Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 11:06

Айыппұл арқаламай, үйде отырайық

Қазіргі қысылтаяң шақта тәртіпке бағынудың маңызы зор. Өзіміздің ғана емес, өзгенің де өміріне қауіп тудыратынымызды ескеріп, әр қадамды аңдап басқанымыз абзал. Десе, жауапкершілікті ұмытып, шектеуге құлақ аспайтын азаматтар да баршылық.

Оның айқын мысалы – ауданымыздағы Көксай саяжайының тұрғыны А.Е-нің әрекеті. 2020 жылы 24 наурызда 01 сағат 00 минут шамасында, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режим бойынша үй карантинінде болуға міндетті А.Е. талаптарды орындамай, өзінің үйден «Алтын Орда» сауда базарына шығып кеткен. Осы әрекетімен ол өзіне де, қоғамға да қауіп тудырғанын айта кету керек.

Бүгінде А.Е. өз кінәсін толығымен мойындап, әкімшілік құқық бұзушылыққа барғанын растады. Сот іс құжаттарын зерттеп, А.Е-нің түсініктемесін, аудан прокурорының көмекшісінің іс бойынша айыппұл салу қорытындысын тыңдады.

Азамат А.Е-ні Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 2) тармағында көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағандығы үшін кінәлі деп танып, оған осы бап бойынша әкімшілік жаза ретінде 26 510 (жиырма алты мың бес жүз он) теңге әкімшілік айыппұл салынды. Әкімшілік жауапқа тартылған адам айыппұлды қаулы заңды күшіне енген күннен бастап отыз тәуліктен кешіктірмей төлеуге тиіс.

Қаулыға риза емес жақтар Алматы облыстық сотының апелляциялық сот алқасына, Еңбекшіқазақ ауданының соты арқылы 10 (он) күн ішінде шағым және апелляциялык өтінішхат беруі мүмкін.

Жоғарыда келтірген мысалымыз баршамызға сабақ болады деп сенеміз. Қоғамды құраушы – біздің әрқайсымыз. Ендеше, қоғам алдындағы жауапкершілігімізді сезіне білейік.

 

М.А.Садыков, судья

 

 

Адамзатты әуреге салған коронавирус індетін жұқтырғандар саны күн санап артып келеді. Әлемнің барлық елдерінде төтенше жағдай жарияланып, ірі мегаполистер карантинге жабылуда. Елімізде де Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары карантинге жабылып, адамдар мен көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Бүгінгі таңда жағдай толықтай бақылауда. Дей тұрғанмен, босансуға әлі ерте. Сондықтан да облысымыз бойынша бірқатар шектеулер қойылып, Есік қаласының шекарасына да санитарлық және мобильді бекеттер орнатылды.

Баршамызға белгілі, орталық базар, сауда орындары мен банк бөлімшелері, әкімшілік мекемелер Есік қаласында орналасқандықтан, жақын маңдағы ауылдардан аудан орталығына ағылатындар жетіп-артылады. Санитарлық режимді күшейту және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында 1 сәуірден бастап бекеттер орнату туралы шешім қабылданды. Қалаға кіретін негізгі жолдарға 3 санитарлық 6 мобильді бекеттер қойылды. Бұл жерде күндіз-түні 36 полиция қызметкері, 24 медицина, 18 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды. Сонымен қатар, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан 12 маман тартылған.

Айта кетейік, Есік қаласына кіретін айналма жолдардың барлығы жабылған. Негізгі жолдарға қойылған бекеттерде барлық көліктер тоқтатылып, міндетті түрде жүргізушілер мен жолаушылардың дене қызуы тексеріледі. Аудан орталығына тек нақты мақсатта бара жатқан азаматтар ғана өте алады. Соның ішінде, медицина мекемелеріне, банк бөлімшелеріне, почта және жеке нотариус қызметіне жүгінушілер ғана қала аумағына жіберіледі. Сонымен қатар, аудан орталығының тұрғындары мен осында жұмыс істейтін азаматтар да кіре алады. Ол үшін өзімен жұмыс орнынан берілген арнайы анықтамасы болуы тиіс.

Сонымен қатар, көлікте бетпердесіз отыруға болмайды және әр жолаушының жеке куәлігі болуы тиіс. 65 жастан асқан азаматтар мен үлкендердің қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің де қалаға өтуіне тыйым салынған.

Бүгінде бекеттерде бақылау күшейтілген. Әрбір көлік тоқтатылып, жолаушылардың дене қызулары тексеріледі. Қайдан келе жатқандығы және қандай мақсатпен қайда бара жатқандығы сұралады. Сондай-ақ, жеке куәлігі арқылы арнайы тізімге тіркеледі.

Өткен аптада аудан әкімі Бинәлі Ысқақ және аудандық полиция басқармасының басшысы Талғат Сейілханов бекеттерге арнайы барып, жұмыс барысын бақылаған болатын. Осының барлығы тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасалып жатқандығын айтқан Бинәлі Әбдіқапасұлы ауданның бас полицейіне бақылау бекеттерінің маңына арнайы жол белгілерін қою жөнінде тапсырмалар берді.

Азаматтардың қауіпсіздігі үшін, басын бәйгеге тігіп, күндіз-түні жұмыс атқарып жүрген бақылау бекетіндегі медицина қызметкерлерінен мән-жайды білген едік:

– Біздің негізгі жұмысымыз аудан орталығына бағыт алған әр адамды тіркеп, дене қызуын өлшеп отыру. Жұмысымыз 12 сағатқа дейін созылады. Бекеттен өтетіндердің басым көпшілігі Есік қаласының тұрғындары. Осы уақытқа дейін ешқандай заңбұзушылық пен денсаулығына шағымданған азаматтар болған жоқ – дейді аудандық аурухананың учаскелік мейірағасы (медбрат) Берік Құттыбай. Сөзіне сүйенсек, осы күнге дейін дене қызуы көтеріліп, бекеттерден өте алмаған азаматтар тіркелмеген. Ондай жағдай бола қалса, бірден жедел жәрдем шақыртылып, науқас азаматқа арнайы тексеру жасалады.

Сонымен қатар, төтенше жағдайға байланысты ауданымызда бірнеше шектеулер қойылды. Айталық, барлық дәріханалар мен дүкендер кешкі 20:00-ге дейін ғана жұмыс жасайды. Көшеде, парктер мен ойын алаңдарында серуендеуге тыйым салынады. Себепсіз көшеге шығуға болмайды. Медициналық бетпердесіз қоғамдық орындарда, дүкен мен дәріхана, банк, почта бөлімшелері мен мемлекеттік мекемелерге кіруге тыйым салынады.

Ауданымыздағы төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік шаралары жайлы толық ақпараттарды жариялайтын боламыз.

 

Сардарбек НҰРАДИН

Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 10:31

Коронавирус жұқтырғандар 759 болды

9 сәуір сағат 10:00-дағы эпидемиологиялық жағдай:

Нұр-Сұлтан қаласында - 223 адам,

Алматы қаласында – 120 адам,

Қызылорда облысында - 92 адам,

Қарағанды облысында - 57 адам,

Ақмола облысында - 56 адам,

Жамбыл облысында - 45 адам,

Атырау облысы - 39 адам,

Түркістан облысында - 34 адам,

Шымкент қаласында - 27 адам,

Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам,

Ақтөбе облысында - 11 адам,

Алматы облысында - 10 адам,

Шығыс Қазақстан облысында - 6 адам,

Маңғыстау облысында - 6 адам,

Батыс Қазақстан облысында - 4 адам,

Қостанай облысында - 3 адам,

Павлодар облысында - 1 адам,

жалпы 759 науқас тіркелді.

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через:

1) канцелярию услугодателя;

2) Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее Государственная корпорация).

Сроки оказания государственной услуги:

1) со дня сдачи пакета документов услугодателю, в Государственную корпорацию:

1-этап: определение возможности использования испрашиваемого земельного участка по заявленному целевому назначению, изготовление акта выбора земельного участка, выдача заключения земельной комиссии 23 (двадцать три) рабочих дней;

2-этап: со дня утверждения землеустроительного проекта вынесение решения о предоставлении права землепользования на земельный участок 7 (семь) рабочих дней;

2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов 15 (пятнадцать) минут;

3) максимально допустимое время обслуживания 15 (пятнадцать) минут.

4). Форма оказания государственной услуги: бумажная.

5). Результат оказания государственной услуги решение услугодателя о предоставлении права на земельный участок либо мотивированный отказ в оказании государственной услуги по основаниям, предусмотренным пунктом 10 настоящего Стандарта.

6).Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

7). Государственная услуга оказывается бесплатно физическим и юридическим лицам (далее услугополучатель).

8). График работы:

1) услугодателя с понедельника по пятницу с 9.00 до 18.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов, за исключением выходных и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан и статьи 5 Закона Республики Казахстан от 13 декабря 2001 года "О праздниках в Республике Казахстан" (далее – Закон о праздниках).

Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются с 9.00 до 17.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов.

2) Государственной корпорации – с понедельника по субботу включительно, в соответствии с графиком работы с 9.00 часов до 20.00 часов, без перерыва на обед, за исключением воскресенья и праздничных дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан и статьи 5 Закона о праздниках.

Более подробную информацию можно получить в аппарате акима Бартогайского сельского округа

Адрес: с.Бижанова, ул. Абая,1А

Контактный телефон: 8 (72776) 7-13-32

Бейсенбі, 09 Сәуір 2020 10:02

Бірлесе білген ел бәрін жеңеді

Бұл мақалада басты тақырып бүгінгі күні әлемді жайлаған короновирус дерті жайлы болып отыр. Баршаға аян, дүние жүзі бойынша 1,4 млн астам адам осы дертке шалдығып, 10 мыңдаған адам өмірден өтті. Бүгінгі күні елімізде төтенше жағдай орнап, осы дерттен сақтану шаралары жүргізіліп, мемлекеттік органдар күн сайын басты назарда індетті өршітпеуді қолға алуда. Пандемиядан экономикалық дағдарыс туды.

Біз білікті ісімізбен ғылыми білімге ұмтылуымыз керек. Қытай елі бұл ауруды темірдей тәртіппен, бірлікпен жеңді. Біз де, Қазақстан халқы ата-бабадан сіңген қайсар рухпен бірлігімізді нығайтып, Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» демекші, темірдей тәртіппен бұл дертті жеңеміз!

Жұлдыз Абдыкадырова,

аудандық мәслихат депутаты

Сәрсенбі, 08 Сәуір 2020 11:38

Жанашырлықтан туған жолдар

 

Әлеуметті әбігерге салып, талайдың түн ұйқысын төрт бөлген коронавирус дерті күн тәртібінде күйіп тұр. Әйткенмен, ауруды ешкім сұрап алмайды, сол секілді індет те айтып келмейді. Ел арасында тәжді вирус деп аталған бұл кесел елімізді ғана емес, әлемді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстауда. Экономикасын былай қойғанның өзінде мемлекет күретамыры халқының басына ауыр күн тудыруда. Мыңдаған адам өмірін жалмап, миллиондардың денсаулығын мүжіп, емхана төсегіне таңып қойды. Ендігі кезек, арбаны да сындырмай, өгізді де өлтірмей осынау сын сағатынан аман өту.

Әдеттегідей өзінің мол тәжірибесі мен ақыл-кеңесін еліне арнаған Елбасымыз, NurOtan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуі көп адамға ой салды. Соның ішінде маған да. Мойындау керек, қазіргі бұлаңдаған түлкідей бұлдыраған заманда Мұқағали айтпақшы «Қариялар азайып бара жатыр». Шалдар жетерлік, әйткенмен ақылымен асқан абзал ақсақал, қадірлі тасқан қария жоқтың қасы. Елбасымыз өзінің «Ұлы дала ұлағаттары» кітабында: «Қарттықтың қадірлісі – озық дәстүрлерді, халықтың бірлігі мен ынтымағын сақтауға өзіндік үлес қосу» деп тамаша айтқан. Бүгінгі Үндеуінде де осы сөздерін өзі дәлелдеп тұрғандай. «Мен өз сөзімді алдымен аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне арнаймын:халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеңіздер. «Ырыс алды ынтымақ» екенін ұмытпаңыздар» дейді Елбасы.

Рас, қарт тарихқа жас буын ретінде көз сүзсем, қай кезеңде де қазыналы қариялар елді бірлік пен адал еңбекке жетелеп отырған. Дауды әділ шешкен, пайым-парасаттылығымен дара тұрған көштен. Аталы сөзінен баталы ойдың легі ескен. Міне, туғанына тартпауымен көпке үлгі, жасқа тәлім берген. Соның нәтижесінде абыз ақсақал деген абыройға ие болған.

Мойындау керек, ел басына күн туып, етектен қан кешпесек те ұлт саулығына қауіп төнген қазіргі алаң-елең кезеңде қазыналы қарттардың қолдауы ауадай қажет. «Ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі – бір-бірімен етене ұғымдар. Мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды және тиісті шараның барлығын атқарады. Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды» деген мейірлі сөздері әрбірімізге жігер сыйлап отыр. «Ауылыңда төбе болса – ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қария ұлағатты болса – жазулы тұрған хатпен тең» деген бабалар нақылы осындай айтылса керек. Одан қалса, «Біз біртұтас елміз, бірлігі бекем жұртпыз. Мен әрқашан халқыммен бірге болғанмын, бұл жолы да Сіздермен біргемін» деген сөздері шынайы жанашырлықтың, қамқорлықтың көрінісі.

Қазақ қашаннан сөзге тоқтап, әр ісін бастарда ел ағаларынан бата алып отырған. Айталық, Төле бидің Қойгелді биге берген батасы, анасының Райымбек батырға берген батасы, Шәукеннің Бөлтірік шешенге берген батасы, Соқыр Абыздың Жәнібек батырға, Қарасай батырдың балаларына,

Кененнің келіндеріне берген ақ ниет, ізгі баталары халық жадында. Тіпті, Елбасымыз да президенттікке сайланған сәтінде қазақтың данышпан ақыны болған, ұлы Абайдың ұрпағы Шәкір Әбеновтен бата алғаны тарих парағында таңбаланды.

Яки, Елбасының бұл үндеуі осынау қиын сәтте жас буынға, біздерге, халқына берген ақ батасы деп түсіндік.

Жаратқан елімізді осындай індеттен аман алып шығарына кәміл сенеміз. Бастысы, Елбасы айтпақшы, белімізді бекем буып, бірлігімізден айырмасын!

Қайнар Жұмағожа,

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат депутаты,

«Мәңгілік ел тұғыры» қоғамдық қорының төрағасы

Сәрсенбі, 08 Сәуір 2020 11:32

Құттықтау

Еңбекшіқазақ  аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Мариям Ильясқызы Агадилованың 08 сәуір – туған күні.

Ардақты ана, адал дос, еңбексүйгіш қызметкер, үлгілі отбасының ұйытқысы, аса қадірлі әріптесіміздің 50 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз.

Тым ерекше күн бүгін – туылған күн,

Жарық дүние есігі ашылған күн.

Алдыңыздан таң күліп, нұрын шашып,

Бұл әлемнің бар сыйын сыйлаған күн.

 

Таси берсін, бақ дәулетің, ырысың,

Ел таныған азаматтың бірісінің.

Қуанышыңды ел-жұртыңа паш еткен,

Аман болсын балашаға – тынысың.

 

Тілек білдіруші: Еңбекшіқазақ аудандық ТКҚСҚББ

Сәрсенбі, 08 Сәуір 2020 11:12

Бірлесе білген ел жеңеді

 

"Мен сөзімді алдымен аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне арнаймын: халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амал жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға үндеңіздер" - деп өтініпті өз мақаласында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР тұңғыш Президенті - Елбасы. Сол аға ұрпақ өкілі ретінде Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының "Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды" деген қағидасын ұстануға үндер едім алдымен. Үлкендерге де, жастарға да қарата айтатын мәселе төтенше жағдайға, карантин талаптарына байланысты болып отыр. Талаптардың бастысы той-томалақтарды, қайғылы жағдайға байланысты жиындарды тежеу еді ғой. Қайдағы тежеген - белгілі әуен сарынымен "Коронавирус кет, кет" деп сайқымазақ қылғандай жасамысы да, жастары да тоңқаңдап билеп жатқан "тойшыл" қауымды кім көрмеді?! "Әй, дейтін ажа, қой, дейтін қожа болды ма соларға? Жоқ, әрине. Полиция қызметтерінен басқа ешкім араласпады. Қайбір елді-мекенде осындай тойды ауыл әкімі өзі бірге тойлап, орнынан ұшпады ма?! Оның лауазымын қойшы, тойдың "нәтижесін", қайғылы қорытындысын айтсаңшы. Орта білім алған кез-келген азамат геометриялық прогрессияның не екенін біледі. Осы теорияны жай ғана еске салып қоймай, бұрынғы математик ұстаз  ретінде бүгінгі төтенше жағдайға байланыстыра көрсетейін. Сол тойда індет жұқтырған бір азамат екі "тойшылға" вирусты "эстафеталады" дейік. Ол екеуден екі-екіден тарады да, төртеу , төртеуден сегіз, сезіден - он алты. Міне қараңыздар - алғашында аз ғана ондаған вирустылардан жүздеген, мыңдаған аурулардың шығуының басты себебінің бірі де осы деп білейік те, төтенше жағдай талабын қатаң сақтайық, ағайын.

Хайролла АХМЕТЖАНОВ,

Еңбек ардагері, ҚР Құрметті журналисі

Жер – жаһанды үрейге орнатқан короновирус дерті әліде әлем бойынша басылмай тұр. Осындай қиын кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстан халқына үндеуін жолдады. Аудан жастары болып аталмыш үндеуді тыңдадық, жастар пікірімен бөлісіп ортаға ой салынды. Әлемді жаулаған індетке еліміз дайындықты ерте бастады, соның арқасында қөауіпті індеттің таралуына барынша тосқауылдар қойылды. Елбасы өз үндеуінде айтпақшы еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап ұлт денсаулығына баса мән беріліп озық технологиялармен жабдықталған ауруханалардың салынғандығын және Болашақ бағдарламасы арқылы жастарымыздың шет елде білім алып, ел мерейіне еңбек етілгендігі айтылады. Сонымен қатар өз үндеуінде жастар қауымынада баса мән беріп , ерекше тоқталып өтті. Аға ұрпақ сендер үшін қолдан келгеннің бәрін жасады,енді сендер күш – қайрат жұмсайтын кездерің келді. Үлкенге ізетті, кішіге қамқор, бір – біріңе дос болыңдар деп ерекше атап өтті. Әрине Елбасының сөзі жастар қауымына күш қуат беріп қана қоймай, қиын кезеңде бірлікті болуға шақырылатын үлкен құрал екенін баса айтқан жөн.

Үндеудің негізгі мақсаты халқымызды ауыз біршілікке, осындай қиын кезеңдерде бірге, бірлікті болуға шақырады. Осындай уақытта ел ішіне іріткі салып, қиындықты өз мүдделеріне шешетін пиғыла арам топтарға ілесіп кетпеуге шақырады. Тәртіпке бас иген құл болмайды демекші осындай сын сағаттарда бір бірімізгне арқау болып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білуіміз керек. Аталмыш үндеуді Еңбекшіқазақ ауданының жастары толық қолдайды және өздеріне артылған сенімді толығымен орындауға уәде береді деп айта аламын.

  

Ілебаев Айбек Қасымханұлы

Еңбекшіқазақ ауданының жастар орталығының жетекшісі,

аудандық мәслихат депутаты

Сәрсенбі, 08 Сәуір 2020 09:36

АБАЙ ЖƏНЕ КОРОНАВИРУС...

 

Биыл ұлы Абайдың 175 жылдығы. ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілмек ұлы мерекеге əлемді шарпыған мынау коронавирус індеті қабат келіп, бəрімізді тығырыққа тіреп жатқан жайы бар... Əйтсе де Абай тойына дейін коронавирус те бір жайлы болып қалар. Абайдың аруағы бұл жойқын індетті жеңеді!

Індет демекші, осы орайда ұлы Мұқағалидың өмірлік жары болған Лашын Әзімжанова апамыздың тағлымға толы естелігін жариялағанды жөн көрдім. Данышпан Абайдың шарапаты кімдерге тимеген?! Лашын Əзімжанқызының осынау тамаша естелігін оқып отырып, Абай атамыздың қалың елі қазағына тіпті обаға қарсы күресте де, індеттен аман қалудың тура жолын сілтегеніне куə боламыз. Жарықтық Абай атамыз індет атаулының кез келгенімен күресіп бағыпты ғой...

Абай айтқан бұл қауіпсіздік шаралары тым қарапайым болғанымен кешелі-бері эфирлер арқылы айтылып жатқан сақтандыру қағидаларымен үндес екенін аңғарамыз əрі осы күнге дейін маңызын жоймағанын көреміз. Егер бұл сақтандыру шараларын бұлжытпай орындасақ, коронавирус індетінен аман қаларымыз хаһ. Лашынның нағашы атасы Қырманшы да бір ауыл оба індетінен түгел қырылып қалғанда, Абайдың айтқан сақтық шараларын мүлтіксіз орындағандықтан ғана отбасын аман алып қалады.

Бір сұмдығы Абай заманында Нарынқол өңірін жайлаған бұл оба індеті құндыз деп аталатын терісі бағалы су тышқанынан тараған екен. Қытайда басталған коронавирус індеті де əу баста адамдарға жарқанаттан жұққан көрінеді. Қарасақ екеуі де - тышқан. Ұзамай елімізге жыл құстары келеді.Таяуда Үкімет жабайы құстарды қынадай қыруға рұқсат беретін аңшылық маусымын ашпақ. Ал жыл құстарының дені Қытай асып келетіні белгілі. Коронавирустің жабайы аңдар, əсіресе ұшатын тышқан - жарқанат арқылы жұғатынын ескерсек, биыл аңшылыққа əсіресе құс атуға мүлдем тиым салу керек! Бұл - жойқын індеттен сақтанудың бір шарасы болмақ.

Ендігі сөзді Лашын Əзімжанқызының естелігіне берейін:

Абай атамыздың аты, аруағы бұл күнде бүкіл әлемді дүр сілкіндіріп жатыр. Сол ұлы адам мені де тыныш отырғызбай қолыма қалам ұстатты. Бала күні әкем айтқан бір әңгіме естен кетпейді.

 Менің әкем — Әзімжан Сәлімбайұлы өте салмақты, оң-солын тани білетін, көп сөзі жоқ, жақсы-жаманды ажырата алатын, арабша сауатты өте сергек адам еді. Ұлы ақынның өлеңдерін тұңғыш рет тəтемнің (әкемді «тәте» дейтінбіз) аузынан естідім. Ол кісі «Болыс болдым, мінеки» деген өлеңді жатқа айтып, «сол болыс қазіргі біздің бәленше ғой» деп күліп отыратын. Абайдың мұнан да басқа көп өлеңдерін жатқа айтатын.

Біз Алматы облысы Нарынқол (қазіргі Райымбек) ауданынанбыз. Ашып айтқанда Ұлы жүздің бір баласы Албан деген ел боламыз. Біздің көрші аудандарымыз Кеген, Ұйғыр, Шелек болып кете береді. Ұйғыр ауданында біздің нағашымыз Қырманшы деген алғыр, өжет адам болған. Кейінгі ұрпақ біздер Қырманшы атамызды көргеміз жоқ. Оны тәтемнің сөзінен ғана еміс-еміс білеміз. Сол атамыз патша заманынында болыстыққа таласады. Осы сайлауда бір адам қаза болады. Оның бар кінәсін Қырманшы атамызға жабады. Сөйтіп, атамыз түрмеге түседі де, он жылға соттап, Сібірге айдап жібереді. Нағашымыз сол кеткеннен мол кетеді, хат-хабар болмайды. Ал, атамыз Сібірде айдауда жүргенде Петро деген орыспен танысып, жан аямас дос болып кетеді. Сонда қарағай кесіп, қиыншылыққа төзе жүріп, орыс тілін де үйренеді. Кесілген мерзімі таяған уақытта досы Петромен көп ақылдасады.

— Петро, менің туған елім Қытайдың шекарасында. Еліме ұшқан құс, жүгірген аңнан басқа ештеңе бармайды. Ертең мені босатқанда ауылыма қалай жетем? — деп сұрайды. Досы көп ойланып отырып:

— Сен әрине өз басың жете алмайсың. Ол жерге тек жараулы аттар болмаса, басқамен жету мүмкін емес. Сен былай істе. Семей деген қаланы естуің бар шығар.

— Сол жақта Абай Кұнанбаев деген атақты, ұлағатты, қайырымды ақын тұрады. Қазір ол кісі жайлауында болар. Семейге жетсең, ақынды табу оңай. Сол кісі ғана саған қол ұшын беруі мүмкін. Оған мен сенімдімін, — дейді.

Сөйтіп жүргенде, Қырманшы атамның мерзімі де бітеді. Петро екеуі бірігіп, ақылдасып, жолға дайындалады. Петро атамды жолға шығарып салады. Атамыз бірде жаяу, бірде ат жалдап, бір ай дегенде Семейге жетеді. «Сұрай-сұрай Меккеге де барасың», — дегендей, сұрап жүріп, Абай атамыздың қалаға келгенде түсетін үйлерін де тауып алады. Сол кезде Абай ауылынан келген бір жолаушылармен ілесіп, Абай ауылына жетеді. Жолаушының біреуі Қырманшыны Абай үйіне ертіп барып, барлық, жағдайын айтып таныстырады. Еліне жеткізуге көмек сұрай келгенін мәлімдейді.

Ұлы ақын Қырманшы атамызды жақсы қарсы алады.

— Жарайды, алыстан, айдаудан жүдеп-жадап келіпсің. Сені осында айдап келген құдайың да, Петроң да бекер адам емес екен. Бірер ай тынық, мына түріңмен ұзақ, жолға шыдамассың, — деп ақыл береді. Сонымен Қырманшы атам ауылында қалып, Абай төңірегінде біраз уақыт болады. Осы ақынмен өткен уақыттар оған бүтіндей мектептен өткендей әсер береді. Абай үнемі оқып отырады немесе өлең жазып отырады. Төңірегіндегілерге сол оқыған кітаптарынан әңгіме айтады. Оқу-білім туралы, дін туралы сөз қозғайды. Кейде медицина туралы да әңгіме айтылады. Қазақ халқы көп оқымаған, бір-біріне жаны ашығыш, төзімді халық. Осындай мінезінен кейде өрескел қателер жіберіп алады. Мысалы: сүзек, оба, тырысқақ, шешек деген өте жұқпалы аурулар бар. Солардың жөнін білмей, бір-біріне жаны ашып жүріп, ауруды қалай жұқтырғанын сезбей қалады. Осындай жайдан бүкіл ауыл адамдары қырылған уақыттар болған. Сондықтан әрбір ауруға өте сақтықпен, жайлап, ойлап араласу керек. Ауру тым қабынған жағдайда ол маңға аттап басуға тыйым салу қажет, — деп әңгіме арасында ескертіп отыратын көрінеді.

Қырманшы атам біраз уақыт өткеннен кейін еліме қайтсам деп армандайды. Абай атамыз да оны түсініп, Қырманшыны бастан-аяқ киіндіреді. Жанына екі жігіт қосып, екі атты бос айдатып, өзіне жүйрік, мықты ат сыйлап, атамызды елге шығарып салады. Сонымен қосар аттарымен үш жігіт неше айлар жүріп, туған еліне келеді. Ұлан-асыр той болады. Бірнеше күннен соң, қосшы жігіттердің үстіне шапан, астына ат мінгізіп Қырманшы ауылы ақ тілеу тілеп, оларды жолға шығарып салады.

Жылдар жылжып өтіп жатады. Қырманшы атамыз үнемі Абай ауылын, Абайдың данышпандығын, оның кедей-кепшікке көмегін айтып, аузынан тастамайды. Бір күні төсегінен тұрып жатқанда біреу сырттан айқайлап: «бәленшенің үй-іші түгел қырылып қалыпты», — дегенді естиді. Атамыз бір сұмдықтың болғанын біле қояды да, тез киініп босағаға дейін барады. Бірақ, есікті ашпай, сырттағы сөзді бағып отырады. Содан кейін «анау өлді, мынау да жан тапсырғалы жатыр» деген дауыстарды естиді. Осы сәтте Абай ақынның айтқандары есіне түседі. Үйінен ешкімді далаға жібермейді, даладан ешкімді үйге кіргізбейді. Бір келіні ғана бірбеткей, өте өркөкірек екен. Сол келін бой бермей далаға шығып кетеді. Ол үйге қайтпайды.

Сол ауру— оба ауруы екен. Ауылдан бір әйел отын көтеріп келуге кетеді. Отын теріп жүріп өліп жатқан кішкентай кұндызға кездеседі. Отынның арасына салып, құндызды үйіне әкеледі. Оны күйеуі терісін алмақ болып сояды. Міне, осыдан оба ауруы басталған. Кейбір сауаты бар адамдар тиісті жерге хабарлап, Алматыдан, Мәскеуден дәрігерлер, көмекші адамдар арнайы келеді. Олар жәрдем жасай бастайды, бірақ, жәрдем өте кешіккендіктен, ауылды қорғай алмаған. Сол бүкіл ауылдан Қырманшы атамның отбасы ғана (бір келіннен басқасы) аман калған.

Бұл да болса ұлы ақынның асқан білімпаздығы мен көрегендігінің арқасы деп ойлаймын. Әңгіме арасында айтылған бірауыз сөзі бір шаңырақты апаттан аман алып қалғанын қалайша ұмытпақпыз.

Авторы Ерлан Төлеутай

Соңғы жаңалықтар

Мам 16, 2024

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы…

Құрметті Есік қаласының сайлаушылары! Мен, Кураметов Жан Бауыржанұлы, 1989 жылы Жамбыл…
Мам 16, 2024

АЛАШТЫҢ Ардақты азаматы

«Құдай» қайта қиыпты жерге сені, Көгіме де керек деп бермес еді. Жерге де ортақ бір бала,…
Мам 16, 2024

Семья под защитой закона

Проблема семейно-бытового насилия актуальна в общемировом масштабе. Не является…
Мам 06, 2024

Көрікті көлге көңіл бөлінді

Бүгін «Таза Қазақстан» экологоиялық акциясының аясында Есік көлінде «Мөлдір бұлақ»…
Мам 04, 2024

Еңбегіңді арнай білсең ел үшін, Сол…

 Ел қорғанысының әлсіз болуға еш хақысы жоқ. Әлемде геосаяси мәселелер өршіп тұрған шақта…
Мам 04, 2024

Танк жүргізуші ТЕМІРҚҰЛОВ

Ұлы Отан соғысы кезіндегі алмағайып заманда, от пен оқтың ортасында жүрген жауынгерлердің…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…
Мам 04, 2024

«АЙБЫН» ордені БАТЫРЛАР есімімен…

«Адал адам – адал еңбек – адал табыс» тақырыбында өткен Ұлттық құрылтайдың үшінші…

Күнтiзбе

« Мамыр 2024 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб. Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Кез келген материалды
көшіріп басу үшін
mezet.kz - ке гиперсілтеме
қою керек 

Яндекс.Погода

 

https://kurs.kz/ - Курсы валют в обменных пунктах г. Алматы и других городах Казахстана

Жарнама

для детей, достигших 12 лет