелу:

1) Кез келген пошта сервистерінде электрондық пошта ашу (mail.kz, mail.ru, gmail.com, yandex.ru және т. б.). және http://ent.testcenter.kzсілтемесі арқылы алдын ала өтініш береді). Ол үшін сілтемемен «Өтініш ҰБТ-2020» веб-қосымшасы жүйесіне тіркелу. Логин мен пароль оқушының электрондық поштасына жіберіледі. Алдын ала өтініш берген жағдайда ҰБТӨП-ке құжаттарын тапсыра отырып, тіркеуден өтуі қажет.

Құжаттар тізбесі:

- өтініш (ҰБТӨП-те беріледі);

- 3 x 4 көлеміндегі екі фотосурет;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

Бұл ретте жасы 16-ға толмаған және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдар «Туу туралы» куәлігінің көшірмесін тапсырады.

- өзі білім алатын орта білім беру ұйымынан анықтамасы

Анықтама 2 данада алынады, тексерілгеннен кейін бір данасы мектеп бітірушіге қайтарылады (тестілеуге кіргізу барысында «Туу туралы» куәлікпен бірге көрсету үшін).

- ақы төлегендігі туралы түбіртек.

2) ҰБТӨП-тен тестілеуге рұқсаттамасын алу (өтініш қабылдау базасы жабылғаннан кейін).

Онлайн тіркелу:

1) Кез келген пошта сервистерінде электрондық пошта ашу (mail.kz, mail.ru, gmail.com, yandex.ru және т. б.).

2) http://ent.testcenter.kz сайты арқылы онлайн тіркелу (авторизациялану). Логиндер мен парольдер тіркеу кезінде көрсетілген поштаға жіберіледі.

3) http://ent.testcenter.kz сайтында мектепті көрсете отырып, жеке мәліметтерді толтыру, тексеру үшін түбіртектің суретін жүктеу және жария офертаның келісімін қабылдау.

4) http://ent.testcenter.kz сайтындағы Digital ID батырмасын басу арқылы цифрлық профильді құру (смартфондар үшін Digital ID қосымшасы PlayMarket және AppStore арқылы қол жетімді).Digital ID жүйесіне тіркелгеннен кейін оқушы жеке мәліметтерін өшірмеуі қажет (маусым-шілде айларындағы және тамыздағы ҰБТ-ға өтініш беру барысында қолдану үшін).

Цифрлық профильді құрудағы міндетті талап:

- оқушыда жеке басын куәландыратын куәлігінің немесе паспортының болуы (туу туралы куәлігі бар оқушылар үшін мүмкін емес);

- цифрлық профильді құруға және тестілеуге қатысу үшін оқушының жеке деректерін өңдеуге ата-анасының (немесе қамқоршысының) келісімі болуы (жасы 18-ге толмағандар үшін).

Яғни, цифрлық профильді оқушы ата-анасымен (немесе қамқоршысымен) бірге толтырады (жасы 18-ге толмағандар үшін). Ата-ана (немесе қамқоршысы) келіскен жағдайда өзінің және баласының ЖСН-н көрсете отырып, офертаны қабылдайды.

3) Тестілеу үшін төлемақы жасау.

- http://ent.testcenter.kz сайтында дұрыс құрылған Digital ID цифрлық профилінің статусын, қабылданған өтініштің мәртебесін, тестілеу өткізілетін күні мен орнын білуге болады.

- онлайн тәртіпте ҰБТ деректер базасына тіркелген оқушылар тестілеуге жеке басын куәландыратын куәлігі немесе паспорты арқылы және «Face ID» тексеруімен жіберіледі.

- тестілеу өткізілетін күні мен орны республика бойынша өтініш қабылдау аяқталғаннан кейін, сондай-ақ аудиториялар бойынша бөлу жұмыстары жүргізілгеннен кейін белгілі болады.

Қ.ҚАСЫМОВА,

Ұлттық тестілеу орталығының Есік қаласындағы филиал

 басшысы

«Наша общая задача – воплотить в жизнь концепцию «Слышащего государства», которое оперативно и эффективно реагирует на все конструктивные запросы граждан», – сказал в Послании Президент РК Касым-Жомарт Токаев. Согласно данной концепции и Закону РК «О государственном управлении и самоуправлении» в округах района состоялись отчетные встречи  депутатов шестого созыва районного маслихата с избирателями. Самый крупный населенный пункт – город Есик в районом маслихате представляют три депутата – Гульсара Егинбаева, Гульнар Кураметова и Гульмира Мухтарова. Во время встречи они отчитались перед общественным активом Есика о выполнении депутатских запросов по обращениям избирателей, о результатах  приема граждан, об участии в работе постоянных комиссий раймаслихата по социально-экономическому развитию района. В отчетной встрече также участвовал заместитель акима г.Есика Досжан Сейдахметов.

 На повестке дня были вопросы по благоустройству райцентра и строительству новых социальных объектов. Наибольшей проблемой является переполненность городских школ в связи с быстрым демографическим приростом населения Есика. По депутатским запросам и заявке акима г.Есика ожидается капитальный ремонт и расширение средней школы им. Абылайхана, запланировано строительство дополнительного здания на 1000 мест  средней школы имени В. Терешковой. Предусмотрено выделение земельного участка для строительства еще одной средней школы в районе дачных массивов.

После отчетов и ответов на вопросы зала депутаты провели прием жителей своих избирательных округов. 

 

И.ВИКТОРОВ

Алматы облысы бойынша ішкі Мемлекеттік аудит департаменті заңдағы жаңа өзгерістерге байланысты жиын өткізді. Негізгі өзгерістер 2020 жылдың қаңтар айының басынан 1 ақпан аралығында енгізілген. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жаңа ережелерге сәйкес, баға ұсыныстарын сұрату 3-1 тарауға қатысты қосылды. Көтерілген мәселелердің бірі өтінімді қамтамасыз ету болды. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген соманың бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен бірнеше лот бойынша Мемлекеттік сатып алуға қатысқан жағдайда әлеуетті өнім беруші әрбір лотқа өтінімді қамтамасыз етуді жеке ұсынады.

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамада бірқатар өзгерістер орын алды. Мәселен, Электронды дүкен. Бұдан былай ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап бір ғана жерден тауарды алу тәсілі арқылы құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды тікелей сатып алу жолымен интернет-дүкендердің тауарларын санаттайтын және агрегаттайтын тауарлардың электрондық каталогы (электрондық дүкен) арқылы жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ электрондық депозиттердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды толтыру мерзімі 2020 жылғы 29 ақпанға дейін ұзартылады.

Қаржылық тұрақтылықты кеңейту де заңда қарастырылған. Қаржы министрлігінің 2019 жылғы 31 мамырдағы №521, 2019 жылғы 29 шілдедегі №798 бұйрықтарына өзгерістер енгізілген болатын , осыған орай алдын ала біліктілік сұрыптауымен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, "Мемлекеттік сатып алу туралы"заңда айқындалған өзге де тәсілдермен жүзеге асырылады.

Әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын Мемлекеттік кірістер органдарының мынадай мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды:

1) кірістер;

2) төленген салықтар;

3) негізгі құралдар;

4) еңбекке ақы төлеу қоры.

Айта кету керек, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады.

Гүлжанат Нұрасыл

Жұма, 21 Ақпан 2020 12:23

К паводкам готовы

Потепление в последний месяц зимы создало угрозу паводка на горных реках и подтопления талыми водами населенных пунктов, размыва дорог. Нужно быть постоянно готовыми к любым капризам стихии.

 В феврале 2020 г. отдел по чрезвычайным ситуациям  Енбекшиказахского района совместно с районным акиматом в рамках тактико-специальных учений провели противопаводковые мероприятия в селе Тескенсу. Всего в учениях были задействованы 10 человек,  два экскаватора,  техника с высокой проходимостью.

Целью учений было предотвращение реальной паводковой опасности.  На юго-западной стороне села  расположены 200 частных жилых домов где проживают около 800 человек. По причине выхода на поверхность грунтовых вод, а также быстрого таяния снега происходит  наполнение  отводных каналов, трубчатых переходов наносами, на данном участке села резко увеличивается уровень паводковых вод. Ежегодно происходит подтопление домов, жители терпят материальный ущерб. С целью предупреждения чрезвычайной ситуации для отвода талых и грунтовых вод в ходе учений  экскаваторами были прокопаны два канала общей протяженностью сто метров и  проложен трубчатый переход. Также для    произведена очистка  четырех трубчатых переходов.   Данными действиями предотвращена угроза подтопления домов, хозпостроек и приусадебных участков в весенний период.

Также по условиям учений  была детально отработана  организация пункта эвакуации в средней школе имени Жамбыла с.Тескенсу, с обеспечением «пострадавших» в паводках спальными местами, горячей пищей, предоставлением для них медицинской и психологической помощи.

Рахимжан КАРИМЖАН, 

начальник районного отдела по чрезвычайным ситуациям

Жұма, 21 Ақпан 2020 11:35

ОРТАҚ АБАЙ

Алматы облысы әкімдігі, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы, Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы және облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен 11, 12 ақпан күндері Талдықорған қаласында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай 9-11 сынып оқушылары арасында «Ортақ Абай» атты Алматы облысында тұратын түрлі этнос жастары арасында облыстық көркемсөз оқу байқауын ұйымдастырды.

Осы мерейтойлық іс-шаралар аясында қолға алынып отырған бұл байқау Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары мен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл басында жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы рухани бағыттар негізінде іске асырылды. Түрлі ұлт өкілдерінен 31 оқушы байқауда бақ сынады. Ереже бойынша оқушылар Абайдың 2 өлеңін және 1 қара сөзін жатқа айту керек. Оқушылар әр өлеңді көркем тілмен, өлеңді нақышына келтіріп орындауымен, актерлік шеберлігімен танылды, барлығы қазақ ұлттық киімдерін киіп шықты.

Байқаудың алғашқы күні «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық филиалы оқушыларға Жастар сарайын, Тіл сарайын, Достық үйін, «Nur Otan» партиясының ғимаратын, Орталық алаңды аралатып көрсетті. Кешке кинотеатрға апарды. Келесі күні «Достық үйінде» қолөнер көрмесі  ұйымдастырылды, «Қанабек Бәйсейітов» атындағы филармония оркестрі Абай, Құрманғазы, Динаның туындыларын орындап, концерт қойды, оқушылар марапатталды.

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің атынан байқауға Қырбалтабай ауылынан 9 сынып оқушысы, көпбалалы отбасынан, интернат тәрбиеленушісі ұлты – түрік Халис Мамедов және Космос ауылы І.Жансүгіров атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Юлия Старостина қатысты. Байқаудың бірінші күні Абай Құнанбайұлының «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» атты өлеңін, екінші күні Абай атамыздың қара сөзін мәнерлеп оқыды. Халис Мамедов, І.Жансүгіров атындағы орта мектеп оқушысы Юлия Старостина да ерекше өнер көрсеткені үшін Дипломмен  және 20 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Осы облыстық шараға оқушыларымыздың қатысуына ықпал еткен «Nur Otan» партиясы Еңбекшіқазақ аудандық филиалына, аудандық білім бөліміне, мектеп ұжымынан алғысымызды білдіреміз.

 

Тұрсынгүл ЖОЛДАСОВА,

Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің мұғалімі

Қырбалтабай ауылы

Алматы облысында АӘК 144,1 мың адамға беріледі

Әлеуметтің осал топтарына қолдау көрсету басты назарда. Осыған орай былтырғы жылы облыстан 38 млрд. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде 3,5 млрд. теңге аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету мақсатында игерілген.

Балабақша менмектеп қабырғасындағы 42 мың бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Және де жоғары оқу орындарында білімін жалғастырыу үшін 100 әкім гранты тағайындалған. Көпшілікке көрсетілген көмек мұнымен тоқтамақ емес, бүгінде көп балалы аналар қала ішінде қоғамдық көлікте жол жүру билеттері арқылы тегін қатынай алады. Сонымен қатар, 2 277 отбасына көгілдір отын әкімдік есебінен тегін тартылған.  Бұл да ел игілігіне атқарылған шаруалардың бірі. Қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға көп көңіл бөлінуде. Жалпы облыс аумағында 67,5 мың мүмкіндігі шектеулі азаматтар бар. Олардың денсаулығын жақсарту  мақсатында Іле, Қарасай, Талғар аудандары мен Талдықорған қаласында оңалту орталықтары ашылған.  Ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау мен мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек қолын созу үшін  тағайындалған қаражат есебі 1 млрд. теңгеге өсіп, жалпы көлемі 4,7 млрд. теңгені құраған. Баршаға мәлім жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек жаңа форматта берілуде. Биылғы жылы 144,1 мың адамға АӘК көрсету жоспарланған. Бұл мақсатта 14,3 млрд. теңге қарастырылады деп күтілуде. Облыс көлемінде 45,5 мың көпбалалы отбасыларға жәрдем ақы тағайындалған.

«Біздің мақсат- АӘК алушылардың қатарынан еңбекке жарамды азаматтарды жұмыспен қамту болып табылады. Бұл үшін «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында 10 млрд. теңге бюджет есебінен бөлінген»,- деп мәлімдеді өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы.

 

Алматы облысында тоғыз дәрігерлік амбулатория бой көтереді

Аймақта денсаулық сақтау саласын дамыту үшін көптеген жүмыстар жүргізілуде.

2020 жылдан бастап облысымыздағы барлық медициналық ұйымдар міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне көшті.

Қазіргі танда, облыс орталығы  Талдықорған қаласының 6-шы шағын ауданында 16 қабатты үйдің бірінші қабатында 320 келушіге арналған алғашқы медициналық санитарлы көмек көрсету орталығы ашылған.

Ағымдағы жылы 3,8 млрд.теңге көлеміне  тоғыз дәрігерлік амбулатория мен медициналық пункт салынады деп жоспарлануда.

Облыста кадрлардыңтапшылығы да байқалуда. Бүгінгітаңда241 маманжетіспейді,оныңішінде 126-сыарнаулы мамандықтағыдәрігерлер.

Мамандардың тапшылығының негізгі мәселесі тұрғын үйдің болмауы болып табылады. Осыған байланысты мамандарды, бірінші кезекте арнайы маманданған дәрігерлерді тарту үшін барлық аудандар мен қалаларда 126 пәтер сатып алу жоспарлануда , бұл жұмысқа 756 млн.теңге бөлінеді.

Сонымен қатар,  47 жас мамандар резидентурада аса тапшы мамандықтар бойынша білімдерін шыңдауда , еліміздің медициналық ЖОО- да әкім гранты бойынша 36 студент білім алып жатыр.

Аудан әкімдерінің есептері бойынша жедел жәрдемге шағымдар айтылған.Осыған байланысты халық көп  қоныстанған аудандарда бригада саны нормативке сәкес келмейтіні және көлік тапшылығы анықталды.Айта кетсек, 10 мың тұрғынға 1 бригада ғана жұмыс жасап жатқаны белгілі болды.Сол себепті жедел жәрдемге арналған автомашиналарды сатып алуды ,  қосымша жедел жәрдем бригадасын құруды ойластырылуда.

                                                                                              

Облыста ауыз су мен жол мәселесі шешімін табуда

2019 жылы Алматы  облысын  аралау  барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі маңызды міндет қойған.Олар ауыз сумен қамтамасыз ету және жолдардың сапасын арттыру.

Қазіргі таңда сумен қамтамасыз ету деңгей 91%-ға жеткен.Бірақ әлі де судың жетіспеуі мен сапасына байланысты мәселелер бар.Бұл мәселелерді шешу үшін Қаскелең қаласының және Қарасай ауданының жоғарғы бөлігінде орналасқан 23 елді мекенді сусен қамтамасыз ететін , Қаскелең топтық су құбырын жобалау жүргізілуде.

Бүгінде, Есік қаласы мен сегіз елді мекенде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін,  Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан жалпы құны 4,5 млрд. долл тұратын топтық су құбырының жобасы әзірленуде.

Ағымдағы жылы барлығы 330 км су құбыры желілерін салу және қайта жаңарту жоспарлануда.Сонымен қатар, таза ауыз суға тағы 5 ауыл қол жеткізеді және 21 елді мекенде су құбырысапасы жақсартылады деп жоспарлануда.

Жол мәселесіне келетін болсақ,"Нұрлы Жол" бағдарламасының арқасында "Талдықорған-Өскемен", "Үшарал-Достық", "Құрты - Бурылбайтал", "Ұзынағаш-Отар"автомобиль жолдарын қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Бұл барлық стандарттарға сәйкес келетін 1526 километрге жуық тамаша жол, соның есебінен облыстың транзиттік әлеуетін одан әрі ұлғайтылады деген үмітте.

Қазір жергілікті маңызы бар жолдардың 81% - ы қанағаттанарлық жағдайда. 2020 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 84% - ға жетеді деп жоспарға алынып отыр.Айта кетсек, бүгінгі таңда облыстық және аудандық маңызы бар 492 км жол жөнделген, сондай-ақ 108 елді мекен ішіндегі кентішілік жолдар жөнделді.

 

Алматы облысында 3600 отбасы баспаналы болмақ

2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда тұрғы үй құрылысы 25 % артқан. Жалпы алғанда 894 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. «Нұрлы жер», «Бақытты отбасы», «7-20-25» бағдарламаларының аясында облыс көлемінде 2 443 отбасы баспаналы болды, оның ішінде 1 779 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлады.  Халықты баспанамен қамтамасыз етуде кәсіпкерлердің көмегі өлшеусіз. Олар былтырғы жылы қолдауға мұқтаж жандарға 170 пәтер алып берген.

Ал, өткен аптада атымтай жомарат азаматтар Қапшағай қаласынан 30 пәтер алуға мүмкіндік беретін арнайы сертификаттарды табыстап, көптің қошаметіне бөленді. Бірақта, үй кезегінде тұрғандардың саны мұнымен азаймасы анық. Бүгінде 50,7 мың адам, оның ішінде 20- сы әлеуметтік осал топ өкілдері, 5527-сі көп балалы отбасы баспана кезегінде тұр деп айтты өңір басшысы өз баяндамасында. Сондықтан да биыл тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылым құрылысына қажетті  қаражат мөлшері  1,6 есеге артып, 32,6 млрд. теңгені құрады.

Барлығы 939 мың шаршы метр тұрғын үй салу  жоспарлануда, оның ішінде 147,7 мың шаршы метрі"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша бой көтереді.

«Біз барлық бағыттар бойынша 3600 отбасын, оның ішінде 2400 әлеуметтік жағынан осал және көп балалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз. Сонымен қатар, Қарасай, Іле, Талғар аудандарында және Қапшағай қаласында жеке құрылыс салушылар есебінен  1300 пәтерлік жеті тұрғын үй кешені салынатын болады. Алдағы уақытта жыл сайын кемінде бір млн.шаршы метр тұрғын үй  құрлысын жүргізетін  боламыз»,- деп жағымды жаңалықпен бөлісті облыс әкімі.

Қала халқының саны күннен-күнге артуда. Бүгінгі таңда қалада 180 мың адам өмір сүреді. Осыған байланысты үйге мұқтаждардың саны арта түспек. Соған орай 8-ші шағын ауданында782 пәтерлік  24  көп қабатты үйдің құрылысы басталады. Оның 7-і биылғылы жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ инвесторлар есебінен 726 пәтерлік 22 көпқабатты тұрғын ұй шығыс шағын ауданында бой көтереді.

 2019 жылы коттедж қалашығында 155 үй тұрғызылып, бірінші кезекте көп балалы отбасыларға үйдің кілті басыталған болатын. Биыл 403 коттедж үйлер өз иелерін таппақ.

 

Алматы облысында үш ауысымды мектептер саны азаяды

Аймақтағы барша әкімдердің есебі аяқталғанан кейін, жылдағы дәстүр бойынша өңір басшысы Амандық Ғаббасұлы халық алдында есеп берді.

Облыстың әл-ауқатының көрсеткіштеріне тоқталған  аймақ көшбасшысы болашақтың айқын бағдары болар білім саласындағы жетістіктер мен жоспарлар туралы өз есебінде баяндады.

Бүгінде білім саласының төңірегіндегі басты мәселе ол үш ауысымды мектептердің санын азайту болып табылады. Осыған орай облыста қарқынды жұмыс жүргізілуде. Соңғы бес жылда Алматы облысында 75 мектеп құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген. Оның 55-і үш ауысымды мектепті жою үшін 30 мың орынға арналып салынған. Соған қарамастап мектеп қабырғасындағы үш ауысымды оқыту мәселесін  түбегейлі шешу мүмкін болмай тұр. Өйткені былтырғы жылы 48 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттаған. Назарға алған түйіткілдің күрмеуін шешу жолында жұмыстар жалғасын таппақ. Биылғы жылы жалпы сомасы 11,2 млрд.теңгені құрайтын 13 мектеп бой көтереді деп жоспарлануда.

«Бірақ бұл жеткіліксіз, сондықтан біз жалпы құны 10,3 млрд.теңге болатын тағы алты мектептің құрылысын бастауымыз керек.Сонымен қатар, кәсіпкерлердің қолдауымен мектептер салу мәселесін қарастырудамыз»,- деп атап өтті Алматы облысының әкімі Амандық Баталов.

Ағымдағы жылы оқу сапасын жақсарту үшін жаңа модификациялы кабинеттер сатып алуға және 50-ден астам ІТ-сыныптар  ашуға, оқушылар робототехникамен, бағдарламалаумен, 3D–модельдеумен айналысуына жағдай жасау мақсатында  1,1 млрд.теңге бөлінген.

Бір сөзбен айтқанда, қала және ауыл мектептерінде тең жағдай жасау үшін барлық шаралар қабылдануда.

 

 

1268 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді

Қоғамның қауіпсіздігі, ішкі тұрақтылық даму жолында табанды еңбек етіп келе жатқан ел үшін басты мәселе. Осы орайда Алматы облысында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2019 жылы ікші істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 4,3 млрд. теңге бөлінген болатын.

Учаскелік полиция инспекторлары үшін 136 қызметтік автокөлік сатып алынып, 2020 жылы тағы 72 машина сатып алу жоспарлануда.

Бүгінге дейін тұрғын үймен біріктірілген 178 учаскелік полиция пункті салынған,оның 16 -ның өткен жылықұрылысы аяқталып, биыл 42-і салынады деп күтілуде.

2019 жылы 1268 бейнебақылау камерасы орнатылған, 2020 жылға тағы 250 камера орнатуға бір млрд.теңге бөлінді.Оның ішінде , Қарасай ауданында - 150, Панфилов ауданында – 50 және Текелі қаласында - 50.

Бүгінге дейін қабылданған шаралардың арқасында қылмыс саны 17% - ға төмендеген. Құқық қорғау органдарымен бірлесіп жол апаттарын азайту және жалпы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар ары қарай жалғасын табатын болады деп сендірді Амандық Ғаббасұлы есепті кездесуінде.

 

"Тайсон фудс" етті өңдейтін ірі зауыты іске қосылады

Алматы облысы ауылшаруашылығы қарқынды дамыған өңірлердің алдыңғы қатарында тұр. Облыс бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 852 млрд. теңгеге жетіп, 3,4 пайызға өсті деп өңір басшысы жиын барысында айтып өтті.

Біздің диқандар жыл сайын 14 мың гектарға қант қызылшасы алқабын ұлғайта отырып, қант өндіруді - 51 мың тоннаға жеткізген.

Қазір инвесторлармен бірлесіп, тростник шикізатын өңдеу үшін қант зауыттарын жаңғырту қолға алынуда. Бұл зауыттардың жыл бойы жүктелуін қамтамасыз етеді және 2023 жылға қарай елдің ақ қантқа деген сұранысының 70 пайызын жабуға мүмкіндік береді деп күтілуде. Мал шаруашылығына келетін болсақ, мал мен құс басы, ет, сүт, жұмыртқа өндірісі өсті.2019 жылы "Империя Фуд" және "Қайынды" екі ірі ет комбинаты іске қосылып, сегіз мың тонна ет экспортталған болатын.

Қазіргі таңда, Германиядан келген инвесторлармен "Жетісу қой" жобасын іске асырумен және Іле, Ұйғыр аудандарында үш құс фабрикасын іске қосумен экспортты жылына 25 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.

Бұдан бөлек жалпы инвестиция көлемі 190 млрд.теңге болатын америкалық "Тайсон фудс" компаниясының етті өңдейтін ірі зауыты жобасын іске асыру көзделіп отыр.Олардың қуаты жылына 500 мың басты өңдеуге және төрт мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бірақ мұндай ірі жобаларды іске асыру үшін суармалы жерлер қажет.

«Ирригациялық желілерді қалпына келтіру бойынша 40 млрд.теңгеге жобалық-исметалық құжаттама дайындалған, оның ішінде 19 млрд. теңгесі Ислам Банкімен қаржыландырылғаны белгілі болды. Қазір Ақсу, Алакөл, Ескелді және Көксу аудандарында ирригациялық желілерді қайта құру жұмыстары жүргізілуде»,- деп толықтырды Амандық Баталов.

2019 жылы 20 мың га суармалы жер қалпына келтірілді. Қызылағаш су қоймасын қайта жаңарту аяқталды, енді желі салу басталғалы жатыр.Облыс бойынша 2025 жылға дейін 138 мың га суармалы жер тартылады деп жоспарланып отыр. Белгіленген жобаларды іске асыру агроөнеркәсіп кешенінің дамуына мультипликативті әсермен қуатты серпін береді.

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемін бір трлн.дейін жеткізу көзделген.

 

2020 жылы көгілдір отынға халықтың 56% қол жеткізетін болады

Көгілдір отынға көптің қолы жетпесі анық. Осы тұрғысында амандық Ғаббасұлы өңірлерді газбен қамтуға ден қойған. Қазіргі уақытта Алматы облысында 144 елді мекен газдандырылып, газдандыру деңгейі 30,4% - ды құрады.

Талдықорған қаласының қала ішілік желілерінің құрылысы аяқталуда, тоғыз мыңнан астам абонент қосылған. Бұған дейін Үштөбе, Сарыөзек, Бақанас қалаларына дейін газ құбыры салынған болатын.

Биылғы жылы Текелі қаласында және Ескелді, Балқаш, Қаратал, Кербұлақ және Көксу аудандарының 91 елді мекенінде ауыл ішілік желілер салынғалы жатыр. Қазір 305,4 мың адам тұратын 97 елді мекенді қамтитын "Талдықорған-Үшарал" және "Шелек-Кеген" магистральды газ құбырларының құрылысын жобалау жүргізілуде.Құрылыс нәтижесінде, көгілдір отынға 1,2 млн.адам немесе халықтың 56% қол жеткізе алады дейді облыс әкімі.

Бұл ретте газдандыру үшін инвесторларды тарту қолға алынып жатыр. 2019 жылы жалпы қаражат көлемі 39,4 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 32,8 - жеке, яғни 1 теңге бюджеттік қаражатқа 4 теңге жеке қаражат тиесілі болған.

Сондай-ақ, шағын қалалардағы көп қабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу қолға алынбақ. Өткен жылы Талғар қаласында 106 көп пәтерлі үйге арналған 15 блокты-модульді қазандық орнатылған болатын.

Анар САБЫРОВА

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ…

Изменение климата является одной из самых серьёзных угроз современности, и углеродные…
Қырқ 30, 2024

️ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН…

Халықтық штаб мүшелері Б.Рахимов, Т.Ұзақов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесулері…
Қырқ 30, 2024

Бүгін Халықтық штаб өкілдері…

Ондағы мақсат – 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып,…
Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…

Күнтiзбе

« Қазан 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет