Жақында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында жалған кәсіпкерліктің алдын алу мақсатында дөңгелек үстел өтті. Жиынға «Нұр Отан» партия-сы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғожаев қатысты. Дөңгелек үстелді мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Батырбек Бектібаев жүргізді.

Бүгінгі таңда кез-келген сын-қатермен түйіткілді мәселелердің үнемі алдын алып отыру өте маңызды. Халықтың әлеуметтік жағдайын арттырып, саяси көзқарастарын қалыптастыруда мәслихат депутаттарының атқарар рөлі орасан зор. Осы орайда, жақында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында ағымдағы жылдың 9 айын қорытындылайтын тұрақты комиссиялардың кезекті біріккен отырысы өтті. Басқарма, бөлім басшылары мен округ әкімдері есеп берген жиынды аудандық мәслихат хатшысы Бекет Ахметов жүргізді.

Дүйсенбіде өткен кезекті аппарат жиынында ағымдағы жылдың сегіз айының салық базасын ұлғайту тақырыбында жауапты қызметтерге, округ әкімдеріне берген тапсырмаларын естеріне салды аудан әкімі Бинәлі Ысқақ. Ол тапсырманың мазмұны кәсіпкерлік, өндіріс нысандары округ аумағына қарасты елді мекендерде жұмыс атқарып жатыр екен – Еңбекшіқазақ аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында тіркеліп, салықты аудан бюджетіне түсіруі керек.

Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2016 11:51

Инновацияның алтын өнімі

Өткен жұмада Түрген ауылдық округіне  қарасты егістік алқабында «ЧАФ «Түрген» ЖШС-нің басшысы Маншүк Жексембекованың  және «АгроТехСила» ЖШС-нің  ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін ауылшаруашылығына арналған мерекелік жиын өтті. Аталған саланың қызметкерлері бас қосқан шараға ауданнан,  облыстан, шетелден келген фермерлер, ірі аграрлық компания өкілдері, өсімдік және микробиология институтынан 70-ке жуық  делегаттар  қатысты.

Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2016 11:41

Ішкілік сайлау өтті

Жақында Ақши орта мектебінде Қарашеңгел сайлау округіне аудандық мәс-лихаттың депутатын сайлау мақсатында ішкілік партиялық сайлау өткізілді.

Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2016 11:38

Есіктің бүгіні, ертеңі

Есік өзенінің жоғарғы оң жағасынан бастау алатын қаламыз төмендеген сайын жайыла кеңіп Рахат, Бөлек округтерінің аумағындағы сая-жайларды «бауырына» баса Үлкен Алматы каналына беттей өсіп келеді. Келесі ұрпақтарға тұрғын үй, мектеп, спорт алаңда-рын басқа әлеуметтік нысандар салу үшін Құлжа жолына дейінгі аумаққа да жетері сөзсіз. Есіктің бүгіні мен ертеңі жайлы қала тұрғындары өкілдерімен, кәсіпкерлермен, ауданның, қаланың құрылыс, жобалау, сәулет, қаржы, бюджет салалар басшыларының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткізген аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың пікір алмасу жиынында туған ойларды Есіктің кешегісімен бастағанды жөн көрдім. Өйткені өткеніміз бен бүгінімізді салыстыруға құмар жандар бар. Бұл жайында да кіріспе сөзінде аудан әкімі де айтып өтті.

Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2016 11:37

Жамағатқа жақсылық

Бүкіл мұсылман халқының ұлы мерекесі – Құрбан айт күні Шелек ауылындағы жаңа «Нұрмұхамет» мешітінде округ әкімдігінің ұйымдастыруымен ауқымды қайырымдылық шара өтті. Имамдар мен жамағат бас қосқан бұл ұлы мерекеде берекелі дастархан жайылды.

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2016 11:54

Отанды сүю – иманнан

Жақында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 6654 әскери бөлімінде «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында тағылымды жиын өтті. Оны әскери бөлім басышылығы мен Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды. Мақсаты – жеке құрамға дәстүрлі дін және дәстүрлі емес діни ағымдар жайын кеңінен түсіндіру, Отанды қорғау турасында дәстүрлі дініміз нендей жауапкершіліктер жүктейді?. Жат ағымдардан қорғанудың жолы... Аталған жиын дәл осы тақырыптарды кеңінен қамтыды.

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2016 11:46

Сыңғырла, күміс қоңырау

1 қыркүйек күні Қазақстан ауылындағы Ж.Қайыпов атындағы орта мектепте салтанатты  жиын өтті. Жиынға мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары, ауданның құрметті азаматтары қатысты.

Жиын барысында  алғашқы сөз  сөйлеген мектеп  директоры  Тасирова Ұлболсын  Рахымқызы биылғы оқу  жылымен құттықтап, мектеп табалдырығын аттаған  бүлдіршіндерге ақ жол,  ұстаздарға шығармашылық табыс тіледі. Сонымен қатар,  аудандық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Мұхтар Калмаканбетов, ауылдық ақсақалдар кеңесінің  төрағасы, ауданның  құрметті  азаматы  Едіге  Сапаев мерейлі күндегі салатанатты жиында қазақстандықтарды құттықтап, оқушыларға  сәттілік тіледі.

Осылайша  Ұлы  Отан соғысы ардагерінің атымен аталатын орта мектептің  оқушылары мерекелік ертеңгілікте өлең оқып,  поэзиядан сыр шертті. Жиынның ең маңызды сәті  әрине, ол сыңғырлаған алғашқы күміс қоңырау  үні болды. Қошеметпен соғылған  қоңыраудан  соң оқушылар сыныптарына кіріп, орындарына  жайғасты.

Ботакөз Әбішева.

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2016 11:41

Рафтинг жарысы өтті

Қазақстан Республикасы Тәуел-сіздігінің 25 жылдығы аясында, Дүние-жүзілік туризм күніне орай, Еңбекшіқазақ ауданында туризмді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында, «Орталық Азия Ассоциациясының нұсқаушылары» қоғамдық қорының (Сноуборд және шаңғы мектебінің) ұйымдас-тыруымен Түрген өзенінің бойында ауыл жастары арасында «Надежда» регатасы өткізілді.

Соңғы жаңалықтар

Қырқ 30, 2024

ПАРИЖСКОЕ СОГЛАШЕНИЕ И ПАРНИКОВЫЕ…

Изменение климата является одной из самых серьёзных угроз современности, и углеродные…
Қырқ 30, 2024

️ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІК ӨКІЛДЕРІМЕН…

Халықтық штаб мүшелері Б.Рахимов, Т.Ұзақов этномәдени бірлестік өкілдерімен кездесулері…
Қырқ 30, 2024

Бүгін Халықтық штаб өкілдері…

Ондағы мақсат – 6 қазанда өтетін атом электр стансасын салу бойынша референдумға қатысып,…
Қырқ 30, 2024

Энергетиканы дамытудың бір жолы- АЭС…

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп,…
Қырқ 30, 2024

Жас ақындар мен жазушылар арасында…

ЕРЕЖЕСІ1. Жалпы ережелер 1. «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы (бұдан әрі –…
Қырқ 30, 2024

АЭС салудың халықаралық тәжірибесі

Атом электр станцияларын (АЭС) салу және пайдалану – әлемдегі көптеген елдер үшін энергия…
Қырқ 30, 2024

Безопасность АЭС для Балхаша: мнение…

С ростом потребности в устойчивых источниках энергии Казахстан всерьез рассматривает…
Қырқ 30, 2024

Хайрушев: Если мы откажемся от АЭС,…

Вопрос строительства атомной электростанции в Казахстане поднимается с самого момента…

Күнтiзбе

« Қыркүйек 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30            

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет