Көзмоншақ көлі, тұп-тұнық Түргендей белі, қонақжай елі, шыбық ексең тал өскен жері бар Еңбекшіқазақ ауданы туризмді дамытудың қайнары-ақ. Әйткенмен, сан соғудың қажеті жоқ, уақыт ырғағымен бұл сала да дамуға бет алған. Дәлел десеңіз айтайық, осы жылдың тоғыз айының өзінде 75 729 турист ауданға ат басын бұрған. Сәйкесінше, 106,3 млн теңгеге ақылы қызмет көрсетілген. Бұл туралы блог-турда белгілі болды.
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асқан шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов, «Еңбекшіқазақ» газетінің бас редакторы Хайролла Ахметжанов, ардагер журналист Мұрат Нақатаев және бірнеше БАҚ өкілдері болды. Мақсат айқын: ауданымыздың киелі жерлерін көпшілікке насихаттау, туризмді дамытуға ықпал ету.
Алдымен журналистер Республикалық «Алтын адам» археологиялық мұражайын аралады. Оларды арнайы аудан делегаттары күтіп алып, қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан өңірге апарды. Онда музей директоры Тасқын Тойбаев қазба жұмыстарының жай-жапсарын әңгімелеп берді.
Кейіннен бір топ тілшілер қауымы Есік көліне жол тарты. Кеңес үкіметі тұсында туристердің ерекше ықыласына бөленген көзмоншағымызға 1963 жылғы қайғылы оқиғадан кейін келушілер саябырлаған. Ауданның тізгінін Алханбек Мәлкеев ұстаған тұста көлге дейін жол салынып, теңіз деңгейінен 1700 метр биіктікте тұрған Іле Алатауының көзмоншағына жан бітті. Көл тарихын жан-жақты Хайролла Ахметжанов және Мұрат Нақатаев әңгімелеп берді тілшілер қауымына.
Қазір көлдің жан жағында арнайы автотұрақ, жалға берілетін шатырлар келушілерге жұмыс істеуде. Тұмса табиғатты көремін десеңіз, Есік көлі есігін айқара ашып тұр.
Түс ауа журналистер Түргендегі кіші сарқырамаға бет алды. Аюсай деп аталған сарқырама 50 метр биіктіктен құлай аққан. Тас жолдан 1300 метр тау жағалай жүріп жеткен журналистер мұндағы сұлулыққа тамсанбай қоймады. Құлай аққан судың гүрілі құлақ тұндырады. Арыны қатты су екпіні түскен жеріндегі тастарды ойып, мүжіп, кішігірім көлдің пайда болуына жағдай жасаған. Күннің ыстықтығына қарамастан ондағы су мұздай. Осынау табиғат тылсымдарына қаныққан тілшілер қауымы естелік суретке тоқтаусыз түсіп жатты...
Бүгінде ауданда туризмді дамыту бойынша кешенді жоспарлар жүзеге асуда. Ол турасында аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Нұрболат Серғали әңгімелейді: – Ауданда табиғи қорықтар мен мұражайлар және археологиялық ескерткіштерді аралатудан бөлек туристерді қызықтыратын ауданда басқа да нысандар қызмет көрсетеді. Ауданда барлығы 12 туристік бағыт бойынша туристер қабылдануда. Ауданда туристерді орнықтыруға арналған нысандар жеткіліксіз болғандықтан, олардың санын көбейту мақсатында инвесторларды тартуда бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Атап айтсам, «Ескене» ЖШС «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық тас жолының бойында ауданға келген туристерді және жол жүрушілерді қабылдауға арналған заманауи, стандартқа сай жол бойындағы қызмет көрсету кешенін салу жобасы облыстық комиссиядан инвестициялық жоба ретінде оң шешім алып, бүгінгі таңда сұралған жерінің құжаттары рәсімделуде. Жоба құны 600 млн теңгені құрайды, – дейді.
– Бүгінгі блог-турдың маңызы зор. Бұлай дейтініміз, ішкі туризмді дамыту – аудан әкімі Бинәлі Ысқақтың күн тәртібінде тұрған мәселе. Екіншіден, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдар-ламасы шеңберінде іргелі өңіріміздегі киелі жерлерді насихаттау – журналистер құзырындағы іс. Осы ретте аудан әкімдігі қолдау білдіріп, «Мәңгілік Ел тұғыры» қоғамдық қоры ұйытқы болып отырған кездесудің жемісін көреміз деген ниеттеміз. Әрине, бүгінгі аралаған жерлеріңіз біздің ауданның киелі де көркем нысандарының оннан бір бөлігі десек артық айтқандық емес. Ауданымыздағы 79 елді мекеннің әрбірінің киесі бар, мақтанып, марқайып көрсететін құндылықтары да жетерлік. Алдағы уақытта әрбірін жеке-жеке көрсетеміз, елге танытамыз. Бұл аудан әкімінің тікелей қамқорлығында тұрған жайт, – деді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов журналистерге берген сұхбатында.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен алаш арысы, ұлт ұстазы А.Байтұрсыновтың туған күніне сәйкес келетін «Тілдер мерекесі» өз деңгейінде аталып өтті.
Райымбек батыр атындағы орта мектепте мектеп кітапханашысы Л.Еділбаева мен мен бастауыш сынып мұғалімі Г.Абдрахманованың ұйымдастыруымен «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі» атты бастауыш сынып оқушылары арасында үш тілде тақырыптық мәнерлеп оқу мен білім сайысы өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары белсене қатысып, жан-жақты білімдерін паш етті.
Бастауыш сынып бірлестігі.
Жастарды тәрбиелеу мектеп пен мекемелердің ғана емес, ата-ананың да міндеті. Баланың бос уақыты көп болған сайын жаман нәрселерге ұрынады. Қадағалаусыздық, түнгі уақытта беймезгіл жүру еліктегіш балаларды қылмысқа итермелейді.
Осыған орай, жуырда Түрген ауылдық округінде түнгі рейд өткізілді. Ондағы басты мақсат – жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және ескерту, спирттік ішімдіктерді пайдаланатын кә-мелетке толмағандарды, сонымен қатар, оларға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сату арқылы қоғамға қарсы іс-әрекеттерге итермелейтін ере-сектерді, түнгі мезгілде ойын-сауық мекемелерінде, тұрғын жайдан тыс жерлерде ата-аналарының қарауынсыз жүрген кәме-летке толмағандарды анық-тап, ойын-сауық мекеме иелеріне және ата-аналарына әкімшілік шаралар қолдану.
Түнгі рейдке аталмыш округтердің жастар ісі жөніндегі нұсқаушылары және Еңбекшіқазақ ауданы ішкі істер басқар-масының жергілікті полиция қызметінің ювиналдық полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары қатысты.
Рейд барысында Түрген ауылдық округінің кафелері мен ойынханалары т.б. жастар жиі жиналатын орындар тексерілді. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбузушылық заңы-ның 132.1 және 442.2 бабы бойынша ешқандай құқықбұзушылық фактілері тіркелген жоқ.
Түрген ауылдық округі әкімі аппараты.
Жақында №1 Рахат орта мектебінде ҚР Президенті әкімшілігінің жанынан құрылған балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Шараға қатысқан «Nur Otan» партиясы жанындағы балалардың құқығын қорғау жөніндегі кеңестің мүшесі Мансия Исказина, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ақзира Нұрдуллаева, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық денсаулық орталығының маманы Шыңғыс Байкубеков, аудан әкімінің орынбасары Айбек Бидаев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуат Байғоджаев тақырып аясында қордаланған мәселелерді көтерді.
Осы уақытқа дейін жұмыс тобының 7 өңірді аралағандығын айтқан Мансия Исказина Алматы облысы кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы суицидтен бірінші орында екендігін жеткізді:
– Бүгінде Алматы облысы өз-өзіне қол салатын жасөспі-рімдерден көш бастап тұр. Ағымдағы жылдың 8 айында 18 оқиға тіркелген. Бұл – өте үлкен көрсеткіш. Олардың суицидке баруының негізгі себебі, ата-ана мен бала арасын-дағы кикілжің және жауапсыз махаббат. Оған қоса, қыз балалардың ерте бала көтеруі де жиі кездеседі. Бұрындары 16 жастағы қыздар екіқабат болса жағамызды ұстаушы едік. Қазіргі таңда 13 жастағы балалар жыныстық қатынаспен айналысып, бала көтеріп жүр. Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандардың және оларға жасалатын қылмыс көрсеткішінің артып келеді – деген Мансия Аяпбергенқызы мәселенің алдын алу жолдарын айтты. Сөзіне сүйенсек, бүгінде құзырлы органдар бірлеспей, жеке жұмыс жүргізеді. Бұдан нәтиже шамалы. Балалардың құқықтарын қорғап, олармен жақын қарым-қатынаста болу үшін мекемелер бірігіп жоспарлы жұмыс жүргізуі тиіс.
Аудандық аурухананың мәліметінше, 2018 жылы кәмелеттік жасқа толмаған 48 қыз жүкті болған. Ал ағымдағы жылдың 8 айында 36 жасөспірімнің жүктілігі анықталған. Ең жасы 15-16 жас-та. Десек те, басым көпшілігі некеде тұрғандар. Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, ауданымызда тұратын кейбір ұлт өкілдері қыздарын 9 сыныпты бітіргеннен кейін тұрмысқа береді. Нәтижесінде, ерте ана атанып жатыр.
Жиын барысында тікелей жасөспірімдердің ісімен айналысатын ювеналды полицияның да жұмысы талқыланды. Бүгінде ауданымызда мектеп инспекторлары тапшы. 84 мектепке – 20 инспектор. Демек, әр инспекторға 4 мектептен келеді. Оның ішінде мың, екі мың бала оқитын мектептер бар. Шара барысында ювеналдық полиция қызметкерлерінің санын арттыру мақсатында сұраныс берілетіндігі айтылды.
Сонымен қатар, Мансия Аяпбергенқызы тікелей отбасы және балалармен айналысатын құзырлы органдардың жоқтығын алға тартты. Аудандағы 90 мыңға жуық балалардың жұмысымен әкімдікте бір адам ғана айналысады. Осыған орай, өңірлерде отбасы, бала және жастар мәселесі жөнінде басқарма құру туралы ұсыныстар да айтылды. Кеңес мүшелері аталған ұсынысты республикалық деңгейде көтеріп, тіпті, министрлік құрылуы мүмкін екендігін жасырмады. Себебі, отбасы мен бала төңірегінде қордаланған мәселелер шаш-етектен.
Көпбалалы аналарды тұрғын үймен қамту мәселесі де сырт қалмады. Ауданда 161 көпбалалы ана пәтер кезегінде тұр. Айбек Бидаевтың айтуынша, олардың жеке тізімі жасалған. Бүгінде Есік пен Шелек өңірлерінде көпқабатты үйлер салу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленген.
С.НҰРАДИН.
Физика заңдылығы бойынша белгілі бір жұмыстың істелуі үшін оған жұмсалатын соған сай энергия болуы керек екені бұлжымыс заңдылық. Ал физиканың заңдылығы табиғаттың заңы екенін ескерсек, адам баласының өмір сүріп, тіршілік жасауы үшін де энергияның маңызы зор. Десе де, энергия ешқашан өзінен өзі пайда болмайтыны тағы шындық. Сондықтан мәңгі жұмыс істейтін құрылғы жасау да мүмкін емес шаруа. Бірақ энергияның сақталу заңына орай жұмсалған энергия із-түзсіз жоғалып та кетпейді. Тек басқа энергияға өзгеріп қана отырады (Мысалы, механикалық энергияның электр энергиясына айналуы). Осыдан келіп энергияны дұрыс пайдалана білу үшін де адамдардың көп ізденуіне тура келді. Адам баласы жаралғалы бері қажетті энергияны табиғаттан алып, соның арқасында өсіп-өніп, жер бетіндегі талай кереметті жаратқаны рас. Дегенмен мәдениеті биік белеске көтеріліп, өркениетті қоғам құруына байланысты энергияны өздері өндіретін деңгейге жетті. Яғни, табиғаттағы бар энергияны келесі бір энергияның түріне айналдырудың жолын үйренді. Бірақ ғылым мен техника дамыған сайын адамзаттың энергияны тұтыну көрсеткіші де жоғарылай берді. Сонымен бірге, энергия көзі болып табылатын шикізаттардың қоры азайып, экологиялық пробемалар күн өткен сайын күрделене түсті. Енді адамдар энергияны аз жұмсаудың әрі экологияға қауіпсіз болуының жолдарын қарастыруына тура келді. Бұл ғаламдық маңызы бар жағдайға айналып, ақыр соңында қазіргі заман ғалымдарының ең алдымен шешуі тиіс мәселесі болып отыр. Бұл адамзат тарихы ары қарай жалғасуы үшін қажет. Егер шешімін таппаса адамзат баласының ғасырлар бойы жасаған өркениеті желге ұшып, жер бетіндегі тіршіліктің жойылып кетуі ғажап емес. Қазақстан Республиксы да әлемнің бір бөлшегі ретінде осы үрдістен шет қала алмасы анық. Сондықтан энергияны үнемдеудің жолдарын қазақ елі де қапысыз меңгеруі тиіс. Осыған орай, «Энергияны үнемдеу – 2020» бағдарламасы қабылданып, энергияны экологияға қауіп төндірмейтін жолмен үнемдеп пайдаланудың ұлттық жоспары жасалған болатын.
Ежелгі заманда-ақ «Әлемнің жеті кереметін» жасаған адамзат баласының математикалық білімін ертеден қалыптастырғанын байқаймыз. Дегенмен осы алып құрылыстарды салуда жұмсалған энергия көздері бірдей еді. Олар ауыр заттарды көтеруге рычагтарды пайдаланғанымен, оны қозғалысқа келтіруге адам мен жануарлардың күші жұмсалатын. Жылынуға, металдарды балқытуға, тамақ пісіруге керекті жылу энергиясын алу үшін отын немесе көмір қолданса, судың не желдің күшімен диірмен тартатын. Әйтеуір жұмыс істеуге пайдаланылатын энергия көздері шектеулі болды. Бірақ машиналасу дәуірінен кейін энергияға сұраныс күрт өсіп, соның әсерінде мұнай, газ, электр секілді көптеген энергия көздері ашылды. Кейіндеп энергия алудың басқа да жолдары қолданысқа енді.
Ғалымдардың айтуынша адамзат ХХ ғасырға дейінгі 60 мың жыл бойы жұмсаған энергия көздерімен салыстырғанда бүгінге дейін одан он есе көп мөлшерде дәстүрлі энергия ресурстарын пайдаланып қойған. Уақыт өткен сайын жұмсалатын энергия көлемі артып, тұтынушылар жылдан жылға өсіп келеді. Олардың үлесіне 2030 жылы мұнай сұранысының 80%-ы тән болса, оны тұтынудың мөлшері 2/3 есе өсетіні анықталып отыр. Көмірсутек қорларын барлау және оларды өндірудің тиімді әдістері бар болғанымен мұнай мен газды толығымен алмастыра алатын жаңа энергия көзі әлі табылған жоқ. Энергия ресурстарының шектеулі факторын қалпына келтіріп отыратын техникалық прогресс қазірде өз рөлін жеткілікті деңгейде сәулелендіре алуға мүмкіндігі болмай отыр. Мұның нəтижесі əлемде энергия дағдарысын тудырып, ал ол дағдарыс уақытша немесе өтпелі сипатта емес, ресурстардың сиреуіне, қазба байлықтардың бағасының өсуіне байланысты жүйеленген құрылымдық сипатқа ие болды. Онымен қоса, дəстүрлі энергетика көздері атмосфераға шығатын зиянды газдардың 80%-ын иеленіп, нәтижесінде пайда болған «парниктік» эффект ғаламшардағы климаттың өзгеруіне әсер етуде. Бірақ қаншалықты зиянды әсерлері байқалғанымен көмірсутек қорлары әліде энергетика тұтынысының біраз бөлігін қамтамасыз ете бермек. Егер алдағы кезеңде қолданылатын деңгей сақталатын болса, көмір қоры 250 жылға, мұнай 40 жылға, ал табиғи газ 65 жылға жетеді деп болжануда. Деседе 2020 жылдардан кейін мұнай мен газға деген тапшылық болуы әбден мүмкін. Сондықтан, мұнай мен табиғи газ және көмірге деген сұраныс күн сайын арта түспек және оларды жеткізу аралығы артып, тасымал құны да жоғарылай берері сөзсіз.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауымен және Қазақстан Республикасының үдемелi индустриялық-инновациялық дамуы жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламамен экономиканың тұрақты және теңгерімді өсуі бойынша жаңа міндеттер қойылды. Энергия үнемдеу саласында ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын 2015 жылға қарай кемінде 10%-ға және 2020 жылға қарай кемінде 25 %-ға төмендету міндеттері қойылған. Сондай-ақ, 2013 жылғы 23 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Үкіметіне 2013-2015 жылдар аралығында ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын жыл сайын 10 пайызға төмендету арқылы электр энергиясын тұтынуды үнемдеуді тапсырды.
Осылайша елімізде ғана емес бүкіл әлем бойынша іске асып жатқан энергия үнемдеу науқаны дамып келеді. Мұндағы басты бағыт тек дәстүрлі энергия көздерін үнемдеу ғана емс, сонымен қатар, оның орнын басатын балама энергия көздерін ашу болып табылады.
Әлбетте, энергия – біздің өмір сүруіміздің кепілі. Ал энергияға жауапкершілікпен қарау өз өмірімізге жауапкершілікпен қарағанмен бірдей. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назабаев: «Ең алдымен, біз жақында энергияны үнемдеу өмір салтына көшеміз. Сондықтан, компаниялар мен кәсіпорындардың басшылары мен еліміздің барлық азаматтары осы тенденцияны ескеріп, энергияны үнемдеу жолдарын ойластыру керек. Энергияны үнемдеудің нәтижесі әлемдік деңгейде энергияның жұмсалуын төмендету мен оның дамуы мен тұрақтылығына алып келеді», – деген болатын. Мамандардың айтуынша біздің елімізде энергия ресурстарын пайдалану тиімділігі бүгінгі күні 30 пайыздан аспайды, яғни, тұтынылатын энергияның үштен екісін ысыраппен пайдаланып отырмыз.
Энергияны үнемдеу проблемасы – суды үнемдеумен тығыз байланысты, өйткені суды тұтынуды азайту түпкілікті өнім – таза суды алу және оны тұтынушыға жеткізуге қажетті энергия ресурстарын азайтуға әкеледі.
Суды үнемдеуді тұрмыста қолданбас бұрын оны тиімді есептеуді жолға қою қажет. Суды үнемдеудің ең тиімді тәсілі крандардың ақаусыздығы. Өйткені сіріңке талынан сәл қалың су ағыны арқылы тәулігіне 300 литрге дейін су ағуы мүмкін. Егер осылай бір ай бойы жалғасса қанша судың шығын боларын ойлап көрдіңіз бе?! Қарапайым ереже ретінде душ қабылдау арқылы сіз ванна қабылдаумен салыстырғанда суды тұтынуды екі есеге азайта аласыз. Душ қабылдау кезінде судың тұрақты ағыны міндетті емес. Кір жуу машинасында мүмкіндігінше суды берудің қажетті деңгейін белгілей отырып пайдаланыңыз. Ыдыстарды жуу кезінде кранды үнемі ашық қалдырмаңыз. Толықтай ашық краннан сіз ойлағаннан көп су ағатынын есте ұстаңыз, яғни минутына – 15 литр. Бұл жағдайда тек қалтаңызды ғана емес, осы ысырап болып жатқан судың обалын да ескеріңіз. Өйткені аталарымыз «судың да сұрауы бар» деп тегін айтпағаны ақиқат.
Электр энергиясын үнемдеу туралы аз айтылып жүрген жоқ. Дегенмен кейбіреулер оған мән бермейді. Себебі «ақшасын төлесек болды емес пе?» деп ойлайды. Алайда электр энергиясын үнемдеу қоршаған ортаның ластануын азайтады. Біздің елімізде электр энергиясы жылу электр және су электр станциялары арқылы өндіріледі. Жылу электр станциясы жұмыс істеу үшін отын жағылады. Ол ауаны ластайды. Біз ол ауа-мен тыныс аламыз. Өкінішке орай, біздің елімізде экологиялық білім кенже қалып келеді. Үкімет көптеген іс-шара жүргізсе де, адамдар электр энергиясын үнемдеуге әдеттенбей келеді.
Қорыта келгенде, энергияны үнемді пайдалану сіздің ішкі мәдениетіңіз бен санаңыздың биіктігін көрсететін қасиет. Сіз энергияны үнемдеу арқылы өз ақшаңызбен қатар ел экономикасының да артуына үлес қосасыз. Әрі өзіңіздің адамгершілігіңіз бен тиянақтылығыңызды әйгілейсіз. Кез келген дінде де ысырапшылдыққа жол беруге қарсы екенін жақсы білетін шығарсыз. Демек үнемшіл болу сараңдықтың емес, адамдықтың белгісі екенін ұмытпаңыз.
Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.
Спорт бүгінгі дәуірде бейбітшілік пен татулықтың символына айналғаны баршаға аян. Өйткені, спорт мемлекттер арасындағы достық пен бәсекені үндестіріп, бейбіт қоғамға жетелейтін кілт іспетті. Сонымен бірге, халық денсаулығы мен береке-бірлігінің де ұйытқысы осы спорт екені даусыз. Аудан тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстанып, спортты өзінің жансерігіне айналдыру үшін бүгінде атқарылып жатқан іс-шаралар аз емес. Ол үшін спорттық жарыстар мен акциялар жиі өткізілуде. Бұл жағынан ауданымыздың жеткен жетістіктері де біршама.
Аудан тұрғындары арасында достық қарым-қатынасты нығайту, оларды саламатты өмір салтына шақыра отырып, ауыл тұрғындары арасында үстел теннисі ойынын насихаттау мақсатында жуырда Шелек ауылдық округі аппаратының ұйымдастыруымен және Еңбекшіқазақ ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің, сонымен қатар, Еңбекшіқазақ ауданы жас-тар ресурстық орталығының қолдауларымен Шелек ауылына қарасты Абай атындағы орта мектебінің спорт залында ауыл тұрғындары арасында «Өркендей бер, Қазақстан!» атты үстел теннисінен аудандық жарыс өткізілді. Оған 50-55 жас аралығындағы азаматтар мен 18-29 жастағы жастар қатысып, бәсекеде өз бақтарын сынады.
Жарысқа Шелек, Масақ, Бартоғай, Сөгеті, Малыбай, Асы және Қорам ауылдық округтерінен жалпы елуге жуық ойыншы қатысты. Аталмыш ойынға Абай атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Өскенбаев төрелік жасап, ойынның әділ өтуіне атсалысты. Сайыс барысында қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп өнер көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша, 3 орынды Малыбай ауылдық округінен келген А.Избуллаев иеленсе, 2 орынды Шелек ауылдық округінің тұрғыны Б.Көкенов пен Қорам ауылдық округінен келген С.Айтолқын қанжығаларына байлады. Ал 1 орынды Асы ауылдық округінің тұрғыны Т.Иманбеков пен Шелек ауылының қатысу-шысы Қ.Айтжанов жеңіп алды. Жарыстың шегі саналатын бас жүлде мен кубок Шелек ауылдық округінің намысын қорғаған Н.Сүтбековке бұйырды. Осылайша үстел теннисінен өткізілген дүбірлі жарыс өз мәресіне жетті.
Н.ИСАБЕКОВА,
Шелек ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі
әдіскер-нұсқаушысы.
Быть готовым к любым неожиданностям, уметь адекватно и грамотно реагировать на террористические атаки – главная задача правоохранительных служб и ведомств. В связи с этим районный оперативный штаб по борьбе с терроризмом 28 августа провел плановые ученья, которые были приближены к реальным условиям и включали в себя различные элементы сложности. Проверку готовности к выполнению антитеррористических мер правоохранители выполнили успешно, оперативный штаб полностью справился с возложенными на него обязанностями.
Соб.инф.
Түрген ауылдық округінде «Тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдарының талаптарына сәйкес сауатты жазылуын тексеру мақсатында «Тіл тазалығын сақтайық!» акциясы жүргізілді. Түрген ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен округіміздегі халыққа қызмет көрсету нысандары тексеріліп, жеке кәсіп-керлерге әдістемелік көмек көрсету жұмыстары іске асты. Шара барысында Қ.Құлмамбет көшесі бойында орналасқан мейрамханалар мен асханалар, дүкендер, автобөлшек сататын дүкеншелер иелеріне «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабы талаптарын түсіндіріліп, барлық ақпарат жазылған парақшалар мен сөздіктер таратылды.
Сондай-ақ, акция барысында нысан иелеріне заң бұзушылықтарды түзетуге тамыз айының соңына дейін уақыт берілгенін және де белгіленген мерзімде түзетілмеген жағдайда Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық-бұзушылық туралы» кодексінің 75-бабына сәйкес әкімшілік шара қолданылатыны туралы ескертілді.
Түрген ауылдық округі
әкімі аппараты
Сель - грозное стихийное явление, обладающее огромный разрушительной силой, имеющее большое распространение в горной местности. Более полное понятие «сель» можно определить так - временный горный поток с большим содержанием наносов от мельчайших частиц до крупных камней и глыб.
Селевые явления, наряду с оползнями, обвалами, землетрясениями и другими видами денудации, относятся к числу активных экзогенных процессов, производящих за короткий промежуток времени значительные изменения формы долины и русла горных речных бассейнах и накопления селевых отложении.
Основными причинами возникновения селей являются ливневые дожди, прорывы морено-ледниковых озер и землетрясения.
Селевые потоки характеризуется внезапностью возникновения, масштабностью размеров и огромной разрушительной силой. Они являются грозной стихией гор.
Меры безопасности:
- постоянно следите за сообщениями средств массовой информаций об обстановках в горных районах;
- при обнаружений признаков селевого потока покиньте селеопасное русло. (если в верховьях селеопасного бассейна наблюдается интенсивный ливневый дождь и помутнение воды в русле)
- не останавливайтесь на отдых и не разбивайте палаточный лагерь вблизи селеопасных русел;
- не спускайтесь селевое русло после прохождение селевого вала.
Учитывая месторасположение города Есик и населенных пунктов Енбекшиказахского района. Филиал ИАТЭТУ ГУ «Казселезащита» КЧС МВД РК оповещает население, гостей и отдыхающих, находящихся в селеопасных зонах горного хребта Иле Алатау, быть предельно внимательными.
А также предупреждает об опасности купания на реке Есик и озере Есик.
А.Копжасаров,
руководитель ДСМиО филиала
ИАТЭТУ ГУ «Казселезащита».
Условно осужденные, досрочно освобожденные – особая категория граждан, подвергшихся правовому наказанию. Отношение к таким людям особое – им требуется не только применение ограничительных мер, но социальная реабилитация, подразумевающаяя максимально возможное включение в общественную жизнь. В том числе и спортивную. С такой целью районной прокуратурой ко дню Конституции РК во Дворце спорта (ФОК) г.Есика была организована спартакиада для жителей района, состоящих на учете службы пробации управления полиции. Более 50 человек с большим желанием откликнулись на приглашение участвовать в соревнованиях. О том, какое внимание уделяется ресоциализации условно осужденных, говорит тот факт, что на открытие спартакиады прибыли секретарь районного маслихата Бекет Ахметов, прокурор района Азамат Куренкей, руководитель отдела внутренней политики района Момунжан Исламов, руководитель районного отдела спорта Ерболат Сарабеков, начальник отдела пробации УП Бахтияр Мусаев, сотрудники правоохранительных органов, тренеры ФОКа, представители общественного актива. Директор ДЮСШ Абай Сыргабаев оказал содействие в проведении соревнований.
Секретарь районного маслихата Бекет Ахметов поздравил участников спартакиады с днем Основного закона страны и пожелал им скорейшего возвращения к полноценной жизни в обществе.
Команды Шелекского и Есикского регионов разыграли кубки и медали прокуратуры в матчах по волейболу и мини-футболу, которые судили тренеры Кажымукан Транов и Кахарман Аюпов, а также в состязаниях по гиревому спорту под судейством Ялкунжана Садыкова.
В футболе и волейболе победила команда Шелекского региона, а в гиревом спорте первыми стали Давид Лезгиев (32 кг), Жапар Лезгиев (24 кг) и Исрафиль Мурсалимов (16 кг). От имени прокурора района победителям и призерам, лучшим игрокам были вручены дипломы, грамоты, кубки, медали, а также ценные подарки.
По словам прокурора района Азамата Күренкей, подобные мероприятия прокуратура планирует проводить ежегодно.
И.ВИКТОРОВ.
Елбасының «Рухани» жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен «Ұлы Жібек жолындағы сұхбат» халықаралық мәдени жобасының аясында «Жібек Жолы Жетісудан басталады» атты акция аясында жолға шыққан облыстық керуен өткен аптада аудан орталығына келді.
Ежелгі заманда шығыс пен батысты сауда-экономикалық және саяси-дипломатиялық, мәдени жағынан байланыстырған Ұлы Жібек жолының тарихы бірнеше мың жылдардан тұрады. Оның жұмыс істеуінің әртүрлі кезеңдерінде осы байланыстарды жүзеге асырудың мазмұны мен мағынасында, бағыттары мен ауқымында өзгерістер болды, алайда, Жібек жолы өркениетаралық көпірдің рөлін сақтағаны өзгеріссіз болды. Дүниенің қос торабын жалғаған «Ұлы көпірдің» Жетісу жерінде болғандығы жасырын емес.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Момунжан Исламов пен қонақтар Есік қаласындағы Есік тарихи-мәдени қорық-музейіне барды. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғабит Тұрсынбай, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» директоры Тәңірберген Қасымберкебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, тарих пен география пәні мұғалімдері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен белсенділері, «Жаңғыру жолы» жастар штабының мүшелерінен құрылған топ сақ дәуірінің тарихынан сыр шертіп, «Алтын адаммен» жақынырақ танысты. Қонақтар «Сақтардың тарихы мен мәдениеті», «Алтын адам», «Қазақстан археологиясы», «Уа-қытша көрмелер залын аралап, экспонаттарды тамашалады. Сонымен қатар, «Алтын адамды» алғаш ашушылардың бірі – Бекмұханбет Нұрмұханбетовтың мемориялдық бөлмесіне бас сұқты.
С.НҰРАДИН.
Атақты ақынымыз әрі «Педагогика» кітабының авторы М.Жұмабаев «Алты алаштың баласы жиналса, төрдегі орын мұғалімдікі» деп ұстаздардың мәртебесін әйгілеп кеткен еді. Иә, ұстаз болу білімділік пен тәрбиелілікті, адамгершілік пен мейірімділікті, төзімділік пен туралықты, әділдік пен адалдықты, өзін-өзі күнде қамшылап отыратын талап пен жалықпай, талмай ізденгіштікті қажет ететін ерекше қастерлі ұғым. Ұстаз болу – өзгенің бақыты үшін өзіңнің алтын уақытың мен күш-жігеріңді сарп ету. Мұндағы ұстаз деген сөзді мектепте, колледждер мен университетте сабақ беретін жалпы мұғалімдермен шатыстра көрмеңіз. Өйткені, мұғалім болу – мамандық, ал ұстаз болу кез келгеннің қолы жетпес асқар шың секілді. Сол себепті сонау көне замандардан бері ұстаздардың қадірі мен қасиеті, абыройы мен беделі ешқашан төмендеген емес. Осындай ұстаз деген атқа лайықты жандардың бірі – Шелек ауылындағы Ы.Алтынсарин орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлмира Қалитқызы Адамова.
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі Шелек ауылында ғана емес, жалпы аудан бойынша ең үздік әрі білім беру деңгейі өте жоғары мектеп. Мектеп шәкірттері жыл сайын өтетін білімділік пен өнер бәсекелерінде топ жарып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Ал бітіруші түлектерінің барлығы дерлік еліміз бен шетелдердегі танымал жоғары оқу орындарының студенттері атануда. Мектептің осындай ірі жетістіктерге жетуінің кілті ең алдымен өз ісіне зор жауапкершілікпен қарайтын білімді ұстаздардың арқасы болса керек. Осындай білікті ұстаздардың басында Гүлмира ұстаз жүретіні анық.
Кейіпкеріміздің дайындаған талай шәкірті аудандық, облыстық, респуб-ликалық шығармашылық байқаулар мен педагогикалық оқулардан, мәнерлеп оқудан, эссе жазудан, ғылыми жобалардан тағы басқа додаларда жүлделі орындар алып, мектебі мен ауданымыздың атын шығарып жүр. Олардың қатарында Назерке Ербосынова, Гүлдана Ералы, Темірлан Біржанұлы секілді талантты шәкірттері бар. Бұл жағынан тізе берсек тізіміміздің бірталай болатыны анық. Ең бастысы, оқушылардың жоғарғы оқу орнына түсуіне жолдама беретін ҰБТ пайда болғаннан бері бүгінге дейін Г.Адамованың тестке дайындаған шәкірттері жыл сайын 100% үлгерім көрсетіп, мектеп сапасын көтеруде. Және бұл дәстүрден ешқашан жаңылған емес.
Г.Адамова бүгінде талай жылғы еңбегі еленіп, төккен терінің қайтарымы мен жемісін көруде. Сондықтан жасаған істеріне орай марапаттар мен мақтаулардан кенде емес. Олардың бас-тылары 1999 жылы «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісімен, «ЮНЕСКО» (сыртқы істер министірлігінің) Шығармалар жарысында мақтау қағазымен, 2010 жылы ҚР «Білім және ғылым министрлігінің» алғыс хатымен, 2018 жылы «Қазақ елінің үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталған. Г.Адамованың ие болған аудандық, облыстық, республикалық марапаттарының қатары мұнымен аяқ-талмайды. Бізде оның бәрін тізіп жазуды қаламадық. Өйткені, газетіміздің алдағы сандарында Гүлмира Қалитқызы Адамова туралы толыққанды сұхбат-мақаламызды жариялайтын боламыз. Әрқашан ұстаз деген ұлы атқа дақ түсірмей, соған сай лайықты қызмет етіп жүрген апайымыздың қызметіне табыс, отбасына береке, басына бақыт тілейміз!
Нұрсерік ТІЛЕУҚАБЫЛ.
«Әуелгі байлық – денсаулық» дейді екен ғой бұрынғылар. Расында, ауру – атанды да шөктіреді. Ал оның алдын алу – салауатты өмір салтын ұстану.
Әлбетте, спортты серік, жақсылық жасауды көңіліне көрік еткен жанның көңілі жай. Мұндағы айтпағымыз, тас шайнаған шағында футбол алаңында қауышқан ардагерлер әлі де алаңнан ала допты ауыстырар емес.
Оған жуырда өткен турнирде көзіміз жетті.
Шағын футболдан Есік қаласының жоғарғы бетінде өткен аудандық турнирге төрт команда қатысты. Ұйытқы болған еңбек ардагері – Төлеген Иманбаев. Ұдайы спорт десе ішкен асын жерге қоятын Төлеген Шоманұлының бұл жолғы мақсаты тіптен бөлек. Ол турасында: – «Бала кезімізде тай-құлындай тебіскен, аяқ асын бөліскен, футбол алаңында талай мәрте бірге ойнаған азаматтар осында келді. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» демей ме атам қазақ. Расында, байқасақ бәрі де тың. Бұл спортпен шұғылданғанның жемісі. Ала доп бәсекесінің әдіс-тәсілдерін толық пайдаланып жатыр. Міне, жас буын осы ісіміз арқылы татулықтың, бауырмалдықтың көрінісін көрсін, спортпен айналысудың пайдасын білсін деген ниет біздегі. «Ат тұяғын тай басар». Уақыт ырқымен көш керуен өзгереді. Сол сәтте соңымызда үлгі болар ұрпақ өссін деген мақсатымыз бар» дейді. Шынымен, алма-кезек ауысқан ала доп бәсекесі тартысты өтті. Арасында 67 жас-ты арқалаған Төлеген Жүнісов те жүр. – Спорт тек денсаулық кепілі емес, бейбітшілік елшісі. Біз осыны ұғынуымыз тиіс. Қазіргі буын сөзбен айтқанды емес, көзбен көргенді істейді. Сол себепті, спортқа деген риясыз құштарлығымыз әлі де таусылмағанын жастар көрсін, біріне бауыр, біріне дос болсын деген тілегіміз бар, – деп ақтарылды спорт ардагері. Кезектесіп ойнаған командалар жасыл алаңда барын салды. Әсіресе, екінші орынға таласқан Рахат округі мен Есік құрамасы үздіксіз шабуылмен жанкүйерлерінің делебесін қоз-дырды. Бастапқы айналымда 2-0 есебімен есіктіктер алға шықты. Командалық ойын үлгісін көрсеткен Рахат округі есепті теңестіріп те үлгерді. Не керек, 2-4 есебімен екінші орынға рахаттықтар жайғасты. Есік құрамасы үштікті тәмамдады. Ал жүзден жүйрік шыққан қаракемерлік спорт ардагерлері біріншілікке көтерілді. Сөйтіп, ауыспалы кубокты еншіледі. – Біз қанша ойынды көріп жүрміз. Бірақ бүгінгі ойын ерекше. Тамаша әсерде отырмыз. Жалпы, жаппай спортпен шұғылдану мемлекеттік саясаттың басым бағыты. Ал оны тек сөзбен емес, іспен дәлелдеуміз қажет. Ұрпағың айнадағы – өзің. Біз бүгінгі буынға қандай тәрбие, үлгі көрсетсек, ол міндетті түрде жалғасады. Осыны ұмытпайық!– дейді аудандық мәслихат депутаты Сейтхан Қырқынбаев.
Турнир соңында жеңімпаздар арнайы медальдармен марапатталды. Үздік ойын үлгісін көрсеткен ойыншылар да номинацияларға ие болды. Сол секілді Көктөбе құрамасы да арнайы алғысқа бөленді.
Қайнар ЖҰМАҒОЖА.